МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МОДЕЛІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Менеджмент және бизнес кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МОДЕЛІ

Орындаған:

4 курс студенті Г. Гумарова

Ғылыми жетекші,

э. ғ. д., профессор

(қолы, күні) Г. Н. Сансызбаева

Норма бақылаушы

э. ғ. к., аға оқытушы

(қолы, күні) К. Е. Барлыков

Қорғауға жіберілді

Каф. меңгерушісі К. С. Мухтарова

э. ғ. д., проф.

Алматы 2010

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МОДЕЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6

1. 1. «Мемлекеттік басқару моделі» ұғымы және оның белгілері . . . 6

1. 2. Мемлекеттік басқару моделінің жіктелуі . . . 11

1. 3. Шет мемлекеттердің мемлекеттік басқару моделдерінің ерекшеліктері . . . 16

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МОДЕЛІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 32

2. 1. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі қалыптасқан мемлекеттік басқару моделінің сипаттамасы . . . 32

2. 2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыруды талдау . . . 47

2. 3. Алматы қаласындағы жергілікті мемлекеттік басқару . . . 52

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МОДЕЛІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ . . . 57

3. 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруының қазіргі кездегі негізгі мәселелері . . . 57

3. 2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудағы билік жүйесін демократияландыруды жетілдіру жолдары . . . 69

Қорытынды . . . 77

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 82

Қосымшалар . . . 84

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқарудың жүйесін реформалауға көшті. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі құрылды. Бастапқыда кеңестік үлгідегі Парламенттік республика құру бағдары ұсталды. Алайда, мұндай бағдар өзінің тарихи болашағының таяздығын көрсетті. Бірте-бірте президенттік республикалық басқару моделі қалыптасты және ол 1995 жылғы Конституциямен бекітілді. Қазақстанда басқару моделі президенттік республика болып бекітілді. Парламенттік құрылыс, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі, мемлекеттік биліктің үш тармаққа - заң шығарушылық, атқарушылық, сот билігіне бөлінуі, халық қабылдаған Конституцияның үстемдігі және жоғары заңдық күші басқарудың осындай моделін таңдаудың заңдық негізі болып табылады. Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тұрақты жүйесі құрылды. Оны биліктің үш тармағы - заңшығарушы - қоспалаталы Парламент, атқарушы билікті - Президент пен Үкімет, сот билігін - Жоғарғы сот пен жергілікті соттар құрайды. Билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастарда тежемелік және тепе-теңдік жүйесі нақты айқындалған. Осы орайда демократиялық басқарудың басты қағидасы - билікті бөлу қағидасы болып отыр. Қазақстан Республикасындағы президенттік басқару моделі мынадай қырларымен сипатталады. Президент - мемлекет басшысы болып табылады. Үкімет өзінің барлық қызметімен Президент алдында жауап береді және Конституцияда көзделген жағдайда ғана ол Парламент алдында есепті. Президент Үкімет мүшелерін тағайындау құқығына ие және ол өз қалауы бойынша Үкімет мүшелерін қызметінен босатады. Президенттің Парламентті тарата алады және ол қабылдаған заңдарға тыйым салуға құқығы бар. Президенттің кешірім жасауға, марапаттау, азаматтық беруге, өз қалауы бойынша Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыруға құқығы бар. Осы аталған қағидалар Қазақстан Республикасының Президенттік басқару моделінің бірқатар өзіндік қырларымен белгіленгендігін көрсетеді.

Дипломдық жұмысымда күрделі де шиеленіскен тақырыптардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару моделін қарастырғым келеді. Сонымен менің дипломдық жұмысым мемлекеттік басқару моделі тақырыбына арналған және мемлекеттік басқару мәселесін көтереді. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын қарастыру үшін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару Заңдарын сұрыптауымыз керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару моделін толық зерттеу және оған ғылыми сипаттама беру.

Осы айтылған мақсатқа:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын қолдану арқылы;
  • «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңды;
  • Шетел мемлекеттерінің мемлекеттік басқару моделінің тәжірибесін қолдана отырып;
  • Мемлекеттік басқару моделі бағытындағы ғалымдардың көзқарастары бойынша қол жеткіземіз.

Қойылған мақсаттарға жету келесідей міндеттерді шешу барысында жүзеге асырылады:

  • Мемлекеттік басқару моделіне анықтама беру;
  • Мемлекеттік басқару модельдерін әр түрлі критерийлер бойынша жіктеу;
  • Шетелдердегі мемлекеттік басқару моделінің ерекшеліктерін ашып көрсету;
  • Мемлекеттік басқару моделінің құраушы элементтері ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің саяси статусы, оны сайлау тәртібі мен қызметке кіруі, Президенттің өкілеттіліктері көрсету; Қазақстан Республикасының басқару нысаны мен мемлекеттік билік жүйесін талдау;
  • Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқаруды Алматы қаласы Әкімдігі мысалында талдау;
  • Мемлекеттік билік органдары қызметіндегі мәселелерді ашып көрсете отырып тиісті ұсыныстар енгізу;
  • Қазақстан Республикасының президенттік басқару моделіндегі парламенттің өкілеттігін арттырудың мәні мен мазмұнын ашып көрсету;
  • Қазақстанда билік жүйесін демократияландыруды жетілдіру жолдарын анықтау;
  • Билік жүйесін демократияландыруды жетілдіру ісіне байланысты тиісті қорытындылар мен ұсыныстар енгізу;

Дипломдық жұмысты дайындауда ресей және отандық ғалымдарының мемлекеттік басқару моделі саласындағы еңбектері пайдаланылды: Козбаненко В. А., Зеркин Д. П., Цымбал В. П., Конопатов П. Ю., Куликова., Чубинский В. В., Атаманчук Г. В., Б. Т. Аяғановтың, Р. Б. Әбсаттаровтың, Л. А. Байдельдинов-тың, Н. Ж. Байтенованың, А. С. Балгимбаевтың, Ә. Бәкірдің, М. А. Биекеновтың, А. Х. Бижановтың, С. М. Борбасовтың, К. Н. Бурхановтың, А. М. Джунусовтың, А. Дьяченконың, Е. Ертісбаевтің, Ғ. Есімнің, Ж. Жунусованың, С. Зимановтың, Г. Ибраеваның, Л. М. Иватованың, Г. Н. Иреновтың, А. Ш. Ишмухамедовтың, Р. К. Қадыржановтың, Н. Қалиевтың, А. С. Қалмырзаевтың еңбектері.

Дипломдық жұмыстың құрылымы үш бөлімнен, кіріспе мен қорытындыдан және пайданылған әдебиеттер тізіміннен тұрады.

Бірінші бөлімі теориялық сипатта, мұнда мемлекеттік басқару моделінің түсінігі, оның өзіне тән белгілері мен оны құраушы бөлімдері, мемлекеттік басқару модельдерінің әрқилы тұрғыдан жіктелуі көрсетілді. Бұл бөлімде сонымен қатар мемлекеттік басқару моделінің шетелдік тәжірибесі де қарастырылды.

Екінші бөлім толықтай дерлік отандық мемлекеттік басқару моделінің тәжірибесімен танысуға арналған. Нормативтік актілері негізінде, соның ішінде, негізінен Қазақстан Республикасы Конституциясын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару моделіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің саяси статусы, оны сайлау тәртібі мен қызметке кіруі, Президенттің Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар мен судьяларға, әкімдерге, республикалық референдумға қатысты өкілеттіліктері көрсетілді. Мемлекеттік басқару моделінің құраушы элементтері ретінде басқару нысаны мен билік органдары құрылымы және олардың құзыреттік деңгейлері сипатталды. Сонымен қатар осы бөлімде жергілікті басқару Алматы қаласы мысалында қарастырылды. Бұл орайда Алматы қаласы Әкімдігінің ұйымдық басқарушылық құрылымы мен Әкімдікті басқару стилі мен Әкімнің құзыреті туралы айтылды.

Үшінші бөлімде шетелдік және отандық мемлекеттік басқару моделін зерттей отырып елімізде бүгінгі таңдағы президенттік басқару моделінің ерекшеліктерімен қатар орын алып отырған мәселелер мен басқару моделінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін шаралар реті көрсетілді.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудағы билік жүйесін демократияландыруды жетілдіру жолдары қарастырылды.

І. Мемлекеттік басқару моделінің теориялық негіздері

1. 1. «Мемлекеттік басқару моделі» ұғымы және оның белгілері

Мемлекеттің рөлі жөнінде қарастырылған тұжырымдамалардан белгілі болғандай, пікір-талас пәні, бір жағынан, экономикалық және саяси бостандықтың, және екінші жағынан, мемлекеттің экономика мен әлеуметтік-саяси өмірге бостандықты ортақ мүдде аясымен, басқаша айтқанда, қоғамдық қажеттілікпен шектейтін басқару нысанында ұтымды, мақсатты ықпалының ара-қатынасы мәселесіне келіп тіреледі. Сонымен бірге жеке адамдардың еркін қызметі мен соның негізінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар аяқ астынан өздігінен реттелетін үрдістерге теңгеріледі. Ал мемлекет реттеп басқаратын үрдістер тек қана билікпен мәжбүрленетін, ол сырттан басқаратын, аяқ астынан өздігінен реттелу механизмдерін тежейтін үрдістер ретінде қарастырылады. Бостандық мемлекеттің еркін білдіретін қоғамдық қажеттілікпен, ортақ мүддені жүзеге асыратын мемлекеттік басқарумен сиыспайды.

Біздің мемлекетті басқаруды талдауға көзқарасымыз оны мемлекеттің объективті қажетті қызметі ретінде, бостандықты жоққа шығармайтын, оны білдіру мен қоғамдық қажеттілікті саналы жүзеге асырудың қоғамдық-саяси нысаны болып табылатын ұтымды қызмет ретінде тануда.

Біз мемлекеттік басқаруды кең әлеуметтік-саяси мағынасында қоғамның мемлекеттік өміріндегі әлеуметтік басқару түрі ретінде қарастырамыз. Бұл мемлекеттің өзінің билеу және өзге де қызметтерін барлық органдарымен, биліктің барлық тармақтарының институттарымен, бірақ әр түрлі шамада жане әр түрлі нысанда жүзеге асыру қызметі. Осы зерттеудегі мемлекеттік басқару - көп қырлы санат: әлеуметтік, әлеуметтік-саяси және саяси-құқықтық.

Дамытылмалы тұжырымдама мемлекеттік басқару жөніндегі әдебиеттерде мемлекет қызметтерін жүзеге асыру нысаны ретінде ғана, шектерінде атқарушы билік іске асырылатын мемлекеттік қызмет түрі ретінде ғана анықталатын анағұрлым тар мағынасында түсінуді жоққа шығармайды. Мұндай көзқарас қоғамды әміршілдік басқарулан бас тартқан қазіргі заманғы Қазақ мемлекетінің міндеттері мен қызметтерінің өзгеруіне байланысты «мемлекеттік басқару» ұғымының Қазақстан Республикасы Конституциясында болмауымен дәлелденеді. Ол «атқарушы билік» ұғымымен ауыстырылды. Сонымен бірге, заңгер-ғалымдар әділ атап көрсетеді: «мемлекеттік басқару - мемлекеттік билік механизмі онсыз жұмыс істей алмайтын шындық. Бірақ Қазақстан Республикасының Констиуциясы мен қолданыстағы заңнамасы мемлекеттік басқаруға балама ұсынбады . . . ». Бұл ұғымды биліктерді бөлу жүйесі де толықтырмайды. Оның кейбір ресейлік заңнама актілерінде сақталуы мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде қолданылуы да кездейсоқтық емес. Одан шетелдердегі заң шығарушы да, ғылыми зерттеулердің авторлары да бас тартпайды.

Сонымен, жоспарда белгіленген мәселені талдауға көшейік.

Ғылыми және оқу әдебиетінде «мемлекеттік басқару» ұғымының жалпыға ортақ түсініктемесі жоқ. Белгілі ғалым-мемлекеттанушы Г. В. Атаманчук оны мемлекеттің адамдардың қоғамдық өміріне оны реттестіру, сақтау немесе түрлендіру мақсатында билік күшіне сүйене отырып тигізетін іс жүзінде ұйымдастырушы және реттеуші ықпалы ретінде, Б. Н. Курашвили - бүкіл мемлекеттік аппараттың қоғамдық қатынастарды реттеу, қоғамдық және жеке өз істерін басқару жөніндегі қызметі ретінде анықтайды. Бірқатар авторлар «мемлекеттік басқару» ұғымын мемлекеттің заңдар негізінде және оларды орындау үшін атқаратын, үздіксіз әрекет ететін басқару аппаратының атқарушылық-басқарушылық қызметтен тұратын, іс жүзінде ұйымдастырушылық қызметі ретінде, ал басқалары заңдар негізінде және оларды орындау үшін жүзеге асырылатын және мемлекет қызметтерін күнделікті орындаудан тұратын ұйымдастырушылық, атқарушылық-басқарушылық қызмет ретінде анықтама береді. Көріп отырғанымыздай, соңғы анықтама алдыңғыларына қарағанда анағұрлым тар, көбінесе мемлекеттік басқаруды атқарушылық-басқарушылық қызметке әкеп тірейді. Бұл тұрғыдан алғанда профессор А. И. Радченконың ұстанымы жақын, ол мынадай анықтама береді: «мемлекеттік немесе муниципалдық басқару деп мемлекеттік немесе муниципалдық атқарушы-басқарушы органның басқару объектісіне шешімдер (құқықтық актілер) қабылдау, осы шешімдердің (актілердің) және заң шығарушы (өкілдік) билік органдарының шешімдерінің (актілерінің) орындалуын ұйымдастыру және бақылау арқылы оны сәйкес аумақтық құрылымның мақсатына жету үшін қажетті жағдайға көшіруге ықпал ету қызметі түсініледі».

Бізге анағұрлым дұрыс көрінетіні Н. И. Глазунованың 2002 и 2004 жж. мемлекеттік басқару жөніндегі еңбегінде берілген «мемлекеттік басқару» ұғымының анықтамасы.

Біздің ойымызша, мемлекеттік басқару - қоғамға оны реттестіру, сапалы ерекшелеу, жетілдіру мен дамыту мақсатында ықпал етуді білдіретін әлеуметтіктің өзгеше түрі.

Мемлекеттік басқару ұғымының анықтамасында оның мемлекеттік билік институттарының қоғамға саяси-әкімшілік ықпалы ретіндегі мәніне тән жалпы және айрықша белгілері теориялық тұрғыдан сипатталуы тиіс. Осы көзқарасқа сәйкес мынадай анықтама қорытып шығаруға болады: мемлекеттік басқару - бұл мемлекеттік институттардың қоғамның, оның жекелеген топтарына қызметіне саналы ықпалы, мұнда қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделер, ортақ мақсаттар мен қоғам еркі жүзеге асырылады [1] .

Бұл анықтамаға ірі мемлекеттанушы профессор Н. И. Глазунованың көзқарасы жақын, оған сәйкес «мемлекеттік басқару - бұл мемлекеттің (оның органдарының жүйесі мен лауазымды тұлғалары арқылы) қоғамдық үрдістерге, қатынастарға және адамдардың қызметіне мақсатты ұйымдастырушы-реттеуші ықпалы».

Мағынасы анағұрлым жақын анықтаманы Г. Л. Купряшин да береді, оның пікірінше, «мемлекеттік басқару - бұл мемлекеттің жалпы қоғамда, сондай-ақ оның жекелеген бөліктерінде өзінің ұйымдастырушы-реттеуші және лауазымдық қызметтерін орындау мақсатында атқаратын заңшығару, атқару, сот және басқа да билік өкілеттіктерін жүзеге асыру қызметі».

Ұғымның тұжырымдалған анықтамасының мазмұнында әлеуметтік басқаруға тән жалпының - социумға саналы, мақсатты ықпал мен мемлекеттік басқаруға тән жекенің: ерекше субъект, оның айрықша мақсаттары, сондай-ақ - басқарушы ықпал объектісі - бірлігі бар. Басқару субъектісі - мемлекеттік институттар - басқару әрекеттеріне қажетті билік өкілеттіктері берілген және белгіленген құқық нормалары негізінде қоғамның және әрбір азаматтың атынан әрекет етуші адамдардың арнайы топтарының ұйымы. Мемлекеттік басқару объектісі - жалпы қоғам немесе оның жекелеген топтары, қоғамдық-саяси, мәдени және басқа да ұйымдар, олардың қызметі.

Мемлекеттік институттардың басқарушы ықпалы - бұл қоғамның табиғи жағдайына таптар мен басқа да үлкен әлеуметтік топтардың мүдделерінде мақсатты ықпал ету, оған белгіленген нормаларға сәйкес ұйымдасқан әрекет нысанын беруге, оның ортанын өзгермелі жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етуге ұмтылыс, сондай-ақ оны мүмкіндігінше жетілдіру және дамыту.

Қоғам мен оның топтарына, жекелеген азаматтарға олардың әрекеттері мен қызметін қоғамдық саяси қажетті және мақсатты арнаға бағыттау мақсатында саналық ықпал ету - мемлекеттік басқарудың елеулі белгісі. Мазмұны жағынан ол көпқырлы: бұл әр ретті, әр сапалы мақсаттарға жетуге; қоғамдық жүйені ұйымдастыруға және қоғамдық қатынастарды сақтауға (ұдайы өндіруге) бағытталған қызмет; бұл - басқарылушы объектіні статикалық, дәстүрлі күйден серпінді, прогрессивті күйге, аз болжамдыдан - алдын-ала болжамдыға, өткір жанжалдыдан - шешімді жанжал жағдайына көшіру; бұл - қоғам мен тұлғаның бостандықтарын ұлғайтуға жағдай жасай және т. с. с. Сонымен, қазіргі заманғы Ресейді мемлекеттік басқару алдында жаһандық әлеуметтік-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген мәселелер, сондай-ақ нақты - ел үшін ұтымды модернизациялауды жүзеге асыру жоспары. Ірі әлеуметтік топтар-таптарды және өздерін әр түрлі мәдениетпен (негізінен орыс православиясы мен мұсылмандық) ерекшелейтін басқа да қауымдастықтарды, батысеуропалық ырықты құндылықтарға бет алған және кеңестік социалистік құндылықтарды ұстанатын халық топтарын басқару кешенді мәселелерді шешумен байланысты. Алғы шепте - мемлекеттік бірлікті сақтау мәселелері.

Жоғарыда айтылғанды қорыта келе, Н. И. Глазунова ерекше назар аударған, мемлекеттік басқаруға тән мынадай қасиеттерді ажыратуға болады:

  1. Мақсатты, ұйымдастырушы және реттеуші ықпалдар субъектісі - мемлекет. Нақты тарихи уақыттағы мемлекеттік басқару сипаты мемлекет дамуының сипатымен, конституциялық негіздерімен (қағидаттарымен) анықталады. Мемлекет ми орталығы ретінде күш - қоғамдық ағзаның өзінше бір «жүйке жүйесіне» -мемлекеттік басқаруға бұйрықтар береді.
  2. Мемлекеттік басқару билік өкілеттіктеріне сүйенеді және бүкіл қоғамға (мемлекет жүргізетін халықаралық саясат шектерінде басқа да қоғамдастықтарға да) таралады. Мемлекеттік билік белгілейтін заңдар, өзге де нормативтік құқықтық талаптар - жалпыға міндетті, мемлекет күшінің беделімен қамтамасыз етеді.
  3. Мемлекеттік басқарудың ерекшелігін басқарумен қамтылатын қоғамдық құбылыстардың сипаты мен көлемі құрайды. Мемлекеттік басқару ортасында - ортақ істерді шешу, барлық азаматтардың іс-қимылдарын үйлестіру, ортақ мүддені қорғау, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың емес, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру.
  4. Мемлекеттік ықпалдың әдістері мен құралдары кешенін құқықтық, саяси, экономикалық (реттеу, үйлестіру, сендіру, ынталандыру және т. с. с. ) ғана емес, құқыққорғаушы мемлекеттік органдардың күштерінің көмегімен мәжбүрлеу де құрайды. Мемлекеттік билік пен басқарудың бастауында құқықтық және саяси заңдылық, ал іске асыруда - мәжбүрлеу құралдарына да ие мемлекеттік аппараттың күші бар.

Осы автордың кең мағынасында мемлекеттік басқару жүйе ретінде мемлекеттік билікті тікелей жүзеге асыруды: саяси-мемлекеттік шешімдерді қабылдау және оларды жүзеге асыру, қоғамда құқық заңдылығы мен әділ соттың бұлжымауын бақылауды білдіретіндігі туралы ереже назарға лайық. Мемлекеттік басқару субъектісі мемлекеттік биліктің заңшығарушы органдары, мемлекеттік биліктің атқарушы органдары, сот және прокуратура органдары болады.

Мемлекеттік басқару - бұл сонымен бірге мемлекеттің өзіне және мемлекеттің ұтымды қызметімен қамтылмайтын қоғамдық үрдістердің кездейсоқ реттеуіштері әрекет ететін жалпы әлеуметтік жүйеге қатысты өзін-өзі басқару.

Ғылыми әдебиетте және мемлекеттік органдардың іс-тәжірибесінде «мемлекеттік басқару» ұғымымен қатар «мемлекеттік реттеу» ұғымы пайдаланылады. Мұнда олардың елеулі мағыналық айырмашылығы меңзеледі. Неолибералдардың көзқарасы бойынша, жоғарыда аталғандай, мемлекеттік реттеуге өте-мөте шектеулі дәрежеде жол беруге болады, мәселен, экономиканы, бірақ эконоиканы және басқа әлеуметтік үрдістерді мемлекеттік басқаруға жол берілмейді. Көптеген ресейлік экономистер өздерінің қазіргі көзқарастарын кеңестік дәуірде үстемдік еткен түсініктерге қарама-қарсы қоя отырып, «экономиканы басқару» ұғымынан оны «экономиканы реттеу» ұғымымен ауыстырып, бас тартты.

Біздің түсінуімізше, «реттеу» мен «басқару» ұғымдарын қарама-қарсы қою олардың мағыналық мазмұны тұрғысынан алғанда мүлдем дұрыс емес. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне сәйкес, «реттеу» терминінің мағыналарының бірі - басқару, жетекшілік ету. Сонымен қатар бұл термин:

а) қажетті нәтижелерге жету мақсатында қайсыбір нәрсеге ықпал етуді;

б) қандай да болмасын әрекетті белгілі бір ережелерге бағындыруды білдіруі мүмкін.

Терминдердің семантикалық түсіндірмесі оның тілдегі, саяси тұрғыдан алғанда тіпті, қазіргі заманғы қолданысына үнемі сәкес келе бермейді. Алайда ол қарастырылып отырған теминдерді синонимдер ретінде түсінуге дәлел болады. Я болмаса, айталық, «реттеу» терминімен басқарушы ықпалдың бір түрін, немесе басқару нысанын, немесе оның сәтін белгілеу мағынасында. «Реттеу» ұғымын түсіндіруде ғылыми тілде бекітілген жүйенің басқарушы субъект белгілеген ережелер (регламент) шектерінде әрекет етуінің ішкі механизмдерін ескеру қажет, бұл оның тұрлаулылығын қамтамасыз етеді.

Ал «басқару» ұғымы болса, жүйеге көбінесе сыртқы (субъектіден шығатын) ықпалды, жүйенің өздігінен дамуының белгілі бір бағыттылығын сақтау мен ынталандыру факторы болып табылатын ықпалды білдіреді. Реттеу жүйенің ішкі заңдылықтары мен механизмдерінің кездейсоқ қызметіне қажетті жағдайларды жасауды көздейді. Мысалы, жанжалдардың алдын-алу немесе келіспеуші тараптарды ымыраластыру үшін. Басқару жоспарланған нәтижелерге (жүйені өзгерту, жанжалдарды бітістіру және шешу және т. б. ) жету үшін мемлекеттік институттардың іс-қимыл әдістері мен құралдарын таңдауды немесе мақсатты пайдалануды, сондай-ақ технологияларын әзірлеуді білдіреді. Талданбалы ұғымдардың мағыналық айырмашылықтарындағы аталмыш ерекшеліктерді ескермеуге болмайды, сондай-ақ оларды асыра сипаттауға, мұндай түсінікте қарама-қайшы саясат құру жаңсақтық болар еді.

Әкімшіліктік құқық жөнінен маман-ғалымдардың ойы дұрыс: мемлекеттік басқару мен мемлекеттік реттеудің арасында «мақсаты жағынан қағидаттық айырмашылық жоқ». Оған қоса, өзінің мәні жағынан реттеу - мемлекеттік басқарудың міндетті элементі, оның қызметтерінің бірі. Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік реттеудің айырмашылығы «айтарлықтай дәрежеде шартты», өйткені, басқара отырып, мемлекет реттейді, ал реттей отырып, басқарады.

Әлеуметтік басқару теориясы қоғамдағы адамдардың іс-әрекеттерін реттеу механизмдерінің екі түрін анықтап, сипаттап берді: саналы (ұтымды) және стихиялы реттеу. Саналы реттеу дегеніміз әлеуметтік, соның ішінде мемлекеттік басқару. Стихиялы механизмнің мәні әлеуметтік субъектілердің іс-әрекеті мен қызметі үрдістерін мемлекеттік я қайсыбір басқа басқарушы күштердің араласуын қажет етпейтін, кездейсоқ, өздігінен (автоматты түрде) реттелуінде. Бұл, мәселен, реттеуші бәсеке механизмі бар еркін деп аталатын нарық. Біз «аталатын» деуіміз - шындығында дамушы елдердегі нарық негізінен басқарылмалы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және бюджет комитеті
«Жергілікті өзін-өзі басқару және оны жетілдіру жолдары»
Қаржылық менеджменттің механизмі
Муниципалдық басқарудың аймақтық негізі
Оқу бағдарламасын басқарудағы автоматтандырылған бағдарламаны қолдану
Бөлшектік сатып алудың ақпараттық ағыны
Мемлекеттік сатып алуларды басқарудың ақпараттық жүйесін жобалау және құру
Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі
Қазақстанның жергілікті басқару органдар жүйесін модернизациялаудың стратегиялық приориттері мен саяси механизмдері
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz