Еңбек нарығының институттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе
1. Еңбек нарығының жалпы сипаттамасы
2. Еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс күшіне сұраныстың
үйлесуі

2.1 Бәсекелесті еңбек нарығы және оны "шығу - дауыс" механизмі арқылы
үйлестіру
2. Жұмыс күші ұсынысы

3. Жұмыс күшін ұсынысын сипаттайтын көрсеткіштер
2. Еңбек нарығының институттары мен ұйымдары
2. Еңбек нарығының институттары
3. Еңбек нарығындағы ұйымдар

КІРІСПЕ

Еңбек нарығы экономикасы еңбек нарығы қалай ұйымдастырылғанын, қызметін
және оның нәтижесін зерттейтін, жұмыс берушілер мен жұмыс алушылар
арасындағы қатынастардың әр түрлі факторлардың әер етуіне байланысты
өзгеруі, жалақы, баға, қайда және мемлекет саясатының әлеуметтік-еңбек
қатынастарына .тиетін ықпалын зерттейтін ғылыми сала.
Бұл оқу пәніне қазақстандық жоғары оқу орындарында тек кейінгі сөзде дұрыс
көңіл бөліне бастады. Соңдықтан басқа пәндерге қарағанда әлі айтарлықтай
тәжірибе жинала қойған жоқ. Автор дүниежүзілік экономикалық ой мен
тәжірибесіне сүйеніп, елдегі әлеуметтік-еңбек қатынастың дамуын ескеріп,
оқырмандарға осы оқу құралын ұсынып отыр. Қазіргі экономика ғылымында бір
ұғым туралы әлі де көптеген көзқарас болып отыр: мысалы, еңбек нарығы жұмыс
күші нарығы, еңбек ресурстары нарығы деп атайды. Кейде авторлар оларды бір
түсінік деп қарайды, ал көп жағдайда оның айырмашылықтарына көңіл бөле
бермейді. Сондықтан, болашақта еңбек нарығы туралы әлі де жаңа теоретикалық
концепция құрылуы мүмкін екенін айта кеткеніміз жөн сияқты.
Қазақстан нарықтық экономика орын алған ел деп танылып отыр. Осыған
байланысты рыноктың құрылымын кешенді түрде зерттеу қажет болып отыр, ал
оның ішінде нарықты экономиканың қалыптасуында еңбек нарығының ролін жете
ашу қажет. Осы себепті автор тиісті тақырыпты карастырған кезде
қазақстандық материалды келтіруге, елдегі жиналған тәжірибені жинақтап
қорытуға тырысты.
Оқу құралын жазарда шетел және отандас ғалымдар мен мамандарының еңбектері
пайдаланылды. Оның ішінде В.Франц, Г.Беккер, Р.Эренберг, Р.Смит, С.Ропин,
Т.Разумова, С.Буланов, Н.Волгин және басқалардың еңбектерін ерекше атап
кету керек.
Қазір қазақ тілінде еңбек нарығы экономикасына арналған ғылыми шығармалар
мен оқу құралы жоққа тең деуге болады. Осы себепті ұсынылып отырған оқу
құралының ең алдымен студенттерге арналып отыр. Сонымен қатар, оқу
құралының мазмұнына біраз теоретикалық концепциялар мен модельдер аталған
бакалаврлық деңгейден артық берілгендіктен, оны магистрлерді даярлауда да
пайдалануға болады.

I тарау. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Еңбек нарығында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып
алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз
адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және
рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады. "Жұмыс күші" деген ұғым тек
экономикада қолданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылы еңбекте пайдаланатын
қабілеттері. Бұл ұғымға жұмыс іздеген жұмыссыздардың және де жақын
болашақта жалданатын еңбек резервтер қатарына жататын адамдардың еңбектену
қабілеттері жатады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады,
алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс
күшінің нақтылы еңбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға
жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға
айырбасталынады. Демек, еңбек нарығы дегеніміз "жұмыс істеп жүрген" жұмыс
күші нарығы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік
қабілетпен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану
қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу объекті
ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске
қосылған жұмыс күші болмақ,.
Еңбек нарығы пайда болуы және іске кірісуі үшін ең кемдегенде оның
кұрылымында мына бөліктер болу қажет:
- еңбек нарығының субъектілері (жалданған еңбеккерлер және олардың
кәсіподағы, жұмыс берушілер және олардың одақтары, мемлекет және оның
органдары);
- субъектілер қабылдаған экономикалық бағдарламалар. шешімдермен заң
нормалары;

- рынок механизмі (жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, оның
бағасы, бәсекелестік);
- жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметгік төлемдер;
- рынок инфрақұрылымы.
Еңбек нарығының жоғарыда аталған бөліктері бірлесіп жұмыс күшіне деген
сұраныс пен оның ұсынысын теңестіруге, адамдардың еңбекке және қызмет түрін
ерік таңдау құқын іс жүзінде асыруға белгілі әлеуметтік қорғау жүйесін
құруға бағытталады..
Қазақстанда еңбек нарығы бөліктері көзге көрінгенмен, әлі де болса
өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған. Бұл аталған елдердің өзінде
еңбек нарығы механизмінің бөліктерінің бір-бірімен үйлесуінде біраз
айырмашылықтар бар. Осының нәтижесінде еңбек нарығының көп түрлері мен
модельдерін ажыратуға болады.
Еңбек нарығының екі түрін көрсетуге болады:
- біріншісі жұмыс күшінің территория жүзіңде жылжуға
бейімделген, яғни жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма
арасыңда ауыстыр} жолымен толтырады. Мұндай рынокты сыртқы
рынок деп атайды;
- екіншісі еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген.
Бұл рынокты кейде ішкі рынок деп атайды.
Әдетте, еңбек нарығының үш моделін атайды: американдық. жапондық және
шведтік.
Американдық моделіне экономиканың бәсекелестік жағдайын қолдау саясаты,
оның аса орталықтануына жол бермеу, кәсіпкерлерді белсенділікке және
қызметкерлерді жеке табысқа, ақша табуды мақсат етуге итеру тән,
Қызметкерлер кәсіпорындар арасында жие алмасады, оқу орындарында кәсіптік
даярлау толық болады, кәсіпорыңдар өндірістік оқуға кететін шығынды
азайтуға тырысады. Кәсіпорындарда жалақы шартпен, ұжымдық келісіммен
тағайындалады. Кәсіподақтар кәсіп нышанасымен құрылады. Штаттық және
федеральдық жұмыссыздықты сақтандыру қорларына кәсіпорындар мен
қызметкерлер әрқайсысына бөліп жарнама төлейді. Қордың негізгі сомасын
кәсіпкерлерден түсетін салық құрайды. Бұл салық төленген жалақының белгілі
бір пайызы ретінде алынады. Осындай саясаттың нәтижесінде қызметкерлердің
территориялық және кәсіптік жылжымалдылығы, жұмыссыздық деңгейі басқа
елдермен салыстырып қарағанда жоғары болады. Мұның барлығы бұл елде сырт
нарығы басым екенін көрсетеді.
Жапондық моделъдің ерекше бір сипаты - "өмір бойына жалдану жүйесінің"
орын тебуі, яғни қызметкерлер осы жүйе бойынша еңбекпен қамтамассыз
етілуіне кепілдеме алады. Кепілдеме заңды түрде бекітілмеген, жалданған
қызметкерлер мен кәсіпкерлердің ұзақ жыл бойы қатынастарынан туған нәтиже.
Мұндай жүйені кәсіподақтар қолдап, фирмаға түзу ниетпен қарайды. Жапонияда
кәсіподақтар компания ішінде құрылады және қызмет істейді. Фирма
қызметкерлердің кәсіптік дайындау мен біліктілігін жоғарылатумен
шұғылданады, олардың еңбекке, жұмыс сапасына дұрыс көзқарасын тәрбиелейді.
Өз ойымен қызметкерді бір жұмыс орнынан екіншісіне, бір бөлімнен басқасына
ауыстырып тұрады. Бұрынғы кезде жалақы деңгейі қызметкердің стажы мен
жасына байланысты болатын, қазір оның біліктілігі мен еңбек тиімділігін де
ескеретін болды. Мұндай еңбек нарығын жабық ішкі рынок деп сипаттайды.
Жапондық моделъді фирма басшыларының қызметкерлерге әкелік қамқорлықпен
қарауы, олардың өндірістен тыс өміріне көңіл бөлуі және де фирманың жан-
жақты қызметіне еңбеккерлердің құштарлығы сипаттайды. Бұл жерде сапа
үйірмелері үлкен роль атқарады. Кейінгі жылдары Жапонияның үлкен
экономикалық дағдарысқа душар болғаны белгілі. Осыған байланысты дәстүрлі
"өмір бойы жұмысқа жалдану жүйесі" өзгертіліп жатыр, тұрақты жұмыспен
қамтылатын адамдар саны азаюда.
Шведтік модельдің ерекшелігі мемлекеттің белсенді түрде жұмыспен
қамтамасыз ету саясатын жүргізуі. Мемлекет органдары қызметкерлерді
кәсіптік дайындау мен қайта дайындау, жұмыс орнын жасау, жұмыс іздеп
жүргендерді бос жұмыс орнын табу үшін кәсіптік бейімдеу және мәлімет беру,
жаңа жұмыс орнына кету үшін жәрдем ақша беру арқылы жұмыс күшінің
бәсекелестік қабілетін арттыруға көп көңіл бөледі. Осы бағытта Швеция басқа
елдерге қарағанда едәуір көп қаражат жұмсайды. Жұмыспен камту саясаты жалпы
экономикалық шаралармен тығыз байланыста, атап айтқанда, шек қойылған салық
саясатымен, еңбек ақы төлеудегі "ынтымақтастық саясатымен", халықтың әлсіз
топтарын қолдаумен т.б.
Мемлекет әлеуметтік қызметтерді қажет ететін секторларда жұмыспен
қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Осындай өзара байланысты кешенді
мемлекет саясаты арқасында елде жұмыс күшіне деген сұраныс және жұмыспен
қамту мәселелерінің шешілуі жоғары деңгейде болып отыр.
Кейінгі кезде ресейлік модель туралы әңгіме болып жүр. Бұл модельдің
айқын нышандары білінбегенмен, кейбір нұқсандары оның сыртқы еңбек нарығына
жақын екенін байқатады. Мысалы, жұмыс күшінің жылжымалдылығы осы уақытқа
дейін өте төмен, мамандар және білікті жұмысшылар дайындауда мемлекет оқу
орындарының ролі әлі де басым. Кәсіпорындардың әлеуметтік объектін
муниципалдық басқару органдарының меншіктігіне берілуі сыртқы еңбек нарығын
бекіте түседі.
Қазақстан тәжірибесіне келсек, Ресеймен салыстырғанда, еңбек нарығын
қалыптастыруда біраз алда болса керек. Жұмыс күшінін жылжымалдылығы жоғары,
әр түрлі кадрлар дайындауда жеке меншіктегі оқу орындары кәдімгідей үлкен
ролъ атқарады. Ал әлеуметтік объектілерге келсек, Қазақстанда пәтер-үй мен
коммуналдық шаруашылық саласында реформа жасалғанына біраз жыл болып қалды.
Сонымен қатар, зейнет жүйесіндегі реформа, жалпы экономикалық реформа,
Ресейге қарағанда, жақсы нәтижелер беріп отыр. Сондықтан, екі елдегі еңбек
нарығының ұқсастығынан гөрі айырмашылықтары уақыт өткен сайын көбейіп
жатыр.
Рыноктың даму дәрежесіне қарай, талдау мақсаты және де басқа
қолданылатын критерийлер бойынша рынокты әр түрлі сегменттерге бөлуге
болады. Мысалы, еңбек қатынасының тұрақтылығына қарай еңбек нарығын үш
секторға бөледі:
- бірінші сектор. Бұл секторда еңбеккерлер тұрақты және толық уақыт
жұмыс істейді, олардың жалақысы жоғары болып келеді. Қызметкерлердің
шеберлігін арттыруға, өндірісті басқаруға қатысуына жағдай жасалынады.
Жұмыс орнында озық технология қолданылады, кәсіподақ ролі күшті болып
келеді;
- екінші секторда. Адамдар жартылай жұмыспен қамтылады, маусымдық жұмыс
тараған, жұмыс орындары қарапайым және мәртебесі төмен, еңбек ақы
мардымсыз, әлеуметтік қорғау жүйесі жете дамымаған, кәсіподақ орын
теппеген;
- үшінші сектор жұмыссыздарды біріктіреді.
Мемлекеттің еңбек нарығына ықпал жасау дәрежесіне қарай екі сегментті
айыруға болады:
- мемлекеттің жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындары реттейтін рынок.
Сан тұрғысынан оған ресми тіркелген жұмыссыздар, жұмыс іздеп жүргендер
және кәсіптік бейімделуге, дайындауға және қайта дайындауға құштар
жұмыссыздар жатады. Осы контингент жұмыс күшінің ұсынысын
қалыптастырады;
- бақылаудан тыс қалған жұмыс күші нарығы. Бұған жұмысқа орналасумен
айналысатын ресми органдарының бақылауынан тыс қалған жұмыс күшінің
ұсынысынын бір бөлігі және бос жұмыс пең оқу орындары жатады. Олар
жұмысқа жұмыс берушілермен тікелей түйісу арқылы орналасады.
Еңбек нарығының өзгеше сегменті ретінде жасырын еңбек нарығын атауға
болады. Бұл рынокқа ресми секторда жұмыс істеп жатқан адамдар жатады, бірақ
олар толық жұмыс уақытын әр себеппен пайдаланбайды.
Жасырын рынокты екіге бөлуге болады: ресми және бейресми түріне. Ресми
түріне статистика тіркейтін, жұмыс уақытын амалсыз толық пайдаланбаған
адамдар жатады. Ал бейресми бөлігін әлеуметтану зерттеулер әдістерімен
анықтауға болады.
Жұмыс күшін жынысы мен жасы, денсаулығы мен біліктілік деңгейіне орай
бөлек-бөлек сегменттерді белгілеуге болады. Әсіресе зерттеу жүргізген кезде
және әлеуметтік саясатын құрған кезде мына сегменттерге ерекше көңіл бөліну
тиісті:
- әйелдер жұмыс күші;
- жастар жұмыс күші;

- егде адамдар жұмыс күші;

- мүгедектер жұмыс күші.
Ғылыми-техникалық прогрестің кезеңінде экономикада және еңбек нарығында
маңызды өзгерістер болып жатыр. Қызметкерлердің кәсіптік білімі дамуы,
компьютерлік, информациялық технология материалдық өндірісте және қызмет
істеу саласында жұмыс орны қысқартып. жұмыссыздықты көбейттіріп отыр. Осы
жағдайда еңбеккерлер өз кұқын қорғауды күшейте түсті, үкімет пен жұмыс
берушілерді өз талаптарына көндіруге мәжбүр етті: жұмысты икемді графикпен
істеу, әлеуметтік корғау жүйесін күшейту, жұмыста босату тәртібін қатаңдату
және т.б. Оның үстіне экономика дамуының жаңа теңденциялары бұрынғы еңбек
жағдайын ретте шарттарына қайшы келді, өмірге еңбекті ұйымдастыру және
жалақы төлеудің жаңа түрлері енді. Осының барлыға дүниеге жаңа түсінік
"еңбек нарығының икемділігі" түсінігін әкелді. Бұл түсініктің қалыптасуы әр
түрлі бағыт және формада болды: стандарттан тыс толық жұмыс уақытын
пайдалану тәртібі, жұмыс істеудін стандарттан тыс формалары, жұмысқа алу
және одан босату мәселелеріне икемділік таныту, шығынды азайтуға әкелетін
жалақы жүйелерін қолдану және т.б.
Еңбек нарығының икемділігі қазіргі өндіргіш күшінің даму денгейінің
талабына жауап ретінде пайда болған кұбылыс, экономиканы дағдарыстан
шығаруға, оның өсуіне, кәсіпорынның тиімділігін арттыруға, еңбек
потенциалын толық пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар ол
тұрақсыз жұмыс орын санын көбейтеді, қызметкерлердің әлеуметтік қорғауын
әлсіретеді. Бұл мәселелерді шешуге тек рыноктын шама-шарқы жетпейді.
Сондыктан мемлекет жағынан қызметкерлерді пайдалануда тұрақтылық пен
икемділікті үйлестіретін ұтымды реттеу механизмі қажет.

II тарау. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖҰМЫС КҮШІ ҰСЫНЫСЫ МЕН ЖҰМЫС КҮШІНЕ СҰРАНЫСТЫҢ
ҮЙЛЕСУІ

2.1. Бәсекелесті еңбек нарығы және оны "шығу - дауыс" механизмі арқылы
үйлестіру
Ең алдымен бәсекелесті еңбек нарығының сипаттамаларын еске түсірейік:
* көптеген фирмалар, бірдей жұмыс орындарына белгілі жұмыс күшін жалдау
үшін, бір-бірімен бәсекелеске түседі;
* көптеген біліктілігі бірдей қызметкерлер, бір-бірінен тәуелсіз түрде,
өздерін жұмыс күші ретінде ұсынады;
* фирмалар да, қызметкерлер де нарыктық жалақыға әсер ете алмайды;
* жетілген информация, оны алу үшін шығындану қажеті жоқ және жетілген
жылжымалылық болады.
Егер жұмыс күшіне деген сұраныс пен жұмыс күші ұсынысы өзгерсе, онда
рынокта үйлестіру, яғни тепе-теңдіктің жаңа нүктесіне жету процесі, жалақы
және жұмыспен қамтудың жаңа деңгейлерін табу керек болады.
Жалақы мен жұмыс істеушілер саны сұраныс пен ұсыныстың рыноктық тепе-
тендігімен анықталады, ал тепе-тендікке жету үшін қызметкерлер жылжымалы
және баға икемді болу керек. Осындай үйлестіру механизмі "шығу" деп
аталынады, осы механизм іске қосылу нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты тепе-
теңдікке әкелетін жалақы орнайды. 4.1- суретте алғашқы сұраныс (DL) пен
ұсыныс (S1L) арасыңдағы тепе-тендік жалақы деңгейі W1 және жұмысшылар саны
L1- орнайды.
Егер еңбек жағдайы нашарласа, онда еңбек ұсыну S2L-ға дейін қысқарады;
қызметкерлердің бір бөлігі жұмыстан босап, бұл рынок-тан кетеді, ал
қызметкелер саны L2-ге дейін азаяды. Мұңдай жағдайда жұмыс беруші жалақы
деңгейін W2-ге дейін көтереді, нәтижесін қызметкерлердің біразы жұмысқа
қайтып келеді. Жұмыс істеушілер саны L3-ке дейін көбейеді де, еңбек
нарығында сұраныс (DL) пен ұсыныс (S2L) арасында жаңа тепе-тендік орнайды.

4.1- сурет. "Шығу" үйлестіруінің механизмі

Тепе-теңдіктің жаңа деңгейін орнату үшін мына шарттар қажет:
* кмзметкерлер еңбек жағдайы нашарлағаны туралы хабардар болу керек;
- еңбек жағдайының нашарлағаны соншалықты, қызметкерлер берілген жалақы
деңгейінде жұмыстан босауға ұмтылады;
- қызметкерлердің жылжуына ешқандай кедергі жоқ;
- жұмыс беруші мен жұмыс алушылар арасында байланыс, қатынас жоқ;
сондықтан қызметкерлер еңбек жағдайы канағатсыз екенін жұмыстан босауымен
мәлімдейді ("аяғымен дауыс береді"). Жұмыстан босату қызметкерді шығынға
ұшыратады. Осы себепті, егер де жұмыстан босаудан түсетін пайда оған
байланысты шығыннан асса, қызметкер жұмыстан босауға бел байлайды. Әдетте,
бұл жастар болады, өйткені жанұя әлі кұрмаған және адам капиталына ие
болуға көп қаражат жұмсамаған.
Жылжымалы қызметкерлер фирмаға осылайша "қоңырау соғып" жалақы мен
еңбек жағдайының арақатынасы өзгеру керектігін білдіреді. Жұмыстан босау
және жылжымалық шығындары қызметкер үшін еңбек нарығындағы трансакциялық
шығынын құрайды. Егер бұл шығын өте көп болса, оңда ол қысқа мерзім ішінде
қызметкерді фирмаға "байлап" қояды. Бұл жағдайда үйлестіру механизмі
өзгеріледі.
4.2- суретте ұсыныс қисығы S1L ұзақ мерзімді еңбек үсынысын, SRSL
қисығы - қысқа мерзімді икемсіз еңбек ұсынысын бейнелейді. Еңбек жағдайы
нашарлаған кезде, берілген жалақы деңгейінде W1 қызметкерлер трансакциялық
шығындар өте жоғары болғандықтан, жұмыстан босамайды да, жұмысшылар саны L2-
ге дейін түспейді. Қызметкерлердің күш салуы азайып, еңбек өнімділігі
төмендейді. Жұмыс берушілер жауап ретінде жұмыс күшіне сұранысты D2L ден
D1L-дейін азайтады; жалақы W2-ге дейін төмендейді.
Қызметкерлер жағынан еңбек өнімділігі одан әрі төмен түседі, сонымен
тұрақты тепе-теңдікке жету мүмкін болмайды. Сондықтан жұмыс беруші
қызметкерлермен: келіссөзге келеді; еңбек жағдайын нашарлатқан себептерді
жойып еңбек өнімділігін арттыруға және сұранысты D2L-ден D1l-ге жылжытып
тепе-тендік нүктесін бұрынғы қалпына келтіреді. Бұл үйлестіру механизмі
"дауыс" механизмі деп аталады. Бір-бірімен келісімге келуде кәсіподақ үлкен
роль аткдрады Сонымен, "шығу" механизмі көмегімен жалақы деңгейі, ал
"дауыс' механизмі көмегімен еңбек жағдайы реттелінеді.
Тепе-теңдікті еңбек нарығы моделінде тепе-тендік нүктесінде сұраныс
пен ұсыныс тең келеді де, тепе-теңдік жалақы рынокті "тазалайды", яғни
артық сұраныста, артық ұсыныста жоқ болады.

4.2 - сурет. "Дауыс" үйлестіруінің институционалдық механизмі

Еңбек нарығының тепе-теңсіздік моделінде жұмыспен қамту деңгейі "рыноктың
қысқа жағымен" - не еңбекке сұраныс, не еңбек ұсынысымен - анықталады:
қайсысы берілген жалақыда аз болады

L = min(DL,SL)

4.3 - суретте W1 жалақы мөлшері деңгейінде (W1W0,W0)- теңдік жалақы)
жұмыс беруші DL еңбекке сұранысының қисығына сәйкес L1-ден артық
қызметкерлерді жалдағысы келмейді, яғни еңбек сұранысымен анықталады.
Жалақы мөлшері W2 болса (W2W1) жүмыс күші ұсынысы оған деген сұраныстан аз
болады, бірақ жұмыс берушілер ұсынған жұмыс күшін жалдайды, өйткені олар
бұл жағдайда пайда түсіреді. L1 жұмыспен қамту деңгейінде шекті Ақшалай
өнім жалақыдан асады, яғни жұмыс күшіне сұраныс арттық болғанымен,
қолданылатын еңбек оның ұсынысымен анықталады.

4.3 – сурет. Тепе-теңдіктік еңбек нарығы
Сонымен еңбек нарығының тепе-теңсіздік моделі жалақы мен жұмыс
істеушілердің қисындастыру жолдары көп екенін және олар АЕВ сызығымен
анықталатынын көрсетеді.

2.1 ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖҰМЫС КҮШІ ҰСЫНЫСЫ
Жұмыс күші ұсынысы туралы түсінік, оның кұрылымы Экономикалық мазмұны
жағынан жұмыс күші ұсынысы-қызметкердің еңбек нарығында өзінің еңбекке
деген қабілетін тауар ретінде жұмыс берушіге белгілі бағамен белгіленген
уақытқа сатып алуға ұсыну. Бұл кезде ұсыныс пен сұраныс бір-бірімен тығыз
байланысты, бір-біріне тәуелді. Экономикалық категория ретінде жұмыс күші
ұсынысы екі тауар иелерінің түйісу кезіндегі меншікті қатынастарын
көрсетеді: кәсіпкер (өндіріс құралдарына меншігі) және жалданған қызметкер
(жұмыс күшіне меншігі). Бұл екеуінің қатынасы заң жағынан тең құқылы, бірақ
экономика жағынан құқылары теңсіз болып келеді.
Социалистік экономика заманында әр адам тікелей сезінбегенмен, оның
өмір жолын үкімет жоспарлап қоятын. Мысалы, қанша сәбиді туыла салысымен
бала бақшаға орналастыруға болады, мектепте қанша адам оқып, сегізінші
классты бітіргеннен соң қай бөлігі кәсіптік-техникалық училищелерге
бағытталады, ал қаншасы жалпы орта білім алуы керек. Одан кейін де олардың
қаншасын жоғары оқу орнына, әскери міндетін орындауға, өндіріске және
т.б. бағытта жіберу керектігі - осының барлығы қатаң жоспарланатын. Адам
қанша өзін еріктімін деп ойланса да, оның өмір, еңбек жолын мемлекет
Ібелгілеп қоятын. Жұмыс істемеген адам жатып ішер деген атаққа ие болып,
қылмыстық жауапкершілікке тартылатын.
Нарықты экономика және қоғам өмірі демократизацияланған жағдайда әр адам өз
тағдырын белгілеуде шын мәнісінде құқылы болады. Оның жұмыс істеу-істемеуі
тек өз шешіміне байланысты. Әрбір жұмыссыз, жалдама қызметкер еңбек
нарығында жұмыс іздеп өзінің жұмыс күшін ұсынады. Демек, ұлттық экономика
деңгейінде жұмыс күші ұсынысының көлемі жеке адамдардың жұмыс істеймін
деген шешімдерінен құрылады.
"Жұмыс күші" түсінігін "жұмыс күші ұсынысынан" ажырата. білуіміз
керек. Екі түсінік бір-біріне жақын болғанымен, олар бірдейлік деуге
болмайды.
Жұмыс күшін екі топқа бөлуге болады:
- жұмыс істейтіндер;
- жұмыс істемейтіндер.
Нарықты экономика дамыған елдерде бірінші топ ішінде өз бетімен жұмыс
орнын өзі құратын адамдарды бөледі. Олар тек өз еңбегіне сүйенгендер,
жалданба енбек колданбайды. Олардың жұмыс істеуі еңбек нарығынан сыртта
шешіледі, өз жұмыс күшін еңбек нарығында ұсынбайды. Бұл сөздер үй
шаруашылығымен айналыс-қан, көбінесе әйелдерге де жатады, өйткені олардың
еңбегі нарықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Нарық жүйесі туралы
Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық
Қаржы валюта нарығы
Қаржы және валюта нарықтары негізгі мәліметтер және қор биржасы
Қаржы (қор) нарығын зерттеудің теориялық негізі
Бағалы қағаздардың түсінігі
Қаржы нарығы. Бағалы қағаздар және қор биржасы
«Қаржы нарығы және делдалдар» пәні бойынша негізгі дәріс материалдары
Пәндер