Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуін жетілдіру жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Құрметті мемлекеттік аттестациялау комиссиясының мүшелері «Коммерциялық банктер қызметіндегі тұтынушылық несие» атты дипламдық жұмысымды қорғауға рұқсат етіңіздер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі Қазіргі кезде банк көптеген операция түрлерімен айналысады. Олар тек ақша айналымы мен несиелік қарым-қатынастан өзге де қаржылық шаруашылық, сақтандыру, бағалы қағаздарды сату-сатып алу операцияларын, кейде мүлікті басқару кезінде делдал ретінде де қатысады.

Несие ұйымдары тәуекелдігі жоғары істер мен айналысады. Банктік тек қана тәуекелдің алдын алып қана қоймай, несиелеу кезінде талдау жүргізу тәжірбиесіне де байланысты.

Қазіргі кезде нарықтық экономикада несие түрі дамыған елдердің біріміз. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттерінің несиелік қабілеттігіне қарай әр түрлі несиелер береді. Солардың ішіндегі сізге қажет уақытта күттірмейтін мұқтаждықты төлеуге арналған несие, яғни тұтыну несиесі. Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие. Тұтыну несиесін - ұзақ мерзімды қолданыстағы, мысалы, жиһаз, компьютерлер және оргтехника, тоңазытқыштар, ыдыс жуатын машиналар, асүй пештері, кондиционерлер, аудио-, видео-, теле-, және радиоаппаратуралар, басқ да күрделі тұрмыстық техникалар сияқты тауарларды сатып алуға; Медицина, білім, спорт және демалыс, туризм, автокөлік пен тұрғын үйді жөндеу, салтанаттар өткізу және т. б. қымбат тұратын қызметтерді төлеу үшін пайдаланады.

Банктің ұсынылатын тұтыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті -тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан - тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік әсіресе қазіргі уақытта нарықтың тауарларымен толығу жағдайында көрінеді. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиі қолданылады. Дамыған елдерде тұтыну несиесінің маңызы өте жоғары. Ол тұрғындардың тауарларға сұранысын ынталандырады және оларды өндірісі мен өткізілуінің ұлғайуына жағдай жасайды. Тұтыну несиесін көбнесе табыс деңгейі орташа жұмысшылар мен қызыметкерлер пайдаланады. Бірақ ұзақ пайдаланыстағы тауарларды несиеге алу жеке тұлғаларға қолма-қол мәміле арқылы алғанға қарағанда едәуір қымбатқа түседі. Тұтыну несиесі тауарлы және ақшалай болып келеді. Автокөлік, қымбат тұратын тауарлар мен қызметтер - бұлардың бәрін көпшілікке Коммерциялық банктердің тұтынушылық несиесінің арқасында қол жеткізу мүмкін болып отыр. Несие алу процесін оңай және жағымды қылуға коммерциялық несие желісі көмектеседі.

Қазіргі ездегі экономиканың дамуына және халыққа банктердің ұсынатын қызмет түрлеріне сұранысының жоғарлаумен байланысты.

Менің дипломдық жұмысымның бірінші тарауында тұтыну несиесінің түрлері, оған қатысушы субьектілер мен обьектілер және де қарыз алушылардың тұтыну несиесіне деген сұраныстың жоғарлауына байланысты қаржы-несие ұйымдарының жеке тұлғаларды несиелеу процессі қарастырылған.

Екінші тарауда тұтыну несиесіне байланысты қазіргі кезде дамыған қаржы ұйымдарының бірі «Кaspi bank» АҚ мысалға ала отырып несиені беру процессінде қарыз алушының төлем қабілеттілігіне талдау жүргізу тәртібі қарастырылған.

Үшінші тарауда несиемен байланысты тәуекелдерді басқару, яғни несиелік тәуекелдің алдын алу үшін қарызға мониторинг жүргізу мен резерв құру тәртібі.

Зерттеу мақсаты. Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты жеке тұлғаларды несиелеу кезінде туындаған несиелік тәуекелдерің алдын алудың теориялық мәні мен тәжірбиелік жүзеге асуы зерттелген.

Бұл тақырыпты зерттеудің обьектісі ретінде қаржылық ұйымдардың бірі «Кaspi bank» АҚ ұсынатын несиелік қызметтер қарастырылған.

Берілген жұмыстың пәні ретінде жеке тұлғаларды несиелеу кезінде қаржы-несие ұйымдарының құжаттарының рәсімделуін зерттеу болып табылады.

Дипломдық жұмысты жазу кезінде келесі ақпараттар базасы қолданылды. Олар: заңды және нормативті актілер, жалпытеориялық экономикалық әдебиеттер, статистикалық мәліметтер мен қатар отандық және шетел авторлары Лаврушин, Сейдкасымов, Балабанов, Мақыш сияқты авторлардың еңбегі қолданылған.

1. 2 Банктік несие және оның экономикадағы рөлі

Банктік несиенің рөлі оның экономикадағы мемлекеттегі және халықтағы қолданыс нәтижелерімен және оларды әдістерімен ерекшеленеді. Әдістері туралы айтатын болсақ, олар әдетте қаражаттың ақылы ұсынылуымен кредиттің қайтарылымын белгілі дәрежеде шартталады. Бұл несие операциясының қатысушыларының жауап кершілігі мен қызығушылығын арттырады, олардың қарыз қаражат (немесе мақсатқа сай) қолдануына себеп болады.

Несиелік қатынастарға қаражатты пайдаланғаны үшін төлеген құнына қоса қаражаттың қолданылатын қаражат мөлшері мен оларды пайдалану уақытын үнемдеудің қызығушылығын арттырады.

II Тарау. Екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларды несиелеуін талдау

2. 1 «Кaspi bank» АҚ-ның тұтыну несиесін талдауы

Тұтыну несиенің нарығы Қазақстанда қарқынды өсу үстінде. Қазақстанның Қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің көрсеткіштеріне қарағанда соңғы 3 жылда 2006 жылдан 2009 дейін банктің тұтынуға берген несиесі 10 есе өсті. Ағымдағы жылдың 1 жартысында 43, 6 млрд. теңгеден 90, 9 млрд. теңгеге дейін өсті. Осы нәтижелер негізінде қазіргі кезде теңгемен берілетін несие көлемі 2009 жылы қаңтар айымен салыстырған да 49, 0 %-дан 49, 9 %-ға өсті. Республикада алғашқы қаржы орталығы Алматы қаласы болып табылады.

Алғашқы рет тұтыну несиесі Қазақстанда жоғары табыс алатын қалталылар үшін қызмет көрсетті, келе-келе бұл орташа еңбекақы алушы менеджерлер, яғни қазір еңбек ақысы жоғары фирмаларда істейтіндер айына 500 АҚШ доллардан алатындар тұтыну несиесін ала алады. Соңғы жылдары несие нарығы қарқынды даму үстінде, соның ішінде несие саясатының негізгі бағыты несиелендіру болып табылады. Қазіргі кезде Банк секторымен корпорация клиенттері қамтылған, енді банктер жеке бизнеске ауысқан клиенттер арқылы банк базасын кеңейтуде. Банк базасы ресурстарды өсіруге, экономиканың жандануын, халықтың табысының көлемін өсіруге бағытталған, бұл қаржы секторын тұрақтандыруға септігін тигізеді[16] .

Ал несиеге ставканың төмендеуі жоғарыда айтылғандай бюролар несие алушының базалық тарихы мен қаржылық жағдайы туралы деректердің жинақталуы, несие беру кезінде жаңа техника мен жаттығуларды енгізу, нарықтағы банктің қызметке деген бәсекесінің жоғарлауы және кассалық-есеп шот бөлімшелерінің ашылуы, жаңа қаржылық институттардың дамуы мен халықтың төлем қабілетілігінің жоғарлауы себепкер болады.

ҚР Қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің деректері бойынша қалалы және ауылды жерлерде тұтыну несиесіне деген сұраныстың төмендігіне келесілер әсер етеді. Олар:

  • халықтың табысының төмендігі мен тұрақсыздығы;
  • аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамымауы;
  • банктік бағытта мәмліге дайын ұймдардың жоқтығы және т. б.

Банктер шетелдіктердің қатысуымен арзан ресурстарды әлемдік нарықтан капиталдарды елімізге шоғырландыру арқылы басқа да 2-ші дәрежелі банктер сияқты тұтыну мақсатына қарыз беріп, әр түрлі несиелендіру бағдарламаларын ұсыныуда. Сондықтан да несиелердің көбісі шетел валютасында берілуде. Шетел валютасында берілетін несиелер көлемі соңғы ағымдағы жылда өте жоғары, бірақта ұлттық валюта тенгемен де берілетін несие теңгенің тұрақтануына байланысты өсуде.

Қорытындылай келе қалалық аудандардың экономикалық өсуі, халықтардың әлауқатының жоғарлауы, нарықта банктік қызметтердің бәсекелестігінің өсуі және несиелік бағдарламаларының банктік секторда қайта жаңаруы, филиалдар желілілернің кеңейуі, банктік емес ұймдардың тек қалалық жерлерден өзге аудандарда сұраныстық өсуіне жағдай жасауда.

1 - Кесте

Тұтыну мақсатында азаматтарды несиелеу мил. теңге

Банктердің экономикадағы несиесі
2005 ж.
2006 ж.
2007 ж.
2008 ж.
2009 ж.
Банктердің экономикадағы несиесі: Жалпы есептік жылда
2005 ж.: 271, 5
2006 ж.: 481, 5
2007 ж.: 656, 9
2008 ж.: 586, 1
2009 ж.: 619, 5
Банктердің экономикадағы несиесі: Тұтыну мақсатында:
2005 ж.: 6, 6
2006 ж.: 15, 3
2007 ж.: 31, 5
2008 ж.: 63, 3
2009 ж.: 90, 9
Банктердің экономикадағы несиесі: Жалпы несие көлемінің пайыздық көлемі
2005 ж.: 2, 4
2006 ж.: 3, 2
2007 ж.: 4, 8
2008 ж.: 10, 8
2009 ж.: 14, 6

*Дерек көзі: «Кaspi bank» АҚ-ның есептері

Бұл несиелендiрудiң маңыздылығы ол шетелдiң коммерциялық банктерi тарапынан орта мерзiмдiк қаржыландыру нарығына жол ашты.

Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатымен «Кaspi bank» және ЕРДБ бiрлесiп 25 млн АҚШ долларын құрайтын "дақылдық қолхат" жобасын iске асырды. 2001 жылдың басынан бастап АҚ "Кaspi bank" мен ЕРДБ басшылары бiрлесiп ЕРДБ-ның "дақылдық қолхат" жобасын енгiзу мақсатында әрекет етуде. Бұл жоба бойынша екi негiзгi кезеңдi - бiрiншi және екiншi кезеңдi қаржыландыру қарастырылған.

Бiрiншi кезең "несиелiк линия" деп аталады, ол 25 млн АҚШ долларын құрап жыл сайын қадам басып келедi. Несиелiк келiсiм бойынша ағымдағы қаржыландыру 2006 жылдың 18 шiлдесiнен басталады. Қазiргi кезде "Қорландырылған қатысу " деп аталатын екiншi кезеңдi қаржыландыру ережелерi қарастырылуда.

«Кaspi bank» АҚ ең алғаш iрi корпоративтi клиенттер үшiн қызмет көрсететiн банк болып табылады.

Сонымен бiрге Қазақстанның экономикасы негiзгi активтер iрi компанияларда шоғырлануымен сипатталады, яғни негiзгi банк несиелерiн бiрнеше iрi компаниялар алады деп айтуға болады.

Сонымен қатар клиенттерге есептеу әдістемесі ыңғайлы болуы үшін банк ыңғайлы автокөлік алуға арналған ай сайынғы төлемдерді төлеу мысалдарын көрсетуге болады.

1-кезең. Қарыз алушымен сұхбаттасу және оның өтінішін қабылдау. Жеке тұлғамен сұхбаттасу және оған кеңес беруді банктің фронт-кеңсесінің қызметкері - несие менеджері клиенттің қандай мақсатқа несиені алуды қалайтынын, қандай сома сұрайтынын, қанша мерзімге алатынын және кепілге қандай мүлікті ұсынатындығы туралы ақпараттарды біледі. Банк тарапынан клиентке берілетін несиесінің шарттарымен таныстырады.

.

Сурет 1. 2009 жылға несие алушылар бойынша несие портфелінің құрылымы, %.

*Дерек көзі: «Кaspi bank» АҚ-ның есептері

Соңғы 5 жыл iшiнде шоғырлану деңгейi бiршама төмендеген, алайда әлде де жоғары деңгейде сақталып «Кaspi bank» АҚ 44 мың клиенттерiнiң (заңды тұлға) iшiнен ең iрi 10-20 клиенттерiне шоғырлану деңгейi соңғы 3 жыл iшiнде күрт төмендеуде (2-сурет) . Оның себебi ретiнде несие портфелiнiң өсуi мен басқа несие алушыларды несиемен қамтамассыз ету болып отыр (жеке тұлғалар мен КБС (кiшi изнес субъектiлерi) .

Екiншi себебiн айтсақ, iрi клиенттердiң санының шектеулiлiгi болып отыр.

Сурет 2. 2007-2009жж несие алушылар бойынша несие портфелінің шоғырлануы

Қорытынды

Түйіндей айтқанда, тұтыну несиесіне деген сұраныс қазіргі біздің экономикамыздың жағдайына сәйкес келеді десе де болады. Елімізде табыс деңгейі жоғары тұлғаларға қарағанда, табыс деңгейі орташа тұлғалар көбірек. Сол себепті, қымбат тұратын заттарға қол жеткізу үшін ең қолайлысы қарыз алу, яғни несие алу болып табылады. Жаңартылған несиелік желі әдісінің сыртқы көрінісі жағынан отандық, яғни ірі объектінің айналымы бойынша несиелеу әдісіне көбірек ұқсастығы да болады. Бірақ та олардың арасында айырмашылықтар бар. Сөйтіп, шетелдік банктер несиелік желіні тек бірінші кластың қарыз алушыларға ғана ашады, ал біздің коммерциялық банктерде ондай клиенттерді бөліп жатпайды. Сонымен қатар, несиелеу шегін анықтау тәсілдері де әр түрлі, сол сияқты өлшенбейтін төлемдер көлеміне байланысты ажыратады. Бізде ол біршама маңызды. Тұтыну несиесін көбінесе табыс деңгейі орташа жұмысшылар мен қызыметкерлер пайдаланады. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті - тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан - тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік әсіресе қазіргі уақытта нарықтың тауарларымен толығу жағдайында көрінеді. Бірақ ұзақ пайдаланыстағы тауарларды несиеге алу жеке тұлғаларға қолма-қол мәміле арқылы алғанға қарағанда едәуір қымбатқа түседі. Тұтыну несиесі тауарлы және ақшалай болып келеді. Автокөлік, қымбат тұратын тауарлар мен қызметтер - бұлардың бәрін көпшілікке Коммерциялық банктердің тұтынушылық несиесінің арқасында қол жеткізу мүмкін болып отыр. Несие алу процесін оңай және жағымды қылуға коммерциялық несие желісі көмектеседі. Ол үшін Сіз Банкпен несие желісін ашу жөнінде Келісімге қол қоясыз, жылжымайтын мүлігіңізді немесе банк шотындағы ақшаңызды (Келісімнің бүкіл әрекет ету мерзіміне бір рет) кепілдік қамсыздандыруға ұсынасыз да, ұзақ уақыт бойы түрлі мақсаттарға Сізге қажет уақытта және несие құжаттарын ресімдеудің жеңілдетілген схемасымен несие алу мүмкіндігіне ие боласыз. Несиенің жақсы жағы мынада, Біз оның көмегімен өзіміздің ағымдағы және кездейсоқ шығыстарымызды төлей аламыз. Уақытты үнемдей отырып қажеттілігімізді қанағаттандыра аламыз. Кезек күттірмейтін мұқтаждарға несие берудің мәні мынада, бізден банк алдында несиенің мақсатқа арналуын растау талап етілмейді және де қарызды мақсатты пайдалану міндетті емес, бұл тексерілмейді. Қарызгердің өз қаражатын қосуы талап етілмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуін талдау арқылы банктердің несие беру шарттары
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу
Несие қатынастарының пайда болуы және қалыптасуының теориялық аспектілері
Тұтыну несиесі, оны ұйымдастыру және даму перспективалары
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы
Қазақстан Республикасындағы несиелендіру жүйесі
Шағын бизнесті несиелеудің әлемдік тәжірибесі
Қазақстандағы ақша-несие жүйесін реттеу
Несиелік тәуекелді анықтау
Несиенің негізгі формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz