Халық педагогикасының негізгі қағидалары



Тәрбиенiң негiзгi қағидаларының (принциптерi) болуы занды құбылыс. Халық педагогикасының негiзгi қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпiз:
1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өмiршең азамат болуын тiлеу.
Жас нәрестенiң дүниеге келуi ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшiлiкке зор қуаныш әкелумен бiрге, борыш та жүктей келедi. Дәлiрек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтiн халық мектебiнiң есiгi сәбидiң алғаш дүниеге келген күнiнен бастап айқара ашылады. Ол белгiлi мақсат-тiлекпен байланысты туындайды.
Отбасы үлкендерiнiң бәрi жаңа туған жас баланы отанның, елдiң асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелi үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлi, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкiртiп, азан шақыртып, атын қойғызады. “Ақылын, жасын берсiн” деп, жаңа туған нәрестенi қарияның шапанының етегiне орайды. Ұрпағы өскен қадiрлi анаға кiндiгiн кестiредi, бесiкке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескiзедi. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тiлектерiнде келешектен күткен үлкен үмiт, аңсау арман бар. Тәрбиенiң алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмiтiмен үндесiп жатыр.
2. Баланы жастайынан еңбек сүйгiш, елгезек азамат етiп тәрбиелеу көзделген. Ол бесiк жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тiлек, терме өлеңдерден өзектi орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сiңiру отбасындағы еңбектiң қарапайым түрлерiнен басталып, қоғамдық маңызды iстермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзiрлеуге, мал өнiмдерiнен тұрмысқа қажеттi құрал-жабдық (қамшы, шiдер, жүген өру, терi илеу, қару-жарақ т.б.) жасауға әзiрлеу, қора

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Халық педагогикасының негізгі қағидалары

Тәрбиенiң негiзгi қағидаларының (принциптерi) болуы занды құбылыс.
Халық педагогикасының негiзгi қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар
демекпiз:
1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өмiршең азамат болуын тiлеу.
Жас нәрестенiң дүниеге келуi ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшiлiкке зор
қуаныш әкелумен бiрге, борыш та жүктей келедi. Дәлiрек айтсақ ұрпақты
тәрбиелейтiн халық мектебiнiң есiгi сәбидiң алғаш дүниеге келген күнiнен
бастап айқара ашылады. Ол белгiлi мақсат-тiлекпен байланысты туындайды.
Отбасы үлкендерiнiң бәрi жаңа туған жас баланы отанның, елдiң асыл
азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелi үлкендерге ұқсасын деп, дарынды,
өнерлi, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкiртiп, азан шақыртып, атын
қойғызады. “Ақылын, жасын берсiн” деп, жаңа туған нәрестенi қарияның
шапанының етегiне орайды. Ұрпағы өскен қадiрлi анаға кiндiгiн кестiредi,
бесiкке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескiзедi.
Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тiлектерiнде
келешектен күткен үлкен үмiт, аңсау арман бар. Тәрбиенiң алғашқы қағидасы
ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмiтiмен үндесiп жатыр.
2. Баланы жастайынан еңбек сүйгiш, елгезек азамат етiп тәрбиелеу
көзделген. Ол бесiк жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тiлек, терме
өлеңдерден өзектi орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сiңiру
отбасындағы еңбектiң қарапайым түрлерiнен басталып, қоғамдық маңызды
iстермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзiрлеуге, мал
өнiмдерiнен тұрмысқа қажеттi құрал-жабдық (қамшы, шiдер, жүген өру, терi
илеу, қару-жарақ т.б.) жасауға әзiрлеу, қора салу, киiз үйдiң ағашын iстеу,
ұсталық, зергерлiк өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ
жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пiсiру, бала
күту, қонақ күту т.б. үйреткен.
3. Халық педагогикасында “Бiрiншi байлық — денсаулық” деген ұғым
өзектi орын алған. “Денi саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру
астан” деп рухани, материалдық байлықтың негiзiн жеке бастың,
яғни тәннiң саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап
тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтiмiне ерекше мән берiп
шынықтыру, мерзiмiнде жақсы ас берiп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрi тән
саулығы үшiн жасалған әрекеттер.
4. Халық педагогикасында адамгершiлiк қасиеттердi баланың бойына
дарыту, iзгiлiкке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу
басты қағида болып есептелген. “Жаным — арымның садағасы” деп, арды
адамгершiлiк қасиетiнiң үлгiсi санаған.
5. Гуманизм мен патриотизм — халықтық тәрбиенiң басты қағидаларының
бiрi. “Отан от басынан басталады” деп ұққан ата-бабамыз от басының,
ананың, рудың, отанның намысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің негізгі қағидалараның ( принциптері) болуы заңды
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы туралы
Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері
Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы. Қорытынды
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы
Қазақта Баланы жастан
Халықтық педагогика көздері
Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы
1917-1941 ж.ж.кеңес мектебі мен педагогикасы
Ұлттық педагогика негіздері пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Пәндер