Колледждегі оқушылар контингенті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алған қысқа тарихы кезеңінде Қазақстан Республикасы экономикасы қарқынды дамыды . Алдағы он жыл ішінде Қазақстан экономикасы дамыған елу елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отыр. ХХІ ғасырда әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі деп танып отыр. Бұл біздің ел үшін өте үлкен жетістік болып отыр.

Жоғары білікті жұмысшыларды, орта тап мамандарын дайындау әрқашанда мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болған. Себебі ол тұрақты даму кепілдігі бола алады. Елбасы халыққа Жолдауында атап айтқандай, бүгінгі таңда уақыт сұранысын қанағаттандыру, жұмысшы мамандардың жетіспеушілігін болдырмау, шетелдік жұмысшыларды біртіндеп отандық кадрлармен алмастыру бағытында кәсіптік білім беру оқу ордаларына көңіл бөлінуде. Себебі, соңғы кезде жұмысқа тартылған шетелдік мамандар санының өсуі өз еліміздегі еңбек нарығына қажет техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерінің білім сапасы деңгейінің төмен екендігін көрсетті. Егер сапалы мамандар көп болса сол шет елдіктермен бәсекеге түсе алар еді . Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жөнінде қолданылып жатқан шараларға қарамастан, білікті кадрларға жылдам өсіп отырған сұраныс отандық еңбек ресурстарының есебінен 30-40 пайыз қанағаттандырылады. Мәселен құрылыс, ауыл шаруашылығы, машина және жабдықтар технологиясы, қызмет көрсету саласы сияқты салаларда білікті мамандардың жетіспеушілігі айқын байқалуда. Сөйте тұра жастар арасындағы жұмыссыздық жоғары деңгейде қалып отыр. Сол жұмыспен қамтылмаған жастардың елеулі бөлігін не жоғарғы оқу орындарына, не кәсіптік мектептерге бармай бос жүрген 16-19 жастағы жастар құрайды. Мысалы, 2008 жылы 173679 мектеп бітіргендердің 90231-і ЖОО-на, 38838-і колледждерге, 6259-ы кәсіптік мектептерге қабылданса, 23138-і жұмыспен қамтылғандар да, 11402-і бекер жүргендер қатарында. Дүниежүзілік Банк өткізген «Дағдыларға сұраныс - Қазақстанға жұмыс күші» атты зерттеуде 2007 жылы жұмыс берушілердің 63 пайызы жұмысшылардың білімі мен дағдыларының жеткіліксіз екендігін көрсетті.

Бүгінгі күндері кәсіптік-техникалық білім бер саласын дамытуға көптеген ғалымдар өз еңбектерін арнауда. Сол ғалымдардың ішінен мына ғалымдарды ерекше атап өткім келіп тұр. Олар, Б. А. Абдыкаримов, Ш. А. Абдраман, С. Я. Батышев, Г. Д. Жангисина, Д. М. Джусубалиева, Т. Т. Хайруллин, Т. И. Есполов, Б. К. Момынбаев, К. Ө. Өстеміров, А. Қ. Қозыбай, А. П. Сейтешов, С. З. Қоқанбаев, Ш. Т. Таубаева, А. Қ. Құсайынов, Г. А. Қышқашбаев, Г. К. Нұрғалиева, Б. А. Оспанова, Г. А. Карпов, Х. А. Юсупов тағы да басқа ғалымдар.

Қазір Қазақстандағы 866 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 610 мыңнан аса жас мамандар түрлі кәсіптің қыр-сырын меңгеріп жүр. Сонымен қатар 542 колледжде 500 мыңға жуық оқушы білім алса, 324 кәсіби лицейлерде 149 мамандық бойынша кадрлар дайындалады. Осы көрсеткіштерге қарап, жастар кәсіби білімге бет бұрып жатыр десек те, аталмыш саладағы шоғырланған мәселелердің түйіні әлі де болса тарқамай келеді. Қазақстанның еңбек нарығы үшін бұл оқу орындары даярлап жатқан мамандар әлі де жеткіліксіз болып отыр. Қазақстандық компаниялардың қызмет көрсету сапасына, технологиялардың күрделенуіне, бәсекенің өсуіне байланысты соңғы екі жылда қызметкерлерген қойылатын талапдың қатайтылғаны айтылған . Тұтастай алғанда, республика бойынша сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі жыл сайын орта есеппен 21 мыңға дейінгі жұмыс орны бос қалады екен. Жоспарланып отырған 12 жылдық жалпы орташа білім беруге көшу 11-12 сыныптарда бейінді оқытуды техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында алу үшін қосымша талаптар енгізе отырып көшуді жүктеді. Білім беру бағдарламалары мен оқу әсістемелік кешендердің мазмұны, әсіресе техникалық мамандықтар бойынша, еңбек нарығындағы өзгерістерді көрсететін жұмыс берушілердің талаптары жауап бермейтінін көрсетті . Колледждер мен кәсіптік лицейлердегі оқу процесінің сапасын арттыруға арнаулы пәндер бойынша мемлекеттік тілдегі әдебиеттің тапшылығы, оқу, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етумен мақсатты айналысатын мекемелердің жоқтығы кедергі болып отыр. Еңбекақы деңгейінің төмендігі мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде педагогтерге арналған әлеуметтік қоржының жеткіліксіздігі салдарынан неғұрлым білікті әрі болашағы бар оқытушылардың кәсіпорындарға кетіп қалуының тұрақты үрдісі сақталып қалуда. Арнаулы пәндер оқытушыларымен өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық мамандықтары жоқ, Мысалы, құрылыс мамандықтары бойынша инженер сабақ береді, ол кәсіпорында істеген тәжірібесі бар, бірақ педагогикалық білімі жоқ, оқыту әдістемелерін біле бермейді.

Жоғарыда атап өткендей, қазіргі заманғы қарқынды даму үрдісі кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіндегі мамандарды дайындаудың жаңа талаптарын ұсынып отыр. Маманның жеке қасиеттеріне баса назар аударылып отыр, оның мәдениетттілігі, өзбетімен шұғыл шешім қабылдай білуі, өз ісіне деген жауапкершілігі ерекше бағалануда. Сонымен қоса жоғары біліктілік, мобильділік, кәсіптік бейімдігі, өзін үнемі шыңдап отыруы, ақпараттық технологияларды игере білуі және де экономика мен басқару ісінен барынша хабардар болуы да мамандар үшін аса қажетті сапалар болып есептеледі. Мамандарға қойылатын талаптар күн санап қиындай түсуде. Міне сол себептіде орта буын мамандарының үздіксіз кәсіби өсуін, еңбектерінің сапалы әрі жемістіболуын қамтамасыз ету техникалық және кәсіптік білім беру саласының негізгі міндеттерінің бірі болып саналып, отыр. Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары өсіріп-өндіріп шығаратын «өнімнің» түрі де өзгеше, олар - мамандар. Әлеуметтік -экономикалық жағдайлардағы күрт өзгерістер білім беру «өнімдері» қасиеттері мен пайдалылығы жиынтығының күрт өзгеруіне алып келеді. Міне, сол себепті де, менің айтқым келгені, кәсіптік білім беру саласын үнемі жандандырып, заманға сай жаңартып отырған да ғана біз жақсы жетістіктерге қол жеткіземіз. Осы айтылған жайттардан кейін менің дисертациямның тақырыбы: «Қазақстандағы кәсіптік оқыту мәселелері» болып бекітілді.

Зерттеу нысаны : Қазақстандағы кәсіптік - техникалық білім беру саласындағы туындайтын әртүрлі өзекті мәселелелер.

Зерттеу пәні: Қазақстандағы кәсіптік білім беру саласының мәселелерінің даму үрдісін қадағалау.

Зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi:

Зерттеудiң мақсаты - маман-жұмысшылар дайындайтын кәсiби-техникалық оқу орындарыньң орта бiлiммен қатар кәсiби бiлiм беретiн маман-жұмысшыларды дайындау тәжiрибесiн қорыту және болашақта олардың жұмысын жақсартуға бағытталған ұсыныстар беру.

Аталған мақсаттарды зерттеуде табысқа жету үшiн бiздiң алдымызда төмендегiдей мiндеттер туады:

-мерзiмдiк баспасөз, басқа да материалдарға сүйене отырып, жұмысшы-маманданды дайындайтын кәсiби-техникалық оқу орындарының кеңестiк кезеңнен нарықтық экономикаға өту мерзiмiндегi даму процесiн зерттеп, тұжырымдама жасау;

- кәсіптік білім беру саласының қоғам дамуындағы жетекші орын алатындығын дәлелдеп өту;

- зерттеу барысында алынған нәтижелерге сәйкес республикадағы кәсiби бiлiм беру саласын одан әрi дамыту үшін ұсыныстар беру.

Зерттеудің болжамы: егер менің жасаған ұсыныстарымды кәсіптік-техникалық білім беру саласында қолданса, болашақтағы бұл салаға деген жастар көзқарасы біршама өзгереді деп ойлаймын.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының білім беру туралы нормативтік - құқықтық актілер, мемлекеттік білім беру стандарттары, оқыту бағдарламалары, әртүрлі қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, педагогтардың кәсіптік білім беру саласы туралы еңбектері.

Зерттеу әдістері:

  • теориялық ( зерттеу тақырыбы бойынша қалыптасқан жағдайды талдау )
  • психологиялық ( анкета әдісін пайдаланып психодиагностика жасау)
  • статистикалық ( зерттеу жұмысының сандық және сапалық көрсеткіштерін талдау)

Диссетация құрылымы:

Кіріспе

Бірінші бөлім

І тарау Қазақстандағы кәсіптік білім беру саласына тарихи шолу

ІІ тарау Қазақстандағы кәсіптік білім берудің көкейкесті мәселелері

ІІІ тарау Қазақстандағы кәсіптік білім беруді дамытудың жолдары

Екінші бөлім

ІV тарау Консатациялайтын эксперимент арқылы кейбір кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушы жастар пікірі арқылы беделін анықтау. Оқу орындарының беделін көтеру үшін жүргізілетін іс-шараларды ұсыну.

Зерттеудің эксперименттік базасы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы №6 кәсіптік мектеп, Алматы облысы, Талғар қаласындағы №4 кәсіптік лицей.

І БӨЛІМ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

1. 1. Кәсіптік білім беру тарихына шолу

Қазақстандық жастарды материалдық өндіріске баулуда, оларды еңбекке дайындауда кәсіптік оқыту мекемелері ерекше орын алады . Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - кәсіптік білім беру мекемелерін яғни оқу орындарын бітірушілердің еңбек нарығындағы бәсекелестігін қамтамасыз ету, кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін қалыптастыруға жағдай жасау. Елбасымыз өзінің бір Жолдауында « Алдымызға қойған стратегиялық мақсаттарға жету үшін бізге кәсіби біліктілігі жоғары мамандар керек» (1) , деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасында кәсіби біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмысшы-мамандарды дайындау ісіне үнемі назар аударылып отырды. Еліміздегі кәсіби-техникалық оқу орындары өз жолын аздаған және фабрика-зауыттық оқудан бастап жұмысшы -мамандарды дайындаудағы келбетті жүйеге айналды. Олар өте ұзақ әрі қиын жолдан өтті. Биыл 2010 жылы бірінші қыркүйек айында Қазақстанда алғашқы кәсіптік мектептің ашылғанына 122 жыл толады. Алғаш бастауыш кәсіби мектеп жүйесінің негізін қалаған Ыбырай Алтынсарин болды. Ол ұйымдастырған училищелерде және қол өнер оқу орындарында оқушылар жалпы біліммен қатар тері өңдеу, атқа жегетін арбалар дайындау, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, басқа да қолөнер ісіне, сонымен қатар ұсталық-жонушылық мамандыққа да үйренді, түрлі мамандықтарды игерді.

Кәсіптік-техникалық білім беру Бас комитеті 1921 жылдың ақпан айында құрылды, сол жылы оқу орындарының саны отызға жетті, онда екі мың жастар оқыды. Қарсақпай мыс қорыту, Риддер қорғасын, Семей тері өңдеу, Шымкент химфарм зауыттарында, басқа кәсіпорындарында фабрика-зауыт училищелері ашылды. Олар республика экономикасын көтеруге зор үлестерін қосты. 1940 жылы бұл жүйедегі оқу орындарында 6533 жастар оқыды, 1953 жылы 66 оқу орындарында 8131 оқушы болды. Ұлан-ғайыр Қазақстанның табиғи байлығын игеру, жаңа кәсіпорындарды салу, оларды іске қосу кәсіптік-техникалық оқу орындарын көбейтуді талап етті. Олар ауылшаруашылығына, өнеркәсіпке, көлік, байланыс, халыққа қызмет көрсету, құрылыс саласына жұмысшы - мамандарды даярлады. Ал 1960-70 жылдардан бастап кәсіптік-техникалық оқу орындары кәсіппен қатар орта білім беруге көшірілді. ХХ ғасырдың 50 - 60 жылдарындағы ғылыми техникалық прогресс кәсiбi мен мамандығы жоғары жұмысшыларды дайындауда халық шаруашылығыньң алдына күрделi мiндеттер жүктедi. Әрине, бұған дейiн де кәсiптiк-техникалық оқу орындары мыңдаған маман-жұмысшыларды дайындады, бұл салада оқу орындары мамандар дайындауда болашаққа негiз болатын жан-жақты тәжiрибе жинақтады. Ғылыми-техникалық прогресс кәсіптiк-техникалық бiлiм жүйесiн жоғары дәрежеде дамытуды қажет еттi. Оның жеке әлеуметтiк прогрестiң әсерiнiң нәтижесiнде маман-жұмысшылар сан жағынан ғана емес, сана жағынан да өсуi қажет болды. Бiрiншiден, жұмысшылардьң кәсiби дәрежесi, өндiрiстiк тәжiрибе мен шеберлiгi, екiншiден, техникалық прогрестiң әсерінің нәтижесiнде олардың кәсiби құрамы, үшiншiден, жалпы бiлiм дәрежесiнiң артуы объективтiк қажеттiлiкке айналды. Бұл талаптар жұмысшылардың iшкi әлеуметтiк құрылымының дами түсуiне, яғни, бүкiл қоғамның әлеуметтiк құрылымының дамуына жақсы жағдай жасауы қажетiлiкке айналды. Аталған мерзiмдегi ғылым мен техниканың жетiстiктерi ондiрiспен тiкелей байланысты, талапты осылай қойды. Сонымен, ғылыми-техникалық прогресс қарқындарының шапшаңдауы халық шаруашылығыньң барлық саласына осы талапқа сәйкес маман жұмысшыларды жоғары қарқынмен дайындауды талап еттi. Себебi, жаңа техника мен технологияны өндiрiске енгiзу еңбектiң сипатын жеке адамның өндiрiс процесiндегi орнын едәуiр өзгерттi, өзгертудi де қажет еттi, бұл талап, өмiр шындығы көптеген жаңа мамандықтары өмiрге әкелдi. Сөйтiп, бұл жағдайлар маман-жұмысшылар құрамын озгерттi, болашақта даярлауға да жаңа талаптар қойды. Шаруашылықтың шешушi салаларын электрлендiру, химияландыру, кешендi механикаландыру және автоматтандыру 70-90 жылдарда жұмысшы саныньң өсуiне және оның кәсiптiк мамандық құрамына әжептәуiр өзгерiстер негiздi. Мысалы, автоматтар мен станокты қондырушы және бақылаушылар, электр монтерлерi, автоматтар мен станоктьи қондырушылар, газ құрылыс мотористерi, газбен электрдәнекерлеушiлер 2-2, 5, 3-4 есе көбейдi. Керiсiнше, жер қазушылар, ағаш ұстасы, жүк тиеушiлер саны әлдеқайда кемiдi. Ал, темiржол қатынасыньң шешушi мамандарының бiрi - паровоз машинистерi, тепловоз машинистерi сияқты жаңа мамандықтармен алмастырылды. [11]

Ғылыми-техникалық прогресс ауыл шаруашылығы саласындағы аса ерекше жаңалықтардың нәтижесiнде еңбекшiлердiң мамандық құрамына бiраз өзгерiстер енгiздi. Көптеген көне мамандықтар жойылды, оның орнына өндiрiске жаңа мамандықтар келдi. Мұндағы ең шешушi күш жай механизаторлар ғана емес, мамандығы жоғары механизаторлар бола бастады. Колхоз бен совхоздарда әрi шофер, әрi тракторист, әрi комбайнер мамандығын меңгерген кең профильдi механизатор пайда болды. 1959- 1975 жылдарда жұмысшылардың мамандандырылған еңбегiнiң үлесi 73, 1-ден 85, 7 пайызға өстi, ал мамандығы төмен еңбектiң үлес салмағы 26, 9-дан 14 пайызға төмендедi. Ғылым мен техниканың жетiстiгi осылай алға басты, адамдардың кәсiптiк шеберлiгi артты. Бұл - өмiрдiң алға басып, өте iлгерiлеп бара жатқандығының айғағы едi. Ол iлгерiлеушiлiк адамдарға барған сайын неғұрлым жоғары талап қойды. Осының бәрi өз орайымен жеткiншек ұрпақты даярлау мәселесiн жаңаша қойды. Олардың басым көпшiлiгi ең алдымен кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы арнаулы даярлықтан өтуi қажет болды.

Осындай жағдайда Қазакстан үлкен құрылыс алаңына айналды. Бұрын соңды болмаған сан-алуан құрылыс жұмыстары басталды. Зауыттар, фабрикалар, совхоздар, мектептер, бала бақшалар салына бастады. Мiне, бұл iс мыңдаған жаңа құрылысшылардың, мамандық иелерiн қажет еттi.

Тың және тыңайған жердi игеруге байланысты жаңа совхоздар көбейе бастады, олар түрлi ауылшаруашылық техникаларымен қамтамасыз етiле бастады және кең профильдi механизаторларды қажет еттi. 1970 жылы 1625 совхоз болса, оның саны 1989 жылы 2119-ға, ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiн адамдар саны 890, 5 мыңнан 1107, 1 мыңға, ал тракторлар саны 198, 5 мыңнан 222, 3 мыңға, жүк автокөлiгi 130, 3 мыңнан 139, 8 мыңға жеттi. [12] Сөйтiп өндiрiстiң тиiмдiлiгiн, еңбек өнiмдiлiгiн, мекемелердiң дербестiгiн арттыру, сөз жоқ оларды жаңа техника мен технологияны игере алатын маман-жұмысшыларды көбейтудi, оны оқытатан оқу орындарының санын арттыруды қажет еттi. Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресс жұмысшыдан жоғары кәсiптiк шеберлiктi ғана талап етiп қоймай, сонымен қатар жоғары бiлiмдiлiктi де талап еттi.

Жастарға мұндай кәсiпшiл және орта бiлiм алудың тиiмдi жолы орта кәсiптiк-техникалық училищелер едi. Бiздiң республикамызда орта бiлiмдi маман-жұмысшылар дайындайтын училищелер алғаш рет 1963 жылы ашылды, алғашында төрт жылдық оқу мерзiмдi З тау-кен училищелерi ашылды. 1967 - 1968 жылдары осы оқу жүйесiне 8 салалық кәсiптiк техникалық училищелер көшiрiлдi. 1969 жылы тағы да 17 кәсiптiк техникалық училище көшiрiлдi, олардың оқу мерзiмi ‚үш жыл болып анықталды. Республикада 1970 жылы мамандық және орта бiлiм беретiн училищелер саны 56-ға жеткiзiлдi, оның 20-сы ауыл шаруашылығы саласында болды. [13]

СОКП-ның және КСРО Министрлер Кеңесiнiң “Кәсiптiк-техникалық оқу жүйесiнде маман-жұмысшыларды дайындауды одан әрi жақсарту” туралы (1969 ж 2 сәуiрде) қаулысы жарияланды. Бұл қаулы кәсiби техик алык бiлiмнiң дамуы мен жетiлуiндегi жаңа кезең болды, себебi бұл қаулы кәсiби-техникалық оқу орындарын бiртiндеп орта кәсiби-техникалык оқу орындарына айналдырудың негiзiн қалады, онда кәсiби орта бiлiм және жаппай орта бiлiм ұштасатын болды, мұндай шешiм қабылдау қоғамның бүкiл дамуында дайындалды. Сөйтiп, кәсiптiк-техникалық оқу орындарын бiртiндеп 8 жылдық мектептi бiтiрген жастардың есебiнен орта бiлiм беретiн кәсiптiк-техникалық оқу орнына айналдыру қажет деген шешiмге келдi. Жаңа типтi оқу орындарын құру оқуды өндiрiспен байланыстыру керек деген идеяны iске асыруға мүмкiндiк бердi. Жастар мамандығымен қатар орта бiлiм алатын болды.

Мамандық және техникалық пәндер өндiрiспен тiкелей байланысты түрде өтедi, оқушылардың сапалы түрде жалпы бiлiм беретiн пәндердi терең игеруiне де жақсы жағдай жасайды деген қорытындыға келдi. Бұл қорытындыны 1963 - 1969 жылдары жүргiзiлген сараптама, яғни қайсыбiр орта бiлiммен қатар кәсiби бiлiм беретiн мектептердiң тәжiрибесi делелдедi. Бүдан кәсiптiк-техникалық училищелерге оқуға тускенде бiлiм ала алмай каламын” деген қорқыныш жойылды. Мамандык пен жалпы орта бiлiмдi қосып алатын болғаннан кейiн оқушылар да, ата-аналар да кәсiптiк-техникалық училищелерге сенiммен қарайтын болды. Кәсiптiк-техникалық орта оқу орындарын үздiк бiтiргендер жоғарғы оқу орындарына мектептi медальмен бiтiргендер қатарына кабылданатындығы да куанышты жағдай болды.

СОКП-ның және ‚(КСРО Министрлер Кеңесiнiң осы қаулысын iске

асыру мақсатында Қазақстан Компартиясының орталық комитетi және республика Министрлер Кеңесi арнаулы қаулы қабылдап, бұрынғы қалыптасқан кәсiптiк-техникалық училищелердi орта бiлiм беретiн училищелерге бiртiндеп аудару туралы облыстық, қалалық, аудандық атқару комитеттерi мен республиканың кәсiптiк-техникалық комитетi және оның облыстық басқармалары мiндеттеген арнаулы шараны бекiттi. Республикамыздың барлық облыстарында оқушылардың мамандықпен

қатар орта бiлiм алуына арналған маслихаттар өткiзiлдi. Iске асырылатын шараның маңыздылығына жұртшылықтың назары аударылды. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстық басқармаларының есептерi Мемлекеттiк кәсiптiк-техникалық комитет отырысында тыңдалды. Жалпы бiлiм беретiн орта мектеп оқушылары арасында кәсiптiк бағдарлау жұмысы өрiстедi. Орта кәсiптiк-техникалық училищелерге мұғалiм кадрларын жiберу де қолға алынды. Олардың материалдық-техникалық базаларын нығайтуға нақты шаралар жасалынды. Зерттеулердiң қорытындысы жаңа типтi училищенi бiтiрген жұмысшылар, кәсiптiк-техникалық бұрынғы училищелердi бiтiрген немесе өндiрiсте мамандығын дамытқан жастарға карағанда, еңбек өнiмдiлiгi жоғары болатындығын анықтады. Мамандықпен қатар, орта бiлiм алған жастар мамандық алмаан құрдастарына қарағанда ‚үш есе артық еңбек етедi, жоғары дәреже алады, ғылыми-техникалық шығармашылыққа белсене қатынасады.

Сонымен, кәсiптiк-техникалық бiлiм жүйесiн қайта қарау, одан әрi дамытуда күрделi жұмыстар жүргiзiлдi. Елiмiздiң жұмысшылары өз қатарын бiлiмдi жастармен толықтыруға толық мүмкiндiк алды. 1969 - 1970 жылдың басында республикада жаңадан 59 кәсiптiк-техникалық училищелер ашылды және оған екi индустриалды-педагогикалық училищелер ашылды және оған екi индустриалды-педагогикалық техникум қосылды, Қарағанды дене нынықтыру және Көкшетау құрылыс техникумы. Сонымен, 1971 оқу жылында 367 училище және 9 индустриалды-педагогикалық техникум болды. [14] Бұл оқу орындары әртурлi едi. Қалалық кәсiптiк-техникалық училище - 179, селолық - 173, арнаулы училищелер - 3-еу болды. Осы бесжылдықта кәсiптiк-техникалық оқу орындарында 510 мың маман-жұмысшылар даярлады. Өнеркәсiпке -55250, құрылысқа - 84880, ауыл шаруашылығында - 280569, транспортқа -10771 адамдар жiберiлдi. [15]

Бұл, әрине, жұмысшы тобының құрамына қосылған үлкен үлес едi. Ауыл шаруашылығына жiберiлген 280 мың жастар негiзiнен кең профильдi механизаторлар едi. [16]

Маман-жұмысшылар даярлаудағы жетiстiктер өзiнен-өзi келген жоқ. Бұл шаруашылық ұйымдарының, министрлiктер мен ведомстволардың ұйымдастыру жұмыстарының, оқытушылар мен шеберлердiң еңбектерiнiң нәтижесi. Мәселе оқу орындарының санының көбеюiнде ғана емес, олардың қалыптасуына, жұртшылық алдында беделге ие болуында, жаңа училищелердiң ашылуы, олардың базасын нығайту, оқу орындарын жолға қою оңай жұмыс болды деуге болмайды. Көптеген училищелер ұйымдық жағынан нығая түстi, оқушылардың саны, материалдық базасы жағынан iрi оқу орындарына айналды.

[17]

Маман-жұмысшыларды дайындаудағы iрi табыстары үшiн Орал қалалық №4 кәсiптiк-техникалық училищесi СОКП Орталық Комитетiнiң ССРО Жоғары Президиумының, КСРО Министрлер және ВЦСПСтың құрмет грамотасымен марапатталды. Карағанды № 1, Семей

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халыққа білім беру туралы статистикалық есепті ұйымдастыру
Кәсіптік оқыту әдістемесін талдау
Оқу - тәрбие жұмыстары және педагогикалық жүктеме
Қазақстан білім беру жүйесінің жағдайы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу
Кәсіптік бағдар берудегі бүкіләлемдік әлеуметтік желілер
Кәсіптік білім беруде қазіргі заман талаптарына сай халықтық педагогика элементтері мүмкіндіктерін қолданудың теориялық негіздері
ҚР шағын комплектілі мектеп мәселесі-талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz