Заң шығарушы, атқарушы және сот


БIТIРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Ерекше талап өндiрiсi
РЕФЕРАТ
Бiтiру жұмысым Ереше талап өндiрiсi тақырыбына жазылған. Жұмыстың құрылымы: Кiрiспеден, екi тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмысты жазу барысында отандық және Ресей Федерациясының ғалым процессуалистерiнiң еңбектерi, сонымен қатар тақырып бойынша нормативтiк-құқықтық актiлер зерттелген. Автор Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi мен Ресей Федерациясының азаматтық iс жүргiзу кодексiне салыстырмалы талдау жасаған.
Жұмыстың бiрiншi тарауында Ерекше талап өндiрiсiнiң түсiнiгi мен мәнi, оның азаматтық сот өндiрiсiнде алатын орны қарастырылған.
Бiтiру жұмысының екiншi бөлiмiнде ерекше талап өндiрiсi бойынша сот әдiлдiгiн жүзеге асыру тәртiбi, iстi қозғау, ол бойынша сот мәжiлiсiне дайындау, сот мәжiлiсi, ерекше талап өндiрiсi iстерiн қайта қарау зерттелген.
Жұмысты жазу барысында қолданылған терминдер: ерекше талап өндiрiсi, сайлау құқығы, норматитвтiк-құқықтық актiнi заңсыз деп тану, актiлерге дау айту, әкiмшiлiк құқы бұзушылық, лауазымды адам, арыз берушi.
ЖОСПАР:
Кiрiспе . . . 4-5
- Тарау.
Ерекше талап қою арқылы iс жүргiзу - азаматтық iс жүргiзудiң бiр түрi ретiнде . . . 6
1. 1. Ерекше талап өндiрiсiнiң түсiнiгi мен мәнi . . . 7
2. Тарау.
Ерекше талап қою арқылы iс жүргiзу . . . 14
2. 1. Арызды қабылдау. Iстi қарау… . . . 14
2. 2. Соттың шешiмi және оның орындалуы . . . 20
2. 3. Ерекше талап өндiрiсiндегi қайта қарау . . . 25
Қорытынды . . . 30
Пайдаланған әдебиеттер . . . 31
Кiрiспе
Азаматтар мен оның билiк және билiк құрылысымен өзара қатынастарының мәселелерi ежелден келе жатқан дүние. Гуго Гроций, Жан Жак Руссо, Кант және басқа да көптеген ойшылдар мемлекеттегi билiктi шектеудiң әдiстерiн iздеген. Осылайша құқықтық мемелекет идеясы пайда болды. Құқықтық мемелекет терминiн алғаш Роберт фон Моль енгiздi. Құқықтық мемлекет мәнi жиырмасыншы ғасырда былай деп анықталды: құқытық мемелекет деп өзiне, үкiметке, өзiмен заң шығарушы органмен шығарылатын заң нормаларын мiндеттi деп таниды. Он тоғызыншы ғасырдың аяғында құқытық мемелекет белгiлерi деп мыналар танылды: а-құқытық мемлекетте заң жоғары болды, б-құқытық мемлекет құрылысы мен қызметiнде билiктi бөлу концепциясын жүзеге асырады. Заң шығарушы, атқарушы және сот; в- құқытық мемлекетте әкiмшiлiк юстиция жүйесi ұйымдастырылады.
Әкiмшiлiк юстиция дегенiмiз не, орта ғасырларда Англияда патшаға және оның шенеунiктерiне талап қоюға мүмкiн болған. Бұл формула: Ағылшындар заңмен тек заңмен басқарылады деген барлық континентальды Европа және Ресейге қызығушылық тудырды. Қазiргi кезде әкiмшiлiк құқық әр мемлекетте әр түрлi қалыптасқан:
- Арнайы жүйе құратын барлық әкiмшiлiк дауларды қарайтын әкiмшiлiк соттар болады, төменгi, ортанғы және жоғарғы инстанциялық соттардан тұрады. Бұл жүйе жалпы юрисдикциялық соттар жүйесiмен қатар бола бередi. Мұндай жүйенi немiстiк деп атауға болады, бұл жүйе өткен ғасырдан Германиядан басқа австрияда, Финляндияда және т. б. мемлекеттерде қолданылады.
- Әкiмшiлiк дауларды қарастыру үшiн арнайы iстердi бiрiншi инстанция бойынша қарау үшiн әкiмшiлiк трибуналы құрылады. Апелляцияны мемлекеттiк Кеңеске беруге болады. Бұл Француз жүйесi, бiрақ бұл жүйенi дауды шешуде сот тәуелсiздiгi қамтамасыз етiлмейдi. Осылай бола тұра француз жүйесi Италияның, Грецияның және африканың бiраз мемлекеттерiнiң әкiмшiлiк құқығының ұйымдасуына ықпал еттi.
- Әрбр мүдделi тұлға жалпы сотқа қандай да әкiмшiлiк даулар туралы талап қоя алады. Сонымен қатар бөлек әкiмшiлiк дауларды қарау үшiн арнайы әкiмшiлiк соттар құрылады, бiрақ олар бiр жүйенi құрмайды. Англияда мысалы зейнетақы туралы, салыққа байланысты, ауылшаруашылық жер мәселелерiне байланысты болған. Бұл жүйе АҚШ-тың, Канаданың, Австрияның және т. б. елдердiң жүйелерiне әсер еттi. Яғни, әрбiр мемлекеттiң әкiмшiлiк құқығы әр түрлi, бiрақ барлығы бiр институтты құрады.
Бiрiншiден, барлық әкiмшiлiк басқарушылық саласында азаматтар мен заңды тұлғалар арасында, бiр жағынан әкiмшiлiк органдар мен лауазымды тұлғалар жағынан туындайтын дауларды шешу жүйесi бiр. Бұл даулардың мазмұны әр түрлi, бiрақ барлығы әкiмшiлiк-құқытық түрде болады. Кейбiр жүйеде барлық әкiмшiлiк даулар әкiмшiлiк-құқық органдарында қарастырылады деген қағида қалыптасқан, кейбiреуiнде тек бөлек даулар категориясы бұл органдарға қарауға жiберiледi. Бiреуiнде тек субъективтiк құқықтарын қорғау болса, екiншiсiнде басқарушы органдармен берiлетiн нормативтiк актiлердiң заңдылығына дау айту мәселелерi жiберiледi.
Екiншiден, барлық әкiмшiлiк құқық жүйелерiнде құқыққа байланысты дауларды шешетiн органдар бұл iстердi қарауға өкiлеттi. Кейбiр жағдайларда бұл рольдi әкiмшiлiк соттан тәуелсiз жэалпы соттар қарайды, және әкiмшiлiк iстерден басқа да дауларды шешуге құқылы. Бiраз уақыт бұрын англиялық доктрина бойынша әкiмшiлiк қызметтi тек жалпы соттар ғана дұрыс қадағалайды деп санаған.
Үшiншiден, әрбiр әкiмшiлiк дауларды шешу мен қарау заңмен белгiленген процессуалды нысанда болады. Сәйкесiнше азаматтық iс жүргiзу, әкiмшiлiк iс жүргiзу және квазисоттық нысанда қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi бойынша әкiмшiлiк iстердi қарауды Ерекше талап қоюмен iс жүргiзу деп атайды.
Яғни оның аталуының әр түрлi болғанымен маңызы мен түсiнiгi бiр.
1. Ерекше талап қою арқылы iс жүргiзу - азаматтық iс жүргiзудiң бiр түрi ретiнде
Азаматтық iс жүргiзудi үшке бөлу әлi даулы мәселе болып отыр, себебi азаматтық iс жүргiзу құқығы теориясында әкiмшiлiк құқықтық қатынастардан туындайтын iстерге арнайы iс жүргiзудiң түрiн бөлудiң қажетi жоқ деп айтады.
Әр мемлекетте қалай қалыптасса да бұл әлi даулы мәселе болып отыр, бiрақ Қазақстан Республикасының заңдары бойынша бұл iс жүргiзу түрi - ерекше талап өндiрiсi деп аталады.
Бiрқатар авторлардың ойы бойынша, бұл iстер бiр талап өндiрiсiнде қаралады. Бұл талап өндiрiсi азаматтар мен заңды тұлғаларды мемлекеттiк органдар мен оның лауазымды тұлғаларының құыққа қайшы iс әрекеттерiнен қорғауды қамтамасыз етедi. 1
Ал, екiншi авторлар қатары бұл iс жүргiзу түрiн қажет деп санайды. Сонымен жария-құқытық қатынастардан пайда болатын iстер бойынша ғылыми зерттеулерде әкiмшiлiк құқық деп аталады. Әрбiр мемлекеттiң соттарының қалыптасуында әкiмшiлiк соттар болған және бар. 2
Әрине мамандырылған соттардың болуы дұрыс және қажет. Бұл тек құқықтық мәселе емес сонымен қатар тiкелей экономикалық мәселе. Бiздiң мемлекеттiң болашақ жоспарында мамандандырылған соттар құру бар. Сондықтан қазiргi заңнама бұл өндiрiс түрiн соттың бiрiншi инстанциясында азаматтық iс жүргiзу шеңберiндегi ерекше талап өндiрiсi деп реттейдi.
Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң екiншi бөлiмiнiң, үшiншi бөлiмшесiнде Ерекше талап қоюмен iс жүргiзу деп аталған 25-29 тарауларды бөлген.
Сонымен қатар, Конституция, заңдар, басқа да нормативтiк құқықтық актiлер, Республиканың халықаралық шарттарының негiзiнен туындайтын iстер мен даулардың бәрiне сот билiк етедi. Сондықтан заң қарау мен шешудiң басқа тәртiбiн ескертпеген жағдайда, барлық жария-құқықтық қатынастардан пайда болатын даулар сот тәртiбiмен қаралады. АIЖК 24 бабаның үшiншi бөлiмiнде «Мемлекеттiк орган немесе оның лауазымды адамы қабылдаған актiге сотта дау жасалуы мүмкiн». Бiрақ осы баптың келесi бөлiмiнде ерекше талап өндiрiсi тәртiбiмен қаралатын жария құқықтық қатынастардың нақты түрлерiн көрсеткен. АIЖК 24-б 4 бөлiмiнде: Соттар осы кодекстiң 25-29 тарауларында келтiрiлен ерекше талап қойылған iс жүргiзу iстерiн қарайды. Бұдан қорытынды жасайтын болсақ, жариялық құқытық қатынастардан даулардан пайда болатын iстер талап өндiрiсi немесе ерекше талап өндiрiсi тәртiбiмен қаралады. Яғни, заңмен ерекше талап өндiрiсiне жататын даулардың тiзбесi берiлген.
Әкiмшiлiк орган және лауазымды тұлғалардың басқарушылық қызметiне шағымдануды соттың бұл қадағалауы бiр нысаны ғана емес. Азаматтық құқыққа байланысты актiлер талап тәртiбiмен дауланады.
Азаматтық және әкiмшiлiк даулардан туындайтын талап өндiрiстерiне ортақ бiр ұқсастық құқық туралы даудың болуы. Әкiмшiлiк қатынастардан туындайьын дауларға қатысушылар мемлекеттiк билiк органдар немесе басқарушылық немесе лауазымды тұлға. 3
Соттар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкiмшiлiк, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қатынастар мен басқа да құқытық қатынастардан, оның iшiнде бiр тараптың екiншi тарапты билiкпен бағындыруына негiзделеген қатынастардан туындайтын даулар жөнiндегi талап қоюды қарайды.
- Ерекше талап өндiрiсiнiң түсiнiгi мен мәнi
Ерекше талап өндiрiсiне жататын жария-құқықтық қатынастарының белгiлi түрлерiнен туындайтын құқықты даулау iстерi заңмен көрсетiлген.
-Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу;
-Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың қаулыларына дау айту туралы iстер бойынша iс жүргiзу
-Мемлекеттiк өкiмет, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттiк қызметшiлердiң шешiмдерi мен әрекеттерiне дау айту туралы iс бойынша iс жүргiзу
-Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығына орай даулар туралы iс жүргiзу
-Прокуратура органдары мен лауазымды адамдардың актiлерi мен iс әрекеттерiн заңсыз деп тану туралы жүгiнуi
Ерекше талап өндiрiс iстерiне тән қасиеттер:
- бұл iстердiң заңмен тiкелей көрсетiлуi;
- азаматтар, қоғамдық бiрлестiктерiмен бiр жағынан, екiншi жағынан мемлекеттiк орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару огргандары, ұйымдар, лауазымды тұлға және мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы құқық туралы даудың болуы. Өндiрiстiң бұл түрi әртүрлi материалдық қатынастардан туындайтын iстердi қарайды: сайлау, конституциялық, әкiмшiлiк, қаржы, салық. Яғни азаматтардың осындай құқықтары бұзылған жағдайда арыз бередi.
- Осы iстердi қарау және шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың актiлерi мен әрекеттерiнiң заңдылығын тексеру.
Бұл жерде яғни соттар әкiмшiлiк органдардың актiлерiнiң заңға қайшы келмеуiн және азаматтардың құқықтарын шектемеуiн қадағалайды, ал басқа жағдайларда соттар олардың өз шеңберiндегi шешiмдерiне баға бере алмайды.
Осыдан келе, ерекше талап өндiрiсi - бұл жария-құқықтық қатынастардан туындайтын заңмен белгiленген iстердi соттың бiрiншi инстанцияясымен қарау мен шешу тәртiбi.
Ерекше талап өндiрiсi iстерi басқа да азаматтық iстердi қарау тәртiбiмен қаралады. Жалпы ережелер өндiрiстiң қағидалары, процесстiң сатылары бойынша дамуы, дәлелдемелер және дәлелдеу тәртiбi, сот отырысы хаттамасын кiргiзу, сот актiлерiн шығару тәртiбi, iске байланысты өндiрiстiң тоқтатылуы, арызды қараусыз қалдыру және т. б.
Сонымен қатар кейбiр осы өндiрiс бойынша шешу мен қараудың ерекшелiктерi бар:
- Сотқа талап емес арыз берiледi;
- Жеке және заңды тұлғалардың құқытарын шектеген мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғаларға дау айту туралы арыздарды қоспағанда, басқа арыз берушi тұлғалар мемлекеттiк баж салығын төлемейдi;
- Сотқа арыз беру мерзiмдерi көрсетiледi;
- Территорилық соттылықтың ерекшелiктерi болады;
- Кейбiр iстердiң қаралуы және шешiлуi бойынша мерзiмдер бекiтiледi;
- Құқыққа байланысты даулардың субъектiлерi талапкер және жауапкер деп аталмайды. Бiр жақта азаматтар немесе қоғамдық бiрлестiктер, ао екiншi жақта мемлекеттiк орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы, лауазымды тұлға немесе мемлекеттiк қызметкер деп заң белгiлейдi;
- Дауласушы тараптардың бiтiмгершiлiк келiсiмге келу мүмкiндiгi болмайды;
- Азаматтар немесе қоғамдық бiрлестiктер даулап отырған шешiмдер мен әрекеттердiң заңдылығын дәлелдеу мiндетi мемлекеттiк орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы, лауазымды тұлға немесе мемлекеттiк қызметкерге берiледi;
- Құқытарды қорғаудың арнайы әдiстерi бекiтiледi: мемлекеттiк орган немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының актiлерiн заңға қайшы немесе жарамсыз деп тану; мемлекеттiк орган немесе лауазымды тұлғадан азаматтар немесе қоғамдық бiрлестiктерге құқыққа ие болу кезiнде жасаған кедергiлерi үшiн айыппұл өндiру.
Сайлау құқытарын қорғау туралы арыздар мен қаулыларға, шешiмдерге, әрекеттерге, актiлерге дау айту iстерi бойынша ерекше талап қою арқылы iс жүргiзу.
Сайлау құқықтарын қорғауға байланысты iстердi қарау мен шешу ерекшелiгi АIЖК 25 тарауымен берiледi. «Мемлекеттiк органның, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешiмiмен, әрекетiмен сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумдарға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бiрлестiк, сайлау комиссиясының мүшесi басқа да соттылыққа жататын iс бойынша арызбен сотқа жүгiнуiне құқылы». Сайлау комиссияларының шешiмдерi сот тәртiбiмен жоғарыда тұрған сайлау комиссияларына шағымдануына болады.
Әрбiр азамат сайлау құқығы шектелген немесе дұрыс сақталмаған жағдайда, сайлау құқытары толығымен немесе iшiнара бұзылған кезде арыз беру арқылы құқытарын орнына келтiредi.
Сайлауға әзiрлiк және оны өткiзу кезеңiнде түскен арыз ол берiлген күннен бастап бес күн мерзiм iшiнде, ал дауыс беру күнiнен бес күн бұрын және дауыс беру күнi түскен арыз дереу қаралуға тиiс. Сот шешiмi дереу заңды күшiне енедi және апелляциялық шағымдануға жатпайды.
Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың қаулыларына дау айту туралы iстер бойынша iс жүргiзуге байланысты тұлғалармен шағым берiледi. 4
Әкiмшiлiк құқықбұзушылықтан жәбiр көрген адамдар және олардың заңды өкiлдерi мен қорғаушылары сотқа шағымдануына, сондай-ақ прокурор сотқа наразылық келтiруi мүмкiн.
Шағымда талап арызға қойылған талаптар толық болуы қажет, сондай-ақ нақты алғанда қандай қаулыға шағым жасалып отырғандығы туралы деректер, оның шығарылған күнi көрсетiлуi тиiс.
Әкiмшiлiк құқықбұзушылықтан зардап шеккен адам да сотта әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыға дау айтуға құқылы. Сотқа шағым беру әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыға дау айтуға құқылы. Сотқа шағым беру әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрады. Шағым беру мерзiмiнiң өткiзiлiп алуы, әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң, сондай-ақ қаулының орындалу мерзiмiнiң өткiзiлiп алуы, әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң, сондай-ақ қаулының орындалу мерзiмiнiң өтуiне соттың шағымды қарауға қабылдаудан бас тартуына негiз болып табылмайды. Мерзiмдер мен олардың iстi дұрыс шешу үшiн маңызын сот шағымының мазмұнына қарамастан тексередi. ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 275-1 бабында шағымдану мен наразылық бiлдiру тәртiбiн көрсетедi:
- Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның қаулысына әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамдар және т. б. қаулының көшiрмесi табыс етiлген күннен кейiн он күннiң iшiнде тiкелей сотқа шағым бере алады.
- Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi орган жоғары тұрған органның қаулысына жоғарыда көрсетiлген мерзiмде аталған адамдар сотқа шағым бере алады.
- Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жоғары тұрған органға және сотқа бiр мезгiлде түссе, онда шағымды сот қарайды.
- Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға прокурор қаулының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн iшiнде сотқа наразылық келтiруi мүмкiн.
Сот шағымды он күн мерзiмде қарайды.
Мемлекеттiк өкiмет, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттiк қызметшiлердiң шешiмдерi мен әрекеттерiне дау айту туралы iс бойынша iс жүргiзу АIЖК-нiң 27 таруында берiлген. Қазақстан рсепубликасының Конституциясының 13 бабына сәйкес әркiмнiң өз құқытары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
Арыз беру тәртiбi, азамат пен заңды тұлға мемлекеттiк органның, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының, қоамдық бiрлестiктiң, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттiк қызметшiнiң шешiмiне, әрекетiне тiкелей сотта дау айтуға құқылы. Жоғары тұрған органдар мен ұйымдарға, лауазымды адамға алдын ала жүгiну сотқа арыз беруге және шешуiне мiндеттi шарт болып табылмайды.
Арыз берушiнiң мемлекеттiк құпия болып табылатын мәлiметтер туралы хабардар болуының негiзi бойынша Қазақстан Республикасынан шетелге кетуiне рұқсат беруден бас тартуға тиiстi аудандық және кету туралы өтiнiштi қанағаттандырмау жөнiндегi шешiм қабылданған жердегi соған теңестiрiлген сотта дау айтылады.
Бiз алдында қарастырып кеткендей мұндай iстер бойынша мемлекеттiк баж төленедi:
- жеке тұлғалардың құқытарын шектеген мемлекеттiк орган және лауазымды тұлғалардың әрекеттерiнiң заңсыздығына шағымдану - 30%
- заңды тұлғалардың құқытарын шектеген мемлекеттiк орган және лауазымды тұлғалардың әрекеттерiнiң заңсыздығына шағымдану - 500%
Сот арқылы дау айтуға жататын шешiмдер мен әрекеттер АIЖК 279 бабында берiлген:
-Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң сотта дау айтылатын шешiмдерiне, әрекеттерi нәтижесiнде:
а. Азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылған;
б. Азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн жүзеге асыруына кедергi жасалған;
в. Азаматқа немесе заңды тұлғаға әлдебiр мiндет заңсыз жүктелген немесе олар заңсыз жауапқа тартылған алқалық және жеке дара шешiмдер мен әрекеттер жатады.
- Мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен лауазымды адамдардың мынадай шешiмдерi мен әрекеттерiне:
А. Тексерiлуi Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң айрықша құзiретiне жатқызылған нормативтiк-құқықтық актiлерге;
Б. Оларға қатысты заң сотқа шағымданудың өзгеше тәртiбiн көздейтiн жеке дара нормативтiк құқықтық актiлерге сотта дау айтуға болмайды.
Сотқа арыз берiп жүгiнуге арналған мерзiм.
Азамат және заңды тұлға өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы өздерiне мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде сотқа арызбен жүгiнуге құқылы.
Арыз берiп жүгiнуге арналған үш айлық мерзiмдi өткiзiп алу соттың арызды қабылдаудан бас тартуына негiз болып табылмайды. Мерзiмнiң өткiзiлiп алу себептерi сот отырысында арызды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және арыздың қанағаттандырылуынан бас тарту негiздемелерiнiң бiрi болуы мүмкiн.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығына орай даулар туралы iс бойынша iс жүргiзу.
- Өздерiне нормативтiк құқықтық актiнiң күшi қолданылатын, мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның заңда көзделген тәртiппен қабылданып, жарияланған нормативтiк құқықтық актiсiмен азаматтардың немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтары және заңмен қорғалған мүдделерi бұзылып отыр деп санайтын азамат немесе заңды тұлға бұл актiнi заңға толық немесе жекелеген бөлiгiнде қайшы келедi деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
- Тексерiлуi ҚР Конституциялық кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығына дау айту туралы арыздар бойынша сотта қаралуға тиiстi емес.
- Арыз заңмен белгiленген сотта қаралуға жататын iс бойынша берiледi.
- Азаматтың және заңды тұлғаның арызы заңда көзделген талаптарға сай келуге және онда нормативтiк құқытық актiнi қабылдаған мемлекеттiк органның атауы немесе лауазымды адам, оның қабылданған күнi туралы қосымша деректер болып, осы акт немесе оның жекелеген ережелерi арқылы азаматтың жән; е заңды тұлғаның нақты қандай құқытары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылып отырғаны, дау туғызып отырған актiнiң ҚР Конституциясының қандай баптарына, заңдардың, ҚР Президентi жарлықтарының қандай ережелерiне қайшы келетiндiгi көрсетiлуi тиiс.
- Арызға дау айтылып отырғаны актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң көшiрмесi қоса тiркелiп, нормативтiк құқытық актiнi қандай бұқаралық ақпарат органы және оны қашан жарияланғаны көрсетiледi.
- Сотқа арыз беру норматитвiк құқықтық актiнiң қолданылуын тоқтатпайды.
2. Ерекше
талап қою арқылы iс жүргiзу.
2. 1. Арызды қабылдау. Iстi қарау.
Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу сайлауға әзірлік және он өткізу кезеңінде түскен арыз оның берілген күнінен бастап бес күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын және дауыс беру күні түскен арыз дереу қаралуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz