Толық серіктестік


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Экономика және Бизнес факультеті

Қаржы кафедрасы

Реферат

Тақырыбы « Шаруашылық серіктестіктің негізгі түрлеріне сипаттама: толық серіктестік т. б. акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, еншілес және бір-біріне тәуелді шаруашылықтық серіктестік »

Орындаған: Фо8к4 тобының студенті Сатылған Ержан

Тексерген: Нурмағанбетова М.

Алматы 2010

Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді:

1) ұжымдық - құқықтық;

2) ұжымдық экономикалық.

Ұжымдық - құқықтық кәсіпкерліктер:

Серіктектер - адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.

Шаруашылық серіктестіктері дегеніміз - пайда табу мақсатына негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін.

Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады. Осы жауапкершілік мөлшері қатысушыларымен дербес белгілененді және құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Бірақ оның мөлшері олардың жарғылық қордағы салымдарының екі есе көлемінен кем болмауы тиіс. Ерекшелігі - егер қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді.

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады. Іскерлік қызметті жүргізу үшін олар жалпы үлестік меншікті құратын өздерінің мүліктерін біріктіреді, яғни серіктестіктің әрбір мүшесінің аталмыш кәсіпорынға мүліктік немесе ақшалай түрде енгізген салымына сәйкес өзінің үлесі болады.

Командиттік (сенім) серіктестік - салымшылары басқарудан алшақтатылған серіктестік, яғни сенімге негізделген серіктестік немесе барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады. Латын тілінен аударғанда «коммендере» - тапсырыс деген мағына береді. Сенім серіктестігі өзінің мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері бойынша қосымша жауапкершілікті ниеттестікпен алып жүретін қатысушыларды және серіктестікің кәсіпкерлік қазметіне қатыспайтын жауапкершілігі шектелген қатысушыларды кіріктіреді.

Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады. АҚ-ның қатысушылары - акционерлер - оның міндеттемелері бойынша жауап беруге және оның өзлеріне тиесілі акциялар құны шегінде қоғамның қызметіне байланысты болатын залалдар шегуге тәуекел етеді. АҚ-ның өз қатысушыларының мүлкінен басқа оқшауланған мүлкі болады және өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады, өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.

Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арсында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олрадың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.

Кәсіпкерліктің ұжымдық - экономикалық формалары:

  1. Концерн - көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
  2. Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми -техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
  3. Консорциум - бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
  4. Синдикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
  5. Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандардын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
  6. Финанс - өнеркәсіп тобы - банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

Еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізгі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады. Еншілес шаруашылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және ондай серіктестіктердің өз алдына жарғылық қорлары болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін өздері жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.

"Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның қатысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және біріктірілген (консолидация) қаржылық есеп беруінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет. Ол үйлесімді (пропорционалды) біріктіру үшін есеп беретін пішімдердің (форматтардың) біреуін қолдану негізінде жүзеге асады.

Унитарлы кәсіпорын - коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

1 кесте: Артықшылықтар мен кемшіліктер

Формалар: Формалар
Артықшылықтары: Артықшылықтары
Кемшіліктері: Кемшіліктері
Формалар:

Серіктестік дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма:

  • жауапкершілігі шектеулі,
  • толық жауапкершіліктегі,
  • жауапкершілігі аралас серіктестік.
Артықшылықтары:
  • Ұйымдастырудің қарапайымдылығы,
  • қосымша қаржы, құралдардың тарту жеңіл,
  • мамандандырылу-дың деңгейі жоғары,
  • өндіріс көлемін кеңейту мүмкін-шілігі мол.
Кемшіліктері:
  • әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі,
  • серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі,
  • құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы,
  • бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі.
Формалар: Акционерлік қоғам - акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық.
Артықшылықтары:
  • Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі,
  • фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қоймайды. )
Кемшіліктері:
  • Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі,
  • акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі,
  • кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық серіктестік түрлері
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы
Шаруашылық серіктестіктің түсінігі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ШАРТ (ЖАЙ СЕРІКТЕСТІК)
Шаруашылық серіктестік
Шаруашылық серікестіктер
Шаруашылық серіктестіктің түрлері
Серіктестіктер дегеніміз – адамдардың бірлестігі
Шаруашылық серіктестіктегі қатынастардың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz