Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау коэффициенттері


Жоспар
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық субъектінің қызыметін уақытылы дайындалған экономикалық мәліметтерсіз реттеу мүмкін емес. Мұндай мәліметтердің айтарлықтай бөлігі бухгалтерлік есеп жүйесімен дайындалады. Бухгалерлік есеп мәліметтері шаруашылық субъекті мен оның құрылымдық бөлімшелерін оперативті басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдағы жоспарларды құру үшін, тіпті ел экономикасының дамуын зерттеу мен бағалау үшін қолданылады.
Халық аралық бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік стандарттарына өту - мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпорындар мен ұйымдарды қолдауының шарттарының бірі болып табылады.
Қаржылық есептің жалпы мақсаты болып кәсіпорынның ағымдағы мерзімдегі қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді даярлап, оның қаншалықты дәрежеде өзгергенін көрсету. Мұндай мәлімет қолданушылардың үлкен тобына экономикалық шешімдерді қабылдау үшін керек. Қаржылық есепте көрсетілген мәлімет:
- инвестициялық шешімдер мен несие беру туралы шешімдерді қабылдау үшін керек;
- кәсіпорынның болашақ ақща ағымдарының есебін дайындау үшін;
- кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері туралы ақпаратты қамтуы керек.
Нарықтық экономика кезеңінде қаржылық есеп ішінде көрсетілген мәлімет кәсіпорынның ішкі қолданушыларына қызымет көрсетіп қана қоймай, мұндай мәліметтің қызығушылық тандыратын сыртқы қолданушыларына - нақты және мүмкін инвесторларға, қарыз берушілер мен мердігерлер, сатыпалушылар мен жабдықтаушылар, және өкілетті органдар мүдделеріне қызымет етеді.
Қаржылық есеп қаржылық сараптаманы жүргізудың негізі болып табылады. Тіпті қаржылық есеп қолданушылардың барлығы үшін оның қаржылық жағдайы туралы мәлімет көзі болып табылады.
Меншік иелері қаржылық есептілікті кірістілікті арттыру мен кәсіпорын жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Несие берушілер мен инвесторлар қаржылық есептілікті салымдары мен заемдары бойынша тәуекелдерін төмендету мақсатында қолданылады. Қабылданған шешімдердің сапасы шешімнің аналитикалық негізінің сапасына тікелей байланысты деп айтьуға болады.
Әр кәсіпорын, кәсіпкер өзінің қызыметін ұйымдастырған кезде кірістің максималды деңгейін алу мақсатын көздейді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін өндіріс құралдары қажет, ал олардың тиімді қолданылуы жұмыстың соңғы нәтижесін анықтайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржылық ресурстардың қолданылуын, орналастырылуын және бар болуын көрсететін көрсеткіштердің кең шеңберімен сипатталады. Кәсіпорындардың көпшілігінің төлем қабілеттілігінің төмен болуы мен көбісіне банкроттық шараларын жүргізілумен орай олардың қаржылық жағдайын объективті және нақты бағалау бірінші дәрежелі мәнге ие болып отыр.
Қаржылық тұрақтылықты талдаудың түрлі әдістемелері бар. Біздің елімізде экономикасы дамыған елдер тәжірибесіне сүйене отырып коэффициенттер әдісі кең тарау алған. Берілген жұмыста коэффициенттер әдісінің негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын сараптау жүргізіледі.
Сонымен қатар кәсіпкерлік қаражат салымдарын жасау мен болашақта пайда алумен байланысты. Қаражат салымдары бүгін жасалса. Олар бойынша кіріс ертең алынады. Кірістердің мүскін мәні мен салымдардың тиімділігін бағалау үшін қардамдардың кезектілігін анықтап қана қоймай олардың болашақ нәтижесін есептеу керек. Сонымен қатар кәсіпорынның болашақ жағдайы мен сыртқы жағдайларды, оның ішінде бәсекелестердің әрекетін, активтердің мүмкін құрылымы мен оларды қаржыландыру көздерін және т. с. с. - ға көңіл бөлінуі керек. Олардың ескерілмеуінсіз салымдардың нәтижелілігі ақиқаттықтың негізгі талаптарына жауап бекрмейтән болады.
Кәсіпорынның болашақ жағдайын қалыптасқан тенденциялар негізінде анықтау болжау болып табылады. Жоспарлы немесе жоспардан тыс шешімдерді қабылдаған кезде олардың салдарын бағалау міндетті басқарушылық әрекет болып табылады. Сондықтан да ондай әрекет қолда бар мәлімет мүмкіндік беретін дәрежеде жүйелі және дұрыс жүзеге асырылуы тиіс. Қабылданған шешімдер мен әрекеттердің нәтижесін бағалау мен сол қадамдар мен шешімдерді болжаудың айырмашылығы тек біз болжау кезінде жүзеге асырылуы тиіс мақсатты басқарушылыққа алатынымызда, яғни мақсаттың негізінде әрекеттердің кезектілігі мен оларды жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды анықтау. Ал болжау кезінде нәтиже мен мақсатқа жетудің мүмкін дәрежесі қабылданған және жоспарланып отырған шешімдердің мүмкін салдары болып табылады. Мұндай мағынада болжау жоспарлау мен басқарудың қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықан жоспарлау мен кәсіпорын қызыметін басқарудың сәттілігі қабылданбақшы шешімдердің нәтижелерін болжаудың сапасымен анықталады.
Берілген дипломдық жүұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде кеңінен тараған кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау мен болжаудың әдістемелерін қолдану техникасын зерттеп, нақты кәсіпорын мысалында қолдану болып табылады.
Диплом жұмысында келесідей міндеттер көзделді:
- Қаржылық есептілікті талдаудың түсінігі мен маңыздылығын қарастыру;
- “ТҰК “Казхром” АҚ-ның өндірістік-шаруашылық құрылымы мен оның қызыметінің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін зерттеу;
- “ТҰК “Казхром” АҚ-ның қаржылық тұрақтылықтын бағалау;
- Батыста қолданылатын қаржылық есептілікті болжау әдістерін зерттеп, “ТҰК “Казхром” АҚ-ның мысалында қолдану.
Зерттеудің әдістері: тарихи-құқықтық және салыстырмалық құқықтық, сараптама, синтез, салыстыру.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: кіріспе, үш бөлім, қорытынды мен Қазақстан Республикасының нормативтік актілерін, Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары мен қолданылған әдебиет тізімінен тұрады. Сонымен қатар жұмыста қаржылық менеджмент практикасының мысалдары қолданылған.
Қаржылық сараптамада қолданылған мәлімет көзі болып бухгалтерлік баланс (№1 форма) пен пайда мен залалдар туралы есеп (№2 форма) қолданылды.
Зерттеудің негізгі объектісі хром кендерін барлау мен ферроқорытпаларды өндірумен айналысатын “ТҰК “Казхром” АҚ-мы болды.
I Бөлім. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ МЕН БОЛЖАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығының түсінігі мен ақпараттық базасы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен бағалау барысында сараптамашылар ең жиі қолданатын ақпарат көзі болып бухгалтерлік есеп табылады. Бухгалетерлік есеп - кәсіпорынның қаржылық және мүліктік жағдайы мен оның қызметінің нәтижелері туралы мәліметтердің бірегей жүйесі.
1995 жылдың 26 желтоқсанындағы “ Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы” заңына сәйкес кәсіпорын қаржылық есептері келесідей формалардан тұрады:
- Бухгалтерлік баланс;
- Кірістер мен шығыстар туралы есеп;
- Ақша қозғалысы туралы есеп;
- Меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есеп;
- есепке алу саясаты туралы ақпаратты және түсіндірме жазбаны қамтиды.
Қаржылық есептілік жүйесінде басты рөлді бухгалтерлік баланс атқарады. Ол маңызды функциаларды орындайды. Бухгалтерлік баланс, біріншіден меншік иелерін, менеджерлер мен басшыларына шаруашылық субьектінің мүліктік жағдайы туралы толық ақпарат береді. Екіншіден, баланс бойынша кәсіпорын үшінші тұлғалардың алдында жақын арада өз міндеттемелері бойынша есептесе алу мүмкіндігін көрсетеді. Үшіншіден актив пен пассив бөлімдерінің мазмұны ішкі және сыртқы қолданушыларға қолдануға мүмкіндік береді. Қаржылық есептіліктің басты құжаты бола отырып, бухгалтерлік баланс есептілік мерзімдегі кезеңге кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің өтімділігі мен айналымын, меншікті капитал мен міндеттемелердің көлемін, дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің жағдайы мен динамикасын, кәсіпорынның несиелік қабілетімен төлемқабілетін көруге болады. Баланстың ақпараттары бойынша кәсіпорынның капиталының орналасуының тиімділігін, оның ағымдағы және болашақтағы іскерлігі үшін жеткіліктілігі мен оларды тарту көздерінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Баланс екі бөлімнен тұрады :актив және пассив бөлімінен. Активтер есепті мерзімге кәсіпорын бақылап отырған мүлкімен құқықтардың құны ретінде сипатталған. Пассивтер кәсіпорынның несиелік міндетемелері мен қарыздарын көрсетеді. Мүліктің түрлері мен оның құралу көздері сапалы белгісі бойынша сипатталған.
Баланстың актив бөлігіндегі мүліктер өтімділігі төменнен бастап жоғарыға қарай орналастырылған. Баланстың пассив бөлімінің баптары мен бөлімдері төлемнің мерзімі жоғарысынан бастап ұзағына қарай орналастырылған.
Бухгалтерлік баланс есептіліктің негізгі формасы ретінде бухгалтерлік баланстың стандарттарының № 2 бөлімінде көрсетілген. Онда активтер, меншікті капитал мен міндеттемелерді көрсету тәртібі, ақпараттарға қойылатын талаптар ұсынылған. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің, меншікті капиталдың, ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің түпкі сомасы бухгалтерлік баланста ашып көрсетілуі керек.
Қаржылық менеджмент үшін өткен мерзімнің шешімдерінің тиімділігін көрсететін кейбір параметрлерді бөліп көрсету керек:
- кәсіпорының активтерінің жалпы құны;
- жалпы активтер сомасындағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтердің үлесі;
- жалпы актив сомасындағы физикалық және қаржылық активтерге орналастырылған қаражат үлесі;
- меншікті капиталдың жалпы құны;
- орналастырылған капиталдың өсу құны;
- қарыз капиталдың құны;
- жалпы пассивтер сомасындағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаражат көздерінің үлесі;
Бұл көрсеткіштердің кейбіреуі баланстың өзінде көрсетілген. Бірақ көрсеткіштердің кейбіреуі баланс ақпараттарымен қосымша есептеулер жүргізгеннен немесе бухгалтерлік есептің қосымша құжаттарынан алынады.
Кәсіпорынның активтері оның барлық іскерлігінің мерзімінде қабылданған инвестициялық шешімдерді көрсетеді. Баланстың актив бөлігінің бөлімдерінің орналасу тәртібі олардың өтімділігіне негізделген.
Қаржылық менеджмент үшін активтердің ұзақ және қысқа мерзімді болуының өте үлкен маңызы бар. Ұзақ мерзімді активтерге - бір жыл ішінде сатуға арналмаған бір есептілік мерзімнен көп қызмет ететін шаруашылық іскерлік барысында қолдану мақсатында сатып алынған активтер жатады. Қысқа мерзімді немесе айналым қаражаттарына - ол бір есептілік мерзім көлемінде сатылған немесе қолданылған активтер. Ол мерзім көпшілік жағдайда бір жылды құрайды. Айналым активтері баланстың актив бөлімінің екінші және үшінші бөлімдерінде көрсетілген.
Қаржылық шешім қабылдау үшін айналым қаражаттарының құрамынан ресурстардың келесі тобын бөліп көрсеткен жөн:
- ақшалай қаражаттар;
- қаржылық қысқа мерзімді салымдар;
- дебиторлық борыш;
- материалды-өндірістік қорлар;
Айналым қаражаттарының өтімдірек бөлігі - ақшалай қаражаттар. Бұл кассадағы және банктағы ақшалай қаражатта, оған валютадағы ақшалай қаражаттар да кіреді. Ақшалай қаражаттар ағымдағы ақшалай төлемдер жасау үшін қолданылады.
Баланстың келесі бабы - дебиторлық борыш, яғни фирмаға тиесілі бірақ әлі алынбаған қаражаттар. Айналым қаражаттарының құрамында жабылу мерзімі бір жылдан аспайтын дебиторлық борыштар көрініс табады. Дебиторлық борыш баланста нақты бағасы бойыша тіркеледі, яғни бұл борыш жабылған кезде алынатын сомаға тікелей байланысты. Бірақ қаржылық менеджмент үшін дебиторлық борыш туралы бұдан да анығырақ ақпарат қажет. Бұл мақсатта таза дебиторлық борыш есептелуі қажет - дебиторлық борыштың нақты сомасымен күмәнді қарыздар.
Баланс бойынша келесі бап - тауар-материалдық қорлар. Тауар-материалдық қорлар - ол келесілерге арналған материалды активтер:
- қарапайым жұмыс циклының ағымындағы сатылым көлемі;
- кәсіпорын ішіндегі өндірістік тұтынуға арналған;
- сатылатын өнімді әрі қарай өңдеу мақсатында өндірістік тұтынуға арналған.
Бұл бапқа аяқталмаған құрылыстың материалдары мен шикізат, дайын өнім сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылық іскерлігіне орналастырылған қысқа мерзімді салымдарды сипаттайтын басқа да баптар кіреді.
Тауар-материалдық қорлар бабына талдау жасау өз қатарында тиімді қаржылық басқару жүргізу үшін керек. Қорлар тек қана айналым каражаттарының құрамында ғана ауқымды үлес алып қоймай сонымен қатар кәсіпорының жалпы активтерінің құрамында да үлкен үлес алады. Бұл кәсіпорының өз өнімін нарықта өткізуінде қиындықтар көріп жатқанының куәсі бола алады, ал ол өз қатарында өнімнің сапасының төмендігімен, өндіру технологиясының бұзылуымен, тиімсіз сату арналарының таңдалғанымен немесе нарықтың сұранысы мен конъюнктурасын толық зерттелмеуімен негізделуі мүмкін. 1
Енді кәсіпорынның негізгі құралдары мен айналыстан тыс активтері туралы ақпараттарды қарастырайық.
Негізгі құралдар-материалды формадағы ұзақ мерзімге қолдануға арналған құралдар. Құралдардың бұл категориясына ғимарат пен оған тиесілі құрылғылар, машиналар мен оған тиесілі жабдықтар, транспорт және т. б. Негізгі құралдардың барлық баптарына амортизация есептеледі. Ереже бойынша бұл баптардың құралдарының бәрі балансқа олардың қалдық құны бойынша тіркеледі, яғни ол бұл құралдарды сатып алуға байланысты, жеткізуге байланысты, жөндеуге байланысты шығындардан амортизацияны шегергендегі соманы көрсетеді. Нормативті актілерге сәйкес, кәсіпорын амортизация есептеудің әр түрлі әдістерінен таңдағанын қолдануға құқылы. Ал ол өз қатарында таза пайдаға, ақша айналымына, қаржыландырудың ішкі құрылымына әсерін тигізіп қаржылық менеджмент үшін маңызы зор.
Келесі бап материалдық емес активтер. Бұл бапқа физикалық негізі жоқ бірақ кәсіпорынға табыс әкелетін құралдар жатады. Оларға патенттер, тауарлық белгілер, саудалық маркалар, авторлық құқықтар, лицензиялар, ғылыми-зерттеу жұмыстарына шығындар, бағдарламалық қамсыздандыру шығындары жатады.
Баланстың актив бөлігінде басып көрсететін бап-ұзақ мерзімді қаржылық салымдар, яғни басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарына, облигацияларға орналасырылған қаражаттар мен басқа кәсіпорындарға бір жылдан ұзақ мерзімге берілген несиелер кіреді.
Сонымен қатар келесідей көрсеткіштерді есептеу қажет:
- Баланс активінің сомасын шығыс сомасына түзету енгізу керек;
- Айналымнан тыс активтер құрамына ұзақ мрзімді дебиторлық міндеттемелерді қосу қажет;
- Материалды-өндірістік қорлар құрамынан болашақ мерзімнің шығындарын алып тастау қажет;
Ескере кететін жайт, көптеген қаржылық коэфиценттерді есептеу үшін неізгі құралдардың жалпы сомасын есептеп алған дұрыс. Оған экономикалық көзқарас бойынша аяқталмаған құрылыс та кіреді.
Нарықтық экономикадағы есепке алу қағидасына сәйкес және дұрысырақ шешім қабылдау үшін қаржылық менеджментте келесі ақпарттарды анықтап алған дұрыс:
- Негізгі құралдар құрамында заңды тұрғыдан қарағанда экономикалық мән мағынасының жоғары тұру қағидасына сәйкес жалға алынған негізгі құралдарды ескеру қажет.
- Дебиторлық міндеттемелер құрамынан күмәнді дебиторлық міндеттемелер мен қатар есепті мерзім соңында алынған пайданың аз болуына байланысты жабылмай қалуы мүмкін дебиторлық міндеттеменің бағаланған сомасында алып тастау қажет.
Баланстың пассив бөлігінде кәсіпорынның қаржыландыру көзін таңдау бойынша қабылданған шешімдерін көруге болады. Қаржылық менеджменттің мақсаты үшін баланстың пассив бөлігінің келесі элементтерін бөліп көрсеткен жөн:
- қысқа мерзімді міндеттемелер;
- ұзақ мерзімді міндеттемелер;
- меншік капитал.
Қысқа мерзімді міндеттемелер - бұл жаңа қысқа мерзімді міндеттемелер ашылған кезде немесе айналым активтерімен жабылатын қаражаттар. Қысқа мерзімді міндеттемелердің мерзімі әдетте бір жыл көлемінен аспайды. Оған келесідей баптар кіреді:осы мерзімде төленуге тиісті шоттар мен вексельдер, кәсіпорынның қысқа мерзімге алған қарыздары туралы куәләндырғыш, салықтар бойынша қарыздар немесе салықтар бойынша мерзімі өткен төлемдер, жалақы бойынша қарыздар, алынған аванстар жатады. Қысқа мерзімді міндеттемелерді жеке топқа бөлу кәсіпорынның өтімділігіне мониторинг жүргізу үшін қажет.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер - бір жыл мерзімінен артық уақытта жабылуы тиіс міндеттемелер. Оның негізгі түрлері болып ұзақ мерзімді қарыздар мен несиелер, облигациялар, төленуге тиісті ұзақ мерзімді вексельдер, зейнет ақылық төлемдері бойынша міндеттемелер және ұзақ мерзімге жалға алынған құралдар бойынша жалдық төлемдер.
Келесі көрсеткіш болып меншікті немесе кәсіпорын акционерлік кәсіпорын болып табылса акционерлік капитал табылады. Қаржылық менеджер үшін баптардың бұл тобында осы кәсіпорынға салынған капитал мен жинақталған пайданы бөліп алу маңызды.
Кәсіпорынға салынған капитал - бұл меншік иелерімен осы кәсіпорынға салынған капитал. Оған келесідей баптар кіреді салынған капиталдың номиналды құны, эмиссиондық сыйақы, және салыған капиталдың құнына әсер ететін кейбір баптар.
Жинақталған пайда-кәсіпорынның барлық іскерлігі барысында жинақталған пайдасының сомасынан салықтар мен дивиденттерді алып тастағанға тең. Бұл бапқа өткен жылдардағы бөлінбеген пайда, резервтік капитал, жинақтау қорлары және есептік жылдағы таза пайда кіреді.
Енді есептілік мерзімнің қаржылық нәтижелерін көрсететін табыстар мен шығындар туралы есептілікке тоқталайық.
Табыстар мен шығындар туралы есептілік қаржылық менеджмент үшін келесідей маңызды көрсеткіштерді анықтайды: өнімді өткізуден түскен пайда, салық салынатын табыс, кәсіпорынның қолында қалған пайданың қолданылу бағытын көруге болады.
Табыстардың алынған көзін анықтау үшін кәсіпорынның іскерлігі үшке бөлінеді:
- негізгі және операциондық іскерлік (өнімді, жұмысты, қызметті өндіру және өткізу) ;
- қаржылық іскерлігі (несиелерді алу және оларды басқа компанияларға беру, басқа кәсіпорындардың іскерлігіне қатысуы, кәсіпорынның қаржылық нарыққа қатысуындағы операциялар, курстық айырмашылықтар және т. б) ;
- әдеттен тыс баптар (кәсіпорынның іскерлігіне қатысы жоқ операциялар) .
Мұндай жіктеу өте маңызды, өйткені іскерлік түрлері бойынша алынған пайданың көлемі, оның іскерлігіне қатысы жоқ операциялардан алынған тұрақты емес қаражаттар бірге толығырақ қарастырылады.
Осыдан келе қаржылық басқару жүйесінде келесідей көрсеткіштердің анықтаудың маңызы зор:
Табыстар мен пайданың көрсеткіштері:
a) Өнімді өткізуден түскен таза түсім - бұл қосымша құн салығын, акциздерді, қайтарылған тауарлар мен жеңілдіктерді шегергендегі өнімді өткізуден түскен таза түсім;
ә) Өнімді өткізуден түскен жалпы пайда - сатылған өнімге өндірістік шығындарды алып тастағандағы өнімді өткзуден түскен таза пайда. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өндірістік іскерлігінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді;
б) Негізгі іскерліктен пайда (шығыс) , (операциондық пайда немесе операциондық шығыс) - өнімді өткізу бойынша шығыстар мен басқару бойынша шығыстарды шегергендегі жалпы пайда. Бұл көрсеткіш өнімді өткізудің нәтижесіне басқару мен өткізуге байланысты шығындар қалай әсер ететінін көрсетеді;
в) Қаржылық іскерліктен пайда-қаржылық іскерлік бойынша табыстар мен шығындардың сальдосы. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның негізгі іскерлігінен түскен пайданы басқа операциалар бойынша:дивиденттер мен пайыздардан, шетел валютасымен операциялардан және т. б сол сияқты операциялардан алынған пайдадан бөліп қарастыруға мүмкіндік береді;
г) Қарапайым шаруашылық іскерлігінен түсетін пайда-негізгі шаруашылық іскерлігінен түсетін пайдамен қаржылық іскелігінен түсетін пайданың қосындысы;
ғ) әдеттен тыс пайдалар;
д) салықтарды төлегенге дейінгі пайда - бұл көрсеткіш бухгалтерлдік пайдадан салықтық пайдаға өту нүктесі болып табылады. Бухгалтерлік пайда-бұл бухгалтерлік есептің талабына сай есептелген пайда. Бухгалтерлік пайданы анықтаудың негізгі мақсаты-есепті мерзім ішіндегі кәсіпорынның іскерлігінің тиімділігін көрсету. Бухгалтерлік есеп жалпы кәсіпорынның шығындары мен пайдасы туралы ақпаратты жинақтап өңдеуге және оның іскерлігінің таза нәтижесін тіркеуге арналған. Бұл мақсатқа қол жеткізгеннен кейін шыққан нәтиже мемлекеттің салық туралы заңына сәйкес жөндеулер енгізілуі қажет. Осылай, салықтық пайда-салық туралы заңға сәйкес жөндеулер енгізілген бухгалтерлік пайда.
е) таза пайда (таза шығын) - салықтарды төлегеннен кейінгі пайда. Нарықтық экономика жағдайында бұд кәсіпорынның іскерлігіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады. Дәл осы көрсеткіш басқарушы кәсіпорындар мен қаржы нарықтарының басты қызығушылықты білдіретін көрсеткіші болып табылады. Оның динамикасынан кәсіпорынның нарықта жұмыс істеу мерзімі, оған алынатын жаңа жұмыскерлер санымен және акционерлерге дивиденттердің көлемі анықталады.
Өндірістік өзіндік құн мен шаруашылық шығындарды және сонымен қатар өнімді өткізуге байланысты шығындарды бөліп қарау соңғы нәтижеге кәсіпорынның өндірістік, әкімшілік және өндірістен тыс іскерлігі қалай әсер еткенін білу үшін қажет.
Шығындарды тұрақты және өзгермелі шығындарға бөліп қарастыру қаржылық жоспарлау мақсатында жасалады. Бұл жерде негізгі өнімнің болашақтағы өткізілу көлемінің өсуі немесе төмендеуіне байланысты тұрақты және өзгермелі шығындардың қалай өзгеретіні анықтау басты мақсатболып табылады. Тек өзгермелі шығындар ғана өнімнің көлемінің өзгерісіне тікелей пропорционал өзгеретінін ескеру қажет.
Кәсіпорынның шығындарының көрсеткіштері:
a) сатылған өнімнің өзіндік құны. Бұл бапқа кәсіпорынның сатылған өнімнің тек өндірістік шығындары ғана, яғни материалға, жалақыға кеткен шығындар жатады;
ә) жалпы шаруашылық және коммерциялық шығындар;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz