Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық - саяси жағдайы
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-6
І тарау ХІІІ ғасырдың әлемдік деңгейдегі тұлғасы-Шыңғыс хан және оның
заманы
1.1. Шыңғыс ханның билікке келуі және моңғол тайпаларын
біріктіру жолындағы
күресі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... . 7-11
1.2. Шыңғыс хан-ХІІІ ғасырдың ұлы қолбасшысы, мемлекет
билеушісі әрі дипломаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12-18
1.3. Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық-
саяси жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 19-23
ІІ тарау Монғол шапқыншылығы және оның әлеуметтік-саяси салдары
2.1. Шыңғыс ханның Қытай мен Орта Азияға жасаған
жорықтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .. 24-31
2.2.1219-1224 жылдарда моңғолдардың Қазақстан жерінде
әскери іс–қимылдарын жүргізу барысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32-37
2.3. Шыңғысхан ұрпақтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38-42
ІІІ тарау Шыңғыс хан және оның заманы тақырыбын мектеп курсында оқыту
жолдары
3.1. Моңғол шапқыншылығы тақырыбына сабақ үлгісін жасау ... ...43-46
3.2. Шыңғыс хан және оның заманы тақырыбына сыныптан тыс
жұмыс
өткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... . 47-52
Қорытынды

... ... ... .. 53-54
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 55-57
Қосымшалар
Кіріспе
Өзектілігі: ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басындағы Орта Азия мен
Қазақстан далаларында билік үшін тайпалар арасындағы күрес асқынып кетті.
Күрес барысында моңғол тайпалары көсемдерінің бірі Темучиннің (Шыңғыс хан)
мерейі үстем болып, ол Орта Азия тайпаларының басын қосқан құдіретті
билеушіге айналды.
Тарихшылардың Шыңғыс ханның тұлғасына, моңғол шапқыншылығына қатысты
көзқарастары қарама-қайшы. Кенестік дәуірдің зерттеушілері Шыңғыс ханға
жауыз, жаулап алушы, гүлденген өлкені қиратушы ретінде қараса, қазіргі
таңда Шыңғыс ханның тамаша қолбасшы, көреген саясаткер, кемеңгер диплоиат
ретіндегі тұлғалық қасиеттері айқындалып отыр. Сол себепті тарихты жазуда
таптық, партиялық көзқарастың орнына өркениеттілік, ізгілік принциптері
орныға бастағанда, Шыңғыс хан және оның заманына тарихшылардың берген
бағасын объективті түрде саралап, жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеу аса
өзекті мәселе.
Диплом жұмысының мақсаты: Шыңғыс ханның ХІІІ ғасырдағы әлемдік
деңгейдегі мемлекет басшысы, қолбасшы, диплоиат болғанын, оның тұмсындағы
Моңғол мемлекетінің саяси жағдайын және сыртқы саясатта ұстанған жолын
айқындау.
Бұл алға қойған мақсатымды аша отырып, мынадай міндеттер қойдым.
-Шыңғыс ханнның Моңғол мемлекетін құру жолындағы саяси күрес тарихына
талдау жасау;
-Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық-саяси жағдайын
саралау;
-Моңғолдардың Қытайға, Орта Азияға, Қазақстанға жасаған жорықтарының
әлеуметтік-саяси мәнін ашу;
-Моңғол шапқыншылығы тақырыбын мектепте оқытудың әдістемелік сабақ
үлгісін жасау;
-Шыңғыс хан және оның заманы тақырыбына сыныптан тыс жұмыс өткізу.
Зерттеу объектісі: 7 сынып. Қазақстан тарихы. Моңғол шапқыншылығы.
Зерттеу пәні:Шыңғыс хан және оның заманы тақырыбының теориялық
мәселелері және оны жаңа технологиялар арқылы оқыту жолдары.
Ғылыми болжам:
1. Оқушылардың бойында Шыңғыс хан дәуірін, тұлғасын, саяси қызметін
ғылыми тұрғыдан талдау қабілеті дамытылады.
2. Оқушылар саяси оиғалардың мәнін нақты фактілер арқылы анықтайтын
болады.
Диплом жұмысының практикалық маңыздылығы: Моңғол шапқыншылығы тақырыбына
арналған сабақ үлгісі мен Шыңғыс хан және оның заманы атты сыныптан тыс
жұмыстың үлгісін практиканттар мен жас мұғалімдер өз сабақтарында қолдана
алады.
Диплом жұмысын жазу барысында дерек көзі ретінде С.Д.Асфендияров пен
П.А.Кунттың редакторлығымен жарық көрген Прошлое Казахстана в источниках и
материалах(5в. до н. э.-13в. н. э.) және С.К.Игибаевтың Казахстан в
источниках и материалах атты зерттеулерін қолдандым. Диплом жұмысын жазу
кезінде осы еңбектерде келтірілген, моңғол шапқыншылығына кең тоқталған Ата
Мәлік Жувейнидің Тарих-и- Джеханшуша(Жаһанды жаулаушының тарихы), Рашид-ад-
Диннің Жылнамалар жинағы атты еңбектерінен алынған деректерді пайдаландым.
Тармхнамасы: Орталық Азияның түрік-моңғол халықтары тарихының, моңғол
шапқыншылығы тарихының проблемаларына көптеген зерттеушілер еңбектерін
арнаған еді.
В.В.Бартольдтің Түркістан моңғолдар шапқыншылығы дәуірінде атты еңбегі
шығыс деректемелерін терең өңдеуге негізделген.Ол нумизматика, эпиграфика,
этнография, археология деректерін де қолданған. Әсіресе Түркістан тарихының
соңғы орта ғасырлардағы кезеңіне арналған Шыңғыс және моңғолдар атты соңғы
тараудың құндылығы жоғары. Ол моңғол мемлекеттілігінің жаңа белгілерін,оның
пайда болу себептерін көрсетуга тырысқан[1;5].
Т.И.Султановтың Чингизхан и Чингизиды. Судбба и власть атты монографиялық
зерттеуінде Шыңғыс әулетінің билікке келуі, көшпелі Моңғол империясындағы
мұрагерлік құқығы, билік мәселесі, Шыңғыс ұрпақтарының ұлыстары тарихына
қатысты жаңа пікірлер айтылған[2;255].
Н.Мұқаметханұлының Тарихи зерттеулер атты еңбегінде Шыңғыс ханның батыс
өңірі Орта Азиядағы іргелі елдермен болған шайқастарда жеңіске жетіп
отыруының себептерін, моңғол шапқыншылығының нәтижелерін ашып көрсетсе,
Л.Гумилев Ритмы Евразии. эпохи и цивилизации атты кітабында моңғолдардың
жорықтарына, түрік-моңғол тайпаларының бірігу себебін ашып көрсетуге жаңаша
көзқарас тұрғысынан қараған.
А.Ш.Қадырбаевтың сериялы еңбектерінде түрік тайпалары-қыпшақтар, қаңлылар,
қарлұқтар және басқалар тарихының алдыңғы орта ғасырлардағы кезеңдері,
олардың Моңғол империясы мен Юань империясының қоғамдық-әскери, саяси
өмірінде атқарған рөлі мен алған орны, бұл тайпалардың Қазақстан аумағына
қоныс аударуы көрсетілген.
Шетелдік зерттеушілер-С.С.Уолкердің Чингиз-хан; К.д Оссонның Шыңғысханнан
Әмір Темірге дейін атты еңбектерінде моңғол билеушісі, әрі көрнекті
қолбасшысы Шыңғыс ханның өмірі, моңғол шапқыншылығының Азия және Шығыс
Европа халықтары үшін салдары тарихи құжаттардың негізінде суреттелген;
моңғол мемлекетінің басқа халықтармен және тайпалармен тарихи қарым-
қатынастары сөз етілген.
Диплом жұмысы Темучиннің түрік-моңғол тайпаларын біріктіру жолында
күрес бастаған ХІІ ғасырдың соңынан Шыңғыс ханның өлімінен кейін моңғол
ұлыстарының құрыла бастаған, яғни шамамен 1227 жылға дейінгі аралықты
қамтиды.
Диплом жұмысының құрылымы:
І тарауда Темучиннің моңғол тайпаларын біріктіру жолындағы күресі,
Шыңғыс хан деген атпен билік басына келуі, әрі Шыңғыс хан құрған моңғол
мемлекетінің қоғамдық-саяси жағдайы талданған.
ІІ тарауда Шыңғыс ханның Қытайға, Орта Азияғы, Қазақстанға жасаған
жорықтарының барысы, нәтижелері сөз болған.
ІІІ тарауда Шыңғыс хан және оның заманы тақырыбын мектепте оқытудың
жолдары көрсетіліп, сабақ үлгісі жасалған.

1.1. Шыңғыс ханның билікке келуі және моңғол тайпаларын біріктіру жолындағы
күресі
Қазіргі Моңғолия, оңтүстік Сібір, қазақ Алтайы аймақтарында мекендеген
тайпалардың көбі түркі тайпалары болған. Түркі-моңғол тайпаларын біріктіру
ісі ХІІ ғасырдың соңында жүзеге аса бастады. Бірігудің шаруашылық және
басқа да себептері болды. Ескі саяси дәстурде де бірігу кезеңдері болған.
Біріктіру әрекеттерін бірнеше тайпалар, олардың ішінде керейттер,
наймандар, жаджырат тайпалары жасады. Жиі-жиі бірігудің екі немесе үш
орталығы байқалды. Әсіресе керейт Тоғұрыл хан, жаджырат көсемі Жамуханың
және моңғолдардың Есугей хан баласы Темучин белсенділік көрсетті.
1185-1206 жылдары аралығында Моңғол мемлекеті біртіндеп қалыптасуда және
іріленіп өсуде болды. Бірлік түрік-моңғол тайпаларының одағы ретінде
көрінді. Әуелі меркіт ұлысы одақтастарға тізе бүкті. Бұл елді шабуылдау
1200 жылға дейін жалғасты. 1198 жылы моңғолдар мен керейттер солтүстік
Қытайдағы шүршіттермен бірігіп, татар ұлысынан соққы берген. 1199 жылы
моңғолдар мен керейттердің соққысынан наймандар батыс Алтайға ығысқан.
Бірігудің соңғы кезеңінде (ХІІІ ғасырдың басы) моңғолдар мен керейттердің
қуатты одағына жаджырат Жамұқа басшылық еткен көптеген тайпалар қарсы
тұрған. Ең соңында Темучин Уан ханды (керейттер) және наймандарды жеңіліске
ұшыратады. Осы оқиғалардың бәрінде түркі-моңғол тайпаларын біріктіруші
Темучиннің асқан саяси, әскери қабілеті көрінеді. 1206 жылы найман
жеңілісінен соң түркі-моңғол тайпаларының құрылтайында Темучин Шыңғыс хан
дәрежесін қабылдаған[3;4].
Енді Шыңғыс ханның қысқаша өскен ортасына тоқталсақ, моңғолдардың ұлы
қолбасшысы Шыңғысхан 1162 жылы қараша айында дүниеге келген. Бір тайпаның
қолбасшысы болып саналатын оның әкесі баласына жеңіліске ұшыраған өзінің
бір қарсыласының құрметіне соның Темучин есімін берген. Темучин тоғызға
толған кезде әкесі үнемі жауласып жүретін бір тайпаның сарбазының қолынан
қаза табады да, тірі қалған отбасы мүшелері көптеген жылдар бойы
қорқынышпен жоқшылық қыспағында қалады. Бұл бір өте қысталаң - қиын шақ
еді, бірақ Темучин қашан аяғынан тұрып, өз қолы өз аузына жеткенге дейін
одан да ауыр кезеңдерді басынан өткерді. Олай дейтініміз, ол бозбала шаққа
жетіп, сүйегі қатайып, буыны енді беки бастаған кезде бір алакөз тайпаның
шабуылы тұсында тұтқынға түседі. Қашып кетпес үшін мойынына ағаш мойылдырық
кигізіп қояды. Шарасыз күйге түскен, оқу – сызу дегеннен мүлде бей хабар
сол бір бейшара тұтқын Темучин бара – бара қара жер үстіндегі ең бір
қуатты, ең бір қаһарлы жанға айналды[4;3].
Оның ең алдымен, ел көзіне түсуі тұтқыннан босап шығуынан басталады.
Сонан кейін ол арғы тегі туыстас Тохрилмен бірігіп, тізе қосады. Сонан
кейін ұзақ жылдарға созылған тайпааралық соғыстар басталады да, сол
соғыстарда Темучиннің тоғыз жасқа толған кезінде әкесі оған қалыңдық
іздестіре бастайды. Дәстүр бойынша қыз басқа рудан болуы керек, Есугей
ұңғырат руының көсемі дай шешеннің қызы Бөртені алып береді. Құдаласу
рәсімін жасасасқан олар әкелері балалары он төрт жасқа толған соң
дүрілдетіп той жасауға келіседі.
Деректерге сүйенсек, Есугейді татарлар қолға түсіріп өлтірген деседі.
Негізінен Темучиннің үш інісі бар. Бір туған інісі – Хасар. Ал Бектер
мен Белгутайдың шешесі бөлек, әкелері бір. Темучиннің шешесі Өэлун
ұлдарының ержетуіне біршама көмек көрсетеді. Ұлдары ержүрек, батыл ғып
тәрбиелеп Тайшуыттардан кек алып, Есугей әулетінің даңқы қайта оралар күнді
асыға күтті. Кешқұрым сәттерде шаршап – шалдыққан балаларына бабалары -
Бонышар мен Хабул ханның және әскерінің ерліктерін жыр етіп, моңғолдардың
ақылды анасы Алан – гуа, Амбағай қаған туралы ертегі, аңыздар айтқан
деседі[5;14].
Кейінірек Темучин бір туған інісі Хасарды жан түршігерлік әрекетке
үгіттейді. Сәтін тауып өгей інісі бектерді өлтіреді. Суық хабарды естіген
Оэлун талып қалады. Бұл оқиға суық Ұлы далаға тез тарап кетеді. Кіп-
кішкентай баланың қатыгездігі көпшіліктің көңіліне үрей туғызды. Кейбірі
Темучин туғанда жұдырығында бір уыс қан болағн деген аңыз бар[6;6].
Темучинді Тайшуыттар қолға түсіріп, тарғутай ұлысына әкеліп, мойыны мен
қолына күзет қояды. Әл жинаған Темучин қалайда құтылудың ретін ойластырып,
күзетші қашып кетеді.
Ол қиыншылық көп көреді, осындай қиын – қыстау кезіне Сорған – Шора
атты мейрімді адам кездесіп, қолынан келген көмегін аямайды.
Осылай Сорған – Шораның көмегімен құтылған Темучин ешкімнің көзіне
түспес үшін, тек қана түнде жүріп отырады. Ол үйіне барса шеше – бауырлары
көшіп кеткен еді.
Арада бірнеше жылдар өтіп, ағайынды жігіттер ер жетіп есейеді. Бір күні
осы үйдің бар байлығы - сегіз жылқысы ұшты – күйлі жоғалып кетеді. Оны
іздеуге Темучин шығады, оған жолдасы Нағу – Баянның баласы Боғыршымын бірге
жүреді.
Темучин он жетіге толғаннан бастап –өзіне сенімді серіктері ертіп
ұлыңғыртып еліне қалыңдығы Бөртені алып кетуіне аттанады. Керей тайпасының
ең күшті ханы Тұғырыл еді. Тұғырыл мен Есугей кезінде нағыз достар болған
деседі. Темучин сыйлығын алып әкесінің досына барып, онымен жақсы қарым –
қатынаста болады.
Осыдан 20 жыл бұрын Есугейдің меркіт жігіті Шиледуден Оэлунды тартып
әкеткендігін олар әлі ұмыта қоймаған. Кек қайтару үшін Шиледудің ағасы
Тоқтабек бір күні тұтқиылдан Темучин ауылын жаулап алады. Бөртені ұрлап
кетіп, өзінің кіші інісі Шілшірге қосады. Тоқтабектің бұл әрекетіне әбден
күйінген Темучин қашып келіп, Тұғырыл ханнан көмек сұрайды. Керей ханы 20
мың әскер береді, туыс болып келетін Жамуқа да сонша әскерімен Темучин
жасағын толықтырады.
Соғыс сәтті аяқталса да меркіттердің зұлымдығы Темучин жүрегінде зіл
болып қалды.
Осыдан соң Темучин мен Жамуқа әскерлері жеңістерін тойлап, алтын
белдіктерін алмастырды. Шайқастан кейін Темучин әскері көбейе бастаған,
оның қарамағына көптеген тайпалар өз еркімен келіп қосылып жатты.
Күн өткен сайын Темучиннің беделі арта түседі. Сол жылдардан бастап
Темучин, Жамуқа, тоғырыл хан үшеуі бірігіп, жақсы одақтастар болды. Олар
найман хандығына, қытайлықтарға соғыс ашып отырды. Темучин айрықша көзге
түсіп, мерейі біртіндеп аса береді.
Моңғол тайпаларының қай – қайсысы да аттың құлағына ойнайтын нағыз
жауынгер болып туатынын жұрттың бәрі білсе керек. Олар өздерінің бүкіл
тарихында Қытайдың Солтүстік аймақтарына жиі – жиі шабуыл жасап тұрды.
Алайда Темучин атқа мініп, билікке келгеннен кейін ол моңғол тайпалары
өздерінің бүкіл күш – қуатын бірін – бірі жоюға, бірін – бірі құртуға
жұмсап келді. Әртүрлі қимыл қарекеттерді, атап айтқанда, әскери алғырлықты,
дипломатияны, қаталдық пен ұйымдастырушылық қабілеті іске қосу арқылы
Темучин ол тайпалардың басын бір жерге біріктіре білді, сондықтан да оны
1206 жылы моңғол тайпаларының құрылтайы оған Шыңғысхан деп, яғни Ұлы
хан деген ат беріп, айдар тағып көкке көтерді[7;285].
Ұлы далада наймандарды бағындырып, көшпелі тайпаларды тыныштандырған
Темучиннің беделі артып, жақтаушылары молая түсті. Ол атақты әрі қатал
билеушіге айналған. Тіпті қол астындағы тайпа, ру басылары жиналып, оны хан
етіп сайлауды ұйғарған. Дайындық жұмыстары бір айға созылды, кең далаға
аппақ шаңқай үйлер Темучинге арнап биік ақ орда тігілді. Белгіленген
уақытта Темучинді Қара – жүрген шатқалындағы Көке – Нұра көлінің маңында ақ
киізге отырғызып, хан етіп сайлайды.
Халық ақылдаса келіп оған Шыңғысхан деген ат бермек болған, бұл
моңғолша ең күшті және мықты деген мағынаны білдіреді.
Шыңғысханның бар өмірі - қантөгіс соғыстар мен ұрыстар. Тағдыры
таусылмайтын жорықтар ірі тұлға әр түрлі халықтарды бағындырып, ондаған
мемлекеттерді құлдыққа алған. Ол құрған империя бірнеше жыл өмір сүрді.
Халық есінде қатыгез де құдіретті ұлы қолбасшы болып қалып, адамзат
тарихының дөңгелегін шыр айналдырды. 1202 ит жылы жаңадан сайланған моңғол
ханы ата – жауы татарларды талқандауды мақсат етеді.
Шыңғысхан татар ұлысының орталығында тұрған Улхуй – Шилікелжіт
шатқалына бет алды. қарсыласуға шамасы келмеген татарлар ордасы
талқандалды. Шыңғысхан кеңес шақырып, тез арада ұрысқа әзірлеу керек деген
шешім қабылдады. Бүкіл әскер саны есепке алынып, жауынгерлер оннан, жүзден,
мыңнан топ – топқа бөлінеді. Шыңғысханның ордасын күзетуге 150 жауынгер
таңдалды.
1.2. Шыңғыс хан-ХІІІ ғасырдың ұлы қолбасшысы, мемлекет билеушісі, әрі
дипломаты
ХІІ-ХІІІ ғасырларда моңғолдар қоғамында феодалдық қатынастардың орнығу
процесі жүріп жатты. Олар нояндар мен езілген ораттарға бөлінді.
ХІІІ ғасырдың басында феодалдық моңғол мемлекеті құрылды, ол саяси
тұрғыдан татар – монңғол тайпаларын біріктірді. Бұл мемлекеттің негізін
қалаған – Шыңғысхан.
Өзінің құрдастары арасында қулығы және ақылдылығымен үздік шыққан
Темучин есейе келіп өзіне берілген нөкерлерін төңірегіне топтастыра білді.
Сөйтіп ХІІ ғасырдың аяғына қарай, моңғол даласындағы қолбасшылардың бірі
болды. Керейттік, ханының наймандармен меркіттермен және татарлармен
соғыстарында оның даңқы арта түсті, онда болашақ Шыңғысхан керейттік ханның
вассалы ретінде соғыстың құрметті титулы болды. Бірақ оның вассалдық
қатынастары көпке созылмады. Темучиннің құдіреті барған сайын арта түсті,
ал келесі жолы 45 мыңдық әскері Наймандар мен меркіттерге қарсы жорыққа
аттанды, олардың бірқатары оған бағынады, қалғандары Ертістен өтіп, батысқа
Қазақстанның кеңістігіне ығысады[8;123].
1204-1205 жылдары соғыс науқанының нәтижесінде өзінің басты
жауларынтізе бүктірген соң Темучин моңғолдардың негізгі тайпаларын өз
қоластына біріктіруді аяқтайды, 1206 жылы көктемде Онон өзенінің жағасында
өткен бүкіл монғолдық құрылтайда ол монғолдардың әміршісі болып
жарияланады. Сонымен бірге құрылтай Темучинге Шыңғысхан титулын бекітеді.
Әскери ұйымдастыру принципі Шыңғысхан орнатқан мемлекеттің негізін
құрады. Қол астындағы бүкіл алқап пен оның халқы 3 әскери - әкімшілік
округке бөлінді, олар: оң қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық
деп аталынды.
Әскери - әкімшілік жүйе жаулаушылық жорықтарда маңызды рөл атқарды.
Борыңғар - алтай тауы өңірін қамтыған, екінші сол жақ бөлігі Цзинь
империясымен шекаралас болды. Оны Жоңғар деп атаған.Осы екі аралықта Ноян
басқарған елдің жері жатты. Шыңғысхан Борыңғарды басқаруды ежелгі досы
Боғыршыға, ал жоңғарды Мұғалиға тапсырған.
Мемлекет негізінен 95 ауданнан құралды. Олардың әрқайсысы мыңбасы
басқарған мың жауынгерді даярлап, күтіп ұстауға міндетті еді.
Мыңбасылар мен жүзбасылар мемлекеттік қызметкерлер болып есептеліп,
еңбегі үшін Рубл яғни жалақы берілген. Осы әскери шендер ұрпақтан –
ұрпаққа мұра боп қалдырған[9;497].
Шыңғысхан қолбасшылыққа тексеруден өткен, ең сенімді адамдарын сайлады.
Жалпы моңғолдар саны миллионға жуықтады.
Солтүстікті мекендейтін орман халықтарын шыңғысханның үзеңгілес
батыры Хоршы басқарды. Оларға және басқа да бағынышты адамдарға емін –
еркін көшуге тиым салынған. Бұл өз халқымен шатастырып алмас үшін
жүргіщілген саясат. Осындай адамдардың тізімдері арнайы кітапшаға түркі
тілінде тіркелді.
Шыңғысхан туған – туыстары мен қол астындағыларға, халқына хат танып,
сауаттарын ашуды бұйырды. Бұл міндет Таян ханның таңба басушысы болған
ұйғыр Тататонға тапсырылды. Бүкіл елде патша байланысты ұйымдастырылды.
Арнайы байланыс бекетіне ұқсас жерлер белгіленді. Оларды Яма деп атаған.
Яманың жақсы жұмыс істеуі үшін аттар мен адамдар бөлінді. Бұл байланыс
байланыс көрсеткен, жоғарғы соттың бастығы болып Шаги – Құтық сайланды. Ол
Жаумен, өтірік айтушылармен күрес, кінәлілерді өлім жазасына кес!деген
бұйрық алды[10;236].
Атақты адамдар арнайы белгілермен ерекшеленген, мемлекеттің
лауазымдыларында алтын таңба болды. Онда аспан билеушісінің еркімен болған
патша бұйрығын орындаушы уәкіл - деген сөздер жазылған [].
Шыңғысхан әскері кешіктендер санын 9000-ға дейін ұлғайтып, темірдей
қатаң тәртіп орнатты. Кеміккендер екі топқа бөлінді. Олардың бірі –
Тұрғауыттар, ең үздік жүз жауынгер. олар түнгі қарауылдар, хан ордасының
тыныс – тіршілігіне, тәртіпке, қару – жарақтарға жауап берген.
Ел арасындағы басқа да өзгерістер Моңғол мемлекетінің күшеюіне
көмектесті.
Шыңғысхан өзінің ел басқарудағы қабілетінің зор екендігін білді, бірақ
көрші мемлекеттер Алай даласында ақылды әрі айбынды әміршінің пайда
болғанынан хабарсыз еді.
Жаңа әміршіл жоспары жерін кеңейту, бүкіл әлемді шарлап, ондағы елдерді
өзіне бағындыру, Ат тұяғы жеткен жерлердің бәрін дерлік жаулап алу.
Тапал келген керемет күні бар моңғол аттары шыңғыс хан сарбаздары
сияқты төзімді және майталмаған. Осындай жеңілуді білмейтін атты әскер
таңғұт мемлекеті Си Ся патшалығына қарай аттанды. Ең алдымен олар алынбаған
қамал салынған Лигули бекінісін қоршады. Иигулидің қабырғаларын қиратып,
тұтқындарын қырды, қорғаушылар ұзақ қарсыласпады, қара бұлтша төнген
моңғолдар таңғұттардың көптеген қалаларын тонап, еліне мол олжамен оралды.
Бұл кездері ел басқару ісіне Шыңғысханның ұлдары да араласа бастаған
болатын.
Үлкен Жошы әкесі сияқты жорыққа аттанып, екі жыл ішінде Енесей
қырғыздары мен Сібірдің орман халықтарын бағындырады.
Еліне оралған соң Шыңғысханға ешқандай адам және ат шығыны болған жоқ
- деп өз жорығы туралы баяндап береді[11;265].
Таңғұттар көршілес ұйғыр мемлекеті де мрңғолдарға соғыссыз бағынды.
тіпті ұйғыр әміршісінің бірі Шығыс Түркістанда қашып жүрген Тұғырылдың ұлы
Сенғұмды өлтіріп, әйелі мен баласын Темучинге ұстап береді. Келесі Бұршық
атты билеуші өзін Шыңғыс ханның өкілі баласымын - деп атап, барлық
бұйрығын орындауға уәде етеді. Жалпы Шыңғысханның ұйғыр халқына деген
көзқарасында ерекше ілтипат бар еді. Ол мемлекет мәдениетінің өркендеуіне
ұйғыплар әсерін тигізді деп жоромалдаған. Сол себепті ордаға керуен толы
алтын, күміс, інжу – маржанмен, қымбат металдармен келген Бұршыққа риза
болып, оған қызы Ал алтынды әйелдікке береді[12;87].
Ұйғырлардың да Шыңғысханға деген өз мүдделері болды. Моңғол әміршісінің
көмегімен ертеректе таңғұттар жаулап алған жерлерін қайтаруды көздеді.
1209 жылдың көктемінде Шыңғысхан әскері екінші рет Си Ся патшалығына
баса көктеп кіреді. Бұл жолы оған таңғұт тағының мүрагері қарсы тұрды.
Жауларының тас – талқанын шығарған моңғолдар Балоқай бекінісін басып алып,
астанасы Жүнсінге қарай бет алды. 50 мың әскері бар таңғұттар Шыңғыс
жасақтарының жолын Аламан тауының шатқалында тосқаулдап жатқан тосыннан
жасалған шабуыл моңғолдарды
шегінуге мәжбүр етті[13;114].
Шыңғысхан шабармен жіберіп, қосымша күштің келуін күтті. Жаңа күш
жеткен соң моңғолдар өздерінің үйренген айласына салады. Алдымен шабуыл
жасап, сосын қаша жөнелуі, ұрандатқан таңғұттар арттарынан қуады. Қашқан
топ тау ішіне кіріп, құмға кірген судай жоқ жеңіс біздікі деп айғайлап
кірген таңғұттарды жасырын жатқан Шыңғысхан жауынгерлері күтіп тұр.
Осылайша жауларын айламен қақпанға түсірген моңғолдар таңғұттарды жан –
жағынан қыспаққа алды.
Таңғұт әскері талқандалды, қазан айында моңғол әскері олардың астана
қорғанының жанына жетті. Шайқаста алдарына жан салмайтын моңғолдардың
соғысу тәсілі барлық халықтардан асып түсетін. Бұзып талқандауға арналған
әр түрлі құрал – жабдықтары болған. Олар үшін биік қорғандар мен қамалдарды
жаулап алып бағындыру түк те емес еді. Қаланы қаншалықта қиын болса,
соншалықты ауыр болатын. Ал төңірегіндегі ауыл тұрғындарын шыңғыс хан
жасағы алдарына салып, қамалдарға бұзуға, олар қазуға мәжбүр еткен[14;6].
Осындай қалалардың бірін оларда арнайы бөгет соғылған. Оған үздіксіз
жауған күзгі жаңбыр қосылып, арнайы кеңейіп, ағыны күшейді. Бұл бастапқы
сол бекіністі бұзып, қаланы шайып, қарттан балаға дейінгі талай адамның
өмірін алып кетті.
Таңғұт әміршісі Ань – Цюань көршілесЦинь шүршіттер мемлекетіне шабармен
жіберіп, көмек сұрайды. Бірақ таңғұттарды жау санайтын Ань – Цюань
көмектесуден бас тартады. Ол тіпті жаулардың бір– бірін талқандауынан
Цзинь империясы ұстады деп ойлайды. Енді таңғұттарға барар жер болмады, сел
жасамақ болған моңғолдардың бөгеті өрбіткен жерден емес, Шыңғысаханның
ордасы орналасқан тұстан бұзылды. Сондықтан әміршіге Ань – Цюаньмен
келіссөз жүргізіп, оның соңғолдардың құрамына кіруін ұсынуға тура келді.
Темучин ханның Чахе атты қызын әйелдікке алады.
1209 жылы Цзинь мемлекетінің тағына жаңа император Вэй – нао ван
отырды. Олардан өзіне бағыныштылығын білдіріп, қошемет көрсетулерін күтті.
Шыңғысханға келген осындай бір елші император сөзін тізерлеп отырып таңдау
керектігін жеткізеді. Мұны естіген Темучин мырс етіп, оған қарай түкіріп
жібереді. Енді екі ел арасындағы соғыстың балаларына күмән жоқ. Оның үстіне
бұл кезде моңғолдардың арасында да Шыңғысханның жаулары көбейген. қасында
жүріп, реті келсе қай уақытта да аяғыңнан шалуы ықтимал[15;245].
Сондай аңдасқан жаудың бірі – бақсы Көкшу Тау Тәңірі. Кезінде
Шыңғысханды бүкіл моңғол мемлекетінің әміршісі деп жариялаған болатын.
Іштей Шыңғысханның орнын басуды армандаған ол осы ойын Әміршінің інісі
арқылы жүзеге асырмақ болды. Түскен олжаның Хасарға кем берілгенін байқап,
оны ағасына айдап салады. Бауыр оң қанатын шауы тастаса, ол ұзаққа жете
қоймас, жан – жақты шибөрідей шулаған жаулары толып тастар-деп
пайымдайды[16;34].
Бұл сөз Шыңғысханға жетеді, қатты ашуланған ол Хасарды азаптап, кінәсін
мойындатады, бірақ дауша шешесі қатысады, Темучин інісін кешіргенімен, мал
– мүлкін алып, елден қуып жібереді.Баласының бұл ісіне ренжіген кәрі ауру
Оэлну күйік пен қайғыдан төзе алмай қайтыс болады. Осы кезде аз уақыт
ішінде бақсының жағына шыққандардың саны Темучин әскерінің жалпы санымен
қарайлас болды. Шыңғысханның бауыры Отчинге де біраз сенімді сарбаздарынан
айырылған. Отчинкин ызаға булығып Көкшуге барады, Көкшу адамдары оны ұрып,
соғып, жаны аман қалып ағасына әрең жетеді. Мұны көрген Бөрте Темучинге:
-Хан болып тірі тұрғанда, осылай Кемке мазақ болса, сен өлгенде не болмақ?
Бұған жол бермей қою керек. Халқына өзінді сыйлап, болмаса қорқытып
бағындыр; - дейді[17;88].
Әйелінің сөзі Шыңғысханды қатты ойландырады. кезінде талай жаушылық
жасап, үнемі жанында жүрген жоғары мәртебелі шаманда сыйлайтын. Әйтсе де ол
күдігі басым болған ол Отчинге:
-Өзің біл не істесең де – деп күрсінеді.
Отчин ордадан шығып, шаманға әміршінің алдына тез жетсін деп хабар
жібереді де сыртқа бірнеше нөкерін қойып:
Көкшу келсе омыртқасын үзіңдер!-деп бұйырады.[18;3].
Көп кешікпей арам ойсыз келген бақсының ордаға кіргені сол еді, жолын
тосып жатқан жауынгерлер оны тарпа бас салады. Масқарамалық болып, тірідей
әйел заты көп жүретін ауланың сол жағына лақтырып тастайды. Бірақ бақсыны
бұлай жатқызуға дәті шыдамаған Шыңғысхан, сол араға киіз үй тіккізіп, өзі
көміп кетеді.
Кейінірек Көкшу денесінің іс – түссіз жоғалғаны туралы лақап тарады.
Кейбіреулер мұны бақсылық қасиеттерімен байланыстырады. Енді Ұлы даланың
шығысында Темучинге теңдес ешкім жоқ
1.3. Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық-саяси жағдайы
Шыңғысхан әскери дарына арасында және дұшпандарының әлсіздігі мен
бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-1204 жылдары кең байтақ территорияны басып
алды. Қазіргі Шығыс Моңғолия аймағында оғанбағынбаған бірде – бір тайпа
қалмады. Күні кешегі хан әкесінің қалың қолының қашқаны қашып, қанды
қырғыннан аман қалғандары жас қаһанның алдына жығылып, жандарына сауға
сұрайды. шыңғысхан оларға кешірім жасағанымен толық сенбейді Содан ол,
керейттерді өре тайпалар құрамына бөліп – бөліп қосады.
Бұл өңірдегі көшпелі түркі тайпаларынан Шыңғысханға бағынбаған ендегі
үлкен мемлекетті Найман хандығы болатын. Оның үстіне Шыңғыстың қас жаулары
жадыран жакмуха да, меркіт Тоқтабек те, татарлар да Найман хандығына барып
паналаған еді.
Көшпелілер қоғамында жауласқан дұшпанын тірі қалдырмаған, оның үрім –
бұтағына дейін құртып жіберуге тырысқан. Ішкі саясатта Шыңғысхан мемлекеті
басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі – моңғол
тайпаларынын мыңдық деп аталатын әскери - әкімшілік бөліктерге бөлді.
хан талабы бойынша бұл биліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер шығаруға
тиісті. Шыңғысхан бұларды жайылым жерлермен қоса өз туыстары мен нояндарға
еншіге бөліп өтті[19;7].
Ұлы хан жазбаша іс – жүргізуді ұйымдастыруды ұлғайтты. 1206 жылы ол
әдеттегі құқық ережелерін бекітті. Мемлекетішіндегі наоразылықтарды бөлу
үшін 10 мың адамдық жеке гвардия құрды. Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты.
Сәл кінәлі немесе қорқақтық көрсеткен әскериадамдар өлім жазасына кесілді.
Шыңғысхан әскери стратегиямен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп
талқандау, тұтқиылдан шабуылдау, дұшпанды алдау үшін арнаулы жасақтардан
тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, тағы басқа әдістерді шебер
қолданды.
1207-1211 жылдары Сібір мен Шығыс Түркістанды бағындырды. 1211 жылы
Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 жылы Пекинді алды. 1217 жылы Солтүстік
Қытай түгел Шыңғысханның билігіне көшті. 1219 жылы Шыңғысхан әскерлері
Корея патшалығын тізе бүктірді. басып алынған жерлерді Шыңғысхан ұлыстарға
бөлді ді, ұлдарына үлестіріп берді. Шыңғысхан дереу өзіне қараған тайпа
басшыларының құрылтайын шақырды. 1204 жылдың көктемінде Темейен – Кер деген
жерде өткен бұл құрылтайда әскербасылардың көпшілігі Найман хандығымен
шайқасты күзге қалдыруды ұсынды[20;105-106].
Шыңғыс сынтасы (тас жазуы) жазуы бар бұл тақтастың сипаты: төменгі
жағы тік бұрышты, жоғары жағы тегістеліп, доғаша жұмырланған. Алдыңғы
бетінде бес қатарға тігінен ұйғыр әрпімен ойылған жазуы бар.
Ресей ғалымдарының пікірінше, бұл ескерткіш тас Есунхенің иелігіне
қарасты Хирхурин қалашығына тиесілі, сол жерде жасалған. Тастағы жазуда:
Сартаул халқын жаулаған соң, барлық моңғол ұлысындағы нояндарын жинайды.
Сол жиында Есухе ноянның жебесі 335 қадым қашықтыққа жетті,-деп
жазылған[21;4].
Шығыс сынтасы жөнінде Сібір жерін зертеуші Г.И.Спасский 1818 жылы
Сибирский вестник журналында бірінші болып жазуы бар үлкен гранит тасты
тапқанын жазады. Сол кезде Байкал маңындағы буддалық лама мен тіл
білетіндерге осы тастағы жазуды оқытқанда, алдымен Шыңғысханның атын тауып
отырған.
Алтан тобчи - Шыңғыс хан империясы туралы ірі тарихи шығарма.
Шығарманың толық аты – Хандардың тегі туралы алтын шежіре. Оның осы ішкі
саясаты жөнінде жазылған.
Қоңқотандық Мұңлық Отчичиннің ұлы Көкшу Тен тәңірі өз ғажаптарымен
моңғолдар арасында даңқы шыққан, бақсы болған беделді адам. 1206 жылғы
құрылтайда Темучиннің Шыңғысхан есімін иемденіп, Ұлы қазан сайлауына
бастамашы болған осы Көкшу Тен Тәңірі болатын. Ұлы құрылтайда бүкіл елдің
атынан берген де өзі. Шыңғысхан мен Көкшу Тен Тәңірінің арасындағы
жақындығы Темучиннің шешесі Маңлұқтың шешесі арқылы нығая түскен
болатын[22;153].
Шыңғысхан 1185-1206 жылдары аралығында ол екі хандықты бағындырады. Бұл
кезде оның қоластындағы халықтың да саны өсіп, көбейе түседі.
Моңғол ақсүектерімен халық арасындағы Темучинның атақ – даңқының
артуымен оны император етіп сайлауға лайықты көріп, құрылтай кеңесі
шақырылады. Ұлы құрылтай 1206 (Барыс жылы) көктемде, Онон өзенінің жоғары
ағысында өтті.
Құрылтайға – Темучиннің руластары , батырлары мен нояндары және барлық
моңғол ақсүйектері қатысады. Сонда Көкшу Тен Тәңірі құрылтай атынан
Темучинге: Қолыңы бүкіл елдің тізгінін ұстатып, сені қаған етіп
тағайындағалы отырмыз. Сен бізге басшы болған кезден бастап, ұлы жеңістерге
жеттік. Енді сен қаған болсаң біз сенің жауларыңмен соғыста алдыңғы қатарда
шайқасамыз, ал біз жаулап не тартып алған жастардың, заттардың адамдардың
барлығын саған береміз. Соғыста сенің бұйрығыңды орындамай, не бейбіт
күндері сенің ісіңе бөгет болсақ, дегеніңе көнбесек, онда сен біздің
әйелімізбен қоса, мүлкімізді алып, бізді иен далаға тастап кет[23;28].
Осы кезде анпен бірге императордың міндеті қоса көрсетіледі.
Ондағы басты міндет - өз елін қорғау және жеңістере жеткізу болатын.
Шыңғыс сөзінің мәні батыс моңғол және ойрат – қалмақ тілінде күшті,
мықты дегенді білдіреді.
Шыңғысхан осы құрылтай үстінде хандықты құруға атсалысқан
әскербасыларын марапаттап олардың қызметін бекітеді. 95 әскербасыға
түменбасы атағын беріп. оны хан жарлығымен бекітеді.
Жасақ (Яса) – Шыңғыс империясының әскери құқықтық заңдар жинағы.
Шамамен1206 жылы Шыңғысхан Ұлы хан тағына отырғаннан кейін
құрастырған[24;4].
Шыңғысхан Шикіқұтылықты алғашқы бас әділетті етіп тағайындағанда оған
ауыр әрі жауапты істі тапсырған: мемлекеттің барша аймағында Әділеттілікті
сақтап, өтірік өсектің алдын алып, қылмыстыларды жазалауы тиіс, керек болса
тіпті басы алынатын болсын байланысты дау – дамайлардытиянақты етіп, осы
істердің бәрі Көк дәптерге жазылып отыратын болсын.
Шикіқұтылықтың менімен келісім, кесімін айтып көк дәптерге түсірген
заңдық күші бар құжаттарына ұрпақтан – ұрпаққа дейін ешкім қол жеткізбейтін
болсын деп кескен. Осыдан кейін көк дәптер дүние тарихында Шыңғысзанның
ұлы жарғысы атанды. Бұл жинақ шамамен, Шыңғысханның Ұлы хан болып
сайланғаннан кейін құрастырылған.
Жасақ заңы кжелгі түркі қоғамдарымен Х-ХІІ ғасырларда өмір сүрген
түркіұлыстарының әскер құру тәртібімен, ел билеу жүйесіндегі тұрмыс – салт
заңдарының негізінде түзелген[25;9].
Шыңғысханның мұрагері Жасақты бұлжытпай орындап отырған. Жасақтың
отыз үш тармағы мен Шыңғысхан атты деген қосымщша сөздер сақталған. Жасақ
ережелерінде негізінен, әскерді ұйымдастыру мен басқару, жауынгерлер мен
әскер басылар және хандар арасындағы қарым – қатынас мәселелері, сондай –
ақ әкімшілік – құқықтық ережелер баяндалған.
Шыңғысхан империясы ыдырағанша кейін құрылған түркі мемлекеттерінде заң
жинағы ерекше бағаланды. Ұлы жасақ екі бөлімнен тұрды. Оның бірінші
бөлігі – Біліг те, екіншісі – Жасақ. Білігте негізінен Шыңғысханның
істері мен айтқан сөздері келтірілген. Мұнда Шыңғысхан болашақ Шыңғыстық
идеологияның негізін қалап, өз ұрпақтарының барлық жаулап алған елдеріндегі
мәңгілік билігін негіздеуге арналған сөздері жинақталған. Сонымен қатар
мұнда өз ұрпақтарын биліктен айырылу қаупінен сақтануды және оны болдырмау
жолдары Жасақты қатаң сақтау деген өсиеттерді келтірген[26;175].
Білігте Шыңғыс ұрпақтарына билеушілер арасында болатын зиянды
істерден сақтауды, олардың өз халқы үшін еңбек етуін тапсырған өсиеттері
орын алған. Білігте Шыңғысхан ерлікке жетелейтін істер келтіріп, жауына
қаталдықты уағыздайды.
Қарақорым қаласы – Шыңғысхан мемлекетінің астанасы.
ІІ тарау Монғол шапқыншылығы және оның әлеуметтік-саяси
салдары
2.1. Шыңғыс ханның Қытай мен Орта Азияға жасаған жорықтары ІІ
Моңғолдардың жаулап алуы бағындырылған елдер халықтарының әлеуметтік –
экономикалық құрылысын тұтас алғанда өзгертпелігімен, олардың қоғамдық
саяси өмірі мен тұрмысына айтарлықтай өзгерістер еңгізді. Отырықшылық –
егіншілік өңірлердегі дінбасылары, көпестері, ірі феодалдар және көшпелі
түрік шонжарлары моңғол хандары мен феодалдарының тірегіне айналды, ал
еңбекшілер екі жақты экономикалық және саяси езгіге ұшырады.
Моңғол империясы хандық құрушы Шыңғыс ұрпақтарының бірлесіп билейтін
меншікті жері деп санайды. Шыңғыс ұрпақтарының басшысы державаның ең
жоғарғы әміршісі болып табылатын ұлы хан болды. Ол өзінің жоғарғы билігінің
бірден – бір атрибуты болған қоғам деген атаққа ие болды.
Ұлы ханның мемлекет басшысы ретіндегі құқықтары, әскери заң шығару және
әкімшілік билігін қамтыды. Жоғарғы өкімет билігінің бірлігі идеясы империя
өмір сүрген алғашқы ондаған жылдарда теңге соғудан көрініс тапты. Орта Азия
қалаларында да шығарылған теңгелер анонимді түрде болды. Шетел
мемлекеттерімен келіссөз жүргізу құқығы ұлы ханда болды[27;4].
Моңғол империясының саяси өмірінде жалпы империялық жиналысы –Құрылтай
болды. Құрылтай ресми түрде жоғарғы өкімет билігінің жоғарғы органы болды,
құрылтайда әскери әдетерге байланысты мәселелер ішкі саясат, жерлерді бөлу
мәселелері шешіліп отырды.
Құрылтайды империянық, ұлыстың басшысы билік жүргізуші шақыртатын.
Шыңғыс әулетінің және әскери көшпелі ақсүйектердің сөздері ұлыстарда да
жиналды.
ХІІІ ғасырдың басында Моңғол мемлекетінің құрылуы мемлекетті басқару
үшін ұрпақ жазбаша баянды етілген құқықтың нормалар мен заң ережелерін
әзірлеу қажеттігін туғызды.
Заңдар мен ережелердің жиынтығын Шыңғысханның Ұлы Ясасы деп
аталды.Моңғолдардың мемлекет басшылары үшін Яса ұзақ уақыт бойы биік бедел
болып қалды. Шыңғысханның жасаған құқықтық жүйесі феодалданып келе жатқан
моңғол қоғамының талаптары мен қажеттеріне сай келді. Онда әдеттегі
құқықтың бұрынғы нормаларының феодалдық көшпелі шонжарлардың мүдделеріне
сай келетіндігі, жаңадан белгіленген нормалар баянды етілді[28;512].
1211 жылы ақпанда моңғол әскері Цзинь империясының шекарасын бұзып,
Фуджау қаласына шабуыл жасады. Саны жағынан моңғолдардан басым жүргендер
жеңіліске ұшырады. Шыңғысхан әскері қиындықсыз алға қарай жылжи түсті.
қаланы түгел басып алған соң, Әмірші жасақтарының тынығуына мүмкіндік
берді.
Шүршіттердің кейбір қолбасшылары осы үзілісті пайдаланбақ болады.Өзара
ақылдаса келіп, тікелей ұрысқа шығуға батпай елші жіберуді жөн көрді. Бірақ
уәкіл жүргізудің орнына шыңғысханға өз әміршісінің жоспары мен Цзинь әскері
туралы толық мағлұмат береді. Қарсыласының ойын білген хан енді кіреғар
жүргізілетін істің жайын қарастырады. Жауын Ихулин тауының Түпкілік асуында
қарсы алады. Мұндай жағдайда соғысып көрмеген шүршіттер қырғынға ұшырайды.
Ал қашып құтылғандары аймақтың қатал табиғатына төзбей биік шатқалында көз
жұмады. Күзге қарай моңғолдар Пекинге таяу орналасқан Цюйюнган бекінісіне
басып кірді. Бекініс басшысы қашып кетсе де, қаланы күзетуші сарбаздар
өліспей беріспеді[29;126].
Әскербасы Жебе құлыққа көшеді, ол Цзюнгуандықтарды сыртқа алдап
шығарып, ашық алаңға оп – оңай қырып салады. Енді орталық Астана - Пекинге
жол ашылды. Қолына қару ұстай алатын адамдардың барлығы қаланы қоршауға
шыққан. Дегенмен моңғолдарға император ордасын басып алу қиындық туғызбады.
Шыңғысханның негізгі күші батыс астана - Датук қаласына қарай аттанған.
Ондағы қоршауға қалғандарға көмекке қосымша әскер келсе де моңғолдарды жеңе
алмады.
Ал Жебе басқарған жасақтар бұл кезде Шығыс астананы қоршауға алған.
Шүршіттер қаладан ұзап, қуа жөнеледі, қашқындар алдын – ала келісілген
жерге жеткенде алдарынан тығылып тұрған негізгі күш шығады. Осылайша
шүршіттер өздерінің оңғалдықтары үшін жаза тартты. нәтижесінде бүкіл
Манчжурияны бөлуші Цзинь қолбасшысы Енюй Люгэ моңғолдарға 100 мың әскерімен
өтеді. Келесі жылы моңғолдар Хаунхэ өзенінің солтүстік бөлігін басып алады.
Ел қасірет шекті, егін егілмей, жер қаңырап, даланың тоз – тозы шыққан.
Моңғолдар қалаларын қиратып, өртеп, халқын жермен жексен етті. Оның үстіне
бұл әдіс адамдарды қорқытып ұстауға көмегін тигізіп, басқаларды ойлануға
мәжбүр еткен[30;23].
Алынбаған Пекин қаласы мен бірнеше ірі елді мекендер ғана, осы арада
Цзинь астанасында маңызды оқиға болды. Император Ваэ – шао ван өліп, оның
орнына мұрагері Сюань – Цзунь отырды. Шыңғысхан жаңа патшаға құн төлетпек
болып келіссөз жүргізді. Шүршіттер қауна келіседі., осы жолғы ие болған
керуен – керуен байлықтарын моңғолдар өз еліне бірнеше ай бойы тасыды.
Шыңғысханды Пекиннен Цзюйюгуанға дейін империяның бірінші министрі өзі
шығарып салады, бірақ бұл моңғолдарға 1215 жылғы Пекинге тағы жорыққа
аттануына кедергі болмады. Ұлы империяның түбегейлі беріліп, тәуелді болуын
көздеген Шыңғысхан, Цзинь императорына Хуанха өзенімен басталатын барлық
жерлерінен бас тартып, өзіне жай ғана кінәз шенін алуды ұсынады[31;95].
Бірақ ол іске аспады, Пекин ұзақ уақыт қоршауда болды. шыңғыс хан
қалаға кірер жолдардың барлығын бақылауға алған. Қарауылдаушы моңғолдардың
көптігі сонша арасынан тышқан да өтпейтін. Қалада азық – түлік таусылып,
тіпті ашытықтан алжасы бастаған адамдар бір – біріне пышақ жұмсап, адам
етін жеушілер табылды. 1215 жылы маусым айында Пекин құлады[32;456].
Моңғолдар астанаға баса көктеп кіріп, шетінен өлтіре бастады. Ең
соңында империяның символы патша сарайын өртеді. Жанған от бір ай бойы
өшпеген.
Қытай императорының сарайындағы барлық қазыналы осы кезде оңтүстіктің
ыстыған көтере алмай жүрген, шыңғыс солтүстікте болатын, оған тасыды.
Моңғол ханы біраз тыныштанды, шүршіттердің әлденіп, бас көтеруіне ұзақ
уақыт қажет болатын.
Дегенмен ХІІІ ғасырда оңтүстік Қытайдағы Сунь мемлекетіне қайтадан жаңа
қауіп төне бастады. Бұл жолғы қауіп шүршіттерді күйрете соғып, оңтүстік
Қытайды иемденуге ұмтылған моңғолдардан женді. Сунь империясының
моңғолдарға қарсы тұруы бір ғасыр уақытқа созылды. Аырында оңтүстік Сунь
империясы құлдырап, елде жаңадан моңғолдық Юань әулетінің билігі орнады.
Моңғолдар Цзинь патшалығын жаулап алған соң, осы істе өздеріне көмектескен
Сунь империясын да бағындыру мақсатын қояды. Моңғол әскері Сунь империясына
1235 жылы бастайды, 1251 жылы Құбынай хан көптеген аймақтарды өзіне
қаратады. Яғни бұл жорықты ары қарай Шыңғысханның ұрпақтары
жалғастырады33;165].
ХІІІ ғасырдың жиырмасыншы жыдарына қарай Сыр бойын жаулауға кіріскен
Шыңғысхан әскерлері бірнеше бағытқа бөлінді. Шыңғысхан Жошы әскерін Сыр
бойымен, Сығанақ, Үзкент, Баршыкент, Жей Яешкентті алуға жібереді.
Келесі бес мыңдық шағын әскерді Сыр бойымен жоғары Белакет, Ходжентті
алуға аттандырады. Шыңғыстың ең негізгі күшпен батысқа - Хорезмшахтың
иелігіне қарасты Бұқара қаласына қарай аттанды. Қаланы тонап, мың бес жүз
динарға алым салық төлеуге мәжбүр еттеді.
1220 жылдың ақпанында Шыңғысхан Бұхараны қоршайды. Қоршауда қалған
Бұхараның қорғаушы әскерлері үш күнен соң амалсыздан қамалды тастап кетуге
мәжбүр болады. Шыңғыс хан қаланы өртеуге бұйрық береді. Сунь империясындағы
жорықтарға келсек, Құбылай көптеген аймақтарды өзіне қаратады. Мөңке қаған
Құбылайдың беделінің артып бара жатқанынан сескеніп, Қытайды жаулауды
Субедейдің дарынды қолбасшысы Ұранхайға тапсырады[34;64].
Жорықтардың бірінде Сыгун түбінде Мөңке қаза табады. Моңғолдар Дайвьет
шекарасы арқылы оңтүстікке өтіп Тибет пен Ноньчжао мемлекеттерін
бағындырады. Осыдан кейін Сунь империясының екі шетінен бір мезгілде шабуыл
жасап, өзіне қаратады. Шыңғысхан үшін ең жағымды, сазды әуен ұрыстың, найза
мен қылыштың тарсылы, аттардың шабысы. Тыныштық оған ұнамайды, әрдайым сақ
жүретін ешкімге сенбейді. Кез келген нәрседен күдіктенетін. Бос жүрген
уақытта сатқындық пен зұлымдық туындайды деп ойлайтын. Үнемі ұрыста жүрген
моңғолдар өмірдің өзін солай қабылдаған. Уақыттарының көп бөлігін ат
жалынында өткізген[35;5].
Шыңғыс хан соңғы бірнеше жылда жиі соғысты оның аттарының тұяқтары
Термез, Үргеніш, Балық сияқты қалаларға дейін жетті. Сонымен қатар тәжік,
әжербайжан, грузин, халықтары мекендеген жерлер мен солтүстік Иран арқылы
жүрді, бірде – бір елдің әскері моңғолдармен теңдесе алмаған. Шыңғысхан
жаулаған халық не өз еріктерімен беріліп тұтқынға алынған. Мал – мүліктері
тоналып, талан – таражға түскен.
Бір күні Балқаш қаласын жаулап алу кезінде, Шыңғысханның сүйікті
немересі Мөтенге садақ тиіп өледі. ашуға булыққан моңғол әміршісі: Ешкімді
де аямаңдар! Ешнәрсені олжа көріп алмаңдар! Бұл қалада тірі жан да
қалмасын! Шөл далаға айналдырып, қайта бой көтере алмайтындай етіп
қиратыңдар!-деген тапсырма береді[36;42]. Мрңғолдар кейін келе қала орнын
ұзақ уақыт бойы Өлім құшқан қала деп атаған.
Хорум шақты қуып жеткен Жебе мен Сүбетей солтүстік Иранды қырып –
жойып, Әзербайжан халқын жаулап алады. Осы елдің ірі қалаларын, оның ішінде
Нагичеваньді 1221 жылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz