Нарықтық экономика ұғымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Нарықтық экономика
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. Қазақстанның нарық жүйесін қалыптастыру және халықаралық
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Нарық жүйесіне шешудегі кейбір
проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ...11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Пайдаланған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.15

Кіріспе

Адамзатты бүкіл тарихында әрбір қоғам ресурстары шектеулі бола тұрып, не
және кім үшін өндіру керек деген негізгі экономикалық проблеманы шешуге
тиіс болды. Жалпы айтқанда, 20- ғасырда екі бәсекелес экономикалық система
бұл сауалға әр түрлі жауап қайтарып отыр: орталықтандырылған үкімет
реттеп отыратын әкімшіл - әміршілдік экономика мен жеке кәсіпкерлікке
негізделген нарықтық экономика. 20- ғасырдың соңғы онжылдығын бастап
кешіріп отырған бүгінгі таңда экономиканың орталықтандырылған әміршілдік
моделі экономиканың өсіп - өркендеуін қамтамасыз ете алмайтыны, гүлденіп
– толысудың белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны, немесе тіпті өз
азаматтарын экономикалық жағынан қорғауды қамтамасыз ете алмайтыны бүкіл
дүние жүзіндегі адамдарға ойға таңба басқандай айқын болып отыр.
Алайда Батыс Европадан Солтүстік Америка мен Азияға дейін орналасқан әр
түрлі мемелекеттердің айқын табыстарына қарамастан нарықтық экономиканың
негізгі принциптері мен механизмдері көпшілік үшін беймәлім және
түсініксіз күйінде қалып отыр. Атап айтқанда, мұны нарықтық экономика
идеология болып табылмайтынымен , керісінше , азаматтар мен қоғам қалай
өмір сүруге және экономикалық жағынан қалай гүлденуге тиіс екенін
айқындап беретін уақыт тезінен өткен тәжірибелер мен институттарға
негізделетінімен түсіндіруге болады. Нарықтық экономиканың тума
табиғатына тән ерекшеліктер: ол бір орталыққа бағынбайды, икемді және
қолайлы да құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы
сол - оның орталығы болмайды .
Нарықтық экономика қолайлы болуы мүмкін, бірақ ол да жеке адам
бостандығының мынадай басты принціпіне негізделеді: тұтынушының тауарлары
мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандғы; өндірушінің өз
бизнісін бастау және оны кеңейту, оның тәуекел жүгін арқалау мен
нәтижелерін бөлісу бостандығы; жұмысшының жұмыс мамандық таңдау,
кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы.
Нарықтық экономика мен саяси демократияны бостандықтың нақ осындай
пайымдауы және тәуекел мен тең мүмкіндіктердің осындай хұқығы
біріктіреді. Нарықтық экономиканың өзндік кемешіліктері мен олқылықтары
бар, олардың көпшілігі елеулі, бірақ сонымен қатар саяси демократиямен
баянды етілген қазіргі жеке кәсіпкерлік пен іскерлік рухы бостандықты
сақтау және экономикалық өсу мен баршаның гүлденуіне кең мүмкіндіктер
қамтамасыз ету үшін жақсы перспектива ұсынылатын да естен шығаруға
болмайды.

1. Нарықты экономика ұғымы
Елімізде жүзеге асырылып жатқан нарықты экономикаға көшу кезеңі
өмірімізге жаңалықтар, қалтарысы көп құбылыстар мен сан алуан атаулар
алып келеді.
Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару өнері дегенді білдіретін көне
грек сөзі. Осыдан келіп экономика жөнінде сөз болғанда, алдымен
шаруашылықты – үй шаруашылығын , кәсіпорын, сала аймақ (аудан; облыс) ел
және дүниежүзі. Осы шағылымдар жүйесінде экономика дейді.
Адамзат тарихы өзінің экономикалық дамуының екі түрін яки екі сатысын
біледі. Олар – натуралдық шаруашылық және нарықтық шаруашылық.
Натуралдық шаруашылыққа өндіргіш күштер деңгейінің төмендігі тән.
Онда белгілі бір қауым – аймақ, өнімді негізінен тек өз қажеттері үшін ғана
өндіреді.
Нарықтық шаруашылықтың үрдісі мүлдем бөлек. Адамзат қоғамы дамуының
ұзақ процесінің жемісі болып табылатын ол осыдан мыңдаған жылдар бұрын
қалыптаса бастаған жылдар қалыптаса бастаған. Ол ең алдымен әртүрлі
қауымдастықтар, кейінірек жеке өндіріс иеледі, ал одан да кейін тұтас
мемелекеттер арасында тауар өндірісі мен айырбасы жөнінен тұрақты
қатынастар мен байланыстар қалыптастырады. Сөйтіп натуралды шаруашылықтың
тар шеңберін тас талқан етеді.
Бұл жерде енді негізгі әңгіме тауар төңірегіне көшкеннен кейін оның
жалпы табиғаты, болмысын да ұғып алған жөн. Өйткені ол нарықты
экономиканың негізгі кейіпкер. Сонымен тауар дегеніміз, оны өндірушінің
емес, оны өндірмейтіндердің қажетін өнім. Яғни бір сөзбен айтқанда,
базарға шығарып сату үшін өндіріледі. Бұл жерде тауар өндірушінің сатушы
ал ноы тұтынушының сатып алушы ретінде көрінетіні түсінікті. Бірақ оның
мынадай қалтарысын да аша кетелік. Базардағы кез – келген сатушыны тауар
өндіруші деуге болмайды. Оның бар құйтырқұлығы да сонда жатыр. Мәселен,
өсімқорларды алайық, сондай – ақ саудагерлер мен қазіргі тауар
биржаларындағы делдалдар, бұлар әдебиетте тауар өндірушілер емес, тек қана
сатушылар. Сондай – ақ кез – келегн алумен да тұтынушы емес. Мысалы, әлгі
делдал өндірушіден оның өнімін көтере сатын алады да енді оны нағыз
тұтынушыға қайыра сатады.
Осыдан екеліп рыноктың екі мағынасы шығады. Тра мағынасында ол тікелей
тауар айналымы, ақшаны тауарға және тауарды ақшаға айырбастау, яғни
сатушылар мен алушылардың қарым – қатынас аясы. Осы тар мағынасынан алып
қарағанда кәдімгі дүкендер де, қара базар да, көк базарда, тіпті
бұрыннан құлағымызға таныс Қоянды, Қарқара жәрмеңкелері де рынок болып
табылады. Бірақ, қайталаймыз, нағыз өз мағынасында емес, өйткені онда ақша
– тауарға және керісінше тауар – ақшаға ғана айырбасталуымен ғана
шектеледі.
Міне, біздің елімізде тек осындай шектеулі рынок қана болды. Әлбетте
мұның нағыз рыноктан ауылы алыс болатын. Тауар өндірушілермен оны
тұтынушылар, яғни өндіріс саласы мен айналым арасындағы шын мәнінде
рыноктік қатынастың болмауы атышулы көленкелі экономиканы әкеліп
тудырады.
Сонымен рынок дегеніміз не?
Ол - диалектикалық бірліктегі өндіріс саласы мен айналымның, яғни тауар
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы экономикалық қатынастар мен
байланыстардың ерекше жүйесі. Оның негізгі үш сипаты бар: қайтарымдылық,
баламалық, экономикалық тайталас. Біздің болдыра алмай жүрген бәсеке -
конкуренция деп жүргеніміз осы соңғысына жатады.
Нағызнарықты экономикаға мыналар тән: бір жағынан заңмен қамтамасыз
етілген тауар өндірушілердің толық дербестігі, екінші жағынан олардың бір
рыноктік кеңістіктегі бір – біріне тәуелділігі, кәсіпкерлердің шаруашылық
қызметіне қандай да болмасын әкімшілік араласыдаң бола алмауы, баға
еркіндігі, тауар берушілер мен алушылардың таңдау еркіндігі, тауар
өндірушілердің оңтайлы әріптесі үшін, ал сатушылардың өткізу рыногі үшін
бәсекелестігі, тауар қайшылығының болмауы, техникалық, ұйымдық,
басқарудағы және басқа да соңғы жаңалықтардың тез таралуы, экономикалық
икемділігі, бейімділігіштік.
Қазіргі өркениетті нарықтық шаруашылықтың бәріне ортақ бір – ақ заң бар.
Ол өндірілетіннің бәріне емес, сатылатынның бәріне өндіру. Нарықтың
негізі мәселесі – сұраныс арасындағы сәйкестік, міне , осыдан келіп шығады.
Сұраныс дегеніміз - тұтынушылар тарапынан тауарлар мен қызмет түрлеріне
деген тұқтаждақ пен талапкердің жиынтығы, бірлестігі.
Ұсыныс- сату үшін рынокке шығарылған өндірілген тауарлар мен қызмет
түрлері.
Бұл жерде ерекше есте болатын нәрсе, әр тауар өндіруші жұртшылық
сұранысын тап басып, дәл анықтап отыруы қажет. Бұл олар үшін өмірлік
маңызы бар нәрсе. Әйтпесе нарықты экономиканың әзірейлік - банкроттың
болып қалу қаупі тумақ.
Енді рыноктің негізгі қызметтеріне тоқталып өтелік. Ол , біріншіден,
өндіріс пен тұтынушы, сұраныс пен ұсыныс, сату мен алу арасында серпімді
өзара қатынас орнатуды. Бұл өнімнің бәсекелік қабілетіне, сапасына,
бағасына, сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен оның жағдайлық
дәрежесіне қарай орнығады.
Екіншіден, бәсекелестік және маркетингілік қызмет механизмі арқылы рынок
өндірістің өсуіне, тауарлардың тұтыну қасиеті мен қызметтер сапасының
жақсаруына, халыққа қызмет көрсету аясының кеңеюіне, сондай-ақ өнім
өндірудің шамадан тыс артық кетпеуіне жәрдемдеседі. Өнімін шамадан тыс
артық шығарған тауар өндірушіге, жоғарыда айтып кеткеніміздей банкрот қаупі
туады. Мұндац кезде рынок заңы қатаң да қатал.
Үшіншіден, белгілі бір шамадан рынок материалдық, еңбек финанстық және
салауаттық ресурстарды сұранысқа қарай бір саладан екіншісіне ауыстыра
отырып, барлық қоғамдық өндірістің тепе – теңдігінің сақталуына жол ашады.
Төртіншіден, рынок әр кәсіпорынның кәсіпкер мен бизнесменннің бет –
пердесін ашып, сырын ақтарып олардың сатып алушылар мен тұтынушылардың
жоғары талабын қанағаттандыру қабілетін сарапқа салады, сондай-ақ олар
үшін тауар алуға, түрлі қызметтерді пайдалануға қолайлы жағдай туғызады.
Бесіншіден, аса қуатты да пәрменді хұқықтық негізге сүйіне отырып,
басқарудың және өзін - өзі басқарудың неғұрлым тиімді принциптері мен
әдістерін жүзеге асыруға, қоғамдық және шаруашылық өмірді
демократияландыруға қолайлы жағдай жасады. Бұл түрлі инициативалардың,
тапқырлықтың, творчествалық ізденістердің, әріптестерді таңдау
еркіндігінің, әркімнің өз табысын қалауына жұмсалуының экономикалық,
ұйымдық және хұқықтық негіздері арқылы мүмкін болады.
Алтыншыдан, рынок мемелекеттік те, жеке кәсіпкерлер үшін аса қажет түрлі
ақпараттардың аса зор қаржысы болып табылады. Рыноктік құрылымдардың
бәрінде – биржаларда, каммерциялық, орталықтарда, жәрмеңкелерде, сауда
жөнінде ұшан – теңіз ақпарлар. Түрлі мәлімметтер жиналып отырады. Бұларды
уақытылы және тиімді пайдалана білген адамның ұтатыны анық.
Енді рыноктің құрылымы жөнінде бірер сөз. Экономиканың дамуы үшін
рыноктың барлық жүйесі түгелдей қызмет етуі керек. Олар: тауар рыногі,
қаржы рыногі, еңбек рыногі т.б.
Тауар рыногі дегеніміз өндіріс құрал – жабдықтары рыногінен, халық
тұтатын тауарлар және қызмет рыногінен тұрады.
Қаржы рыногі деп құнды қағаздар рыногін, несие рыногін және құнды
металдар рыногін айтамыз.
Еңбек рыногі мамандығы жоқ, мамандығы бар және мамандығы жоғарғы
жұмысшы күштері құрайды.
Салауатты өнім рыногінің де маңызы зор. Оған түрлі лицензия, петенттер
жатады. Оның Ноу – хау деген де түрлі бар. Ол техникалық білімдер
жиынтығы, ерекше техникалық дағды және өндіріс құпиялары деген сөз.
Міне нарықты экономика, оның негізі рынок жөніндегі барынша қарапайым
қасқаша мәлімет осыдан.
Нарық экономикасын қалыптастырудың негізгі бірнеше алғышарттары бар.
Олар бір орталықтан бүкіл ел экономикасын әкімшілік жолмен басқаруды
қабылдамайды. Демек, мемелекет мүшелерінің шаруашылық жүргізу әдістеріне
тікелей, барлық ұсақ- түйегіне шейін араласуын қажет етпейді. Мемлекет
стратегиялық, жалпы қоғамдық маңызы бар мәселелерді реттеуші, оған ықпал
етуші күш.
Нарық жүйесінің қалыптасуында да мемелекеттік мүшелердің орны зор. Бірақ
та мемелекет бұрынға кеңес шаруашылығы жүйесіндегі барлық мәселеге
араласатын, тауар өндірушілердің шаруасына әкімшілік жүргізетін, оларға
кері ықпал ететін, жалақыны, бағаны тағайындайтын күш болмауы керек.
Нарық экономикасында конкуренттік бәсеке күрес жүреді, ол керек те,
бірақ, конкуренция жеке тауар өндірушіге қарайды. Фирмалардың бірігуі,
компаниялардың құпия келісімі, аяусыз конкуренцияның өзі бәсекелікті –
нарықтың басты бақылау механизмін әлсіретеді.
Экономикалық қаржыны бір жерге шоғарландыру, осы күшке ие болғандарға
басқа фирмаларды тәуелді жасайды. Бұл жерде қазаншының ерні бар – қайдан
құлақ шығарса , дегендей,байыған қажалар үстемдік жүггізеді. Нарық
жүйесінің тағы бір кемшілігі конкуренция бәсең деген сайын тұтынушылардың
тәуелсіздігі тежеледі, сонымен нарық қатынасы тұтынушылардың талабына сай
ресурстарды бөлуге көмектесе алмайды.Нарық қатынастарының басты бір
ерекшелігі неғұрлым қабілеті мол және епті кәсіпкерлер материалдық
ресурстарды осы қор жинау процесін мұрагерлік құқық күейте түседі де
ақшалай табыстар әркелкі бөлінеді. Қоғам мүшелерінің біраз бөлігі – байлар
ақшаның көпшілігіне ие болады да, кедейлер ондай табыс болмайды. Нарық
қатынастары әлеуметтік әділеттілікті сақтай алмайды.Осыған орай Бернард
Шоудың төменгі ескертпелерін келтіруге болады: Өз балаларын сүтпен
қамтамасыз етпей, шампан шарабына ақша жұмсаған ел - өзін дұрыс басқара
алмайтын ақылға сайымсыз, әбігердегі, есерсоқ, сауатсыз ел. Осы ел бай
және өркендеген ел болуы үшін бірден – бір жол -өзінің үй шаруашылығын
жақсы жүргізуі, яғни, өз қажеттерін маңызына қарай ретпен қамтамасыз етуі
ақшалы адамдар тапқан өте –мөте қажет болмаса, әсем зат және басқа да
еріккендік шығындар жұмсауы керек.
Әлеуметтік әділеттіклік, еңбекке жарамсыздар, мүгедектер, зейнеткерлер,
жасөспірім оқушылар, іргелі ғылым, денсаулық сақтау т.с.с. мәселелерге
көмектесу үшін айтылғандай мемелекет тарапынан тиісті шаралар жүргізілуі
тиіс.Нарықтық қатынастардың басқаратын экономикалық жүйеден артықшылығын
индустриясы дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдейді. Онымен бірге бұл
қатынастарды сыңаржақты мадақтауға, оның кемшіліктерін ескермеуге
болмайды. Осыған орай стратегиялық маңызды мәселе мемелекеттік реттеу мен
нарық саясатының артықшылықтарын дұрыс ұштастыру. Нарықтық экономикаға өшу
белгілі бір тарихи дәуірді қамтиды. Бұл процесс қысқа мерзімде
аяқталмайтындығына бірнеше негізгі себептер бар. Әңгіме дамыған нарықтық
қатынастардың қалыптасып, ел экономикасының жан- жақты өркендеп, халықтың
әл – ауқаты, мәдени – техникалық дәрежесі жоғары болуы дамыған нарықтық
экономикаға өтудің бірнеше негізгі кемшіліктеріне тоқтауға
болады:Қазақстанда бұрынғы Кеңес Одағының басқа республикаларындай
70жылдан астам әкімшілік - әміршілік жүйе қалыптасты да, нарық
қатынастары жан- жақты тежеліп келді. Қазіргі жаңа өндірістік қатынас,
нарыққа бет бұруға қатынастар қалыптасуда. Демек, шаруашылық жүргізудің
бір жүйесінен, оған қарама-қарсы екінші жүйеге ауысуы қысқа мерзімді
болуы мүмкін емес.
Біріншіден, белгілі бір мерзімде экономикалық өмірде өткен әкімшілік жүйе
қалдықтары – еңбекке, меншікке көзқарас шаруашылық жүргізудің ескі әдісі
сақталатыны белгілі.
Екіншіден, дамыған нарық экономикасы өзіне өндірістік құрылымды қажет
етеді.

2. Қазақстанның нарық жүйесін қалыптастыру және халықаралық қатынастар
Қазақстанда және басқа да жас тәуелсіз мемелекеттер қатарында әміршілдік
экономикадан нарыққа өту кезеңінде мүлдем басқа жағдай қалыптасуда.
Экономикадағы мемлекет рөлінің басымдылығы бізге өткен күннен мұра болып
қалды, нарықты одан біртіндеп босатып, өзін -өзі реттеу механизмін енгізу
үшін тұтас реформалар бағдарламасын қабылдау қажет. Қазақстан
Республикасының орнықты және тәуелсіз экономикалық дамуының өткен жолы
біздің мемелекетіміздің объективті заңдалақтары мен ерекшеліктері аса мол
күштері және өндірісті ұйымдастырудың таза нарықтық үлгісіне көшу үшін ұзақ
тұрақтандыру кезеңін қажет ететіндігін айқын көрсетіп отыр. Бұл орайда
соңғы он жылдықта экономика саласында маңызды, нәтижеге қол жеткізген
басқа елдердің тұрақтандару бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибелерін есепке
алу шарт. Сонымен қатар, экономикада өзіндік ұлттақ дәстүрді, Қазақстанның
халықаралық нарықтығы болашағы мен қазіргі жағдайын есепке алмай, басқа
бір елде тәжірибеден өткен жалпы схемамен іс- әрекет жасауға әсте
болмайды. Бір әлеуметтік экономикалық жүйеден басқасына ауысуы тек
ұйымдастыру шараларын ғана талап етіп қоймайды, адамның қоғамдың санасының
түбегейлі өзгеруін, меншік саласында жаңа қарым –қатынастардың қалыптасуын,
іскер адамдардың және қазақстандық орташа таптың пайда болуын талап етеді.
Осының бәрі табиғи түрде жүзеге аспаса, қоғамның барлық саласында жаңа
нарықтық қарым – қатынас қалыптаспаса ол біздің бір жүйеден екінші жүйеге
ауысуы кезеңінде тұрғандығымыз.
Қазіргі қаншылыққа тасы өтпелі кезеңде Қазақстан өкметі нарықтыққарым
– қатынастарға кедергі жасамастан, қоғамның әлеуметтік – саяси және
экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз елтуге байланысты белсенді де,
мақсатты да саяси жүргізуде.
Егер Қазақстан экономикасын бүгінгі әлемдік қауымдастықтағы қазіргі
үлгімен егжей – тегжейлі салыстырсақ, онда маңыздықтарын жеке мекендеген
адамдар тобының жоқ екіндігіне көз жеткіземіз. Сондықтан да экономикалық
реформа бағдарламасына мемелекеттік меншікті бірте – бірте азаматтар
қолына көшіретін кең көлемді жекеменшіктеу ерекше орын алады. Бірақ бұл
мәселені жедел шешуге тырысқан алғашқы талпыныс аса күрделі кедергілерге
тап болды. Материалдық байлықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйелер туралы
ҚР меншік қатынасы
Экономика негіздері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Меншік ұғымы,түрлері мен формалары, ҚР-ғы меншіктік қатынастардың дамуы
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Экономикалық жүйе жайлы
Нарық ұғымы және мәні
Менеджмент – қызмет түрі ретінде. SWOT талдауы
Құқық және экономика қайсысы маңыздырақ
Пәндер