Қызметкерлердің еңбекақы есебі
Жоспары:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
I бөлім Қызметкерлердің еңбекақы
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...5
1.1 Еңбекақының міндеттері мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Еңбекақының формалары мен
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Қосымша еңбекақыны
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
II бөлім Жұмысшылар мен қызметкерлермен есеп айырысу ... ... ... ... 15
2.1 Қызметкерлердің еңбекақысынан ұсталынатын шегерімдер ... ... ..15
2.2 Қызметкерлердің өндірімі мен жұмыс уақытын пайдалану есебі ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 24
Кіріспе
Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде
қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни
олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әр түрлі ауыс-
түйістер болып тұрады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің
есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның
құрлымдық бөлімшілеріндегі қызметкерлердің санын және оның
өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын,
кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс
стажын, білімін және басқа белгілерін есепке алады.
Жұмысқа қабылдануы, басқа бір тұрақты жұмысқа ауысуы және
жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың негізінде еңбек кітапшасына
енгізлетін әрбір жазбаны әкімшілік сол кітапша иесіне таныстырып,
карточканың тиісті жерлеріне қол қойғызып отыруға міндетті.
Жұмысшылар мен қызметшілердің жұмыс уақытының белгіленген
кесетесін сақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы
деректер алу, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек
жөнінде статистикалық есеп беру үшін Жұмыс уақыты есебінің
табелінде жұмыс істеп жүргендердің барлық категорияларының жұмыс
уақытын пайдалану есебі жүргізледі.
Өндірім мен еңбек төлемінің есептері өндірілген өнім саны
аяқталмаған өндіріс пен шығарылған жарамсыз өнім туралы уақытында
және дәл деректер алуды қамтамасыз етуге; әрбір қызметкердің
өндіріміне сәйкес еңбекақы төлемінің мөлшерін дұрыс және
уақытында анықтауға; өндірілген өнімнің материалдар мен өңдеуге
жіберілген шала өнімдердің санына сәйкестігін бақылауға;
өндірістегі тетіктердің, бөлшектердің және агрегаттардың
қозғалыстарын қадағалап отыру үшін қажет.
Орташа жалақы есептік кезеңдегі нақты істеген уақытынан да
анықталуы мүмкін. Демек, орташа жалақыны анықтаудың екі жолы
бар, оның біріншісінде өткен кезеңдегі он екі айдағы еңбекақы
алынса, ал екіншісініде сол өткен кезеңдегі нақты істеген күні
үшін есептелген жалақысы алынады. Егер де еңбеккерлер бір жылдан
аз жұмыс істесе, онда орташа жалақысы нақты істеген уақытынан
анықталады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің қолдарында есеп айырысу
кітапшасы болуы керек, ол кітапшаларға жұмыс істеп жүрген адам
туралы мәліметтерден басқа, ай сайын есептелген еңбек ақысының
төлемдері, ұсталымдары, шегерімдері, алуға тиісілі сомалар
көрсетіледі, сондай-ақ оларды кәсіпорын қызметкерлеріне қайтару
уақыты кәсіподақ ұйымының келісімі бойынша шарттары бейнеленеді.
Ағымдағы айдың еңбек төлемі бойынша есеп айырысу үшін және
жұмыс істеп жүрген адамның өткен кезеңдердегі жалақысы туралы
мәліметтер алу үшін бухгалтерия әрбір қызметкерлерге Дербес шот
немесе Бет есеп толтырады. Дербес шот немесе Бет есебі өткен
кезеңдердегі еңбек төлемі туралы мәліметтер, өнімдірімдер мен
орындалған жұмыстардың және төлемнің әр алуан түрлеріне арналған
құжаттардың негізінде қалыптасады.
I бөлім Қызметкерлердің еңбекақы есебі
1.1 Еңбекақының міндеттері мен түрлері
Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс
уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты
мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап
ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне
жататындар:
▪ Еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің
орындалауын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
▪ Бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы
қорынан жалақыны ұстап қалу;
▪ Шаруашылық жүргізуші субъектінің әр бір жұмысшысына жалақыны
уақытылы және дұрыс есептеу;
▪ Белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
▪ Жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік
құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның
жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі
емес қызмет атқаратындар деп екіге бөлінеді.
Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа
бөлінеді:
1. Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері
2. Өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың
жұмысшы қызметкерлері.
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары
мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға
бөлінеді.
Басшылар қатарына – президент, ректор, директор, меңгеруіші, тағы
басқалары жатады.
Мамандар қатарына – инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және тағы
басқалар жатады.
Басқа да қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп және
бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтер,
менеджерлер, агрономдар, механиктер және тағы басқалар жатады.
Бухгалтерлік есепте жұмысшылар мен қызметкерлердің саны мен олардың
жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындардағы
қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың тізімдегі саны деп
аталады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны – кәсіпорындар мен
ұйымдарға қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді
жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады.
Кәсіпорындарда жұмысшалар мен қызметкерлердің құрамы және
олардың жұмыс уақыты да есептеледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі – кәсіпорындар мен
ұйымдардың мамандар бөлімінде жүргізіледі. Мамандар бөлімінде мынандай
алғашқы құжаттары пайдаланады:
▪ Жұмысқа алу жайлы бұйрық
▪ Басқа жұмысқа ауысу туралы бұйрық
▪ Демалыс берілуі жайлы бұйрық
▪ Жұмыстан шығарылу жайлы бұйрық
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген
жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының
табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның
цехынан, бөлімшілерінен, бригадыларынан кәсіпорынның әкімшілігі
белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу
үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс
толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият
тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы
олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы
есептеу қағидаларына сәйкес келуі және сандарының дұрыс қойылуы
тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша
кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы
негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы – жұмысшалар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста
болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне
төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
1. Мерзімді және кесімді еңбекақы
2. Сыйлықтар мен сыйақылар
3. Үстеме сыйлықтар
Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып
белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет
атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер
қатарына:
1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін
төлемдер.
2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемелкеттік, қоғамдық
жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру
үшін
берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін
төлемдер.
5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап
қалған уақытына төленетін төлемдер.
6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетен қызметтер мен заттың
құны.
7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да
мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар
мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.
8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ демалыс немесе мейрам
күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы
басқалар жатады.
1.2 Еңбекақы формалары мен жүйелері
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында
еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп
аталатын екі формасы қолданылады.
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс істеген
уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім
өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған
уақытына төленеді. Мерзімді еңбекақы өндірген өнімімен істеген
жұмысы мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемімен
санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық
жұмыстағы
жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Мерзімдік еңбекақының мынадай түрлері бар:
1. Жай мерзімді
2. Мерзімді сыйлықты
Жай мерзімді жүйесі бойынша – жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы
жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері
бойынша төленеді.
Мерзімді сыйлықты – жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте
немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың
өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы басқа да
көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.
Кесімді еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек
өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға
ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің
кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті
еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф
бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген
кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген
жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемімен сапасына
негізделіп белгіленеді.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
– Тікелей кесімді;
– Кесімді сыйлықты;
– Үдемелі кесімді;
– Аккордтық;
– Жанама кесімді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей
кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың
өндірген өнімінің, істеген жұмысшының бәрі тек қана белгіленген
еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері –
бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір
данасына қарастырылған, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту
арқылы табады.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйлықтар
өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан артығымен
орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды,
отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға
төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді.
Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге
сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны
есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем өнім өндіруге
белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдерді үшін
қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да
– күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды
орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден
артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы
бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.
Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі – ұйымдарда жұмысшылар мен
қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл
жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың
санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді.
Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала
атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарда
жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір
жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша
қосымша еңбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылар мен
қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің
жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы
станоктардың, жабдықтардың және тағы да басқа құралдардың тоқтамай
жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін
операторларға және жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқа
да жұмысшыларға төленеді.
Мерзімді еңбекақыны есептеу
Мерзімді еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі
уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен тыс
уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе
қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен
зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға
байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін
төленетін төлем және тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген
жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатады.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда
қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған
табельдердің негізінде ай бойғы қызмет атқарған (белгілі бір
есеп айырмасын) уақытқа есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбекақы
бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік ай, күн немесе
сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар мен
қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген
болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе кәсіпорынның
басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді.
Кесімді еңбекақыны есептеу
Кәсіпорындарда кесімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша
жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы олардың өндірген
өнімді мен істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі
жайлы жазылған алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы
құжаттарда өндіріп шығарған өнімдер мен істеген жұмыстардың және
дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың
жалпы саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге
белгіленген бағаға көбейтеді.
Ұйымдарда тапсырманы жеке адам орындаған, яғни операция
немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшының немесе
қызметкердің қолынан өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану
ыңғайлы болып табылады. Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен
қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысына төленетін
жағдайда жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы мен
қызметкердің жұмыс істеген уақыты, мамандық дәрежесі, бригада болып
өндірген өнімі мен істеген жұмысының көлемі, саны және олардың
бір данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп
жазылады.
Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген
жұмысының саны мен көлемін, олардың бір данасын өндіріп шығаруға
(жасап шығаруға, орындауға) белгіленген бағаға көбейту арқылы сол
бригада мүшелерінің еңбекақысы есептеліп шығарылады.
Бригаданың жалпы табысы ондағы жұмысшылар мен қызметкерлердің
арасында олардың мамандық дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына
сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен барлық бригада мүшелердің
жұмысқа қатысқан уақыты (ай, күн, сағат) табылады. Содан соң
жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф
бойынша бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс
істеген сағаттарының санына көбейтіледі. Осының нәтижесінде
бригада мүшелерінің әрқайсысының тариф бойынша есептелетін
еңбекақысының жалпы сомасы табылады.
3. Қосымша еңбекақы есебі
Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы
есептеу және оны төлеу. Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдарда
мейрам күнінің алдындағы жұмыс күні бір сағатқа қысқартылады.
Бұл күні жұмыс істеген жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақылары
былайшы төленеді. Ұйымдарда еңбекақының кесімді түрі белгіленген
жұмысшылар мен қызметкерлерге өндіріп шығарған өнімдері мен
детальдарының, сондай-ақ атқарған қызметінің саны мен көлеміне
байланысты белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептеліп төленеді.
Жасөспірімдерге еңбекақы төлеу. Кәсіпорындарда аптасына алты күн
жұмыс күні, бір күн демалыс күні болып белгіленген жағдайда осы
ұйымда жұмыс істейтін 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге
белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығы 6 сағаттан, 15-16 жас аралығындағы
жасөспірімдерге 4 сағаттан аспауы керек. Егер кәсіпорын аптасына 5
күн жұмыс істеп 2 күн демалатын жағдайында жұмыс күннің ұзақтығы 16-
18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін 7 сағаттан, 15-16 жас
аралығындағы жас өспірімдер үшін 5 сағаттан аспауы керек.
Белгіленген заңдарға сәйкес жоғарыда айтылған жұмыс істейтін және
еңбегі үшін еңбекақының мерзімді түрі белгіленген жасөспірімдерге
қысқартылған жұмыс күндері үшін толық жұмыс күнінің еңбекақысы
төленеді.
Жас сәбилі аналардың демалуы және баланы тамақтандыру үшін
берілетін үзіліс уақытына төленетін төлем. Еліміздегі заңға
кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін және қызмет атқаратын
жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында бір жасқа толмаған жас
сәбилі аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыру үшін жұмыс
уақытының барысында ұзақтығы 30 минуттан кем болмайтын үзіліс
беріледі.
Мемлекеттік, қоғамдық міндеттер мен жұмыстарды атқарған уақытқа
төленетін төлем. Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс
уақыты кезінде олардың атқарған немесе орындаған мемлекеттік қоғамдық
жұмыстары мен тапсырмалары үшін орташа еңбекақы мөлшерінде төлем
төленеді. Яғни мұндай себептермен жұмыста болмаған уақытына еңбекақы
төлеу үшін алдымен жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа еңбекақы
мөлшері анықталады.
Түнгі уақытта істеген немесе атқарған жұмыстары үшін төленетін
төлем. Кәсіпорындарда кешкі сағат 22.00-ден ертеңгі, яғни таңғы 6.00
сағатқа дейін істеуге белгіленген жұмыс уақыты түнгі уақытта
істелген жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге
бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін көтеріңкі мөлшерде, яғни
қосымша еңбекақы төленеді. Еңбекақының кесімді түрі белгіленген
ұйымдарда, өнеркәсіп орындарында жұмыс істейтін жұмысшылар мен
қызметкерлерге түнгі уақыттағы атқарған қызметінің, істеген
жұмысының әрбір сағатына жұмысшының мамандық дәрежесі бойынша
тарифте белгіленген еңбекақысының 25% мөлшерінде қосымша төлем
төленеді.
Біреудің орнына жұмыс істегені үшін төленетін еңбекақы. Біреудің
орнына уақытша атқарған қызмет деп өндіріс қажетіне немесе басқару
міндетіне сәйкес уақытша жұмыста жоқ адамның орнына оның қызметін
немесе жұмысын басқа адамның атқаруын айтады. Уақытша жұмыста жоқ
адамның жұмысын немесе қызметін атқаруды басқа жұмысшыға немесе
қызметкерге жүктеу үшін кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығы шығарылуы
тиіс. Егер уақытша жұмыста жоқ адамның орнына тағайындалған
қызметкер уақытша жұмыста жоқ адамның штатта қарастырылған
орынбасары болып табылса немесе уақытша оның орнына жұмысты атқару
мерзімі 12 күннен артық уақытқа созылмаса, онда бұл жағдайда
біреудің орнына уақытша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz