ЖЕРГЕ МЕНШІК ИЕЛЕРІ МЕН ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА КЕЛТІРІЛГЕН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4-7

1 ЖЕРГЕ МЕНШІК ИЕЛЕРІ МЕН ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА КЕЛТІРІЛГЕН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ………. 8-18

1. 1 Жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындардың түсінігі және жалпы сипаттамасы . . . 8-18

1. 2 Жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеуді қамтамасыз ететін заңдар . . . 18-25

2 ЖЕРГЕ МЕНШІК ИЕЛЕРІ МЕН ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА КЕЛТІРІЛГЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІҢ ШАРТТАРЫ . . . 26-44

2. 1 Жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған кезде келтірілген шығынды өтеудің жалпы сипаттамасы . . . 26-44

2. 2 Жер пайдаланудың ерекше режимінің белгіленуіне байланысты меншік немесе жер пайдалану құқығы шектелген жағдайда шығынды өтеу . . . 44-51

3 ЖЕРГЕ МЕНШІК ИЕЛЕРІ МЕН ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА КЕЛТІРІЛГЕН ШЫҒЫНДАР МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ . . . 52-61

3. 1 Жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығынды өтеу қағидаларынының жалпы сипаттамасы . . . 52- 61

3. 2 Жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды есептеу методикасы . . . 61-73

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74-76

ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ . . . 77-81

КІРІСПЕ

Магистрлік зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендігін алып, тәуелсіздігін жарияғалы бері қоғамдық қатынастар, оның ішінде жер қатынастары үлкен қарқынмен дами бастады. Мемлекетіміз нарықтық экономиканы бейімдей отырып, жер қатынасын ілгері дамыта экономиканың қарқынды салаларын дамытуды мақсат етті. Қазіргі кезде қоғамызда орын алып отырған жер дауларының басым бөлігі қолданыстағы заңдардың олқылығынан емес, сол жер заңдарында қарастырылған мәселелердің дұрыс орындалмауынан болып отыр. Нарықтық қоғам жағдайында жер учаскелерін мемлекет мұқтаждары үшін сатып алу арқылы өнеркәсіптік кешенді, нақтырақ айтсақ, қала мен қала құрылысын нарық қиыншылығынан шығаруға дамытуға байланысты үлкен экономикалық үміт артылып отыр.

Еліміздің экономикасының дамуы инфрақұрылымдарды жетілдіруді, тұрғын үй құрылысын жандандыруды, автокөлік жолдарын кеңейтуді және қала құрылысын қолға алуды қажет етіп отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың биылғы халыққа жолдауында қазіргі дағдарыс кезіндегі шығындардың нөлге теңестірілу керектігін атайды. Ол: «Қаржы тәртібін бұзушыларға дағдарыс уақытының заңы бойынша қатал сұраныс қойылуы тиіс. Барлық басым емес шығындар - әкімшілік, инвестициялық және басқа шығындар - нөлге теңестірілуі тиіс, дағдарысқа орай белгіленген магистралдық автомобиль және темір жолдарын салуды тоқтатуға тура келді» деген [1] .

Қазақстан Республикасында жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеуді құқықтық реттеу жер құқығы теориясында кешенді және толық зерттелмеуімен түсіндіріледі.

Бүгінгі күні жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін жерге меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару қала құрылысымен, жүргізіліп отырған тұрғын үй саясатымен және жер қойнауын пайдаланумен, мұнай және газ объектілерін салумен, онымен қоса магистральды құбырлар салу мақсатымен тығыз байланысты болып отырғандығы көрінеді. Жер учаскесін жер меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару институты күрделі негіздерінің біріне жатқызылады.

Қазақстандық ғалым - заңгерлердің жер учаскесін мемлекет мұқтаждары үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарумен және жер учаскесін алып қоюдың құқықтық табиғатын көп негізгі қырларынан көрсететін құнды ғылыми еңбектері бар. Олардың ішінде жер учаскесін мемлекет мұқтаждары үшін алып қоюдың құқықтық мәселелерін, жер учаскесін иеліктен шығарудың рәсімдері мен негіздеріне, онымен қоса жер учаскесін мемлекет мұқтаждығы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі жер меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеуге байланысты мәселелерді зерттеген Б. Ж. Әбдірайымов, С. Б. Байсалов, Ә. Е. Бектұрғанов, Д. Л. Байдельдинов, Н. Б. Мұхитдинов, Ә. С. Стамқұлов, А. Х. Хаджиев, Л. К. Еркінбаева, П. К. Умирзаков және тағы басқаларын ерекше атауға болады.

Жер учаскесін мемлекет мұқтаждары үшін алып қою аясында қалыптасып отырған өзекті мәселелерді зерттеуге Ресей Федерациясының Ю. С. Баландин, М. Бакетт, И. Приходько, Г. А. Волков, О. С. Иоффе, П. В. Рябов және тағы басқа ғалымдары үлестерін қосты.

Жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған кездегі жылжымайтын мүлік бағасының нарықтық құнын айқындауда қиындық туғызады. Сот тәжірибесіне сараптама жүргізіп қарастырған кездері, осы мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскесіне деген нарықтық құнының дұрыс бағасын бере алмауымен және жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын есептеу әдістемесінің көп түрлі деңгейін қолданумен сипатталады.

Тәжірибеде жер меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды есептеу мен өтеу тәртібі кейбір қиындықтарға әкеп соғады.

Қазіргі таңда адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заңмен шектеу көптеген факторлардың әсер етуімен түсіндіріледі, оның ішінде әлеуметтік, экономикалық және жалпы саяси тұрғыдағы факторлар.

Жер учаскесіне меншік құқығын шектеу меншік қатынасын реттейтін бірегейлі мәселелердің құқықтық реттелуі болып танылады. Жер учаскесіне меншік құқығын шектеу мәселесі азаматтық айналымның жерге меншік иесі мен үшінші тұлғалар және жалпы қоғам мүдделерінің арасындағы қатынастың бірегейлі байланыстық орнату ретінде көрініс табады.

Құқықтарды шектеу тақырыбында зерттеу жұмыстары әлі де болса қазақстандық ғалым - заңгерлерімізбен толықтай зерттеу жүргізілген жоқ. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге қатысты бір ғана еңбек қорғалған: А. Б. Сейфуллинаның «Ограничение прав и свобод человека в правовом государстве (общетеоретические проблемы) » з. ғ. к. ғылыми атағын алуға дайындалған диссертациялық жұмысы ғана бар. Ал, жеке меншікке қатысты шектеу тақырыбында бірде - бір еңбек жоқ, тек қана бірен - саран еңбектерде кішкене мағлұмат берілген. Ол мағлұматтарды Ж. Х. Қосанывтың, А. Е. Бектұрғановтың, Н. Мухитдиновтың және тағы басқа да ғалым - заңгерлердің еңбектерінде байқауға болады. Көршілес Рессей Федерациясында бұл тақырыпта бірнеше заңгер - ғалымдар айналысқан екен. Олар, Д. И. Дедов, И. А. Ильин, А. Г. Братко, В. П. Камышанский, Л. А. Морозова, Т. Б. Станкевич, Т. А. Мечетина, Н. И. Краснов және тағы басқалары.

Жер пайдаланудың ерекше режимінің белгіленуіне байланысты жерге меншік иелері мен жер пайдаланушылардың меншік немесе пайдалану құқығын шектеудің толық түрде жер құқығы доктринасында зерттелмеуі. Бұл мәселені алып қарастырудың себебі, жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға жер пайдаланудың ерекше режим белгіленуіне байланысты келтірілетін шығындарды өтеудің негіздеріне жататындығы.

Зерттеудің объектісі мен пәні.

Зерттеудің объектісі болып жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеуде туындайтын қоғамдық қатынастар танылады. Зерттеудің пәні - жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеу шарттарының құқықтық механизмі.

Диссертациялық зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасында нарықтың дамуы жағдайында жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеуге байланысты туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық және тәжірибелік негіздерін кешенді зерттеу.

Жұмыстың міндеттері:

- жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындардың құқықтық табиғатын анықтау;

- жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеудің негізгі қағидаларын айқындау;

- осы бағытта туындап отырған мәселелерді ашып көрсету;

- жетілдіруге байланысты ұсыныстарды әзірлеу.

Қорғауға ұсынылатын негізгі нәтижелері:

Жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындардың құқықтық табиғаты мынадай ерекшеліктерге ие. Ерекшелігі: жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындар міндеттеменің орындалмауынан туындамайды, азаматтық құқықтық қатынасындағы келтірілген шығыннан ерекшелігі; келтірілетін шығындар заңды әрекеттер арқылы келтіріледі; шығындар нормативтік құқықтық актілер негізінде және оларды жүзеге асыру кезінде келтіріледі;

Жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеудің негізгі қағидаларына мыналарды ұсынуға болады: жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығынның әділетті түрде өтелуі; толық көлемде шығынды өтеу қағидасы, оның ішінде алынбай қалған пайданы қоса есептегенде; келтірілген шығынды есептеу әдісінің заманға сай болуы (нарықтық құнын белгілеуде) ; объективтілік қағидасы.

Жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығынның орнын толтыру методикасын дамыту қажет. Шығынды өтеу барысында алынбай қалған пайданың есептеу әдістемесін немесе қанша мөлшерде өтелетіндігін айлық есептік көрсеткішпен көрсету керек, келтірілген шығынды өтеудің кейбір негіздерінде соттың тек қана нарықтық құнын есептеу бөлігін қарастырмауы тиіс, онымен қоса заңды түрде нақты әрекеттің жүзеге асырылуының заңдылығын ескеруі қажет.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы

Зерттеудің теориялық мағыздылығы: зерттеу барысында жасалған теориялық қорытындылар мен ұсынымдарды зерттеуді одан әры қарай дамытуына, кейбір теориялық мәселелерді шешуде пайдалануына және жоғарғы оқу орындарында азаматтық құқық және жер құқығы пәндерінде дәріс және семинар сабақтарын жүргізуде қолданылуы мүмкін;

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: зерттеу барысында қолданылған сот шешімдері мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулылары және өзге де нормативтік актілерді салыстыру және анализдеу негізінде берілген қорытындылар мен ұсынымдарды заң шығармашылығы мен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруде қолданылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелерінің сыннан өту деңгейі

- жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ заң факультетінің табиғи ресурстар және экологиялық құқық кафедрасында дайындалды;

- диссертацияның нәтижелері әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ өткізілген халықаралық ғылыми конференцияларда екі мақала сыннан өтті.

Дипломның құрылымы мен көлемі жұмыстағы зерттеліп отырған мәселелердің мазмұнына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес анықталады және ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған қайнар көздерінің тізімінен құралады.

  1. ЖЕРГЕ МЕНШІК ИЕЛЕРІ МЕН ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА КЕЛТІРІЛГЕН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ

1. 1 Жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындардың түсінігі және жалпы сипаттамасы

Белгілі құқықтық түсініктің құқықтық табиғатына анықтама беру дегеніміз сол түсіндірілуге жататын құқықтық түсінікке кең мағынада құқықтық табиғаты тұрғысынан сипаттама беру болып табылады.

Қазіргі таңда шығын құқықтық өмірде өз орнын нақтылап алды деп айтуға болады. Шығынның мұндай белең орын алуының себебі, шығынның барлық элементтерін есептеу өте күрделі процесс және ол тек бүкіл азаматтық құқықтық нормалар шеңберімен ғана реттелмейтіндігімен сипатталады.

Азаматтық құқықтағы шығындар категориясы көне уақыттан бергі және азаматтық құқықтық қатынас субъектілері өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға негіз ретінде қаланған институттар қатарына жатқызылады. Шығындарды өтеу немесе оны алдын алу тек мемлекеттің ішкі қатынасының мәселесі емес, онымен қоса мемлекетаралық қатынасының мәселесіне де айналды.

Қазіргі таңда жалпы заңи әдебиеттерде «шығын» түсінігі кең зерттелуде, зерттеуде ғалымдар оны жеке құқықтық түсінік ретінде қарастырмайды, олар тек оны жауапкершілік шарасы ғана ретінде, оның ішінде шығынды өтеу шарасы ретінде. Әсіресе, шығынды өтеу шарасы жауапкершілік нысанында шарттық міндеттемелерді орындамау жағдайында қолданылатындығымен сипатталады.

Ежелгі Римнің жеке құқығында «азаматтық - құқықтық жауапкершілік» түсінігі қалыптаспаған болатын, бірақ оның негізгі белгілері өз көрінісін тапты. Құқық бұзушы мүліктік жауапкершілікке жеке бастамашылықпен тартылды, бірақ мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шарасы қолданылатындығы туралы қауіптің қамтамасыз етілетіндігімен сипатталды.

Келтірілген шығынның орнын толтыру міндеттемесі сонау рим құқығында көрініс тапқан. Сол уақыттағы «ХІІ кесте» Заңын алып жатқызуымызға болады. Осы заңда борышқорға тиісті міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілік шаралары көрсетілген [2, 35б. ] .

Рим заңгерлерімен міндеттеменің жалпы түсінігі қалыптастырылған болатын, осы қалыптасқан жалпы танымдылығы қазіргі құқық жүйесінде көрініс тапты.

Міндеттеменің пайда болуы екі қайнар көзінің пайда болуымен көрініс табады:

  1. жалпы құқық бұзушылық орын алған жағдайда, яғни шығын немесе зиян орын алған реттерде;
  2. келісім шарт негізінде.

Келтірілген шығынды немесе зиянды өтеу міндеттемесі келісім шарт арқылы пайда болған міндеттемелерден тарихи бастау алады, ол туралы XII Кесте заңында былай дейді: «егер сындырған болса, онда . . . өтесін» [3, 132б. ] . Дигестада (D. 32. 9. 40) шығынның мазмұнына сол кездерінің өзінде екі элементті кіргізді: нақты нұқсан және алынбай қалған пайданы [4, 40б. ] .

Қазіргі құқық жүйесінде «міндеттеме» термині әр түрлі мазмұнда қолданылады. Көбінесе нақты құқық қатынасын белгілегенде, айталық борышкердің міндеттемесін, ол кейбір кездері құжат ретінде көрініс табуы мүмкін (қолхат, квитанция) . Міндеттеме құқықтық қатынас ретінде мынадай сипатқа ие болады, яғни міндеттемеге сәйкес бір адам екінші бір адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы да басқадай белгілі бір әрекеттерді жасауға немесе белгілі бір әрекетті жасаудан тартынуға міндеттілігі, ал осы екінші тарап өз міндеттемелерін орындалуын талап етуге құқысын айтамыз. Басқаша бұл қатынастың құқықтық табиғаты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (одан ары қарай - ҚР АК) 268 бабымен айқындалады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, міндеттеменің пайда болу негіздерін айқындап алуға болады. Осы айқындалатын негіздерінің қатарына мыналарды жатқызамыз: шартта көрсетілген мәмілелерден немесе заңдарға сәйкес азаматтық - құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан, азаматтық міндеттер белгіленген сот шешімі, азаматтар мен заңды тұғалардың өзге де әрекеттерінің салдарларын, заңдар азаматтық - құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарын және зиян (шығын) келтіру салдарынан туындайтын негіздерді жатқызамыз.

Бұрынғы кеңес дәуірінде шығындарды өтеу институты онша маңыздылыққа ие болмады; бірақ қазіргі таңда бұл институттың рөлі ерекше даму беталысына ие болуда. Кеңес дәуірінде шығындарды өтеу институты ҚазССР Азаматтық кодексінің «Міндеттемелік құқық» бөлімінде көрініс табатын болса, ал қазіргі қолданыстағы Азаматтық кодексте шығынның түсінігі, түрлері және мазмұны «Жалпы ережелер» бөліміне енгізілді. Заң шығарушының мұндай жаңа тәсілді қолдануын құқықтанушылар былай түсіндіреді: шығынды өтеу бұл азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің жалпы шарасы және ол азаматтардың кез келген субъективтік құқығы бұзылған жағдайда қолданатын қорғау шарасы болуымен түсіндіріледі (міндеттемелік, жеке мүліктік және тағы басқа) [5, 97-101бб. ] . Ал, шетел елдерінің құқықтық жүйелерін байқайтын болсақ, англо - американдық құқықта шығындарды өтеу нормалары шарттық құқық деңгейінде реттеледі, неміс және француз құқығында шығындарды өтеу нормалары жалпы міндеттемелік құқықтың жалпы нормаларымен қарастырылады.

Шығынның жалпы түсінігіне анықтама берместен бұрын оған деген лингвистикалық саралау жүргізіп алайық. Ең алдымен, заңи әдебиеттерде «залал», «шығын» және «зиян» түсініктері әр түрлі мағынада түсіндірілетіндігін айта кеткен жөн, бірақ сөздер синоним сөздер болып қолданыла береді.

Шығын қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде шеккен зиян, жұмсалған қаржы деп түсіндіреді [6, 535б. ] . Ал, экономикалық терминологиялық сөздіктерде шығын - кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалай нысанда көрінетін түрлі шығасылары деп атап көрсетеді. Мұнда ерекше атап көрсететін жайт, ақшалай нысанда екендігін айқындайтындығы.

Зиян залал мен шығын деген аралас түсініктерінен ерекшелікке ие болып табылады. Бұл терминдердің мазмұны бір болғанымен, қолдану аясында кейбір ерекшелікке ие болады: зиян азаматтық заңнамаға тән, еңбек заңнамасы залал туралы сөз етеді және ол зиянның материалдық бөлігін білдіреді, ал шығын залалдың ақшалай сипатына ие. Кең мағынада зиян - бұл, заңмен қорғалған игіліктер. Егер қандайда бір зиян орын алмайтын болса, онда кез келген қолданатын жауапкершілік туралы сөз қоғалмауы тиіс, өйткені жауапкершілік белгілі мақсаттарды қанағаттандырумен және оны өтеумен түсіндіріледі [7, 17б. ] .

Құқық теориясында зиянды құқық бұзушылық элементі ретінде қалыптастырады, онымен қоса оның заңи белгілерін айқындайды. Бірішіден, ол ылғида әлеуметке қарсы, яғни ол тұлғаның субъективтік құқығының құндылығына қол сұғады; екіншіден, зиян теріс міңез - құлық жиынтығы болып табылады; үшіншіден, құқыққа қарсы әрекетінің нәтижесі.

Табиғи ортаға келтірілетін зиян үш негізгі объектілерге әрекет етеді: табиғаттың өзіне, жалпы тірі организмдердің өмір сүру ортасы ретінде; адамға, оның өмірі мен денсаулығына; онымен қоса, басқада материалдық құндылықтарға [7, 21б. ] .

Кейбір авторлардың пікірінше, зиянның қандай мүлікке қатысты және нақты кімге азаматқа немесе ұйымға келтірілген нұқсанына қатысты өзінің түсінігін өзгертетендігін айтады. А. А. Рябовтың ойынша, зиян - объективті түрде көрініс табатын айғақ, ол тиімсіз және жағымсыз әрекеттер арқылы орын алады [8, 63б. ] .

Зиян мүліктік залал немесе шығын ретінде көрініс табады. Залал - зиянның натуралды - заттық нысаны, ол заңмен көрсетілген өтелуге жататын жолдарының бірімен өтелуге (дәл нақты осындай сапалы затты беру немесе затқа келтірілген нұқсанды жөндеп беру және т. б. ) тиіс. Ал, зиянның ақшалай көрінісін шығын деп атауға болады.

Ия, аталған көрініс көптеген ғалымдардың шығынды мүліктік залалдың ақшалай көрінісі деп қорытынды жасайды, бірақ кейбір ғалымдар оның олай еместігін дәлел ретінде көрсетеді.

Егер шығынды құқық бұзушылықтың нәтижесі деп есептесек, онда құқық бұзушылық бұл тұлғаға тиісті субъективтік азаматтық құқығын бұзу деп есте сақтауымыз қажет. Соған орай, кейбір цивилистер құқық бұзушылық орын алған кездегі мүліктік құндылығының төмендеуіне дер салмайды, олар сол мүлікке деген құқығы бар тұлғаның рәсімделген құқығына баса назар аударады. Д. И. Мейер азаматтық құқықтың пәніне тек мүліктік құқықтарды енгізді, оның пікірінше, кез келген азаматтық құқық мүліктік құқық ретінде танылады, соған сәйкес құқық бұзушылық орын алған кезде осы үлкен немесе ірі мүліктік құндылықтар азайтылады (төмендетіледі) немесе жойылады, осы азайтылған (төмендетілген) немесе жойылған құндылықтар залал немесе шығын деп аталатындығын түсіндіреді [9, 55б. ] .

В. А. Хохловтың пікірінше, шығын мүліктік зиянның ақшалай көрінісі деген анықтаманы қате екендігін атайды. Оның пайымдауынша: «шығын ылғида ақшалай көрініспен сай келе бермейді, ол ақшалай көріністі сипатты сақтап қала бермейді». Нақты пайда болған шығындар ылғида өтелу кезінде ақшалай сипаттылыққа сай келе бермейтіндігімен түсіндіреді. Келтірілген шығынды өтеу - азаматтық - құқықтық жауапкершілік түрлерінің бірі болып табылады және ол шығынның көрінісі пайда болғанда орын алады. Азаматтық құқық аясында жауапкершілік жалпы ереже бойынша пайда болады, яғни жасалынған нәтижеге байланысты және соны қалпына келтірумен, ал ол болса шығынды өтеумен іске асырылады.

Цивилистикада шығынның түсінігі өзгеріссіз қалуда. Айтатын жайт, шығын термині дәстүрлі түрде тек субъектінің мүліктік жоғалтуымен ғана байланысты. Ал, цивилистикада субъектінің мүліктік емес жоғалтуларын «зиян» деген терминмен атайды [10, 14б. ] .

Енді нақты шығынның құқықтық табиғатына тоқталатын болсақ, кейбір ғалымдар шығынның құқықтық табиғатын азаматтық құқықтық жауапкершілікке жататындығымен (О. С. Иоффе, В. А. Хохлов және т. б. ) ; басқа ғалымдар оның құқықтық табиғаты заңи айғақтарға (фактілерге) жататындығымен (В. В. Васькин, Н. И. Овчинников, Л. Н. Рогович және т. б. ) ; үшінші топ шығынның құқықтық табиғатын заң құндылығымен түсіндіреді [10, 77б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер зандарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық
Нарықтың дамуы жағдайында жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздерін қарастыру
Жерді пайдаланудың құқықтық негіздері
Ішкі жерге орналастыру жобалары
Жерге орналастыру жобалау
Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануының құрылуы
Ауыл шаруашылығы жерлерін басқару жөніндегі жобалар
АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің ережелері, түрлері
Жерге жеке меншік қатынастарының түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz