Абайдың шығармашылық өмірі - қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы


Жұмыс Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында орындалды
ӘОЖ 82. 09: 821. 512. 122 Қолжазба құқығында
ҚАЖЫБАЙ АЯН ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Белгібай Шалабаевтың ғылыми-сын, әдеби аударма еңбектері
10. 01. 02 - Қазақ әдебиеті
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация жұмысы
Ғылыми жетекшілері: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Н. Нұрғали, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ. Қ. Алпысбай
Қазақстан Республикасы
Астана, 2010
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Белгібай Шалабаевтың ғылыми-зерттеу, әдеби-сын ізденістерінің
Негізгі арналары . . . 14
1. 1 Белгібай Шалабаевтың ғылыми-зерттеу еңбектері . . . 14
1. 2 Белгібай Шалабаевтың сыни ұстанымы және әдеби сын
еңбектерінің идеялық-тақырыптық аясы . . . 51
2 Белгібай Шалабаевтың әдеби-публицистикалық және көркем
аударма мұралары . . . 69
2. 1 Белгібай Шалабаевтың әдеби-публицистикалық шығармалары . . . 69
2. 2 Белгібай Шалабаевтың көркем аудармадағы шеберлігі . . . 95
Қорытынды . . . 145
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 151
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырбының өзектілігі. «Елі - алаш, керегесі - ағаш» қазақтың еңсесі көтеріліп, төл тарихымызды тереңдеп танып зерделеуге, ақтаңдақтарымыздың көмбесін ашуға мемлекет тарапынан пәрменді қолғабыс пен мол мүмкіндіктер жасалынып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында мәдени-тарихи мұраны сақтауға, зерттеуге, оларды игеріп, кеңінен танытуға айрықша мән берілген. Елбасы «Мәдени мұра» бағдарламасында: « . . . ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау басты мақсат» екендігіне ерекше ден қоюмен қатар [1], тағы бірде: «Алдағы міндет ұлт мәдениетінің ұлы тұлғасын кезендік бұрылыстарда тарих сахнасына «шығара» білуде болса керек. Мұндайда әрі кең, әрі жүрдек «бүгінгі күннің даңғылымен» жүру үшін байырғы тәсіл жарамсыз болмақ. Былайша айтқанда, өткенге мойын бұрамын деп болашағыңнан айырылып қалуың кәдік» [2, 5 б. ], - деп айқын мақсат, ортақ міндет қойған болатын. Бұл тұжырымдар бүгінгі таңда елімізде мәдени мұраны зерделеп, зерттеуге, жаңаша танып-білуге қаншалықты маңыз беріліп отырғанын да айғақтайды. Олай болса, кеңестік замандағы тарихта, әдебиет пен өнерде бүркемеленген шындықтың пердесін ашып, өз кезінде зерттелмей, зерделенбей, танылмай келген мәдени байлықтарымызды заманымыздың даму үрдісіне сәйкес бағалау - тарихи, ғылыми, әдеби, мәдени жағынан ойластырсақ, ауадай қажетті міндет. Заманның даму, өсіп-өрбу барысында қоғамдық сана, ғылым, көркемөнер, әдебиет - барлығы да бір-бірінен аса ажырамай, әрқайсысы қоғамның экономикалық-материалдық жағдайына орай дамитындығы белгілі. Сондықтан да көркемөнердің барлық саласы қоғамнан тыс өмір сүре алмайтындығы дәлелденген шындық. Және де мәдениет те, ғылым да бір мезетте пайда болып, қалыптаспағандығы айдан анық. Олай болса, өнерді танып-білуге қызмет ететін ғылымдардың бірі ретіндегі филологияның пайда болуы жазу мәдениетінің едәуір өркен жайған кезеңімен орайлас келетіні мәлім. Ғылыми деректерге сүйенер болсақ, Таяу Шығыстың аса жоғары дамыған ежелгі мәдениетінде филологияның белгісі де жоқ болса, орта ғасырлардағы Батыс Еуропада филология еншісіне болар-болмас қана орын тиеді екен. Ал филологияның отаны болып табылатын ежелгі Үндістан мен Грекияда филология сөз бен сөйлеудің, сөз бен ойлаудың ара қатынасын гносеологиялық тұрғыдан қарастыратын үрдіс ретінде дүниеге келіп, қалыптаса бастағаны белгілі. Сол себепті да кейінірек пайда болған философиялық дерексіздік пен филологиялық нақтылық арасындағы қарама-қайшылықтарға қарамастан, әу баста философия мен филология біртұтас дүниенің екі бетіндей болып көрініуі кездейсоқтық емес еді. Зер сала үңілер болсақ, филологияның шын мәніндегі өрлеуі гносеологиялық ойлар дамуының ұлы дәуірлерімен ұдайы орайлас келіп отыратынын аңдауымызға болады. Мәселен, эллинизм дәуірінде (б. д. д. 330-23 ж. ж. ) грек философы Аристотельдің «Поэтика» еңбегінен [3] бастау алған әдеби-эстетикалық ой-пікірлердің өсіп-өрбу, өрістеу тарихы ерекше. Одан бері орта ғасырлар эстетикасы Әбу-Насыр әл-Фараби трактаттарындағы [4] ; Еуропада XVII-XVIII ғасырларда эстетикалық көзқарастар Р. Декарттың [5], Г. Э. Лессингтің [6], Г. В. Гегельдің [7] айтулы еңбектеріндегі; ХІХ ғасырдағы И. Кант [8], В. Г. Белинский [9] секілді т. б. тұлғалардың әдеби, сыни, философиялық мұраларындағы эстетикалық болжамдар мен тұжырымдар әдебиеттану ғылымының ежелгі іргетасы болып танылды.
Осы орайда айта кеткен орынды, адам болмысын қандай да бір дәуірдегі адам ойының мәдениет жәдігері болып табылатын көркем мәтін арқылы қарастыруға негізделген филологияның өзі жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырда ғана қалыптасқанын ескерсек, қазақ филологиясының ғылым ретінде шаңырақ көтерген уақытын өткен ХХ ғасырдың бастапқы жылдарына телісек те, ғылыми филология көшінен кенже қала қоймасымыз анық. Әдеби-теориялық мәселелердің таза ұлттық негізде дами түскен кезеңі ХІХ ғасыр болды. Әрине, сонау орта ғасырдан бері қарай, қазақ әдебиеттануының әдебиет қисыны жөнінде мүлде еш нәрсе болмады деген ұғым тумаса керек. Осынау мол таным ХІХ ғасырда қазақтың рухани болмысында елеулі із қалдырған Ш. Уәлиханов [10], Ы. Алтынсарин [11], А. Құнанбаев [12] сынды біртуар дарындардың ой-толғамдарынан нәр алған ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары да өздерінің әдеби-сыншылық, философиялық көзқарастарын қалыптастырып, үнемі даму үрдісіне бет түзегендігі ақиқат еді.
Әдеби өркендеудегі тарихи сабақтастық тұрғысынан зер салсақ, әдебиеттану ғылымының дамуына зор үлес қосқан Ә. Бөкейханов [13], А. Байтұрсынов [14], Қ. Жұбанов [15], М. Дулатов [16], Ж. Аймауытов [17], М. Жұмабаев [18], Х. Досмұхамедов [19] секілді ұлт зиялылары еңбектерінің маңызы зор. Олар кеңестік заманда өзінің тиісті бағасын ала алмаса, бүгінгі таңда аты аталған дара тұлғалардың әдеби мұраларының мәні мен маңызы қайта қаралып, ел игілігіне жаратылып, шығармалары әдебиетіміздің алтын қорына енгізілді.
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихында елеулі оқиғалар орын алғандығы барша әдебиетші қауымға белгілі жәйт. Қазан төңкерісінен кейін бүкіл қоғам жаңа заман күйбеңімен қалайша тірлік етсе, әдебиет пен өнер де сондай күй кешті. Ғасыр басындағы ғылыми зерттеушілік пікірлер саласындағы ізденістер әдеби мұраларды жинау және әдебиет тарихын жасауға ұмтылу мен қисындық ой-тұжырымдар сол ғасыр ұсынған талап-тілектермен бетпе-бет келді. Бұл орайда кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің ғана емес, сонымен бірге әдебиеттануы мен сынының да көш басында болған, әсіресе, 1917-1940 жылдар әдебиетінде ауыз толтырып айтарлықтай мәдени мұралар Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Т. Жароков, Ә. Тәжібаев, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Е. Ысмаиылов, М. Қаратаев, С. Садуақасов, Қ. Кемеңгеров, М. С. Сильченко, М. П. Баталов, Т. Нұртазин, Х. Жүсіпбеков, Қ. Аманжолов, Д. Әбілев, Ә. Сәрсенбаев, Ғ. Сланов, С. Ерубаев, Қ. Бекқожин, М. Хакімжанова, Ә. Әбішев, Ж. Саин, С. Камалов, Ә. Байділдин, Қ. Әбдіқадыров сынды т. б. көптеген майталман сөз шеберлерінің қаламынан туғаны анық. Бұл әдеби мұралардан бастау алып, кешегі күнге дейін ізденіс аясы, бағыт-бағдары, өріс-өресі тұрғысынан да түрлі деңгейде, алуан сипатта болып келген әдебиетке қатысты үлкенді-кішілі зерттеулердің ғылым дамуындағы мән-маңызын, өзіндік орнын ескермеу шындыққа қиянат болмақ. Әдебиет тарихының сан-сала проблемаларын алуан қырынан қарастыратын еңбектерден тыс алғанның өзінде, әдебиеттану және әдебиет сынына қатысты көптеген іргелі зерттеулер жасалғаны белгілі. Кеңестік идеология қарамағында өмір сүрген қазақ әдебиеті мен әдебиеттануының социалистік реализм талаптарына сәйкес тірлік ете отырып, ылдиға түспей, үнемі даму, жетілу жолында болғандығы айқын еді. Сондықтан да қазақ әдебиетінің ғана емес, әдебиеттану мен сын жанрының көшін бастап, сындарлы ой-пікірлер қалыптастырған С. Сейфуллин, Ғ. Тоғжанов, М. Әуезов, Е. Ысмаиылов, Қ. Жұмалиев, С. Мұқанов, М. Қаратаев, Б. Кенжебаев, Т. Нұртазин сынды тұлғалардың еңбегі ерен болатын.
Осы керуеннің ізінен қалмай, әдебиеттану мен әдебиет сынына қатысты біртуар зерттеулер жазып, әдебиет майданында көзге түскен, кейінгілерге үлгі-өнеге болған тұлғалардың қатарында: З. Ахметов, З. Қабдолов, М. Базарбаев, Ш. Елеукенов, Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов, Б. Ыбырайымов [20] сынды ғалымдардың әдебиеттің теориялық мәселелеріне арналған еңбектерін, Б. Кенжебаев, Т. Кәкішев, Н. Ғабдуллин, Р. Нұрғалиев, М. Қараев, Ж. Смағұлов [21] секілді әдебиетшілердің әдебиеттану мен сын тарихы проблемаларына негізделген зерттеулерін, М. Қаратаев, Е. Ысмаиылов, Д. Ысқақов [22] тәрізді т. б. зерттеушілердің сын теориясын саралауға бағытталған туындыларын атауға болады.
Бүгінгі таңда қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеу жұмыстарын әдеби-тарихи шындыққа сай жүргізуде кеңестік идеология қағидаларының қаншалықты зиян келтіргендігі аз айтылған жоқ. Бұл мәселені қалыпқа салып зерделеуде соңғы жылдары ауқымды шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, З. Қабдолов, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, М. Мырзахметов, Ш. Елеукенов, Т. Кәкішев, Р. Нұрғалиев [23] сынды т. б. ғалымдардың еңбектері аса маңызды. Сондай-ақ, 1920-1960 жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы соңғы он жылда жаңаша көзқарас, тың пайымдау тұрғысынан ой сүзгіден өтіп, қайта сарапқа салынып, іргелі ізденістерге, сыни, ғылыми ой-тұжырымдарға, дәйекті-деректі пікір пайымдауларға негізделген елеулі зерттеулер жазылды [24] . Қазақ әдебиетінің тарихы да жаңаша көзқарас тұрғысында тұжырымдалып, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының басқаруымен көптомдық боп жарыққа шықты. Осы орайда, қазақ әдеби сынының, фольклористикасының, проза жанрлары мен аударматану ғылымдарының жеке-жеке сала ретінде қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлес қосқан зерттеуші-ғалымдар тұлғасын, сыншылық, әдебиеттанушылық болмысын, фольклортанушылық келбетін, аудармашылық шеберлігін, ғылыми-шығармашылық қызметін уақыт ағымына сай зерттеп білудің, саралап танудың мәні ерекше.
Әдебиет - үздіксіз даму үстінде болатын, үнемі жаңарып отыратын өнер түрі. Оның өсіп-өркендеуіне, қанат жаюына барша талант иесі, барлық жанр атсалысатыны белгілі. Қазақ әдебиетінің бұрылыс-бұралаңы мол, қиын да күрделі өсу жолында өзіндік үлесімен із қалдырған қаламгерлер баршылық.
Әйтсе де, көзі ашық, көкірегі ояу талантты дарабоздардың талайы кеңестік замандағы үстем идеологияның құрсауында шырмалғаны - шындық. Сондықтан да, бұл кезеңде ғұмыр кешкен қандай да болмасын дарын иесінің еңбегін сараптаған сәтте ол өмір сүрген қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдайларға зер салып отыру - әділетті тұжырымның қалыптасуына мүмкіндік тудырмақ. Себебі, сонау 40-60 жылдар аралығында, қиындығы мен қысастығы мол болған әдебиет майданында, әдебиеттану ғылымының ауыр жүгін қайыспай көтеріп, әдебиетіміздің өрісті биіктерге самғауына, айқын бет түзеуіне үлес қосқан, туған әдебиеттің шарықтай дамуы үшін тура жол іздейміз деп, өмірдің небір бұралаң жолдарынан өтіп, табандылық көрсеткен дарынды әдебиетші, зиялы қауым қалыптасып еді.
Шынында да, ұстараның жүзіндей алмағайып уақытта өмір сүре жүріп, әдебиетіміздің өркенді биіктерге бет түзеуіне үлес қосқан, туған әдебиетінің дамуына тура бағыт сілтейтін сүре жолды іздеу барысында кей-кейде бұралаң сүрлеулерге түсіп кетуден де кенде емес осы бір жауынгер мінез дарындар қатарында М. Қаратаев, Е. Ысмаиылов, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Т. Нұртазин, А. Нұрқатов, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, Қ. Нұрмаханов, Қ. Қуандықов, Н. Ғабдуллин, З. Қабдолов, Ы. Дүйсенбаев, Х. Әдібаев, М. Дүйсенов, Ә. Дербісалин, Ә. Қоңыратбаев, З. Ахметов, Ш. Сәтбаева, С. Талжанов, т. б. әдебиетшілердің болғаны, олардың қай-қайсы да кейіннен қазақ әдебиетінің өркендеу тарихында өзіндік із қалдырғаны мәлім. Олардың лег-легімен әдебиеттануға келуіне халықтың рухани өрлеуі бірден-бір себепші болса, осынау «алдыңғы толқын - ағалар, кейінгі толқын - інілердің» бел ортасында жүрген өз замандастары арасында барлық қажыр-қайратын төл әдебиттануға арнаған, оның барша салаларында еселі еңбек еткен таланттардың бірі - Белгібай Шалабайұлы Шалабаев еді.
Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Белгібай Шалабайұлы Шалабаев (1911-1990) өзінің бүкіл саналы өмірін туған әдебиетіміздің тарихын зерттеуге арнап, оның ғасырлар бойғы даму, қалыптасу, кемелдену кезеңдерін ашып зерделеуде айтарлықтай үлес қосты. Алайда ғалымның сан салалы, алуан арналы әдеби-сын, ғылыми-зерттеу, әдеби-публицистикалық, көркем-аударма еңбектері мен ғылыми-творчестволық қызметі әлі күнге дейін жеке зерттеліп өз бағасын ала қойған жоқ. Ғалымның азаматтық, қаламгерлік тұлғасы, сыншылық, аудармашылық даралығы, еңбектеріндегі толғамды ойлары мен жаңалықтары, шығармашылық шеберлігі жете зерттелмеген. Сыншының қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі әр кезде еске алынғанымен, сол үлестің аты аталып, түсі түстелген емес. Қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін өркендетуге сіңірген еңбегі ауқымды болса да, әлі күнге ғылыми бір жүйеге түспегендігі оның ғылыми-сыншылық, көркем және публицистикалық мұрасын жинақтай отырып, жан-жақты зерттеудің қажеттігін айқындай түседі.
Әдебиеттанушы, сыншы, аудармашы ғалымның соңында қалған ғылыми, көркем, публицистикалық еңбектерін қазіргі тәуелсіздік талаптары биігінен қарап бағалаудың мезгілі жетті. Қазақ әдебиетін зерттеудің қай саласында болсын жемісті еңбек еткен ғалым мұрасының бүгінгі әдебиеттану ғылымы үшін ғибраты мол. Сол себепті Б. Шалабаевтың әдебиет тарихы, фольклор мен проза жанрларын зерттеп, аударматану ісіне қосқан үлесін айқындау мақсатын көздейтін бұл зерттеудің өзектілігі талас тудырмаса керек.
Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі. Әдебиеттану ғылымында жекелеген тұлғалардың шығармашылығын, әдеби мұраларын жан-жақты зерттеу - әдеби ағымның бағыт-бағдарын айқындауға бірден-бір ықпал етері сөзсіз. Бұл ретте диссертация нысаны болып отырған ғалым Б. Шалабаевтың әдеби-сын, ғылыми зерттеу және көркем аударма еңбектерін ұлттық әдебиеттану, әдебиет тарихы, сын тарихы, фольклортану, салыстырмалы әдебиеттану мен көркем аударма теориясы ғылымдарымен тығыз байланыста қарастырудың қажеттілігі бүгінгі таңда күмән туғызбайды.
Б. Шалабаевтың әдебиеттану, көркем әдебиет, мәдениет салаларында атқарған еңбектері сан салалы. Ол көркем әдебиет аудармашысы, қазақ журналистикасы мен баспасөзінің жетекші маманы. Сонымен бірге әдебиеттанудың әр саласына - қазақ прозасының тууы мен қалыптасу тарихына (оның ішінде қазақ романы жанрындағы сюжет және характер, типология және поэтика, дәстүр және жаңашылдық мәселелерін сөз еткен), фольклортану, аударматану мен әдебиет тарихы, теориясы мәселелеріне арналған еңбектері ұлан-ғайыр. Ол - әдебиет сыншысы да. Әдебиетші ғалымның осы еңбектерінің әрқайсысына арнайы тоқталып, әдеби сыншылық еңбегі мен романтанушылық ерекшеліктері жайында сол тұстағы әдеби процесте К. Л. Зелинский, М. Әуезов, М. Қаратаев, Ы. Дүйсенбаев, Х. Бекхожин, М. Ғабдуллин, Е. В. Лизунова, М. Сильченко, Б. Ысқақов, Т. Қожакеев, Т. Кәкішев, З. Қабдолов, М. Базарбаев, Ә. Нарымбетов, Ш. Елеукенов, С. Төлешев, Т. Абдрахманов, С. Садырбаев, Н. С. Ровенский, М. Сармурзина, М. Серғалиев, М. Жолдасбеков, Ж. Дәдебаев, Д. Ысқақұлы, С. Безмалицина, Ө. Тастемханов, Н. Қанафин, Т. Қалмурзин, М. Пархоменко, М. Бәйгелов, Р. Сағымбеков, А. Нағыметов, Е. Жақыпов, М. Қалдыбаев, М. Косов т. б. ой пікірлерін білдіріп, естеліктерін жариялаған. Әдебиетші еңбектерінің көркемдік ерекшелігі, идеялық мазмұны, еңбек жолы мен шығармашылық дамуы эволюциясына арналған республикалық мерзімді басылымдар бетінде әр кезде жазылған рецензиялық мақалалар оқырмандар назарын аударып отырды.
Дегенмен, осы мәселелер жөніндегі ғалым-зерттеушілердің жол-жөнекей пікірінен басқа салиқалы ой айтылған жоқ. Осы кезеңге дейінгі зерттеулерде әдебиетшінің көркемдік танымы, танылу аясы, сыни ұстанымы, аудармашылық қыры, туындыларындағы көркемдік, жанрлық, стильдік ерекшеліктері, т. б. мәселелер арнайы қарастырылмаған, ғылыми байсалдылықпен түбегейлі сараланған емес.
Сондықтан да Б. Шалабаев сияқты әдеби мұрасы әлі күнге ғылыми маңызын, көркемдік биік деңгейін жоймаған көрнекті ғалым еңбектерінің кезіндегі тарихи маңызын, бүгінгі ғылыми құндылығын жүйелеу, талдау кезек күттірмейтін мәселе екендігін ескере отырып, қаламгердің сыншылық, ғалымдық, зерттеушілік, аудармашылық тұлғасын сомдаумен қатар танылу аясын зерделеу, зерттеу шараларын жүргізіп, дәйекті-дәлелді тұжырымдар айту - ғылыми жұмысымыздың басты нысаны болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиеттануы мен сынының және аударматанудың өркендеуіне өзіндік үлес қосқан Б. Шалабаевтың әдеби мұрасы бойынша зерттеу қажеттілігі қазіргі жаңаша тарихи жағдайдың өскелең талаптарынан туындап отыр. Осы орайда зерттеудің алдына қояр негізгі мақсаты - көрнекті ғалым, профессор Б. Шалабаевтың әдеби-сын, ғылыми-зерттеу, көркем-аударма еңбектері мен әдеби-публицистикалық мұрасын екшеп, жіктеп, жүйелі түрде талдау мен сараптау негізінде, арғы-бергі еңбектеріне зер салып, оларды өз кезеңінің әдеби сын үрдісімен тығыз бірлікте, іштей үндестікте қарастыра келе ұлттық әдебиеттануға қосқан үлесін, еңбектерінің алатын орны мен жаңашыл ғылыми сипатын ашу, өзіндік ғылыми ұстанымдары мен көзқарасын және бүгінгі әдебиеттану үшін маңызын анықтау.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына мынадай нақты міндеттер білгіленді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz