Монархиялық басқару


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Алматы Қазақ Педагогтік колледжі

РЕФЕРАТ

тақырыбы: Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік

құрылысымен танысайық.

Кеңесші: Мамықова Г.

Орындаған: Боқаева Ә.

Алматы 2005

Жоспар:

  1. Басқарудың негізгі екі түрі.
  2. Монархиялық басқару.
  3. Әкімшілік - территориялық құрылыстың негізгі түрлері.
  4. Қызықты деректер.
  5. Сөзжұмбақ.
  6. Сұрақ - жауап.
  7. Пайдаланған әдебиет.

1. Басқарудың негізгі екі түрі: республикалық және монархиялық басқару. Қай елдің болса да, мемлекеттік құрылысы ең алдымен ондағы басқару түріне байланысты. Басқарудың негізгі екі түрі бар.

Республикалық басқару ерекше кең таралған, өйткені дүние жүзіндегі барлық елдердің ¾-і республикалар болып табылады. Республика дегеніміз - заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі сайланатын өкілетті орган - парламенттің, ал атқарушы өкімет билігі - өкіметтің қолында болатын басқару түрі. Саяси тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін азат болған елдердің көпшілігі мемлекетті басқарудың республикалық түрін қабылдады. Египет, Эфиопия, Иран секілді мыңжылдық монархиялар да республикалар болып жарияланды.

Монархиялық басқару әлдеқайда аз таралған, өйткені дүние жүзінде не бары 30 монархия бар. Монархия дегеніміз - мемлекет басшысы император, король, герцог, князь, сұлтан және т. с. с. болып келетін басқару түрі. Мұндай жоғары өкімет билігі атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады. Олардың ішінде конституциялық монархиялар басым, мұнда нақты заң шығару билігі парламент қолында, ал атқарушы өкімет билігін - өкімет жүргізеді, монархтың өзі, былайша айтқанда, «патшалық етеді, бірақ басқармайды». Оларда монархиялық құрылыс ерекше, кейде бейне бір өткен кездегі «тақ құдіретін» еске салатын мыңдаған жылғы дәстүр ретінде сақталады.

1-мысал. Ұлыбритания - дүние жүзіндегі конституциялық монархиялық ең көне ел. Король (қазір ІІ Елизавета) - мемлекеттің, сот жүйесінің басшысы, қарулы күштердің бас қолбасшысы, ағылшын мемелекеттік шіркеуінің, сондай-ақ Ұлыбританияның басқаруындағы, бұрын Британия империясының құрамына енген елу ел мүше болып табылатын Достастықтың діни басшысы. [3] . Король парламент қаабылдаған заңдарға қол қойды. Нормандиялық жаулап алу жылдарынан бері корольдің бұйрықтарына «Король(королева) осыны қалайды!» деген дәстүрлі тұжырымдама жазылып келеді. [4] .

2-мысал. Жапония - конституциялық монархия. Онда император дәстүр бойынша мемлекеттің және ұлт бірлігінің символы болып табылады, бірақ заң шығару билігі парламенттің, ал атқарушы билік - министрлер кабинетінің қолында. [5] .

Абсолюттік монархияларда, бұған керісінше, монархтың билігіне мүлде шек қойылмаған. Алайда қазіргі дүние жүзінің саяси картасында ондай елдер санаулы ғана қалды.

3-мысал. Сауд Аравиясы - абсолюттік монархия, онда мемлекет басшысы (король) заң шығарушы және атқарушы өкімет билігін өзі жүргізеді, сонымен бірге ол премьер - министр, қарулы күштердің бас қолбасшысы және жоғары сот, әрі діни басқарушы болып табылады. Өкімет негізінен алғанда король әулеті мүшелерінен құрылады. [6] .

2. Әкімшілік-территориялық құрылыстың негізгі түрлері: унитарлы және федерациялы мемлекет. Кез келген елдің мемлекеттік құрылысы оның әкімшілік-территориялық құрылысының түріне байланысты болады. Бұл тұрғыдан алғанда барлық елдер унитарлы және федерациялы елдер болып бөлінеді. Дүние жүзінде 20 шақты федерациялы елдер бар. Кейбір елдердің (Ресей, Бельгия, Үндістан, Нигерия) бұлайша болуы ұлттық - этикалық принципке, екіншілерінде (ГФР, Австрия, АҚШ) - тарахи - географиялық ерекшеліктерге байланысты. Қазіргі кезде көптеген елдерде әкімшілік - территориялық мәселелер аса маңызды саяси проблемалық сипатқа ие болып отыр.

Басты қорытынды. Дүние жүзінің саяси картасы - өзінше бір дәуір айнасы. Ол үздіксіз даму үстінде. Алайда ол азаматтың бүкіл тарихында нақ ХХ ғасырдағыдай күшті өзгеріске ұшыраған емес.

Қызықты деректер.

[1] Канада - шетелдік дүнтедегі территориясы ең үлкен мемлекет. Оның оңтүстік шекарасы Римнің ендігі бойымен өтеді, ал солтүстік архипелаг аралдардан солтүстік полюске дейінгі қашықтық 700 км. Канаданың елтаңбасында «теңізден теңізге дейін» деп жазылған лента бар, оның туындағы екі қызыл жолақ та осыны бейнелейді. Австралия туының көк түсі - осы материк - елді жан - жағынан шайып жатқан мұхиттың символы.

[2] 1947 жылғы конституция қабылданғанға дейін Жапония абсолюттік монархия болды, оның заңдары императордың қолына шексіз билік беріп, оның өзін құдай жаратқан деп дәріптеді. 1947 жылы абсолюттік монархия жойылды, бірақ сақталып отырған дәстүрге байланысты елде ресми қабылданған жыл санағы жүйелерінің бірі («Гэнго») кезекті императордың жүргізетін мерзіміне сай келеді. Император Акихитоның 1989 жылдың басында таққа отыруына байланысты жыл санағының жаңа жүйесі «Хэйсэй» деп аталатын болды, оны «жер бетінде және аспан әлемінде жалпыға бірдей бейбітшілік орнату» деген мағынада аударуға болады.

Пайдаланған әдебиет: В. П. Максаковский

География

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МОНАРХИЯЛЫҚ БАСҚАРУ НЫСАНЫ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Мемлекет басқару нысанын зерттеудің теориялық құқықтық негіздері
Мемлекет басқару нысаны
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Монархияның тарихы
«Мемлекет нысаны түсінігі, түрлері және ерекшелігі»
Мемлекеттердің түрлері
Монархиялық басқару формасы бар мемлекеттердің салыстырмалы талдауы
Монархия және оның түрлері
Мемлекеттің территориялық құрылымы мен түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz