Жұмыстың құндылығы


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ
Экономика және бизнес факультетінің
Ғылыми кеңесінде
“ Бекітілді”
Экономика және бизнес факультетінің деканы
э. ғ. д., профессорБ. М. Мухамедиев
050509 «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Алматы 2008 ж
Әдістемелік нұсқаулықты құрастырғандар:
Экономика ғылымдарының кандидаттары, доценттер Ермекбаева Б. Ж. .,
Өсербайұлы С. О. ., Арзаева М. Ж.
Аға оқытушы Супугалиева Г. И.
«Қаржы» кафедрасының мәжілісінде бекітілген
«11. 11. »2008 ж, №6 хаттама
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі
э. ғ. к, доцент Ермекбаева Б. Ж
«Экономика және бизнес» факультетінің
оқу - әдістемелік бюросымен мақұлданған
«15. 11. »2008 ж. №3 хаттама
«Экономика және бизнес» факультетінің
оқу - әдістемелік бюросының төрайымы
PhD докторы Жанибекова Г. К
Жалпы ережелер
Диплом жұмысын жазу оқу процесінің соңғы кезеңі болып табылады және маманның мамандығы бойынша теориялық және практикалық міндеттерді орындай алатындығын көрсетеді.
Диплом жұмысы жаңашылдық және қарастырылатын сұрақтардың тиімді шешілуіне бағытталған ғылыми ізденіс элементтерінен тұруы, қазіргі кездегі өндіріс, ғылым және техника талаптарына сай келуі қажет.
Диплом жұмысына қойылатын жалпы талаптар:
- мақсатты бағыттылық пен өзіндік ғылыми және практикалық жұмыстарды орындау дағдысын дамыту;
- материалдарды, тұжырымдарды, сондай- ақ негізделген ұсыныстарды логикалық кезектілікпен жазу;
- жұмыстың белгіленген талаптарға сай дұрыс рәсімделуі.
Диплом жұмысының мазмұны
Диплом жұмысының мақсаты - теориялық білімді және таңдаған мамандығы бойынша практикалық дағдыларды жүйелеу, тереңдету мен бекіту, зерттеу әдістемесін үйрету, материалды жалпылама және логикалық түрде түсіндіру.
Диплом жұмысының жақсы орындалуы тақырыпты дұрыс таңдаумен анықталады. Диплом жұмыстарының тақырыптары кафедра оқытушыларымен жасалады және кафедра мәжілісінде бекітіледі. Тақырыптар студенттің дайындық профиліне сай, өзекті, ғылымның жағдайы мен даму перспективасына сәйкес болуы және Қазақстан Республикасы қаржы- несие жүйесі алдындағы нақты міндеттерді шешуге бағытталуы қажет.
Диплом жұмыстарының тақырыптары факультеттің Ғылыми Кеңесінде қаралады және бекітіледі.
Диплом жұмысының тақырыбы ретінде қаржы- несиелік ұйымдарының қызметінде кездесетін мәселелер таңдалады.
Тақырыптар арнайы пәндерді зерттейтін студенттерге беріледі. Оларға тақырыптар беріледі және диплом жұмысының тақырыбына таңдау жасалады. Диплом жұмысының тақырыбы оқытылған пәндер бойынша курстық жұмысты жазу процесінде жүргізілген зерттеулердің жалғасы болып табылады. Студент кафедра меңгерушісінің келісімімен өз тақырыбын ұсына алады.
Студент диплом жұмысының тақырыбын таңдағаннан кейін кафедра меңгерушісінің атына таңдаған тақырыбын бекіту және оны жазуға рұқсат ету туралы өтініш жазады. Тақырыпты, ғылыми жетекшіні, диплом жұмысының сыртқы рецензентін бекіту кафедра және «Экономика және бизнес» факультетінің деканы ұсынысымен, әл- Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының бұйрығымен рәсімделеді.
Практика аяқталысымен димлом жұмысының тақырыбы қажет жағдайда кафедра ұсынысы бойынша ректор бұйрығымен нақтыланады және бекітіледі.
Ұйымдастыру құжаттарын рәсімдеу
Студент өз ғылыми жетекшісімен қажетті ұйымдастыру құжаттарының тізімін жасауы тиіс:
- диплом жұмысын жазу тапсырмасы;
- диплом жұмысын дайындау графигі.
Диплом жұмысына тапсырма жасаудағы мақсат - жұмыс мағынасын және ондағы негізгі мәселелерді зерттеу. Диплом жұмысы тапсырмасын рәсімдеу ғылыми жетекшінің бақылауымен болашақтағы жұмыс жоспарын жасаумен сипатталады. Тапсырманы жасауда диплом жұмысының құрылымына аса назар бөлген жөн. Ол нақты болуы, яғни артық ақпараттардың болмауы қажет.
Диплом жұмысының тақырыбы бөлімдерде ашылып қарастырылады. Бөлімдердің саны шектелмеген, бірақ диплом жұмысында келесі сұрақтар міндетті түрде қарастырылуы тиіс:
- теориялық;
- зерттелетін тақырыптың практикалық аспектілері;
- жасалатын объекті тиімділігін жоғарылату бағыттары.
Диплом жұмысын дайындау графигі жасалған бөлімдерге уақытты дұрыс бөлуге, оны уақытылы рәсімдеу мен қорғауға көмектеседі.
Ғылыми жетекшінің ролі:
- студентке күнтізбелік жоспар жасауға көмектесу;
- жұмыс жоспарын жасауға көмектесу;
- студентке қажетті әдебиеттер, анықтамалық, архивтік материалдар және басқа да көздер бойынша ұсыныс жасау ;
- студенттің жұмыс бойынша күнтізбелік графикті орындауына бақылау жасалатын кеңес беру графигін белгілеу;
- кеңес беру кезінде көмек көрсету, диплом жұмысын орындау, оның көлемі, т. б. бойынша бағыттар беру;
- жұмыстың барлық бөлімдерінің көлемін белгілеу және кеңес берушілердің жұмысын айқындау;
Жұмыстың рәсімделуіне қойылатын талаптар
Жұмыс 1 данада жасалады. Оның макетін ЭЕМ- де терген жөн. Диплом жұмысының жалпы көлемі 80 беттен аспауы тиіс. Бұл көлемнің ішіне қосымша мен әдебиеттер тізімі қосылмайды.
Жұмыс макеті А4 (210x297 мм) форматындағы ақ парақтың бір жағына жазылады . Әр бет келесі жиектермен рәсімделеді: сол жақ - 30 мм кем емес; жоғары жағы- 20 мм; оң жағы - 10 мм; төменгі жағы - 20 мм. Шрифт: 14 кегль, жолдар арасы біркелкі интервалмен жазылады.
Диплом жұмысының құрылымы:
- титул беті (А қосымшасы) ;
- реферат (Б қосымшасы) ;
- кафедраның жұмысқа қойған тапсырмасы (В қосымшасы) ;
- мазмұны ;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- терминдер тізімі (қажет жағдайда) ;
- әдебиеттер тізімі;
- қосымша.
Жұмыстың барлық беттері араб цифрлары мен титулдық беттен соңғы бетке дейін еш қайталанусыз номерленуі керек. Титул беті бірінші бет болып саналады және оған номер жазылмайды. Ал келесі беттен бастап «2» цифры (кафедраның жұмысқа қойған тапсырмасы) көрсетіледі. Беттің реттік номері төменгі жиектің ортасына жазылады. Жұмыстың соңғы номерімен әдебиеттер тізімі жазылған соңғы бет номерленеді.
Титул беті барлық реквизиттер қарастырылған типтік бланкіде рәсімделеді. Диплом жұмысының титул бетінде жетекшіні көрсетумен қатар жұмыс рецензенті туралы да ақпарат берілуі керек. Диплом жұмысына тапсырма бланкіде (В қосымшасы) жазылады.
Диплом жұмысын дайындау графигі бөлімдердің атауынан, қарастырылатын мәселелер тізімінен және оларды жетекшіге ұсыну мерзімінен тұрады (Г қосымшасы) .
Диплом жұмысының мазмұны келесілерден тұрады:
- барлық бөлімдер мен параграфтардың тізімі;
- олардың әрқайсысы беттерінің номері;
Жұмыстағы бөлімдердің реттік номері нүктемен бөлінген араб цифрларымен жазылуы керек. Диплом жұмысының әр бөлімінің параграфтары бөлім шегінде номерленуі тиіс. Параграф номері, бөлім номері және осы бөлімдегі параграф номерінен тұрады. Олар нүктемен ажыратылады. Параграф номерінің соңына нүкте қойылады.
Жұмыстағы бөлімдердің атаулары кіші әріптермен (бірінші әріптен басқа) тақырып түрінде текске қатысты симметриалы түрде ешқандай сызусыз жазылады. Параграф атаулары тақырып түрінде (абзацтан бастап ) кіші әріптермен (алғашқы әріптен басқа) еш сызусыз жазылады.
Бөлімдер мен тақырып атауларындағы сөздерді тасымалдауға болмайды. Атаулар соңында нүкте қойылмайды. Егер бөлім мен параграф атауы екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен ажыратады.
Диплом жұмысындағы әр бөлімді жаңа беттен бастаған дұрыс.
Жұмыс мәтінін жазғанда келесілерді қолданбаған жөн:
- ауыз екі тіл сөздері, туынды сөздер, кәсіби сөздер;
- мағыналары жақын ғылыми терминдер;
- қазақ және орыс орфографиясында көрсетілмеген қысқартылған сөздер, стандарттарға сәйкес келмейтін пунктуациялар;
- санмен көрсетілмеген жағдайда физикалық көлем бірліктерінің белгіленуін қысқарту, формуладағы әріптік белгіленулерді қоспағанда;
- теріс мәнді көлемнің алдындағы математикалық «-» белгісі ( «минус» сөзімен жазылуы керек) ;
- цифрсыз математикалық белгілер: ≤ (кем немесе тең), ≥ (артық немесе тең), ≠ (тең емес), № (номер), % (пайыз) .
Формулалар араб цифрларымен номерленуі керек. Олар формуланың оң жағында формуламен бір деңгейде доғал жақшамен жазылады, мысалы (1) . Диплом жұмысы бөлімі шегінде формулаларды номерлеуге болады. Бұл жағдайда формула номері нүктемен бөлінген бөлім номері және формула номерінен тұрады, мысалы (3. 1) .
Мәтіндегі формула номеріне сілтемелер доғал жақшада көрсетіледі, мысалы «(3) формуласындағы . . . » .
Формуладағы символдардың түсіндірілуі формула астында жазылуы керек. Әр символдың мәні жаңа жолдан және формулада көрсетілген кезектілікпен жазылады.
Диплом жұмысында материалды жақсы ашатын иллюстрациялар (график, сурет, диаграмма) қолданылады.
Иллюстрацияларды араб цифрымен номерлеген жөн. Иллюстрацияларды диплом жұмысындағы бқлім шегінде номерлеуге болады. Бұл жағдайда иллюстрация номері нүктемен бөлінген бөлім номері және иллюстрация номерінен тұрады, мысалы «1. 2. графигі».
Графиктер - бұл иллюстрациялық материал элементтерінің бірі. Оларды фактор мен көрсеткіш арасында функционалды байланыс болған жағдайда үздіксіз өзгермелі көрсеткіштердің өзгеріс динамикасын болжау мен сипаттауда қолданады. Графикте 3-тен артық қисық сызықты қолданбаған жөн.
Сандық материалдар кесте түрінде рәсімделеді. Кестелереді нақты мәліметтерді сипаттау үшін, көрсеткіштерді салыстыру ыңғайлылығы және көрнекілігі, әр түрлі көздерден алынған ақпараттарды салыстыру үшін қолданады.
Кестенің рәсімделуі:
- кестенің аты, оның мазмұнын ашуы, наұты және қысқа болуы тиіс;
- кесте графаларының тақырыптары бас әріптен, ал тақырыпшалары кіші әріптен басталады;
- тақырып пен тақырыпша соңына тыныс белгілері қойылмайды;
- тақырыптар жекеше түрде көрсетіледі;
- кесте бөлімдерін диагональды бөлуге болмайды;
Жұмыс мәтінін толықтырушы материалды қосымшаға тіркеуге болады. Қосымша ретінде графикалық материалдар, кестелер, ЭЕМ- де жазылған программалық есептер алгоритмінің сипаттамасы т. б. қолданылуы мүмкін. Қосымша А4 форматындағы парақтарға жазылады. Сонымен бірге А3 форматында қолдануға болады. Әр қосымша жаңа беттен басталады.
Әдебиеттер тізімі жұмыстың құрамдас бөлігі болып табылады және қарастырылатын мәселенің зерттелу дәрежесін көрсетеді. Әдебиеттер тізімі келесі тәртіппен топтастырылады:
- заң шығарушылық және орындаушы билік органдарының нормативтік - құқықтық актілері: хронологиялық кезектілікпен жазылған Конституция, заңдар, ҚР Президентінің қаулылары, ҚР Үкіметінің үкімдері;
- хронологиялық кезектілікпен жазылған ведомствалық актілер;
- хронологиялық кезектілікпен жазылған статистикалық мәліметтер көздері;
- хронологиялық кезектілікпен жазылған мемлекеттік архивтік мекемелердің құжаттары мен материалдары;
- алфавиттік тәртіпте жазылған кітаптар мен мақалалар (ана тіліндегі) ;
- алфавиттік тәртіппен жазылған шетел тіліндегі кітаптар мен мақалалар;
Тізімге қосылған әдебиеттер бірінші атаудан соңғы атауға дейін жалпылама түрде белгіленеді.
Кітаптар (оқулықтар, анықтамалар, монографиялар, т. б. ) туралы келесі мәліметтер келтірілуі керек: автордың фамилиясы мен инициалдары, кітаптың атауы, шыққан жылы, томның және бөлімнің реттік номері, беттерінің саны.
Диплом жұмысын алдын ала қорғауды ұйымдастыру тәртібі
Студенттің және кеңсе берушілердің қолы қойылған аяқталған диплом жұмысы ғылыми жетекшіге ұсынылады. Ғылыми жетекші диплом жұмысын қарап шыққан кейін оған пікір жазады. Жұмысты мақұлданғаннан кейін жетекші оған қол қойып, өзінің қорғауға жіберу туралы жазбаша пікірімен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады. Егер диплом жұмысы қабылданбаса, жектекші оған қол қоймайды, бірақ өзінің шешімін негіздеген және диплом жұмысын қорғауға жібермеуі туралы жазбаша пікірін жазады.
Кафедра меігерушісі титул бетіне сәйкес жазбаларды жаза отырып, диплом жұмысы туралы қорытынды шешім қабылдайды. Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын қорғауға жібермеу туралы шешім қабылдаса, онда бұл мәселе студенттің және ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра мәжілісінде қарастырылады. Кафедра мәжілісінің хаттамасы факультет деканаты арқылы университет ректорына бекітуге жіберіледі.
Диплом жұмысы факультет деканымен рецензияға жіберіледі. Рецензент жазбаша түрде келесілерді көрсетуі тиіс: өзектілік, жаңашылдық, зерттелетін тақырыптың тәжірибелік мәнділігі, дипломдық зерттеу тақырыбының квалификация берілетін маманды дайындау бағытына сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстардың болуы, мәселенің шешілу дәрежесі мен зерттеудің толықтығы. Рецензент өз қорытындысында диплом жұмысына төртбаллдық шкала бойынша баға беруі тиіс: «үздік», «жақсы», «қанағаттандырарлық», «қанағаттандырарлық емес» және квалификация беру не бермеу мүмкіндігін және сәйкес мамандық бойынша бакалавр дәрежесіне сәйкес келетін бакалаврдың академиялық дәрежесін көрсетуі тиіс.
Диплом жұмысын қорғау тәртібі
Диплом жұмысы МАК-тің оның мүшелерінің кемінде жартысының қатысуымен өтетін ашық мәжілісінде қорғалады.
Бір диплом жұмысын қорғау уақытының ұзақтығы бір студент үшін 50 минуттан аспауы тиіс. Студент өз диплом жұмысын МАК алдында баяндамамен 15 минуттан аспайтын уақытта қорғайды.
Диплом жүмысын қорғаудың нәтижесі «үздік», «жақсы», «қанағаттандырарлық», «қанағаттандырарлық емес» деген бағкалармен бағаланады. Жұмысқа бағаберуде келесілер ескеріледі:
- орындалған жұмыс көлемі;
- әдебиеттік шолудың толықтығы мен әдеби көздердің заман талабына сәйкестігі;
- зерттеу дербестігі;
- жұмыста жаңа технологиялардың қолданылуы;
- жұмыстың рәсімделу сапасы;
- диплом жұмысын қорғаудағы баяндаманың сапасы;
- МАК мүшелерінің сұрақтарына берілген жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы.
МАК-тің барлық мәжілісіне хаттама жазылады, хаттаманы кафедра оқытушылары ішінен комиссия құрамына бекітілген МАК хатшысы толтырады.
Жақсы баға алған диплом жұмысының бағасын көтеру мақсаиында диплом жұмысын қайта қорғауға болмайды. Ал «қанағаттанарлық емес» баға алған тұлғаларға берілген мемлекеттік аттестациялау кезінде диплом жұмысын қайта қорғауға рұқсат етілмейді.
1-Қосымша.
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісіне
Өтініш
Мен, «Экономика және бизнес» факультетінің 4 курс студенті
(аты-жөні)
тақырыбын диплом жұмысынгың тақырыбы ретінде бекітуіңізді сұраймын
Студенттің қолы ()
Күні
Кафедра шешімі
Кафедра меңгерушісі ()
Күні
2-Қосымша.
Азақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универсиететі
«Қаржы» кафедрасы
Студенттің аты-жөні
Диплом жұмысының тақырыбы :
Сын пікір беруші
Аты-жөні, дәрежесі, жұмыс орыны
Ғылыми жетекші
Аты- жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы
Қорғауға жіберілді:
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі
э. ғ. к., доцент Ермекбаева Б. Ж.
Хаттама № «__»
200__ года
Алматы 200_г.
3-Қосымша
Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық Универсиететі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz