Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігі мемлекеттік мекемесі


Кәсіптік практиканы «Жамбыл облысы Мойынқұм
аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» өту жөнінде
Есеп беру
Мазмұны
Кіріспе
І «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Әкімдігінің» басқару және ұйымдық құрылымына сипаттама
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Әкімдігінің сипаты 1. 2. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Әкімдігінің ұйымдық құрылымы
ІІ Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының қаржылық жағдайын талдау
2. 1 Мойынқұм ауданының 2008 жылғы әлеуметтiк - экономикалық дамуы
2. 2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
Қорытынды
Қолданылған әдебиетер тізімі
Кіріспе
Кәсіптік практика оқу процесінің ажырамас бөлігі және оны
«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әкімдігінің» кәсіпкерлік бөлімінде өту барысында теориялық білімді тәжірибелік біліктілікпен пысықтауға қол жеткізілді.
Сонымен бірге кәсіптік практика барысында дипломдық жұмысқа материалдар әзірлеу мен талдау іске асты.
Кәсіптік практиканың міндеттері болып:
- Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әкімдігінің» қызметін зерделеу;
- ұйымдастыру құрылымы, басқару және өндірістік негізгі функциялады анықтау;
- өндірістік, қаржылық қызметінің сипатын айқындау;
- стратегиялық жоспарлау тәжірибесін, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру тәсілдерін зерттеу;
- өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын байқау;
- мекеменің басқару стилінің ерекшелігін, іскерлік кеңес, кездесу, келіссөз өткізу тәжірибесін білу табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді. Қаржылық жағдайды бағалау қаржылық тәуекелді төмендететін және капиталдың табыстылық деңгейін болжауға мүмкіндік беретін фактор екенін ескере отырып, кәсіптік практиканы өту барысында кәсіпорынның («Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әкімдігі») қаржылық талдауға ерекше көңіл бөлінді.
Кәсіптік практиканы өту кезінде келесі сатылар өтілді:
- Рұқсат қағаз алу, техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау;
- Кәсіпорын бөлімшелерімен, нұсқау материалдарымен танысу;
- жеке тапсырмалар алу.
Практика есебінде келесідей есептілік, материалдар қолданылды:
- «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әкімдігінің» жарғысы;
- статистикалық мәліметер;
- арнайы көрнекі баспа құралдары;
- бюджет.
Есепті дайындау барысында тарихи (экономикалық), теориялық материалдар, статистикалық дерек көздері, ресми құжаттар мен заңнамалық актілер қолданылды.
Есеп құрылымы кіріспе, екі негізгі бөлімнен және қорытынды (және әдебиет тізімінен) тұрады.
І «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Әкімдігінің» басқару және ұйымдық құрылымына сипаттама
- Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Әкімдігінің сипаты, мақсаты мен қызметінің мәні
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық Кодексіне» «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына және қолданыстағы басқа да заң актілерінің негізінде «Мойынқұм ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, құрылтайшымен қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Мойынқұм ауданының әкімияты болып табылады. /1, 9-бет/
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады, шұғыл басқару құқында мүліктерге иелік етеді, дербес балансы, өз атауындағы мөрі, банктерде есеп шоттары және басқа да шоттары болады.
Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізілген сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.
Мемлекеттік мекеме осы ұйымның түріне сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарымен көрсетілген барлық құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады. /1, 11-бет/
Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі ақшалармен жауап береді. Мемлекеттік мекеменің ақшалары жетпеген жағдайда оның міндеттемелері бойынша жауапкершілікті тиісті жергілікті атқарушы орган алып жүреді. Келісім-шарт міндеттемелері бойынша жауапкершілік заңға сәйкес мемлекеттік мекеменің күтілуіне бекітілген смета шегінде жүктеледі.
Мемлекеттік мекеме бюджет есебінен қаржыландырылады.
Орналасқан жері: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі, 174-үй.
Мемлекеттік мекеменің қызмет мерзімі шектелмеген.
Мемлекеттік мекеменің мақсаты мен қызметінің мәні. Мемлекеттік мекеменің қызметінің мақсаты мен мәні Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің және облыс әкімінің бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, аудан аумағында экономикалық, әлеуметтік және ауылшаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға басшылық жасау арқылы ұйымдастыру болып табылады.
Құрылтайшының құқықтары мен міндеттемелеріне келсек, Құрылтайшының құқығы мен міндеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес белгіленеді.
Мемлекеттік мекеме құрылтайшымен оған берілген мүліктерге өзінің қызметінің негізгі мақсаты бойынша және осы мүліктердің орны мен оны пайдалану жөнінде ақыл кеңестерге сәйкес иелік ету, пайдалану құқықтарын жүзеге асырады.
Құрылтайшы мемлекеттік мекемеге берілген өз мүліктері бойынша оның сақталуына және тиімді пайдалануына бақылау жүргізеді.
Мемлекеттік мекеменің оған берілген мүліктерді өз бетінше дербес оқшаулауға құқы жоқ.
Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрастырылу көздері құрылтайшымен берілген мүліктер болып табылады.
Құрылымы, басқару органын құру тәртібі, оның құзыреті және қызметін ұйымдастыру тәртібі. Мемлекеттік мекеме құрылымы қолданыстағы заңдарға сәйкес белгіленеді. /1, 13-бет/
Мемлекеттік мекеме қызметінің ағымдық басқаруын атқарушы орган - аудан әкімі жүзеге асырады.
Аудан әкімін заңға сәйкес облыс әкімі тағайындайды.
Басшы өкілеттігі өкілетті органмен белгіленеді.
Аудан әкімінің құзіретіне мыналар жатады:
- мемлекеттік мекеме атынан іс-қимыл жүргізеді, барлық органдарда, жеке және заңды тұлғалар қатынасында оның мүддесін көздеп ұсынады;
- барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер алдында келісім-шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік мекеме атынан іс жүргізу құқығына сенім хат беру, сонымен қатар қайта сену құқығына сенім хаттар беру;
- еңбек ақы төлеу жүйесін, қызметтік жалақыларды және дербестік қосымша төлемдер мөлшерін белгілейді, сыйақы беруді шешеді, мадақтау мен тәртіптік шараларын қабылдайды;
- әртүрлі мәмілелерді және басқа да заңдылық актілерді жасау, келісім шарттарға соның ішінде еңбектік, жұмысқа қабылдау контрактілері бойынша мәмілеге тұру;
- мемлекеттік мекеменің мүлкіне оның ақшасына билік етеді, мемлекеттік мекеме қызметіне тікелей басшылығын жүргізеді және оның нәтижесіне дербес жауапкершілігін алып жүреді;
- ерекше құзырына жатқызылмаған басқа да мәселелерді шешеді.
Мемлекеттік мекеме басшысы ерекше құзырына жатқызылмаған мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін дербес шешіп отырады. Мекеме басшысы мемлекеттік мекеме атынан сенім-хатсыз іс қимыл жүргізеді, азаматтар мен заңды тұлғалар қатынасында оның мүддесін ұсынады, оған берілген құқық шегінде мемлекеттік мекеменің мүлігіне билігін жүргізеді, есеп шоттар мен басқа да шоттар ашады, сенім хаттар береді, аудан әкімінің шешім, өкімдерін шығарады, аудан әкімиятының қаулыларын бекітеді.
Мемлекеттік мекеменің қайта құрылуы мен таратылуы мына жағдайларда жүргізіледі:
- құрылтайшы шешімімен;
- сот шешімінің негізінде;
- қолданыстағы заңдармен белгіленгендегідей басқа да жағдайларда.
Таратылу бітті деп, ал мемлекеттік мекеме өз қызметін тоқтатты деп осы жөнінде заңды тұлғалар бірыңғай мемлекеттік регистріне жазылған кезден бастап есептелінеді.
Тарату аяқталғаннан соң мүліктер құрылтайшының қарамағына өтеді.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқылы.
1. 2. Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайының сипаты
Аудан әкiмi Мұсаев Маден Тоқтарбайқлы
Ауданның құрылған уақыты 1965 жыл
Аумағы 50, 5 мың шаршы км
Халқы 30, 2 мың адам
Ауылдық, кенттiк округтер саны 16
Оның iшiнде ауылдық округтер 10
кенттiк округтер 6
Елдi мекендер саны 27
Аудан орталығы Мойынқұм ауылы
Облыс орталығынан қашықтығы 380 км
Экономиканың негiзгi саласы өнеркәсiп
қосымша саласы ауылшаруашылығы
2007 жылғы өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 1, 9 млрд теңге
өндiрiлген алтын 436, 5 кг
күмiс 85, 5 кг
барит кенi 107, 7 мың тонна
барит концентраты 24, 1 мың тонна
гранит 3430 текшеметр
көмiр 50 мың тонна
Негiзгi қорға салынған қаржы 576, 2 млн теңге
2007 ж. пайдалануға берiлген тұрғын үй, м 2 1834 шаршы метр
2007 жылғы салық түсiмдерi 1028, 0 млн теңге
Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 959, 7 млн теңге
Шағын кәсiпкерлiкте өндiрiлген өнiм көлемi 461, 7 млн теңге
Аудан бойынша жұмыс iстейтiндер саны 8647 адам
Орташа айлық еңбекақы 30670 теңге
Жұмыссыздық деңгейi
(экономикалық белсендi тұрындарға) 2, 3%
Мектептер саны 28
Балабақшалар 6
Клубтар 17
Кiтапханалар 17
Денсаулық сақтау мекемелерi 29
1-кесте. 2007-2008 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштер.
- Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Әкімдігінің ұйымдық құрылымы
Мойынқұм ауданы әкімияты келесі бөлімдерден тұрады:
- экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
- ауыл шаруашылығы бөлімі
- құрылыс бөлімі
- жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
- қаржы бөлімі
- кәсіпкерлік бөлімі
- жер қатынастары бөлімі
Мойынқұм ауданы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі. Мойынқұм ауданы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бюджеттік жоспарлауды, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді үйлестіруді жүзеге асыруға, оның басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал етуге, сатып алуды ұйымдастыру және ауданда мемлекеттік тапсырысты үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды іске асыратын конкурстың бірегей ұйымдастырушысы болуына уәкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Жамбыл облысы әкімиятының және облыс Әкімінің актілеріне, Мойынқұм ауданы әкімиятының және аудан Әкімінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен штамптары, белгіленген үлгімен жасалған бланктері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қазынашылық органдарда шоттары бар.
Бөлімнің құрылтайшысы -Мойынқұм ауданының әкімияты болып табылады.
Мойынқұм ауданы әкімиятының ауылшаруашылығы бөлімі. Мойынқұм ауданы әкімиятының ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінің заңды мекен - жайы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №174 үй, тел: 2-44-58 /факс/, 2-46-30.
Бөлімде штат саны 7 (жеті) бірлікте: бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары, 5 бас маман жұмыс істейді.
Бөлім ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің, Жамбыл облысы әкімиятының ауылшаруашылық департаментінің бұйрықтары мен шешімдерін, басқа қолданыстағы нормативтік - құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімнің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Мойынқұм ауданы әкімиятының құрылыс бөлімі. Мойынқұм ауданы әкімиятының құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі аудан аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.
Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мекеме заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Мекеменің, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде Мойынқұм ауданында міндетті күші болатын актілер шығарады.
Мекеменің құрылымы мен шекті штат санын, Жамбыл облысы әкімиятымен бекітілген аудандағы жергілікті атқарушы органдарының шекті штат санын шегінде, Мойынқұм ауданының әкімияты бекітеді.
Мекеменің қайта тіркелу сәтінде филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Мекеменің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Мекемеге оның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасасуға тыйым салынады. Егер мекемеге заң актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.
Мекеменің негізгі міндеттері:
- құрылыс практикасына ғылыми-техникалық жетістік, отандық және әлемдік озық тәжірибені ендіру арқылы құрылыс шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету, техникалық-экономикалық деңгейді және тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, үй-жайлар мен кешендердің конструкциялық орнықтылығын жоғарылату;
- жеке және заңды тұлғалардың құрылыс қызметіне жәрдемдесу;
- құрылыс саласында әрі жобалық құжаттарды әкімшілік аумақтық бірлікте құрылыс жүргізгенде мемлекет тұғырынан қадағалауды қамтамасыз ету;
- құрылысы жүріп жатқан, қайта жарақтандыру, жұмыстарына зерттеу жүргізу және құрылыс жұмыстарының сапалылығын қадағалау;
- құрылыс жұмыстарының нормативтік актілерге сәйкес жүргізілуін қадағалау;
Мойынқұм ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. Мойынқұм ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі, (бұдан әрі «Мекеме») Мойынқұм ауданы әкімиятының 05. 01. 2005ж. № 1 қаулысының негізінде құрылған, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті Мойынқұм ауданы әкімиятының құрылым бөлімі болып табылады.
Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Перзидентінің, үкітемінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мекеменің құрылым мен шекті штат санын Жамбыл облысы әкімиятымен бекітілген аудандағы жергілікті атқарушы органдарының шекті штат саны шегінде Мойынқұм ауданының әкімияты бекітеді.
Мойынқұм ауданы әкімияты - мекемнің Құрылтайшысы және өкілетті органы болып табылады. Мекемені құру туралы акты және Ережесі мекеменің құрылтай құжаттары болып табылады.
Мекеменің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Мекеме халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру функциясын орындайды.
Бөлімнің негізгі міндеттерін және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
- Өзінің міндеттерін жүзеге асыру үшін ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан қажетті мәліметті алуға және сұратуға;
- Жұмыс берушiге жұмыс күшi қажет болған жағдайда, оларға азаматтар мен жұмыссыздарды жiберуге;
- Жергiлiктi атқарушы органдарға қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргiзу, нысаналы топтарға жататын азаматтардың қосымша тізбесін анықтау, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
- Өтініш берушіден немесе тиісті органдардан өтініші берушінің әлеуметтік жәрдемақы алу құқығын растайтын мәлімет сұратуға;
- Өтініш беруші жәрдемақы заңсыз тағайындалуына апарып соқтырған толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда, артық төленген сомалар - өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтаруға;
- Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауға;
- Еңбек делдалдығын көрсетуге құқығы бар.
Мойынқұм ауданы әкімиятының қаржы бөлімі. Мойынқұм ауданы әкімиятының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мойынқұм ауданында бірыңғай мемлекеттік қаржы және бюджет саясатын жүзеге асырушы мемлекеттік мекеме болып табылады.
Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мекеме заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Мекеменің, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде Мойынқұм ауданында міндетті күші болатын актілер шығарады.
Мекеменің құрылымы мен шекті штат санын, Жамбыл облысы әкімиятымен бекітілген аудандағы жергілікті атқарушы органдарының шекті штат санын шегінде, Мойынқұм ауданының әкімияты бекітеді.
Мекеменің қайта тіркелу сәтінде филиалдары мен өкілдіктері жоқ. Мекемені құру туралы шешім қабылдаған Мойынқұм ауданы әкімиятының тұрғысында мемлекет мемлекеттік органның құрылтайшысы болып табылады. Мекеменің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Мекемеге оның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасасуға тыйым салынады. Егер мекемеге заң актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.
Қаржы бөлімінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- аудан бюджетінің атқарылуы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- ауданның бюджетіне түсетін түсімдерді болжауға қатысады;
- аудан бюджеті түсімдерінің және оларды қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерді әзірлейді, бекітеді және енгізеді;
- аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді;
- аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге олардың міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді;
- аудан бюджетінің қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттерді беруді, оларға қызмет көрсетілуін жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз ету;
- аудан бюджетті атқарылуының мониторингін жүзеге асырады;
- аудан бюджетін атқару жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасайды;
- өткен қаржы жылында аудан бюджетінің атқарылуы жөнінде есептілік жасайды;
- Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес басқа да өкілділігін жүзеге асыру.
Мойынқұм ауданы әкімиятының кәсіпкерлік бөлімі. Мойынқұм ауданы әкімиятының 2006 жылғы 22 ақпанындағы қаулысымен Мойынқұм ауданы әкімиятының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесі болып құрылды. Бөлім бастығы Исабаева Қалима Көкешқызы. Бөлімде 3 қызметкер жұмыс істейді.
Мойынқұм ауданы әкімиятының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Бөлім) Мойынқұм ауданы бойынша жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.
Ауданда қазіргі уақытта 85 шағын кәсіпорын, 15 орта кәсіпорын, 1069 жеке кәсіпкер, 918 шаруа қожалықтары жұмыс істеуде, 2008 жылдың қаңтар-шілде айларында жеке кәсіпкерлік бойынша 920, 5 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, қызметі көрсетіліп, сауда айналымы жасалып, бюджетке 41, 1 млн. теңге салық төлемі жасалды, жалпы тіркелген шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларының 69 % жұмыс істейді.
Кәсіпкерлік тұлғалары саны 2007 жылы 9 шағын кәсіпорынға, 5 шаруа қожалығына, 2008 жылдың қаңтар-шілде айларында 2 шағын кәсіпорынға, 4 шаруа қожалығына, 45 жеке кәсіпкерге артты, жұмыс істемей тұрған 14 шаруа қожалығы жабылды.
Кәсіпкерлікпен ауданда 6393 адам айналысады, оның ішінде 394 адам шағын кәсіпорындарда, 425 адам орта кәсіпорындарда, 2274 адам жеке кәсіпкерлікте, 3300 адам шаруа қожалығында жұмыс істейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz