Үнді - Будда діні


ЖОСПАР
1. Ежелгі үнді діндері . . 3
2. Ежелгі үнді мәдениеті 3-5
3. Қорытынды . 5
4. Пайдаланылған әдебиеттер 6.
Ежелгі үнді діндері.
Б. з. б. VI-ғ. Буддизм діні-дамыған құлдық қоғамның идеологиясына айнала бастады. Оның Үнді жерінде ең шарықтаған кезеңі б. з. б. Vғ. мен б. з-ң І мыңжылдығының басы болды. Буддизм -ведалық дін мен брахманизммен тығыз байланыста дамыды. Буддизмнің мемлекеттік дінге айналуы - сәулет өнері мен мүсін өнерінің дамуына жол ашты. Буддизмді насихаттауда бейнелену өнерінің дамуына, сансыз ғибадат- ханаларды салуға көп көңіл бөлінді.
Б. з. б І мыңжылдықта индуизм дамуының бастауында- брахманизм тұрды. Дін ендігі жерде қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін қолданыла бастады, сөйтіп «Құдайлар иерархиясы» қалыптасты. Олардың ішіндегі ең мәртебелілері- Брахма / әлемді жаратушы/, Вишна /оны сақтаушы/ және Шиба /оны талқандаушы/ құдайлары болды. Бұл діни ілімнің негізінде - адамдардың қайғы-қасіретін елемеу, олардың бақытсыздығына мән бермеу сияқты мағыналар жатты.
Б. з. б. І мыңжылдықтың аяғында ведалық діннің, брахманизмнің дамуы нәтижесінде және халықтыңнаным-сенімдерінің тығыз араласу процесі арқасында “индуизм” діні пайда болды. Бұл процесс адамның ізгілік немесе қатігездік іс-әрекетіне баға беру /карма/заңдылығына сәйкес жүзеге асырылды. Демек, үндістанның материалдық, рухани, көркемдік мәдениеті - дүниежүзілік өркениетте өзінің лайықты да қастерлі орнын таба білді.
Ежелгі үнді мәдениеті.
Үндістан-адамзат баласының ең көне мәдени ошақтарының бірі. Баға жетпес мәдени қазынаның иесі осы бір дарынды халықтың мәдени мұраларын басқа халықтардың мәдени жетістіктерімен ауыстырып алуға болмайтындығын ерекше атап өтеміз . Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің еш уақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиетіде болар . Ал осы бір ұлттық ерекшелік - үнді халқының мәдени дамуына өз ықпалын тигізбеуі тіпті мүмкін де емес сияқты . Бірақ үнді мәдениеті жайындағы толық мағлұматтарды беріге дейін кездестіруге мүмкін емес еді . Тек ХХ ғасырдың 20- шы жылдарында ғана археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесәнде палеолит және неолит дәуірінде кездесетін баға жетпес материалдық мәдинеттің ескерткіштері табылады . Инд өзенінің аңғарында жүргізілген қазба жұмыстарын Б. з. б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтардың өзіндеақ үнді жерінде мәдениеттің дамуының жоғары қарқында болғандығын длелдеп отыр. Б. з. б. ІІІ мыңжылдықтың аяғында қалыптасқан Махенджо - Даро (Синд, Пәкістан) және Харапа (Пенджап, Пәкістан) мәдениетінің дамуының ескерткіштеріне қарағанда үнділіктер дәстүрлі тас құралдарымен қатар мыстан және қоладан жасалған заттарды да кеңінен пайдаланған . Бұл алқаптың тұрғындары дүние жүзінде тұңғыш рет мақтадан иіріп, тоқуды игерген. Көне үнді зергерлері мен қышшларының даңқы бүкіл дүние жүзіне кең тараған .
Осы дәуірде таптық қарым-қатынастардың дамуы, мемлекеттер мен қалалардың пайда болуы, ал олардың өз кезегінде көршілес жатқан елдермен сауда - саттық қарым - қатынастарын жасауы, сөзсіз, қала мәдениеттінің өрістеуіне қолайлы жағдайлар жасады.
Осы орайда, Харапа өркниеті көне Шығыстағы ең ірі мәдени ошақтардың бірі болғандығын атап өуіміз қажет .
Шындығына жүгінетін болсақ, үнді археологтары Р. Сахни мен Р. Д. Банерджиждің Инд алқабынан көне өркниет орталғын ашуы - үнді халқының тарихына ғана емес, сонымен бірге оның мәдениетіне деген көзқарастарды мүлдем өзгертіп жіберді. Үнді халқы басқа халықтардан жырақ тұратындықтан, олардың өзіндік мәдениетінің болмауынан, даму дәрежесі жағынан Месопатамия сияқты көне Шығыс елдерінен әлдеқайда артта қалған, тіпті Үндістанның тарихқа дейінгі кезеңі тым жабайы болған деген сияқты жалған болжамдардың шындыққа мүлде жанаспайтындығы дәлелденді.
Харапа өркениеті құлдырауға ұшырап, Инд одан кейін Ганг аңғарларына өздерін арийлер деп атаған тайпалардың қоныс аударып келулеріне байланысты үнді мәдениетінің тарихында жаңа кезең басталды. Осы бір тарихи процестің нәтижесінде үнді-арийлік және жергілікті тайпалардың мәдени жетістіктерін өз бойына сіңірген жаңа мәдениеттің іргетасы қалана бастады.
Б. з. б. ІІ мыңжылдықтағы кейбір әдеби деректерде, әсіресе, алғашқы төрт Ведаларда (арийледің қасиетті кітабы ) үнді -арийліктердің материалдық және рухани мәдениеттері жөніндегі деректер ара-тұра кездесіп қалады. Басқа деректер болмағандықтан үнді халқының ұзаққа созылған бұл кезеңі шартты түрде « Ведалық дәуір » деп аталды. Бұл кезеңде алғашқы қауымдық құрылыстың орнына таптық қоғам орнады, мүлік теңсіздігі пайда болып, құлдық өмірге келді.
Егіншіліктің дамуымен жергілікті халықтың отырықшылдыққа көшуіне темірдің пайда болуы ерекше ықпал етті. Қолөнер мен сауда-саттық етек ала бастады.
Идеология саласында да терең өзгерістер жүзеге асырылды. Жаңа философиялық жүйелер қалыптаса бастады. Заман ағымына байланысты ведалық құдайшылдық өзінің бұрынғы маңызын жоғалтып, ендігі жерде ведалық дінді брахманизм алмастырды. Брахманизм -құл иеленушілік қарым-қатынастардың әлі де тереңдей қоймаған кезінде үстемдік етуші таптың идеологиясы болды. Үнді қоғамында болып жатқан мұндай түбегейлі өзгерістер дүниежүзілік мәдениеттің аса құнды туындылары «Махабхаратта » және « Рамаяна » поэма-ларында кеңінен көрініс тапты.
Б. з. б. І мыңжылдықтың ортасына қарай мәдениеттің даму қарқыны жоғарылады, бірақ үндістанның барлық жерінде де бұл қарқын бірдей болды деп айтуға тағы да болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz