Қазақ тілді хабарламалардың зерделенуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Жұмыстың тақырыбы: Танысу хабарламаларының коммуникативті прагматикалық тиімділігі

Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сәйкес кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың көлемі:

Жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны -

Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: лингвомәдениеттану, коммуникативті, дискурс, жарнама, прагматика

Зерттеу нысаны: Танысу хабарламаларының жанрлық жіктелуі, қазақ тілінде жарияланған танысу хабарламалары, олардың прагматикалық тиімді тілдік бірліктері.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Танысу хабарламаларының жанрлық ерекшеліктерін анықтау, қазақ тіліндегі хабарламаларды жинақтау, олардың мазмұндық, құрылымдық, тілдік тұрғыдан өзгешеліктерін табу, прагматикалық жағынан тиімділерін көрсету.

Жұмыстың мазмұны: Жұмыстың кіріспесінде еңбектің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны айқындалады. Еңбектің пәні, өзектілігі, еңбекте қозғалып отырған мәселелердің ғылыми маңыздылығы сипатталды. Снымен қатар дерек көздері көрсетілді.

Жұмыстың бірінші тарауында танысу хабарламаларының жанрлық ерекшеліктері, олардың әлемдік лингвистика біліміндегі теориялық негізі талданады.

Жұмыстың екінші тарауында қазақ тіліндегі танысу хабарламалары жинақталып, коммуникативті прагматикалық тиімді тілдік бірліктер зерттелді.

Жұмыстың нәтижелері: Танысу хабарламларының коммуникативті прагматикалық тұрғыдағы тиімді тілдік бірліктері анықталып, халық танымы негізінде зерттеліп талданды. Танысу хабарламаларын жазудағы қазақ халқының менталдық ерекшеліктері анықталды.

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. Танысу хабарламаларының лингвомәдени аспектіде қарастырылуы . . .

  1. 1. 1 Танысу хабарламаларының жанрлық ерекшеліктері . . .

1. 2 Әлемдік ғылымдағы танысу хабарламаларының теориялық негізі . . .

2. Қазақ тілді хабарламалардың зерделенуі . . .

2. 1 Танысу хабарламаларындағы тиімді коммуникативті прагматикалық бірліктер . . .

2. 2 Танысу бұрыштарындағы хабарламалар ұлт танымын көрсете ала ма? . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Пайдаланылған сөздіктер тізімі . . .

Кіріспе

Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы. ХХ ғасырдың соңындағы лингвистика ғылымының дамуы барысында тұлғаның тілдік әрекетін зерттеуге баса назар аударылды. Өйткені халықтың ойлау ерекшелігі, сыртқы әлемді қабылдау жүйесі, ортаны танудағы этникалық ұстанымы жеке тұлғаның көзқарасы арқылы танылады. Сөйлеушінің әрекеті өз бойына жеке ерекшеліктерімен қатар, ұлттың лингвомәдени, танымдық дүниесін жинақтайды. Осыдан келіп ХХІ ғасыр ғылымының басты сипаттамасын көрсетуге болады. Ол: ғылымның әр түрлі салаларының араласуы. Нақты дәлелі ретінде адамның әрекеті мен оның нәтижесін бойына жинақтаған мәдени зерттеулердің гуманитарлық салаларда жүргізілуін көрсете аламыз. Қазіргі күнде тіл мен мәдениеттің тоғысуынан шыққан лингвомәдениеттанудың қалыптасып дамуы байқалады. Лингвомәдениеттану таным және одан туындайтын концепт, кейін концептінің қолданылатын аймағы тіл немесе сөйленіс жүйесінде қарастырылады.

Мәдениет жеке тұлға мен жалпы халықтың құндылықтар жүйесін анықтайтын күрделі құбылыс болса, ол халықтың тілінде көрініс табады. Сол себепті күнделікті коммуникациядағы тілдің қызметін зерттеу арқылы когнитивтік және тілдік құбылыстар арасындағы байланысты орнатуға көңіл бөлініп жүр. Лингвистиканың салалары мен басқа да байланысты пәндер аясында дискурстық әрекеттің әр түрлі аспектілері зерттелуде. Өйткені дискурс - күнделікті коммуникациялық байланыс негізінде жүзеге асатын сөйленіс. Тілдік әрекет барысындағы дискурсты зерттеу оның саяси, ғылыми, жарнамалық т. б. сынды жеке түрлерін ажыратуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда жарнама саласы қарқынды дамып келеді. Сондықтан лингвистердің жарнамалық дискурске көп назар аударулары да заңдылық. Өйткені басылым беттерінде, ғаламторда ұлтаралық коммуникациялық актіге түсудің бірден-бір құралы ретіндегі танысу хабарламалары жарыса жарық көруде. ХІХ ғасырдың соңында Англияда жарық көре бастаған танысу хабарламаларын бүгінде әлемнің барлық елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарынан кездестіруге болады.

Аталмыш еңбек жарнамалық дискурстың бір жанры - танысу хабарламаларының мәтіндерін жан-жақты зерттеуге бағытталған. Олардың жанрлық ерекшеліктері, құрылымдық, мазмұндық жағынан саралануы, өзге тілдегі хабарламалардан этникалық айырмашылықтары туралы зерделенді. Зерттеу барысында қазақ тіліндегі басылымдардан («Ақ босаға» газеті, «Қазақстан әйелдері», «Жұлдыз жорамал» журналдары) ер адамдар мен әйел адамдардың танысу хабарламалары жинақталып, кері жыныстыларға үлестірілді. Олардың таңдаулары бойынша танысу хабарламалары бірнеше топқа бөлініп, ең көп таңдалған он хабарлама тілдік жағынан толық талданды. Сол арқылы қазақ халқының менталдық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік алдық.

Қазақ тілінде танысу хабарламаларының табиғатын зерттеуге арналған еңбек жоқ. Ал орыс тілінде Образцова Е. В., Минакова О. В., Садыкова Н., Гагарская Е. А., Акулова Е. В., Черкасова И. С, Белянин В. т. б. ғалымдардың еңбектері жарық көрген.

Бітіру жұмысының өзектілігі. а ) Коммуникациялық актінің жүзеге асуының құралы - танысу хабарламалары бұрын қазақ танымы тұрғысынан талданбаған. Халық санасында қабылдануы, мәтіндерінің ұлттық ерекшеліктері туралы зерттеу еңбектері жазылмаған.

ә) Танысу хабарламалары жарнама мен хабарламалардың жанрлық ерекшеліктерінің басын біріктірген жарнамалық коммуникацияның ерекше тілдік жанры екені даусыз. Лингвистикалық ойлау мен олардың типтері мен түрлерін анықтау барысында әр түрлі мәтіндерге назар аудару қажет, сонымен бірге лингвистиканың кей салаларында адамның тілдік әрекеті барысындағы коммуникативтік және когнитивтік ерекшеліктерін сипаттау зерттеу объектісі болып табылады. Ал ондай ерекшеліктерге ие мәтіндер, әрине, танысу хабарламаларының мәтіндері.

б) Танысу хабарламаларының авторлары - жеке тұлғалар. Аталмыш жанр қолданғысы келген адам үшін қол жетімді. Яғни тілді қолданушы қарапайым адамдардың санасындағы стереотиптік елестетулердің көрініс табуы мен когнитивтік механизмдердің қалыптасуын сараптау барысында танысу хабарламаларының мәтіндері тиімді, әрі ыңғайлы.

Бітіру жұмысының пәні. Жарнамалық дискурстың жанрлық сипаттамасы және танысу хабарламалары мәтіндерінің талдануы, қазақ санасының, танымдық, менталдық ойлау жүйесінің танысу хабарламаларынан көрініс табуы.

Бітіру жұмысының нысаны. Танысу хабарламаларының жанрлық тұрғыда талдану. Қазақ тіліндегі танысу хабарламаларының мәтіндері мен олардың ерекшеліктері, қазақ халқының менталдық өзгешеліктері

Бітіру жұмысының мақсаты - қазақ тіліндегі танысу хабарламаларының мәтіндік ерекшеліктері мен құрылымдық, мазмұндық, прагматикалық, тілдік жағынан өзгешеліктерін анықтау, прагматикалық тиімді тілдік бірліктерді анықтау, олардың халық санасындағы көрінісін ашу. Аталған мақсатқа жету үшін мынадай зерттеу міндеттері тұжырымдалды:

  • Қазақ баспасөз беттерінен танысу хабарламаларын жинақтау;
  • Оны қарсы жыныстыларға тарату арқылы тілдік жағынан тиімді дегендерін анықтау;
  • Прагматикалық жағынан тиімді танысу хабарламаларының мәтіндерін тілдік жағынан толық талдау;
  • Аталмыш мәтіндер арқылы қазақ санасының менталдық ерекшеліктерін, танымдық қасиеттерін анықтау.

Зерттеу жұмысының әдістері . Зерттеу әдістері жұмыстың алдына қойған мақсат­міндеттеріне байланысты айқындалды. Зерттеу барысында сауалнама, тілдік саралау, мәтіндік-семантикалық талдау, когнитивті және дискурстық анализ әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының материалы ретінде «Ақ босаға» (2008-2010жж. ) газетінде, «Қазақстан әйелдері» (2008-2010 жж. ), «Жұлдыз жорамал» (2009-2010жж. ) журналдарында жарияланған танысу хабарламалары алынды. 31 ер адам мен 68 әйел адамның танысу хабарламалары жиналды. Олар кейін тілдік тұлғаларға таратылып, ең тиімділілері талданды. Орыс тілінде ғана беріліп жүргендіктен ғаламтор материалдары алынбады. Сонымен қатар құрылымдық, мазмұндық жағынан талдау барысында орыс тілді «Из рук в руки», «Всё для Вас» «Сегодняшняя газета» сынды басылым беттеріндегі хабарламалар да аударылып пайдаланылды.

1. ТАНЫСУ ХАБАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІДЕ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ

Танысу хабарламаларының мәтінінде әр халықтың менталдық ерекшеліктері, коммуникативтік белсенділіктері көрініс тапқан. Бүгінгі күнде танысу хабарламаларын ғалымдар лингвомәдени аспектіде зерттеуде.

Белгілі ғалым Э. Бенвенисттің «тіл, мәдениет және жеке адам үштігі (триада) негізінде басқа бір линвгистика тууы мүмкін», - деген ұшқыр ойы ХХ-шы ғасырдың соңғы онжылдығында қалыптаса бастаған жеке дербес линвистикалық мәдениеттану пәнінің пайда болуының болжалы сияқты. Аталмыш термин В. В. Воробьев пен В. Н. Телияның зерттеулерінің нәтижесінде қалыптасты.

Тілдік жүйенің құрылымына тереңдеп барудың ұлттық тілдің табиғатын шынайы танудың бір жолы - тілдік таңбаларды, оны құрайтын элементтерді олардың мазмұндық жағы мен тұлғалық жағын тілдің өз заңдылықтары негізінде қарау болса, екінші жолы - оларды тілдік емес мәнділіктермен, яғни ақиқат өмір, ойлау, танымдық тұрғыда бір-бірімен тығыз қарауда болмақ. Осы тұрғыда алғанда, тілдік бірліктер (лексика-фразеологиялық жүйе) ақиқат өмірді, ойлау мен тілді ұштастыратын категория ретінде танылады. Лингвомәдениеттану - лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халықтың мәдениетінің тілге әсер етуін зерттейтін ғылым.

Тіл мен мәдениеттің өзара әсері және байланысын қарастыратын ғылым саласы жоғарыда көрсетілген анықтамамен берілгенімен, аталған мәселе бүгінгі күннің жаңа бағыты емес. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет көтерген ғалымдар Я. Гримм, Р. Раск, А. А. Потебня. Бұл проблеманың қайнар көзі - В. Фон Гумбольдттың ғылыми еңбектері. Оларда ғалым мынандай ғылыми ой-тұжырымдар жасайды: 1) материалдық және рухани мәдениет тілге әсер етеді; 2) кез келген мәдениет ұлттық нышанға ие, бұндай сипат тілдік жүйеде айқын көрінеді; 3) тіл - адам және қоршаған ортаны жалғастырушы буын; 4) «халықтық рух» пен мәдениеттің белгісі - ішкі форма тілге тән. Лингвистикалық мәдениеттану коммуникативтік үдерістер, оларда қолданылатын тілдік бірліктердің ұлттың мәдениеті және менталитетімен байланысын зерттейді.

Лингвомәдениетану бағытының басты қызметі - мәдени ақпаратты танытатын және сол мәдениетті қалыптастыратын адамзаттың тіліндегі мәдени мазмұнды бейнелейтін тілдік таңба табиғатын зерттеу. Негізгі зерттеу нысаны - символдық, эталондық, стереотиптік, бейнелі метафоралық мәнге ие болған бүтін мәдени мазмұнды бейнелей алатын денотаттық сипаты басым тіл бірліктері мен таңбалар, яғни лингвомәдени бірліктер. Лингвомәдени бірліктер ұлттың болмысын, ерекшелігін, сол ұлттың өзіне тән ой өрісі мен мінез-құлқын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, менталитеті мен басқа ұлттан ерекшелігін байқататын тілдік бірліктердің мағынасы арқылы сол атауға таңбаланған бейне мен ситуация мазмұны арқылы анықталады. Яғни лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара әсері мен арақатынасы, тілдегі рухани және материалдық құндылықтардың көрінісі, яғни адам еңбегінің нәтижесінде пайда болған құндылықтарды зерттейді. Бұлардың бәрі жинақтала келе әлемнің тілдік бейнесін құрайтыны белгілі. Лингвомәдениеттанудың міндеті - тіл мен мәдениеттің, тіл мен этностың, тіл мен ұлттық менталитеттің арақатынасын сипаттап, зерделеу болып табылады.

Лингвомәдениеттануда тіл мен мәдениетті тұтынушы ретінде адам маңызды орын алады. Оның аялық білімі, мінез-құлығы мен тәртібі, ұстанымдары мен дүниетанымы белгілі бір мәдениеттің өкілі ретінде оны басқалардан ерекшелендіріп тұрады. Сол себепті лингвомәдениеттануда адам факторына маңызды орын беріледі.

1. 1 Танысу хабарламаларының жанрлық ерекшеліктері

Тіл мен мәдениет - қоғамның, оның әлеуметтік дамуының жемісі. Тіл халықтың рухани және материалдық байлығын игерудің құралы, мәдени байлық тілде көрініс табады, қоғамның әр кезеңінде адам қолымен жасалған мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, баға жетпес ескерткіш те болып саналатыны тіл білімінің антропоценистік бағытына сәйкес анықталған шындық [1, 18] . Ал коммуникативтік дегеніміз - эмотивтік (әсерлік, сезімдік), яғни мазмұны коммуникативтік емес айтылымдарды құрайтын мұң, қуаныш және басқа сезім сөздерінен айырмашылығы хабардың өзіне зерделік мазмұнды жеткізуші ретінде қарауында [2, 8] .

Екі немесе одан да көп адамның сөйлесіп, түсінісуі, біреудің біреуге, не басқаларға ақпарат жеткізуін коммуникация десек, танысу хабарламаларын жариялаудағы коммуниканттардың (лат. сommunicare қарым-қатынас жасау) мақсаты да коммуникацияға, дәлірек айтсақ, коммуникативті актіге (лат. communicatio хабарлама, хабарлау және actus іс-қимыл) түсу екені мәлім.

Коммуникативті акт дегеніміз - белгілі бір ойды баяндау және хабар алмасу, оған кем дегенде екі адам, демек, хабарлаушы мен қабылдаушы қатысады. Лингвистикалық атаулардың сөздігінде хабар берушіні трансмиссор, ал хабар қабылдаушыны реципиент, сол сияқты хабарды жіберушіні - адресант, экспериент, сөйлеуші және қабылдаушыны - адресат, тыңдаушы деп те атайды. Белгілі ғалым А. Байтұрсынов хабар жіберушіге қатысты «баяншы» атауын қолданады. Коммуникация еңбек ету мен танымдық процесс барысында адамдар арасында болатын қарым-қатынастардың ерекше бір түрі. Жануарлар коммуникациясына қарағанда адардардың коммуникациясы тілге негізделген. Коммуникация коммуникативті актілерден құралады. Коммуникацияның бастапқы және соңғы кезеңдері ұлт тілінің құралдары арқылы жасалып, ішкі сөйлеу механизміне, оның тереңде жатқан құрылымдарына тәуелді болады. Ұлттық тіл ерекшеліктері жалпы адамзатқа тән мағына жасау жүйесіне бағынышты болады. Коммуниканттар араласуында сөздік (вербальды) емес бөліктер де, (мысалы: ым, қимыл, мимика т. б. ) қолданыс табады [3, 106] .

К. Ф. Седов тілдік тұлғалардың коммуникативтік байланысындағы сөйлеу әрекетінің екі негізгі белгілерін атап көрсетеді. Олар: симметриялық және асимметриялық. Алғашқысы коммуникацияға түсушілердің әлеуметтік деңгейінің теңдігімен ерекшеленсе, екіншісі сөйленіске қатысушылардың қоғамдағы орнының әр келкілігімен сипатталады. Күнделікті тілдік қарым-қатынас барысында тілдік тұлға әрекет белгісінің бір стереотипін келесіге ауыстыра алады.

Танысу хабарламаларын жазу барысында автор алдына белгілі бір коммуникативтік мақсат қояды. Көбіне өз көңіліне жақын адаммен танысып, жақсы қарым-қатынас (көбіне отбасылық) орнату мақсатын көздейді. Ал мақсатқа жету үшін коммуникативтік актіге түсіп, сол актінің жалғасы ретінде адресаттың мінез-құлқын, өмірлік ұстанымын, білімдік деңгейін тану процесі жүзеге асады.

Хабарламалардың тілдік бірліктерін дұрыс таңдай білу прагматикалық тиімділікке әкеледі. Ал прагматика (грек. pragma, барыс септік, pragmatos - іс-әрекет) дегеніміз - семиотика мен лингвистиканың саласы. Прагматика тілдегі белгілер қызметін зерттейді. Прагматика терминін ХХ ғасырдың 30 жж. Ч. У. Моррис енгізген. Ол семантиканы белгілер мен объектілер қатынасы (семантика), белгі аралық қатынастан (синтактика) және сөйлеушілердің белгілерге қатынасы (прагматика) деп бөледі. Прагматиканың лингвистикалық зерттеу саласына айналуы 60-70 жж. Ч. С. Пирс идеяларынын кейін басталады. Оған әсер еткен Дж. Остин, Дж. Р. Серл, З. Вендлердің логико-философиялық сөйлеу актілері туралы теориясы П. Грайстың мағыналардың прагматикалық теориялары және Л. Линский, Серл, П. Ф. Строссонның референцияның прагматикалық теориясы болатын. Лингвистикалық прагматиканың нақты белгіленген шекарасы жоқ, оған сөйлеуші субъект пен адресаттың (тыңдаушының) ара қатынасынан туындайтын мәселелер кіреді. Субъектіге байланысты мынадай мәселелер қарастырылады: 1) айтылудың мақсаты (жасырын түрде не ашық түрде болатын), мыс: бір хабардың, пікірдің, сәлемнің, шағымның, уәденің т. б. айтылуы; 2) сөйлеудің тактикасы мен түрлері; 3) әңгіме өткізу ережелері: бірге қызмет ету жағдайындағы шындықты айту, бұл ережелерді Грайс ұсынған. Оларды әңгіме жүргізу ережелері деп атайды; 4) сөйлеушінің ниеті немесе айтылған сөздің прагматикалық маңызы; сөздің жанама мағынасы, тұспалдар; 5) сөйлеушінің референциясы, яғни оның, ниетіне байланысты болмысты белгілеуі; 6) прагматикалық прессупозициялар; тыңдаушының жалпы біліміне, хабардар болуына, оның ықыласын, көзқарасы мен пікірін, психологиялық жағдайын, мінез-құлқын, түсіну қабілетін айтушы адамның бағалауы; 7) сөйлеушінің айтып тұрған хабарға көзқарасын, хабар маңыздылығын (шындық не өтірік, мысқыл, көп мағыналылығы) бағалау.

Тыңдаушыға байланысты мәселелер: 1) айтылған сөзден тұжырым жасау (тікелей мағынасын жанама мағына іздеу - контекст, прагматикалық жағдай және пресуппозиция) ; 2) сөздің тыңдаушыға әсері, прелукативті әсер: адресаттың хабардар болуы, эмоциялық күйі мен көзқарасының өзгеруі, эстетикалық әсері және т. б. ; 3) әсерге жауап ретіндегі әрекеттер (тікелей не жанама реакция, мыс., жауап беруден бас тарту әдістері т. б. ) . Байланыс жасаушылар арасындағы қатынастарға байланысты зерттелетін мәселелер: 1) тілдің қатынас түрлері: диалог, достық әңгіме, дау-жанжал т. б., 2) сөйлесудің әлеуметтік-этикалық қыры, әңгіме құру стилі; 3) сөйлеушілердің дәрежелік ара қатынасы - арыз және бұйрық т. б.

Жазбаша формадағы газет мәтіні біріншіден, осындағы адресанттың прагматикалық ұстанымын жеткізуші көп қырлы, терең мәнді, имплицитті түрде жеткізілетін астарлы ойға құрылған күрделі прагматикалық бірлік ретінде алынса, екіншіден, социум мүшесі болып табылатын адресатқа психика-эмоционалды тұрғыдан әсер ететін, сөйтіп белгілі бір дәрежеде оның әлеуметтік мінез-құлқын реттеуге қатысатын маңызды прагматикалық құрал ретінде қарастырылды. Өйткені кез келген мәтіннің прагматикалық аспектісі айрықша маңызға ие. Сөйлеу актісінде бұл тіл ұстанушының тілдік бірліктерді өз түпкі ниетіне сай етіп іріктей білуі, қай сөзге баса мән беретіндігі, өз сөзінің тыңдаушыға қандай дәрежеде әсер етуін көздейтіндігі, соның нәтижесінде адресаттың қандай да бір әрекеттерге баруына түрткі болатындығы, сондай-ақ айналадағы адамдарға өз сөзі арқылы өзін белгілі бір қырынан таныстыруға, көрсетуге тырысатындығы т. б. барлығы жинала келе оның түпкі ойының аудиторияға дұрыс, дәл, нақты күйінде жеткізілуін қамтамасыз етеді. Ғылыми тілмен айтқанда, мұны мәтінде алуан түрлі тәсілдермен кодталған ақпараттың адресат тарапынан дұрыс ашылып, адекватты түрде қабылдануы деуге болады.

Алғаш Ч. Моррис еңбегінде сөз болған прагматика мәселелеріне Ю. С. Степанов, Р. Карнап, А ван Дейк, Д. Ф. Алиференко, Г. Г. Матвеева, О. С. Москальская сынды ғалымдар үлкенді-кішілі зерттеу жұмыстарын арнап, прагматика теориясын дамытуға өзінше үлес қосты. Сонымен қатар А. Г. Баранов, Г. Г. Почепцов, С. А. Сухих, М. М. Молчанова, Т. М. Прохорова т. б. ғалымдар мәтінді прагматикалық тұрғыда зерттеді. Олар автордың объективті болмыс пен оның мазмұндық материалына қатысын қарастырып, прагмалингвистикалық бағытты біршама дамытты. Соңғы сипаттағы зерттеулер функционалдық стиль түрлеріне арналып, көптеген ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді.

Соңғы жылдары тіл ғылымының дербес саласына айналған прагмалингвистиканың алғышарттары қазақ зерттеушілерінің еңбектерінде бастау алғаны белгілі. Атап айтқанда, М. Оразов сөз семантикасының прагматикалық аспектісін қарастырса, А. Алдашева публицистикалық терминдердің прагматикалық ерекшеліктерін, Б. Момынова газеттік лексиканың прагматикалық аспектісін, З. Ерназарова сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісін, Д. Әлкебаева қазақ тілі стилистикасының прагматикасын, С. Аташев бұқаралық ақпарат құралдарының прагматикасын, Б. Хасанов сөздің лексикалық мағынасы мен прагматикасын, Б. Райымбекова қазақ және орыс тілдеріндегі газет мәтінінің прагматикалық аспектісін, Ф. Жақсыбаева газет мәтінінің прагматикалық функциясын қарастырса, Г. К. Ихсанғалиева тақырыпаттарға прагматикалық талдау жасаған. Т. Ш. Мырзахметова тыныс белгілердің, оның ішінде көп нүктенің қолданысын прагматикалық тұрғыдан зерттеген. Ал Р. А. Омарова неміс тіліндегі газеттер материалы бойынша баспасөз дискурсына прагмалингвистикалық талдау жүргізсе, С. Қ. Ережепова орыс және қазақ тілдеріндегі ресми-іскерлік стильдің прагмалингвистикалық аспектісін салыстыра зерттеді.

Сондай-ақ, соңғы жылдары газет мәтінінің жекелеген жанрларына арналған зерттеулер де пайда болды. Мысалы, М. С. Абишева ақпараттық жазбаның (информационная заметка) құрылымы, семантикасы және прагматикасын диссертациялық деңгейде арнайы қарастырған.

Зерттеушілер прагматиканы коммуникатор прагматикасы және реципиент прагматикасы деп жіктейді. Мәтінді түзуші коммуниканттар өз мәтінімен бірге сол кезеңге, нақты ситуацияға, белгілі бір тілдік контекске, қандай да бір тілдік жүйеге тән алуан түрлі мәтіндерді де интерпретациялаушы болып табылады. Өз хабарламасының екіжақты түсінілуі мүмкін екендігін білетін коммуниканттар айтылымда осы екіжақтылықтың болуын жөн көріп, ойын соған бейімдейді немесе онда екі ұштылықтың болмауын көздеп, мәтіннің бір ғана мәнде түсінілетіндей болып құрылуын қадағалайды [4, 19-20] . Сонымен қатар прагматика - адресатқа жақсы әсер ету мақсатындағы тілдік бірліктерді жинақтаумен айналысады. Мақсаты бағытталған ой өз бойына тек мағынаны жинақтамайды, белгілі бір әсер ету процесіне негізделеді. Адресант өз мақсатын айтады, ал адресат сөйлеушінің ниетін аңғарып, соған сәйкес жауап беруі шарт, яғни сөйлеуші мен қабылдаушы арасында перлокутивті акт жүзеге асады. Адресант адресатқа жағымды әсер ету мақсатында тілдік бірліктердің тиімділерін таңдайды. Сөйтіп, прагматиканың әсер етуші функциясы жүзеге асады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
ӘДЕБИ СӨЙЛЕУ НОРМАЛАРЫ
Түркі халықтарының ортағасырдағы әлеуметтік-саяси, мәдени жағдайы
Үш тілде оқыту туралы
ОҚУШЫЛАРДЫ КӨПМӘДЕНИЕТТІ ОРТА АРҚЫЛЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ж. Баласағұнның дүниетанымының идеялық негіздері
Концепт ғаламның тілдік бейнесінде көрініс табатын тілдік құбылыс
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Лингвистика - тіл туралы ғылым
Сот жұмысының ұйымдастырылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz