Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
ӘОК 37. 035. 6 Қолжазба құқығында
Бижанова Нағима Каппасқызы
ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚҰРМЕТТЕУГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ШАРТТАРЫ
(5-9 сынып)
13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д.
профессор Р.К. Төлеубекова
Алматы 2007
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚҰРМЕТТЕУГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушылардың ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеудің
ғылыми-педагогикалық негіздері
1.2 Аутогогика арқылы 5-9 сынып оқушыларының ұлттық
құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
1.3 Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуді
қалыптастырудың үлгісі
2 ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚҰРМЕТТЕУГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуді
сабақтан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы педагогикалық
шарттарын қалыптастыру жолдары
2.2 “Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу
жолдары” тақырыбындағы арнаулы курс бағдарламасының мазмұны
2.3 Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеудің
эксперименттік нәтижелері
Екінші тарау бойынша тұжырым
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халқымыздың ұлттық мәдениетінде
“қазақтардың қайталанбас этникалық, психологиялық әлемі әлі жете
зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние” деп атап көрсеткен еді ел
басшысы Н.Ә. Назарбаев.
Еліміздің төл Конституциясы, жаңадан қабылданған Тіл туралы және
Білім туралы Заңдарында бүкіл қоғамның, сол сияқты жеке тұлғаның мәдени
және рухани дамуының басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды,
мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкесөркендете отырып, балалардың
бойында имандылық, эстетикалық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді
қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл аударылған.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”[1], “Қазақстан
Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”[2],
“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[3], “Білім мазмұнын
гуманитарландыру”[4] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-
мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай
жасаумен қатар оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу талап
етіледі.
Олай болса, қазір қоғам алдындағы негізгі міндеттердің бірі - заман
сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, оқушыларды ұлттық
құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу бүгінгі таңның кезек күттірмейтін
келелі мәселелерінің бірі болып отыр.
Зерттеу мәселесі ұлттық тәләм-тәрбие, ұлттық құндылықтарға қатысты
болғандықтан ТМД елдеріндегі зерттеулерге назар аударылып, адамның жас
ерекшеліктеріне қатысты және басқа ұлттардың ғылыми еңбектерін қарастырып
Г.Н. Волков[5], И.Т. Огородников[6], А.С. Белкин[7], Г.Н. Филонов[8], А.Э.
Измайлов[9], А.Ш. Гашимов[9],З.В. Мануиленко[10] т.б. зерделедік.
Ұлттық педагогиканың тәрбиелік маңызын зерделеуде Ә. Марғұлан[11], Х.
Арғынбаев[12], С. Ғаббасов[13], Ә. Табылдиев[14], С. Қалиев[15], Қ.Б.
Жарықбаев[16], І.Р. Халитова [17] т.б. ғалымдар қазақ халқының даму
тарихымен байланыстыра отырып әр қырынан қарастырды.
Бүлдіршіндерге, мектеп оқушыларына және жоғары оқу орындарындағы
студенттерге ұлттық тәрбие беру мәселелері жөнінде Ә.С. Әмірова[18], Р.К.
Дүйсенбінова[19], Ш.Б. Құлманова[20], Б.Ж. Мұқанова[21], К.Ж.
Қожахметова[22], М.Х. Балтабаев[23], Р.К. Төлеубекова[24], Б.А.
Алмухамбетов[25], Ә.С. Әмірова[26], Ж.Б. Седірмекова[27], Р.К.
Төлеубекова[28], Р. Үсенбаева[29], Н.С. Әлқожаева[30], Л.Т.
Сейдахметова[31], Г.С. Құрманбаева[32], Ж.К. Оңалбеков[33] т.б. зерттеген.
Зерттеуге алынып отырған ұлттық таным, ұлттық құндылықтарға қатысты
кейбір ұғымдар мен түсініктерді зерделеуде белгілі ұлттық философияны
зерттеген ғалымдар Ғ.Есім[34], А.Х. Қасымжанов[35]. Ж.Ж. Молдабеков[36],
М.С. Орынбеков[37] т.б. еңбектерінен зерттеуге мүмкіндік туғызатын құнды
әрі жаңашыл идеялар таптық.
Мәселен, Р.К. Дүйсенбінова “Қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу-
тәрбие процесіне ендірудің ғылыми-педагогикалық негіздері”[38]
тақырыбындағы ғылыми зерттеу еңбегінде талдау жасай келе, этнопедагогика
пәнін мектепте оқу-тәрбие процесіне ендіре отырып оқушылар бойына ұлттық
құндылық қасиеттерді қалыптастыру мәселесін қозғаса, белгілі ғалымдардың
бірі К.А. Оразбекова “Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық
негіздері” атты ғылыми еңбегінде тұлға бойына ұлттық тәрбиені қалыптастыру
мәселесі мен оны тәрбиелік іс-шараларда пайдалану үлгілерін көрсеткен [39].
Сондай-ақ қазіргі замандағы ғылым мен техниканың даму жағдайында
ғылымның әр саласында білім мазмұнымен қатар оқушылардың бойына ұлттық
құндылықтарды қалыптастыра отырып, оны құрметтеуге тәрбиелеу ерекше орын
алады.
Біз, жан-жақты тәрбие бере отырып ұлттық құндылықтарды құрметтеуге
тәрбиелеуді сабақтан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы іске асыруды мақсат
еттік.
Заман талабына сай оқушы тұлғасын дайындауда 5-9 сыныптар аралығындағы
оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып ұлттық
құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу жөн көрдік. Демек, мектеп
мұғалімдеріне аса үлкен жауапкершілік жүктелуде. Өйткені, болашақ ұрпақтың
ұлттық тәрбиені құрметтеуі оған берілген тәрбиеге байланысты.
Оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мен оны құрметтеуге
тәрбиелеу көп уақытты, ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Мектепте “Әдеп
және жантану” (8-10 сынып оқушылары үшін) пәні оқыту бағдарламасына
енгізіліп, оның ғылыми-әдістемелік жүйесі қалыптасты. Білім беру саласында
оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін қазақ халқының халық
педагогикасы мен этностық тәлім-тәрбиелерін дәлелдеп, ұлттық
ерекшеліктерімізді саралағанымыз жөн.
Мысалы: С.Қ. Қалиев [40] қазақтың тәләм-тәрбиесі туралы көптеген
зерттеулер жүргізсе, С.А. Ұзақбаева “Балаларға эстеетикалық тәрбие берудегі
халық дәстүрлері” [41] атты ғылыми-теориялық еңбегінде қазақ халқының әдет-
ғұрыпындағы көркемдік тәрбиелеу үрдістерін, әдет-ғұрыптың әдептегі (ұлттық
мәдениеттегі) көрністерін, олардың тәрбиелік мәнін жан-жақты баяндап,
ғылыми тұжырымдар жасаған. Сондай-ақ С. Ғаббасовтың “Ізгілік әліппесі”
[42] еңбегі Г.Н. Волковтың пікірін айқындай түсіп, яғни ұлттық тәрбие ана
құрсағынан басталатынын дәлелдейді.
Сөйтіп, қазақтың халық педагогикасының құндылықтары зерделі зерттеуші
ғалымдардың еңбектері арқылы толыса түсті.
Қазіргі кезде, психолог-педагогикалық ғалымдардың еңбектерінде адами-
ұлттық құндылықтарды дамытуда әлеуметтік ортаның оқушы тұлғасына ықпал
ету мәселелеріне мән беріліп, өзіндік тұрғыда қарастырылып отыр. Адами
құндылықтарды тәрбиелеу мәселесін Ә.Мұханбетжанова [43], К. Бөлеев [44],
Т.Н. Иванова [45], Ж.Б. Седірмеков [46], А. Елемесова [47] т.б. ғалымдар
талдаған.
Дегенмен, жоғарыда аталған ғылыми жұмыстарды саралай келе біздің
зерттеу нысанымызға алып отырған оқушыларды ұлттық құндылықтарды
тәрбиелеуге құрметтеу негізінде қалыптастыру мәселесі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz