Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ
ОЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ӘСЕР ЕТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ
1.1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік- экономикалық алғы шарттары ... .8
1.2 Кәсіпкерлік қызметті салықтык реттеу мемлекеттік реттеудің негізі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпкерлік қызметке салық салу
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .30
2.2 Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінен түскен салық түсімдерінің
бюджеттегі роліне экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 46
3 КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДА САЛЫҚ САЛУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпкерлікті дамытуда салық салу механизмін жетілдірудегі мәселелер
және оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...60
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
Кіріспе
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөл мемлекеттік органдарды қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты
мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі
артып келеді, мұны жалпы ұлттық өнімнің көлеміндегі салық үлесінің
ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың,
ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір септігі ретінде жана
сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізілуде. Табысқа салық
салу арқылы манипуляция жасап, мемлекет капиталының құрылу процесіне
айтарлықтай әсер етеді.
Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсеклестігін ынталандыруға,
капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік
қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Осы мақсатта түрлі салық
жеңілдіктерін беру қажет. Салықтық жеңілдіктер беру арқылы мемлекет
өндіргіш күштерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға
және тағы басқаларға айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет
тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық
коньюктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық
салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен
инвистицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін
қолайлы жағдайлар жасайды.
Қазіргі кезде нарықтық экономиканың белсенді қатысушылары кәсіпкерлер,
іскер адамдар немесе бизнесмендер.
Кәсіпкерлік туралы көзқарас мыңдаған жылдар бойы өндіргіш күштің
дамуымен меншік қатынастарымен, ғылыми техникалық прогресстің және
қоғамдағы өндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлануы дәрежесіне қарай
өзгеріп тұратынын атап өту қажет.
Әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық
қатынастарды қамтиды. Кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық
жағдайларында жатыр.
Кәсіпкерлік қызметтің мәні өндіріс құрал жабдықтарын шаруашылық
объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын
тиімді пайдалану. Кәсіпкерлік қызметтің өркениетті дамуы үшін мемлекет
тарапынан жағдай жасалуы қажет.
Сондықтан да, менің Кәсіпкерлік қызметті реттеудің салықтық тұтқалары
атты дипломдық жұмысым Қазақстан Республикасында өте өзекті мәселе болып
табылады. Дипломдық жұмысымның тақырыбының өзектілігіне келетін болсам,
қазіргі таңдағы кәсіпкерлік қызмет субьектілеріне салық салу мәселелері,
олардың экономиканың дамуындағы алатын орны, мемлекет тарапынын жүргізіліп
жатқан қолдау мәселелері тақырыптың өзектілігін ашады.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызметтің даму проблемалары мен оларды мемлекеттік қолдау
бағыттары, оның ішінде салықтық реттеу тетіктерінің әсер ету тиімділігіне
баға беру.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қарастырылады:
1.Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы
шарттары;
2.Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің
даму жағдайы;
3.Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тетігі ретіндегі салық
жүйесінің атқаратын рөлі;
4.Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлік
қызметке салық салу механизмі;
5.Кәсіпкерлерден түсетін салықтық түсімдердің бюджет кірісіндегі алатын
орны;
6.Шағын бизнес субъектілеріне салық салуды жетілдіру бағыттары;
Жоғарыда аталған мәселелерді қарастыруда ең бірінші салықтық заңдық
нормативтік актілер, содан кейін көптеген классик экономистердің, отандық
ғалымдардың, экономика саласындағы қызметкерлердің ғылыми еңбектері, оқу
құралдары, оқулықтары және түрлі мақалалары қолданылып отыр.

1.1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік- экономикалық алғы шарттары
Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық категория
ретінде ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді. Орта ғасырларда
кәсіпкер деген термин, одан да бұрынғы антрепренер француз сөзі
делдалдық дегенді білдіреді. Екі мағынада қолданылады: түрлі мереке мен
музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік немесе құрылыс
жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғалымдарында кәсіпкерлік
туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына қарамастан ,ерекше
ой пікір болған. Алайда батыстың экономикалық теориясында кәсіпкерлік
мәселелеріне назар аудару 18 ғасырдан басталды. Оны атақты ғалымдар
Р.Кантилонаның, А.Тюргоның, Ф.Кенэнің, А.Смиттің, Ж.Сэйдің есімдерімен
байланыстырады. Кәсіпкер терминінің атасы белгілі ағылшын экономисті
Ричард Кантилон.Ол кәсіпкер деген нарық жағдайында әрекет жасаған адамды
айтқан [1,8б.].

қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң құқылық, психологиялық, тарихи
жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық
жағдайларында жатыр.Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқы нүктесі
олардың субъектісі мен объектісін анықтау.
Кәсіпкерлік субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер,
алдымен жеке дара индивиттер, адамдар жатады. Олар бұл салада жеке дара
өндірісті ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек
шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағдайда
кәсіпкер жалдаушы болады. Кәсіпкер қызметті бір топ адамдар жүргізу
мүмкін, оларды байланыстырушы - міндетті шарттар мен экономикалық мүдде.
Мұндай кәсіпкерліктің түрі – ұжымдық, коллективтік деп аталады. Ұжымдық
кәсіпкерліктің субъектісі - әртүрлі ассоциациялар: акционерлік қоғам
коопиративтер және тағы басқалар. Жеке дара кәсіпкерлерге қарағанда
партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәселелерді шеше алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. Өйткені мемлекетте
кәсіпорындарының ұжымы өзінен-өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды.
Бірақ егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық
арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің
субъектісі болады. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің иерархиясы
шығады:
Мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше нарықтық экономикадағы рөліне
байланысты), ұжымдық, жеке дара.
Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерін толық бағалау үшін олардың
субъектілерін номиналды және реалды деп бөлудің маңызы ерекше.
Номиналдықа кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқығы. Нарықтық экономика
елдерінде әрбіреуінің бұған құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам
мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын реалды
субъектісі-бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы - капитал иемдену
құқығы бар. Міне, осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік секторын құрып
дамыта алады.
Кәсіпкерліктің объектісі – адамның белгілі қызметі. Кәсіпкерліктің
соңғы нәтижесі - өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет.Бірақ, ең бастысы -
әр кәсіпкер оның өзіне тиімдісін пайдалысын ғана жасайды. Міне, осы
себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп
келтіруі немесе шығындарын барында азайту. Ал кәсіпкердің табысы көбіне
оның істі ұйымдастыруына тікелей байланысты. Ал қызметінің бастапқы
кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс
факторларын үйлестірудің жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең
басты мақсаты.
Сонымен, кәсіпкерлік - жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны
пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберіне
шығу, былайша айтқанда өндірістің жаңа түрін ашып дамыту, қызметтер мен
тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын
өзгерту, жаңарту және өркендету болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әр
алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескілерін жою және модификациялау.
Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі - новаторлық, жаңашылдық,
ерекше мағынадағы новаторлық - өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі
факторларын үйлестіру.
Кәсіпкерлік әр кезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады, нақты
формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше
жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі – шаруашылық субъектілерінің
еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін
қамтамассыз ететін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған
экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен
тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің
ойлағанындай сату құқығын береді. Материалдық ресурстармен ақша капиталының
иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі
істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандайда болмасын
еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер
әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің басты шарты - барлық
мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдауға автономиялылығы,
өзбеттілігі [2.139б.].
Барынша көп табыс келтіру – кәсіпкерлік жұмыстың қозғаушы факторы. Көп
жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі.
Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып тұрады.
Кәсіпкер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан қана
оларға тиісінше көңіл аударады. Олар өздеріне тиімді өзгерістер яғни
жұмыстарына жаңалықтар еңгізеді. Жаңалық процесінің мұраты-пайда табу.
Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін экономикалық тиімді
технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа дейін баламалы
құнынан жоғары бағамен сатады, міне осы қабілет-әдеттегіден ерекше шешім
қабылдау іскерлік әлемінде ерекше жоғары бағаланады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел
бууы. Іске кіріскенде алғашқы болашақ бұлдыр, оны болжап білу қиын. Жаңа
идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, оларды өне
бойы экономикалық жағынан есептеуге мүмкін емес.
Шаруашылық қауып –қатердің , тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және
шын нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар бағасы
жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді
ұйымдастыра алмағаны , әлде күткен конъюктура жайсыз болғаны.
Өндіріс факторларын конбинациялауды тұрақты бақылау кәсіпкерді өне бойы
ауыр жағдайда ұстайды, ал мұндай психологиялық жай өндірістің басқа
мүшелерінде тарайды. Сонымен, нақты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне
шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу пайдалылықтарын
анықтау, өндірісті ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз
ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен жабдықтаушымен, клиенттермен қарым-
қатынастар қалыптасадыі. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы
міндетті емес. Тәуелсіздік және ұйымдастырудағы новаторлык, кәсіпкерліктің
мәні осында: біреу оған өмір берсе , екіншісі тағдырын анықтайды .
Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну үшін оны меншік қатынастарын жүзеге
асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл сұраққа
жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің қызметінен
айыра білу шарт. Өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктегі капиталдан қызмет
атқаратын капитал бөлінеді. Осыған қарап өндіріс құрал –жабдықтарын меншік
объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде иемденуі,
тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен айыра білу
қажет. Субъектінің өндіріс құрал –жабдықтарын меншік және шаруашылық
объектісі ретінде иемденуі жеке – дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі. Шешім
қабылдау процесі капитал иесін түгелдей тәуекелді. Алайда әдетте шешім
қабылдау капитал иесінің капиталды басқарушыға ауысып отырады. Бұл өндіріс
құрал-жабдықтарынан шаруашылық объектісі ретінде иемдену. Оның иелері жеке
адам, топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар белгілі жағдайлар негізінде
кәсіпкерлерге айналады - өздерінің шаруашылық жұмыс нәтижелеріне
экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауланған тауар өндірушілер. Ол
тенденция бағыт акционерлік қоғамдарының пайда болуы мен байланыстарды
күшейтеді. Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі кәсіпкер, бірақ
қазір кәсіпкерлер кооператив болып, ұйымдастыру, техникалық басқару меншік
иесінен толыққанды өкілі – менеджерге ауысуымен сипатталады. Сонымен,
кәсіпкер - өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуші болмай-ақ, шаруашылық
өкілі ретінде иемдене алады. Кәсіпкер қызмет істейтін меншікті иесі ретінде
шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Оған шаруашылық жұмысын өз бетімен
жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен кәсіпорында ашық, өндіріс құрал-
жабдықтарын тиімді пайдалануға оны жұмыс күшімен қосудың жағдайын
анықтауға мүмкіндік береді [3.125б]. Демек, кәсіпкер мен меншік иесі
арасында айтарлықтай байланыс жоқ. Кәсіпкерлікті өркендетудің шарттары:
меншік қатынастарын персонификациялау (адамдық келбеті), мүліктерді қолдану
жөнінде өз еркі, жауапкершілігі мен шешім қабылдау мүмкіндігінің өнімдер
мен табыстары жөнінде де осындай мүліктердің берілуі қабілеттер мен
жинақтарды пайдалану жолдарын таңдап алудағы өндірушілер мен тұтынушылардың
экономикалық еркіндігі, нарықтардың ашықтығы және тең салмақтылығы,
қызметтер мен тауарлардың капиталдың, информация мен жұмыс күшінің
қозғалысында кедергінің болмауы, тауарды бірдей бағамен сатып алу
мүмкіндігінің болуы, азаматтардың құқықты қоғамының, оның ішінде заң
шығаратын, орындаушы – сот үкіметінің құрылуы және меншікті иесі мен
кәсіпкермен құқығын қорғау.
Кәсіпкерлік дамуының дәрежесі жетілдірілмеген болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызмет нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының сипаты мен
көлеміне байланысты. Кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын жасауда
бәсекенің орны ерекше. Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргізу – бәсекеге түсу,
өндірісті ұйымдастыра отырып, ол бәсекелік күреске әзір болуын, нарықтың
қоғамдық қажеттілігіне сай келмейтінінің артығын қиып түсетіндігіне әзір
болуы керек. Кез-келген меншік түрі (соның ішінде мемлекеттік те ) прогресс
жолына шыға алады. Сонымен қатар кез-келген меншік түрі (соның ішінде
жекеменшік те) прогрестің күшті символы болады, егер сол жасампаз бәсеке
жол ашса. Күшті нарықтық эконмикасы бар елдер тәжірибесі көрсеткендей еркін
бәсеке жүйесін реттейтін экономика белгі болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей
алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық
қажеттіліктің бөлігі ретінде өтемдер береді. Нарықтық мінездердің тиімсіз
жақтарын тежеп жібермейді.
Нарықтық экономика үшін күрделі ауруға бірден қарсы тұра алмайды -
монополизмге, инфляцияға және іскерлік пен белсенділіктің төмендеуіне.
Өзінің ішкі резервтері арқылы оларға қарсы тұруы қиын. Егер мемлекет бұған
араласпаса аурулар асқынып, біраз экономикалық және әлеуметтік зиян
келтіреді. Кеңесшіл теоретиктер өздерінің саяси ұсыныстарында инфляцияның
зардаптарынан керісінше көңіл бөлмегенінен 70-жылдардағы инфляцияны
күшейтті, ал нарықтық күш – қуаттары бұған жетпеді. Ол үшін мемлекет
ретеудің формалау, 80-жылдардағы консерваторлардың күшті дәрілері қажет
болды [3.220б].
Қазіргі нарықтық шаруашылық монополияға, инфляцияға қарсы,
шараларынсыз, өндірістің ұзақ құлдырауынан тоқтататын саясатсыз мүмкін
емес. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының басты белгілері осындай.
Бұл шеңбер нарықтық механизммен реттеудің қисынды тетігіне, қазіргі
қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге жеткілікті.
Егер мемлекет ақшаны нарықтық экономикаға жібергеннен артық шығарса,
онда ол қандай да ізгілікті мұраттарды басшылыққа алса да, рыноктық
процестердің бұзылуы тиімділігінің төмендігіне әкеледі.
Ерте ме, кеш пе экономиканың мемлекетсізденуі, оның мемлекеттің
белсенді араласуынан шығуын қажет етеді. Мемлекетсіздендіру жүйесі кемінде
4 шаруашылықты басқаруды бюрократтандырудан құтқару, мемлекеттік кәсіпкер
қызметі шектеу, жеке капиталды ынталандыру экономиканы реттеуді тарылту.
Мұндай жүйенің қажеттілігін есепке алу мынадай қорытындға әкеледі:
жекешелендіруді, мемлекетсіздендіруді жай бір іс деп қарап оны шаралардың
барлық жүйесінен бөлек жүргізу (кешіктіріп немесе ерте) шаруашылықты
түбірлі өзгертулердің тиімді құралы бола алмайды.
Бұл жағдайда жекешелендірудің теориялық анықтамасын берудің маңызы
зор. Жекешелендіру-объектілерді белгілі қызмет түрлерін мемлекет қолынан
алып жеке меншікке беру кең мағынада бұл түсінікке кейбір артықшылықтарды
немесе монопольды нарықтың белгілі сегментін жаулап алу, немесе жаңа
мемлекеттіктен басқа қызметпен тауарларды ұсыну түрлерін жекелендіру кіреді
[4.140].
70-80 жылдарда жекешелендіру бүкіләлемдік құбылысқа айналды. 80-жылдың
аяғында дүниежүзінің 80 елі – Латын және Солтүстік Америка мемлекеттерінен
Оңтүстік Корея, Филиппин, Малайзияға дейін мемлекеттік секторды қысқарту
бағдарламасын қабылдады. Мұнда Ұлыбритания елінің мысалы айтарлықтай, 1979
жылы Маргарет Тетчер үкіметі жекешелендіруді экономикалық саясаттың басты
мәселесі деп есептеді. Нәтижесінде өткен 10 жылдықта жеке капиталға
экономиканың мемлекеттік секторынан 29 ірі кәсіпорны берілді. Ол шаруашылық
жұмысның көрсеткіштеріне игі әсер етті. Мысалы, БритишСтиль мемлекеттік
бола отырып жылына 1млн. стерлинг шығынға ұшырады, ал
денационализацияланғаннан кейін, яғни мемлекет иелігінен шыққаннан соң
тұрақты пайда келтіреді. Бірақ Англия жекешелендіруде біраз жетістікке
жеткенмен ол техникалық және экономикалық қиындықтарға кездесті.
Біздің жағдайымызда жекешелендірудің ерекшелігі меншіктің мемлекет
қолында жоғары шоғырландыру мен кәсіпкерлік дәстүрмен сипатталады.
Мұндай ерекшеліктер жекешелендіруді жүргізудің қосымша шараларымен де
байланысты.
Национализациялануға қарағанда жекешелендірудің ерекшелігі процесі бір
сатылы акт емес, яғни оны тез жүргізуге болмайды. Кәсіпорында сату меншік
иесін ауыстырудың құқықтық жақтарын анықтайтын бірінші саты.
Ал тағы да кемінде екі сатыдан тұру керек: меншік иесінің құқығын нақты
жүзеге асырудың шын жағдайларын жасау (саяси, экономикалық, әлеуметтік,
құқықтық нормаларын) және ең соңында меншік иелерімен басқарушылар арасында
коммерциялық жұмыстардың басқа меншік иелеріне беру жөнінде еңбек
бөлінісінің болуы. Әрине бұл ұзақ сипаттағы процесс. Мұны мемлекет жүргізуі
мүмкін, бірақ одан кейінгі қарқыны әртүрлі орындаушылар мен әрекет
етушілерге байланысты және олардан басқа объективті фактілерге де қатысты
болады.
Жекешелендірудің түрі көп, әрбір ел өзінің қайталанбас жекешелендіру
жолын қалыптастырады. Алайда ерекшеліктерінің көптігіне қарамастан,
жекешелендіру концепциясының әзірлігінде төмендегідей талаптарды ескерген
жөн: одан басқалары өтпелі кезеңді нарықтық шаруашылық өлшемдері бойынша
жұмыс істеуге ынталандыруды пайдалану, жекелендіру кезінде көз бояушылыққа
жол бермеу; ішкі нарықтың капитал сенімділігінің проблемасын; халықты
жекешелендіруге қызықтыру жағдайларын жасау,оны үнемі сақтау; халықты
әлеуметтік жағынан қорғау, әсіресе аз табыс алатындарды, жекешелендіруден
түскен түсімдерді әлсіз кәсіпорындарға бермеу керек.
Ешбір елде жекешелендірудің ойдағыдай керемет тәсілі жоқ. Әрбір елдің
тәжірибесі оң және теріс жақтарын көрсетеді. Көптеген жағдайларда бұл
процесс сол елде қалыптасқан нақты тарихи және әлеуметтік мәдени ортамен
анықталады, қоғамдағы тұрақтылықтың дәрежесі мен құқықтық реттеу жүйесі
және оның тиімділігінен экономикалық дамудың жағдайы мен дамыған қаржы мен
банк жүйесінің болуы мен әлеуметтік құрылымындағы орта топ үлесі мен
халықтың психологиясына байланысты.
Жекешелендеруді кең шеңберде тиімді және кезеңдер мен өткізу үшін
жоғарыдағы аталған шарттарды орындау әсіресе көптеген инвесторларды тауып,
саяси және әлеуметтік келісім және мемлекет тарапынан тұрақты ауқымды
бақылау арқылы жүргізуге болады.(пара беру , коррупция , мафия мен күрес)
[4.180б].
Әр түрлі елдердің тәжірибесі көрсеткендей жоғарыда аталған шарттардың
тек біреуін ғана елемеу жекешелендірудің нәтижесін және қарқынын
төмендетеді. Бұл процесті асығып және қалай болса солай жүргізу, жергілікті
жерде ескі экономикалық жүйені жасамай жекешелендіру-әлеуметтік қауіпке
әкеледі.
Мысалы, Қазақстан Республикасында да жекешелендіру процесі қиын жолмен
жүріп келді. 1991-1992 жылдарға арналған жекешелендіру мен мемлекеттік
иелігінен алудың бірінші кезеңінен нәтижесінде құны 1млрд сомаға жуық
болған 6198 объект сатылды. Жекешелендірілген кәсіпорындарында 767 000 адам
іс жүзінде меншік иелеріне айналды. Бұл республика бойынша жалпы жұмыс
істеушілердің 12%, алайда мақсат орындалған жоқ. Саудада жекешелендірілген
кәсіпорындардың үлесіне барлық бөлшек тауарлар айналымының небәрі 4% дан
келеді. Ал олардың жалпы санының 40% жекешелендірілген елді бұл процесті
жүзеге асыруда жоғарыда айтылғандай асығыстық, мүлікті талан-таражға салу
басым болды.
Республикада мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 2 кезеңі де
осы және тағы басқа кемшіліктер қайталанбас үшін біраз өзгерістер енгізілді
[4.220]. Ең бастысы бұған бүкіл халықты кеңінен қатыстыру, жариялықты
күшейту, үкімет пен мемлекет тарапынан бақылау жүргізіледі.
Жекешелендіруге тұрғын үй купондарын барынша қатыстырып инвестициялық
қорлар құрып, жекешелендіруден түскен қаржының 10-15% халықтың материалдық
жағдайы нашар топтарына бағыттау көзделген.
Жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған екі кезеңнің ұлттық
бағдарламасында бұны үш бағытта белгіленген:
Бірінші бағыт-шығын салаларды қамтиды. Онда 200 адамға жұмыс істейтін
сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары
иелеріне беріледі. Бұл бағыт шамамен 27000 кәсіпорынды, онда істейтін
адамдарды қамтиды.
Екінші бағыт- жаппай иелендіру. Бұл жолы 500 адамға дейін жұмыс
істейтін бүкіл кәсіпорындар мемлекет қарауынан иелерінің қолына өтеді,
мұндай кәсіпорындарының саны 9000 шамасында және 3 млн адам қамтылады.
Үшінші бағыт- аса ірі және бірегей кәсіпорындарды және басқа
нысандарды(объектілерді) мемлекет иелігінен алу бұл тұста үкімет олардың
әрқайсысына өзгеше талаптар мен келеді. Мұнда холдингтер ұйымдастырылады.
Үшінші бағытта 1,5 мың кәсіпорын және 2млн адам қамтылады. Үкіметтің
ұсынысы бойынша шағын кәсіпорындар аукциондар мен конкурстар да өткізіледі.
1992 жылдың орта кезеңінде Қазақстан Ресбуликасының 35 акционерлік
қоғамы 76 салааралық қоғамдастық, 30 концерндермен концорциум, 120
коммерциялық банктер 60 тауар биржасы 40 сақтандыру компанияларды 2
аудиторлық орталық , 11000 кооперативтер, 5,5 шағын, кіші кәсіпорындар
болды. Бұл күндері олардың саны мен сапасы өсті. Қазір 36 түрлі банктер
бар. Тек ауылшаруашылығында жекешелендірудің бір кезеңінде 759 ұжымдық, 388
кіші кәсіпорындар 766 шаруа шаруашылығы, 99 ауыл шаруашылық кооперативі, 39
шаруа шаруашылығының ассосациясы мен 25 шағын кәсіпорындар ассосациясы
құрылды [5.30б].
Сонымен, жекешелендіру нарықтық экономикаға өтудің алғышарттарын жасай
отырып, кәсіпкерліктің құнарлы топырағын әзірлейді. Бастапқы кезде
кәсіпкерлік капиталдың тез айналатын салаларында дамыды, саудада да,
қоғамдық тамақтану органдарында қызмет көрсетуде және т.ғ.б.

ретінде
Мемлекеттік реттеудің экономикалық қажеттігі туралы мәселенің теориялық
негізін көрнекті ағылшын экономисті Дж.М. Кейнестің (1883-1946ж) 1936 жылы
жарық көрген "Общая теория занятости, процена и денег" еңбегі салды.
Кейінірек жарық көрген Лаффердің бюджеттік концепциясы мемлекеттің еркін,
тәуелсіз кәсіпкерлер мен өндірушілердің шаруашылық қызметін реттеуге
мүмкіндік берді.
Мемлекеттің экономиканы реттеу оның эконмикаға араласуын білдіреді.
Нарықтық экономиканың қалыпты қызмет ету үшін мемлекеттік және нарық реттеу
механизмдері өзара тығызды байланыста болу керек.
Шведтік тәжірибеде дәлелденгендей аралас экономикада нарықтық және
мемлекеттік реттеу механизмдері үйлесімді қолдану қоғамның саяси және
макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әлеуметтік экономикалық
мәселелерді ұқыпты шешуге жағдай жасауға болады [6.150б].
Мемлекет экономикаға нарықтық механизм кері әсер берген тұста міндетті
түрде араласады, яғни мемлекеттің экономиканы реттеуі кез келген коғамдык
жүйені басқарудың ажырамас бөлігі болып саналады.
Қазіргі танда экономиканың реттеудің накты анық жолы жоқ десекте,
көптеген дамыған елдер үшін де негізгі тұжырымдаманың өзара қосындысы
негізіндегі реттеу әдісін қолданады. Атап айтқанда: әр түрлі нұсқадағы
кейнсиандық ұсыныс экономикасы теориясы, монераизм. Ал, неоклассикалық
ағымды мемлекеттік реттеудің негізі ретінде алғанмен де, оны ғалымдар
кенсиандықтан бөлмейді. Осы теорияларға қысқаша нақты тоқталып өтейік:
Кейнсиандық теорияның негізін қалаушы, көрнекті ағылшын экономисті.
Мемлекет қайраткері, прогресивті немесе үдемелі салык, жүйесі өндірушінің
күделі қаржы салымына қатысты тәуекелге баруын ынталандырады.
Кейнсиандық теория мемлекеттік ресурстың басты макроэкономикалық.
бағыттарына негізделеді. Аталған теорияға сәйкес, салықтар экономикалық
жүйеде "қалыптасқан икемділік механизмі" ретінде әрекет етеді. Үдемелі
салықтар экономиканың тендестірілуіне ықпал етсе, салык, түсімдерінің
төмендеуі бюджет кірісін азайтып, экономиканың тұрақсыздығын өршітеді.
Мұндай жағдайда салықтар "қалыптасқан реттеуші" ретінде әрекет етеді;
экономикалық өрлеу кезінде салықтық түсімдерге қарағанда салық салынатын
табыс баяу, ал дағдарыс кезінде салықтар табысқа қарағанда тез азаяды,
нәтижесінде қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың салыстырмалы түрде тұрақтылығы
сақталады. Аталған теорияны Ағылшын Үкіметі 1-ші дүниежүзілік соғыс
алдында, яғни мемлекеттің барлық күші әскери өнеркәсіп өндірісі бағытталған
тұста тиімді қолдана білді. Ғылыми техникалық өрлеу тұсында экономиканы
реттеудің кейнсиандық жүйесі экономикалық даму талабына сай болмағандықтан
әрі мына төмендегі себептерге байланысты тоқталады: біріншіден, өндіріс
барысында инфляция тұрақтылығы сипатқа ие бола бастағандықтан, ресурстарға
деген сұранысты емес ұсынысты жандандыратын қозғаушы күш қажет болды;
екіншіден экономикалық ынтымақтастықтың дамуына байланысты бір мемлекеттің
сыртқы нарықтан тәуелділігі артып, мемлекеттің сұранысты ынталандыруы
шетелдік инвестицияға зор әсер етті. Сондықтан кейнсиандық, тұжырымдаманы
неоклассикалық теория алмастырады.
Неоклассикалық теория еркін бәсекелестікке, экономикалық тұрақтылыққа
негізделеді. Бұл екі тұжырымдаманың айырмашылығы мемлекеттік реттеу
әдістерінің зор түрлілігінде. Неоклассикалык, модельдың өкілі ағылшын
экономитсі Дж. Мит. экономикалық процессті реттеуге мемлекетті жанама түрде
қатыстырады бюджет және салық саясатын ескермей, ақша -несие саясатына
басым назар аударады.
Бірақ бұл екі негізгі ағымның бір - біріне қарама-қайшы келетін тұстары
да бар. Кейнсиандық мектептің өкілдері (Дж.М Кейнс, А.Хансен, Ф.Ноймарк
және т.б.) мелекеттің экономикаға белсенді араласу идеясын жақтап,
салықтарды мемлекеттің экономикалық саясатының негізі құралы ретінде
қарастырады.
Неоклассикалық мектептің өкілдері (А.Маршалл, М.Уэйденбаум, А.Лаффер
және т.б.) мемлекеттің экономиканы реттеуі шектеулі мөлшерде болғанын
қалайды, ал салықтарды тек фискальдық құрал ретінде қарастырып
кәсіпкерліктің еркіндігін насихаттады [6.189б].
Өз кезегінде неоклассикалық теориядан екі бағыт: ұсыныс экономикасы
теориясының манеторизм теориясы кеңінен таралады.
Экономикалық процестердің мемлекет тарапынан реттелуі кез келген
қоғамдық жүйенің басқару элементі болып табылады. Мемлекеттің экономикаға
араласу дәрежесі қоғамның дамуының әрбір нақты тарихы кезеңінде шешетін
міндеттеріне және мақсаттарына байланысты реттеудің формалары мен әдістері
анықталады.
Экономикалық процестердің мемлекет тарапынан ретттелуі кез келген
қоғамдық жүйенің басқару элементі болып табылады. Мемлекеттің араласу
дәрежесі қоғамның дамуының әрбір нақты тарихи кезеңінде шешетін
міндеттеріне және мақсаттарына байланысты: реттеудің формалары мен әдістері
де осылар арқылы анықталады.
Жоспарлы экономикалық жағдайларында реттеу жалпылық сипат алып, дамудың
тек басты пропорциялары ғана емес басқарудың ең теменгі шаруашылық есеп
буындарына дейінгі барлық деңгейлерін қамтиді. Шешімдер қабылдау дербестігі
жоспарлы тапсырмалар жоғарыда белгіленген нормалар, нормативтер, лимиттер,
бағалар, шығарылатын өнімдердің мөлшері арқылы болар - болмас ауқымға дейін
шектеледі.
Сөйтіп, тауар-ақша қатынастары мен оларға сәйкес экономикалық зандардың
сөз жүзіндегі іс-қимыл жағдайында шаруашылық өмір шаруашылықтар
субъектілерінің экономикалық мүдделері, ресурстар пайдалану мүмкіндіктері
кәсіпкерлік тәуекел және соған байланысты ұғымдар мен олардың
қызметкерлеріне келтірілген материалдық шығындар ескерілмей бұйрықшыл
кездейсоқ әдістерімен реттеліп отырды. Бұл жүйеде қаржының рөліне жөнді мән
берілмеді, оның қызметі ақшалай қаражаттар жинап, оларды беруге нұсқау -
бұйрықтарға сәйкес қайта бөлуге ұйғарып отырады.
Нарық қатынастары бұл үлгіні жоққа шығарады. Оның орнына экономикалық
соның ішінде қаржы формалары мен әдістері арқылы жанама реттеу жүйесі
келді. Дүниежүзілік практика құрамында: салықтар ставкалары, салық салу
жөніндегі санкцияларымен жеңілдіктері, амортизация нормалары,
кәсіпорындарының қорларына қаражат бөлу нормативтері, әлеуметтік
қамсыздандыру нормативтері, бюджетті қаржыландыру көлемі (дотация,
субвенция, субсидия) бар реттеу жүйелерін жасап шықты. Бұған қосымша
реттемелер: ақшалай (валюа курсы, ақша имиссиясы), несиелік (несиеге
төленетін пайыздар), орталық (мелекеттік, ұлттық) банкінің есептік ставкасы
мен резервты талаптары, баға (кесімді баға деңгейі, кешенді және еркін
бағаның арақатынасы, рентабельділіктің реттелуі деңгейі).
Аталған реттемелер экономиканың белгіленген бағытта дамуын үйлестіріп
отыруға арналған. Олар күрделі байланыста іс қимыл жасайды. Мемлекет қаржы,
баға, ақша-несие саясатының бағытын анықтағанда, қоғамның экономикалық және
әлеуметтік мүдделерге қимыл ету формалары мен әдістерін қолдану ағымдағы
және болашақтағы мақсат - міндеттерге байланысты.
Республика аймақтарының экономикалық дамуының әркелкілігі мен
өндірістегі орналастыру тиімділігі айырмашылықтар бойынша белгілі бір
әлеуметтік деңгейі және аймақтың әрі қарай экономикалық дамуын қамтамасыз
ету үшін қаржы ресурстарын қайта бөліске салуды қажет етеді, қайта бөлудің
ауқымы мен дәрежесі мынадай факторлармен айқындалады:
-қаржы ресурстарының болуы;
-аймақтың әлеуметтік инфорқұрылымының даму деңгейі;
-аймақтарда орналасқан шаруашылық органдарының өзін-өзі қаржыландыру
мүмкіндіктері [7.254б].
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта болуы жағдайындағы
мемлекеттік бюджеттің кірісін арттырудың жолы аралас өндірісті дамыту болып
табылады. Яғни халық тұтынатын тауарлар мен қызмет түрлерінің ауқымын
кеңейту үшін тұтыну тауарлары өндірісін дамыту қажет. Халық шаруашылығының
бүгінгі құрылымында мемлекеттік бюджетке таза табыс көбінесе екі жолмен:
шикізат өндіру, оны бастапқы өндеу салалары бойынша түседі, өндеудің келесі
кезендерінде таза табыстар едәуір бөлігі республикадан тыс жерлердегі
ақырғы өнімдерді өндірушілерден алынады.
Аралас өндірістің дамытудың қажеттігінің тағы бір себебі: экономиканың
қазірдегідей туралау жағдайында дүниежүзілік тәжірибе салықтар тұтынуға
қайта бағдарлауды ұсынады, яғни жанама салықтарға баса назар аударылады,
Сонда тікелей салықтардың (пайда, мүлік, жер, табыс салықтарының) үлесі
кемуге тиіс.
Мемлекет тарапынан және нарықтың өзін-өзі реттеуі экономикадағы ахуалға
байланысты екенін дүниежүзі тәжірбесін көріп отыр. Өндіріс құлдырап,
инфляция қарқындап, жұмыссыздық көбейген кезде мемлекеттің рөлін артып,
әлеуметтік-экономикалық ахуал жақсарған шақта мемлекетің ықпалын азайтып,
нарықтың реттеуші күштері қозғалысқа келеді.
Экономика дағдарысына байланысты бізде мемлекеттік құрылымдардың
экономикалық процестерге ықпалын арттыру қажет. Экономиканы тұрақтандыру
үшін бюджет тапшылығын жою, тұтыну секторының теңгерілімділігін қалпына
келтіру, халықшаруашылығы пропорциялары мен құрылымдарын дұрыстау жөнінде
біртұтас шаралары кешенін әзірлеу керек. Бұл жағдайда сәйкестендірілген
салық пен бюджет саясатын жүргізуге арналған макроэкономикалық жоспарлардың
рөлі орасан зор, микрожоспарлаудың қаржы саласындағы міндеті халық
шаруашылығындағы барлық кірістер мен шығыстардың теңестірілгенін
көрсететінін жиынтық қаржы баланысын құру болып табылады. Жиынтық қаржы
балансы мемлекеттің қаржы ресурстары қозғалысын қадағалап, бұл процеске
нарық немесе әкімшілік сипатындағы түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Соның ішінде, соңғысы өтпелі кезендегі микроэкономикада — шаруашылық
жүргізудің бастапқы буындарында басым жүреді [5.165б].
Қаржылық реттетуде салық арқылы реттеудің маңызы зор. Нарық
экономикасында салықтар түбегейлі қайта құрушы рөлін аткарады. Олар барлық
деңгейдегі бюджетті қалыптастырудың басты көзі, әлеуметтк кепілдіктерді
қамтамассыз ету құралы жергілікті өзін - өзі басқарудың қаржылық негізі
болып қана қоймай, сонымен бірге мемлекеттің, шаруашылық субъектілерімен
халықтың каржылық мүмкіндіктері мүдделерін теңестіру қызметін де атқарады.
Салықтық реттеу кәсіпорындар мен халықтың белсенділік көрсетуге
мүдделігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған салық салу мөлшері арқылы
қол жетеді. Салық деңгейі ең алдымен қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға
байланысты. Егер олар салық түсімдерінен құрылатын жалпы мемлекеттік қорлар
арқылы қанағтандырылса, онда салықтар деңгейі жоғары, ал халықтың жеке
табыстары мен кәсіпорындардың қаржысына құрылса, салық деңгейі төмен
болады. Егер салық түсімдері мемлекет шығындарын қаржыландыруға жетпесе,
бюджет тапшылығы пайда болып, инфляция туады. Тапшылык, ақшаның құнын
түсіреді де кәсіпорындары да халықта зиян шегеді. Егер осы кезде мемлекет
шаралар қолданып, қаржы жинап, ақша айналысы жақсарса, онда экономика
қалпына келіп уақытша іркіліс қана қалады, кері жағдайда қаржыландырудың
тапшылығы натуралдық, заттай және ақшалай теңгермеушілікке, инфляцияға және
ақшаның одан сайын құнсыздануына әкеп соғады.
Салықтық ретеуде салықтар ставкасының мөлшері сияклы факторлардан басқа
салық жеңілдіктері жүйесінің де маңызы зор. Дамудың коғам үшін қажетті:
қаражаттарды әлеуметтік сфераға, табиғатты қорғау мен қайырымдылық іс-
шараларына, өнімдердің, жұмыстардың, қызметтерінің жаңа түрлерін өндіруге,
өнім мен қызмет көрсетудің әлеуметтік маңызды түрлерін үлғайтуға жұмсау
сияқты бағыттары жеңілдіктер арқылы ынталандырылып отырады. Алайда
жеңілдіктер жасаудағы да экономикалық жақтан негізделген шектері болуы
тиіс. Әйтпесе салық жеңілдіктері шаруашылық субъектілерінің өзін-өзі
қаржыландыру мүмкіндіктерін тиімді пайдалануын кемітеді.
1995-1999 жылдарда салық жүйесін реформалау одан әрі қарай жалғасып,
аяғында негізгі заңнан басқа әр бір салықтар мен алымдарды есептеу бойынша
18 нұсқаулықтар болды.
Сондықтанда да 2000 жылдың 12 шілдесінде жаңа салық Кодексі қабылданды.
Жаңа салық Кодексі 2002 жылдың 1 қантарынан бастап күшіне енгізілді.
Жаңа салық зандылығы бойынша салық саясатының негізгі бағыттары
төмендегідей:
• салық зандылығын орнықтыру;
• мемлекеттің фискалдық саясатын дамыту;
• экономикаға шетел капиталын тарту;
• шағын бизнесті дамыту үшін арнаулы салықтық режимдер механизімін
енгізу. Экономикалық процестердің мемлекет тарапынан реттелуі кез-
келген қоғамдық жүйенің басқару элементі болып табылады. Мемлекеттің
экономикаға араласу дәрежесі қоғамның дамуының әр бір нақты тарихи
кезеңінде шешетін міндеттеріне жіне мақсаттарына байланысты реттеудің
формалары мен әдістері анықталады [8.98б].
Экономиканы мемлекет арқылы реттеуде салықтық реттеудің маңызы зор.
Нарық экономикасында салықтар түбегейлі қайта құрушы рөлді атқарады. Олар
барлық деңгейдегі бюджеттерді қалыптастырудың басты көзі, әлеуметтік
кепілдіктерді қамтамассыз ету құралы, жергілікті өзін-өзі басқарудың
қаржылық негізі болып қана қоймай сонымен бірге мемлекеттің, шаруашылық
субъектілерімен халықтың қаржылык мүмкіндіктері мен мүдделерін теңестіру
қызметін атқарады.
Салықтық реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділігін
арттыруға бағытталған.
Салықтық реттеу-осы категорияның атқаратын функциялары арқылы
жүргізіледі. Олар фискалдық, бөлу және реттеушілік функциялар.
Фискалдық функция мемлекеттік бюджеттің кірісінің құру рөлін салықтар
түсіру арқылы атқарады. Бөлу функциясы шаруашылық субъектілермен халықтың,
салык төлеушілердің табысының бір бөлігін бюджетке салық арқылы бөлуін
көрсетеді.
Реттеушілік фукнциясы салықтың элементтерін реттеу тұтқасы ретінде
қолдану арқылы өзінің қызметін жүзеге асырады [9.35б].
Теориялық зерттеулер мен Қазақстанның және басқа да шетелдердің
практикалық тәжірибесі нарықтық экономиканың қалыптасуында және оның тиімді
қызмет етуінде мемлекеттің орасан зор ролінің басым екенін көрсетіп отыр.
Мемлекеттің экономикаға араласпауы қағидасы жоғары тұратын мемлекетттердің
өзінде (мысалы, АҚШ) мемлекет халық шаруашылығының дамуына орасан әсер
етеді. Бұл мәселеге Р. Фриш (Норвегия), Я. Тинберген (Нидерланды), У.
Беверидж (Англия), ДЖ. М. Кейнс, У.К. Митчелл және
К. Лапндауер (АҚШ) сияқты экономист ғалымдар зерттеулерін арнады. Бұлардың
идеялары әсіресе Францияның индикативті жоспарлауының негізін қалаған
[6.252б].
Мемлекеттік реттеу факторлары кешенінде салық салудың ролі ерекше.
Салықтар фискалдық функциясы арқылы мемлекет қазынасын толтырудың негізгі
көзі болып табылады. Олардың басқа негізгі функциясы экономиканы
мемлекеттік реттеуден көрінеді. Салық саясатының құралдарымен (рычаги)
мемлекет экономикалық өсуді ынталандыра отырып, шаруашылық конъюнктурасының
жағдайына әсер етеді.
Салықтық жүктеменің дәрежесі мемлекеттің өз функциясын орындау үшін
керекті табыстарды алу мүддесін де, сонымен қатар іскерлік белсенділік
деңгейінің субъективті факторы болып табылатын өндірісті дамыту мен
кәсіпкерлік пайда табудағы салық төлеушілердің де мүдделерін ескеруі қажет.
Салық салу процесінде екі жақтың да мүддесі ескерілетін салық жүктемесінің
оптималды мәні туралы сұрақ туындайды. Бірақ тиімді салық салу шегінің
қайда жатқанын нақты айту қиын. Француз философы Ш. Монтескье өз уақытында
салықтар туралы қол астындағылардан қай бөлігін алып, қанша бөлігін
қалдыру өте зор ақыл мен даналықты талап етеді деген [7.40б].
Он тоғызыншы ғасырдағы орыс экономисті Н.Н. Янжул салық жүктемесі
туралы мәселені қарастыруда салықтық мәселелердің барлығы салық салудың
екі шекарасы – мемлекет қажеттілігі және азаматтардың мүліктік
қабілеттілігі арасында туындап, жүзеге асады деген. Осы екі бастаудың
күресі қаржы тарихында үлкен із қалдырған дейді [8.23б]. Кейіннен С.Ю.
Витте мемлекет салықтар көмегімен өз иелігіне азаматтардың мүлкінің
қайсібір бөлігін алу құқында, өз саясатында белгілі бір этикалық,
экономикалық бастауларды негізге алу керек, керісінше болса, халыққа аса
ауырлық түсіре отырып ол, өзінің өмір сүру мәнін жоғалтар еді деп
көрсеткен [8.27б].
Нақты бір салық жүйесінің оптималдылығы оның жүзеге асуы салық салу
процесінің екі жағы – мемлекет пен төлеушілер мүддесі арсында компромисс
бола ала ма, жоқ па осыдан көрінеді. Оптималды құрылған салық жүйесі қаржы
ресурстарымен мемлекетітң қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай
(фискалдық функциясын жүзеге асыру), салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметке
стимулын да түсірмеу керек, шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудағы
жолдарды ізденуге(реттеушілік функциясын жүзеге асыру) кедергі келтірмей,
керісінше іскерлік белсенділікті көтеру керек.
Кез келген қоғамның шаруашылық механизмін қалыптастырудың
методологиялық негізі болып экономикалық мүдделер жүйесі табылады. Бұл
жүйені іске асыру тұрақты экономикалық тепе теңдіктің қажетті шарты болып
және тиімді қызмет етуші шаруашылық механизмінің негізгі мақсаты болып
табылады. Ф. Энгельс әрбір қоғамның экономикалық қатынастары ең біріншіден
мүдделер ретінде көрінеді деп есептеген [10.9б].
Экономикалық әдебиеттерде экономикалық мүдделер табиғатына әртүрлі
ойлар айтылады.
Кейбір авторлар экономикалық мүдделерді экономикалық жағдайлармен
шарттастырылған субъективті құбылысты бейнелейтін (сананың жағдайы, ойлар
мен көңілдің бағыты, (состояние сознания, направление мыслей и внимания))
категория ретінде қарастырады [11.57б].
Басқа авторлар мүдделерді тікелей өндірістік қатынастарды бейнелейтін,
объективті шарттастырылған категория деп санайды, кейбір авторлар
материалдық мүдделер адамның санасымен байланысты емес деп есептейді
[11.61б].
Тағы басқа авторлар мүдделерді объективті мазмұн мен субъективті
форманың бірлігі деп қарастырады.
Кез келген экономикалық модельдің мақсаты – қоғамның өсіп келе жатқан
қажеттіліктерін қанағаттандыру. Сәйкесінше, экономикалық мүдделерді тиімді
басқару тиісті мемлекеттік реттеудің механизмін қалыптастырады, оған осы
мүдделерді белсенді түрде жүзеге асыруға анағұрлым жоғары ықпал ететін
тиімді салық саясаты жатады.
Кез келген экономикалық модельдегі қоғамдық мүдделер өзара байланысты,
өзара шарттастырылған, өзара тәуелді және қарама қайшылықта болады. Бұл
нақты мазмұны қалыптасқан әлеуметтік экономикалық жағдайларға тәуелді
болатын экономикалық мүдделердің біріңғай жүйесінің бар екендігін
дәлелдейді. Экономикалық мүдделердің қарама қайшылығы мүдделердің келісімі
механизмін үнемі іздеу және жаңартуды, тұрақты экономикалық өсудің қажетті
шарты ретінде экономикалық тепе теңдікті қамтамасыз ету мақсатында,
туындайтын қарама қайшылықтарды келісіммен шешуді білдіреді.
Экономикалық мүдделер жүйесі бірыңғай, бірақ мазмұны бойынша біртекті
емес. Қарама қайшылықтардың шешілімі салықтық реттеу әдістерімен мүмкін
болатын экономикалық мүдделердің тобын қарастыруға болады:
1. Кәсіпорын меншік иесі мен жалдамалы жұмысшы мүдделері.
2. Кәсіпорын меншік иесінің мүддесі.
3. Жалдамалы жұмысшы мүддесі.
4. Әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүдделері.
5. Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделері.
Кәсіпорын меншік иесі мен жалдамалы жұмысшы мүдделерінің үйлесімі
экономикалық мүдделердің негізгі жүйе қалыптастырушы факторлары болып
табылады. Ал олардың арасындағы қарама қайшылықтарды шешу тұрақты
экономикалық тепе теңдіктің қажетті шарты болып табылады. Меншік иесі де,
жалдамалы жұмысшы да өндірістің кеңеюіне, оның пайдалылығының артуына,
еңбек өнімділігінің артуына мүдделі. Пайданың өсуі өндірістің тиімді
болуының нәтижесі ретінде шаруашылық жүргізудің екі субъектісінің де
мүдделеріне жауап береді.
Кәсіпорын меншік иесі мен жалдамалы жұмыскер арасындағы қарама-
қайшылықтарды шешу тұрақты экономикалық дамудың қажетті шарты болып
табылады.
Қарама-қайшылықтар қосылған құнды бөлу кезінде пайда болады. Яғни оның
қандай бөлігі капитал иесінің иелігінде қалады,қандай бөліктері дивидентер
төлеу мен еңбекақы қорына кететінін анықтау кезеңінде қайшылықтар
туындайды. Кәсіпкерлермен жалдамалы жұмыскерлердің арасында экономикалық
мүдделері бойынша қайшылықтарды шешуге олардың арасында қосымша өнімді
тиімді бөлу нәтижесінде қол жеткізуге болады.Бірақ өзін- өзі реттейтін
нарықтық механизмдер арқылы меншік иесі мен жалдамалы жұмыскердің
мүдделерін мемлекеттің араласуынсыз шешуге қол жеткізу қиын. Салық бағасын
кеңейту үшін мемлекет ұдайы ұлғаймалы өндірісті ынталандыру керек ,ол болса
өз кезегінде кәсіпкердің меншік иесін де, жұмыс күшінің де мүдделерін
сақтауды білдіреді. Мемлекеттік салықтық стимулдар арқылы екі жақтың да
мүддесін теңестіре алады. Мұндай салықтық құралдарға прогрессивті салық
салуды, жалақының салық салынбайтын ең төменгі көлемін, әр түрлі салықтық
жеңілдіктерді жатқызуға болады.
Кәсіпорын меншік иесінің мүдделері де қарама-қайшы да біркелкі емес.
Ұдайы ұлғаймалы өндірістің қажеттілігі алынатын пайданың көп бөлігін
экономикалық қызметті ары қарайғы инвестициялауға бағыттауды талап етеді.
Кәсіпкердің кәсіпкерлікке деген мықты ішкі стимулдарын қарастыратын, оның
жеке мүдделері алынатын табыстардың көп бөлігін және қажеттіліктерді
жұмсатқызады. Пайданың инвестициялауға кететін бөлігімен жеке пайдалануға
кететін бөлігінің арасындағы қатынас көптеген факторларға тәуелді. Оған
кәсіпкерліктің дамуы үшін қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық жағдайлар
ғана емес, сондай-ақ меншік иесінің материалдық жағдайы, оның іскерлік
белсенділгінің психологиялық мотивтері жатады. Пайдаға жеңілдетілген салық
салу, жеке тұлғалардың табысына салықтың прогрессивті шкаласы, мүлікке
салатын салық механиздері арқылы салықты реттеу жеке тұтыну мен қорлануға
жұмсалатын пайданың оптималды арақатынасын таңдауға мүмкіндік береді.
Өзінің мазмұны жағынан жалдамалы жұмысшының да мүддесі бірыңғай емес.
Жұмысшының экономикалық мүдделерінің қайшылығы табыстың тұтыну мен
жинақтауға кететін арақатынасындағы мәселеге байланысты. Ағымдық тұтынуға
кететін табыстар халықтың төлем қабілеті бар сұранысын қалыптастырады,
осылайша өнімділіктің дамуына да әсер етеді. Жеке тұлғалардың жеке
салымдары өндірісті дамытуды инвестициялаудың маңызды көзі болып табылады.
Қазақстанда бұл процесс орташа табыс көлемінің төмен болуымен, экономикалық
тұрақсыздықтарға байланысты тежелуде. Жұмысбастылық пен еңбекақы
төңірегінде мемлекеттік тиімді саясат, жеке салымдарды қорғайтын
мемлекеттік саясат, салымдар мен құнды қағаздар бойынша табыстарға салық
салудан бас тарту, табыс салығының прогрессивтілігі жинақтардың өсуіне оң
әсер етеді. Әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық
мүдделері де қарама – қайшы.
Нарық жағдайларында кез келген шаруашылық қызметтің негізгі мақсаты -
пайданы мүмкіндігінше көп алу. Осы мақсатқа жету үшін шаруашылық
субъектілері ресурстар алу, тауарларды сатудың анағұрлым жақсы жағдайлары
үшін өзара бәсекелестік күреске түседі. Әр түрлі бағыттағы экономикалық
мүдделердің тоғысуы нарықтық шаруашылықтың қалыпты қызметін бұзады.
Мүдделердің шешілмеуі экономика үшін экономикалық дағдарыс туғызуы мүмкін.
Антициклдық бағыттағы салықтық реттеу осындай қайшылықтарды жоя алады.
Монополияға қарсы реттеу, экономиканың басыңқы салаларына инвестиция
салудың салықтық жеңілдіктері. Салық салудың үш деңгейлік жүйесі шаруашылық
жүргізуші субъектілердің экономикалық мүдделерін экономикалық қызметтің
құрылымдық, салалық және аймақтық теңестіреді.
Мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық мүдделері
өзара байланыста болады. Бірақ барлық кезде сәйкес келе бермейді.
Мемлекеттің қоғамдық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған әлеуметік –
экономикалық саясатты жүзеге асыру үшін, өзіне қажетті ақша қаражат көлемі
болу керек, ал ол өз кезегінде салық салудың жоғарғы деңгейін талап етеді.
Кәсіпкер болса, керісінше оның пайдасын шығындарын көтеріп, пайдасын
төмендететін салықтардың төмендеуіне мүдделі. Мемлекеттік бюджет арқылы
қайта бөлінетін қайта жасалған құнмен шаруашылық жүргізуші субъектінің
иелігінде қалатын құнның арасында оптималды (тиімді) арақатынастың болмауы
әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаның орындалмауы
немесе кәсіпкерлердің экономикалық стимулдарының төмендеуіне әкеледі,
тиісінше ол, іскерлік белсенділікті де төмендетеді.
Салықтық жүктеменің шекті көлемін анықтау арқылы салықтық реттеу -
бұл мәселеде компромистік шешім табуға ықпал етеді.
Осылайша, қазіргі экономикалық мүдделер жүйесі бірыңғай (единный) әрі
қарама-қайшы.Экономикалық мүдделердің өзінің шыңына жеткен қарама-
қайшылығы жүйенің біртұтастығын бұзуы мүмкін, шаруашылық субъектілерінің
арасындағы экономикалық байланыстардың бұзылуына, меншік иесі мен жалдамалы
жұмысшылардың арасында қақтығыстарға, жоғары ақы төленетін және төмен ақы
төленетін жұмыскерлер категориялары арасында қайшылықтардың өрлеуіне әкеп
соғады.
Тиімді салықтық реттеу экономикалық мүдделердің әр түрлі топтарының
арасында туындайтын қайшылықтарын шешу механизміне бағытталуы керек.
Экономикалық мүдделердің теңгерімділігіне салықтық реттеудің тиімді әсер
етуінің механизмін жасау үшін тиімді салық салу критерийін (өлшемін) таңдау
керек.
Көптеген зерттеушілердің мәліметтері бойынша ұйымның шаруашылық
қызметіне салықтық әсер ету теріс фактор ретінде қарастырылып, бірінші
орынға қойылған .
Д.А. Алексанкин осы процесті зерттеуді негізге ала отырып, келесідей
қорытынды жасады:
Салықтарды ұлттық экономикада, оның жекелеген секторлары арасында
шаруашылық субъектілердің пайдасын ұлттық алудың үлесін өзгерту арқылы
іскерлік белсенділікті мемлекеттік реттеудің құралы ретінде анықтауға
болады.
Мемлекттік саясаттың негізгі мақсаты – экономикалық өсу темпін
жеделдету жағдайында салық жүйесін реформалау экономикалық белсенділікті ең
біріншіден, кәсіпорыннан алынатын пайда үлесін төмендету арқылы көтеруге
бағытталуы керек. Сандық өсумен қатар сапалық өсу де маңызды болғандықтан,
әсерді экономиканың әр секторлары мен салаларына бөліп қарастыру керек
(дифференцировать) [12.143б].
Ресей экономистері В.П. Позняков пен А.Л. Журавлевтер кәсіпкерлердің
іскерлік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz