КУӘ МЕН ЖӘБІРЛЕНУШІДЕН ЖАУАП АЛУДЫҢ ТАКТИКАСЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда жауап алу -бұл алдын ала тергеу және сотта іс қарау кезінде жүргізілетін ең кең таралған, сондай - ақ қылмысты ашуда маңызы зор, күрделі тергеу әрекеті болып саналады.

Жауап алуды жүргізу үшін тергеушіден, соттан, анықтама жүргізуші тұлғадан [ Ескерту : жұмыстың мәтінінде тергеуші ғана деп көрсетіледі. ] жалпы психологияны, сот психологиясын, қылмыстық іс жүргізу құқығын (процессуалдық нормалар мен ережелерді), криминалистикалық тактиканы жан - жақты білуді талап етеді. Сонымен қатар, жауап алу, тергеушіден қалыптасқан жағдайды бағалап, соған байланысты тергеу әрекетін қабілетті жургізу үшін, ең тиімді бағытты таңдауды талап етеді. Қылмысты дұрыс тергеуге, сонымен қатар қылмысты тез арада ашуға, жәбірленушіден немесе кәудан алынатын пайдалы мәліметтердің маңызы өте зор.

Тергеуші жауап ала отырып, оның қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген заң нормаларына сай жүргізілуін, этикалық нормалар мен заңдарға қайшы келмеуін қатаң ұстанып отыру керек. Өзінің сипаты жағынан құрамында қылмыстық процессуалдық, криминалистік, ұйымдастырушылық, писхологиялық және тәрбиелік мәні бар көп салалы және күрделі тергеу әрекеті, сол себептен осы мәселеге ғылыми қызметкерлердің көп көңіл бөлуі заңды да.

Жауап алу тергеу әрекетінің дұрыс өткізілуі, тергеушінің жұмыс уақытын үнемдеуіне, қайталама және қосымша жауап алудың қажеттілік тудырмауына, сондай - ақ, тергеуге қажетті мәселелерді тез арада және толық көлемде білуге және бұлтартпау шарасын дұрыс таңдау мен жазаны дұрыс таңдауға өз септігін тигізеді.

Жауап алуды ойдағыдай жүргізу үшін, тергеуші жауап берушіден мәліметтерді қалай және қандай құралдарды қолдану арқылы алу керектігін жақсы білуі керек.

Жауап алудың негізгі міндеті жауап берушіден деректерді алу жолында елеулі табыстарға қол жеткізу, бұл үшін тергеуші қандай мәліметтерді алу керектігін және қандай тәсілдерді қолдану керектігін алдын-ала болжай білуі керек.

Жауап алынатын адам кез келген уақытта жауап алар алдында әзірленіп, өзінің айла-әдісі мен іс - қимылын әзірлеп алады. Соған байланысты оның мінез-құлқы, ұстанған іс-қимылы оқиға мен фактілерге деген нақты қатынасын бүркемелеуі мүмкін. Немесе қайшылықты жағдайда жауап беруші куә мен жәбірленуші өзінің қасиеттері туралы байқатпауы мүмкін емес, тіпті тергеушінің өзі бұл бағытта қызығушылық танытса да, жауап беруші қылмыстың оқиғасы туралы мәліметтерді айтып отырып, өзі туралы айтпауы мүмкін емес. Тіпті кез келген жауап беруші қылмыс оқиғасынан гөрі өзі туралы, өзінің өмірі мен жүмысы туралы қызыға-қуана айтатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Міне, сондықтан, куә мен жәбірленушіден алғаш жауап алғанда өзі туралы, өзінің өмірі, жұмысы, отбасы т. б. туралы айтуды ұсыну туралы нұсқаулар жиі айтылады. Сонымен қатар, шын жауап бере отырып шындықты біршама безендіріп, өзін артық бағалап жіберіп немесе өзін теріс жағынан сипаттайтын әрекеттер жөнінде үн қатпау сияқты шартты "қорғану" әрекеттерін байқауға болады.

Сондықтан, тұлға туралы анық ақпараттарды жауапты оған бағыттау арқылы, оның жасанды іс-қимылы арқылы анықтау қажет.

Жауап алудың жалпы мақсаты ол жауап алынып отырған адамнан толық және шанайы түрдегі мәліметтер алу болып табылады. Бұл мәселені анықтау біраз қиыншылықтарға байланысты. Кейбір тұлға жауап алу барысында қасақана жалған жауап береді немесе оған қарсы айыпталушы тарапынан қысым көрсетуге себеп болуы мүмкін. Осы аталған себептер қылмысты ашуға байланысты кедергілер тудырып, тергеушіні жаңылыстыруға әкеледі.

Сонымен қатар жауап алуда орын алатын тағы бір мәселе қатарына, кейбір жағдайларда жауап алынып отырған тұлға өзінің көрген, естіген мәліметтерін ұмытып қалуына байланысты. Мұндай жағдайда тергеуші жауап алып отырған адамнан толық мәліметтерді есіне түсіруіне жағдай жасап, барлық заңда көрсетілген әрекеттерді қолдануы тиіс.

Тақырыптың зерртелу деңгейі . Отандық заң ғылымында жауап алудың криминалистік тәсілдері мәселесімен Е. Ғ. Жәкішев, А. Я. Гинзбург, А. Р. Белкин, В. Бахин, М. Коганов, Н. Карпов, Г. Г. Доспулов зерртеді.

Дипломдық жұмыс обьектісі куәдан және жәбірленушіден жауап алудың криминалистикалық тәсілдері аясындағы құқықтық қатынастар болып табылады.

Дипломдық жұмыс пәні тергеуші қылмыс бойынша жәбірленушіден, айыпкерден, куәдан өзіне тиісті керек мәліметтерді алуы танылады.

Дипломдық жұмыстың нормативтік базасы Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Қылмыстық Кодексі, ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі және өзге де заңдар.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Жұмыстың мақсаты - жауап алу тергеу әрекетіне қатысатын жақтардың құқықтық мәртебесін зерттеп (куә мен жәбірленуші), сондай - ақ куә мен жәбірленушіден жауап алу тактикасының теория мен практикада қалай қолданылатынын анықтау.

Өз мақсатыма жету үшін алдыма төмендегідей міндеттерді қойдым:

  • Куә мен жәбірленушінің құқықтық мәртебесін анықтау;
  • Жауап алу тергеу әрекеті кезінде, тергеуші мен жауап беруші арасында орнайтын байланысты зерттеу;
  • Куә мен жәбірленушіден жауап алу кезінде қолданылатын тактикалық амал - тәсілдерді анықтау;
  • Куә мен жәбірленушіден жауап алудың ерекшелігін ашу;
  • Жауап алу тергеу әрекетінің тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру және оған байланысты ұсыныстарды енгізу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, оның зерттелу деңгейі, мақсаттары мен міндеттері және құрылысы көрсетілген. Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Қорытындыда жұмыс барысында қарастырылған барлық мәселелер бір тоқтамға келтіріліп тұжырымдалды.

1 ЖАУАП АЛУ ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. 1 Жауап алудың түсінігі және оның маңызы

Жауап алу дегеніміз - заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті. Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы тактикалык әдістер қолданылады. Бірақ ол қаншалықты тиімді болғанымен ол заңда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.

Жауап алу ұғымына екі жақты мағына беруге болады: тар және кең мағыналы деп. Тар мағыналы ұғым - жауап берушіге сұрақтар қойып, оның жауабын тыңдау болса, кең мағыналы ұғым - мәліметтерді алу жолдары, соның ішінде жауап берушінің еркін мазмұндамасы, берілген сауалдар мен алынған жауаптар және хаттама жасау болып табылады.

Тергеуші сондай - ақ, жауап алу кезінде, ҚР Конституциясының 12 бабына сай, адамдардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және де олардың жауап алушы тұлғаның тарапынан бұзылмауын қадағалап отыру керек [1, 7 б. ] .

Жауап алғанда қылмысты оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқаны, істеген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады. Бұлар - заңда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер.

Жауап алу тергеу әрекетінің дұрыс өткізілуі, тергеушінің жұмыс уақытын үнемдеуіне, қайталама және қосымша жауап алудың қажеттілік тудырмауына, сондай - ақ, тергеуге қажетті мәселелерді тез арада және толық көлемде білуге және бұлтартпау шарасын дұрыс таңдау мен жазаны дұрыс таңдауға өз септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК 115-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып заңды жолмен алынған фактілік деректер саналады, оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін немесе кінәсіздігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін қажетті басқа да мән-жайларды анықтайды [2, 49 б. ] .

Тергеушінің жауап алғанда алатын мәліметтерін екіге бөлуге болады. Бірінші, тергеу үшін қажетті оқиға немесе фактілер жөніндегі мәліметтер; екінші, оқиғалар мен фактілерді ауызша жеткізетін қайнар көздерге қатысты мәліметтер. Мәлімет беретін қайнар көздерді дұрыс бағалау - жауап алынып отырған адамның жәй-күйіне, мінез-құлқына, оның іс-қимылына, қорғану қабілетіне байланысты жауап алудың тиімді тактикасын таңдауға, жауап беріп отырған адамнан толық, дұрыс мәліметтер алуға, өзіне белгілі фактілерді толық есіне түсіріп жеткізуге, алынған деректерді дұрыс бағалауға және алдағы жүргізілетін тергеу амалдарын анықтауға септігін тигізеді. Жауап алынатын адамның жеке түлғасын зерттеу бірқатар талаптарға сай болу керек. Біріншіден, зерттеу объектісінің ерекшелігін, уакыт тапшылығын, қайшылықты жағдайдың туындау мүмкіндігін, зерттеудің процессуалдық нысанын ескере отырып, ғылыми негізделген және криминалистік бейімделген әдістерді қолданып зерттеу қажет. Екіншіден, тұлғаны зерттеу объективтілік қағидасына сай жүргізілу керек, яғни тек теріс қасиеттерін ғана емес, сонымен бірге оң қасиеттерін де анықтау қажет. Жекелеген қасиеттерін ғана емес дамуы мен өзгерістерін ескере отырып, жеке түлғаның бүтіндей функционалды динамикалық құрылымын зерттеу қажет. Үшіншіден, жеке тұлғаны зерттеу мақсатты болу қажет: міндеті мен бағыты алдын ала анықталуы тиіс. Төртіншіден, зерттеу үлкен көлемде жүргізілу керек және уақыт бойынша жеткілікті жалғасын табу керек. Зерттеу жүргізілетін уақыт неғүрлым ұзақ болса, соғүрлым нәтижесі дәлірек болады. Жауап алу барысында алынған жеке түлғаның көзқарастары, мүдделері, қажеттіліктері, құнды бағыттары, мінездемелік, ерікті және эмоционалды ерекшеліктері мен қасиеттері оның мінез-құлқына криминалистік баға беруге септігін тигізеді және бұл қасиеттер қылмыс оқиғасының жекелеген элементтерімен байланысын дәлелдейді [3, 138-139 б. ] .

Істі дұрыс шешу үшін қажетті фактілік мәліметтер жәбірленушінің, куәнің жауаптарымен, сарапшының қорытындысымен, заттай айғақтармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Қазақстан Республикасының ҚІЖК - де берілген түсініктеме (комментарий) дәлелдеме - адамнан шығатын мәліметтер ретінде және зерттелетін жағдайды көрсететін, материалдық заттардағы із түріндегі өзгерістер қарастырылған. Мұнда дәлелдеменің фактілік мәліметтер екендігі нақты айтылып отыр және қандай да бір формада өмір сүретіні қуатталып тұр. Яғни, заң шығарушы дәлелдемені фактілер мен мәліметтердің қайнар көздерінің біртұтас жиынтығымен түсіндіріп отыр.

Олай болса, дәлелдеме дегеніміз - қылмыстық істі дұрыс шешуге қажетті фактілік мәліметтер.

Жауап алудың мақсаты толық және болған жай туралы шындықты көрсететін мәліметтерді алуға бағытталады. Бұл мәліметтер айғақтардың қайнар көзі, ал соның ішіндегі нақты мағлұматтар, қылмыстың дәлелдері болып табылады.

Жауап алу - жауап берушінің, тергеу жүріп жатқан жай немесе соған қатысты мән-жайлар мен тұлғалар туралы тергеушіге мәліметтер беру.

Жауап алуды ойдағыдай жүргізу үшін, тергеуші жауап берушіден мәліметтерді қалай және қандай құралдарды қолдану арқылы алу керектігін жақсы білуі керек. Тергеушінің жауап алу арқылы анықтамақ болған мән-жайлардың шеңбері жауап алу мәселесі деп аталады. Бұған жататындар:

- қылмыс қалай жасалды;

- қай жерде;

- қай уақытта;

- қылмысқа бару себебі;

- қылмысты кімдер жасады;

- қылмыс жасауға не нәрсе итермеледі;

- қылмыс жасауға қандай жағдай мүмкіншілік берді.

Жауап алудың нәтижесі ең алдымен жауап алушының ұсынған бағытына байланысты болады - ол шындықты айтқысы келе ме, әлде мән-жайды жасырып, жалған айтып отыр ма. Осы көрсетілгендер бойынша қылмысты ашуға байланысты керекті мәліметтер алуға болады.

Тергеуші мен анықтауға жататын мәліметтер жауап алу пәні деп аталады, яғни тергеуші қылмыс бойынша жәбірленушіден, айыпкерден, куәдан өзіне тиісті керек мәліметтерді алады.

Жауап алудың негізгі міндеті жауап берушіден деректерді алу жолында елеулі табыстарға қол жеткізу, бұл үшін тергеуші қандай мәліметтерді алу керектігін және қандай тәсілдерді қолдану керектігін алдын-ала болжай білуі керек.

Г. Г. Доспулов: "Жауап алу - іс үшін маңызы бар және қабылдауы мен есте сақтауына сәйкес шындықты көрсететін мәліметтер алуға бағытталған тергеуші мен жауап алынатын адамның арасындағы қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелетін қарым-қатынас, "- дейді [4, 15б. ] . Жауап алуға қатысушы тұлғалардың алмасатын мәліметтері әрқилы.

Г. Г. Доспулов, тергеушінің жауап алуда алатын мәліметтерін төртке бөлді: 1) жауап алынатын тұлғаның толқуына, психикалық жағдайына және мінез-құлқына қатысты мәліметтер; 2) жауап алынатын азаматтың жауап алудың пәніне катысты айтқан мәліметтері; 3) жауап алу барысындағы тергеушінің өз мінез-құлқына қатысты мәліметтер; 4) жауап алудың жалпы нәтижесі бойынша мәліметтер. Бұл барлық мәліметтер зерделеніп, бағаланып іс бойынша бұрын жинақталған мәліметтермен салыстырылу қажет, - дейді ол [4, 20 б. ] .

А. В. Дулов, тергеушінің жауап алғанда алатын мәліметтерін екіге бөлді. Бірінші, тергеу үшін қажетті оқиға немесе фактілер жөніндегі мәліметтер; екінші, окиғалар мен фактілерді ауызша жеткізетін қайнар көздерге қатысты мәліметтер [5, 58 б. ] .

В. Е. Коновалова да екінші сатының маңыздылығына тоқтады, өйткені ақпараттарды алу мен бағалау көп жағдайда жауап алынатын тұлғаның психикалық бейнесін білуге байланысты, ол жауап алынатын адаммен психологиялық байланыс орнатуға және жауап алу үшін қажетті тиімді тәсілдердің жүйесін анықтауға көмектеседі дейді .

Жауап алуда куәнің, жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының мінез-құлқын дұрыс түсініп, дұрыс бағалау үшін, сол тұлғаның психикалық жағдайының, психикалық жәй-күйінің көрінісін және оның қасиеттерін байланыстыра отырып зерттеу қажет дейді Г. Г. Доспулов [4, 23 б. ] .

Негізінен, олар мәлімет беретін қайнар көздерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді, ол жауап алынып отырған адамның жәй-күйіне, мінез-құлқына, оның іс-қимылына, қорғану қабілетіне байланысты жауап алудың тиімді тактикасын таңдауға, жауап беріп отырған адамнан толық, дұрыс мәліметтер алуға, өзіне белгілі фактілерді толық есіне түсіріп жеткізуге, алынған деректерді дұрыс бағалауға септігін тигізеді.

Бірақ, жоғарыда көрсетілген мәліметтерді алу оңай шаруа емес. Жауап алынатын адам кез келген уақытта жауап алар алдында әзірленіп, өзінің айла-әдісі мен іс - қимылын әзірлеп алады. Соған байланысты оның мінез-құлқы, ұстанған іс-қимылы оқиға мен фактілерге деген нақты қатынасын көлеңкелеуі мүмкін. Немесе жауап беріп отырып, айыпталушы өзінің қасиеттері туралы байқатпауы мүмкін емес, тіпті тергеушінің өзі бұл бағытта қызығушылық танытса да, өзі айыпталып отырған қылмыс бойынша айтып отырып, өзі туралы айтпауы мүмкін емес. Тіпті кез келген айыпталушы қылмыс оқиғасынан гөрі өзі туралы, өзінің өмірі мен жүмысы туралы қызыға-қуана айтатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Міне, сондықтан, айыпталушыдан алғаш жауап алғанда өзі туралы, өзінің өмірі, жұмысы, отбасы т. б. туралы айтуды ұсыну туралы нұсқаулар жиі айтылады. Сонымен қатар, шын жауап бере отырып шындықты біршама безендіріп, өзін артық бағалап жіберіп немесе өзін теріс жағынан сипаттайтын әрекеттер жөнінде үн қатпау сияқты шартты "қорғану" әрекеттерін байқауға болады.

Сондықтан, тұлға туралы анық ақпараттарды жауапты оған бағыттау арқылы, оның жасанды іс-қимылы арқылы анықтау қажет.

Ол үшін жауап алу барысында қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары орындалғаннан кейін тергеуші моральдық этика талаптарына сай келетін белгілі бір ғылыми негізделген әдістерді қолдануы мүмкін.

Е. Р. Россинская жауап алу дегеніміз: “бұл тергеліп жатқан іс бойынша маңызы бар мәліметтерді оны білетін тұлғадан алу және бұл ең қиын тергеу әрекеттерінің бірі деп көрсеткен” [6, 257 б. ] .

И. Ф. Пантелеев жауап алу - бұл көп тараған және қиын тактикалық қатыстағы адамдардан тергеліп жатқан іске қатысы бар мәліметтерді алу деп көрсетеді [7, 36 б. ] .

Жоғарыда келтірілген бұл ұғымдар криминалистикадағы жауап алу тактикасының орнын анықтауға сәйкес келеді. Себебі бұл ұғымдардың мақсаты бір, яғни алынған жауаптарды толық және шынайы түрде алып, оны тергеліп жатқан қылмысты істің ашылуына өз ықпалын тигізу болып табылады.

Жауап алудың жалпы мақсаты ол жауап алынып отырған адамнан толық және шанайы түрдегі мәліметтер алу болып табылады. Бұл мәселені анықтау біраз қиыншылықтарға байланысты. Кейбір тұлға жауап алу барысында қасақана жалған жауап береді немесе оған қарсы айыпталушы тарапынан қысым көрсетуге себеп болуы мүмкін. Осы аталған себептер қылмысты ашуға байланысты кедергілер тудырып, тергеушіні жаңылыстыруға әкеледі.

Сонымен қатар жауап алуда орын алатын тағы бір мәселе қатарына, кейбір жағдайларда жауап алынып отырған тұлға өзінің көрген, естіген мәліметтерін ұмытып қалуына байланысты. Мұндай жағдайда тергеуші жауап алып отырған адамнан толық мәліметтерді есіне түсіруіне жағдай жасап, барлық заңда көрсетілген әрекеттерді қолдануы тиіс.

Жауап алудың негізгі міндеті жауап берушілерден деректерді алу жолында елеулі табыстарға қол жеткізу. Бұл үшін тергеуші қандай мәліметтерді алу керектігін және қандай тәсілдерді қолдану керектігін алдын-ала болжай білуі керек.

Жауап алғанда қылмысты оқиғаға байланысты мынадай деректер анықталады:

  • Қылмыс жасау үшін қандай амал-әдіс қолданылды;
  • Қылмыс жасауға қанша адам қатысты;
  • Істелген қылмыс қандай зардап шектіргені;
  • Істелген қылмыстың сипаты мен мөлшері;
  • Қылмыстың басқа да мән-жайлары.

Бұл жағдайлар заңда көрсетілгендей міндетті түрде анықталуы тиіс, сол себептен бұлар қылмыстық оқиғаға тікелей қатысы бар деректер. Сондай-ақ, жауап алу арқылы тікелей қылмыстық оқиғаға қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға себебі тиетін аралық мәліметтер де алынады. Айталық, қайда жүргенін, оның мекен-жайын, немесе қайда жасырынып жүргенін анықтап білу үшін, қылмыскердің ең жақын адамдарынан жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мұндай аралық түрінің, қылмыс ісіне тікелей қатысы болмағанмен, қылмыс ісін тез ашуда, қылмыскерді көп ұзамай ұстауда, болған оқиғаның мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар [8, 281 б. ] .

Жауап алудың жалпы тәсіліне келетін болсақ, оған белсенділікті, мақсаттылықты, объективтілікті және толықтылықты, жауап берушінің жеке басының қасиетін ескеру қажеттілігін жатқызуға болады.

Жауап алу белсенділігі, заң талабына сәйкес жасалған тактикалық әдістерді шебер қолдану арқылы жауап алу тізгінін тергеуші өз қолында ұстау болып табылады.

Жауап алуды жүргізу алдында тергеуші жауап берушіден қандай деректерді алғысы келетіндігін нақты білуі керек. Міне, жауап алудың мақсаттылығы осында жатыр.

Жауап алу сипаты тергеушіден жауап беруші тұлғаның психологиясын дұрыс түсініп және соның шеңберінде оған белсенді түрде әсер етуді талап етеді. Жауап алудың нәтижелі болуы міне осыған байланысты. Сол себептен жауап берушінің жеке басының ерекшелігін білу тергеушіге өте қажет.

Жауап алуды жүргізу тәртібіне байланысты, шартты түрде төрт түрге бөлуге болады:

  • жауап алуға дайындық;
  • жауап берушімен психологиялық қарым-қатынас орнату;
  • жауап алуды жүргізу;
  • жауап алу жолын және нәтижесін бекіту.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жауап алудың түсінігі, маңызы және түрлері
Беттестіру жүргізудің-техника криминалистикалық және тактика криминалистикалық аспектілері
Жәбірленушіден және куәдан жауап алу
Кейбір қылмыстар үшін жауап алу тактикасы
Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері
Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістері
Жауаптың қалыптасу кезеңдері
Айыпталушыдан жауап алу тактикасы
Тергеу әрекеттерінің түрлері
Беттестіру--- жауап алудың ерекше бір түрі және оның психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz