Экономикалық заңдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
I. Кiрiспе
II. Негізгі бөлім
1.Экономикалық заңдар.
2.Ерекше экономикалық зандар.
3.Жалпы экономикалық зандар.
4.Еңбек заты.
5.Еңбек кұралдары.
6.Өндiргiштi күштер үнемдеу заңы.
7.Мемлекет пен заң шығарушы билiк.
8.Мемлекет пен заңның аткарушы үкiметi.
9.Шектi пайдалылық заңы.
10.Құн заңы -Тауар өндiрiсiнiң заңы.
11.Уақытты үнемдеу заңы.
III. Корытынды.
Колданган эдебиеттер.

Кіріспе

Экономикалық теория адамзат қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше
орын алады. Себебі адамдар өмір сүру үшін алдымен материалдық, рухани
игіліктер өндіруі қажет. Екінші сөзбен айтқанда өиірге қажетті азық –
түлік, киім, тұрғын үй, отын және т. б. Тұтынуға жарамды заттар өндірілуі
керек. Осыған орай не өндіру ,қалай өндіру, кімдер үшін өндіру деген
сұрақтар адам баласының әрбір буындарының алдында тұрған көкейтесті міндет.
Бұл міндеттен ешбір адам құтыла алмайды. Өмір сүру үшін тұтыну қажет.
Тұтыну тоқтамаса, өндірісте солай тоқтамауы керек. Сыйып келгенде өндіріс
қоғамдық өндіріс болып саналады. Себебі жеке өнім өндірушілер өздерінің
қажетін өтеп қоймайды, қоғам мүшелері үшін де қызмет атқарады. Қоғамның
өндіргіш күштері даму барысында, алдымен адамдардың еңбекке қабілетерррі
өсуіне байланысты алғашқы қауімнің өзінде қосымша өнімнің пайда болуына
сәйкес тайпалар арасында тікелей өнім айырбасы, кейіннен ақша ақылы айырбас
жүргізіліп экономикада тауар – ақша немесе рынок тауар (нарық) қатынасы
пайда болды. Бұл рыноктық тауар – ақша қатынастаррының тарихы кем дегенде 5
- 7 мың жыл бұрын болғаны белгілі. Өзіміздің халқымыз тек қана біздің
халқымыз емес басқа да халықтар жақсы өмір сүруіне экономикалық заңдардың
үлесі өте зор. Экономикалық заңдарды жоғарыда отырған аға, көкелеріміз
ойдан шығара бермейді, оларда дүние жүзілік экономикалық заңдарға және сот
заңдарына қарап, сол заңдармен байланыстыра отырып және де өзіміздің
экономикалық жағдайымызға қарап шығарады.

Экономикалық заңдар

Адамзат қоғамының дамуының әр түрлі сатыларында материялдық
игіліктерді өндіруді, айырбастауды, бөлуді және тұтынуды бсқаратын
объективті заңдар. Олар қоғамның экономикалық өміріндегі құбылыстар мен
процестердің арасындағы елеулі, тұрақты әрі себепті – салдарлы байланыстар
мен қатынастарды білдіреді. Экономикалық заң табиғат заңдары сияқты
объективті сипат алады. Олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз белгілі
бір экономикалық жағдайлардың өзгеруімен бірге өзгеріп, олардың құруымен
бірге жойылып отырады. Адамдар экономикалық заңды тануы, олардың қоғам
мүддесіне сай пайдалануы мүмкін, бірақ олар экономикалық заңды жоя да
немесе қолдан жасай да алмайды. Экономикалық заңдардың қоғамның барлық
заңдары сияқты, адамдардың қоғамдық тәжірибесінің заңдары болып табылады,
сондықтан да олардың табиғат заңдарынаң айырмашылығы бар.Мыс.,тартылыс
заңының әрекет етуі үшін адамдар тарапынан қимыл әрекет жасау міндетті
түрде талап етілмейді. Ол кез келген денелердің жерге құлауынан анық
көрінеді. Экономикалық заң адамдардың күнделіктң іс - әрекетінен байқалады,
Мыс., жеке меншікке негізделген қоғамда бір товардың екінші бір товарға
айырбасталатын арасалмағанын зерттейді, тоуар бағасы сұраныс пен ұсынысқа
байланысты құнның төңірегінде ауытқып отырады. Бірде - бір товар адамның
тікелей қатынасуынсыз өздігінен рынокқа келіп түсе алмайды. Оларды
біреуйлер өндіруі, рынокқа апаруы, сөйтіп сату керек. Адамдар өз қимыл -
әрекетінде экономикалық заңдармен санаспайтын болса, бәрәбір олар
адамдардың дағдысын өзгертуге мәжбүр етеді. Мыс., товар – ақша
қатынастарының шұғыл дамуы жағдайында натуралды шаруашылықты сақтап қалуға
тырысу әрекеті өзінен - өзі күйреуге ұшырайды. Дәл осылай капитализм
дәуірінде ұсақ өндірушілердің дербестік сақтауға ұмтылуы да сәтсіз болады.
Ұсақ товар өндірісінің жіктелу заңы кейініректегі капиталистік өндірістің
шоғырлануы және орталықтану заңы сияқты барлық жерде орын тебеді.
Миллиондаған ұсақ товар өндірушілер, кейінірек ұсақ капиталистер,
саудагерлер күйзелістен қашып құтыла алмай, пролетарийлерге айналды. Бұл
эконоимкалық заң адамдардың қоғамдық өндірістік қызметінен тыс өмір сүре
алмайтындығын, тек осы қызмет арқылы ғана көрініс табатындығын айқын
көрсетеді. Социалистік қоғамда құн заңын елемеу әрекеттері, кәсәпорындардың
финанстық – экономикалық көрсеткіштеріне назар аудармау оның
рентабельділігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Ал еңбегіне қарай бөлудің
социалистік принципін елемеу өндіріс ызметкерлерінің өз еңбегіңнің
нәтижесіне деген ынтасын әлсіретуі мүмкін. Мұның салдарынан еңбек тәртібі
бұзылып, еңбек өнімділігі құлдырап кетеді, өнім өндіру жоспары орындалмай
қалады. Қоғам өмірінің материалдық жағдайының өзгеруіне, бір өндірістік
қатынастардың екіншісімен ауыстырылуына байланысты көптеген ескі
экономикалық заңдар өз күшін жойып, жаңа заңдар пайда болады. Барлық
қоғамдық экономикалық формациалар үшін ортақ, бәрінде бірдей әрекет ететін
жалпы экономикалық заң болады. Мыс., өндірістік қатынастардың өндіргіш
күштердің сипаты мен дәрежесіне сай келу заңы. Барлығында емес, тек бірнеше
формациаларда ғана әрекет ететін экономикалық заң (мыс., құн заңы) бар. Ал
бір сыпыра заңдар өндіріс әдісінің бір ғана сатысына тән болады (мыс.,
социализм тұсында еңбегіне қарай бөлу заңы. Аоммунизм тұсында қажетіне
қарай бөлу заңы). Әрбір қоғамның экономикалық формациаларға тән өзіндік
заңдар болады. Олар сол қоғаммен бірге пайда болып, оның құруымен бірге
күшін жояды. Капиталистік қоғамда қосымша құн заңы (қ. Капитализмнің
негізгі экономикалық заңы), жұмыс күші құнының заңы капиталистік қорланудың
жалпылық заңы, пайданың орташа нормасы, және саяси дамудың әркелкілік заңы
сияқты өзіне тән заңдар әрекеті етеді. Ал социалистік қоғамда социализмнің
негізгі экономикалық заңы, халық шаруашылығының жоспарлы пропорциалы даму
заңы, еңбегіне қарай бөлу заңы, социалистік қорлану заңы, халықьың өсу заңы
т. б. әрекет етеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формацияға өзінің негізгі
экономикалық заңы тән. Ол сол өндірістік қатынастардың мәнін неғұрлым анық
білдіреді, сол өндіріс әдісінің дамуындағы басты бағытқа белгілейді.

Экономикалық заң қоғамдық дамудың әр түрлі сатысында түрлеше әрекет
етеді. Олардың әрекет ету сипаты материалдық өндірістің даму нәтижесіне,
өндірістік қатынастардың ерекшеліктеріне, әсіресе өндіріс құрал – жабдығына
меншікке байланысты болады. Капитализм тұсында экономикалық заң стизиялы
рыноктың механизмі арқылы әрекет етеді. Бұрынғы өткен формацияларда
бағынышты роль атқарған товар қатынастары мұнда күрделі жүйе ретінде
дамиды, адамдардың арасындағы қатынастар заттық сипатқа ие болады. Осының
тасасында капиталистік қанау қатынастары байқалмай қалады. Экономикалық заң
сырттай жат, әлі адамдар танып білмеген тылсым күші ретінде стихиалы түрде
әрекет етеді.

Қоғамдық дамудың белгілі бір сатысында экономикалық заңды тану мүмкін
болып қана қоймай, сонымен бірге қоғамдық дамудың қажетті шартына айналады;
қоғамдық материалдық өндірістің дамуы арқасында оларды танып білуге
мүмкіндік туады. Жеке меншіктің капиталистік шаруашылыққа негізделген
қоғамдық еңбек бөлінісі мен товар қатынастарының дамуы нәтижесінде қоғамдық
өндірістің және ұдайы өндірістің біртұтас жүйесі пайда болады. Қоғамдық
өндіріс адамдардың бақылау жасауына келмейтін сырт күш ретінде әрекет
ететін экономикалық заңға бағынады .Олар рыноктық бағалардың ауытқуы,
дүркін – дүркін болып тұратын экономикалық дағдарыстар, сондықтан да
капитализм дәуірінде экономика ғылымының пайда болуы кездей соқ жайт емес.
Осы қоғамдық өндірістің экономикалық заңы ашылған болатын. Бұл бағыттығы
алғашқы қадамды бурж. Классикалық саяси экономияның өкілдері жасады. (У.
Петти, Ф. Кенэ, А. Смит, Д. Рикардо). Буржуазия классикалық саяси
экономияның ашқан заңдарын феодалдарға қарсы күресте пайдаланды. Алайда
социализмге дейінгі формацияларда экономикалық заңды пайдаланудың өрісі
жеке меншіктің болуына, қоғамдық дамудың стихиалы сипатына, үстем таптың
тарихи шеңберінің тарлығына байланысты шектеулі болды.

К. Маркс, Ф. Энгелсь және В. И. Ленин капитализмніің экономикалық
теориясын жан – жақты нағыз ғылыми негізінде жасауда зор еңбек сіңірді.
Марксизм классиктері капитализмнің экономикалық заңын ашу – тарихи дамудың
қажетті шарты. Өйткені капитализмнің орнына келетін социализм өндіріс құрал
– жабдығына жоспарлы түрде ұйымдастыруға негізделінді. Сондықтан да
қоғамдың өндірісті жоспарлау, оны саналы ұйымдастыру экономикалық заңды
білмейінше мүмкін емес.

Социализм қоғамда адамдар экономикалық заңды танып қана қоймайды,
оларды бүкіл қоғамның мүддесіне сай саналы түрде пайдаланады. Социализм
елдерде коммунистік және жұмысшы партияларының саясаты және халық
жоспарлары экономикалық заң негізінде жасалады. Социализм мемлекеттің
саясаты, жоспарлау, еңбекші бұқараның творчестов. Іс – қызметі арқылы
социализмнің экономикалық заңы іске асырылады.

Экономикалық заңдардың талаптарын бұзу бірсыпыра қиындықтар мен
қайшылықтар тудырып, елдің шаруашылық өмірін қожыратуы мүмкін. Ал енді
социализм қоғамда: “Адамдардың өз қоғамдық қимылдарының заңдарын, осыған
дейін адамдарға жат, оларға үстемдік етуші табиғат заңдары сияқты өздеріне
тұрған қарсы заңдарды адамдар енді істің мәнін толық біліп қолданатын
болады, олай болса, ол заңдар адмдардың үстемділігіне бағындырылатын
болады. Бұған дейін адамдардың өздеріне қарсы тұрып келген, оларға
жоғарыдан табиғат пен тарих таңып келген, адамдардың қоғамдық болмысы енді
олардың өздерінің еркін ісі бола бастайды. Күні бүгінге дейін тарихқа
үстемдік етіп келген объективтік, жат күштер адам баласының өзінің
бақылауына өтеді. Дәл осы сәттен бастап, адамдар өз тарихын толық түрде
өздері жасай бастайды”. Экономикалық заңдарды сот заңдарымен шатастыруға
болмайды. Сондай – ақ экономикалық заңды техника заңдарымен шатастыруға
болмайды. Олар машиналардың жұмысын, кәсіпорында өнім сапасын т. б.
Белгілейді. Дегенмен қоғамдық өндірісте техника заңдарын, оның дәрежесі мен
негізгі даму бағыт – бағдарын елемеуге болмайды, өйткені, еңбек
құралдарының дамуы өндіргіш күштердің, демек, өндірістік қатынастардың
өзгеруіне әкеліп соқтырады. Экономикалық заңды білу және оны дұрыс қолдану
қоғамдық өмірге маңызды роль атқарады. Социалистік экономиканың табиғатына
сәйкес экономикалық заң жөнінде еңбекшілерге эклномикалыық білім беру
социалистік елдерде қазіргі күнде өріс алып отыр.

Экономиканың ғылымның әрі қарай дамуы күрделі жолдардан өтті. 19 – шы
ғасырдың екінші жартысының басында политэкономия терең дағдарысты басынан
өткерді. Ол екі тармаққа марксизм және маржикализмге бөлініп кетті.

Марксизмнің негізін салушы Карл Маркс ( 1818 – 1883 ). К. Маркстің
басты еңбегі Капитал . К. Маркс өз зерттеулерінің пәні

етіп - өндірістің капиталистік әдісін және оған сәйкес өндіріспен айырбас
арасындағы қатынастарды, ал соңғы мақсаты етіп – капитализмнің экономикалық
заңдарын көздеді.

Экономикалық теория информацияны тиімді жүргізу заңдары мен шаруашылық
жүргізуші тұлғалардың әр түрлі деңгейлері мен әр қилы тарихи кезеңдердегі
әрекеттерін ұғымдар мен категориялар жүйесі арқылы зерттейді. Осылайша
экономикалық теория біріншіден, экономикалық заңдарды айқындайды. Бұл
экономикалық ұғым ретінде санада қалыптасқан құбылыстардың себеп -
салдарлы байланыстары. Экономикалық зерттеулер кезінде ғалымдарға
жекелеген, оқшауланған фактілермен ғана емес, сондай – ақ олардың аумақты
жүйесімен жұмыс істеуге тура келеді. Сол себепті фактілерді топтастырып,
қорытындылау қажет, бұған индуктивті әдіс арқылы (лат. Mducto – кіріп шығу
), яғни жекелеген, бірлі жарым оқиғалардан жалпы қорытындыларды логикалық
пайымдау әдісімен зерттеу.Ал дедуктивті әдіс жалпы пікірлер пайымдаудан
жеке қорытындыларды логикалық пайымдау әдісімен жүгізілнді (лат. Deductio -
шығару).

Экономикалық процестердің ішкі мазмұнын, мәнін анықтау үшін объективті
заңдарды ашуды қажет етеді. Олар экономикалық құбылыстар мен процистердің
қасиеттері ( мән және форма ) арасындағы қажетті, тұрақты, ұдайы
тәуліктерді көрсетеді және объективті болып табылады, яғни себеп – салдарлы
байланыстарды айқындайды.

Экономикалық заңдар адамдардың экономикалық

іс - әрекеті мен қатынастарын білдіреді. Сонымен, экономикалық заңдар бұл
адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелей формасы. Олар
адамжардың қоғамдық іс - әрекеттерінің тәуелді байланыстарын, жүйелі ұғым –
атау формасындағы заңдарын қарастырады. Экономикалық заңдарға әлеуметтік,
қоғамдық қатынастар заңдары жатады және осылайша олар табиғат заңдарынан
ажыратылады. Оның екінші бір айырмашылығы тарихи шектеулі сипатта болуы, ал
табиғи заңдар мәңгілік қатынас ретінде зерттеу әдісіне ғана тәуелді.
Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар ерекше және жалпы
болып екіге бөлінеді.

Ерекше экономикалық заңдар жекелей алынған дәуірлерге, формацияларға
тән. Мысалы құлдық және феодализм дәуіріндегі материалды игіліктері бөлу
заңдары.

Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық формацияларда әрекет
етеді. Мысалы, еңбек өнімділік арттыру заңы, уақытты үнемдеу заңы, өндіргіш
күштер үнемдеу заңы және басқа да тарихи әлеуметтік қажеттіліктер. Бұл
жерде еңбек өнімділік заңына тоқталып өтетін болсақ-еңбек бұл адамдардың
материалды, рухани игіліктер өндірумен қызмет көрсетуіне байланысты,
нәтижелі қызметі.

Еңбек заты - адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер
ететін зат.

Еңбек құралдары – бұл адамның еңбек затына әсер ететін қаруы.

Қандайда бір тауарды өндіруге қажет еңбек заттары мен құралдарының жиынтығы
өндіріс құрал – жабдықтарын құрайды. Игіліктер өндірісі, біріншіден адам
мен табиғаттың қарым – қатынасының, екіншіден өз шаруашылық қызметтері
барысындағы адамдардың өзара қарым – қатнастарын бейнелейді. Өзара қарым –
қатынастың бірінші типін өндіргіш күштер деп, ал екіншісін – экономикалық
қарым – қатнастар деп атаймыз.

Өндіргіштерін күштер үнемдеу заңы – бұл қоғамдық өндірістің жеке
(жұмысшы күші) және заттың (өндіріс құрал - жабдықтары) факторларының өзара
әрекеті адаммен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементтері.

Ғылыми – техникалық революциялық өндіріс факторларын өзгертеді.
Осылайша, өндіріс құрал – жабдықтары информатика – электронды есептеуіш
және компьютерлік техникамен байытылады. Өз кезегінде бұл заң жұмыс күші
құрылымында да сапалы өзгерістттер жүреді, оның ғылыми ұйымдастыруда пайда
болып, жұмыскерлердің біліктілік және интеллектуалдық деңгейлері көтеріліп
дамның кәсіпкерлік қасиеттерінің ролі мен маңыздылығы арта түседі.

Мегаэкономика жалпы әлемдік ету механизмдері мен заңдарды зерттейді.

Экономикалық теория пәнінің шығатыны, үшіншіден, ал тиімді шаруашылық
жүргізу заңдары мен шаруашылық жүргізуші тұлғалардың әр – түрлі тарихи
кезеңдердегі іс - әрекеттерінің мәнін зерттейді.

Алайда әлем тарихын әр – түрлі кезеңдерге жіктеуде экономистер жалғыз
пікірге келе алмайды. Себебі зерттеу пәні және оның зерттеу әдістері әр
қилы қалыптасады. Мәселен Маркстің теория бас қоғамдық – экономикалық
формация ілімін ұсынады ( алғашқы қауымдық қоғам, копитализм, коммунизм )
және олардың әрқайсысындағы экономикалық заңдардың әрекет етуін зерттейді.
Экономикалық ілімнің тарихына шолу жасағанда, алдымен саяси экономия
ілімнің даму сатыларын атап өткен жөн. Саяси экономия термині жеке ғылым
атауы ретінде 16 – ғасырда пайда болды. Оның негізін салушылар
“меркантелистер мектебі” деп аталды. Тарихта тұңғыш рет “Саяси экономия
трактаттары” деп (1615 ж. жарық көрген) аталған еңбектің авторы
меркантелист Антуан Монкретьен (1575 - 1631). Бұл еңбекте материалдық
игіліктердің өндірудің ішкі заңдылықтары қарастырылып, байлықтың бірден –
бір қайнар бұлығы, шығу негізі айырбас пен сауда екені айтылып, тауарларды
шетелдерге көбірек сатып, алтын, ақша қорын көбейту дәіптеледі. Одан кейін
меркантелистердің (меркантель итальян сөзі – сауда пайда түсіру
мағынасында) тұжырымдарын жоққа шығарған физиократтар мектебі қалыптасты.
Оның көрнекті өкілдері У. Петти (1623 - 1687), Ф. Кэне (1694 - 1774)
табыстың, байлықтың көзі ауыл шаруашылығы өндірісінде деген пікірді
уағыздады. Бірақта физиократтардың көзқарасында сыңар жақтылық болды.
Себебі материалдық игіліктер тек қана ауыл шаруашылығында ғана емес
өнеркәсіпте, құрылыста, транспортта, т. б. Салаларда да жасалады. Онан соң
буржуазиялық классикалық сафси экономия мектебі өмірге келді. Бұл мектептің
өкілдері Адам Смит (1723 - 1790) пен Давид Рикардо (1772 - 1823)
болды. 1776 жылы Адам Смиттің “халықтар байлығының табиғаты және себептері
туралы зерттеулер” деген кітабы жарық көрді. Бұл еңбек өзінің авторына
“экономика атасы” деген атақ алып берді. Смит өз замандағы физиократтардың
байлықтың бірден – бір көзі тек жер ғана деген қағидасынан бас тартты. Ол
ұлт байлығын ақша санымен анықтайтын, экономикаға мемлекет араласып,
қолайлы сауда баланысын жасауы қажет деген меркантелистермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДАР ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР
Экономиканың негізгі элементтері. Экономикалық заң
Экономикалық категориялар мен заңдар. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Экономикалық теория және экономикалық саясат
Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы ақпарат
Экономикалық теория қызметі
Экономикалық теорияның функциясы
Экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы
Қазіргі замандағы экономикалық теория, пәні
Экономикалық теорияның жалпы әдістері
Пәндер