Хаммурапи патша заңы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І Тарау. Ежелгі Вавилон патшалығының өрлеуі.

1. 1. Б. з. д. ІІ мыңжылдықтағы Қосөзенде орын алған саяси бытыраңқылық.

1. 2. Ежелгі Вавилон патшалығының Қосөзендегі саяси үстемдікке ие болуы.

ІІ Тарау. Хаммурапи заңдары бойынша Ежелгі Вавилонның экономикасы мен әлеуметтік дамуына талдау жасау.

2. 1. Ежелгі Вавилонның экономикасының тұрақтылық сипатқа ие болуы.

2. 2. Ежелгі Вавилонның қоғамы және оның әлеуметтік құрылымы.

2. 3. Ежелгі Вавилон тарихын оқу үрдісінде оқыту мәселесі.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ежелгі дүние тарихы - ең бірінші таптық қоғамның пайда болу, өсу, даму және құлауының тарихы. Бірінші тапқа бөліну, таптық езу, қанаушылық, құл иеленуші қоғамда: меншік иесі, құл иесі - толық құқықты еріктілер мен еріксіз, өзі біреудің меншігі болған құлдар арасында болды, ежелгі дүние тарихы осы құл иеленуші қоғамның, құл иеленуші елдердің (Шығыстық, Батыстық), мемлекеттердің тарихы.

Ежелгі дүние тарихын оқығанда осы құл иеленуші қоғамның, таптық қоғамның қалай пайда болғанын, қандай түрде болғанын, әр елдер үшін өзіндік қандай ерекшеліктерінің, өзгешеліктерінің, әлеуметтік - экономикалық және саяси дамудағы айырмашылықтардың немен байланысты болғанын түсіну жалпы заңдылықтарды аңғару - негізгі мақсат. Онсыз адам қоғамының даму процесіндегі көптеген күрделі мәселелерді экономикасының дамуындағы, саяси биліктің түрлеріндегі айырмашылықтарды, тарихи даму заңдылықтарын түсіну қиын болар еді.

Құл иеленуші қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму дәрежесіне қарай: төмеңгі, жоғарғы екі сатысы болды. Бірінші төмеңгі сатысы - шығыстық патриархалдық құлдық деп аталды. Онда құл негізгі өндіргіш күш емес, негізгі өндіруші күш ерікті қауым мүшелері - шаруалар, жаулап алған елдердің бағынышты тұрғындары /түрліше салықтар төлеп, көптеген міндеткерліктер атқаратын/ қаналушы тап, мұнда құлдардың еңбегі шаруашылықта қосымша орында ғана болды. Құл еңбегінің шаруашылықтың барлық саласында да кеңінен, көптеп пайдаланылып, құлдардың негізгі өндіргіш күшке айналғаны антикалық /Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим/ көне заманда болды.

Соңғы уақытта біраз Шығысты зерттеуші тарихшылар Хаммурапи патшаның тұсындағы Вавилонда да классикалық құл иелену болды дегенді айтып жүр. Сонымен құл иеленуші қоғамның жоғарғы классикалық, төмеңгі - патриархалдық сатылары болды. Осы жағдайға лайық мемлекеттің - саяси биліктің де түрліше формалары болды. Бұл арада егіншіліктің бірінші шарты - жерді қолдан суландыру, яғни ирригациялық жүйелер, ал оның өзі не қауымның, не провинциялардың, не орталық үкіметтің ісі болып табылады. Шығыстық биліктің әрқашанда да үш мекемесі болды; олар қаржы мәселесі /ел ішіндегі қанау/, соғыс /ел ішіндегі және бөтен елдерді қанау/ және қоғамдық жұмыстар /ұдайы өндіріс қамы/.

Ертедегі көне заманнан сақталған жазба деректерді табу, оқып түсіну, өз жұмысына қажетті мәліметті танып ала білу тарихшы үшін оңай жұмыс емес, ол үшін алдымен өз тақырыбына байланысты классиктердің пікірін, әсіресе ертедегі шығыс қоғамы - антикалық қоғам, бұл қоғамдардағы өндіріс тәсілі, өндіргіш күштер, меншік, жерге меншіктің шығыстық бірінші түрі, антикалық, екінші түрі туралы деректерді; таптық қоғам, таптар мен топтар, олардың ара қатынастары соғыс, оның түрлері, сипаттары туралы саяси құрылыс, оның негізгі түрлері туралы әр түрлі ғылыми еңбектерді оқып, пайдалану тарихи - қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсініп, өз мамандығында, зерттеу жұмысында пайдалана отырып Ежелгі Вавилонның Хаммурапи патша тұсындағы әлеуметтік - экономикалық және саяси сипатын анықтау біздің зерттеу мәселеміздің өзектілігін анықтайды.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Ежелгі Вавилон тарихынан көп, кеңінен мағлұмат беретін деректер көзі негізінен материалдық мәдениеттер ескерткіштері болып табылады. Сонымен қатар, әр түрлі шаруашылық құжаттары, хаттар, әдеби шығармалар мен антикалық авторлардың еңбектері де Хаммурапи патша тұсындағы Вавилон туралы құнды да қайталанбас мәліметтер береді.

Европалық ғалымдар Ж. Опперт пен Э. Хинкс және тағы басқа ғалымдар бірлесе отырып, ХІХ ғасырдың 40 - жылдары Месопотамия жерінен табылған қыш тақтайшалардағы аккадтық сына жазудың кілтін тапты. Аталған жәйт, Ежелгі Вавилон тарихын оқып - зерттеуде үлкен бет - бұрыс жасап, Месопотамия тарихының зерттелуін біршама жоғары деңгейге көтерді.

ХІХ ғасырдың 90 - жылдарындағы тағы бір үлкен ғылыми жаңалық ол неміс оқымыстысы Ф. Деличтің аккад тілінің сөздігі мен грамматикасын құрастыруы болды. Негізінен Ежелгі Шығыс дүниесінің негізгі дерек көзі, басты белгісі болып табылатын сына жазу тақтайшаларын Европаға алғаш әкелген, ХҮІІІ ғасырда Месопотамияға алғаш ғылыми саяхат жасаған дат оқымыстысы К. Нибур болды.

ХІХ ғасырдың аяғынан бастап Месопотамияның тарихы туралы жалпы еңбектер шыға бастады. Олардың ішінен неміс тарихшылары К. Бецольд пен Б. Майснердің және де американдық зерттеушілер А. Олмстэд, А. Л. Оппенхеймнің еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Ежелгі Қосөзен мемлекеттерінің саяси құрылысы туралы 40-50 жылдары құнды еңбек жазған американдық шумеролог Т. Якобсен болды. Сонымен қатар ежелгі шығыс тарихын зерттеуде қалыптасқан «панвавилонизм» ағымын кеңінен қолдап, Ежелгі Вавилонның мәдениеті, оның даму дәрежесі туралы құнды еңбектер жазған тарихшылар қатарына Ф. Деличті, Г. Винклерді, А. Иеремиасаны және Эд. Мейерді жатқызуға болады.

Ежелгі Месопотамиядағы жер қатынастары туралы әледік деңгейде баға жетпес құнды еңбек жазғандардың бірі А. И. Тюменев болды. Вавилондағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар туралы жемісті еңбекті авторы ретінде В. В. Струвені атап өтуге болады. 50-90 жылдары ашылған көптеген ғылыми жаңалықтардың авторы ретінде орыс ассириологиясының көрнекті өкілдерінің бірі М. А. Дандамаеваның еңбектері Ежелгі Вавилон тарихын оқуда баға жетпес көмекші құрал болып табылады.

Хаммурапи патша бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы болып табылады. Оның өмір сүрген жылдары (б. з. д. 1792 - 1750 жж) . Бұл кез Вавилонның бүкіл Қосөзен аралығының экономикалық, саяси, мәдени орталығына айналған кезі, бұл кезден сақталған жазба деректер көбірек те, әр түрлі. Солардың ішіндегі Вавилон қоғамы туралы ең бағалы, жан - жақты қоғам өмірінің әр саласынан да мәлімет беретіні - осы Хаммурапи патшаның заңдар жинағы.

Заң жазылған биік базальт бағананы 1901 - 1902 жж француздың археологиялық экспедициясы Эламның орталығы болған Сузы қаласын қазғанда тапты. Бағананың жоғарғы жағында таққа отырған күн тәңірісі Шамаш және оның алдында ілтипатпен тұрған Хаммурапи патша бейнесі салған.

Қалған жерлерінде (екі жағынан) сына жазумен ойылып жазылған Хаммурапи патша заңы. Негізінен заң үш бөлімнен тұрады: кіріспе, заң статьялары және қорытынды. Заңның кіріспесінде заң шығарушы өзінің құдіретті, «әділ» патша болғанын, еліне еткен еңбегін баяндайды. Заң статьялары Хаммурапи патшаның үстем тап - құл иеленушілердің, жер иелерінің, меншік иелерінің мақсатын қорғаған басшы болғанынан мәлімет береді.

Хаммурапи патша заңы б. з. д. 2000 жылдықтағы Қосөзеннің, Алдыңғы Азияның тіпті бүкіл Ежелгі Шығыстың әлеуметтік дамуы, таптар мен топтарға жіктелуі, олардың арасындағы қарым - қатынастар, шаруашылығы, саяси дамуы, мемлекет жайлы толық және жан - жақты мағлұматтар береді. Заң жазылған бағана Лувр музейінде (Парижде), көшірмесі Москвада (гипске түсірілген) сақталуда.

Зерттеу жүмысының мақсаты мен міңдеттері. Ежелгі Шығыс тарихында маңызды орын алатын Ежелгі Вавилон тарихына, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрлысына Хаммурапи патша Заңнамасы тұрғысынан обьективті тарихи шындық бағыты негізінде талдау жасау.

Хаммурапи патшаның нақтылы қоғамдық-саяси қызметтеріне тоқталу, Вавилон билігі нығаюы жылдарындағы Қосөзендегі саяси - аймақтық ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы көрсету зерттеудің басты мақсаты болып табылады.

Ежелгі Вавилонның қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани тарихын Хаммурапи патшаның іс-әрекет аясы бойынша кең көлемде зерттеу міндеттері төмендегідей:

- Ежелгі Вавилонның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне кеңінен талдау жасау;

- Ежелгі Вавилонның құрылу тарихына обьективті түрде зерттеу жүргізу және оның өлкедегі ықпалын анықтау;

- Хаммурапи патшаның реформаларының, өзгертулерінің нәтижесін көрсету;

- Ежелгі Вавилонның Хаммурапи патша тұсындағы тарихын Заңнама негізінде жаңа тұрғыда ашып көрсету;

- Ежелгі Қосөзен аймағының өмірі мен тыныс-тіршілігінен жан-жақты, толық мағлұмат беру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ежелгі Шығыс тарихында маңызды орын алатын Ежелгі Вавилон тарихы туралы, оның тарихының ерекшеліктері, негізгі тарихи мәселелері туралы әр түрлі деректер мен құжаттар негізінде көптеген күрделі де тартысты тарихи мәселелерге жаңа сыңдарлы зерттеулер жүргізу, негізгі дерек көзі ретінде Хаммурапи патшаның Заңнамасының алынуы тақырыптың ғылыми жаңалығын құрайды.

Зерттеу жүмысының хронологиялық шегі. Б. з. д. 1894 жылдан бастап, б. з. д. 1595 жылға дейіңгі мерзімді қамтиды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Ежелгі Вавилон тарихына қатысты нақты деректерге сүйене отырып, тарихи білімді жинақтау арқылы историзм, объективтілік принциптерін негізге алдық. Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеудің өзекті мәселесі бойынша пайдаланылған Хаммурапи патша Заңнамасының құжаттық деректер негізінде кейбір теориялық тұжырымдар мен толықтыруларын, Ежелгі Вавилон тарихы мәселелері бойынша жұмыстың нәтижесін мектеп мұғалімдері мен оқушылары, жоғарғы оқу орнының студенттері пайдалануға болады.

Зерттеу жүмысының қүрылымы. Зерттеу жүмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ЕЖЕЛГІ ВАВИЛОН ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ӨРЛЕУІ.

1. 1. Б. з. д. ІІ мыңжылдықтағы Қосөзенде орын алған саяси бытыраңқылық.

Солтүстігінде Армения тауларынан бастап, оңтүстігінде Парсы шығанағына дейін, ал шығысында Иранның таулы аймақтарынан батысында Сирия-Месопотамиялық далаға дейін созылған кең алқапты алып жатқан территорияны ежелгі грек географтары Месопотамия деп атаған. Көне грек тілінен аударғанда Месопотамия атауы «Қосөзен» деген мағына береді. Орыс тілді әдебиеттерде көбінесе «Қосөзен» (екі өзен атауы - Евфрат және Тигр) атауы кеңінен қолданылады.

Ежелгі Месопотамияның байырғы тұрғындары Евфрат пен Тигр өзендерін «Ащы өзен» деп атаған. Евфрат өзенінің екі ірі салалары - Балих және Хабур, ал Тигр өзенінің ірі салалары - Жоғарғы және Төмеңгі Заб, Диялы өзендері болып табылады.

Ежелгі Месопотамия жерін адамдар ежелден, жаңа тас ғасырынан (неолит) мекен еткен. Алғаш мекен еткен шумерлік субарей тайпалары болып табылады. Олардан хассун және халаф сияқты археологиялық мәдениет ескерткіштері қалған. Олардың тілдері шығыссемиттік аккад тілдер тобына жатады. Олардың тілдері бірнеше диалектіде болған. Оңтүстік Месопотамияда вавилондық диалекті болса, керісінше Солтүстік Месопотамияда ассириялық диалекті болған. (4; 120) .

Екі мыңжыл бойы Шығыстағы ежелгі өркениеттердің ірі орталығы болып келген Вавилонның пайда болуы мен өрлеуіне Месопотамиядағы өте шиеленіскен бірқатар саяси оқиғалар легі өз әсерін тигізбей қойған жоқ. ІІІ Ур династиясы құрған бір орталықтанған мемлекеттер - Шумер және Аккад патшалықтары б. з. д ІІІ мыңжылдықтың аяғы мен б. з. д. ІІ мыңжылдықтың басында батыстан, Сирия даласынан келген мал шаруашылығымен айналысатын батыссемиттік сути тайпаларының күшті соққысынан құлады. Аккадтықтар оларды аморей тайпалары деп атады. Аккад тілінен аударғанда «Амурру» атауы, «Сирия» немесе «батыс» деген ұғымдарды береді.

Сонымен қатар жеңіл олжадан оңтүстік Месопотамияға басып кірген эламиттер де бас тартқан жоқ. Ур династиясының соңы элам басып алуымен аяқталды, Ибби-Суэн патша тұтқынға түседі. Ур династиясының құлауымен Вавилонияның бірлігі, ынтымағы уақытша тоқырауға тап болады. Гегемондыққа бір уақытта екі қала, орталық Вавилониядағы Исин қаласы және оңтүстіктегі Ларс қаласы таласты. Екі қаланың династияларының атауларына баса назар аударатын болсақ, олар семиттік атаулар. Бұдан біздің байқайтынымыз Шумердің интенсивті түрде семиттену құбылысы.

Исин патшалары әлсіз билеушілер болды, олар шығыста эламиттермен күрес жүргізсе, батысында аморейлермен, өз ішінде сеператистік ағымдармен күрес жүргізулеріне тура келді. Дәл осындай қауіптер Ларс патшаларына да төнген болатын. (2; 48) .

Кейін келе патшалар Урукта пайда болды, солтүстікте Сумуабума негізін салған династия көтерілді. Сол кездегі патша аттарына мұқият көңіл бөліп қарайтын болсақ, олардың шыққан тектері аморей тайпасынан болатындығын байқаймыз.

Аталған осы Сумуабума династиясының өкілдері Вавилонды Азияның астанасы ретінде атағын шығарғандар болды. Сумуабума патшаның ұлы Сумалаилу Вавилонды Азияның басты қаласы, негізгі орталығы етуге тырысып, осы мақсат жолында бірқатар шараларды іске асырды.

Атап айтсақ, ол ұсақ аморей патшалықтарының түгелдей басын біріктірді, және өзінің патшалығына Киш және Сиппар патшалықтарын қосып алды. Сумалаилу құрған патшалықта өзге жерлік династия өкілдері болған жоқ, ол таза аморей династиясынан құралды.

Сумалаилудың ұлы оның мұрагері Забум жергілікті Мардук құдай құрметіне «Эсагила» храмын тұрғызған болатын.

Осы патшалықтың солтүстігінде жаулап алушылық, басқыншылық пиғылдағы басқа да семиттік патшалықтар орналасқан болатын. Диалы (Гинда) өзенінің басқы ағысында Хольвандағы Серипул-Зохаба таулы аймағында, Тигр алқабынан Элам жеріне өтер жерде Анубанини патша өз барельефін салған болатын.

Бұл патша Загра таулы жоталарын мекен ететін семиттік луллубей тайпаларының патшасы болатын. Барельефте орналасқан бейне суреттерді сипаттайтын болсақ, өз жауларын тықсырып жеңіске жеткен патшаның жауынгер Иштар құдайдың қолынан жеңісті алу кезін бейнелеген.

Негізінен көптеген тарихшылардың пайымдауынша осы таулы аймақта шумерлік ықпалы бар семиттік тайпалардың осындай сипаттағы, яғни көп жағдайда соғысты бейнелеген рельефтердің көптеп табылуы осы кезеңнің басты сипаты саяси бытыраңқылықты меңзейді деп ой қорытады.

Осы Тигр алқабынан Элам жеріне өтер жердегі рельефтерден бүтіндей семиттік таулы патшалықтар құрылып Сеннаара мәдениетінің негізін салады.

Дәл осындай сипат негізінен эламиттерге де тән болып келеді. Аталған осы кезеңде эламиттер өздерінің басты мақсаттарын жүзеге асыруға тырысқан болатын. Сеннаараның құлдырауы, оның орнындағы үлкен империяның орнына өзара жауласқан ұсақ патшалықтардың пайда болуы эламиттер үшін өте оңтайлы сәт болғаны белгілі. (1; 19) .

Сол кезеңде семиттік тайпаларда саяси бытыраңқылық, жалпы құлдырау байқалатын болса эламдықтарда керісінше саяси өрлеу, өзара ынтымақ, бір орталыққа жиналу байқалды. Сеннаараның әлсіреуіне байланысты эламиттер қолайлы сәт туғанын сезіп Лугальзагисси мен Саргонның ізінше батысқа бет алды. Сонымен қатар эламиттерге Башашушинак және Идадуушинак қалаларын тастап кеткен исактар (патесилер) қосылған болатын,

Алайда көп жағдайда эламиттердің өзара бірлесуі бейбіт түрде жүріп отырды, мәселен Суз қаласының әміршілеріне (эламиттер) Қосөзен Туплиашамен шектесіп жатқан исак (патесилер) өз еріктерімен қосылды.

Сеннаар билеушісінің асқан қатігездігі мен қаталдығынан ығыр болған патесилер өз тағдырларын осылайша шешті. Дегенмен де эламиттердің саяси бір орталыққа бірігуі соғыстар нәтижесінде болғаны белгілі.

Элам билеушісі Кудурнахунди көптеген ірі басқыншылық соғыстар жүргізіп, бұрыңғы семиттік билеушілерді өз артықшылықтарынан айырып төмендетіп жіберді. Осыдан бастап эламиттердің батысқа жылжуы еш кедергісіз, өте қолайлы сәттерде өтті.

Ежелгі қасиетті қалалар Урук пен Ниппур толықтай тоналды, Ниппур қаласында орналасқан храм кітапхана жермен жексен етілді. Кейін төрт мың жыл өткеннен кейін американдық археологтар осы храм кітапхананы тауып сол кезеңнің өте бір үлкен мәдениетін ашты.

Ларс патшасы Арадсин Эмутбала далалық аймағындағы билік етуші Кудурмабук патшаны өз әкесіне балайды. Кудурмабук патша өзін «адда» деп, яғни бүкіл аморейлік батыстың әкесімін деп санайды. Негізінен ежелгі Қосөзен, сонымен қатар бүкіл алдыңғы Азия ежелгі Эламға вассалды қатынаста, яғни тәуелді болды. Эламиттер тіпті ежелгі қалаларға өз патшаларын қойып отырған. (3; 47) .

Кудурмабук патша Ур қаласында Сину храмын тұрғызған болатын. 1912 жылы Лувр мұражайынан Кудурмабук патшаның ежелгі соғыс құдайы Нергалуге арнаған арнауының жазбасы жарыққа шықты. Ол жазбада Кудурмабук патшаның Казаллу қаласының билеушісі Мутибалды жеңгені туралы және де Ларс қаласын басып алып жергілікті династия билігін құлатқаны туралы аса мақтанышпен айтып жазылған.

Аталған жазбада эламдық билеуші өз әрекетін Ларса тағы үшін кек қайтарғанын жазған. Кейіннен ол Ларса тағына, қаланы қалпына келтіргеннен кейін өзінің ұлы Арадсинді отырғызған.

Ал кейін келе Арадсиннің інісі Римсин өзіне Ниппурды және тағы да басқа оңтүстік қалаларды бағындырды, Урук патшалығын талқандайды, және де жақсы қаруланған әскерінің арқасында Ану, Энилиля мен Эаны басып алады. Ол өзін бүкіл Сеннаара билеушісі деп атап, Вавилондық патша Синмубаллит оның вассалы ретінде эламдық аптша билігін мойындайды.

Эламдық патшалар әлемдік деңгейдегі жаулап алушылар қатарына қосылып, Сирия мен Палестинаны Саргон мен Нарамсиннен қалған мұра ретінде өздерінің меншігі санады.

Осындай саяси қақтығыстар негізінде Қосөзен территориясында көптеген ұсақ және орташа патшалықтар пайда болды. Осы патшалықтар арасындағы өзара саяси гегемонияға таласқан екі жүзге созылған соғыс өлкедегі саяси күресті одан әрмен шиеленістірді.

Шумер және Аккад территорияларын аморей тайпалары басып кіріп жаулап алуының нәтижесінде екі тәуелсіз патшалық пайда болды. Солтүстіктегі Аккадта жаңа мемлекеттің астанасы - Исин қаласы болса, оңтүстікте эламиттер кеткеннен кейін аморейлер құрған патшалықтың орталығы - Ларса қаласы болды.

Жаңадан құрылған мемлекеттер Ур династиясы мен державасының мұрагері атағына таласты, сол себептен де екі династияның да өкілдері өздерін «Шумер және Аккад патшасымыз» деп атады. Ежелгі Вавилон патшалығының құрылуына алып келген саяси талас-тартысқа сонымен қатар тағы да бірнеше мемлекет қатысты. Олардың ішінде Исиннің солтүстік-шығысындағы Диялы өзенінің алқабында орналасқан Эшнунна патшалығы мен Евфрат өзенінің орта ағысында орналасқан Мари патшалықтары да маңызды орын алады. (7; 157) .

Қосөзендегі барлық мемлекеттерде басқыншы тайпалардың көсемдері негізін салған аморей династиясы бекіді. Алайда уақыт өте келе басқыншы тайпа өкілдері жергілікті халықпен ассимилиацияға түсіп араласып кетті. Аталған бұл процеске бірқатар белгілі жағдайлар ықпал етті. Мысалға, мәселен Исин патшаның заңдарында аморей тайпасының өкілдеріне Шумер және Аккадтың жергілікті тұрғындарымен салыстырғанда ешқандай да артықшылық берілген жоқ. Аталған осындай саяси жағдай аморей тайпаларының наразылығын туғызып, көтеріліске алып келді. Көтеріліс Липитиштара патшаның мұрагері Урнинурта тұсында белең алды. Бұл көтеріліс саяси тұрғыда Шумер мен Аккадтың құл иеленуші ақсүйектерінің позициясын уақытша күшейтуге ықпал етті.

Ірі патша шаруашылықтарына арқа сүйеген экономикалық жүйеде орын алған дағдарыс, ІІІ Ур династиясының құлауы, аморей тайпаларының Шумер және Аккад мәдениетінің орталықтарын қиратуы Месопотамия территориясында орталықтанған мемлекеттің уақытша құлдырауына алып келіп, саяси бытыраңқылыққа жол берді. Месопотамияның солтүстігінде әсіресе: Евфратта Мари мемлекеті және Тигр өзені бойында Ашшур мемлекеті, және де Диялы өзенінің алқабындағы Эшнунна мемлекеттері маңызды роль атқарды. Аталған мемлекеттердегі билік қаруланған отрядтарға иек артқан аморей династиясының өкілінің қолында болды.

Б. з. д. ХХ - ХІХ ғасырларда аталған мемлекеттер өзара шиеленіскен соғыс жүргізді. Осы саяси соғыс барысында Вавилон (Баб немесе «Құдайдың қақпасы») қаласы өрлеп, тәуелсіздікке қол жеткізеді. Осы қалада І Вавилон немесе Аморей династиясы орнықты, және де осы династияның билік еткен уақыты ежелгівавилон кезеңі (б. з. д. 1894-1595 жж) деп аталады.

Соғыс барысында негізгі өзара бәсеке мемлекеттер бір-бірін әлсіретті; мәселен Ларс Оңтүстік Месопотамияда кейіннен бекіген эламдықтардың жеңіл олжасына айналды. (2; 212) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хаммурапи заңдары туралы
Ежелгі вавилон патшалығының өрлеуі. Хаммурапи заңдары бойынша Ежелгі Вавилонның экономикасы мен әлеуметтік дамуына талдау жасау
Ежелгі Шығыс елдерінің құқықтық мұралары
Ежелгі Вавилон мемлекеті
Ежелгі Вавилон патшалығының өрлеуі. Экономикасы мен әлеуметтік дамуына талдау жасау
Ежелгі Вавилон патшалығының қалыптасуы
Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы
Ежелгі Қосөзен қала мемлекеттерінің тарихы
Ману заңы. Міндеттемелер
Хаммурапи заңдарына жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz