Қазақстанмен екіжақты қатынасқа жапондық көзқарас


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   


МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР
3
:
ҚЫСҚАРТУЛАР: КІРІСПЕ
3: 4
: 1.
ҚЫСҚАРТУЛАР: ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ СЫРТҚЫ САЯСАТ САЛАСЫНДА
3: 9
: 1. 1
ҚЫСҚАРТУЛАР: Қазақстанның қауіпсіздік саласындағы саяси белсенділігі және оған Жапонияның көзқарасы
3: 9
: 1. 2
ҚЫСҚАРТУЛАР: Қазақстан мен Жапонияның саяси байланыстарының тарихи дамуы
3: 15
: 1. 3
ҚЫСҚАРТУЛАР: Қазақстанмен екіжақты қатынасқа жапондық көзқарас
3: 27
: 2.
ҚЫСҚАРТУЛАР: ҚАЗАҚСТАН-ЖАПОН ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
3: 33
: 2. 1
ҚЫСҚАРТУЛАР: Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық байланыстар
3: 33
: 2. 2
ҚЫСҚАРТУЛАР: Қазақстан мен Жапония арасындағы экология мәселелері
3: 46
: 2. 3
ҚЫСҚАРТУЛАР: Мәдени саладағы екіжақты қатынастар
3: 50
:
ҚЫСҚАРТУЛАР:
3:
:
ҚЫСҚАРТУЛАР: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 56
:
ҚЫСҚАРТУЛАР: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 58
:
ҚЫСҚАРТУЛАР: ҚОСЫМША А Сауда айналымының көрсеткіштері
3: 66
:
ҚЫСҚАРТУЛАР: ҚОСЫМША Б Joint statement on friendship, partnership and cooperation between Japan and the republic of Kazakstan
3: 67
:
ҚЫСҚАРТУЛАР: ҚОСЫМША В Joint Announcment of the Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan and the Minister for Foreign Affairs of Japan on further development of partnership and cooperation
3: 69
:
ҚЫСҚАРТУЛАР: ҚОСЫМША Г Joint Statement on Kazakhstan's Bilateral WTO Accession Negotiations with Japan
3: 71


ҚЫСҚАРТУЛАР

АҚШ

Америка құрама штаттары

АҚШ:

АТМА

Америка құрама штаттары:

Азия-Тынық мұхит аймағы

АҚШ:

АӨСШК

Америка құрама штаттары:

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңес

АҚШ:

АСЕАН

Америка құрама штаттары:

Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің одағы

АҚШ:

АҚ

Америка құрама штаттары:

Акционерлік қоғам

АҚШ:

АТЭС

Америка құрама штаттары:

Азия-Тынық мұхиттық экономикалық қауымдастық

АҚШ:

ӘСҰ

Америка құрама штаттары:

Әлемдік сауда ұйымы

АҚШ:

БАҚ

Америка құрама штаттары:

Бұқаралық ақпарат құралдары

АҚШ:

БҰҰ

Америка құрама штаттары:

Біріккен ұлттар ұйымы

АҚШ:

ЕҚЫҰ

Америка құрама штаттары:

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы

АҚШ:

ЕуразЭҚ

Америка құрама штаттары:

Еуразиялық экономикалық қауымдастық

АҚШ:

ЕО

Америка құрама штаттары:

Европалық одақ

АҚШ:

КСРО

Америка құрама штаттары:

Кеңестік Социолистік Республикалар Одағы

АҚШ:

ҚХР

Америка құрама штаттары:

Қытай халық Республикасы

АҚШ:

ҚР

Америка құрама штаттары:

Қазақстан Республикасы

АҚШ:

ҚРҰЯО

Америка құрама штаттары:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ядролық орталығы

АҚШ:

ЛДП

Америка құрама штаттары:

Либерал-Демократиялық Партия

АҚШ:

НАТО

Америка құрама штаттары:

Солтүстік Атлантикалық әскери Одақ

АҚШ:

ТМД

Америка құрама штаттары:

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

АҚШ:

ШЫҰ

Америка құрама штаттары:

Шанхай ынтымақтастық ұйымы

АҚШ:

ІЖӨ

Америка құрама штаттары:

Ішкі жалпы өнім

АҚШ:

ҰҚКҰ

Америка құрама штаттары:

Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы

АҚШ:

ЭЫҰ

Америка құрама штаттары:

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы

АҚШ:

ОША

Америка құрама штаттары:

Орталық Шығыс Азия

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру барысында шет елдермен дипломатиялық қатынастарды дамыту мәселелері үлкен өзектілікке ие болды. Қазақстан әлемдік және аймақтық халықаралық ұйымдардың 64-іне мүше болды. Тәуелсіз мемлекет ретінде 117 мемлекет мойындап, жүзден аса мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. 40-қа жуық мемлекетте Қазақстанның елшіліктері мен өкілдіктері жұмыс істеуде, ал Қазақстанда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 56 дипломатиялық өкілдіктері қызмет жасайды.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму бағыты - теңдік, ерікті және прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм, бұл - Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек сондай жағдайда ғана ол XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деген болатын [1] .

Қазақстанға прагматикалық қызығушылық танытып отырған мемлекеттердің ішінде «Күн шығыс елі» деген атауға ие болған Жапония XXI ғасырдың басында өзгеріп жатқан әлемнің жаңа айқын нақтылықтарына өзінің сыртқы саясатын бейімдеу жолында келеді. 1997 жылы 24 шілдеде сол кездегі жапон премьер-министрі Рютаро Хасимото елдің жаңа сыртқы саяси «Еуразиялық дипломатия» атты концепциясын жариялады. Онда Қазақстанға да қатысты байланыстардың саяси бағыты баяндалған болатын. Осы концепцияны жариялау барысында Токио өзінің сыртқы саясатын Еуропадағы және посткеңестік кеңістікте болып жатқан жағдайлармен тікелей байланыстыратынын анық байқатты. Жапондық дипломатияда осындай «еуразиялық ықыластың» пайда болуы ең алдымен Еуразиялық континенттегі қауіпсіздік жүйесінің трансформациясымен байланысты еді. Бұл жөнінде Рютаро Хасимото былай деген болатын: «Мен болып жатқан өзгерістерден байқағаным, бұл жаңа құрылым Американың, Атлантиканың және Еуропаның ауқымды кеңістіктерін алып, ары қарай бұрынғы КСРО территориясы арқылы Тынық мұхитқа шығып, Атлантикалық мұхитты көз қиығының астындағы еуразиялық дипломатияның ерекше сипатқа ие болғаны» [2] .

Жалпы ежелгі өркениет елі болып табылатын Жапония екінші дүниежүзілік соғыстан кейін есігін айқара ашып, елде жүргізген реформаларының нәтижесінде экономикасының даму деңгейін әлем таңданарлық дәрежеге жеткізгені мәлім. «Жапондық ғажайып» деген атқа ие бола отырып, Жапония Азия Тынық Мұхиты аймағында ғана емес, әлемдік саясатқа экономикалық ықпал ететін мемлекет болып танылды. Сондықтан да Қазақстан үшін Жапониямен дипломатиялық және саяси-экономикалық байланыстарды дамытудың маңыздылығы барған сайын арта түсуде. Ал ол қандай байланыстар, олар қалай басталды, қазір қандай деңгейде, сол байланыстар орнату, дамыту барысында қандай оңай да қиын жағдаяттар болғандығы өзектіліктің бір көрінісі.

Қазақстан үшін алдыңғы қатарлы жапондық технологияларды әсіресе, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту негізгі мақсат болып отыр. Ал Жапония үшін Орта Азияға қатысты саясаттың негізгі мақсаттарының бірі - аймақтағы саяси қауіпсіздікті сақтау болып табылады. Жапония үшін Қытайдың Орталық Азия республикаларымен арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы үлкен маңызға ие болады. Өйткені бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ушығып отырған аймақтық, тіпті әлемдік қауіпсіздікке нұқсан келтіретін халықаралық лаңкестік, діни экстремизм, ұлттық сепаратизм сияқты келеңсіз құбылыстармен күресу бір ғана мемлекеттің қолынан келмейді. Заман талабынан туындаған интеграциялық процестер нәтижесінде құрылған аймақтық ұйымдардың қызметі оның айқын көрінісі болмақ. «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» пайда болуы аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау мақсатында құрылғанын айту керек. Жапония саясаты өз тарапынан бұл ұйымға белгілі деңгейде ынталылық танытып отырғаны түсінікті. Орта Азия мемлекеттері осы ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықты Қытай мен Ресейдің әлеуеті арқылы қауіпсіздікті сақтаудың және экономикалық дамуға қол жеткізудің бірденбір жолы ретінде қарастырса, Қытай осы ұйымдағы өзінің жетекші орнын пайдалана отырып, аймақта негізгі ықпал етуші күшке айналуды мақсат тұтатыны сөзсіз. Көптеген саясаттанушылардың пікірінше, Қытай үшін «ШЫҰ»-ның қызметі, сондай-ақ аймақтағы АҚШ ықпалын бәсеңсіту үшін қажет, ал АҚШ өз тарапынан Жапонияның Азиялық мемлекет ретінде беделінің өсуін қалайтыны белгілі.

Диплом жұмысының мақсаты - әртүрлі дерек көздеріне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күннен бүгінгі күнге дейінгі Жапонияның сыртқы саясатындағы алатын орнын анықтау болып табылады. Қазақстан-Жапон қатынастарының орнатылуы мен даму барысына және нақты салаларына сараптама жасау жұмысының мақсаты болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер алға қойылды:

1. Жапонияның Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен сыртқы саяси стратегиясында алатын орнын анықтау;

2. Қазақстан мен Жапония арасындағы қатынастардың орнатылуы, даму ерекшеліктерін зерттеу;

3. Жапонияның 20 ғасырдың 90 жылдары мен 21 ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясатындағы маңызды бағыттарды анықтап жүйелеу;

4. Қазақстанның Жапонияның сыртқы саясатындағы алатын орнын анықтау;

5. Қазақстан мен Жапония қатынастарындағы негізгі бағыттарды зерделеу;

6. Екі ел арасындағы саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық салалардағы байланыстарда ұшырасатын қиыншылықтары мен болашағын қарастыру

Зерттеудің деректік негізі. Жапония мен Қазақстанның дипломатиялық қатынастары, Жапонияның Орта Азиядағы сыртқы саясатын зерттеудің деректік негізгі көздерін төмендегідей алты топқа бөлуге болады.

Зерттеу көздерінің бірінші тобын халықаралық дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар ҚР мен Жапония арасындағы байланыстарды дамыту барысында қол жеткізілген келісімдер, декларациялар, коммюникелер, т. с. с. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы жиырма бірінші ғасырдағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім. Мұндай құжаттар аталмыш елдер арасындағы байланыстарға жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік беретін деректер болып табылады. Жоғарыда аталған дипломатиялық құжаттарда мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым жақтарын көрсететін нақты да анық ақпарат беріледі [3-8] .

Деректік көздердің екінші тобына ел басыларының, сыртқы істер министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары қамтылды [9-11] . Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды.

Зерттеу жұмысында қолданылған деректердің үшінші тобын Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мұрағат құжаттарының мәліметтері құрайды [12] .

Ал деректердің төртінші тобы қазақ, орыс тілдеріндегі отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары қамтылады.

Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің бесінші тобын Қазақстан мен Орта Азияның және Жапонияның, Ресейдің ақпарат агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай ақпарат агенттіктердің қатарында Қазақстанның «Хабар», «ҚазААГ», «Интерфакс-Казахстан» агенттіктері бар.

Жұмыста қолданылған деректердің алтыншы тобын Жапония мен Қазақстанның анықтама материалдары және статистикалық мағлұматтары құрайды [13-15] .

Дипломдық жұмыс тақырыбының ғылыми зерттелу деңгейі. Жапония мен Қазақстан дипломатиялық қатынастарының дамуы және Жапонияның Орта Азия мемлекеттерімен байланыстарына орай XX ғасырдың 90 ж. қамтитын ғылыми-дипломатиялық мәселелер үстірт те болса бұрын қарастырылған. Бүгінгі таңда екі мемлекет арасындағы сыртқы саяси байланыстар кең аумақты саяси ынта құралына айналды. Қазақ - жапон қатынастары және Орта Азиядағы жапон факторы көптеген зерттеушілердің еңбектерінде қысқаша шолып өтілгені болмаса, арнайы монографиялық тұрғыдан зерттеу нысанына айналмаған. Жұмыста пайдаланылған еңбектер қатарында, алдымен ел басылары мен саяси қайраткерлердің еңбектерін айтуға болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың, «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» [16], «Ғасырлар тоғысында» [17], «Сындарлы он жыл» [18] атты еңбектерін атап өтуге болады.

Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланыстар қазақстандық дипломаттардың да және қазақстандық саяси қайраткерлердің де зерттеу еңбектерінің негізін құрайды. Олардың қатарында ҚР экс-сыртқы істер министрі, қазіргі таңда ҚР Сенат төрағасы Қ. Тоқаевтың, [21-24], Т. С. Қабдрахманов [25], Е. А. Идрисов [26], еңбектерін атап өтуге болады.

Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тосио Цунодзаки еңбектерінде Жапонияның қол жеткізген жетістіктеріне талдау жасай отырып, Қазақстан мен Жапониядағы экономикалық даму және экономикалық салаларды реформалаудың ерекшеліктеріне, ортақ сипаттарына баға беріледі.

Бүгінгі таңда зор жетістіктерге жеткен Жапонияның экономикалық дамуы туралы Жапон мемлекет басшылары еңбектері мен саяси сұхбаттары пайдаланылды. Олардың ішінде Дзюнитиро Коидзуми, К. Обути, Рютаро Хасимотоның [27], Акио Ватанабэ [28], Ясухиро Накасонэ [29] еңбектерін атап өту қажет. Бұл еңбектерде Жапонияның өзіндік даму жолы және жапондық ерекшелігі баяндалады. Сонымен бірге Жапонияның экономикада реформаға бағыт алу қажеттігі және сыртқы байланыстарды кеңейту керектігі баяндалады.

Қазақстандық зерттеушілер Қазақстан мен Жапония және Жапония мен Орта Азия мемлекеттері дипломатиялық байланыстарына баса назар аударған. Мысалы, Б. К. Сұлтановтың [30], Н. Есенғаринның [31], Р. М. Қалиеваның [32], Ө. Қасеновтың [33], М. Лаумулинның [34] еңбектерін атап өтуге болады. Қазақстан сыртқы саясатына қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты кафедрасының оқытушылары Ж. У. Ибрашевтің [35], К. Қожахметовтың [36], Қ. Е. Байзақованың [37], Ф. Т. Кукееваның [38] және т. б. еңбектері бар.

Жапонияның жалпы сыртқы саяси бағыты мен оның Ресейге және Орталық Азияға қатысты жүргізген саясатына талдау жасауға бірқатар Ресей зерттеушілері мен ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде Е. Примаков [39], В. А. Корсун [40], А. Д. Воскресенский [41], В. А. Лузянин [42], Е. П. Бажанов [43], М. И. Крупянко [44], М. Г. Носов [45], В. Е. Петровский, [46] . И. А. Цветова [47], В. Н. Бунин [48] сияқты зерттеушілерді атауға болады.

Дипломдық жұмыстың методологиялық негіздері. Диплом жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытындылары құрайды. Тарихи оқиғаларды және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарды жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар, кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды.

Диплом жұмысының тақырыбын ашуда негізгі әдістеме ретінде жаңа құрылымдық функционализм қолданылды. Саяси құбылыстар субъектілер арасындағы өзара әрекеттің байланысына және оның сипатына құрылым деңгейінде баға беруді талап етеді. Сондықтан халықаралық қатынастар мен мемлекеттің сыртқы саясатын зерттеудің едәуір қажетті әдістемесі дәстүрлі және рационалды әдістерді қамтитын жаңа геосаясат болып есептелінеді. Ол реалистік идеализм концепциясы болып табылады да, жаңа құрылымдық функционализмге сүйенеді. Ал ол өз кезегінде құрылымдық-функционалдық талдаудың дамуы болып табылады. Жаңа геосаясатта саяси құбылыстар экономика, саясат, идеология және географиялық жағдайлар сияқты 4 қызмет көрсету сатысынан құралатын қоғамдық құрылым арқылы қарастырылады. Құрылымның тұрақтылығы мен мызғымастығының бірден-бір шарты аталмыш 4 қызмет сатысының өзара үйлесімділігі болып табылады. Ал ішкі өзара әрекет қызметтер арасындағы себеп-салдарлы байланысқа сүйенеді, сондықтан жеке қызметтердің тұрақтылығының бұзылуы бүкіл құрылымның қайта ұйымдастырылуына, кері кетуіне әкеп соқтырады.

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері 1992 жылдан, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бергі бүгінгі күнге дейінгі мерзімді қамтиды.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

  1. . ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ СЫРТҚЫ САЯСАТ САЛАСЫНДАҚазақстанның қауіпсіздік саласындағы саяси белсенділігі және оған Жапонияның көзқарасы

Ұлттық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының маңызды құрамдас бөлігі. ҚР-ның президенті Н. Назарбаев «2030 Стратегиясында» қауіпсіздіктің маңыздылығына баса назар аударған, «өйткені қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, бірқалыпты даму туралы сөз қозғау мүмкін емес» [68, 87б. ] ҚР-ның президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасу мен даму стратегиясы» атты еңбегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сыртқы саясаттағы негізгі бағыт белгіленген. Қазақстанның геосаяси орналасуы мен халықтың этнодемографиялық құрамы, экономиканың және әскери құрылымның даму деңгейі мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери күшке емес, салмақты дипломатия жүргізе отырып, өз күшіне сеніп, саяси бағытқа басты назар аудару басты шарт екендігі еңбекте атап көрсетілген. Қазақстанның қауіпсіздігі, әлем қауіпсіздігімен тікелей байланысты, яғни бұл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекетіміздің орны мен маңыздылығын түсіну деген сөз. Сонымен қатар елбасы өз жұмысында сыртқы саяси стратегияны құруда геоэкономикалық фактордың маңыздылығын ұмытпауды ескертеді. Елбасының айтқанындай, геосаяси орналасудың ерекшеліктері республикамыздың халықаралық экономикалық қатынастарға белсенді қатысуына айтарлықтай кедергісін тигізеді. Алпауыт мемлекеттер - Ресей, Қытаймен көршілестігіміз қауіпсіздік мәселелерін ерекше маңызды етеді [8] . Қазақстандық дипломатияның Ресей, Орталық Азия мен Қытай бағытына баса назар аударуының басты себебі бүкіл ел шекарасындағы қауіпсіздікті сақтау болып табылады. Және осы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бүгінде сыртқы саясаттың барлық бағыттарында жұмыс жүргізіліп отыр.

Маңызды бағыттардың біріне АТМА да жатады. Қазақстандық саясатшы М. Лаумулин айтқандай, қырғи-қабақ соғыстың аяқталуы, Батыс пен Шығыстың текетірестігінің жойылуынан бастап қауіпсіздік ұғымының мағынасы ғаламдық, аймақтық, ұлттық, яғни барлық деңгейлерде дұрыс та нақты түсінуді талап етті. Бүгінгі күні тек әскери саяси қауіпсіздіктен көрі экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және экологиялық қауіпсіздік мәселелері алға шығып отыр [92] . Бірақ әрбір мемлекет бұл ұғымдарды өзінің геосаяси орналасуына, экономикалық дамуына және тағы да басқа объективті жағдайларға байланысты ұстанады. Біз Қазақстанның қауіпсіздік мәселелерін шешуде АТМА елдерімен қандай қатынастарға түсу керектігін қарастыруға бағытталдық.

Өзінің ауқымды жер көлеміне қарамастан, Қазақстан өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тек өз күшіне сүйеніп қана қоя алмайды, сондықтан өзін қолдайтын серіктестер іздеп, белгілі бір одақтар құруға ұмтылады. Сонымен қатар екіжақты, көпжақты қауіпсіздік жүйесін құруда біздің ел өзінің геосаяси орналасуын (Орталық Азия, Ресей, Қытай), экономикалық және табиғи ресурстарын (мұнай, газ, уран және т. б. стратегиялық шикізат) ескеруі тиіс еді. Бір қарағанда Қазақстанның АТМА-дағы қауіпсіздік мәселесі экономикалық мәселе жөнінен маңызсыз болып көрінгенімен, бүгінгі тұрақсыз, беймаза заманда мемлекеттердің жекелеген және жалпылама мәселелер бойынша негізгі мақсаттары әрдайым өзгеріп отыратындығын ілгеріде ескерттік. Басқа елдермен қарым-қатынастарда да өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды шара екендігін ұмытпау керектігі де айтылды. Қазақстанның АТМА мемлекеттерімен тікелей шекарасы болмаса да (Қытайды санамағанда, бірақ біз оны объективті геосаяси фактор ретінде қарастырамыз) және ол елдер бізден жер көлемі жағынан алшақ болғанына қарамастан, Қазақстанның АТМА-дағы сыртқы саясатында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінде тұрады. Ол мәселелерге келесілерді жатқызуға болады: 1) Қазақстанның Совет Одағының ядролық алыптарының бір бөлігі ретіндегі мәртебесі (осы жағдайдан туындайтын және әлі шешімін таппаған мәселелер) ; 2) Қазақстанның ядролық алып мемлекеттер - Ресей және Қытаймен шекаралас болуы және олардың біздің елге территориялық талаптары бар болуы; 3) Орталық Азиядағы тұрақсыздық мәселелері (Тәжікстан мен Ауғанстан, Каспий теңізінің мәртебесінің белгіленбегендігіне байланысты болуы мүмкін қақтығыстар, Өзбекстанның аймақтық лидерлікке ұмтылысы) ; 4) АТМА мемлекеттерінің ҚР-ның Президенті Н. Назарабаевтың АӨСШК жөніндегі көзқарасы; 5) Жапонияның Семей полигонындағы сынақтар зардабын жоюға көмек көрсетіп, Қазақстандағы бақылау станциясын өз мұқтаждықтарына пайдалануға ұмтылуы, сондай-ақ Қазақстанды Жапония, Ресей, Қытай және Солтүстік Кореямен қатынастарындағы стратегиялық плацдармы болады деп үміттенеді.

Халықаралық жүйеде мемлекеттің белгілі бір мәртебеге ие болуына мүмкіндік беретін бірнеше сипаттар бар. Оған тек экономикалық күш, жер көлемінің ауқымдығы, халық саны ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар ядролық қарудың болуы халықаралық сахнада алдыңғы қатарлы мемлекеттермен тең дәрежеде сұхбат құруға мүмкіндік береді. Совет Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан өз жеріндегі ауқымды ядролық қаруды иемденді. Сол жағдай және соған байланысты Қазақстанның мәртебесі халықаралық қауымдастықты, әсіресе, АҚШ-ты қатты қобалжытты [93] . Ядролық қару туралы Қазақстанның саяси қайраткерлерінде де біркелкі пікір болған жоқ. Біреулер ядролық қарудан бас тартқан елдер тобымен келісіп, қарудан бас тартуды ұсынды. Радикалды көзқарас ұстанған басқалары қауіпсіздік кепілдігі ретінде қаруды сақтап қалуды ұсынды. Қазақстан басшылығы Н. Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған сапарынан кейін, АҚШ президенті Дж. Бушпен сұхбаттасқаннан кейін ядролық қарудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Алайда бұл Батыстың қысымымен қабылданған шарттар еді. Батыстың бұл әрекеті өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған қадам болатын [93, 112-113бб. ] . Қазақстанның қандай да бір саяси бағытты қабылдап, қаруын мұсылман елдеріне немесе басқа да бір жаққа берсе, ядролық күштер тепе-теңдігі бұзылу қаупі болды, әрине бұл Батыс елдерін қатты қобалжытты. Сөйтіп Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы өзінің халықаралық жүйедегі орнын анықтады деуге болады. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуының тағы бір себебі алып мемлекеттер - Ресей, АҚШ, Қытайдың қауіпсіздік кепілдігіне ие болуында еді. 1996 жылы 30 қыркүйекте Қазақстанның атынан К. Тоқаев ядролық сынақты жан-жақты тоқтату туралы келісім-шартқа қол қойды [94] .

Бірақ ядролық қаруды жою оңайға соқпады, сондықтан мүдделі болып отырған елдердің көмегі қажет болды. Олардың ішінде Жапония айтарлықтай көмек көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және Жапония қазіргі кездегі өзара қарым-қатынас стратегиясы
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Жапон Конституциясының қайта қаралу жағдайы
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Қазіргі кездегі Жапонияның ішкі және сыртқы саяси жағдайы
Қазақстан Азия-тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттермен қарым-қатынастары
ЖАПОНИЯ МЕН ҚЫТАЙДЫҢ ТЕКЕТІРЕСІ
Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері
Қазақстан Республикасы және АҚШ арасындағы саяси қарым-қатынастардың орнауы мен дамуы
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz