Ежелгі дәуір мәдениеті


Тақырыбы: Ежелгі дәуір мәдениеті. Реферат
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Ежелгі Грекия мәдениеті 4
2. Гомер дәуірінің мәдениеті (б. з. д. XI-VIII ғасырлар) 6
3. Архаикалык, кезеңдегі Грек мәдениеті (б. з. д. VIII-VI ғ. ) 8
4. Грек классикасы мәдениеті (б. з. д. V - IV ғасырлар) 10
Қорытынды 13
Қолданған әдебиеттер тізімі 14
КІРІСПЕБ. д. д. ҮІІ-XI ғасырларда Эллада полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық катынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайдаболды. Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттің - тирандық, кейінірек келе құлдық демократия түрлері дүниеге келді. Азаматтардың қоғам сатысында алатын орны шығу тегіне байланысты болмай, олардың мүліктік жағдайларымен байланыстырылды (Солон реформасы бойынша) . Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әр түрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқтырды.
Сонымен қатар, антика философиясының қалыптасуына Крит-микен, Гомерлік Греция кезендеріндегі әдеби-діни-мифологиялык, көзқарастар және күнделікті өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер (жеті данышпан кезеңі) негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіруі (мысалы, сол кездегі афроазия елдерінде жақсы дамыған математика негізінде грек ғұламалары дедуктивтік тәсілді дамытты) арқасында қалыптаскан әлемнің субстанционалдык негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті.
Антика философиясын Сократқа дейінгі (ҮІ- X ғ. б. д. ) және классикалық (аттикалық) (б. д. д. ІҮ ғ. ) философия деп екі кезеңге бөлуге болады. Сократқа дейінгі кезенде дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші Азиядан шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген, жеті данышпандар қатарына жататын және со-лардың ішіндегі ең сыйлысы Фодесболды (шамамен б. д. д. 625-547 ж. ж. ) . Ол "Бастаматуралы", "Күнтуралы", "Күн ментүннің теңесуі туралы", "Теңіз астрологиясы" деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген.
1. Ежелгі Грекия мәдениетіАнтик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик - (көне, ежслгі) » деген ұғым білдіреді. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың тұп-төркіні « ежелгі », « көне », « қадым заман » мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекегтердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т. б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік псн қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грекжәне рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары - көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
« Көне », «қадым заман » мәдениетінің нсгізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды.
Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени күндылықтарымен ерекшелснеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мөн береді, өйткені ежелгі Грекияның өдебиеті, өнері, философиясы және т. б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында - поэзияда, саясатта, ғылымда, құкықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т. б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениетгің жарқын бегтері Эсхил, Софокл, Еврипвд, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды.
Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б. з. д. III-II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б. з. д. ІІ-мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит - ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осын-дай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тұра кездесіп қалады.
2. Гомер дәуірінің мәдениеті (б. з. д. XI-VIII ғасырлар)Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен - Гомер кезеңідеп аталады. Олай деп аталатын себебі, бұл дәуір жайындағы басты деректердің негізгі көзі - б. з. д. VIII ғ. Туған «Илиада» мен «Одиссея» дастандары. Соқыр жыршы Гомер, Платонның айтуынша, бүкіл грек елінің тәрбиешісі болды, өйткені, өзінін бүкіл тарихында ежелгі Эллин туындылары осы дастандардан нәр алған. Шындығында да Гомер дастандарының құдіреггілігі де осы бір ұлы адамның дәуір тынысын терең сезінгендігінде болса керек. Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халық аңыздарының негізінде жүйелі түрде баяндалады. Жалпы грек поэзиясына халықтың қиялынан шыққан бейнелерге жан-жақты қасиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны кейінгі заманда суретшілер мен мүсішііілер өз туындыларында кеңінен пайдаланды. Ежелгі Элладаның аң ұлы мүсіншісі Фидийдің «Илиаданы» оқығанда, «адамдар маған екі есе үлкен көрінеді» деген сөзінің астарында терең мағына жатқан сияқты.
Гомерлік кезеңнің IX-VIII ғасырда рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттардан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткеңдігін дәлелдейді. Жаңа құлиеленушілік қарым-қатынастардың дүниеге келуіне байланысты - грек мифологиясы да жүйелі түрде қалыптаса бастады. Грек халқы да өзін қоршаған табиғатгың тылсым қүбылыс-тарының қүпиясын танып-білуге талпыныс жасады, қауіп-қатерлермен өз мүмкіндігінше күресе білді. Бұл өмір үшін болатын табанды да, табысты күрес болатын. Олай болса «күрес бар жерде өлім бар, күрес бар жерде жеңіс бар» деген өмірлік қағиданы ұмытпаған жөн сияқты. «Адам - бар дүниенің өлшемі» деп грек философы Протогор тегіннен-тегін айтпаған болар. Сондықтан да табиғат-тың қатерлі күштерін жеңуде адамға тән қасиетгің бәрі бар, бірақ адамнан да гөрі қүдіретті құдайлар бейнелерінің көптеп берілуі - грек мифологиясына тән қасиет болып саналады.
Ол бойынша: мына жарық дүниені Олимп тауы шыңын мекендеген мәңгілік құдайлар билейді. Гректердің түсінігінде құдайлардың құдайы - Зевс бастаған даналар гобы, олар әбден жетілген, керемет адамдар сияқты. Құдайлар бейнесінін адамға жақындатылғаны соншалық, олардың бойынан тек адамга ғана тән қасиеттерді молынан табуға болады. Грекия топырағында құдайлар мен халық қаһармандары жайында талай тамаша хикаялар өмірге келді. Миф деп аталатын халықтың ауызекі шығармашылығының осы бір түрінде, сонау көне заман жөніндегі естеліктер мен ақындық қиялдың өзара ұштасып жатқандығын аңғаруға болады.
Грек ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен суретшілері Миф уақиғалары мен олардағы басты кейіпкерлерді өз шығармаларына арқау ете отырып, заман ағымына және онда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес жаңа мазмұн, жаңа тұр беріл отырды . . .
Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени ескерткіштер онша көп емес. Солардың ішіндегі біздің заманымызға келіп жеткен
бағалы ескерткіштердің қатарына геометриялық ою-өрнектермен әшекейлснген құмыралар мен қоладан жасалған мүсіндер жатады. Б. з. д. IX-VIII ғ. құмыраны өрнектеу өнерінің дамуы нәтижесінде керамика бұйымдарын әшекейлеуде геометриялық стиль қалыптасты. Геометриялық стиль керамикасының таңдаулы нұсқалары - б. з. д. VIII ғ. афиналық құмыралар. Құмыраларға салынған суреттердің көркемдігі, композициясының үйлесімділігі бірден кезге түседі. Құмыралардағы суреттер «лак» деп аталатын жылтыр қара бояумен салынған. Геометриялык стиль бойынша салынған жан-жануарлар мен адамдардың пішіндері айшықты ою-өрнектердің ырғағына үлкен шеберлікпен бағындырылған.
Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Дипилон зиратынан табылған әртүрлі пішінді заттар (б. з. д. VIII ғ. ) көңіл аударуға тұрарлық. Бұл жерде табылған құмыралардың үлкендігі соншалық, олар адам бойынан да биік етіл жасалған. Мұндай алып құмыралар жаназа салтына арналып жасалған болу керек, өйткені олар ақсүйектердің молаларының басында ескерткіш ретінде қойылған. Бұл ыдыстар ғажайып нақыштармен безендірілген. Онда шейіт болғандарды жоқтау көріністері, елікті жерлеу кезіндегі салттық билер, жекпе-жек сайыстар мен күймелер жарысы және т. б. шынайы бейнеленген. Бұл құмыралардың арасынан құрлық пен теңіздегі шайқастар оқиғаларын баяндайтын тың сюжеттерді: ескекшілері көп зор кемелер бейнелерінде кездестіруге болады.
Бұл кезеңнің мүсін өнеріне тән нәрсе - құдайларға сыйға тартуға арнайы жасалынған қыш немесе қола мүсіншілер. Демек, б. з. д. I - мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында өнер саласында көркемдік кәсіп - керамика жетекші орын алды. Қалай болғанда да гомерліктер жасаған өнер туындылары арқылы қауымдық құрылыс мәдениетінен таптық қоғамға өту кезеңіндегі өмір шындығын бейнелеудегі алғашқы талпыныстармен қатар, сол кездегі адамдардың дүниетанымынан мағлұмат береді.
Гомер дәуірінде жазу болған жоқ, гректің жазба ескерткіштері негізінен «архаикалық» кезеңде туындаған. Бірақ алфавиттік жазудың алғашқы нышандары осы кездің өзінде-ақ байқала бастаған.
Негізінен, Гомер дәуірінде мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін басынан кешіргенімен де, дәл осы тұста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің гүлденуіне қолайлы алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек.
3. Архаикалык, кезеңдегі Грек мәдениеті (б. з. д. VIII-VI ғ. )Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б. з. д VIII- VI ғ. аралығын қамтыды. («Архайос» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді) . Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру - ұлы -отаршылдық кезеңі, бұл - құлиеленушілік құрылыстың кір гу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі.
Дәуір басьпіда-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда айналымында кеңінен қолданыла бастады. Крит-Микены мәдениетінің күйреуі нәтижесінде тығырыққа тірелген грек әлемі томаға-тұйықтықтан арылып, басқа халықтармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер көршілес жатқан халықтардан көп нәрселер үйренді. Мысалы, олар мидиялықтардан теңге-ақшалар соғуды, финикиялықтардан - алфавиттік жазуды (кейіннен оны жетілдірді) мұра етті. Қала тұрғындары арасынан шыққан байыған қүлиеленушілерді «жаңа байлар» деп атады. Ру басшыларының зорлык-зомбылығына шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады. Шаруалар сиякты кедейленген әлеуметтік топтардан «демос» (халық) қалыптасты. Демостың экономикалық және саяси жағынан билеп-төстеген ақсүйектерге қарсы күресі бір толастамады. Осындай таптық тартыстардың өрлеуі, жердің жетіспеуі және қала тұрғындарының шектен тыс көбеюі б. з. д. VIII-VI ғасырда етек алған «ұлы отаршылдықтың» белең алуыша тікелей себепкер болды. Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенин түбегі жағалауларында, Ніл сағасы мен Қара теңіз жағалауында 150-дей грек қала-отарлары пайда болды. Осы бір жағдайды ұлы Платон «гректер Жерорта теңізі төңірегін батпаққа жиналған бақадай қоршап алды» деп тамаша бейнелеп айтқан.
Архаикалық дәуірде рулық құрылыстың түкпілікті ыдырауына байланысты көне полис-құлиеленушілік құрылыстың саяси-әлеуметтік формасы - мемлекет қалалар қалыптаса бастады. Әр полюске қаланың өз жерімен қатар, оиы қоршаған егістж жерлер де кіретін болды. Қаланың дербестігі мен тәуелсіздігін еркін азаматтар жасағы қамтамасыз етті. Олар мемлекеттік полистік құрылыс жағдайында халық жиналыстарына, сот процестеріне және мемлекетгік маңызы бар істерді шешуге қатыса алатын болды. Мұңдағы шаруашылықтың жүргізілуі құлдық жүйенің мүдделеріне сай келді. Мемлекет-қалалардың орналасқан аумағы әртүрлі болған. Мысалы: Афины мемлекет-қаласының көлемі 8400 шаршы км., ал Спартаның көлемі - 2650 шаршы км. болды. Ғалымдардың пікірінше, Грекиядағы мемлекет-қалалардың жалпы саны екі мыңға жуық болған. Со-лардың ішіндегі ең ірілері - Афины, Спарта, Коринф, Аргос, Фивы және т. б. Саяси жағынан алып қарағанда көптеген мемлекет-қалаларға ұсақталып бөлінген Грекия, дәл осы архаикалық дәуірде басқа халықтармен қарым-қатынастар жасаудың нәтижесінде елдің бірлігі туралы ойлана бастады, сондықтан да болар бүкіл грек әлемін қамтитын «Эллада», «Эллиндер» деген ұғымдар қалыптасты. Жергілікті діндердің бірігуінің нәтижесінде жалпы гректік құдайга табыну орындары - ғибадатханалар полистер арасындағы басты экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың орталықтарына айнала бастайды.
Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек дінінде де политеизм тән болып келеді. Грекияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның әйелі Гера - аспан құдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары: Пасейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын берді. Сұлулық пен сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған, ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі. Венера Медицейская, Венера Таврическая, әсіресе Милос Венерасы және тағы да басқа әйгілі мүсіндер Афродитаның даңқын бүкіл дүние жүзіне паш етті.
4. Грек классикасы мәдениеті (б. з. д. V - IV ғасырлар)Б. з. д. грек-парсы соғыстары (500-449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбұрыс кезсң болды, ойткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Азаттық жолындағы күресте парсылардың талқандалуы ежелгі Грекия мемлекет-қалаларының қоғамдық құрылысының артықшылығын көрсетіп қана қоймай, азаматтық сананың артуына, ең бастысы - классикалық құлдық қоғамның толық қалыптасуына, ал өз кезецінде полистік демократияның дамуының нәтижссінде экономикалық және саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты. Б. з. д. V ғ. Афины, әсіресе Периклдің (б. з. д. 444-429 ж. ) басшылығы кезіндс аса ірі мәдени орталыққа айналды. Афинының рухани өміріндс демократиялық құрылыстың орнығуы - грек театрынын, гүлденуімен, трагедиялык және комедиялық шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид псн Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді.
Архаикалық дәуірде одебиет саласына лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында трагедия деген сөз - «ешкілер әні» деген мағына береді. Ол - ешкі терісін жамылып, әзіл-оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан. Афиныда Дионис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі - трагедияның мерейін жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мазмұны - халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған. Грек трагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен төрбиелік мәні болды. Сонымен бірге трагедиялық кейіпкерлер гректердің бойында адамгершілік, парасат сезімдері, азаматтық биік этикалык, асыл қасиеттерді нығайтты. Трагедияда грек мәдениетінің катарсис (тазару) деп аталатын ұғымы кеңінен көрініс тапты. Трагедия жанрының гүлденуі Эсхил, Софокл, Еврипид сияқты үш драматургтердің есімімен тығыз байланысты болды. Адамзат мәселесі, адамның тағдыры, әділеттілік пен игілік және т. б. мәселелер осы бір даналар назарында болды, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ой-толғамдарының, өзіндік көзқарастарының бар екендігі аңғарылып тұрды.
Бұл трагедиялар грек театрларының басты қойылымдарына айналды. Жалпы грек театры ойын-сауық отауы ғана емес, нағыз халықтың тәрбиешісіне айналды, грек жұртының сана-сезімі мен өмірге деген көзқарастарын қалыптастырды. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде аршылып алынған грек және рим театрлары бүгінгі заманға дейін сақталынған. Б. з. д. IV ғасырдың аяғынан бастап ағаштан жасалынған театрлардың орнын тастан салынған театр басты. Мысалы, құрылысы бір ғасырға созылған, 17 мың адам сиятындай етіп салынған атақты Дионис театры Афины тұрғындарының үлкен өнер ордасына айналды. Театр қойылымдары - діни мейрамдардың бір саласы болғандықтан, оған жүздеген-мыңдаған адамдар қатысатын. Көне заманда драмалық шығармаларда ойлаған актерлерді өте жоғары бағалаған. Олардың атақтыларының аты-жөндері мәрмәр тақтаға ойылып жазылып, Дионис театрына қойылған, ал кейіннен мемлекеттік архивке тапсырылатын болған. Осының нәтижесінде бізге 62 трагедия және 82 комедия жанрларында өнер көрсеткен актерлердің аттары белгілі болып отыр.
Классикалық грек трагедиясының негізін қалаушы - ұлы Эсхил (б. з. д. 525-456 ж. ) болды. Эсхилге дейін бүкіл кейіпкерлерді бірақ актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарыдды, соның арқасында драмалық сахна көріністері жандана түсті. Осы орайда, драмалық қойылымдарда маскалардың, декорациялардың қолданылуы да Эсхилдің есімімен тығыз байланысты екендігін айта кеткен жөн. Эсхил трагедияларында шындық, әділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары одан әрі айқындалып, азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілігі, өз еліне деген сүйіспеншілігі басты орынға шықты. Мысалы, «Құрсаулы Прометей» трагедиясының басты тақырыбы патриотизм мен рақымшылдық болса, ал «Орестей» трилогиясында адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан. Адам тағ-дыры мәселесі грек трагедиясының дарынды әкілдерінің бірі Софоклдың (б. з. д. 497-406 ж. ) шығармашылығында өзінің заңцы жалғасын тапты. Ол өз шығармаларында еркіндікке толы азамат еркінід әділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша суреттей білді. Софоклдың «Эдип патша» деп аталатын ұлы трагедиясының күні бүгінге дейін әлем сахналарынан түспеуі көп нәрсені аңғартса керек.
Б. з. д. 480-406 ж. аралығында өмір сүрген Эврипвд психологиялық драманың негізін қалады. Оның «Медея» және «Федра» трагедиялары да адам өліміне әкеліп соғатын шым-шытырық өмірлік уақиғаларға толы болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz