Кәмелетке толмағандарды уақытша ұстау бейімдеу-оңалту орталықтары: Ішкі істер органдарының қызметін оңтайландыру және құқықтық қамтамасыз ету


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі кәмелетке толмағандардың қаңғыбастыққа, панасыздыққа салынуына қарсы күрестегі ІІО-ның кәмелетке толмағандар жөніндегі бөлімдерінің қызметінің ерекшеліктерін талқылау.

Егемен еліміздің болашағы біздің жастарымыз десек, сол жастардың тәрбиесі қоғам үшін күн тәртібіндегі үздіксіз қарастырылатын мәселенің бірі болып табылатыны даусыз. Сол себепті де мен өзімнің диплом жұмысымда кәмелетке толмағандардың тарапынан болатын құқық бұзушылықпен, қылмыспен күресуде маңызды ролдердің бірін атқаратын кәмелетке толмағандарды уақытша ұстау бейімдеу оңалту орталығы туралы қарастырдым.

Кәмелетке толмағандарды уақытша ұстау бейімдеу оңалту орталығының арқасында бүгінгі таңда қаншама бала өз атанасын тауып немесе туыстарын тауып жатыр немесе қаңғыбастықпен, қайыршылықпен күнелтіп жүргендері балалар үйлеріне орналастырылып, жағдайлары жақсаруда.

Мемлекеттің құрылу және даму тарихы адамның құқықтыры мен бостандықтарының қатаң сақталуына байланысты, мемлекеттік биліктің ықпал ететін оңтайлы параметрлерін іздеуден ажыратылмайды. Мұндай жағдай мемлекетте және қоғамда стержендік анықтаушы және өркениетті болып табылады. Ал бұған талпыну, дамып келе жатқан Қазақстанда, яғни демократиялық мемлекетте орын алуда.

Басқаша айтқанда құқықтық мемлекеттің бірқатар ойлары жаңа емес. Қоғамның прогрестік қабаты өзінің болашағын, өзінің мемлекетінің болашағын ойлап, ең қажетті қағидаттарды тәрбие көрсету процесінде өсіп - өніп келе жатқан ұрпаққа қалдыруды анықтады. Бұл жағдай антикалық дүниедегі сияқты ертедегі Қазақстан аумағында да орын алады.

Қазақстан Республикасының Конститутциясының 27 бабына сәйкес бала мемлекетпен қорғалатын және мойындалатын, сондай - ақ негізге құндылығы бола отырып, мемлекеттің қорғауында болады1.

Кәмелетке толмаған баланың тәрбиесіне және ары қарай дамуына, жақсаруына, олардың белсенді өмір көзқарасына, құқық пен мораль нормаларына оң көқарасты қалыптастыруға, мүмкін болған жағдайда қоғам мен заң күшін пайдаланып үлкен көңіл бөлу қажет.

“Бала құқығы туралы” 20. 11. 1989 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясыда белгіленгендей, “балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқығы бар”. 2

Кәмелетке толмаған баланың есі мен іс - әрекетіне тәрбиелік ықпал ету шараларын жүргізе отырып, мемлекет құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдерге қатысты репресивтік тәжірибеден толық бас тарта алмайды.

«Ел болам десең бесігіңді түзе»-деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай бүкіл қоғам болып, ел болып балардың тәрбиесімен айналысуға тиіспіз. Қазақ атйқандай қызға қырық үйден тыйым болу қажет, еліміз өзіміздің әдеп-ғұрыптарымызды ұмытпауы керек, тіпті қайта жандандыруы тиіс. Сондағана ел басымыз айтқан 50 өркениетті ел қатарына іліге аламыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты -Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандар жөніндегі бөлімдерінің қызметінің тиімділігін арттыру, жетілдіру және құқықтық қамтамасыз ету мәселесін көтеру. Сондықтан ішкі істер органдары жұмыстарының ерекшелігін, осы бағытта жүргізетін іс-қимыл әрекеттерін құқық бұзушылықтың алдын алуда, бұлтартпауда және жазалау шараларын қолдануда қазіргі қоғамның әлеуметтік-құқықтық жағдайын ескеру қажет.

Диплом жұмысының негізгі міндеттері:

  • Ішкі істер органдарының КТУООБО қызметінің өзекті мәселелерін қарастыру;
  • Ішкі істер органдарының КТУООБ орталықтарының құқықтық жағдайына әкімшілік-құқықтық сипаттама беру;
  • Ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде қолданылатын әкімшілік-процессуалдық шараларды жетілдіруге бағытталған әдістермен, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды талқылау.

Диплом жұмысының заты және объектісі. Қарастырылатын жұмыстың мәселесін кешенді түрде зерттеуге сәйкес зерттеудің объектісі Ішкі істер органдарының КТУООБО құқықтық мәртебесі болып табылады.

Жұмыстың құрылымы Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі алты сұрақтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


  1. 1Коститутция Республики Казахстан. - Алматы: Данекер, 2006. С. 9↩︎
  2. 2Сборник международных стандартов и норм ОНН в области правосудия в отношении несовершеннолетних. - М., 1998. С. 23. ↩︎
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күрестегі ішкі істер органдарының қызметі
Ішкі істер министрлігі мен полиция органдарының құқықтық мәртебесі, міндеттері және қызметтері
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының арнайы бөлімшелерінің құқықтық мәртебесі және қызметін ұйымдастыру
Ішкі істер органдарының қызметін бақылаудағы омбудсмен институтының рөлі
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы ішкі істер органдарының құрылымы мен қызметі
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының құзыреті мен өкілеттіктері (теориялық бөлім)
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлі
Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың қызметін жетілдіру
Ішкі істер органдары қызметіндегі әкімшілік-құқықтық қатынастар: азаматтардың құқықтары мен заңдылықты қамтамасыз ету механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz