Жеке тұлғалар құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІК ПЕН ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ, АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

1. 1 Әрекет қабілеттілік: мазмұны, түрлері . . .

1. 2 Құқық қабілеттілік: мазмұны. түрлері . . .

2. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ, ЖІКТЕЛУІ, ТҮРЛЕРІ:

2. 1 Жеке тұлғалар құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде . . .

2. 2 Заңды тұлғалар құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОСЫМША . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІІ . . .

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында мемлекеттің алдына қойған алғашқы талаптардың бірі «бәрі де заң бойынша өмір сүретін шынайы құқықтық мемлекет құру» деп көрсеткен. Осындай мемлекеттің міндетті белгісі болып адам құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету қағидасын жүзеге асыру болып табылады. Өйткені, құқықтық мемлекет дегеніміз - қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейі жоғары мемлекет және ондағы әділсоттың негізгі міндетіне адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жатады.

Егемен Қазақстан Республикасы тарихи дамудың жаңа сатысына қадам басып, нарықтық қатынастарға негізделген жаңа экономикалық жүйе құру үстінде. Қоғам дамыған сайын оның ішіндегі құбылыстар да күрделене беретіні анық.

Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықтық негізін қайта құру қажеттігі туғанын осы еңбегім арқылы айқындап көрсеткім келіп отыр. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік-саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда. Сол заңдарды сапалы және тиімді жасауға заңгер-ғалымдар мен заңгер-практиктер қатысып, олар халықаралық ұйымдар мен шетел мамандарының беделді сарапшыларынан өткеннен кейін қабылдануда. Еліміздің Атазаңы - Қазақстан Республикасының Конституциясын бүкіл халық талқылап, республикалық референдумда қабылдады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның ең сапалы қасиеті - ар-намыс пен қадір-қасиетті жоғары қояды. Ар-намыс барлық халықта да жанның бекзаттығының көрінісі ретінде есептеледі. «Басыңды арың сақтайды», «Ардан ақыл туады, ақылсыздан ең соңғыңды қуады», «Дүреленсең де арыңды сақта» дейді орыс мақалы. Қазақ атамыздың да «Арым үшін жан пида», «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген қанатты сөздері ықылым заманнан бүгінгі күндерге жетті. Ізгілікке негізделген қоғамда ар-намыс пен ар-ождан заңмен қор7ғалады. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында: «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды» деп жазылған.

Бұл қағида қылмыстық және азаматтық заңдарда нақтыланады. Егер кімде-кім адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей мәліметтер таратса және оның ақиқаттығын дәлелдей алмаса, онда ол қылмыстық, мүліктік жауаптылыққа тартылады. Жәбірленуші, егер мұндай мәліметтер жалған деп есептесе, сот арқылы беделін қалпына келтіруіне, сондай-ақ келтірілген моралдық зардап үшін мүліктік құн талап етуге құқылы.

Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы (1995 ж. ) азаматтардың құқытары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принцптріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды: кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және таңдауға құқылы; кез келген адам өзінің, отбасының және басқаларының денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - құқықтық қатынастардың субъектілерінің құқыққабілетілігі және әрекетқабілеттілігі жөнінде теориялық және қолданыстағы мәселелерін зерттеуі болып табылады.

Сонымен қатар құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің қалыптасуының моральдық-этникалық негіздерін, оның мазмұны мен құрамдас элементтерін зерттеу мен осы қабілеттіктерге ие субъектілердің көлемі мен түрлерін анықтау негізгі талаптарына жатады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері :

  • Әрекет қабілеттілік түсінігін, мазмұнын ашу, түрлерін көрсету;
  • Құқық қабілеттілік түсінігі, мазмұнын ашу, түрлерін көрсету;
  • Жеке тұлғалар құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде;
  • Заңды тұлғалар құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде қарау.

Зерттеудің объектісі болып әрекет және құқық қабілеттілігі институтын жүзеге ачыруда пайда болатын құқықтық қатынастар, заңдылықтар және оларды дамыту тенденциясы.

Зерттеудің заты болып конституциялық, азаматтық, неке отбасылық және Қазақстан Республикасының басқа заңнамаларында болатын құқықтық белгілеулер, сонымен қатар шетел заңнамасының нормалары және еліміздің заңды қолдану тәжірибесінің материалдары саналады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескер отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап, 2-тармақ) . Бұл адамның табиғи құқын мемлекеттің тануы және бастау алар қайнар көзі болып табылады және Конституцияның «Адам және азамат» деген ІІ тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқымен бірге азаматтың да құқы мен міндеті туралы айтылады. «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (12-бап, 3-тармақ) . Сөйтіп аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заң тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттерімен бірге «адам құқы» ұғымы бірінші рет танылды. Сөз жоқ, «адам құқы» мен «азамат құқы» ұғымы бір-біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген - адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық Қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да берілген.

1 ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІК ПЕН ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ, АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

  1. Әрекет қабілеттілік: мазмұны, түрлері

Құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің бөлінбес бірлігі түрінде өмір сүретін заңды тұлғалардың құқық субъектілігінен өзгеше, жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъекттілігі мен әрекет қабілеттілігіне бөлінеді, бұлар азаматтық кодексте жеке тұлғалар туралы параграфта әр түрлі баптармен беріледі.

Азаматтың азаматтық құқықтар мен міндеттерді атқару қабілеті оның құқық қабілеті болады. Азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер түзіп, оларды орындау қабілеті оның әрекет қабілеттіліг болады (АК-ның 13 және 17-баптары) .

Құқық қабілеттілік. Құқық қабілеттілік, жеке тұлғаларды қоса алғанда, азаматтық құқықтың барлық субъектілерінің азаматтық құқық субъектілігінің негізі болып табылады. Құқық қабілеттілік болмауының орны толмайды. Құқыққа қабілетті адамның әрекет қабілетінің жоқтығын басқа адамдардың іс-әрекеттерімен толықтыруға болады. Азаматтық құқық қабілеттілігі жоқ субъект мүлде азаматтық құқық субъектісі бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттіліг жоқ болғанымен, азаматтық құқық қабілеттілігі бар адам - бұл азаматтық құқық субъектісі, яғни нақты субъективтік құқықтарды иеленіп, міндеттер атқара алатын адам. АК-да заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы арнайы бап (25-бап) болғанымен, олардың әрекет қабілеттілігіне қатысты мұндай бап жоқ.

Құқық қабілеттіліктің мазмұнына және оны жүзеге асыруға байланысты мән-жайларға қатысты осы айтылғандардың барлығы кезінде серпінді дамитын құбылыс - құқық қабілеттілігі теориясының тууы үшін негіз болады. Мәселен, М. М. Агарков былайша жорамалдады: осы сәттегі әрбір тұлға үшін азаматтық құқық қабілеттілігі оның басқа тұлғаларымен өзара әрекеттесуіне қарай нақты құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігін білдіреді.

Осы заманға шындыққа сәйкес түзетулер енгізілген серпінді құқық қабілеттілік теориясы заңды тұлғаларға лайықты болар. Бірақ, жеке тұлғаларға қатысты алғанда, ол АК нормаларына ғана емес, сондай-ақ адам мен азамат құқықтары теңдігінің конституциялық принципіне де қайшы келеді. Шынында да, заңдарда көзделген бірқатар мән-жайлар заңды тұлғалармен болғандағыдай, жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігін өзгертпейді, оны жүзеге асырудың шарттары болады. Сондықтан жеке тұлғаларға қатысты алғанда, құқық қабілеттілікті әрбір тұлға үшін бірдей деп айыра білу керек.

Құқық қабілеттілікті жүзеге асыру жағдайларын жалпы және ерекше жағдайларға бөлуге болады. Құқық қабілеттілікті барлық жағдайларда жүзеге асыру үшін жалпы жағдайлар болуы қажет. Құқық қабілеттілікті белгілі бір, заңдарда көзделген жағдайларда жүзеге асыру үшін ерекше жағдайлар қажет.

Әрекет қабілеттілігі құқық қабілеттілігін жүзеге асырудың жалпы жағдайы болып табылады.

Азаматтың толық көлемдегі әрекет қабілеттілігі ол 18 жасқа жеткен кезден басталады. Әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқық қабілеттілігін олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.

Құқық қабілеттілігін жүзеге асырудың жалпы жағдайы ретіндегі әрекет қабілеттілігі мен қатар, заңдар бірқатар жағдайларда оны жүзеге асырудың ерекше жағдайларын да көздейді. Бұл - лицензия немесе өзге де рұқсаттар алу, арнаулы білімнің болуы, аттестациядан өту және заңдарда көзделген басқа да мән-жайлар. Құқық қабілеттілікті жүзеге асырудың барлық ерекше жағдайлары өздерінің табиғаты жөнінен заңдық фактілер болып табылады және оларды заңдық тұлғалардың құқық қабілеттілігі ұғымы қамтымайды, өйткені заңдар азаматтар мен басқа да жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі теңдігінің конституциялық принципінен туындайды.

Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік арасындағы айырмашылық былайша түсіндіріледі:

  • мүліктік құқық жасына, олардың ерік-ықтияр жағдайына қарамастан барлық азаматтарға қажет;
  • мүліктік құқықтық қатынас саласында құқық қабілетті адамның және әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына оның заңды өкілі қатыса алады.

Құқық субъектілік - мемлекетпен танылған құқық, құқықтық қатынас субъектісі болу қабілеті (құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің бірлігі)

Адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына, өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсыздығы белгіленеді.

Азаматтың әрекет қабілеттілігінің оның ақыл-ойы мен ерік-жігері күйімен байланысы, біріншіден, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу қажеттігіне және, екіншіден, олардың ақыл-ойы мен ерік-жігерінің жетіспеушілігі салдарынан кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу немесе одан айыру мүмкіндігіне әкеп тірейді. Заң бойынша әрекет қабілеттілігі пайда болатын жасқа жеткен кейбір азаматтар өздерінің психикалық күйіндегі кемістіктері салдарынан өз іс-әрекеттерінің зардаптарын толық дәрежеде түсіне алмайтындықтан және оларды орынды пайдалана білмейтіндіктен, соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылуы мүмкін.

Азаматтардың әрекет қабілетгілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық кұқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқык қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқык қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқықпен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқык қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-бабы 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа келкенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда "Неке және отбасы туралы" Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін ("Неке және отбасы туралы" Заң, 10-бап) .

Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық ішінара (толық емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау кабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.

18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің 17-бабы, 1-тармағы), Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады.

Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатары ғана ие.

Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.

14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:

- өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, қорғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;

ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген; жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.

14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:

  1. өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістерінебилік етуге;
  2. интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билікетуге;
  3. ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
  4. Банкке салым салуға және өзінің салымына, оның игіліндеөзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасауға құқықлы емес . Мұндай келісімнің нысаны зандарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тің 22-6абы, 1-тармағы) .

Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.

Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі не-месе еңбек табысы, жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.

14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді (АК-тің 23-бабы) . Сонымен қатар Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жас өспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің, 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. . Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардың әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен корған-шылары жауап береді.

Спйрт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеітілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады (АК-тің 27-бабы) .

Ал, азамат, айталық, жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот арқылы оның, әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің, күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды. [ 1, 108 бет]

Әрекет қабілеттілігі - жеке тұлғаның өз әрекетімен заң шеңберінде мемлекет мойындаған құқықтар мен міндеттерге ие болуы. Әрекет қабілеттілігі үш түрге бөлінеді:

А) Толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік, яғни 18 жасқа толған субъект. Бұл жақа толған адам өз атынан, өз әрекетімен құқықтар мен міндеттері іс жүзінде асыра алады. Мысалы, үйленуге, дауыс беруге, мүліктерін сатуға, айырбастауға және т. б.

Ә) Шамалы әрекет қабілеттілігі - 14 және 16 жас аралығындағы жасөспірімдерді қамтиды. Олардың әрекет қабілеттілігінің мүмкіндіктері бойынша өз аттарынан, әрекеттерімен ұсақ тұрмыстық мәмле жасауға құқықтары бар. Мысалы, өзіне тиісті затты айырбастауға құқық бар.

Б) Шектелген әрекет қабілеттілігі - жеке тұлғалардың құқықтарының сот шешімімен немесе үкімімен шектелуі. Мысалы, маскүнемдікке салынған адамның айлық табысын алуды шектеу, психикалық ауруға шалдыққан адамдардың құқықтарының шектелуі және т. б. шектеулер

( 2, 156 бет ) .

1. 2 Құқық қабілеттілік. Мазмұны. Түрлері

Құқық қабілеттілікті жалпы, салалық және арнайы деп қарастырады.

Жалпы - тұлғаның қолданыстағы заңнамада көзделген құқықтар мен міндеттердің ішінен кез келгеніне ие болу мүмкіндігі.

Салалық - кез келген құқық саласында құқыққа ие болу мүмкіндігін береді.

Арнайы құқық қабілеттілік - арнайы таным немесе талантты қажет етеді. Мысалға сот, дәрігер, ғалым және артист.

Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік өзара бөлінбейді. Азаматтық қатынастан басқа салаларда көбінесе, бұл екі қабілеттілік бірге болады.

Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік арасындағы айырмашылық былайша түсіндіріледі:

  • мүліктік құқық жасына, олардың ерік-ықтияр жағдайына қарамастан барлық азаматтарға қажет;
  • мүліктік құқықтық қатынас саласында құқық қабілетті адамның және әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына оның заңды өкілі қатыса алады.

Құқық субъектілік - мемлекетпен танылған құқық, құқықтық қатынас субъектісі болу қабілеті (құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің бірлігі)

[3, 151 бет]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері
Құқықтық қатынастың субъектілерінің кұқығы мен міндеттері
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттары
Азаматтық іс жүзіндегі құқықтық қатынастар
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы
Құқықтық қатнас субъектілері
Құқықтық қатынастың құрылымы
Құқықтық қатынастарының ұғымы, олардың белгілері
Салықтық-құқықтық қатынастар субъектілері
Құқық қатынастары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz