Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын дамыту
Жоспар
Кіріспе
І Бөлім. Кәсіпкерліктің негізгі түрлері оның экономикалық дамудағы алатын
орны.
1. Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары
және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.
2. Шағын кәсіпкерлік- ұлттық экономиканы дамытудың
маңызды шарты, субьектілері
ІІ Бөлім. Кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуы.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы.
2.1. Кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуы
2.2. Кәcіпкерліктің Қазақстанда пайда болып, дамуы
ІІІ Бөлім. Кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және
инвестициялық қолдау және инфракұрылымдарын
дамыту
1. Кәсіпкерлікті қаржы – несиелік және инвестициялық қолдау
2. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың
инфрақұрылымдарын дамыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың “өз ісіне “деген табиғи ұмтылуды
тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің
ерекше түрі- кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел
буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздеиді.
Кәсіпкерлікті шығармашылық күш- жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және
ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті
жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық
бағыт- бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін
аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге, екіншіден,
экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-
техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын
түрімен айналыса алады. Олар; шаруашылық- өндірістік, сауда- көтерме сату,
жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б.
коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Менің курстық жұмысым “Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы” деп аталады.
Жоғарыда айтылғандай, кәсіпкерлік нарықтық қатынастардың дамуы барысында
пайда болған жаңа шаруашылықты жүргізу түрі болғандықтан, нарыққа
бейімделген, коомерциялық сипаттағы дербес дамитын пайда табуды көздейтін,
экономикалық байлық көзі.
Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады, онда кәсіпкерліктің түрлері,
олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері, шағын
кәсіпкерлік- ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты, субьектілері,
шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуы, кәсіпкерлікті қаржы – несиелік
және инвестициялық қолдау, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын
дамыту мәселері қамтылған.
Курстық жұмысты жазу барысында Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстанның егеменді
мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясын”, А.Қ. Мейірбеков пен
К.Ә. Әлімбетовтың “Кәсіпорын экономикасы”, А.В. Бусыгиннің
“Предпринимательство” оқулығын, Б. Медещевтің “Нарықтық экономика
теориясына кіріспе” кітабын, т.б. экономикалық оқу құралдармен “қаржы
қаражат”, “Предпринимательство” және басқа да Қазақстандық және Ресейлік
мерзімді басылымдарды пайдаландым.

1.1. Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске
қатысудағы өзгешеліктері.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі,
кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы бүгіннен бастап ақша
төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады, осыған орай
кәсіпкерлік өндірістік, коомерциялық және қаржылық болып бөлінеді.
Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек,
технологиясы болады.
Өндірістік кісіпкерлікке- тұтынушылардың кейіннен сатып алуынан тиісті
өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және
ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер
жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделік өрісі едәуір түрліше және оны іске
асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп
мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол
өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның
мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар айырбастау
операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы-мұнда
өнім өндіруге байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету
қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не стап алу,
нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді
іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме
сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік- коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай
болғандықтан оның сатып алу, сату обьектісі айырмашылығы- тауар болып
есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар,
вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей
немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық
кәсіпкерлік- бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің
технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады,
айырмасы тек тауар- қаржы активі болып саналады.
1.2. Шағын кәсіпкерлік- ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты,
субьектілері
Кәсіпкерлік, жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық дамуының
маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да
аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады,
кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде (әрбір азаматтың өзінің
материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) шағын және орта
бизнесті дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субьектілері мыналар бола
алады:
- Қазақстанның азаматтары;
- шетел мемлекетінің азаматтары;
- адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы)
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден
өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері
ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттелетіндер:
- кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар
үшін қажетті мүліктер сатып алу;
- барлық субьектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және
табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
- меншік түрлеріне және ұйымдастыру- құқықтық формасына қарамастан
кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
- кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
- кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
нарықтық монопоия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің
бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің
республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетеді.
2001 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша республикадағы 372 мыңнан
астам шағын кәсіпкерлік субьектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс
істейтіндері – 329,1 мың болды. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен
қамтылғандардың саны- 1,4 млн адамды құрады.
Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд. Теңгенің өнімін
өндірді және қызмет көрсетті. 1999 жылы 2000 жылы- 45,9 млрд. теңгеге
жетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен
Қазақстан Республикасында “Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-
2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” бекітілді. Оның басты
мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын
қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар
мыналар:
• халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
• қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау
мәселелеріндегі ролін күшейту;
• шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
• шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру
және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субьектілернің тұрақты қызметі
үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік
аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын
көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа
халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай
өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған
қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктері сай
болуына қарай өздерінің жеке ісін ашу, өзінің бизнеспен айналысуын
жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ шағын кәсіпорындардың
дамуына қажеттілігін тудырады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа
өтуінде шағын кәсіпорындар “жанама” өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің
ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден,
нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген
бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден рыноктық жағдайда олар
қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды
және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның
экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде бұл шаруашылық
дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді,
үшіншіден, шағын кәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың
қызмет етіуіне тиек болады.
ІІ Бөлім. Кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуы. Қазақстанда кәсіпкерліктің
дамуы.
2.1.Кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуы
Барлық индустриялы дамыған елдердің экономиялық және әлеументтік өсуі
кәсіпкерліктің жеделдету әсеріне негізделген. Кәсіпкерліктік оңтүстік-
шығыс Азиядағы: Қытай, Корея, Малайзия, Сингапур, Тайвань, Тайланд сияқты
жаңадан идустриялы дамып келе жатырған елдердің экономикалық жағынан өсуіне
зор әсер етті.
Қазақстан ХХІ ғасырдың басында кәсіпкерлікке тек қана бет бұра бастады.
Республикада кәсіпкерліктің негізі экономикалық реформалардың басында
қалана бастағаны белгілі. Алайда оны халықаралық нормалар мен стандарттарды
ескере отырып одан әрі жетілдіре беру міндеттері тұр.
Жаңа шаруашылық немесе сауда мекемесін ұйымдастыру арқылы жаңа өнім
өндіру немесе қызмет көрсетуді мойнына алушы кәсіпкер жөніндегі түсінік
(анықтама) ең бірінші ХҮІІІ ғасырдағы француз экономисі Р. Кантильонның
“Кәсіпкер жөніндегі жалпы ұғым “ кітабында жарық көрді.
Экономикалық теорияның барлық қолдаушылары кәсіпкерлектің экономиканы
дамытудағы ролін жоғары бағалады.
Алайда экономиканы дамытудағы кәсіпкердің жеке роліне бірінші болып
ғылыми И. Шумпетер болды. Біз бұған облыс бойынша көптеген кәсіпкердің атын
атай аламыз. Мысалы: қаладағы “Береке” ПСП “Серік”, “Асан” т.б. немесе
Зеленов ауданындағы “Каркула”, Тасқала ауданындағы “Өсімтал” (Е.
Жамансариев) т.б. кәсіпкерлік негізіндегі шаруашылықты экономикалық дамуы,
осы теорияның дұрыстығын анықтай түседі.
Кәсіпкерлік еңбек И. Шумпетерше – лауазым немесе мамандық емес. Ол үнемі
көзге түсе бермейтін және ашық нарыққа апаратын тапқыр және тәуекел
ұйымдастырушы қабілет. Шумпетер кәсіпкердің тіпті де капиталист емес
екендігін бірнеше рет атап көрсетті. Сондықтан кәсіпкерлік еңбек
жаңашылдық болғандықтан экономикалық өрлеу жөніндегі бұған еліктеушілер
де көбейе беретіні сөзсіз. Сөйтіп, елдің экономикалық дамуы бүкіл халықтық
сипат алады.
Қазір Қазақстан бойынша кәсіпкерлікпен айналысушылардың жалпы саны -
77398 (2002 жылдың көрсеткішімен).
Әрбір кәсіпкер ең жоғарғы табыс үшін күреседі. Оның кәсіпкерліктен
табысына материалдық жағдайы тікелей байланысты болады. Міне, осыдан өзінен-
өзі Кеңес үкіметі тұсындағы социалистік жарыстың орнына кәсіпкерлік жарыс
басталатына сөзсіз. Бұрынғы бір мекеменің орнына бірнеше мекеменің жарысы
етек алады. Сайып келгенде, бұл мемлекеттік деңгейде жоғары экономикалық
көрсеткіштерге қол жеткізетіні белгілі. Себебі әрбір кәсіпкер өз пайдасын
ойлау барысында қоғамға қажетті товарларды өндіреді немесе қызмет көрсетуге
тырысады, жаңа нарық көздерін қалыптастырады немесе қазіргі бар жұмыс
орындарына көмек көрсетеді. Сонымен қатар бұл кәсіпкер басқалардың товарын
сатып алады қызметін қабылдайды да банкке салық төлейді. Нәтижесінде жеке
пайдасын көздейтін кәсіпкерлер көбейген сайын қоғамның экономикалық байлығы
арта түседі, себебі қоғамдық қор (бюджет) еселей көбейеді.
Кәсіпкерлік өндірістік сауда- саттық, комерциялық қаражат т.б. көптеген
қызмет түрлерін қамтиды.
Қазақстанда кәсіпкерлікті жақында бастағандықтан кіші саудагерлік
көбірек дамыған. Фирмаларды мөлшеріне қарай талдағанда (классификациялық)
негізгі критерий: ұсақ саудагердің қатарына жататын мекемеге немесе
кәсіпкер деп 100-ге дейін мүшесі бар кәсіпкерлік есептеледі. Қазақстанда
бұл көрсеткіш әзірге 50-ге дейін мүшесі бар деп алынып келеді.
Кәсіпкердің пайда түсіру көзі көптеп саналады. Олардың қатарына: өзінің
жеке меншік малы, өнері, мүлкі, жеке еңбек қызметімен (народные промыслы)
дүкен ұстаушы кәсіпкерлік мүшелері, ұсақ фермерлер т.б. жатады.
Ұсақ жеке меншіктердің бәрі бір мақсатқа аз мөлшерде болса да капиталға
ие болуға, оны арттыра беруге мүдделі.
Капитализмнің даму барысында ұсақ тауар өндірушілер жойыла береді,
себебі олар соңғы өндіріс деңгейіне сәйкес келмейді, сөйтіп ірі
компаниялардың құрбанына айнала береді деп есептелініп келді. Бірақта
қазіргі кезеңде өзінің жеткілікті мөлшерде дамуына жол табуына байланысты
әлем экономикасында ұсақ кәсіпкерлік кеңінен таралуда. Ұсақ фирмалардың
саны арта түсуде және ұсақ кәсіпорындардың экономикадағы орны барынша
тұрақты болып келеді.
Ұсақ фирмалар әсіресе жеңіл өнеркәсіптің мақта, жүн, елтірі, теріге
негізделген түрлерінде кеңінен таралуда. Ұсақ компаниялар тұтынушылардың
сатып алу қабілетінің өзгеруіне тез және аз капитал жұмсау мүмкіндігімен
пайдаланып отырады. Нәтижесінде Э.Бернштейннің көрсеткеніндей, жалпы
қоғам байлығы артқан сайын капиталистер саны да көбейе түседі.
2.2. Кәсіпкерліктің Қазақстанда пайда болып, дамуы
Кәсіпкерліктің Қазақстанда пайда бола бастауы және дамуы өтпелі кезеңнің
әлеуметтік- экономикалық және саяси шиеленіскен қиын кезеңде іске аса
бастады. Бұл еліміздегі экономикалық құлдырау, халықтың әл- ауқатының
төмендеу кезеңі еді.
Елді экономикалық құлдырау сайысынан алып шығып, одан әрі дамыту әлі де
обьективті қиындықтар болып келеді. Обьективті қиындықтар көбіне жалпы
экономикалық құлдырау және қажетті қаражат ресурстардың жетіспеуіне
байланысты болып отыр. Нәтижесінде көлемді түрде кәсіпкерлікті дамытуда
әліде кедергілер сезіледі. Егер кең көлемді кәсіпкерліктің бастамасы
ауылшаруашылығында болса үнемі жану-жағар май, дәнді дақылдар тұқымы,
кезінде кредитке ақша алу қажет болғанда жетілмей келеді. Кәсіпкерлікті
қолдау саясаты ұсақ кәсіпкерлікті қолдаудың жергілікті орталықтары арқылы
жүзеге асырылады. Ұсақ кәсіпкерлік орталығы өз жұмысын күнделікті
мәселелелерді шешуде; өктемдік заңсыз басшылықпен күреске бағыттап отыруға
тиісті. Болашақта және қазірдің өзінде бұл орталықтар ұсақ кәсіпкерлікпен
айналысуға тілек білдіретін жаңа қожаларға лизинг алу немесе жаңа офис
ашуға жағдай жасап отыруға тиісті. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде
біздің қалада немесе облыс көлемінде жүріп жатыр. Кәсіпкерлікті көбейту
және дамыту орталықтарының ролі әсіресе жаңа кәсіпкерлерді информациялық,
методикалық қамту және бағыт беріп отыруды, маркетинг, менеджмент, техника
мен технологияны, заңдылық пен құқық қорғау, экономика негіздерін дамытуға
көмек көрсетіп отыруда өте зор. Ең соңында бұл органның ролі регионда озат
тәжірибені таратуға басшылық жасап отырады. Сондықтанда, теңеп айтқанда,
бұл орталықтар кәсіпкерліктің “жедел көмегі” ролін атқарады. Олар сөз емес,
іс жүзінде халыққа ұсақ кәсіпкерліктің артықшылықтары мен іске асыру
жолдары жөнінде білімнің негіздерін жеткізіп отырады.
Бұл бағыттағы қиындықтар, қоғамда қалыптасып қалған, ұсақ кәсіпкерліктен
пайда түсіру және баю жөніндегі сенімсіздіктің әлі күшін жоймай келе
жатырғанында.
Саудагерлікпен табыс табу және үлкен жетістіктерге жету әлі күнге дейін
халық арасында кең түрдегі сенімге ие болмай келеді. Тауарды сатушы мен
сатып алушының арасындағы терең бақталастықты қалыптастыратын нарықтық
жұмыстар әлі де жеткіліксіз. Барынша сапалы өнімдер өндіру және таза қызмет
көрсету арқылы жеткілікті мөлшердегі нарықтық дәрежеге жету әлі көңіл
қанағаттандырмайды. Нарықтық бағыттағы жаңалықтарға көзқарасты тез өзгертіп
шешім қабылдауда кәсіпкерлік тәжірибе жеткіліксіз. Кәсіпкерлер менеджмент
пен маркетингтің қазіргі кезеңдегі әдістерін жете меңгере алмай келеді.
Жұмысшыға еңбекақы төлеуде теңгермешілік жиі қолданылады. Бұл
кәсіпкерліктің негізгі жүйелерін жетілдіре беруге кері әсерін тигізеді.
Кәсіпкердің қоғамдағы экономикалық қозғаушы күш ретіндегі келбеті әлі төмен
дәрежеде, социалистік қоғам тұсындағы тапшылықта қалыптасып қалған сауда
мен экономикалық жетістіктерге қол жеткізуге сенімсіздігі жойылмай келеді.
Отандық мамандардың осы бағыттағы еңбек тәжірибесі біршама жоғары бола
тұрсада нарықтық сауда қатынастарына көшу әлеуметтік көзқарасты, ой-өрісін,
тіпті еңбекке деген көзқарасты түп нұсқасында қайта құруды қажет етеді.
Тіпті жеткілікті дәрежеде білімді және еңбек сүйгіш қызметкерлердің өздері
бұл жұмыста білімдерін жетілдіре беруді қажет етеді. Өйткені еңбекті
компьютерге және электронды техникаға сүйене отырып терең ғылыми негізде
жүргізу әлдеқайда тиімді болатыны белгілі. Мұның бәріне бірден қол жеткізу
мүмкін емес. Бұрынғы социалистік ортадан шыққан, нұсқаулар мен жоспарды
орындауға ғана бағытталып қалған қызметкердің басқа бағыттағы еңбектің
тиімділігіне көзін жеткізу, сенімін нығайту оңайға түспейді. Оның өз
бетімен тәуекел етіп, бас кезінде біршама қаржы жұмсап, жаңа нарықтық
бағытта жұмыс бастап кетуге еркі жете бермейді.
Жұмысшының еңбекақысын 20-30%-ке көтеру арқылы оның еңбек өнімділігін
арттыруға болады деп есептеуге де болмайды.
Менеджменттің тәжірибесі артып ұрпақтан- ұрпаққа тарай береді, бірақ
бұған кәсіпкерлердің түгел көзін жеткізу оңай жұмыс емес, бұған көп уақыт
керек.
Ұсақ кәсіпкерлікті енгізу және дамыту өте қиын және жауапты жұмыс. Бұл
үлкен ұйымдастырушылық, әзірлік білімді қажет етеді. Себебі бұл
тұтынушылармен тығыз байланысты. Осы себептенде кәсіпкерлерде білімді кадр
таңдау негізгі проблема болып келеді. Кадр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz