Жұмыс берушінің құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
М.О.Әу өзов атындағы Семей университеті
Заң факультеті
Азаматтық құқық пәндер кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Еңбек құқығының субъектілері.
Орындаған: 330 топ студенті
Әлқуатов Жандос.
Тексерген: аға оқытушы
Жампеисов Д.Ә.
Семей -2007ж.
Мазмұны
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
-----------------3-4
І-тарау.
1.1. Еңбек құқығы субъектісі түсінігі және оларды топтастыру--------------
5-8
1.2. Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде------------------------
9-15
ІІ-тарау.
2.1. Жұмыс берушінің құқықтық мәртебесі-------------------------- -----------
-16-22
2.2. Кәсіпшілік одақтар еңбек құқығының субъектісі ретінде---------------23-
33
2.3. Мемлекеттік органдар еңбек құқығының субъектілері ретінде--------34-39
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
--------------40
Пайдаланған әдебиет тізімі----------------------------- ---------------------
------------41
Кіріспе
Өзектілігі:
Еңбектегі құқықтық субъектілік дегеніміз еңбек құқығы субъектілерінің
заңдық міндеттемелер құқылы болу және оларды кетеру қабілеттігі, яғни
еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында нақты құқықтық қатынастарға қатысушы
болу мүмкіндігін (қабілетін) иемдену (еңбектегі құқық қабілеті). Сонымен
қатар еңбектегі құқықтық субъектілік дегеніміз еңбек құқығы субъектілерінің
өз әрекеттерімен субъективтік құқық иемдену және заңдық міндеттерді көтеру
қабілеті (еңбек әрекеттілігі). Ал еңбек құқығының субъектілері үшін оларда
еңбектік құқық қабілеттілігі мен әрекеттілігінің екеуінің де бірдей болуы
төн. Басқаша айтқанда, еңбектік құқық әрекеттілігі ерекше қасиет, ол тек
еңбек құқығының субъектілерінде ғана болады.
Мақсаты:
Заңнан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді мәртебелілік деп
атау қабылданған (нақты еңбектік құқық қатынастарының мазмұнынан туындайтын
субъективтік құқықтар мен міндеттерден өзгеше), себебі олар еңбек құқығы
субъектісінің құқықтық статусының негізін құрайды.
Субъективтік құқықтар мен міндеттердің көлеміне және қарай еңбек
құқығының субъектісі ретінде кейбір санаттағы азаматтардың құқықтық
мәртебесі жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Міндеттер:
- Еңбек құқығының субъектілері шартының мәні мен мазмұнын толық ашу;
- Еңбек құқығының субъектілері белгілері мен құрамына тоқталу;
- Еңбек құқығының субъектілері түрлерін саралау;
- Еңбек құқығының субъектілері ұғымына анықтама беру;
- Осы мәліметтерді сараптап, түйінін қорытындылау.
-
Құрылымы:
Курстық жұмыс 2 тараудан қосалқы бөлімдерден, қорытындыдан,
пайдаланшан әдебиеттер тізімі, сілтемесінен ... ..беттен тұрады. Осы
курстық жұмысты орындау барысында мынадай құқықтанушылардың еңбектері
зерттеліп оқылды: Ахметов А, Ахметова Г,. Қашазов О,. Уваров В,Н,. Скала
В,И,. Хамзин А,Ш,.
І- тарау.
1.1. Еңбек құқығының субъектілері түсінігі және оларды топтастыру.
Еңбек құқығы, құқықтың дербес саласы ретінде өз субъектілерінің ауқымымен
сипатталады. Еңбек қатынастарына қатысушылардың сипаттамасы еңбек құқығының
пәнімен, әдісімен және қағидаттарымен бірлесе отырып бұл саланың Қазақстан
Республикасы ұлтгық құқығының жалпы жүйесіндегі өзіндік ерекшелігін ашады.
Қазіргі күшіндегі заңдарға сәйкес қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, оның
құқықтық регламантациясына, еңбекті қорғауға және еңбек заңдарының
сақталуына қадағалау және бақылау жүргізуге қатысушы жеке және заңдық
тұлға еңбек құқығының субъектісі болып табылады.
Еңбек құқығының субъектілеріне заң ерекше қасиет — құқықтық мәртебе
береді, ол оның нақты құқықтық қатынастарға қатысуына, мүмкіндік тудырады.
Құқықтық мәртебенің мазмұны мен сипаттамасы, бұл жағдайда, тараптардың
еңбектегі құқықтық субъектілігін, олардың субъективтік құқықтары мен
заңдық міндеттерін жүзеге асыру кепілдігін, сондай-ақ міндеттемені орындау
жауаптылығын қамтиды. Бұл элементтердің жиынтығы еңбек құқығының субъектісі
ұғымы туралы бүтіндей түсінік береді.

тән. Басқаша айтқанда, еңбектік құқық әрекеттілігі ерекше қасиет, ол тек
еңбек құқығының субъектілерінде ғана болады. Еңбек құқығы субъектілерінің
субъективтік құқықтары мен [1]заңдық міндеггерінің көлемі мен сипатына
байланысты жалпы және арнайы құқықтық мәртебелер болады. Жалпы құқықтық
мәртебе Қазақстан Республикасының Конституциясынан және еңбек туралы заң
актілерінен тікелей туындайтын және еңбек құқығы субъектілерінің әрбір
түрі үшін бірдей болып табылатын субъективтік құқықтар мен міндеттерді
қамтиды.

Арнайы құқықтық статус еңбек құқығы субъектілерінің кейбір түрлерінің
ерекшеліктерін сипаттайды. Статустық деңгейдегі жалпы субъективтік құқықтар
мен міндеттер азаматтардың, кесіпорындардың, мемлекеттік органдардың,
қоғамдық бірлестіктердің және еңбек құқығының басқа субъектілерінің арнайы
құқықтық мәртебесінде көрініс тауып нақтыланады. Еңбек туралы арнайы
заңнамада бекітілген субъективтік құқықтар мен міндеттер еңбек құқығы
субъектілерінің еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында туындаған нақты
құқықтық қатынастарға қатысуы үшін алғы шарт болып табылады. Жалпы және
арнайы құқықтық мәртебенің тұтастығы мен ара қатынасы еңбек құқығының
тұтастық және бөлшектік принципінің көрініс тапқаны.
Еңбек құқықтары субъектілерінің кұқықтық мәртебесі оны жүзеге асыру
тетігімен толықтырылады. Еңбектің құқық субъектілігі, статустық және арнайы
құқықтар мен міндеттерден басқа құқық мәртебесінің мазмұнына осы құкықтар
мен міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін заңдық кепілдемелер
мен міндеттемелерді орындауға жауаптылық кіреді. Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес (13 бап) әркімнің өзін құқық субъектісі деп танытуға
құқығы бар және өз кұқықтары мен міндеттерін заңға қайшы келмейтін барлық
тәсіддермен қорғауға құқылы.
заңдық кепілдіктер өздерінің мақсаты, мазмұны және субъектік құқықтар мен
міндеттерді қамтамасыз ету тәсілдері бойынша бөлектенеді. Заңдық кепілдік
сипаттамасының маңызды жақтарының бірі - жұмыскерлер өкілдерінің (оның
ішінде кәсіподақтың)еңбек жағдайларын белгілеуге, жұмыскерлердің заңды
құқықтары мен мүдделерін корғауға тікелей қатысуы. Мысалы, азаматтар
құқықтарын жүзеге асыру кепілдіктерінің қатарына олардың жұмыс түрін
тандаудағы бостандығын, олардың еңбек құқығын қорғауды ("Халықтың жұмыс пен
қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы); еңбек құқығын
жүзеге асырудағы тең мүмкінділікті, ешкімнің еңбек құқығының
шектелмейтіндігін немесе оларды жүзеге асыруда жынысына, жасына, нәсіліне,
ұлтына, тіліне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрған жеріне, діни
сеніміне, азаматтылығына, қай қоғамға кіретіндігіне, сондай-ақ жұмыскердің
іскерлік сапасымен және оның еңбегінің нетижесімен байланысты емес басқа да
мән-жайлар арқылы қандай да бір артықшылық алмауын жатқызуға болады. Бұл
жұмыскердің тендей еңбек үшін қандай да бір кемсітушілік болмай бірдей
еңбек ақы алу құқығына да жатады. Әңгіме қазақстандық жұмыскер мен шет
елдік жұмыскерлерге бірдей еңбек ақы төлеу жайында. Кемсітуге ұшыраған
адамдардың еңбек құқығының сот арқылы қорғалатыны заңда көрсетілген (Еңбек
туралы Заңның 4 бабы).
Субъективтік құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кепілдемелері және
міндеттемелерді орындауға жауаптылық еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық
мәртебесіне, егер енбекті қолдану саласында нақты құқық қатынастары орнап,
ары қарай сақталса, қандай да бір тұрақтылық береді. Мұны, еңбек туралы
заңнамада көзделген кепілдеменің, бір жағынан — еңбек құқығы
субъектілерінің өз құқықтарын және өздеріне жүктелген міндеттемелерін
орындауға итермелеитіндігі, екінші жағынан — өз міндеттерін орындамағандығы
немесе дұрыс орындамағандық үшін санкция белгілейтіндігі ескерілген.
Мысалы, қызметкерді өз тұрғысынан жұмыстан заңсыз босату, соттың жұмысқа
қайта қабылдау туралы шешімін орындамау, сол сияқты азаматтардың құқықтары
мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп соқтырған еңбек туралы
заңдарды басқаша да бұзған лауазымды адамға сот арқылы айыппұл салуға
немесе бес жылға дейінгі мерзімге басқа бір лауазымдарды атқару немесе
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға дейін жазалауды көзделген.
(ҚР ҚК-нің 148 бабы)
Аталып өткендей, еңбек құқығының нормаларымен реттелетін қоғамдық
қатынастарға әртүрлі субъектілер қатысуы мүмкін. Құқықтық мәртебесінің
ерекшеліктерін ескере отырып, оларды мынадай негізгі топтарға бөлуге
болады: 1) азаматтар; 2) жұмыс берушілер; 3) кәсіпкерлер одағы; 4)
мемлекетгік органдар. Бұл топтардық әрқайсысы, өз к өзегінде, түрлерге
бөлінеді. Мысалы, азаматтар, еңбек құқығының субъектісі ретінде жұмыскер
(жалданба еңбек адамы) және кәсіпкер бола алады. Шетел азаматтары мен
азаматтығы жоқ адамдар еңбек қатынастарында ерекше жағдайда тұрады.
Жұмыс берушілер — заңды тұлғалар меншік түріне қарай мемлекеттік және
жеке, қызметінің ұйымдық-құқықтық формасы бойынша - коммерциялық ұйымдар
(мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, акционерлік
қоғамдар, өндірістік кооперативтер) және коммерциялық емес ұйымдар
(мекемелер, коғамдық бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, діни ұйымдар және
заң актілерінде көзделген басқа формалар түріндегі) болуы мүмкін. Бұл
ұйымдардың еңбектік құқық субъектілігі олардың жарғылық құжаттарымен
анықталады.
Өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа әлеуметгік-экономикалық құқықтары
мен мүдделерін білдіру үшін азаматтардың өз еріктерімен құрған
кәсіпкерлер одағын; қай меншікке жататындығына және қай ведомстваға
бағынатынына қарамастан ұйымдарда еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамтылу
туралы заңдардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік
органдарды (Еңбек және халықты өлеуметгік қорғау министрлігі, Төтенше
жағдайлар жөніндегі Агенттік, т.б.) ерекше бөліп алуға болады.
Еңбек құқықтары субъектілерінің құқықтық мәртебесі осы тараудың алдағы
параграфтарында еңбек және оған ілеспелі құқықтық қатынастарды
қарастырғанда толығырақ сөз болады.
1.2. Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде.
Азаматтар өздерінің материалдық және рухани қажетгілігін қанағаттандыру
мақсатыңда әртүрлі қоғамдық қатынастарға қатысуы мүмкін. Азаматтар,
өздерін құқық субъектісі ретінде кәсіби қызметгің қандай да бір түрінде
өзін керсете алатын, қабілетін жүзеге асыра алатын мүмкіндік тудырушы
құқықтық қатынасарды ерекше бөліп алуы керек. Еңбектік құқық субъектілігі
бар азаматтар белгілі бір ұйымдық-құқықтық формадағы еңбекке, кәсіпкерлік
қызметке қабілетін жүзеге асырады. Жалданатын еңбек адамдарында
(жұмыскерлерде), жеке кәсіпкерлерде, шетел азаматтарында өз құқықтық
мәртебесі болады.

Жалпы құқықтық мәртебе Қазақстан Республикасының Конституциясынан және
еңбек туралы заң актілерінен тікелей туындайтын және барлық азаматтар үшін
бірдей болып табылатын құқықтар мен міндеттерді қамтиды. Қазақстан
Республикасының Конституциясы (24 бап) азаматтардың еркін еңбекке, қызмет
түрі мен кәсіпті еркін таңдауға құқын көздейді. Сонымен қатар, азаматгардың
қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына, ешқандай
кемсітусіз еңбек ақы алуға, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметгік қорғалуға;
жеке және ұжымдық дауларды, тіптен ереуілге шығып, заңда белгіленген
тәсілмен шешуге құқықтары бар. Ал, мәжбүрлеп жұмыс жасатуға тек сот үкімі
бойынша не төтенше немесе әскери жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
Қазіргі к үшіндегі еңбек заңнамасы азаматтардың еркін еңбекке құқығын
нақтылайды, оған кәсіптің, жұмыстың түрін таңдау, қабілетіне,
мүмкіндігіне, кәсіби дайындығына, біліміне қарай және қоғамның
мұқтаждығына сай жұмыс жасау құқығы кіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыскерлер демалуға,
жыл сайын төленетін демалыс алуға құқылы, қолайлы және қауіпсіз жұмыс
жағдайына, кәсіподақ бірігуге, т.б. құқылы.
Еңбек туралы заңнама жұмыскердің жалпы міндеттерін де көздейді. Оларға
жататындар: адал еңбек, еңбек тәртібін бұзбау, мүлікті ұқыптылықпен
сақтау, еңбек нормаларын орындау, еңбек өнімділігін арттыру, кәсби
шеберлігін ұштау, жұмыстың және шығаратын өнімнің сапасын жақсарту.
Еңбек құқығында арнайы еңбектік құқық қабілеттілік деген ұғым бар, оның
мағнасын құқықтық қатынастардың кейбір түрлеріне (тобына) кірудін, заңдық
мүмкіншіліктерінің жиынтығы құрайды. Мұндай құқықтык, қатынастар
субъектісі тек азамат ғана болады, ол қандай да бір лауазым, кәсіп,
мамандық иесі үшін заңда белгіленген арнайы біліктілік талаптарын
қанағаттандыруы тиіс.' Еңбек құқығының субъектілері ретінде жұмыскерлерге
еңбектік құқық субъектіліктің жалпы критерийлері: жастық, жігерлік және
әлеуметгік критерийлер таралады. Бұл жағдайда адамның нақты еңбек ету
қабілеті, яғни заңнамада және жақтардың келісімінде белгіленген жағдайдағы
жүйелі, жолға қойылған жұмысқа қабілеті.
Жас өлшемі критерийі адамның еңбектік құқық субъектілігін белгілі бір жас
мөлшерімен байланыстырады. Төменгі және жоғары шегі Қазақстан
Республикасының заңымен белгіленген жас еңбекке қабілетгі жас деп саналады.
Еңбек заңнамасында жұмысқа қабылданатын ең кіші жас 16 жас деп белгіленген.
Орта білім алса немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кетсе, 15 жасқа
ж өткен адам ата-анасының, қамқоршысының келісімімен жеке еңбек шартына
отыра алады. Жастарды өндірістік еңбекке дайындау үшін 14 жасқа толған
оқушыны, сабақтан бос уақытында, ата-анасының біреуінің (қамқоршысының)
рұқсатымен, денсаулыққа зиян келтірмейтін жұмысқа тартуға болады. Келісім
жазбаша формада (арыз) беріледі. Жеке еңбек шартына кәмелетке толмағанмен
бірге ата-ана (қамқор-шы) да қол қояды (Еңбек туралы Заңның 11 бабы).
Мемлекеттік қызметке тұратын адам 18 жастан кіші болмауға тиіс, егер
мемлекеттік қызметкерлердің тиісті санатына қатысты Республика заңында
басқадай көрсетілмеген болса (1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 б. 2 т.). 1998 жылғы 7 қа заңдағы
"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік қызметте болудың
еңжоғарғы шегін алып тастады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 б.
4 т.)
Ерік критерийі адамның еңбекке деген жігеріне байланысты. Психикасы
бұзылған және жігері шағылған адам еңбек міндеттерін ұғынып орындай алмайды
және өз іс-әрекетін бақылай алмайды. Психикасы бұзылғандықтан және ақылы
ауысқандықтан сот арқылы жұмысқа қабілеті жоқ деп танылған адам еңбек
құқығының субъектісі бола алмайды.
Еңбек жағдайына қатысты кейбір жеңілдіктер екі қабат әйелдер мен бір
жарым жасқа толмаған баласы бар әйелдер үшін де заңда қарастырылған (Еңбек
туралы заңның 66, 67 баптары).
Жалпы ереже бойынша 18 жасқа толмаған жұмыскер еңбектік құқық
қатынастарында кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ол еңбекті, жұмыс
уақытын, демалыстарды және басқа бірқатар еңбек жағдайын қорғау саласында
еңбек заңнамасында белгіленген жеңілдіктерді пайдаланады.
Еңбек туралы жаңа заңға сәйкес, жалданған жұмыскерге, бірнеше жұмыс
берушімен жеке еңбек шартын жасасуға құқық берілген. Қазақстан
Республикасындағы экономикалық реформа және нарықтық қатынастың калыптасуы
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтардың еңбектік құқық субъектілігін
заң тәртібінде анықтау қажеттігін тудырды. Кәсіпкерлік дегеніміз
азаматтардың және олардың бірлестіктерінің тауарларға деген сұранымды
қанағаттандыру (жұмыс, қызмет керсету) жолымен таза табыс табуға
бағытталған, жеке меншікке негізделген, күшіндегі заңдар шеңберіндегі
ынталы шаруашылық және басқа қызметі. Азаматтық кодексте және басқа заң
актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде азаматгар заңды тұлға
құрмайақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерлерді
мемлекеттік тіркеуде жасырын сипат бар, оның мәні жеке кәсіпкерлерді есепке
алу болып табылады. Мына жеке кәсіпкер міндетті түрде мемлекеттік
тіркеуден өтеді: а) жалдамалы жұмыскерлер еңбегін тұрақты негізде
пайдаланатывдар; б) кәсіпкерлік қызметтен тұсірген жылдық табысының
жиынтығы, салық заңдарына сәйкес есептегенде, Қазақстан Республикасының
заң актілерінде жеке тұлға үшін белгіленген, салық салынбайтын жылдық
табыс жиынтығынан артық мөлшерде табыс алғандар. Бұл жеке кәсіпкерлерге
мемлекеттік тіркеуден өтпей қызметпен айналысуға тыйым салынған. Егер жеке
кәсіпкер лицензия алуға жататын қызметті жүзеге асыратын болса, ол мұндай
қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия алуы тиіс (Қазақстан
Республикасы АК-нің 19 бабы).
Кейбір жағдайларда азаматтардың еңбектік құқық субъектілігі белгілі бір
мерзімге шектелуі мүмкін. Атап айтқанда, жұмыскерді белгілі бір лауазымда
болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру сот шешімі
арқылы негізгі немесе қосымша жаза ретінде белгіленуі мүмкін (5 жылға
дейінгі мерзімге). Мұндай заңы сот адамның сол лауазым немесе айналысқан
қызметі бойынша жасаған қылмысының сипаты, оның ондай лауазымда болуына
немесе ондай қызметпен айналысуына болмайды деп таныған жағдайда
белгіленеді. Еңбектік құқық субъектілік жарымжартылай және белгілі бір
мерзімге ғана шектелуі мүмкін.
Еңбек құқығының субъектісі шетел азаматтары да бола алады. Шетел
азаматтарын келісімшарт бойынша жұмысқа тарту практикасы бірлескен
кәсіпорындар ашуға, республика экономикасына шет ел капиталын тартуға, т.б.
байланысты кең өріс алуда. Бұлар басқа елдердің республика аумағында
уақытша тұратын, елшілік пен миссияларды қамтамасыз етумен байланысты емес
жұмыс атқаратьш адамдары болуы мүмкін. 1994 жылғы 24 желтоқсандагы "Шетел
инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасы заңының 25 бабына сәйкес
шетел қатысқан кәсіпорын қызметкерінің, оның әкімшілігінің, бақылау кеңесі
мүшелерінің құрамына шетел азаматтары да кіруі мүмкін, шетел қатысқан
кәсіпорынның шетелдік жұмыскеріне еңбек ақы төлеу, демалыс беру,
зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері олардың әрқайсымен жасалған жеке
еңбек шартында шешімін табады. Бұл жұмыскерлер шетел валютасымен алған өз
еңбек ақыларын, тиісті салықтар мен басқа міндетгі телемдерді төлегеннен
кейін шетелге аудара алады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын
шетел жұмыскерлерімен еңбек қатынастарына Қазақстан Республикасының
заңдары таралады, егер еңбек шартын жасаушылар оны жасағанда немесе ары
қарайғы келісім негізінде еңбек қатынастарының кейбір элементтерін
реттейтін заңдар тандаған болмаса. Бұл жағдайда шетелдік заңнама Қазақстан
Республикасы еңбек заңнамасының императивтік нормаларының күші жүретін
мәселелерге қолданылмайды.
Заңдық кепілдіктер азаматтардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтық
мәртебесінің сипаттамасын толықтырады. Қазақстан Республикасының аумағында
тұратын азаматтардың құқықтарын жүзеге асырудың кепіддігіне мыналарды
жатқызуға болады: жұмыс түрін таңдауға және басқа жұмысқа тұру саласындағы
жеңілдіктерге еркіндік, кәсіппен және жұмыспен айналысу үшін барлық
азаматтарға бірдей мүмкіндік туғызу, еңбек жөніндегі мемлекеттік
органдардың өкілдері арқылы біліктілікті көтеру, басқа жердегі жұмысқа
жіберуге байланысты материалдық шығынның орның толтыру, т.б. Заңнамада
жұмысқа алудан орынсыз бас тартудан, орынсыз жұмыстан шығарудан, жұмысқа
тұрарда кемсітудің к өзкелген формасынан қорғайтын нормалар белгіленген.
Мысалы, мүгедектігіне байланысты адаммен еңбек шартын жасаудан бас тарту,
жұмыс берушінің ынтасымен жеке еңбек шартын бұзу, оның келісімінсіз басқа
жұмысқа ауыстыру, мұндай жағдай дәрігерлік-әлеуметгік сараптаманың
қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді орындауға кедергі
келтірсе немесе басқа адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер
төндірсе ғана орын алады ("Қазақ КСР-да мүгедектердің әлеуметтік қорғалымы
туралы" Заңның 29 бабы); жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның еңбек
туралы заңнаманы және басқа нормативтік актілерді бұзуы (жалақы төлеуді
кешіктірген жағдайдан басқа), олардың еңбекті қорғау туралы заңнаманы не
еңбекті қорғау туралы ережені бұзуы (жазатайым жағдайға алып келмеген,
мемлекеттік қызметке тұру құқығына кедергі келтірмеген ретте) (Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы Кодекстің 87-97, 396 баптары), белгіленген мелшерде
айыппұл салуға әкеп тірейді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және тиісті әкімшілік
жаза тағайындауға еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция органдарының құқығы
бар (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 224-1 бабы); жұмыскерді
жеке араздыққа байланысты жұмыстан шығарған, жұмысқа қайтып алу жөніндегі
сот шешімін орындамаған, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды
мүдделерінің елеулі бұзылуына алып келген басқа құқық бұзушылық жасаған;
жүкті болғандықтан әйелді жұмысқа алудан жөнсіз бас тарту немесе орынсыз
жұмыстан шығару немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелді осы себепті
жұмысқа алудан бас тарту немесе жұмыстан шығару немесе кәмелетке толмаганда
осы себепті жұмысқа алудан бас тарту немесе жұмыстан шығару; ақша қаражатын
басқа мақсатқа жұмсап қойғандықтан басқару жұмысындағы адамның еңбск ақы
төлеуді неше қайтара кешіктіріп және оны толық төлемеуі лауазымды адамды
қылмыстық жауаптылыққа тартады (ҚР ҚК-нің 148бабы).
Орталық атқарушы орындардағы мемлекетгік қызметгің өкімшілік оргапдарына
тұру үшін конкурсқа қатысқан Қазақстан Республикасының азаматы конкурстық
комиссияның шешімдеріне шағым кслтіруге құқылы. Мұндай жағдайларда
конкурсқа қатысқандар мен теріс шешім шыгарылған кандидаттар мемлекетгік
қызмет жөніндегі өкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот
арқылы шағымдануға құқылы. Өкілетті орган (оның аумақтық бөлімшесі) шағым
түскен теріс шешімді қарап, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының, конкурс өткізу ережесінің, мемлекеттік қызмет туралы
басқа заңдардың бұзылғандығын анықтаса, конкурс комиссиясына аз шешімнің
кейбір тұстарын немесе оны толықтай бұзу жөнінде ұсыныс жасайды. (Әкімшілік
мемлекетгік бос қызметтерде конкурс жүргізу ережесінің 11 тарауы).
Кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысуға мемлекет кепілдік береді, оны
қолдайды ері қорғайды. Мысалы, кәсіпкерлердің құқығы кәсіпкерлік қызметпен
қандай да бір рұқсат алмайақ (лицензия керек қызметтерден басқалары)
айналысуға болатындығымен, экономиканың барлық саласындағы кәсіпкерліктің
барлық түрін бір тіркеуші органда мүмкіндігінше қарапайым жасырын тіркеу
тәртібімен; мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметті тексеруін заң
актілерімен шектеу арқылы; кәсіпкерлік қызметті заңда көзделген негіздер
бойынша тек сот шешімімен мәжбүрлеп тоқтату тәртібімен; жеке
кәсіпкерліктің айналысуына тыйым салынған жұмыстардың, қызметтердің,
тауарлардың түрлерін заң актілерінде белгілеумен; оның қызметіне заңсыз
кедергі келтірген мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдарды, сондай-ақ
басқа адамдар мен ұйымдарды кәсіпкер алдында заңда белгіленген тәртіпте
материалдық жауапқа тартумен; заңда көзделген өзге де амалдармен
қамтамасыз етіледі (ҚР АК-нің 10 бабы).
Өзінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, сондай-ақ басқа жеке және
заңды тұлғалардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау
мақсатында азаматтар өздерінің ұсыныстарымен, арыз-шағымдарымен, пікір-
сұраныстарымен мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға жүгінуге
құқылы ("Азаматтардың шағым-арыздарын қарау тәртібі туралы" Қазакстан
Республикасы Пр өзидентінің 24.06.1995 жылғы Жарлығының 3 бабы)
2.1. Жұмыс берушінің құкықтық мәртебесі.
Ресми түсініктемеге сәйкес жұмыс беруші дегеніміз — жұмыскер өзімен
құқықтық қатынаста болатын заңды немесе жеке тұлға (Еңбек туралы Заңның 1
бабы). Сол себепті кәсіпорын, мекеме, ұйым, кооперативтер, фермерлер және
еңбек шарты бойынша жалдау негізінде жұмыс беретін басқа к өзкелген заңдық
және жеке тұлға жұмыс беруші болып табылады. Жұмыс берушілердің еңбектік
құқық субъектілігі олар мемлекеггік тіркеуден өткен бойда туындайды. Жұмыс
берушінің еңбек құқығының субъектісі ретіндегі сипаттамасы осы рәсіммен
(тіркеумен) байланысты.
Кәсіпорын (мекеме, ұйым) дегеніміз белгілі бір кейіпте ұйымдасқан, заңды
түрде оқшауланған жұмыскерлер ұжымы, ол белгілі бір өндірістік-шаруашылық
(коммерциялық) қызметпен айналысады, сол қызметін жүргізгенде тиісті
материалдық-техникалық базаны (ғимарат, құрал-жабдық, көлік, т.б.)
пайдаланады. Жалпы азаматтық құқықтар мен міндеттерден басқа бұл ұжымдардың
қызметкерлерінде олардың өндірістік-шаруашылық қызметке қатысуы мен
тікелей байланысты, біліктілік сипаттамаларда, лауазымдық ережелерде,
нұсқауларда, т.б. бекітілген арнайы құқықтар мен міндеттер болады.
кәсіпорында (ұйымда, мекемеде) тиісті ішкі құрылым бо-лады, әрбір бөлімше
өздерінің, өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындайды. Жұмыс
берушінің ұйымдық тұтастығы тиісті жарғыда немесе ережеде заңмен
ресімделеді.
Қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болып саналатын коммерциялық
ұйымдар тек мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, акционерлік
қоғам, өндірістік кооператив түрінде ғана құрылуы мүмкін. Табыс табуды
мақсат тұтпаған және табысын оған қатысушылар өзара бөліспейтін ұйымдар
мекеме, қоғамдық бірлесгік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық
қор, діни бірлестік және басқадай заң актілерінде көзделген формада
құрылады (ҚР АК-нің 34 бабы).
Мемлекеттік кәсіпорындардың құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы Пр
өзидентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң
күші бар Жарлығында анықталған. Мемлекеттік кәсіпорынды құрушы құжат — оны
құрушылар (екілетгі орган) бекіткен жарғы. Мемлекеттік кәсіпорынға еңбектік
кұқық-субъектілігі беріледі, ол тіркеуден өткен к өзден бастап жұмыс беруші
бола алады. Жарғыда кәсіпорының жалданбалы қызметшіні жұмысқа алу және
жұмыстан шығарудағы, жұмыскерлердің жұмысын ұйымдастырудағы өкілеттігі
көзделеді, кәсіпорын мен құрушылар (өкілетті орган), кәсіпорын әкімшілігі
мен оның еңбек ұжымы арасындағы қатынасты анықтайды.
Мемлекеттік кәсіпорынның еңбектік құқық субъектілігінің маңызды элементі
— оның жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу қабілетгілігі. Кәсіпорынның еңбек ақы
қорының мөлшерін өкілетті орган жыл сайын белгілейді. Еңбек ақы төлеу
формасын, штат кестесін, лауазымдық жалақы мөлшерін, сыйақы төлеу және
басқа мадақтау жүйесін еңбекақы төлеу қорының шегінде кәсіпорын өзі
анықтайды.
Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының және бас (аға) бухгалтердің
лауазымдық жалақыларының мөлшерін, оларға сыйақы төлеу және басқадай
мадақтау жүйесін өкілетті орган белгілейді.
Кесіпорын басқа да еңбек жағдайын өзбетінше белгілеуге құқылы
(жұмыскерлердің кейбір санатгары үшін кысқартылған жұмыс күнін, қосымша
демалыс, жеңілдіктер, т.б.) Сонымен қатар кәсіпорынға еңбектің қауіпсіз
жағдайын, заңмен кепілдік берілген ең аз жалақы мөлшерін қамтамасыз ету,
әлеуметтік қорғау шараларын қолдану, т.б. міндеггер жұктеледі. Өздерінің
еңбек міндеттерін атқарумен байланысты жұмыскерлердің денсаулығына келген
нұқсан үшін кәсіпорын жауаптылық көтереді.
Мемлекеттік меншіктің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында
кәсіпорындарды мемлекеттік басқаруды күшейту үрдісі байқалуда (өкілетгі
органдар тарапынан). Кәсіпорынның заңды тұлға ретіндегі органы — оның
басшысы саналады, оны өкілетті орган тағайындайды, оған басшы есеп береді.
кәсіпорын басшысының құқықтық мәртебесі өзіндік ерекшелікке ие. Бір жағынан
ол жалданбалы жұмыскер. Сондықтан өкілетті орган онымен арадағы қатынасты
тікелей жеке еңбек шарты арқылы реттейді, онда басшының құқығы, міндеті
және жауапкершілігі, оның еңбек ету, демалу және материалдық қамтамасыз
етілу жағдайы, шарттың мерзімі және заңнамада көзделген кепілдіктер
ескеріле отырып оны қызметінен бо-сатудың негіздері
көрсетіледі.Кәсіпорындағы ахуал үшін басшы меншік иесі алдында тікелей өзі
жауап береді.
Басқа жағынан алғанда, кәсіпорын басшысы басқарушылық қызметін жүзеге
асырушы ретінде тиісті бір өкілеттіктер алған. Ол жеке басқару принципі
бойынша әрекет етеді, кәсіпорын жарғысында және күшіндегі заңнамада
белгіленген өз құзырына сәйкес кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін өзі
шешеді. Басшы ешқандай сенімхатсыз кәсіпорын атынан, барлық органдарда оның
мұддесін білдіреді, кәсіпорын мүлкіне қожалық етеді, шарттар жасасады,
сенімхаттар береді, банкте есеп ашады және басқа да мәміле жасайды, барлық
жұмыскерлер үшін міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады, нұсқаулар
береді.
Кәсіпорын ұжымына қатысты ұйымдық басқару міндетін әкімшілік жүзеге
асырады, оның құрамына басшыдан басқа оның орынбасарлары, өзге де басшы
қызметкерлер кіреді. Басшы өз өкілеттігі шеңберінде және еңбек заңнамасына
сейкес кәсіпорынға жұмысқа адамдар қабылдайды және оларды жұмыстан
босатады, мадақтау шараларын қолданады, оларға жаза тағайындайды. Штат
кестесін кәсіпорынның өзі анықтайды. Ал, басшының ұсынысы бойынша өкілетті
орган жұмысқа алатын немесе жұмыстан босататын қызметкерлер номенклатурасы
жарғыда көрсетілді. Басшының орынбасарларын кәсіпорын басшысының ұсынысымен
өкілетті орган жұмысқа тағайындайды және жұмыстан босатады.
Басшының орынбасарларының және басқа басшы қызметкерлердің өкілдігін
мекеме басшысы анықтайды. Басшының орынбасарлары өз құзыры шегінде
кәсіпорын атынан әрекет жасайды, мемлекетгік органдарда және басқа
кәсіпорындарда оның мүддесін білдіреді, олар шаруашылық операцияларын
жүргізе асады, сенімхатсыз шарт жасаса алады, сондай-ақ кәсіпорын
қызметкерлеріне сенімхат бере алады.
Кәсіпорын таратылған немесе қайта құрылған жағдайда жұмыстан босаған
жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың кепілдігі бар.
Кәсіпорынның енбек ұжымы еңбек құқығының субъектісі болып табылады.
Әкімшілік пен еңбек ұжымының араларындағы қатынасты кәсіпорынның жарғысы
анықтайды. Еңбек ұжымы дегеніміз - жеке еңбек шарты негізінде өздерінің
бірлескен еңбегімен кәсіпорынның өндірістік қызметін қамтамасыз ететін
барлық жұмыскерлер жиынтығы. Ұйымдық жағынан еңбек ұжымы толықтай
кәсіпорынды немесе оның құрылымдық бөлімшесін құрауы мүмкін (цех, бригада,
т.б.)
Еңбек ұжымының ең жоғарғы органы - жалпы жиналыс (конференция). Сондай-
ақ, еңбек ұжымы корпоративтік ұйымдарда да құрылуы мүмкін. Мысалы, еңбек
шарты бойынша өндірістік кооперативте жұмыс істеуші адамдар жалданбалы
жұмыскерлердің еңбек ұжымын құрайды. (Қазақстан Республикасы Пр өзидентінің
1995 жылғы 5 қазаңдағы "Өндірістік коопертив туралы" заң күші бар
Жарлығының 23 бабы.
Еңбек ұжымының заң шығарушылық қызметі оның сол ұжымдағы еңбектің
жағдайын реттеуге тікелей қатысуымен шектеледі. Мысалы, ұжымдық шарттың
жобасын, барлық пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып талқыланғаннан
кейін, екі жақтық комиссия толықтырып дайындайды, ол комиссияға жұмыс
беруші және жұмысқа жалданушылар жағынан кіретін адамдар саны тең болады.
Содан соң ғана ұжымдық шартқа екі жақтың да өкілетгі өкілдері қол қояды, ол
содан кейін жергілікті нормативтік құқықтық актіге айналады.
Өндірістік кооператив еңбек құқығының субъектісі болып табылады. Оның
құқықтық жағдайын Қазақстан Республикасы
Пр өзидентінің 1995 жылғы 5 қарашадағы "Өндірістік кооператив туралы" заң
күші бар Жарлығы анықтайды. Өндірістік кооператив дегеніміз — азаматтардың
бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік құрып, оған тікелей қатысатын
және мүліктік жарна (пай) төлейтін ерікті қауымдастығы. Өндірістік
кооперативтің құқықтық субъектілігі оның жарғысы тіркелген күннен бастап
туындайды.
Өндірістік кооперативке оның мүшелері мен жалданбалы жұмыскерлердің
еңбек ұжымы, яғни ұжымда еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар кіреді.
Жасы 16-ға толған, кооператив мүшесі болуға тілек білдірген және оның
қызметіне тікелей өз еңбегімен қатыса алатын к өз-келген адам өндірістік
кооперативке мүше бола алады. Зейнеткер жасына жеткен кооператив мүшелері
кооператив жарғысында көзделген тәртіпте өз мүшелігін сақтай алады.
Өндірістік кооператив мүшесінің құқықтары мен міндеттерін бұл
коммерциялық ұйымның құқықтық мәртебесіндегі ерекшеліктер анықтайды. Бұл
жерде еңбектік, ұйымдық және мүліктік қатынастар арасында тығыз үйлесім
бар. Мысалы, өндірістік кооперативтің мүшесі құрылтай құжаттарында
белгіленген тәртіпте кооператив істерін басқару жұмысына қатысуға;
кооперативті басқару органын сайлауға және оған сайлануға; кооператив
жұмысын жақсарту, оның оргавдары мен лауазымды адамдарының жұмысындағы
кемшіліктерді жою туралы ұсыныс жасауға; кооперативтің қызметі жайында
толық ақпарат алуға, оның ішіңде, бухгалтерлік және басқадай
құжаттамалармен танысуға; алынған табысты бөлісуге тікелей қатысуға; егер
құрылтай құжатгарында басқадай тәртіп қарастырылмаған болса, өзінің қосқан
еңбек үлесі қарай сол кооператив мүшелері арасында бөлінетін табыстан өз
үлесін алуға; жалақы түрінде немесе кооператив белгілеген басқадай формада
өз еңбегі үшін ақы алуға; демалыс күндері демалуға және қызметкерлердің
тиісті санаттары үшін заңда белгіленгеніндей мерзімде ақылы демалуға;
әлеуметтік сақтандыруға және әлеуметтік қамсыздандыруға, т.б. құқылы.
Өндірістік кооператив мүшесінің міндеттеріне келетін болсақ, ол құрылтай
кұжатгарында көзделген талаптарды сақтауға; өз құзырына сәйкес
кооперативтің сайланбалы басқару органының жалпы жиналысының шешімін
орындауға; кооперативті құру құжаттарында белгіленген тәртіпте, мөлшерде
және тәсілде мүліктік жарна төлеуге; кооператив қызметіне өзінің еңбек
үлесін қосуға; еңбек және ендірістік тәртіпті, еңбекті қорғау және
қауіпсіздік техникасы ережелерін; және басқа міндеттерді сақтауға тиіс.
Кооператив мүшелерінің еңбек қатынастары құрылтай құжаттармен және
өндірістік кооперативтер туралы заңнамамен, ал еңбек шарты бойынша жұмыс
істейтін адамдардікі еңбек туралы заңмен реттеледі. Жалданбалы жұмыс
адамдары жұмыскерлердің еңбек ұжымын құрайды. Жалпы жиналыстың шешімімен
кооперативтің ішкі еңбек ережелерінің, лауазымды адамдарға, кооператив
мүшелеріне және жалданбалы жұмыскерлерге еңбек ақы төлеудің тәртібі
қабылданады, ол өзгертіледі, өздерінің табыстары есебінен кооператив
мүшелеріне әлеуметгік қосымша жеңіддіктер қарастырылады, еңбекке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz