Көне түріктердің діні


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе3-11

І Көне түріктердің дүниетанымы және идеологиясы12-29

1. 1. Көне түріктердің дүниетанымының ғылыми мәселелері 12-23

1. 2. Көне түріктердің аңыздары мен мифологиясы24-29

ІІ Көне түріктердің діні30-45

2. 1. Көне түріктердегі Тәңіршілдік діні 30-35

2. 2. Көне түріктердегі жануарлар культ36-40

2. 3. Көне түріктердің территориясындағы өзге діндердің таралуы 41-45

Қорытынды 46-47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 48-50

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне он жылдан аса уақыт болды. Өткен осы уақытта, қыруар шаруалар жүзеге асырылды; еліміздің шекарасы, төлқұжатымыз бен мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді, ата заңымыз қабылданды, демократиялық плюрализмнің құрылымдары пайда болды, ұлттық ақшамыз айналымға түсті, еліміздің қарулы күштері құрылды, жаңа елордамыз бой көтерді тағысын тағы. Қазақстан қоғамы бұрын соңды болмаған елеулі өзгерістерді, әлеуметтік трансформациялануды бастан кешті. Осы тарихи межеде қоғамдық санадағы сапалық өзгерістермен аталды. Бұл өзгерістер ең алдымен бүгінгі заманғы әлемде болып жатқан рухани құбылыстарды жаңашы бағалауға деген ұмтылысқа қатысты.

Қазақ халқының дүниетанымы мен діни нанымдары, еліміздің автохтонды халықтарының діни сенімдері туралы жаңаша көзқарастағы, тіпті апологиялық сипаттағы ғылыми зертеулер мен монографиялар да жарыққа шыға бастады. Яғни, осы күнге дейін бұлжымастай көрініп келген бірқатар ғылыми концепциялар мен тұжырымдар жаңаша қырларынан бағалануда. Көптеген ғылыми көзқарастар уақыт алдында қайтадан сыннан өтуде. Бұл - негізінде заңды әрі адамзат ойының өршіл ізденгіштігін көрсететін жағымды құбылыс: әр дәуір өзінен ілгеріде жасалған игіліктердің рухани мұрагері бола отырып, осы құндылықтарды өз заманындағы обьективті жағдайлармен жарастырып, жаңаша түсіндіріп, тарихтың осы өлшемі ішіндегі қолданыс аясын анықтайды сөйтіп етене таныс, дәстүрлі құбылысты жаңа мазмұнмен толтырып оның жаңа қырларын, тың мүнкіндіктерін ашады.

ХХІ ғасырдың табалдырығында дүниетаным мен дінге қатысты да осындай құбылысты аңғарамыз. Соңғы жылдары жалпы дін проблемасына, оның болмысы мен табиғатына, атқаратын қызметіне көзқарас елеулі өзгерістерге ұшырады. Осыдан сәл ілгері уақыттарда дін мен дүниетаным мәселелері, негізінен, салыстырмалы түрде этнографиялық аспектілерде ғана ескіліктің қалдығы ретінде бағаланып келсе, жиырмасыншы ғасырдың соңына қарай діни ойлауға кең әрі терең түсінік беріліп, әр-бір әлеуметтік-тарихи кезеңдерде заңдылықпен өмір сүретін әмбебап қасиеті бар дүние екінін жақтайтын қағидалар басымдылықпен көрінуде.

Осы орайда қазақ халқының діни дүниетанымы Исламға дейінгі діни сеніммен тығыз байланысты, сондықтан бүгінгі қазақ халқының діни дүниетанымының генезисін көне түркілердің сенімдерін қарастыру қажет. Жалпы Көне түріктердің үлкен жерлерді алып жатқан мемлекет құруы ерекше мәдениеттің таралуына да алып келгені белгілі. Түркі дүниетанымы - дәстүрлі қазақ ұлттық-мәдени ұстанымдардың бастауы әлемнің, болмыстың, адамның мақсаты мен өмірінің мәнін, оның құндылықтық әлемін тануға бағытталған біртұтас қөзқарас. Көне түрік дүниетанымының дүниетанымдық, құндылықтық, жүиесін зерттеп, негізін қарастыру қазақ дәстүрлі мәдениетінің түп бастауын, дүниетанымдық ерекшеліктерін айқындаудың көрсеткіші болып табылады.

Сонымен бірге 2004 жылы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті № 1277 қаулысымен бекітілген «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес көне түріктердің дүниетанымы, идеологиясы және дінін қарастыру ғылыми айналымдағы маңызды тақырыптардың бірі болып отыр. «Рухани және білім беру саласының дамытылуы, елдің мәдени мұрасын қорғау және тиімді пайдалану», негізгі міндеттерінің бірі бойынша «Ерте және ортағасырлық ескерткіштерді археологиялық зерттеу, солардың негізінде қорық мұражайлар құру және оларды туризм ифраструктурасы жүйесіне қосу; тарихи ғылымның теориетикалық мәселелерін жасау, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиеттерді шығару» (Досымбаева А., 2007 3б), яғни бұл құжат ғылыми қоғамның ұлттық мәдениет және руханият қажетілігін мемлекеттік көлемдегі мәселеге айналдырылып отырғанның дәлелі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңда ғылыми айналымда тарихи шындыққа жетуде түрлі бағыттардың және көзқарастардың толастап жатқаны мәлім. Бұл тарихта қандай тақырып болмасын жан жақты, түрлі көзқарастармен қарастыруға мүнкіндікті береді. Мүнкін бұған себеп қазіргі кезде тарихи көзқарастар ешқандайда идеологиялық бұғаумен шектелмеген, олар еркін дамып, қай тарихшының болмасын еркін пайдалануына мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз қазіргі уақытта қандай да тарихи оқиғаны болмасын ерекше тарихи дүниелермен талдауға зерттеушінің мүмкіндігі бар, оның осылайша өзіндік көзқарастарында қалыптастыруға болады. Көне түріктердің дүниетанымы, идеологиясы және діні тақырыбын қарастыру барысында зертеулер мен еңбектердің келесі топтасытығымен қарастыруды жөн көрдік. Ең алдымен түркілердің дүниетанымы мен діні жөніндегі ең ерте зерттеулерге тоқталсақ мұны кезеңдеп, кеңес үкіметінің құрылуына дейінгі кезеңдегі зерттеулер деп атауға болады. Жалпы дін мен дүниетаным мәселесін орта ғасырдың өзінде ақ көптеген зерттеушілер көтерген болатын. Ресей империясының Қазақстан мен Орта Азияны колониялауы барысында, мұнда түрлі деңгейлер мен бағыттарда зерттеулер жүргізілді. Әсіресе ХVІІІ-ХІХ ғғ. бастап Орта Азияға келген саяхаткерлер мен зерттеушілер көптеген тарихи-этнографиялық, әдеби-мәдени һәм діни міселелерді зерттеп, өз ойларын қорытқан.

Олардың қатарында қазақтың бір туар жұлдызы, ағартушы, ғалым Ш. Ш. Уәлиханов өзінің зерттеулерінде «Тенгірі» және «Қырғыздардағы шамандықтың белгілері» атты мәселелерді қойып айқындауға алғашқы қадам жасағандардың бірі. Мұнда түркі халықтарының сенімдеріне, табынатын дүниелерін сипаттаумен қатар, әруаққа табыну, құрбандық шалу, қырғыздардың (қазақтардың) космологиялық түсініктері, тірі мен өлінің және олардың өзара достығы жөніндегі аңыздар, талисмандар (бойтұмарлар), табиғат, адам және ауадағы тылсым күштер жөнінде жекелей тоқталып, анықтап, сипаттаған. Ш. Ш. Уәлиханов мұнда адамдардың берген ақпаратымен қатар ортағасырлық деректерді де пайдаланады.

Қазақ халқының тұрмысының білгірі А. Диваевтің «Баксы как лекарь и колдун», «Древне киргизские похоронные обычаи» зерттеулерінде шамандықтың, тыйым-ырымдардың, сенім-түсініктер және дәстүрлердің сипатын жасап, олардың шығуы жөнінде тоқталады.

Осы кезеңдегі діни дүиетаным тақырыбында зерттеулер жүргізген, Түркістанның археология және этнография үйірмесіне мүше болған И. А. Кастаньенің «Из области киргизских верований» жазбаларында мәселені ашуға өзінің септігін тигізген болатын.

Келесі кезеңдік тарихнама топтастығын кеңестік дәуірдегі зерттеулер деп атап, көне түркілердің дүниетанымы, идеологиясы және діні тақырыбына байланысты зерттеулер мен жарық көрген еңбектерге тоқталуға болады.

Академик Василий Владимирович Бартольд (1869-1930) шығыстанушы және ірі тарихшы, орыс шығыстанушы тарихи мектебінің негізін салушы болып табылады. Оның «Тюрки. Двенадцать лекции по истории турецких народов Средней Азии» еңбегінде В. В. Бартольд түрік халқының Қазақстан жерінде пайда болуы мен дамуы жөнінде жазады. Сонымен қатар Қазақстан және Орта Азия жерлерінің тарихын зерттеуде өзінің үлкен үлесін қосқан В. В. Бартольдтың «О хрестианстве в Туркестане в домонголоьский период» атты зерттеуінде бірқатар дерек көздерімен Түркістан территориясындағы діндердің таралу сипатын және даму барысын айқындайды.

Этнографиялық зерттеулерді негізге ала отырып К. Мұқанов қазақтардағы шаманизм, оның эволюциясы мен қалдықтары жөнінде тоқталады.

Ал этнографиялық және археологиялық деректердің негізінде В. В. Востров «К вопросу о пережитках древних верований у казахов» мақаласын жарыққа шығарған болатын. Мұнда исламға дейінгі қазақ халқының өлімнен кейінгі өмір жөніндегі түсініктері сипаталады.

Көне түріктерді жалпы көлемді монографиялық еңбек ретінде жарыққа шығарған Л. Н. Гумилев түркіттер діні деп бір тармақшамен қытай жазба деректеріне сүйене отырып зерттеген мәселе болғанын байқаймыз.

Көне түріктердің діні мен дүниетанымы мәселесін археологиялық деректер арқылы зерттеуге бағыт алған кеңестік археологтардан Д. Х. Арсланова, А. Т. Максимова, Е. И. Агеева, Г. И. Нацейвич, Л. Н. Заблин, В. Д. Горячева, С. Я. Перечудова, Я. Н. Шер, В. А. Булатова-Левина, Л. Р. Кызыласов, В. Д. Кубарев, Ә. Х. Марғұлан, В. А. Воронинаны атап өту қажет. Аталған ғалымдар түрлі дәрежеде өз зерттеулерін жүргізіп, орта ғасырлық көне түрік кезеңіндегі жерлеу дәстүрі, ғұрыптық кешендері, қалаларындағы ғұрыптық және храмдық құрылыстарды анықтап зерттеу мен талдаудың барысында осы кезеңдегі дін, дүниетаным және сенімдер мен түсініктер жөнінде үлкен мән-мағыналы еңбектер жарыққа шығарып, ғылыми ортаға ұсынған болатын. Міне осындай археологиялық зерттеулердің негізінде жарық көрген көлемді еңбектердің бірі «Степи Евразии в эпоху средневековья» болып табылады, мұны жүйелі және жан-жақты қаралуына академик Б. А. Рыбаковтың өзі басшылық жасаған болатын. Еңбекте көне түрік ескерткіштерінің сипаты ғана баяндалмай, сонымен қатар оның семантикалық негізі ашылған.

Кеңестік дәуірде көне түрік кезеңін зерттеуге үлкен үлесін қосқан ғалымдардың бірі С. Г. Кляшторныйды атап өту қажет. Ғалым көне түріктердің жазба деректерін және қытай деректерін талдай отырып, түріктердің аңыздарына және діни-сенімдеріне де тоқталып өтеді. Сонымен қатар көне түрік жазба ескерткіштерін дерек ретінде ұсынған С. Е. Маловтың монографияларын түрік дүниетанымын анықтаудың барысында пайдалану қажет.

Қазақстан КСР Ғылым академиясы Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтының негізінде жарық көрген «Казахстан в эпоху феодализма» (Проблемы этнополитической истории) еңбегі феодализм дәуіріндегі Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық, этносаяси тарихы және мәдениет тарихы суреттелген. Мұнда жазба деректерімен қатар археологиялық қазба жұмыстары негізінде табылған заттай дерек көздері пайдаланылған. Мұнда бірнеше көрнекті ғалым зерттеушілер тарихи беттерде әлі де өзектілігін жоя қоймаған мәселелерді көтеруге тырысады.

Ал Н. Я. Бичурин «Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена» еңбегінде Орта Азиядағы халықтарды ежелгі уақыттағы сипатын жазады, сонымен қатар, бұл монгарфияда түркілердің рухани құндылықтары мен дүниесіне талдау жасайды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын қолға алғаннан кейінгі түркілердің көне діни дүниетанымы жөніндегі зерттеулер жаңа қарқынмен шыға бастады, мұнда тың көзқарастар мен нәтижелі зерттеулер идеологиялық бұғаудан босап, еркін дамуға түсті, сондықтан бұл кезеңдегі зерттеулерді ерекше топтастырып жаңаша көзқарастағы зерттеулер кезеңі деп атауды жөн көрдік. Қазақ халқының тарихын толық сипатын көрсететін және Қазақстан Республикасының ғалымдарының ұжымдық шығармасы болған Қазақстан тарихынының бірінші томы палеолит дәуірінен кейінгі орта ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Мұнда көне түрік кезеңінің рухани өмірінің сипатын көптеген деректер мен зерттеулердің негізінде жазылған болатын.

Осы кезеңде діни сенімдерге ең алғашықы тоқталған ғалым Ә. Т. Төлеубаев болды. Ғалым өзінің «Релекты доисламских верований в семейной обрядности казахов» монографиясында жазба деректер мен этнографиялық ізденістері негізінде исламға дейінгі үйленудегі, ғұрыптық жерлеу мен еске алуға байланысты сенімдер мен баланың туылуы мен тәрбиелеуіне байланысты қазақтардың дәстүрлері қарастырады. Сонымен қатар бұл монографияда адамның дәстүрлі-мифологиялық контекстінде киіз үйдің ұйымдастырылған кеңістікке байланысты түсініктер мен дәстүрлер қаралған.

Марат Барманкуловтың Түрік әлемі («Тюркская вселенная») деп аталатын еңбегінде, автор терең анализ жасау және қызықтыра алу формасымен оқырманға қызықты фактілерді алға қояды. Бұл еңбек кең оқырман айналасына арналып түркілерге байланысты көптеген түрлі дүниені ашуға жол бастайды. Мұнда Шығыс Түркістандағы ерте орта ғасырда буддизм дінінің таралуы мен осы арқылы Қытайға өтуі жөнінде деректер мен дәйектер айтылады.

А. Ш. Махаеваның «Көне түріктердің рухани мәдениеті» еңбегінде көне түріктердің рухани мәдениеті атап айтқанда, жазуы, тілі, әдебиеті, діни наным-сенімдері, сонымен бірге тарихи жағрафиялық түсініктері жайлы баяндалады.

К. Аманжолов пен Қ. Рахметовтың «Түркі халықтарының тарихы» атты оқу құралында ғұндардың, түркілердің, моңғолдардың этникалық құрамы, мекендеген жерлері ұлттық даму кезеңдері, діни сенімдері, әскери демократиялық ұйымдары, жаугершілік соғыстары және оның себептері, түркілер мен моңғолдардың басқа мемлекеттермен (Қытай, Иран, Араб, Византия) қарым-қатынастары, ислам дінінің таралуы, түркі халықтарының адамзат өркениетіне қосқан үлесі жан жақты баяндалады.

Көне түрік дәуірінің рухани өмірін археологиялық зерттеулер мен деректердің негізінде сипаттаған А. Досымбаева өзінің көлемді монографияларында аталған кезеңдегі жерлеу дәстүрі мен ғұрыптық кешендерін сипаттаумен қатар олардың әрбір элементтерінің семантикасын анықтауға және түрлі зерттеулермен салыстыруға бағыт алған. Мұндай зерттеулер көне түріктердің дүниетанымынан үлкен хабар береді. Сонымен қатар қазіргі кезде көне түріктердің жазба деректерімен бірнеше жылдан бері өз зерттеулерін жүргізіп «Обьединенный каганат тюрков в 745-760 годах» монографиясын жарыққа шығарған С. Қаржаубай өз еңбегінде тасқа қашалып жазылған руникалық жазбалардан түріктердің дүниетанымын да анықтауға тырысады.

Көне түріктердің дүниетанымы, идеологиясы және діні мәселесін сонымен қатар, шет елдік зерттеушілер дің мақалары мен еңбектерінен де қарастыруға болады. Бүгінгі таңда татар ғалымдары тәңіршілдік дінінің мәнін қарастыруды өзекті мәселелердің бірі ретінде қабылдап отыр. Әсіресе, Р. Н. Безертиновтың бірнеше монографияларында бұл мәселе көтеріліп тарихи тұрғыдан талдау жасалған. Ғалым діни идиялогияның мәнісін саяси өзгерістерді жасаушы ретінде көрсетіп, тәңіршілдіктің ұлы дала территориясындағы мемлекеттердің дамуына әсері жөні де баяндайды. Сонымен қатар, ғалымның «Тэнгрианство - религия тюрков и монголов» монографиясында тәңіршілдік дінінің сипатына және көшпелі өмірдегі орнына талдау жасалынады.

Түркияның зерттеушісі Құтлыай Эрдогананың «Тәңіршілік - ежелгі түрік діні» еңбегінде тәңіршілдік дінінің бағыттарын және сипатын байқатады. Көне түіктердің киелі және қасиетті деп тапқан дүниелеріне талдау жасайды.

Ал осы елдің ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Гамирзан Давлетшиннің «Ежелгі түркілердегі жануарлар культі» мақаласында толық түрде көне түріктердің діни сенімдеріндегі тотемдік түсініктерге тоқталады. Ғалым өз мақаласында түркі халықтарының фольклоры мен жазба деректер негізінде көне түріктердің аңдық культін сипаттап, баяндайды.

Ал Қазақстанға жақын шет ел болып есептелетін Қырғызстанның зерттеушілері де көне түрік дүниетанымы мен діні мәселелерін өзектендіріп отыр. Мәселен Мельс Мураталиевтің «Теңгірілік - дін немесе дүниетаным», Т. Егембердиевтің «Теңгіріліктегі метафизика» және тағы басқа ғалымдар көне түрік діни түсініктері мәселесін философиялық тұрғыда зерттеуге бағыт алған болатын. Шынында да дүниетаным мәселесін қарастыруда философиямен жанаспай кетуге болмайды. Бұл ғалымдар өзінің мақаларында теңгірілік бүгінгі түркі халықтарының да дүниетанымының сипатын анықтайтын жүие ретінде көрсетіледі.

Деректері. Көне түрік дүниетанымы, идеологиясы және діні тақырыбын зерттеу барысында дерек көздері үш топтастықпен қарастырылды. Ең алдымен жазба деректерге тоқталсақ, жұмыстың зерттелу барысында көне түрік кезеңінен хабар беретін жазба деректерінің қатарында ең алдымен Орхон-Енесей руналық деректерін атап өту қажет. Орхон-Енесей ескерткіштері мәтінінің қатарларынан көне түрік дәуірінің саяси даму жағдайынан ғана хабар болып қоймай сонымен қатар дүниетанымдық идеологиялық және діни сенімдерінен, түсініктерінен орасан зор көлемді матералдар береді. Жалпы Орхон Енесей жазба деректері жөнінде бірнеше монографиялар, еңбектер мен зерттеу мақалалар жарық көрген. Алайда мұнда жазба деректерінің өзінің түп нұсқасын бізге Е. Е: Малов өз еңбектерінінде жеткізген болатын. Алайда Орталық Азияның далаларында әлі де зерттелу үстіндегі жазба ескерткіштерінде ескеру керек. С. Қаржаубай өзінің еңбектеірнде соңғы зерттеулердегі руналық жазбаларда анықталған дүнелер сипаталады, сонымен қатар бұл еңбекте де аталған руналық жазбалардың түп нұсқасы көрсетілген.

Көне түріктердің діні жөнінде бізге жеткен Қытай деректері «Вейшу» және «Суйшу» атты шежірелерде жазылған. Алайда мұндағы мәліметтер мейлінше қарама-қайшы және тым шолақ болғандықтан түсіну қиын. Сонымен қатар көне түрік тайпаларының аңыздары, ерте тарихы жөнінде ресми жазбалар мен құжаттардың мәтініне негізделген «Чжоу шу» Қытай дерегі зерттеушілер үшін маңызды орынды алады.

Келесі дерек көзіне тоқталатын болсақ нақты деректермен толастаған археологиялық дерек көздерін атап өту қажет. Қаладағы ғұрыптық құрылымдар, ғұрыптық кешендер мен жерлеу орындары көне түріктердің дүниетанымы мен діни сенімдері, түсініктерінен хабар береді. Аталған археологиялық ескерткіштердің семантикасын ашып өз пікірлерін айтып кеткен зерттеушілердің еңбектері бұл орайда маңызды болып табылады. Жалпы бұл тақырыптағы археологиялық зерттеулер мен деректерді А. Досымьаева, Д. Ф. Винник, К. М. Байпаков, В. Л. Ворониннің еңбектерінен байқауға болады.

Сонымен қатар көне түріктердің діні, дүиетанымы және идеологиясы тақырыбындағы зерттеуде этнографиялық деректердің де маңызы аса зор. Бұл ауыз әдебиетінен көрініс тапқан өлеңдер, ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, әңгімелер мен ырым-тыймдар болып есептеледі. Сонымен бірге Ш. Ш. Уәлиханов, Ә. Т. Төлеубаев және тағы басқа зерттеушілердің еңбектеріндегі этнографиялық ақпараттық матералдар да үлкен деректік рөлді атқарады. Жалпы тақырыпты зерттеу барысында этнографиялық зерттеулерді жоғары деңгейде жүргізу басты мәселе ретінде қарылып отыр. Сонымен көне түріктердің діни, дүниетанымы және идеологиясы тақырыбының зерттелуі барысында жазба, археологиялық және этнографиялық деректер мен зерттеулер қарастырылады. Және бұл дерек көздерінің топтастығы ғылыми жұмыстың жан жақты зерттелуіне негіз болатына сенім артуға болады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Көне түріктердің дүниетанымы, идеологиясы және дінін жазба, археологиялық және этнографиялық деректер мен зерттеулер арқылы жоғары ғылыми дәрежеде қарастыру жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа орай төмендегідей міндеттер алға қойылды:

  • көне түркілердің дүниетанымы мәселесін түріктердің аңыздары мен мифологиясының негізінде қарастыру;
  • көне түріктердің дүниетанымы космогониясының негізгі ұстанымдарын анықтау;
  • көне түріктердің идеялық түсініктерінің сипатын анықтау;
  • көне түріктердегі Тәңіршілдік дінің түсініктерін талдау;
  • көне түріктердегі жануарлар культінің сипатын қарастыру;
  • көне түрік жерлерінде хрестиандық бағыттардың таралу сипатын анықтау;
  • көне түрік жерлеріндегі буддизм дінің таралу сипатын көрсету;
  • көне түріктердің діни сенімдеріндегі зоорастризм элементтерін анықтау;
  • көне түрік сенімдері мен дүниетанымындағы ерекшеліктерді анықтау;

Жұмыстың теориялық және методологиялық негізері. Бұл зерттеу жұмысы жаңа мыңжылдықтың табалдырығында, рухани құндылықтарымыздың қайта қаралу кезеңінде, гуманитарлық ілімдер жүйесіндегі талаптан туындайды. Біріншіден, бұл зерттеу түркілердің діни тарихының дүниетанымдық негіздемелерін анықтауда өз көмегін тигізеді сенеміз. Екіншіден, түркілердің діни тарихының, дүниетанымдық түсінігінің бүгінге дейінгі сақталуы табиғи да обьективті заңдылық деп түйіндеуге болады. Осы тұрғыдан алғанда дін мен дүниетаным тарихының, логикалық және тарихилықтың абстрактілік пен нақтылқтың ұштасу принціпі, уақиғалардың даму ерекшеліктерін, оны қабылдаған түрік тайпаларының әлеуметтік-саяси жағдайларын обьективті тұрғыдан зерттеу жолында жасаған қадамдардың бірі деп есептейміз. Еліміздің зерттеушілерімен қатар алыс жақын шетелдердің, атап айтқанда, батыс және мұсылман елдерінің оқымыстыларының пікірлері мен ғылыми тұжырымдары да зерттеудің методологиялық негізін құрайды.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеудің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне жету мақсатында жұмыстың төмендегідей құрылыммен жүйелеу жөн көрілген болатын. Жұмыс кіріспеден, алты тармақшаға бөлінген екі негізгі тараулардан, яғни, бірінші тарау Көне түріктердің дүниетанымы және идеологиясы, мұнда Көне түріктердің аңыздары мен мифологиясы; Көне түріктердің космологиялық түсініктері мен идеялары; Көне түріктердің саяси идеологиясы тармақшалары қарастырылады. Екінші тарау, Көне түріктердің діні деп аталып, мұнда Көне түріктердегі Тәңіршілдік діні; Көне түріктердегі аңдық культ; Көне түріктердің территориясындағы өзге діндердің таралуы тармақшалармен қарастырылған. Сонымен қатар жұмыстың нәтижесін көрсететін қорытындыдан құралған.

Алынатын ғылыми нәтижелері. Көне түріктердің дүниетанымы, идеологиясы және діні тақырыбының зерттелуі барысында алынатын ғылыми нәтижелер төмендегідей сипатта болмақ:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түріктердің діні, наным-сенімдері және салт-дәстүрлері
Түркі мәдениеті. Қазақ философиясының және дүниетанымының қалыптасуына түріктердің мифологиялық ағымдарының әсері
Ежелгі түркі халқының байырғы кезеңдердегі өмірге деген көзқарастарының негізі
Көне түркілер
Түріктердің әдет-ғұрыптары
Көне Түркі мәдениеті (VІ-ІХ ғғ.)
Қазақстан аумағындағы ежелгі түркі тайпаларының рухани мәдениеті (V-VIII ғ.ғ.)
Көне түріктердің жазба мәдениеті
Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштері
ОРТА ҒАСЫРЛАР КЕЗЕҢІНДЕГІ ТҮРКІЛЕР ТУРАЛЫ АРАБ ДЕРЕКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz