Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі : Адам баласы көне замандардан тылсым сырларды ұғынып, білуге ұмтылған. Қоршаған дүниенің жасырын сырларын білмегендіктен, өзіне белгісіз заттың барлығына құдай немесе ұлы күш ретінде табынған. Әр затқа табына отырып, оны ұғыну мақсатында өз түсініктерін жүйелеп, әрқайсысын түрлі аңыз-әңгімелерге арқау етіп алып, тұтас топтамалық сипат берген. Міне, осы тұрғыдағы құдайлар мен алыптар туралы миф (таңғажайып сарындағы әңгімелер) ескі грек, рим халықтарында көп болған. Ал өз халқымыздың мұралары негізінен қарастырсақ, отқа, суға, күнге, айға табыну барысында қалыптасқан ұғым-түсініктер мен осы бағыттағы әңгімелер қаншама?!
Заман өтіп, ақыл-білім толысқан сәтте, табиғаттағы құбылыстардың түгел дерлік алапат күш емес, табиғат заңдылығына байланысты қалыптасып, дамып тұратын орта көріністері екендігін түсінді. Сондықтан олар жайындағы әңгімелер бұрынғы мағынасын жойып, кейінгі айтушылардың аузында ертегі болып кеткен. Өмірде болмайтын істер, қиялдың көтеріп суреттеген әңгімелері деп танылған. Қазақ ескілігінде кездесетін жалмауыз, диуаналар, мыстан кемпірлер, араласқан әңігімелердің барлығы да сондай қиялдардың табысы.
Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілігінің көрінісі сақталады. Белгілі бір ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін оның фольклорлық мұралары. Қазіргі таңда фольклор мұралары қай елде болсын ұлттық-мәдени болмыстың айқын көрініс табатын тармағына жатады, әр халықтың өмірінен, мәдениетінен қызықты деректер береді.
Ал қазақ фольклорын жинау, жариялау, аудару кеш қолға алынғандықтан, бұл салада атқарған істерімізден гөрі, қолға алып қарастырмағанымыз анағұрлым басым екені анықталып тұр. Соның бір көрінісі - қазақ фольклоры, соның ішінде ертегі үлгілерін жинау, жариялау және аудару мәселесінің жүйелі атқарылмауы. Қазіргі кезде қазақ ертегілерін аударудың маңызы мен мәнін, қызметін зерттеу әдебиеттің қалыптасу кезеңдері жайында мағлұматтар жинақтау үшін аса маңызды. Сол себепті біз поэтикалық элементтерді, релийлерді, атауларды қазақ ертегілерінің ең маңызды бөлігі деп қарап, олардың орыс тіліне дұрыс аударылуын арнайы зертттеудің қажеттілігі жетерлік.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Диссертациялық жұмыстың мақсаты- қазақ ертегілерінің орыс тіліне аударылу тарихы мен тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, ертегілердің мәдениетарлық коммуникациядағы қызметін көрсету.
Зерттеу барысында мынандай міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасындағы ертегілерге қатысты материалдары жинау, саралау, сараптау.
- Қазақ ертегілерін жинаған, зерттеген ғалымдардың еңбегін жүйелеп, оларды салыстырып, текстологиялық талдау жасау.
- Мерзімді баспасөз бетінде жарияланған ертегілердің аударма варианттарын саралау.
- Ертегеілердің жанрлық, құрылымдық ерекшеліктерін көрсету. Олардың аударудың тәжірибесін зерделу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Қазақ фольклортану ғылымында ертегілердің жанрлық ерекшеліктеріне қатысты мәселелер сөз болғанымен, оларды аудару жайы жүйелі сөз болған емес. Қазақ ертегілерінің орыс тіліне аударылуы жанрлық тұрғыдан алғаш рет жүйелі түрде қарастырылды. Ертегіні аудару кезінде жіберілген кемшіліктер жүйеленіп, нақты мысалдар арқылы көрсетіледі. Орыс тіліндегі аудармаларда қазақ ертегілерінің өзіндік ерекшеліктерінің берілу сапасы анықталды.
Диссертациялық жұмыстың методологиялық негіздері: Диссертатиялық жұмыс жазу ісінде орыс және қазақ фольклористика ғылымының көрнекті өкілдері: В. В. Радлов. Г. Н. Потанин, А. Алекторов, Н. Пантусов, А. Васильев, Ә. Диваев, А. Тацак, т. б., сонымен қатар қазақ фольклортану ғылымының белгілі өкілдері: Ш. Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, М. Ғабдуллин, Н. С. Смирнова, С. Қасқабасов, С. Садырбаев, Е. Тұрсынов, Ш. Ибраев т. б зерттеушілердің еңбектері басшылыққа алынды.
Диссертациялық жұмыстың құрлымы. Диссерртациялық жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, зерттеу нысаны мен дерек көздері, зерттеу әдістері, жұмыстың теориялық, әдістемелік, тәжірибелік маңыздылығы, сарапталуы және құрлымы жөнінен мағлұматтар берілген. Бірінші тарауда қазақ ертегілернің жиналуы, зерттелуі, аударылуы жайлы айтылса, екінші тарауда қазақ ертегілерінің түпнұсқаларын орыс тіліндегі аударма мәтіндермен салыстыра талдау қарастырылады.
Зерттеу жұмысының сарапталуы және жариялануы: Зерттеудің нәтижелері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Аударма теориясы мен тәжірибесінің және салыстырмалы әдебиеттанудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда баяндалып, кафедрада алдын ала қорғауда талқыланып, қорғауға ұсынылды. Зерттеудің теориялық мәселелері республикалық ғылыми конференцияларда баяндалып, респубикалық басылымдарда 3 мақала жарияланды.
Қазақ ертегілерінің жиналуы, зерттелуі, аударылуы
Халықтар арасындағы мәдениетаралық коммуникацияға белсенді қызмет етіп келе жатқан әдеби мәтіндердің бірі ертегі екені сөзсіз. Көптеген елдердің ауыз әдебиетінен үлкен орын алатын, ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі - ертегілер. Сол барлық елдер фольклорында «ертегі» деген атау әрі саны мол, әр алуан көп шығармалардың тобына арналған жинақты атау болады. Жалпы барлық ертегілерге тән ортақ ерекшелік - бұлар қара сөзбен айтылатын оқиғалы, көркем әңгіме. Ғажайып хал, қиял әңгімелер түрінде немесе орасан оқиғалы қызғылықты әңгімелер ретінде құрылған ертегінің бәрі де негізінен адамдардың тұрмысы, кәсібі, еңбегі, әлеуметтік тартыстары, тарихымен байланысты болып келеді. Осы аталған адам өмірінің салаларының бәрінен қазіргі ертегілердің түрлері пайда болған, заманға сәйкес өзгеріп, дамып отырған.
Бұл ертегілердің ішінде араласатын заттар ерекше таңғажайып істер істейді. Әр түрлі күйге түсіп құбылады. Төрт көз ит болып, бір уақытта есек болып, бір кезде түлкі болып кететін сияқты жерлері түгелімен осы ерекшеліктерді білдіреді. Ертегінің жері де, мезгілі де белгісіз болады. Бұрынғы өткен заманда болған оқиға. Белгісіз от дариясы, жын, пері мекені, алтын сарай, күміс бәйтерек, аспанда салынған үйлермен келеді. Осы сияқты жай өмірден жат болып жасалатын істер ертегінің дағдысы болып саналады. Ертегі сөздерінің өзіндік белгісі болады. Олардың бәрін ойдан шыққан деп есептеуге болмайды.
Ертегі жанры көркем проза болғандықтан ол танымдық, тағылымдық, тәрбиелік, көркем эстетикалық қызметтер атқарды. Сондықтан ертегілік проза тек шындықты көрсетуді ғана мақсат тұтпайды, ол оқиғаны қиял арқылы барынша әсерлі етіп баяндауға тырысады.
Қазақ ертегілерінің жеке түрлерін талдаудан бұрын, осы бағыттағы зерттеу еңбектерге шолу жасау қажет.
ХІХ ғасырдың бірініші жартысындағы қазақ халқының ауыз әдебиеті туралы ғылымның қалыптасу тарихын бірнеше салаға бөліп қарастыруға болады. Олар а) қазақ фольклорының ерте дәуірдегі және ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы жәй-күйі туралы ой-пікірлер; ә) ауыз әдебиеті үлгілерінің жиналуы және жарық көруі; б) басқа тілдерге (әсіресе, орыс тіліне) аударылу мәселесі; в) фольклордың жазушылардың шығармашылығындағы қолданылуы. [1, 94]
ХІХ ғасырдың бірініші жарытысындағы қазақ фольклорын ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен алғанда тарихи-этнографиялық сипатта болды. Қазақ даласында болған ғалымдар мен саяхатшылар ауыз әдебиетінің үлгілерін халықтың тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен бірлікте алып қарастырады. Осыған байланысты қазақ фольклорының жанрлық жүйесі мен идеялық-көркемдік ерекшеліктернен гөрі, өлең-жырлардың қай жерлерде қандай себеппен айтылатындығы, ақын-жыраулардың өнері молырақ сөз болды. Зерттеушілер өз көзімен көрген жәйттерді, олардан алған әсерлерін қағаз бетіне тез түсірді. Қазақ фольклоры туралы айтылған ой-пікірлерді, бақылау тұжырымдарды солардың еңбектерінен кездестіреміз.
Өткен ғасырдың алғашқы жартысында қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін болған зерттеушілер мен ғалымдардың атқарған тыңғылықты істернің үлкен саласы-халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жүйелеу жарыққа шығару жұмыстары. Бұл кезде ел аузындағы өлең-жырларды, ескі сөздерді жазып алуға айтарлықтай көңіл бөлінді.
Қазақ ертегісін зерттеу жұмысының басы сол ертегілерді жинап жариялаудан басталды. Зерттеушілер негізінен қазақ ертегілерін қазақ тіліндегі айтушылардың аузынан қазақша жазып алып, жинап бастырған. Ал тағы бір зерттеушілер қазақ ертегілерін орыс тіліне аударып орысша жариялаған. Алғашқы нұсқада еңбек еткендер - В. В. Радлов, Ә. Диваев, И. Н. Березин сияқты ғалымдар. Екінші бағытта орыс тілінде қазақ ертегілерін, аңыздарын мол жариялаған адамдар: А. Алекторов, Г. Н. Потанин, А. Васильев, Н. Пантусов. және т. б бірнеше жинаушылар. Орыс тіліне аударып, қазақ ертегілерін, аңыздарын көп таратқан бірталай баспа орындары болған: «Акмолинские обл. Ведомасти», «Оренбургский листок», «Киргизкая степная газета», «Тургайская газета» сияқты орыс тілінде шығатын баспасөз беттерінде орыс оқымыстылары мен қазақ зерттеушілерінің жинаған көп ертегілері мен аңыздары басылған. Ертегілердің өз үлгілерін жариялаумен қатар Шоқан, Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, А. Алекторов сияқты адамдардың қазақ ертегілері туралы айтқан азын-аулақ айтқан пікірлері де бар. Мысалы, Шоқан қазақ ертегілерінің көпшілігінде Афанасьев жариялаған орыс ертегісіне ұқсас әңгімелер көп екенін айтады. Шоқанның бұл пікірін Алекторов та қостаған. Ол қазақ ертегілерінің көбінде солтүстік елдер ертегісімен және шығыс елдер ертегісімен ұқсастық бар екенін айтып кетеді. [2, 314-315]
Қазақ ертегісінің, өзге халықтық ауыз әдебиеті үлгілеріндей, ең мол таралып, ретті түрде жазылып топталып зерттелуі және жариялану кезі Қазан революциясынан кейін ерекше дами бастаған. Қазақ ертегілерінің аса көп мәтіндері арнаулы ұйымдастырылған экспедициялар көмегімен көп жылдар бойында Қазақстанның барлық өлкелерінен жазылып алынып жүрген. Қазақстан Ғылым академиясының Тіл мен Әдебиет институтының талабымен жиналған жүздеген ертегілер қазір қорда сақтаулы тұр. Сол кездері қазақ ертегілері көптеп орыс тілінде жарияланды, басқа тілдерге де аударылды. Қазақ ертегілерінің орыс тіліне аударылған бір тобы 1952 жылы Мәскеуде профессор Сидельниковтың басқаруымен басылып шықты.
Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды деп айтуға болады. Бұл жерде Шоқан Уалиханов, Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, Ә. Диваевтардың айрықша еңбек сіңіргенің айтып кетуге болады. [3, 98]
Осы аталған адамдар сол кезде Орынборда, Омбыда, Қазанда, Астрахань мен Ташкенте шығатын газет-журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырды. Олар жинаған ертегілерді екі тілде: қазақ және орыс тілінде, кейде бір тілде ғана жариялап отырды. Ертегілерді қазақ тілінде шығаратын болса, оның қысқаша мазмұны орысша беріліп отырған. Бұлардың жинаған материалдары өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында «Дала уалаяты» газетінде, «Торғай облыстық ведомасында», «Ақмола облыстық ведомасында», «Орынбор газетінде», «Астрахань газетінде» және т. б. басылып жарық көріп отырған. Қазақ ауыз әдебиетінің, әсіресе ертегілердің көптеген үлгілері Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде жарияланып отырған.
Қазақ халық ауыз әдебиетіне байланысты алғаш ғылыми тұрғыдағы пікір білдіріп, зерттеулер жасаған Шоқан Уалиханов екені белгілі. Бірақ бұл Шоқанға дейін қазақ халық ауыз әдебиетіне байланысты бірде-бір дерек жоқ екен деген пікір емес. Қазақ елін, қазақ жерін зерттеу, білу мақсатымен келген, ұлан ғайыр қазақ даласына тағдыр айдап жолы түскен Европа елдерінің саяхатшылары, ғалымдары, әскерлері мен басқа да зиялы қауым өкілдері қазақ фольклорының шексіз байлығын, көркемдігін, заманалар көшінде байи түскенін, халықтың ғажап дәстүрін айрықша атап өткендігі белгілі ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ еліндегі феодалдық-патриархалдық қоғамның кемшіліктерін сынап, көшпелі халықты менсінбей кемсіте қараған А. Левшиннің өзі қазақ халқының өнерлі болуына таңдана қарап, «адам табиғатынан ақын және музыкант болып туады» деп мойындады. [4, 17] Қазақ даласына табаны тиген кез келген Европаның өкілі бұдан бұрын өзі ешқашан кездестірмеген, еш жерде көрмеген құндылыққа, әншілік, жыршылық, күйшілік, жыраулық, ақындық, шешендік өнерден өмірге келген шексіз бай қазақ фольклорына таңдана, әрі қызыға қараған солар қалдырған жолжазбалар мен қолжазбалардан, күнделіктер мен хаттардан, ресми іс-қағаздары мен зерттеу еңбектерден, экспедиция материалдары мен мақалалардан және олардың жеке мұрағаттарынан көрініс тауып отыр. Олар өздері қажет еткен деректердің бәрін фольклордан тапқан.
Қазақ халық ауыз әдебиетін жинап, зерттеуде Шоқан Уалиханов, Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, Ә. Диваев еңбектерінен бастау алған қазақ фольклортану ғылымы А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Ә. Марғұлан, Н. Смирнова, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев еңбектері арқылы қазақ ғылымы мен мәдениетіндегі тың тараулардың бетін ашты.
Б. Уақатов, Р. Бердібаев, С. Қасқабасов, Е. Тұрсынов, С. Садырбаев, Ш. Ибраев және т. б. ғалымдар зерттеулерінде жекелеген жанрлардың табиғатын, шығу тарихын, көркемдік кестесі арнайы қарастырылып, фольклортану проблемалары сөз етілетін. «Қазақ тарихи жырларының мәселелері», «Қазақ фольклорының тарихы», «Қазақ фольклорының типологиясы» атты коллективтік монографиялар - сол ғылымдар еңбегінің жемісі. Алайда, бұл қазақ ауыз әдебиетінің барлық мәселелері зерттеліп бітті деген сөз емес. Бұл орайда белгілі фольклор танушы ғалым Ш. Ыбыраевтың «Қазақ фольклористикасы: кеше, бүгін, ертең» атты еңбегінде ауыз әдебиеті үлгілерін зерттеудің болашағы туралы айтып өткен пікірін де ескеруіміз керек. Байқап қарасақ, күні бүгінге дейін алдыңғы қатарлы ғалымдардың басқа халықтар фольклорының негізінде тер төгіп, түрлі методологиялық ізденістерден кейін барып ашқан заңдылықтарын біз өз фольклорымыздан қиналмай-ақ тауып аламыз да, зерттеу әдісі бойынша ешбір жаңалықсыз дәлелдей салады екенбіз. Ал жоқ болса әуре болып іздеп жатпаймыз. Тегінде бұл ауыз әдебиеті жоғалған құбылыстан орнын әлі күнге сезінбегенімізден, қолдағы барды қанағат тұтып, байлықтардың бәрін білгенімізбен, байыбына тереңдеп, бармағанымыздан болса керек. Түптеп келгенде, бұл жағдай асыл мұрамыздың байлығына да кері әсерін тигізуде.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда айтарлықтай еңбек еткен адамдар - Шоқан Уалиханов, Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, Ә. Диваев, Н. Пантусов, А. Алекторов, А. Васильев, Б. Дауылбаевтар. Бұлар ел арасынан жинаған материалдарын бірнеше газетке бастыртып және де жеке жинақ етіп шығарып отырған. Оған мысал ретінде А. Алекторовты айта аламыз. Ол өзінің жинаған ертегілерін Омбы, Астрахань, Орынбор газеттерінде жариялатқызған. Ал кейін ол өзі жинаған ертегілерді 1898 жылы «Киргизкая хрестоматия» деген атпен, кітап ретінде бастырып шығарған.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда ерекше еңбек еткен тұлға-ол Шоқан Уалиханов. Оның ғылыми ізденістернің алғашқы қадамы ауыз әдебиеті ескерткіштерін жинап, жазып алуынан басталды. Ғалымның бұл іске бет бұруына әкесінің ықпалы зор болды. Шоқанның «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының кейбір нұсқаларын жазып алуы, оның фольклорлық мұраларды жинаушылық жұмысының басы екенін байқатады. Ауыз әдебиетінің әр үлгісін ғалым айтарлықтай ұқыптылықпен жинап, зерттеп отырған. Сол зерттеулерінің ішінде Шоқан Уалиханов қазақ ертегілерінің жалпы бағыты, оқиғалық құрамы жөнінде құнды пікірлер білдіріп кеткен. Ертегі айтушылардың репертуарлары бай екенін айта келе, ертегілерде алып, батыр, жезтырнақ, шайтан секілді кейіпкерлердің кездесетінің айтып кетеді. Қазақ ауыз әдебиеті шығармаларын жинау мен зерттеуді Шоқан Уалиханов өзіндік мақсат тұтпаған. Ол халық туындыларынан елдің салт-санасын, дүниетанымын, тұрмыс, кәсіп ерекшелігін білгісі келген. Бірақ ол жинаған қазақ фольклоры шығармалары толық күйінде сақталмаған.
Шоқанның фольклор жинаушылық саласындағы тындырған зор еңбегінің дерегін замандастарының естелік мақалаларынан көруге болады. «Оның қазақтар туралы жинаған үлкен портфелі бар еді, соның қайда екені белгісіз, Ол жазбалардың шет жағасын көрген де едім» - деп жазады Г. И. Потанин. [5, 54] Шоқан жазбаларының ішінде оның ескі қазақ жырлары туралы ой-пікірлері сақталған. Соның бірінде «қазақ арасындағы жырлардан маған тағы екеуі мәлім: бірі Ер Көкше деп аталады және Ер Қосай »деп мәлімдейді ол.
Қазақтың ұлы ғалымының фольклор саласындағы атқарған игі ісінің бірі ол қырғыз ауыз әдебиеті, оның жүйелері, туралы байқаулары, жазып алғандары, талдаулары жатады. Ғалам қырғыз фольклорын негізінен үш топқа бөліп қарастырған. Ол ертегілер мен тарихи немесе қияли аңыз-әңгімелерді жеке бір сала етіп көрсетеді. Бұларда қиял-ғажайып сарындардың мол кездесетінің байқаған. Ертегілер мен аңыздарда адамдар жат күштер: алыптарман, жалмауыздармен, жаналғыштармен күресіп, жеңіске жетіп отыратының атап өтеді. Әдетте ертегі қаһарманы біреудің жалғыз ұлы болып келетіндігі, оның мінген аты өзіне лайықты, мықты серік болатыны, «тіл бітіп» сөйлей алатындығы, қиын кезеңдерде батырға нағыз жанашыр, көмекші сипатында жүретіні, көбінесе ондай ерлер жаудың немесе жалмауыздың қолындағы тұтқын болған сұлу қыздың ғажайып әрекет жасап босатуы, жас батыр алыс, белгісіз сапарға аттанғанда ата-анасы оны жібергісі келмейтіндігі, бірақ қаһарманның қайтпас қайсарлығын көріп еріксіз рұқсат беруі сияқты ертегілерге тән ортақ сарындар баяндалған. Бұл жерде Шоқан Уалихановтың қырғыз ертегілерінің құрылымымен жақсы танысқанын байқауымызға болады. Шоқан қырғыз ертегілерін сөз еткен кезде ол оны татар ертегілерімен де салыстырғаны айтылып кетеді. Мысалы, ол ертегілердің қайталама желіде келіп, ұқсас та ортақ жайлардың кездесетіне назар аударған. Қырғыздың шежіресі бойынша да Шоқан өз пікірлерін қалдырған. Халықтың, рудың, тайпаның тарихы қырғыздар арсында жанұялық шежіре, аңыз-әңгіме түрінде атадан балаға ауысқанын көрсетіп отырады. . [6, 61]
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының қилы тағдырында ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған еңбегі бөлек тұлға. Ыбырай Алтынсариннің аса көрнекті қоғам және мәдениет қайраткері дәрежесіне көтерілуіне халық шығармашылығының, көне замандардан келе жатқан бай ауыз әдебиетінің тигізген көмегі, әсер ықпалы ерекше зор.
Өмір есігін аттағаннан сәби шағынан бастап ыбырай халықтың сөз өнерін қадірлеп, сөздің күші мен құдіретін сезіне өседі. Әкесі Алтынсарыдан ерте айырылып, атасы Балғожаның қолында тәрбиеленіп ер жетеді.
Ыбырай Алтынсарин өзінің ұлт мүддесін көтерген ұлы мұраты жолында қыруар еңбек бейнетін кешті, заманның қисынсыз қысымын бастан өткерді.
Ыбырай Алтынсариннің қазақ мектебінде оқитын балаларға арналған, қазақ тарихындағы таза ана тілінде жазылған оқулығы-«Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылы Қазан қаласында орыс әрпімен басылып шықты. Ыбырай Алтынсариннің бұл еңбегінде қазақ тілінің тазалығын сақтады, қазақтың жаңа жазба әдебиетінің жаңа жанр, жаңа мүмкіндіктерін ашты. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясы» арқалы білімге ұмтылған қазақ баласының бар арманың орындаудың басында болды.
Ыбырай Алтынсариннің өмірін, шығармашылық мұрасын көп зерттеген, кең зерттеген ғалым Әнуар Дербісәлиннің мәліметі мынандай:
«Хрестоматияны Ыбырай алғашқыда екі кітап етіп шығаруды жоспарлаған еді.
. . . Бірақ бұл екінші кітабын ол толық аяқтай алмады. Оның жазылып біткен жеке тараулары ағартушының өзі қайтыс болғаннан кейін, қолжазба күйінде жоғалып кеткен. Бұл кітабына ағартушы айрықша үміт артқан еді.
«Қазақ даласының қазіргі жағдайында маңызы күшті болатын бұл еңбекті», -деп жазады ол 1880 жылы, ойдағыдай орындап шығуыма құдай тек өмір мен күш беретін болсын, мұны жақсылап қолдана білсек, бұл қазақ даласына көп өзгеріс енгізеді».
Қайнекей Жармағамбетов «Қазақ хрестоматиясының» бірінші кітабы 1879 жылы, екінші кітабы 1880, үшінші кітабы 1889 жылы басылып шыққан дейді. [7, 98]
Еңбекте халық ауыз әдебиеті үлгіллері, қазақ ақындарының өлең-жырларынан үзінділер берілді.
Ыбырай Алтынсарин осы еңбекте өзінің жаңа үлгідегі қазақ әдебиеті тарихындағы жаңа жанрлардың бастапқы үлгі, нұсқаларын шығарды.
«Қазақ хрестоматиясы» 4 тараудан тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz