Оқыту тәжірибесінің мақсаты
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес факультеті
Экономикалық теория кафедрасы
Диплом алдындағы тәжірибе нәтижелерінің
Есебі
Құқық және Экономика Негіздерінің
4 курс студенті
Тәжірибе жетекшісі
(ғылыми дәрежесі, қызметі)
Дауылбаев Қуандық Бахтиярович
Т.А.Ә.
Алматы, 2010
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Оқыту үрдісі және онық қызметтері
2.2 Оқыту үрдісінің түрлері
2.3 Дәріс және семинар – арнайы орта білім беру мекемесіндегі оқытудың
негізгі нысаны ретінде.
III. Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан білім беру саласына өте үлкен мән беріп отыр.
Бұл салада жүргізілген реформалар педагогикалық мамандар даярлау ісіне
үлкен талаптар қойып отыр. Осыған байланысты жоғары оқу орнындағы теориялық
білімді іс-тәжірибемен байланыстырудың маңызының арта түскенін байқаймыз.
Аталғанн оқу-тәрбиелік тәжірибе жұмысы 2009-2010 оқу жылында 18
қаңтар мен 26 ақпан аралығында Д. А: Қонаев атындағы Колледжде өтті.
Оқыту тәжірибесінің мақсаты:
➢ Университеттегі теориялық білім негіздерін нақты іс-тәжірибемен
ұштастыру;
➢ Негізгі кәсіби және тәжірибелік жұмыстарда арнайы оқытуды бекіту,
тереңдету және пайдалану.
Оқыту тәжірибесінің міндеттері:
• Топтың педагогикалық үрдісін ақу және ой қорыту:
- Оқу үрдісі тұтас педагогикалық процестің негізгі жарамды бөлігі
ретінде.
• Педагогикалық үрдістің негізгі сипаттамасы психологиялық
–диагностикалық әдістемені меңгеру;
• Кәсіби міндетті қалыптастыру;
• Студенттің жеке кәсіби дамуын негізгі бағдарламамен ұштастыру.
Колледж 1998 жылы құрылған Д. А. Қонаев атындағы Университеттің
филиалы ретінде ашылды. Мемлекеттік лицензиясы №0005807. Колледжтің Талғар
қаласында филиалы бар. Алматыдағы оқу орнындағы мамандықтар келесідей:
кеден ісі, қаржы, құқықтану, есеп және аудит, аудару ісі, қонақүй
шаруашылығын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, туризм. Талғар қаласындағы
мамандықтар: экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау, шетел тілі, дене
шынықтыру мәдениеті.
Оқу процесі колледжде мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде оқу
бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Оқу барысы колледжде жоғарғы санатты
оқытушылармен оқытылады. Оқу әдістемелік жұмысының ең басты мақсаты болып,
оқушыларға арнайы тәжірибелік және кәсіби білім беруді қалыптастыру,
оқушылардың өндірістегі тәжірибесін пайдаланып, білімін жақсарту және
практикада қолдану. Колледждің басты мақсаты - жоғарғы санатты мамандар
дайындау. Жұмыстың басты бағыттары педагогикалық кенестің әдістемелік
отырысында каралады.
Колледжде заң, экономика,информатика, жалпы білім беру бөлімдері жұмыс
істейді. Колледж білімгерлері жыл сайын ат салысып, қалалық сайыстарда,
ғылыми практикалық конференцияларға қатысып, жүлделі орындар алады. Оқу
процесі кезінде оқушылардын теориялық алған білімдерін тереңдету, бекіту
үшін студенттер сот, Ішкі істер министрлігі, прокуратура, Қазақтелеком,
сақтандыру компанияларында, қаржы мекемелерінде, туристік фирмаларда,
аудандық ішкі істер министрлігінде, кәсіби тәжірибеден өтеді. Колледжде
студенттердін терең білім алуы үшін, барлық жағдай жасалған, жасақталған
аудиториялар, компьютерлік кабинеттер, кітапхана оқу залымен, жаңа
техникалық жабдықтар, ғаламшар торымен пайдалану мүмкіншілігі берілген.
Кең қолданыс тауып жүрген кәсіби білім алу түрі,қалалық мекемелер мен
ұйымдардың қатысуымен, оқушыға келешек мамандық бойынша сертификат алуына
мүмкіндік береді.
Колледжде оқыту мемлекеттік (қазақ) және орыс тілдерінде, мемлекеттік
оқыту стандарттары мен оқыту жоспары негізінде жүргізіледі.
Колледжде іскер, ұйымшыл, білікті ұжым жұмыс істейді.
Оқытушылар оқытудың жаңа жолдары мен алдыңғы қатарлы оқыту технологиясының
әдістемелерін оқу процесіне еңгізуде тиянақты еңбек етеді. Өз білімдерін
көтерумен үздіксіз айналысады.
Колледж ұжымының білім берудегі негізгі шарты: сапалы білім, бәсекелестікке
қабілетті мамандар даярлауды берік ұстаным деп таниды.
Ол үшін колледжде барлық жағдай жасалған:
Жақсы жабдықталған материалды – техникалық база, оған сот мәжілісін өткізу
залы, криминалистика кабинеті, мультимедиялық жабдықтармен қамтылған
компьютер кабинеттері, экономика, тарих, география, математика, шет
тілдері, Қазақстан тарихы кабинеттері кіреді.
Кездесулерге арналған конференция – залы мен ойын – сауық залы бар.
16000 дана кітап қоры бар кітапхана жанында оқу және мерзімдік басылымдар
залдары жұмыс істейді. Колледж асханасы студенттерді ыстық тамақпен
қамтамасыз етеді. Салауатты өмір салтына үлкен назар аударылады. Колледжде
“Дархан” спорт клубы ашылған. Жабдықталған спорт зал, бокс пен шейпинг залы
және жабық футбол алаңы жұмыс істейді. Әр студент өз қалауы бойынша
кикбоксинг, баскетбол, волейбол секцияларына жазыла алады. Біздің көптеген
оқушыларымыз спорттың бірнеше түрлерінен, Республикалық денгейде өткізілген
жарыстардың женімпазы жүлдегерлері атанды. Бірнеше жылдардан бері Д.А.
Қонаев атындағы колледж мекемесінде “Құрметті қонақ” атты бағдарлама жұмыс
істейді, онда Қазақстанның атақты тұлғаларымен қызықты кездесулер өткізуге
студенттерге мүмкіндік жасалған. Колледждің тағы бір ерекшелігі
“Әдептілік”, атты мәдениетті тілде сөйлеу және психологиялық қызмет
пәндерінен факультативтік сабақтардың жүргізілуі.
Ата- аналар өз балаларымен қарым – қатынастарын жақсартудың жолдары туралы
кеңестер алады. Студенттердің сұранысы бойынша жатақхана беріледі.
Біз тәжірибені өткен филиалда оқытудың күндізгі және сырттай оқу
бөлімдері бар. Оқыту мерзімдері: күндігзгі бөлім үшін 1жыл 10 ай (11-
сыныптан кейін), 3 жыл (9-сыныптан кейін); сырттай оқу бөлімі үшін – 2 жыл
5 ай.
Жоғары басшы, заң ғылымдарының кандидаты Болекбаева Р.Ш.
Жоғары басшының орынбасары – Дүйсенов Асқар Кенесович;
Басшы, Д. А. Конаев атындағы Университет доценті, “ҚР-ішкі істер
Министрлігінің еңбегі сіңген қызметкері” Шакиров Еділбай Нурбаевич.
Мамандарды дайындаумен білікті, жұмысқа қабілетті пед. ұжыммен айналысады,
оның жалпы саны 52 адамды құрайды, оның штаттық – 47 адам (90%). Барлық
оқытушылардық жоғары және бірінші санаттағы оқытушылардың жалпы саны 16
адамды құрайды (34%).
Педагогикалық жүктемені бөлу базалық білімге сәйкес жүзеге асырылады.
Оқытушылардың сапалық құрамы:
Ғылым кандидаты – 1;
Доцент – 1;
Магистр – 3;
Жоғары санатты – 6;
Бірінші санатты – 10;
Екінші санатты – 17;
Қоғамдық пәндер оқытушылары – 7;
Жалпы білім беру пәндер оқытушылары – 22;
Арнаулы және жалпы техникалық пцндер оқытушылары – 22;
Дене тәрбиесі оқытушылары – 3;
Әскери жетекші; БӘД оқытушысы – 1;
Негізгі бөлім
2.1 Оқыту үрдісі және онық қызметтері
Оқыту үрдісі – консервативті сипатқа ие дидактикалық үрдіс. Бүгінгі
таңда қоғамдық құндылықтардың өзгеруіне сәйкес оқыту мақсаттары мен мазмұны
да өзгереді. Оқыту үрдісі қоғам дамуына сәйкес жетілдіріліп отыратын және
сонымен бірге пайда болған үрдіс. Бұл процесті аға-ұрпақтың тәжірибесін жас
ұрпаққа жеткізу ретінде қарастыруға болады. Бұл тәжірибеге, ең алдымен,
әлем туралы білім, сол білімді адамның практикалық әрекеті ретінде қолдану
амалдары енеді. Оқыту үрдісінің сипаттары (белгілері):
1. Екі жақты сипатқа ие;
2. Оқытушы мен оқушының бірлескен әрекеті;
3. Оқытушы тарапынан басшылық;
4. Арнайы жоспарлы ұйымдастырылу мен басқарылу;
5. Тұтастық және бірлік;
6. Оқушының жас ерекшелік даму заңдылықтарына сәйкестік;
7. Оқушы дамуы мен тәрбиесін басқару.
Оқытудың негізгі кезеңдері:
1) Мақсат қою және оны нақтылау,
2) Оқыту барысын мақсаттарға бағдарлау;
3) Оқыту барысы мен мақсатын нәтижеге бағдарлау;
4) Ағымдағы нәтижелерді бағалау, оқытуды түзеу;
5) Нәтижелерді қорытынды бағалау (емтихан, аралық бақылау).
Оқыту үрдісін жүзеге асыруда мотивтің мәні зор. Мотив дегеніміз әрбір
тұлғаның объективтік мұқтаждығы мен ынтасынан туындайтын талпыныс.
Студенттің білуге, ұғынуға, оқуға деген ынталы мұқтаждығын демеп,
талпынысын қолдап, іс-әрекетке пейіл сала кірісіп, қойылған міндетті тиісті
деңгейде атқаруын қадағалау керек. Демек шәкірттің білімге деген мұқтаждығы
мен ынтасы мотивацияға негіз болса, олардың бұл талпынысын біз, оқытушы
ретінде, терең сезіне отырып, оқытатын сабағымыздың қызықты да тартымды
болуына зейін қоюға тиіспіз. Ол үшін тақырыпқа үйлесімді көрнекілік,
техникалық құралдар, ойын, компьютер, т.б. ретті түрде қолдануымыз керек.
Біздің, болашақ оқытушының, назарында болатын басты мәселенің бірі
мотивтер оқушының жас ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Тұлғаның
перспективті талабына, көзқарастың жетілуіне орай, тиісті пәндерді
меңгеруіне байланысты мотивтер жаңа арна тауып, тиісті бағдарда өркен жая
түседі.
Педагогикалық теориядағы басты қағида: оқыту – білімдендіру мен
тәрбиенің құралы. Олай болса, тәрбиелей отырып оқыту барысында шәкірттің
өркені өсіп, аңғарғыштығы мен байқағыштығы, зейіні жетіліп, қиялы қанат
жайып жан-жақты дамиды. Ой-түсінігінің өрістеуі негізінде іс-әрекетке,
еңбекке, әлеуметтік қарым-қатынасқа дағдылану бастау алады.
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми теориялық тұрғыдан қарағанда, шәкірттің
дүниетанымына, ақыл-ойына, адамгершілік сеніміне, мінез-құлық сипаттарының
қалыптасуына ықпал етеді. Сондай-ақ меңгерген білімі өмір ақиқаттарын
ұғынып, ондағы құндылықтарды танып, оны өз өресіне лайық тұтына білуіне жол
ашады, тәлімдік мүмкіндіктің арнасын кеңейтеді. Былайша айтқанда, студент
қабілетінің дамуы білімін тереңдетіе, тәлім-тәрбиені бойына сіңіріп,
имандылық қасиеттерінің құлшынысын жебей түседі.
Сонымен, тәлімдік мүмкіндіктерді ескере келіп, оқыту мен білім берудің
тиісті мақсаттылық бағдары болуы талап етіледі. Тәрбиелей отырып оқыту
тұлғаны жан-жақты дамытып, ақыл-есін, адамгершілік танымын, әлеуметтік
түсінігін жетілдіреді, тұлғаның дүниетанымын, моральдық сенімін бекітеді
және рухани көркеюіне ықпал етеді. Тұжырымдай айтсақ, оқыту оқушыны біліми
түсінікпен қаруландырып, тәлімдік өнеге ұғынып, оны өмірге үйлесімді жүзеге
асыруға бағдарлайды.
Оқыту процесінің негізгі атқаратын қызметтері келесідей:
✓ Білімдендіру;
✓ Дамыту;
✓ Тәрбиелеу.
2.2 Оқыту үрдісінің түрлері
Түсіндірмелі-иллюстрациялық оқыту дәстүрлі деп аталуы тарихта ұзақ
уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс-
тәсілдерінп көрнекілік пайдалана отырып түсіндіру жатады. Бұл жердегі
студенттердің негізгі іс-әрекеті:
• Берілген білімнің мазмұнын тыңдау;
• Оны қабылдау;
• Есте сақтау.
Бұл түрдің пайдалы жақтары:
✓ Уақытты үнемдейді;
✓ Оқытушы мен шәкірттің күш қайратын жетілдіреді;
✓ Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;
✓ Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Кемшіліктері:
▪ Студенттердің дайын білімді жаттап алуы;
▪ Шәкірттің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі;
▪ Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.
Бағдарламалы оқыту.
Бұл оқыту түрінің негізгі мақсаты – оқыту үрдісін басқаруды жетілдіру,
тексеруден өзін-өзі оқытуға көшу. Жаңа бағдарланған оқулықтар, оқу
құжаттары, үйрету машиналары қолданылады. Бағдарламалы оқыту 1960 жылдан
бастап Б. Скиннер, Н. Краудер бастамасынан кейін педагогика, психология
және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.
Ерекшеліктері:
➢ Оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді;
➢ Әр бөлімді меңгерген соң оқушы өздігінен тест сұрақтарына жауап
береді;
➢ Дұрыс жауап берсе, келесі бөлімге өтеді.
➢ Жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап
береді.
Бағдарламалап оқытудың принциптері:
1. Сызықты – оқу бірізділікпен беріледі;
2. Аралас – қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша
орналастырылады;
3. Тармақты – әр оқушы мақсатқа өз жолымен жетеді. Қате жауап бергенде
оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қысымша түсініктеме алып,
қатені жойып, негізгі сызыққа оралады.
Бұл оқыту түрі алгоритмге негізделеді. Алгоритм – дұрыс жауапқа
жетелейтін бірізді ақыл-ой және оқу іс-әрекеттерінің жүйесі.
Бағдарламалы оқытудың күшті жақтары:
✓ Оқу материалының болшектенуі;
✓ Оқушының белсенді өзіндік жұмысы;
✓ Тұрақты тексеру;
✓ Оқыту қарқыны мен оқыту материалы көлемінің даралануы;
✓ Техникалық оқыту құралдарын пайдалану.
Кемшіліктері:
▪ Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керек және ол өме тиімді;
▪ Оқу орны компьютерлермен жақсы жабдықталған болуы тиіс.
Мәселелік оқыту.
Оқытушы жаңа білімді дайын түрде баяндаудың орнына студенттердің
алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін
іздеуге бейімдейді. Бұл әдісті дамытуға Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский
сияқты әйгілі педагогтар өз үлесін қосқан. Мәселен, Дистерверг былай
айтыпты: Жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды
үйретеді.
Бұл оқыту түрінің күшті жақтары:
✓ Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
✓ Оқу еңбегінде қызығушылығын арттырады;
✓ Оларды өздігінен саналы түрде жұмыс істеуге үйретеді;
✓ Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Кемшіліктері:
▪ Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
▪ Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Негізінен мәселені былай қоюға болады:
А)
Ә)

Дәріс – ЖОО-дағы оқытудың дәстүрлі және жетекші нысаны. Ал колледжтер
университеттердің белгілі бір бөлімі болғандықтан оларда да бұл – оқытудың
басым нысаны.
Дәріс латыншадан аударғанда оқу дегенді білдіреді. Алғаш рет Ежелгі
Грецияда пайда болған.
Дәріс – белгілі бір ғылыми сұрақтың немесе мәселенің логикалық
байланыстылықта, жүйелілікте және бірізділікпен баяндалуы. Дәріс сабағының
міндеті: студенттер бойында танымдық қабілеттердің, зерттеушілік
дағдылардың және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.
Дәріс не үшін керек? Бұл сұраққа жауап мынадай:
1. Пән бойынша ғылыми білімнің негіздерін жүйелеу;
2. Ғылым және техниканың сәйкес саласы бойынша даму жағдайы және бағдарын
ашу;
3. Сәйкес ғылым бағыты бойынша неғұрлым түйінді мәселелерді қарастыру;
4. Оқушылардың пәрменді іс-әрекеттерін ынталандырады және шығармашылық
ойлау дағдысын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Дәрістің сабақ түріндегі артықшылықтары:
✓ Оқытушының аудиториямен тіклелей байланысы;
✓ Дәріскер аудиторияның психологиялық, жас ерекшеліктерін, білім
деңгейін байқайды;
✓ Әрбір оқытушының аудиторияға эмоционалды әсері болады;
✓ Дәріс мазмұнының икемділігі;
✓ Дәріс оқу үрдісіндегі бағдарлаушы сабақ түрі;
✓ Дәріс сабағынан сәйкес пәнді оқу, ғылым бағытын меңгеру басталады.
Дәрістің түрлері:
1. Кіріспе дәріс,
2. Қорытынды дәріс,
3. Шолу дәрісі,
4. Орнықтыру дәрістері,
5. Курс бойынша кезекті дәрістер.
Дәрістің пәрменділігі бойынша түрлері:
1) Мәселелік дәріс,
2) Кеңес беру дәріс,
3) Пресс-конференция,
4) Әңгіме,
5) Пікір-сайыс,
6) Дәріс-провокация,
7) Дәріс зерттеу,
8) Дәріс-кейс (нақты ситуацияларды талдауға бағытталған),
9) Кері байланыс техникасы дәрісі,
10) Визуалды дәріс.
Дәрістің мазмұнына қойылатын талаптар:
• Жоғары ғылыми деңгейлігі;
• Тек қана теориямен шектелмеу керек;
• Дәріс мазмұнын баяндау үшін тақырыптық мақсатын негізге алу керек.
Дәрісті дайындауға қойылатын талаптар:
o Дәрістің алдын-ала жоспарын жасау;
o Қажетті материалдарды анықтау. Бұл екі бағытта жүргізіледі:
- Толық пәнге материал жинау;
- Әр сабаққа материал жинау.
o Дәріске дайындалу барысында оқулықтар және оқу құралдары, ғылыми
әдебиеттер және пән бойынша жасалынған дәріс конспектілері жасалынады.
Дәріс конспектісін жасауға қойылатын талаптарға келсек, олар:
• Әр парақ жекеше қолданылуы тиіс;
• Кең жиек болуы керек (цитата, аудитория түсінбеген сұрақты жазып алу);
• Дәріс жоспарын жасау;
• Материалды іріктеу (оның талаптары):
- Тақырыпқа сәйкестігі;
- Көп материалды шамадан тыс қолдануға болмайды.
Дәрістің мазмұны мыналарды қамту керек:
1) Дәрісті уақыт бойынша сәйкестендіру;
2) Дәрісте қолдануға болатын оқытудың пәрменді тәсілдерін күні бұрын
ойластыру;
3) Мысал;
4) Сұрақтар бойынша қарастыру;
5) Қандай сұрақтар қарастырылады;
6) Қорытындылау;
7) Тұжырымдар.
Дәрісті жүргізуге қойылатын методикалық талаптар:
1. Анық жоспар;
2. Дәрісті оқу барысында дауыс ырғағын, сөйлеу мәдениетіне назар аудару;
3. Аудиторияның пікірін тыңдау және сыйлау;
4. Дәріс оқу қарқыны;
5. Дауыс ырғағы;
6. Дәрісті оқу стилін анықтау, диктантқа айналмау керек;
7. Оқытушы аудиторияның талаптарын ескеру керек;
8. Аудиторияның дәріске қатынасу дәрежесін қалыптастыру;
9. Шығармашылық жағдайдың қалыптасуы.
Семинар жүргізудің методикасы
Латынша seminarium білімді бекітуші, ойды негіздеуші дегенді
білдіреді. Семинар сабақ түрінде алғаш Грецияда пайда болған және пікір-
сайыс оқушының мәліметі және оқытушының қорытынды пікірі ретінде
жүргізілген. Ортағасыр университеттерінде семинар магистрларға жүргізілген.
Семинар сабақ түрі ретінде студенттердің белсенділігіне негізделген сабақ
түрі. Семинар сабағында студенттер дәріс және өз бетінше орындаған жұмыстар
барысында меңгерген білімдерін көрсетуге және талқыланатын мәселе бойынша
өзіндік жеке пікірін қалыптастыру және оны еркін түрде білдіруге
дағдыланады.
Семинар сабағының мақсаты:
- Пән бойынша білімді тереңдету;
- Оқушылардың бойында өз бетінше ізденіс дағдыларын қалыптастыру және
ғылыми ойлау дағдысын қалыптастыру;
- Оқушыларды пікір-сайысқа қатысуға, өз пікірін дұрыс дәйектеуге және
дұрыс шешім қабылдай білуге дағдыландырады.
Семинар сабағының атқаратын қызметтері:
1. Оқытушы қызмет;
2. Танымдық,
3. Бақылаушы;
4. Дамытушылық қызмет.
Семинар сабағының түрлері:
ЖОО-да семинар 3 түрде ұйымдастырылады:
1. Просеминар;
2. Семинар;
3. Спец семинар.
Просеминар – семинарға дайындайтын сабақ және ол әдетте төменгі
курстарда жүргізіледі. Просеминар сабағында оқытушы деректемелер,
әдебиеттермен жұмыс жасау және экономикалық немесе құқықтық пәндер бойынша
өзіндік жұмыстардың ерекшелігіне баса назар аударады және просеминарларда
дайындалатын негізгі жұмыс түрі – реферат.
Семинарға баяндама дайындалады. Ол просеминарға қарағанда жоғары
деңгейдегі сабақ. Орташа курстарға жүргізіледі. Сондықтан семинар
сабақтарында пікір таластар, бағалау сипаттары, т.б. белсенді оқыту
тәсілдері көп қолданылады.
Семинарда дөңгелек үстел, шағын топтар әдісін қолдану дұрыс.
Жоғары курстарда спецсеминар жүргізіледі. Мұнда дәріс жоқ.
Семинарда қолданылатын кең тараған әдістер:
- Рефератты- баяндамалық;
- Сұрақ-жауап;
- Аралас талқылау;
- Кеңейтілген әңгіме.
Семинар өткізілу тәсілі бойынша дәстүрлі және жаңа сипаттағы (презентация,
рөлдік ойындар, дискуссия, т.б.) болып екіге бөлінеді. Жаңа сипаттағы
семинар белсенді пәрменмен өту үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz