Ауыл шаруашылық малдары
Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
ӘӨЖ 338.431.6 (574.5)
Қолжазба құқында
АЙКӨЗОВ СЕЙДУЛЛА ИБАДУЛЛАҰЛЫ
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық
реформалар (1991 - 2008 жж.)
07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихыеспубликасының)
Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация
Ғылыми кеңесші:
тарих ғылымдарының докторы,
профессор С. Ф. Мажитов
Қазақстан Республикасы
Алматы 2009
МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
3
КІРІСПЕ
4
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ
РЕФОРМАЛАУДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ, ТАРИХНАМА-СЫ
МЕН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ
15
1.1 Мәселенің теориялық-методологиялық негіздемесі
15
1.2 Аграрлық секторды зерттеудегі тұжырымдамалар, тарихнама мен дерек
көздері
25
2 ОҢТҮСТІК ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АГРАРЛЫҚ
САЯСАТ 43
2.1 Нарықтық қатынас жағдайында агроөнеркәсіп кешенінің даму тарихы
мен әлемдік тәжірибе
43
2. Аграрлық реформаның ұйымдастырушылық-құқықтық заңнамалары-ның
қалыптасуы
87
2.3 Аграрлық секторда шаруашылықты жүргізудің тетіктері
117
2.4 Аграрлық реформалаудағы серіктестіктер мен бірлестіктердің тарихи
қағидалары мен құндылықтары
128
3 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ
140
3.1 Жергілікті және қоғамдық мекемелердің құрылымдық жетілдірілуіндегі
инновациялық үрдіс
140
3.2 Әлеуметтік – аграрлық реформалардағы сәйкестіктер
158
3.3 Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытудағы стратегиялық жоспарлаудың
маңыздылығы
169
3.4 Ауыл шаруашылығының инженерлік саласын реформалау
176
4 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ
РЕФОРМАЛАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ
197
4.1 Реформалау барысында агроқұрылымдық жетілдірудегі қиғаштықтар мен
мемлекеттік реттеу
197
4.2 Аграрлық секторды мемлекеттік қолдау мен қаржы-несие жүйесі
211
4.3 Қосалқы және жеке шаруашылықтардың қалыптасуы мен дамуы
239
4.4 Аграрлық реформалауда ауыл шаруашылық өндірістерін ұйымдастырудағы
ұсыныстар
273
ҚОРЫТЫНДЫ
286
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
296
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЖЭС - жаңа экономикалық саясат
ХЕҰ - Халықаралық еңбек ұйымы
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
ХКА - Халықаралық кооперативтік альянс
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ҒТП - ғылыми-техникалық прогресс
АӨК - агроөнеркәсіптік кешен
ІЖӨ - ішкі жалпы өнім
Қазақ КСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
АҚ - акционерлік қоғам
ААҚ - ашық акционерлік қоғам
ЖАҚ - жабық акционерлік қоғам
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім
ДСҰ - Дүниежузілік сауда ұйымы
ЕО - Европалық Одақ
ГФР - Герман Федеративтік Республикасы
КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
АДБ - Азия Даму Банкі
СПСТК - Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі
МТС - Машина-тракторлық станция
ҚЖС - қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер
ТС - толық серіктестіктер
ҚРОММ - Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты
ҚРПМ - Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты
АОММ - Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты
ЖОММ - Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағаты
ОҚОММ - Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты
ҚОММ - Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ауыл шаруашылығы саласы – ел
экономикасының негізгі буыны, ежелден келе жатқан бар байлығымыздың
бастауы. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы негізінен әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың тұрақтануы және дамуымен тікелей байланысты. Осыған байланысты,
қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай ғылыми тұрғыда терең
зерделеуді, саланы кешенді дамытудың жолдары туралы жан-жақты дәлелденген
қорытындылар мен байыпты ғылыми тұжырымдар жасауды талап етеді.
Зерттеу жұмысында ғылыми тұрғыдан ауыл шаруашылығын кеңестік
экономиканың кембағарлығынан көрген зардаптары мен тәуелсіздік дәуірінде
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл
шаруашылығының нарықтық қатынастарға бейімделуі мен аймақтың әлеуметтік-
экономикалық дамуындағы аграрлық реформалаудың нақтылығы қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына арналған 2003 жылғы Жолдауында: Біздің әлі де болса есею мен
кемелдену кезеңінен өтуіміз керек. Қазақстандағы азаматтық қоғамның
босағасын бекіте беруіміз керек. Бұл үшін агроөнеркәсіп кешенін түлете
дамытып, ауылға (селоға) айрықша назар аударылуы, жеткен биігіміз бен
жинақтаған тәжірибемізге сүйеніп, ауылдағы ағайындарымызға өмірдің жаңа
сапасына жетуіне қол ұшын беретін уақыт туды, – деп көрсетеді [1]. Төл
тарихымыздың күңгірт беттерін ашып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуының жаңа, аршынды сапалық сатыға көтерілуіне қазақ елінің өткен
кезеңін зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабы. Себебі, тоталитарлық
жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының
әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру
бағытында түбірлі жұмыстар атқарылды.
Сондықтан, Отандық тарих ғылымының өзектілігі – кеңестік тоталитарлық

әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіруге
бағытталуында. Соның бірі – аграрлық секторды реформалаудағы мемлекеттік
саясат. Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі негізгі, әрі өзекті мәселелердің
бірі болып отырған осы салада нарық қатынасын қалыптастыру, халықты отандық
азық-түлік өндіру мен өнеркәсіпті шикізат өнімдерімен жеткілікті түрде
қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін арттыру, бәсекелікке төтеп беретін
өнім өндіру және әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған
50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру болып отыр. Ауыл
шаруашылығында бірінші кезекте шаруашылықты жүргізу тетіктерін қалыптастыру
және дамыту аса қажетті қозғаушы экономикалық күштің негізіне айналуда.
Мемлекеттің халық шаруашылығының барлық салаларының ішінде ауыл
шаруашылығында біразға созылған экономикалық дағдарыстан шығуы бірте-бірте
өз нәтижесін беріп келеді [2]. Дегенмен, агроөндірістік кешенді
ұйымдастыруды жетілдірудегі негізгі мақсаттардың бірі – азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әйтседе, шикізат мәселесін шешетін халық
шаруашылығындағы өнім өндіру мен оның өсімі әлі де болса төмен деңгейде.
Өндірістерде қалыптасқан жағдайларды сараптай және ғылыми талдай келе
аграрлық сектордағы шешілмей жатқан мәселелерді зерттеу, ауыл шаруашылық
пен өндірістің экономикалық негізіне әсер ететін іс-шараларды (тиімділігін
көтеретін, бәсекелікке лайықты өнім өндіру, т.б.) жүзеге асыру нарық
жағдайындағы көкейтесті мәселелердің атаулысы болып отыр.
Осындай еліміздегі экономикалық өрлеу жағдайында Қазақстан –2030
Стратегиясы ауыл шаруашылығын көлемді өзгерістерге жетелеуде. Стратегияны
жүзеге асыру мақсатында саланы дамытудағы мемлекеттің 2000-2002 жж.
арналған бағдарламасы мен қазіргі кезде Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын дамытудың 2003-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан
Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көзделген
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. индустриалды-инновациялық даму
Стратегиясы, сондай-ақ, Елбасының қолдауымен 2003-2005 жылдардың
Ауыл жылы деп жариялануы мен ауыл шаруашылық агроқұрылымдарын
құқықтық жетілдірудегі Астық туралы, Асыл тұқымды мал шаруашылығы
туралы, егіншіліктегі Тұқым шаруашылығы туралы заңдардың өмірге келуі
ауыл тұрғындарын әлеуметтік қолдауға бағытталған ауқымды іс-шаралар болып
табылады.
Сонымен, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда агроөнеркәсіптік
кешенді ұйымдық-құрылымдық және заңнамалық жетілдірумен шектелмей ауыл
шаруашылығын дамытудың 2006-2010 жылдарға бағытталған тұжырымдамасының
негізінде 2006-2008 жж. бірінші кезекті шаралары жүзеге асырылды.
Сондықтан, Қазақстан Республикасы үшін аграрлық сектор елдің әлеуметтік-
экономикалық дамуының деңгейін айқындаушы күштердің бірі болып отыр.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өз алдына ұлттық мемлекет
қалыптасып, шаруашылық жүргізудің әкімшілік әдісімен аралас нарықтық
қатынас қағидаларына ауысу үрдісі байқалды. Әрине, 90-жылдардың қоғамдық-
саяси және әлеуметтік-экономикалық қиыншылығы мен ауыртпалығы аз болған
жоқ. Әсіресе, өтпелі кезеңде орын алған қиындықтар зардабы ауыл
шаруашылығына, бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың
табиғаты, негізгі себептері мен одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік
әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті әрі көкейтесті мәселе Республика
Президентінің еңбектерінде, түрлі заң және атқарушы органдардың күнделікті
іс-тәжірибелерінің күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ ел
экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік мәселелерін,
әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты аграрлық
саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтайтын теориялық және
тәжірбиелік маңыздылығын одан әрі зерттеп, зерделеу керектігі ешбір күмән
тудырмайды.
Социалистік қоғамнан шыққан өзге елдердегі сияқты, Қазақстан
Республикасында өткізіліп жатқан аграрлық реформалардың басты мазмұны
әкімшілік-әміршілдік тәсілге негізделген бір экономикалық жүйеден нарық
қатынастарына негізделген екінші жүйеге көшу. Оның негізінде экономикалық
жүйенің іргетасының өзі – мемлекеттің меншікке монопольды құқығынан бас
тартып, оның басым бөлігін жеке және заңды тұлғаларға беруді ойластырған
меншік қатынасы жатыр.
Нарықтың өзгеру нәтижесінде аграрлық саланың шаруашылықты жүргізудің
тетіктері терең өзгерістерге ұшырайды. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық
қатынастың барлық субъектілерінің экономикалық мүдделерінің рөлі артады.
Осыған байланысты, ауыл шаруашылығын реформалауда шаруашылық жүргізудің
басымырақ нысаны болып табылатын, өндірісті тиімді жүргізуді қамтамасыз ете
алатын және табыстарды әлеуметтік әділеттілікпен бөле алатын ауылшаруашылық
бірлестіктері мен серіктестіктерінің атқарар шаруашылық қызметіне тиесілі.
Осындай ауылшаруашылық бірлестіктерінің қарапайым түрлерінің бірі –
кооперация өзінің бір ғасырдан астам уақыттан бергі тәжірибесі оның
нарықтық экономиканың заңдары мен қағидаларына сүйене отырып, тауарлы
ауылшаруашылық өндірісін қалыптастырудағы ерекше маңызын ашып берді.

шаруашылығының дамуын зерттеу барысында шаруашылық жүргізудің тетіктерінің
әлемдік тәжірибе қолданысындағы үш жолына назар аудардық. Бірінші – қосалқы
және жеке шаруашылық, екінші – ірі кәсіпорындар және үшінші – кооперация.
Осы жолдармен шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен
айналысатын жеке кәсіпкерлердің бірлескен шаруашылық қызметін жүргізуі. Осы
үш жолдың біздің елімізде алдыңғы екеуі жақсы жолға қойылғанымен, көлемі
жағынан шағын, айналымдық қаржысы тапшы, жағдайы ортадан төменгі дәрежедегі
шаруаларды кооперациялау жолы мемлекет тарапынан өз дәрежесіндегі
қолдауына зәру екендігін аңғартады.
Ұзақ жылдар бойы елімізде ауыл шаруашылығын зерттеудің теориясы мен
қолданбалы маңыздылығының дәстүрлі ғылыми-зерттеу ісін жүргізудің
мүмкіндігі болмады. Бұрынғы КСРО-ның ғылымы мен тәжірибесінде кооперация
десе колхоздар алға тартылды және оған Қазақстан тұтынушылар одағының
жүйесі қосылды, өйткені тек осылар ғана ауылшаруашылық бірлестіктерінің ең
жоғары, жетілдірілген түрлері деп есептелді. Бұл толық дәлелденбеген
қағида. Сол себептен адасулар орын алып, оның қайта өрлеуі мен даму
жолында кедергі болды.
Осындай ерекшеліктерге байланысты тақырыптың мынадай өзектілігі
айқындалады.
Біріншіден, Кеңес дәуіріндегі қалыптасқан ауыл шаруашылығындағы
агроөнеркәсіптік кешен Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі отандық
тарихтың ажырамас құрамды бөлігі ретінде үнемі назар аударуды қажет етеді.
Себебі, тарихи жағдайлармен қалыптасып, іс-жүзінде атқарылған жоспарлы
шаруашылықтан қазіргі кезеңдегі аграрлық сектордағы нарықтық қатынастарға
бейімдеп шаруашылық жүргізудің тетіктерін түбегейлі қайта қалыптастыруда
өзіндік ерекшеліктерге ие болу себебінен реформалау қажеттігі туындады. Сол
себептен, бұл мәселені қазіргі заманғы әдістемелік тұрғыда қайта бағалауды
қажет етеді.
Екіншіден, Мемлекеттің аграрлық саясаты мен аграрлық реформаның
орындалуындағы жергілікті және аймақтық өзін-өзі басқару мекемелерінің
қалыптасқан жүйесінің кешегісі, бүгінгісі және ертеңгі жағдайларын сыни
көзбен талдау барысында халықтық мүдде тұрғысынан дамытуда тәуелсіздік
идеологиясы тұрғысынан назар аударылар болса, онда тарихи танымның
игілігіне айналатын нәтижеге қол жеткен болар еді. Нарық жағдайында ауыл
шаруашылығындағы агроқұрылымдық нысандар мен өндірістік қатынастарды,
экономикалық ынталандыруды және шаруашылық жүргізудің тетіктерін кезінде
жетілдіріп отырмаса, мемлекеттік несие-қаржы жүйесіндегі күрделі
бағдарламалар мен қаржылық қолдаулар ауыл шаруашылығында тиімді нәтиже
бермейді.
Үшіншіден, ауыл шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық дамытудағы
аграрлық реформалау барысында, ауыл шаруашылығындағы өндірістік нысандардың
ұйымдық-құрылымдарын жетілдіру мен қабылданған құқықтық заңнамаларын ғылыми
талдау зерттеудің жаңа әдістемелік тәсілін арттыра түседі деп ойлаймыз.
Тарих ғылымының зерттеу саласында ауыл шаруашылығындағы аграрлық
реформалардың қалыптасуының кейбір бөліктерін ішінара зерттеу еңбектері
кездескенімен, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында
жүзеге асырылуының ерекшеліктері мен тәжірибелік маңызы ғылыми тұрғыда
кешенді зерттелген жоқ. Зерттеу тақырыбын таңдауымыздың басты себебі осыдан
туындайды.
Тақырыптың зерттелу тарихы. Қазақстан Республикасының ауыл
шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар мен аграрлық сектордың
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы агроқұрылымдық нысандардың тарихи
құндылықтар мен қағидаларын объективті түрде тәуелсіздік идеологиясында
жаңа әдістемелік көзқараспен қайта зерттеу қазіргі кезеңдегі қоғамдық
ғылымдардың маңызды міндетіне айналғандығы ақиқат. Себебі, ХХ ғасырдағы
Қазақстан бойынша тарихи шындықтың негізінде орын алған аграрлық
өзгерістерді объективті тұрғыдан терең талдау мен ғылыми зерттеуге
мүмкіндік бермеген коммунистік идеология басқа қоғамдық ғылымдар сияқты
тарихты да өзінің ықпалында бұғаулады.
Сонымен, XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы ауыл
шаруашылығындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен реформалау барысына
қатысты зерттеулер сипаты, мазмұны жағынан өте күрделі болды. Тақырыптың
тарихнамасының күрделі сипат алуының өзіндік себептері бар.
Біріншіден, тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ауыл
шаруашылығындағы қайта құрудың бағдарламалық мақсаты, әлеуметтік-саяси
негізі, ұйымдық-құқықтық заңнамалары және жергілікті басшылықтар мен өзін-
өзі басқару мекемелері өзіндік ерекшеліктерге ие тарихи құбылыс болатын.
Сондықтан да ол аймақтық оқшаулауға көнбейтін республикалық тұрғыдан
сабақтастырып қарау қажеттігі туындады. Міне, осы күрделі сипат жүргізілген
зерттеу жұмыстарының барынша әралуандылығына негіз болды.
Екінші себеп – қоғамдық-саяси көзқарастар жүйесінің өзгермелілігінен
туындайды. Қазіргі кезеңдегі жағдайда, жоспарлы шаруашылықтан нарықтық
қатынастар қалыптасып жатқан аграрлық секторда, бірқатар объективті және
субъективті қиыншылықтар болуына қарамай, ауыл шаруашылығында реформалар
жүргізуде салалық саясатын жетілдірудің икемді тәсілдерін қолдану жөніндегі
тарихшы ғалымдардың, Ж.Б. Әбілғожин, С.А. Байтілен, К.Ә. Берденова, Қ.Қ.
Байсарина, Г.Ф. Дахшлейгер, Ж. Жұмабеков, С. Жолдасов, М.Т. Кенжебаев, К.
Нұрпейіс, А.Б. Тұрсынбаев, Б.А. Төлепбаев, М.Ж. Ташенев, Г. Халидуллин, Р.
Исатаев, И. Шамшатов, К. Рыспаев, С.И. Иманбердинаның ғылыми зерттеу
жұмыстары бар. Сондай-ақ, ауыл (село) еңбеккерлерінің әлеуметтік, мәдени
саланы М.Х. Асылбеков, Х. Әбжанов, Ә.Н. Құдайбергенов, М.Б. Тәтімов,
экономика ғылымы саласындағы Л.Е. Әбділдина, И.Ю. Бенке, К.Ж. Жарекешев,
Б.З. Зиябеков, Х.Е. Ертазин, Ж.О. Ихданов, С.М. Қасымов, М. Тінәсіл, және
де бірқатар авторлар өз жұмыстарында қарастырған.
Алайда зерттеулердің ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері әлемдік
ғылым үшін жаңалық емес. Оны зерттегендер қатарында Р. Оуэн, Ш. Фурье, Ф.
Райффейзен, Ф. Лассаль, К. Маркстар болды. Ал Ресейдегі ауыл шаруашылық
кооперациясы мәселесімен Н.П. Макаров, П.П. Маслов, А.А. Николаев, С.Н.
Прокопович, Н.Г. Чернышевский, М.И. Туган-Барановский, А.В. Чаянов, А.Н.
Челинцев, А. Чупров, К.А. Пажитнов, Н.Д. Кондратьевтер жете шұғылданды.
Кеңестік кезеңнің аяғы – нарық экономикасына көшу мерзімінде ауыл
шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда шынтуайты зерттеуде
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев, мемлекет қайраткері Д.А. Қонаев, Б.М.
Тұрсынбаев, С.А. Терешенко, Ж. Кәрібжановтардың ой-толғау еңбектері және
естеліктері назар аудартады.
Демек, әр кезеңнің, әр ағымның тақырыпқа қатысты зерттеулерінің
деректік, әдістемелік негізі әр түрлі болғандықтан олардың арасында бір-
біріне қарама-қарсы бағаларда кездеседі. Бұндай жағдайда мәселені кешенді
түрде қарастырып, тарихи тұрғыда салыстыра бағалау қажеттігі туады.
Дегенмен, ауыл шаруашылығында қалыптасып отырған нарықтық қатынастар
жағдайында халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартудағы аграрлық реформалардың
сәйкестік мәселелері әрі қарай талдауды қажет етеді. Зерттеулер
көрсеткендей, бұл салада шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына сай келетін
теориялық және әдістемелік негізі жеткілікті дәлелденбеген.
Еліміздің аграрлық саласындағы осы үрдістердің әрі қарай даму
заңдылықтарын айқындау, оны одан әрі кешенді талдау, қазақстандық және
шетелдік тәжірибелерді сыни қорыту мен әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік
бағалауда жаңа тәсілдер мен дәстүрлі емес шешімдер іздеу өте маңызды.
Бұл жұмыс нарық қатынасы жағдайында Қазақстанның ауыл шаруашылығы
секторындағы ауылшаруашылық өндірісінде, комерциялық және комерциялық емес
ұйымдық-құқықтық кәсіпорындарды заңнамалық қамтамасыз етілуі мен ауылдық
өндіріс пен аймақтық басқаруды жетілдірудің өзекті мәселелерін қоса
алғанда, аграрлық реформаны жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік
негіздеуімен тәжірибелік жақтарын кешенді зерттеуді мақсат тұтқан бастапқы
еңбек болып табылады.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізін тарих философия
және т.б. қоғамдық ғылымдырдың қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми
тұжырымдамаларымен ұлттық ғылыми мүдде ұстанымдары негізге алынды. Сонымен
бірге теориялық-әдістемелік мәселелерді зерттеуде шетелдік және отандық
жетекші ғалымдардың еңбектеріндегі қарастырылып отырған тақырыпты жаңа
көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ғылыми тұжырымдары да
басшылыққа алынды. Соның нәтижесінде ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың
басындағы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық
реформалауды зерттеуде өркениеттік көзқарастар мен ұлттық ұстаным,
тарихилық қағида мен гуманизм, ынтымақтастық және мәдени-тарихи
тұжырымдамалар аясында жүргізілді.
Зерттеудің әдістемелік негізіне ғылыми танымның жүйелілік,
салыстырмалы талдау шынайылық пен синтез және ретроспективалық ұстанымдар
қолданылды. Осы әдістер негізінде жасалынған тұжырымдар мен қорытындылардың
өзара логикалық үйлесімділікте болуына да ерекше мән берілді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты ХХ ғасырдың
аяғы мен ХХI ғасырдың бас кезіндегі ауыл шаруашылығын аграрлық
реформалаудың жүзеге асуы мен өзекті мәселелерінің теориялық-әдістемелік
тұжырымдамасы негізінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарында тиімділікпен жүзеге асыруды негіздеу болып табылады. Бұл
мақсат мынадай міндеттерді орындау арқылы нақтыланған:
- Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалау мен оңтүстік және
оңтүстік-шығыс аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін
зерттеудің теориялық-методологиялық негіздерін дәлелдеу;
- зерттеу жұмысының тарихнамасы мен дерек көздеріне жаңа тарихи
көзқарас тұрғысынан талдау жасау;
- Қазақстандағы аграрлық реформалардың шынайы қажеттілігі мен алғы
шарттарын анықтау,
- аграрлық реформалауда қалыптасқан ұйымдық-құқықтық заңнамаларын ғылыми
талдау;
- аграрлық реформалауда шаруашылықты жүргізудің тетіктерін анықтау;
- ауылшаруашылық бірлестіктері мен серіктестіктерінің тарихи
қағидалары мен құндылықтарын қазіргі нарық қатынасында бейімділігін ғылыми
тұрғыда негіздеу;
- аграрлық реформалау барысында Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-
шығысындағы аймақтық басқару мен жергілікті құрылымдық жетілдірілгендігін
пайымдау;
- жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен мемлекеттік
қажеттілікті қамтамасыз етудегі аграрлық реформалардың нақтылығын мұрағат
қорларының құжаттары және статистикалық мәліметтер негізінде дәлелдеу;
- ауыл шаруышылығын дамытудағы стратегиялық жоспарлаудың
маңыздылығын саралау;
- аграрлық секторда салалық реформалау барысында ауылшаруашылық
құрылымдарын жетілдіруді жүйелік тәсілмен зерттеу;
- қазіргі нарықтық қатынаста Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-
шығыс аймақтарындағы агроқұрылымдық нысандардың жетілдірілуіне аграрлық
реформалаудың ықпал ету дәрежесін ашып көрсету;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтық басқару
мекемелерінің қызметін елімізде қалыптасқан жүйелік тұрғымен байланыстыра
қарастыру;
- жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті шаруашылықты
басқару түсініктерінің аражігін ажырата көрсету үшін тиісті
заңнамалық құжаттарға талдау жасалып, оларды ұдайы жетілдіріп отыру
керектігін айқандау;
- ауыл шаруашылығында салалық коммерциялық емес серіктестіктерді
құрудың агроөнеркәсіп кешенін құрылымдық жетілдіруіндегі әсеріне ғылыми
баға беру.
Зерттеу жұмысының нысаны – ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың бас
кезіндегі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл
шаруашылығын аграрлық реформалаудың жүзеге асуы мен ауыл шаруашылығын
дамытудың өзекті мәселелерін қарастыру.
Зерттеу жұмысының пәні – Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарындағы ауыл шаруашылығын аграрлық реформалау мен ХХ ғасырдың соңы
мен ХХI ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның ауыл шаруашылығының даму
үрдісіне тарихи талдау жасау.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Қазақстан Республикасындағы
аграрлық реформалар тақырыбының хронологиялық кезеңінің бастауы 1991 жыл
болып белгіленді. Себебі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен ауыл шаруашылығының
жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастарға түбегейлі бет бұру кезеңі
негіз болып, зерттеу кезеңі 2008 жылмен шектелген.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы. Көлемді дерек көздері мен
статистикалық мәліметтер негізінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-
шығыс аймақтарының ауыл шаруашылығындағы жүргізілген реформалар барысын
Республиканың өзге өңірлеріндегі тәжірибе мен нарықтық қатынастар жағдайына
орайластыра зерттелген. Отандық тарихта ауыл шаруашылық реформасының
қалыптасуы мен ауыл шаруашылығын дамытудағы нақтылығын және зерттелген
аймақтың шаруашылықтық ерекшеліктерін талдау арқылы іс жүзінде
қолданылатын ғылыми ұсыныстар жасау болып табылады. Осы кезге дейін
тақырыптың бұл аспектісі отандық және шетелдік тарихшылар тарапынан қолға
алынбаған. Осыған байланысты зерттеу жұмысының мынадай ғылыми маңыздылығы
мен жаңалықтарын атап көрсетеміз:
- ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық
реформалау мен оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтардағы ауыл шаруашылық
даму үрдісін зерттеуге байланысты тарихнамасы сараланып, мәселенің
теориялық-методологиялық негіздемесі мен деректік көздеріне талдау
жасалынған;
- аграрлық реформалаудың әлеуметтік даму үрдісіндегі нақтылығы мен
негізгі бағыттары жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан пайымдалған;
- Қазақстанның ауыл шаруашылығында жекешелендірудеге мемлекеттің
аграрлық саясатына объективті баға берілген;
- ауыл шаруашылық бірлестіктері мен серіктестіктерінің тарихи құндылығы
мен қағидалары сараланған;
- аграрлық реформалаудағы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарындағы ауылшаруашылық ұйымдық-құрылымдардың заңнамалық негізіне
талдау жасалынған;
- аграрлық секторда шаруашылықты жүргізудің тетіктері жүйеленген;
- ауыл шаруашылығындағы ұйымдық құрылымдар мен басқару жүйесін
реформалау жөніндегі шаралардың қажеттілігі ғылыми тұжырымдалған;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында әлеуметтік-
экономикалық дамудағы аграрлық реформаның сәйкестігі ғылыми тұрғыда
нақтыланған;
- ауыл шаруашылығын дамытуды стратегиялық жоспарлау мен мемлекеттік
аграрлық бағдарламалар жаңа тарихи көзқарас тұрғысында қарастырылған;
- ауыл шаруашылығының инженерлік саласын реформалау, агроөндірістік
кешенді дамыту үдерісінің ұзақ мерзімді бағдарламасының құрамдас бөлігі
ретінде қарастырылған;
- аграрлық реформалаудағы агроқұрлымдардың ұйымдық-құрлымдық және
заңнамалық жетілдірілуі;
- аграрлық секторды дамытуда мемлекеттік қолдаумен несие-қаржы жүйесінің
ықпалы мұрағат қорларының құжаттары және статистикалық мәліметтермен
негізделген;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының жекелеген
аудандарында коммерциялық емес салалық ауылшаруашылық серіктестіктерін
құрудың тиімділігін көрсететін ұсыныстар дайындалды;
- аграрлық реформалаудағы ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың
теориялық негіздемесі жасалынды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Қазақстанның оңтүстік және
оңтүстік-шығыс аймақтарында ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басындағы
ауыл шаруашылығын дамытудағы аграрлық реформалауды зерттеу нәтижесінде
қорғауға мынадай тұжырымдар ұсынылады.
- Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығын дамытудың тарихи
мәселелеріне теориялық талдау жасауда аграрлық реформалау
тұжырымдамасының өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының ауыл шаруашылығы
жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастарға бейімделуіндегі аграрлық
реформалаудың нақтылығын зерттеуде теориялық-методологиялық мәселелер
айрықша маңыз алады;
- нарық жағдайында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен құрылымдық жетілдіруде
шетелдік тәжірибелерге ғылыми талдау қажет;
- ауыл шаруашылығын ұйымдық-құқықтық жетілдіруде заңнамалық құжаттарға
ғылыми талдау жасап, оларды ұдайы жаңартып отырылуы қажет;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын аграрлық
реформалауда шаруашылықты жүргізу тетіктері көрініс алды;
- аграрлық секторды дамытуда ауылшаруашылық бірлестіктері мен
серіктестіктерінің тарихи құндылығы және қағидаларына назар аудару
қажеттігі айқындалды;

шығысында аймақтық басқару мен жергілікті мекемелерді құрылымдық
жетілдіру серпін алды;
- Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалардың әлеуметтік-
экономикалық нәтижелеріне өзіндік тұжырым жасалынды;
- аграрлық реформалау агроқұрлымдық нысандардың шаруашылық жетілуіне
елеулі ықпалын тигізді;

аграрлық бағдарламалардың маңыздылығы ғылыми тұрғыдан талданған;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы
агроқұрлымдардың шаруашылық жетілуін аграрлық реформалар жүзеге асырды;
- жеке және қосалқы шаруашылықтардың дамуы аграрлық реформалау барысында
қарқын алды;
- агроөндірістік кешеннің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз
етудегі шаруашылық қызметіне баға берілді;
- аграрлық реформалауда агроқұрлымдарды шаруашылықтық жетілдірудегі
қиғаштықтар мен мемлекеттік реттеу қажеттілігі айқындалды;

аудандарында салалық коммерциялық емес ауылшаруашылық серіктестіктерді
құрудың қажеттігі жөніндегі ұсыныстар маңызды болып табылады.
Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы ретінде Қазақстан Республикасындағы
аграрлық реформалар тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен жүзеге асу
тұрғысында бай деректік материалдар негізінде жасалынған негізгі тұжырымдар
мен қорытындыларды, алынған нәтижелерді ғылыми еңбектер, оқулықтар, оқу-
әдістемелік құралдар дайындауға, сол сияқты әлеуметтік-гуманитарлық
бағыттағы болашақ доктор, магистр, бакалаврлар үшін Отан тарихының
теориялық және әдістемелік мәселелеріне байланысты арнайы курстар
дайындауда қолданылатындығын айтуға болады. Сол сияқты зерттеу жұмысында
қалыптасқан әдістемелік тәсілдер, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарындағы аграрлық реформалардың жүзеге асуы мен ауыл шаруашылық
серіктестіктерінің тарихи құндылығы мен қағидаларын жан-жақты зерттеп,
Қазақстанның өзге аймақтарымен салыстырып, саралап, тарихи таным нысанына
айналдыруға мүмкіндік береді.
Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Отандық тарихнамада
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында аграрлық
реформалардың тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен жүзеге асуына қатысты
арнайы зерттеулердің болмауы және тарихи таным қағидаларының өзгеруі
тақырыптың деректік негіздерін сұрыптаудың біршама күрделі сипатын
айқындады. Осыған байланысты зерттеу жұмысының деректемелік негіздері
бірнеше бағыттарға топтастырылды. Атап айтқанда: ауыл шаруашылығына қатысты
республикалық және облыстық статистикалық жинақтар; мерзімдік басылымдар
мен ғылыми журналдар.
Деректік негіз ретінде мұрағат материалдары пайдаланылды. Атап
айтқанда, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты қ-5 (Қырғыз
АКСР-і Кеңестерінің Орталық атқару комитеті), қ-279 (1927-28 жылдардағы
Қазауылодақ), қ-2199 (01.12.1985-20.12.1990 жж. Қаз КСР-нің мемлекеттік
агроөндіріс комитеті), қ-2270 (29.04.1991 жылғы Қаз КСР-нің азық-түлік және
ауылшаруашылық министірлігі). Қазақстан Республикасы Президентінің
мемлекеттік мұрағаты қ-5Н (Аграрлық мәселелер бөлімі), Қ-7 (Қаз КСР-нің
халық шаруашылық комитеті ), қ-708 (Қаз КСР-нің мемлекеттік агроөндіріс
комитеті), Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты қ-2,(Алматы облыстық
территориялық бөліну тарихының анықтамасы) қ-448 (Алматы облысының ауыл
шаруашылық басқармасы), Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағаты қ-21(Жамбыл
облысының ауыл шаруашылық басқармасы), 150, 282, 399, 851. Оңтүстік
Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты, қ-40 (Оңтүстік Қазақстан облысының
ауыл шаруашылық басқармасы). Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатының 367-
қоры, (Қызылорда облысының экономикалық комитеті), 585-қоры, (Қызылорда
облысының статистикалық және талдау басқармасы), 589-қоры, (Қызылорда
облысының ауыл шаруашылық басқармасы) құжаттық деректері ғылыми айналымға
енгізілді.
Аталған мұрағат қорларының құжаттары мен деректік материалдар авторға
зерттеу барысында кеңестік тарихнамадағы ауыл шаруашылығының бірлестіктері
мен агроөнеркәсіп кешеніне қатысты мәліметтерді талдап, оған ғылыми баға
беруге мүмкіндік жасады.
Сол сияқты зерттеу мақсатына сай Қазақстан Республикасының статистика
жөніндегі агенттігі және облыстық статистикалық басқармасының жылдық
есептері, Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министрлігінің ағымдық
мұрағаттары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің
хабарламалары мен облыстық ауыл шаруашылық департаментінің мәліметтері,
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы (Жедел
мәліметтер 1994-2004 жж.), Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-
экономикалық жағдайы. Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының алдын ала
қорытындылары. Қызылорда, 2007. Жамбыл облысының статистикалық басқармасы.
Тараз, 2007 т.б. дерек көзі ретінде қолданылды.
Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастың даму барысы мен тәуелсіздіктің
өткен жылдарында ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен тың
ойларды түйіндеген мерзімдік басылымдардың Егемен Қазақстан, Заң,
Казахстанская правда, Предприниматель и права, Нұр-Астана, Жетісу,
Оңтүстік Қазақстан, Сыр бойы, Ақ жол Знамя труда газеттерімен бірге
Қазақ тарихы, Международный сельскохозяйственный журнал, Қаржы-
қаражат, Ақиқат, журналдарында қоғамдық-саяси үдерістің мазмұнын
айқындайтын құнды деректер жарияланады.
Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі
нәтижелері мен қорытындылары 2 ғылыми монографиялар және республикалық
ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалған 32 мақала Қырғызстан,
Өзбекстанда жарық көретін басылымдарда жарияланды. Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
ұсынған тізімге енген 5 түрлі басылымда 10 мақала, 3 шетелдік басылымдарда,
сондай-ақ 19 мақала әртүрлі республикалық басылымдар мен республикалық және
халықаралық ғылыми конференция материалдарының жинақтарында жарық көрді.
Диссертация ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих
және этнология институтында орындалып, институттың Қазіргі заман тарихы
және ғылыми ақпарат бөлімі мен Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің
кеңейтілген мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертацияның құрылымы. Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге
байланысты диссератциялық жұмыстың құрылымын кіріспе, 4 тарау және
қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі құрайды.

РЕФОРМАЛАУДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ, ТАРИХНАМАСЫ

Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығын реформалаудың тарихы
тәуелсіздік қарсаңындағы және алғанан кейінгі кезеңдегі оқиғалардың
нәтижесімен анықталады. Өйткені еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі түрлі
өзгерістер өндірістік қатынастарды мүлдем жаңа сипатта қалыптастырды.
Тәуелсіз Қазақстанның алдынан шыққан нарықтық қатынастарды игеру әлемдік
қауымдастық пен саяси, экономикалық сұхбатқа қол жеткізу, қосалқы және жеке
меншік шаруашылықтарының құқықтық-нормативтік және саяси-рухани базасын
қалыптастыру сияқты мәселелер біз сөз етіп отырған кезеңдегі
ауылшаруашылығын реформалаулардың тарихын зерттеудің жаңа да тың теориялық-
әдістемелік негіздерін қолға алу міндеті күн тәртібіне қойды.
Қарастырылған кезеңдегі аграрлық реформалар тарихының тарихнамасының
барынша ала-құла болуы – бұл тақырыптың саналуандылығы, мазмұнының сыңаржақ
концепцияларды насихаттауға құрылуы, мәселенің саяси астарына баса мән
берілуі түрінде көрініс табуынан. Ең басты себебі – ғылыми тұжырымдалған
теориялық-әдістемелік негізден орнықпауы деп білеміз. Әрине еліміздегі
аграрлық реформаларға негіз қалаған қайта құру, жариялылық кезеңіндегі
ғылыми әдебиеттерде біз атағандай бірыңғай, орныққан және қоғамдық пікірдің
қолдауына ие болған теориялық-әдістемелік негіздің болмауы түсінікті.
Өйткені, М.С. Горбачевтің билік басына келуімен басталған қайта құру
құбылысының өзі ойластырылған ғылыми-теориялық концепциясыз басталғандығы
және іске асырылғандығы жасырын емес.
Осы заңдылықтарды Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы
кезеңнен де көреміз. Елімізде нарықтық қатынастарды игерудің түрлі
қиындықтары алдан шықты: жоспарлы экономикадан бас тартып нарықтық
жағдайына көшудің нақты тұжырымының жасалмауы. Сондай-ақ жеке меншік
институтын енгізудің отандық тәжірбиесінің болмауы, ең бастысы халықтың
кеңестік өмір салты кезінде қалыптасқан саяси-рухани комплекстерін жоюдың
психологиялық кедергілері аграрлық реформалардың бірден іске асып, жедел
нәтиже беруін қиындатты. Міне, осындай қоғамдық-саяси тежемелердің себеп-
салдарлы заңдылықтарын ғылыми тұрғыда жүйелеу және сыныптау аграрлық
реформалар тарихын ғылыми зерттеу нысанына айналдырудың әдістемелік
негізіне сүйенуді талап етеді.
Еліміздің тәуелсіздік жылдарында жүргізіп келе жатқан аграрлық
реформаларын бөліп және дербес құбылыс ретінде қарастырудан бұрын оның
тарихи қалыптасуының алғышарттарын және тәжірибие жүзіндегі
қолданбалылығына ғылыми талдау жасаудың әдістемелік тұрғыда маңызы зор және
оны тақырыптың мазмұнын ашу үшін үлкен қажеттілік деп білеміз.
Тарихи Ресейдің және Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанның
тарихи болмысын оның шеңберінен тыс қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да
еліміздегі аграрлық реформалардың алғышарттарын Ресейдегі аграрлық мәселені
зерттеудің теориялық-әдістемелік негізімен салыстыра және тығыз байланыста
қарастыруымыз ғылыми зерттеудің заңдылығынан туындайды деп қабылдағанымыз
жөн. Аграрлық мәселе жөнінде орыс ойшылдарының теориялық тұжырымдары мен
концепциялары мәселеленің себеп-салдары байланыстарының мәнін ашады.
Айталық, ХIХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы орыс демократиялық
қозғалысының басты идеологтарының біріне айналған Плехановтың бірде-бір
тарихи дәлелдің алдында да, қасында да, артында да белгілі бір түсініктің
болмауы мүмкін емес [3, 9-б.] деген тұжырымының әдістемелік маңызы үлкен.
ХХ ғасырдың басында жасалынған бұл тұжырымның бүгінгі күні де қоғамдық
ойдың ақиқатын бейнелейтін өзектілігі өз мәнін жойған жоқ. ХХ ғасырдың
басында дәстүрлі ауылшаруашылығын жүйелі революциялық тәсілдермен –
эволюциялық даму деп артықшылықтарын қасақана есептеместен жүргізілуі және
ХХ ғасырдың соңында кеңестік құрылымды күйретуге алып келген қоғамдық
сананың басты кемшілігі саясаткерлердің өздері өмір сүрген қоғамның жай-
күйін толық тани алмауы болды.
Кеңестік кезеңде қоғамдық құбылыстар мен тарихи танымда идеологиялық
ықпал ету құралдары арқылы қоғамдық сананың қатаң және қисық қағидалары
қалыптасты. Аграрлық мәселелерге қатысты осындай қисық қағидалардың
қалыптасуына большевиктер көсемі В.И. Лениннің Ресейде капитализмнің
дамуы атты іргелі еңбегінің әдістемелік ықпалы өте зор болды. Лениннің
аталған еңбегі ХХ ғасырдың алғашқы үштен біріндегі кезеңде қоғамдық салаға
кеңестік идеологияны орнықтыруға саяси, ғылыми тұрғыда теориялық негіз
болды. Әрине, ол теорияның кемшіліктері мен оралымсыздықтары болғанымен
оның қағидалары кеңестік құбылысқа, соның ішінде кеңестік үлгідегі аграрлық
қайта құруларды іске асыруда қондырғы ретінде басшылыққа алынды. Ресейдегі
капитализмнің дамуы еңбегінің қомақты бөлігі – деревнядағы капитализмнің
дамуына арналғандықтан кеңестік аграршылардың ол еңбегіне жиі жүгінуіне
тура келді. Оның үстіне, ХХ ғасырдың басында Ресейде белсене қимыл жасаған
қоғамдық ұйымдар мен саяси ағымдар өкілдері де аталған еңбектің теориялық
тұжырымдары мен қағидаларына қатысты өткір пікір таластарды өрістетті. С.
Г. Кара-Мурза осындай саяси ағымдардың бірі евроцентризмге мынадай анықтама
береді. Негізінде, ғасырдың басында либерал-кадеттер де, Колчак та,
Савинков те, социал-демократтар да бір-бірімен тілдесіп, түсінісіп, қарым-
қатынасқа түскен бір ғана тіл болды. Бұл, Батыстан басқа, тіршілікке
бейімделген өзге өркениеттердің бар екенін жоққа шығарған, евроцентризмнің
тілі еді. Ресей де Батыстың жүрген жолын қайталауы тиіс еді! Бұл, ХIХ
ғасырдың соңында, Ресейде капитализмнің болуы тиіс деген ұғым еді. [3, 11-
б.].
Мұндай евроцентристік көзқарас ХХ ғасырдың соңғы ширегінде Кеңес
Одағындағы аграрлық мәселеге қатысты саяси, ғылыми пікірталастың
әдістемелік негізіне айналды.
Осы ауқымды ағымнан славянофильдердің мұрагерлері қаражүзшілдіктер
ретінде консерваторлар халықшылдар түрінде, революционерлер болып бөлініп
шықты да өздеріне либералдар мен марксистерді қарсы қойды. Оларды
талқандауды мақсат етіп қойған Ленин 1827 жылы Біз мұндай мұрадан бас
тартамыз деген еңбегінде халықшылдықтың Ресейдегі капитализмді құлдырау,
кері кету деп мойындау және Ресейдің өзіндік ерекшеліктеріне сену, шаруа,
қауымды және т.б идеяландыру түріндегі екі белгісін атап көрсетті [3, 13-
с. ].
Кеңестік кезеңде Лениннің сынына негізделген көзқарас халықшылдарды
жұтаң және ұсқынсыз етіп көрсету орын алған болса, соңғы халықшылдар А.В.
Чаянов, Н.Д. Кондратьевтердің еңбектерімен танысу барысында олардың
аграрлық қатынастардың табиғаты жөніндегі әлемдік ой-санаға жасаған
ықпалының аса елеулі болғандығына кеңінен қарағанымыз жөн.
Столыпиннің атышулы аграрлық реформасының тәжірибиесінен соң және А.
Чаяновтың аграрлық мәселеге қатысты еңбектерінен соң шаруа ауласы мен
кооперация тығыз бірігіп, ажырамас байланысының орын алғандығына көз
жеткіземіз.
Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аграрлық реформалардың ең
бір түйінді тетіктерінің біріне айналған кооперативтік қозғалыстың түп-
тамыры Ресейдегі 1861 жылғы рефорадан кейінгі кең өріс алған
кооперативтендіру шараларымен сабақтас және ұқсастық жақтары бар екендігін
аңғарамыз. Тек басыбайлық бұғауынан айырылған шаруалар бұл қозғалыстың
шараларын қуана қарсы алса, посткеңестік кеңістікте ауылшаруашылығын
кооперациялауға қоғамдық, мемлекеттік меншікке дағдыланған шарулардың басым
бөлігі үрке қарағаны жасырын емес.
Англиядағыдан өзгеше, негізінен деревняда кең қанат жайған
кооперациялық қозғалыстың Ресейдегі алғашқы бастамашылдарының бірі помещик
отставкадағы теңіз офицері, әйгілі орыс суретшінің ағасы Н.В. Верещагин
болды. Ол Швецариядағы сыр қайнату мен коопертив ісін зерттеп, Тверь
губерниясында 1865 жылы сыр қайнату артельдерін ұйымдастырған [3, 16-с.].
Н.В. Верещагин сияқты аграрлық реформаның шынайы экономикалық тетіктерін
тап басып, іске асыра алған нәтижелер аз емес еді. Әйтсе де шаруа қауым
артельдік түрге енгізудің Ресейде өз қиышылықтары болды, ол қиыншылықтар
патша үкіметінің әкімшілік шаралары арқылы тұншықтырылды және одан әрі
өрістей алмады.
Аграрлық реформалар барысында экономиканың тиімділігі пайдаланылмаған
шаруалар қауымы туралы К. Маркс көрегендік пікірлер айта алды. Оның өзі
ауылдық қауымнан социализмнің мәнін және қозғаушы күшін тап басып тани алды
және оның үстіне капитализм арқылы өтетін азапты жолдан бас тартып, ірі жер
өңдеудің мүмкіндіктерін көре алды. К. Маркс осы мәселеге қатысты 1881
жылдың өзінде былай деп жазған еді: Ресей – егіншілік қауымды ұлттық
ауқымда осы күнге дейін сақтап отырған жалғыз ғана еуропалық ел. Ол, Ост-
Үндістан сияқты, бөтен біреудің жаулап алған еншісінде кеткен емес. Сонымен
қатар, қазіргі әлемнен шеткері қалған да емес. Бір жағынан, ортақ жер
шаруашылықтың болуы оған тікелей және біртіндеп парцеллалық кішігірім жел
телімі мен жеке жер шаруашылығынан ұжымдық жер щаруашылығына өтуіне
мүмкіндік береді, ал орыс шаруалары болса мұны ешқандай бөлімге түспеген
жайылымдарда іске асыруға әлдеқашан кіріскен. Орыс жерінің физикалық
құрылымы құралдарды кең ауқымда қолдануға қолайлы жағдай жасайды. Артельдік
қатынасқа дағдыланған шаруаның парцеллалық шаруашылықтан ұжымдық
шаруашылыққа өтуін оңайлатады... Екінші жағынан, әлемдік нарықта үстемдік
жүргізіп отырған, батыстық өндірістермен қатар өмір сүру, Ресейге
капиталистік құрылыстың кедір-бұдыр жерлерінен өтпей-ақ, капитализмнің қол
жеткізген жетістіктерінің жақсы жақтарын өз қауымына енгізуіне мүмкіндік
береді. [3, 16-б.].
Әрине К. Маркс сияқты ойшылдың мұндай көреген көзқарастары өзінің
ізін қуушылар тарапынан мойындала қойған жоқ және саяси дәлелдермен одан
әрі өрбітілмеді. Атап айтқанда, шаруалар тақырыбының қазіргі заманға
ресейлік көрнекті зерттеушісі былай деп баға береді: Маркс марксисит
болып қалуды Лениннен кем көксеген емес. Ленин тек 1920 жылы ғана жасаған
қорытындыларды, ол 1881 жылы бірден жасаған болатын. [3, 16-б.]. Демек,
Ресейдегі әлеуметтік революцияның барысында артынан кеңестік құрылыстың
саяси, экономикалық салаларындағы кемшіліктердің бәрін марксизм ілімінің
келеңсіздігі ретінде қарастыру мүлдем орынсыз екендігіне назар аударуымыз
керек. Марксизм – догма емес, дегенмен Кеңес Одағында тотолитарлық биліктің
нығаюымен бірге қоғамды жаңартушы ілім қоғамдық ой-сананы ғана емес
қоғамдық құрылымды да, өндірістік қатынастарды да тежеуші күшке айналғаны
белгілі.
Кеңестік биліктің аграрлық мәселеге үнемі қайта айналып соғып
отыруының экономикалық та, саяси да себептері жеткілікті еді. Аграрлық
секторды түбегейлі күйреткен кеңестік мемлекеттің әскери комунизм саясаты
төтенше қажеттілікпен туындағаны белгілі. 1921 жылы көктемдегі Азамат
соғысының аяқталу жағдайында әскери коммунизм саясатының тетіктері
соғыстан және қуаңшылықтан зардап шеккен шаруалар үшін төзімсіз жағдайға
айналды. Табиғи нарықтың болмауы, басы артық азық-түлік өнімдерді азық-
түлік салғыртымен тартып алу шаруалардың егіс көлемінің қысқаруымен
шектелмей Кеңес өкіметіне қарсы бас көтере бастады.
Осындай қиын жағдайда Кеңес үкіметі сол кездегі Ресейдің беделді
аграршы-экономистері Л.Н. Литошенко мен А.В. Чаяновқа екі баламалы
бағдарламаның баяндамасын дайындауды тапсырды [3, 16-с.].
Осы екі баяндаманың мазмұнын салыстыра қарастырар болсақ, Л.Н.
Литошенко Столыпиндік реформаны жалғастырып, жалдамалы еңбекті
пайдаланып, ірі жер телімдері бар фермерліктер құруды ұсынды. Ал, А.В.
Чаянов біртіндеп кооперацияға ұласатын, жалданбалы еңбекті пайдаланбайтын
еңбекші шаруа қожалықтарын ұйымдастыруды ұсынды. Мемлекеттік саясат А.В.
Чаяновтың концепциясын негізге алған болатын. [3, 16-с.].
Осылайша зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздемесі, зерттеу
барысында талдау және жинақтау, индукция мен дедукция, тарихи-салыстырмалы,
жүйелік-құрылымдық, теориялық таным, модельдеу мен типтендіру,
статистикалық өңдеу, қисындылық сияқты жалпы ғылыми, философиялық,
әлеуметтану, экономикалық салыстырмалау және негізінен тарихи зерттеу
тәсілдері қолдануды қажет етті. Әдістемелік мәселелердің дұрыс қойылуы
ғылымда оқиғалар мен құбылыстарды шынтуайттылық тұрғыдан терең зерттеуге
жол ашады. Маркстік-лениндік әдістеменің ескіруіне байланысты бұл мәселе
өзекті бола түседі. Әрине, маркстік-лениндік әдістемеден бас тартып, жаңа
әдістемені қалыптастыру оңай міндет емес. Осыған орай әдістемелік
мәселелердің кешегісі мен бүгінгісі жайында өз пікірімізді білдіріп, оның
өзекті тұтастарына тоқталуды мақсат еттік. Әдістеменің анықтамасын беруде
ресейлік тарихшы ғалымдардың пікірлеріне де сүйеніп қарастырдық. Оның
себебі әдістемелік зерттеулерде олар біршама белсенділік танытып, дәйекті
ғылыми көзқарастар білдірді. Мәселен, В.В. Журавлев былай дейді: ...тарихи
зерттеу әдістемесі – бұл тарихи білімді дүниеге келтіру және олардың
қағидаларын реттеу. Әдістеме бұл тұста ғалымның қарамағындағы малай немесе
құлдық құруды талап ететін патша емес. Яғни әдістемені не істесем де өзім
білемін деген қағиданы ұстанып, оны біржақты дәріптеуге немесе елеусіз
қалдыруға болмайды. Нағыз тарихшы ең алдымен өмір бойы әдістемелік жағынан
жетіледі. Ол ғылымда жинақталған әдістемелік қазынамен бірге өседі, ал
соңғысы ғылымның күш қайратының арқасында молаяды [4, 140-146-бб.]. Ғылымда
әдістемені тарихи танымның теориясы ретінде айқындайтын интерпретатция да
кездеседі [5, 7-б.].
Методология – белгілі бір мәселені зерттеудің ғылыми әдістемелерін
қамтитын ғылым саласы. Тарихи ғылымдағы зерттеу тәсілдері мен жолдары, яғни
нақтырақ айтсақ әдістеме математикадағыдай дайын формула емес, ол өзін
теориялық жетілдіруді және үздіксіз ізденістер арқылы қалыптастыруды талап
етеді. Әдістемелік негіз шынтуайтылық, тарихи қағидаларды басшылыққа алып,
шынайы деректерге сүйеніп, салыстырмалы зерттеу жүргізу барысында
зерттеушінің ой-пікір түйіндеуі нәтижесінде қалыптасады. Қағидалар
дегеніміз – ғылымның негізгі, жетекші ұғымдары. Олар тарихтың шынтуайтылық
заңдарын оқып-үйренуден туындайды, соның нәтижесі ретінде саналады және осы
мағынада заңдылықтар іспеттес болады [6, 64-65-бб.]. Әйтседе олардың
арасында айырмашылық бар: заңдылықтар шынтуайттылық түрде зерттеушіден тыс
әрекет етеді, ал қағидалар – логикалық категория, олар табиғатта емес,
адамдардың санасында өмір сүреді. Оның үстіне аграрлық тарихты зерттеу
өткен күннің тарихи-саяси және әлеуметтік-экономикалық дәйектерінен ой
қорытқанда барынша шынайы болуды, саяси-идеологиялық феномендердің көп
қырлы және қарама-қайшылықты жағдайын ескеруді талап ететін болғандықтан
әлеуметтанулық тәсілдерді қолдана отырып, аграрлық реформаның қалыптасуы
мен жүзеге асуын зерттеуде аграрлық сектордың көп қырлылығы, олардың өзара
байланысы мен экономикалық тәуелділігі сияқты ерекшеліктері ескерілді.
Пайдаланылған деректердің түпнұсқалылығы мен нақтылылығы тек терең
талданып, сыни ой елегінен өткеннен соң ғана дұрыс нәтиже көрсететіндігін
ескеру қағидасы басшылыққа алынды.
Жалпы аграрлық қатынастар қоғамдық өмірдің маңызды саласы ретінде өз
бастауын басты элемент ретінде жер мәселесінің пайда болуынан қалыптасты.
Аграрлық сөзінің мағынасын ашып көрсететін болсақ, ол agrarius деген латын
сөзінен шыққан, яғни жер иеленуге, жер пайдалануға қатысты дегенді
білдіреді [7]. Сондықтан да жер мәселесі кез келген қоғамда әлеуметтік
күрес объектісі болған. Аграрлық секторды реформалау мәселесін қарастыру
барысы негізінен үш түрлі ұғыммен тығыз байланысты: аграрлық қатынас,
аграрлық саясат, аграрлық мәселе. Ауыл шаруашылығында басты өндіргіш күш
жер болғандықтан жер меншігінің түрі аграрлық қатынастың негізін құрайды.
Жер иемдену мен жер пайдалану жағдайының өзгеруіне байланысты аграрлық
қатынаста өзгеріп отырады [8]. Аграрлық қатынастардың мәнін мынадай негізгі
элементтер айқындайды. Бірінші, аадамзат тіршілігінің басты қайнар
көздерінің бірі – жер; Екінші, жерді өңдеушілер мен өнім өндірушілер, яғни
– шаруалар; Үшінші, агромәдениет, яғни жер өңдеудің тәсілдері мен
техникасы; Төртінші, әлеуметтік мәселе – аграрлық өндірушілер мен қала
тұрғындарының, ауылдың, өнеркәсіппен ауылшаруашылығының өзара қарым-
қатынастары [9, 9-б.].
Аграрлық немесе шаруалар мәселесі кез-келген қоғамда орын алады.
Аграрлық мәселеге жерге, ауыл шаруашылығына, шаруаларға қатысты мәселлелер
жатады. Аграрлық мәселенің мағынасы қоғамның әлеуметтік – саяси сипатына
және оның экономикалық даму заңдылықтарына байланысты өзгеріп отырады [8,
91-б.]. Ал, аграрлық саясатқа келетін болсақ, ол – әлеуметтік топтардың,
партиялардың, өкіметтердің, жер, шаруа, ауыл шаруашылығы жөніндегі саясаты
[8, 95-б.].
Сонымен аграрлық ұғымының мәнін ашатын негізгі мәселелерге
тоқталдық. Аграрлық мәселе, қатынастар, саясат әрбір жеке қоғамда оның
әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктеріне, саяси жағдайына байланысты
өзіндік сипат алып, өзгеріп отырады. Жекелеген мемлекеттің ауыл
шаруашылығының өркендеуі оның аграрлық саясатына, мәселесіне, қатынастарына
байланысты болады.
Енді мәселенің методологиялық негіздеріне келейік. Методологиялық
мәселелердің дұрыс қойылуы ғылымда оқиғалар мен құбылыстарды шынтуайттылық
тұрғыда терең зерттеуге жол ашады.
Отандық тарих ғылымында орын алған күрделі де қайшылықты жағдайлар
1990-жылдардың орта кезіне қарай бірте-бірте өзгере бастады. Әкімшіл-
әміршіл бюрократиялық жүйенің күйреуі, тарихшы-зерттеушілірге тарихи
оқиғалар мен қағидаларды шынайы тұрғыда қарастырып, зерттеулерге сын көзбен
қарау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz