Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының қаржылық жағдайын талдау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес факультеті

Макро-микроэкономика кафедрасы

Кәсіптік практиканы «Жамбыл облысы Мойынқұм

аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» өту жөнінде

Есеп беру

Университет атынан практика

жетекшісі, э. ғ. к, доцент (қолы)

« » 2009 ж.

Кәсіпорын атынан практика

жетекшісі, бөлім бастығы (қолы)

« » 2009 ж.

Алматы, 2009

Мазмұны

Кіріспе. 3

І «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Әкімдігінің» басқару және ұйымдық құрылымына сипаттама……. 5

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Әкімдігінің сипаты . . . 5 1. 2. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Әкімдігінің ұйымдық құрылымы. . 7

ІІ Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының қаржылық жағдайын талдау . . . 9

2. 1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы. . 9

2. 2. Мойынқұм ауданының экономикасын тұрақтандырудағы

2009-2010 жылдарға арналған бағдарламаның орны . . . 14

Қорытынды. 27

Қолданылған әдебиетер тізімі. . . 29

Кіріспе

Кәсіптік практика оқу процесінің ажырамас бөлігі және оны
«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әкімдігінің» кәсіпкерлік бөлімінде өту барысында теориялық білімді тәжірибелік біліктілікпен пысықтауға қол жеткізілді.

Сонымен бірге кәсіптік практика барысында дипломдық жұмысқа материалдар әзірлеу мен талдау іске асты.

Кәсіптік практиканың міндеттері болып:

  • Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әкімдігінің» қызметін зерделеу;
  • ұйымдастыру құрылымы, басқару және өндірістік негізгі функциялады анықтау;
  • өндірістік, қаржылық қызметінің сипатын айқындау;
  • стратегиялық жоспарлау тәжірибесін, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру тәсілдерін зерттеу;
  • өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын байқау;
  • мекеменің басқару стилінің ерекшелігін, іскерлік кеңес, кездесу, келіссөз өткізу тәжірибесін білу табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді. Қаржылық жағдайды бағалау қаржылық тәуекелді төмендететін және капиталдың табыстылық деңгейін болжауға мүмкіндік беретін фактор екенін ескере отырып, кәсіптік практиканы өту барысында кәсіпорынның («Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әкімдігі») қаржылық талдауға ерекше көңіл бөлінді.

Кәсіптік практиканы өту кезінде келесі сатылар өтілді:

  • Рұқсат қағаз алу, техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау;
  • Кәсіпорын бөлімшелерімен, нұсқау материалдарымен танысу;
  • жеке тапсырмалар алу.

Практика есебінде келесідей есептілік, материалдар қолданылды:

  • «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әкімдігінің» жарғысы;
  • статистикалық мәліметер;
  • арнайы көрнекі баспа құралдары;
  • бюджет.

Есепті дайындау барысында тарихи (экономикалық), теориялық материалдар, статистикалық дерек көздері, ресми құжаттар мен заңнамалық актілер қолданылды.

Есеп құрылымы кіріспе, екі негізгі бөлімнен және қорытынды (және әдебиет тізімінен) тұрады.

І «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Әкімдігінің» басқару және ұйымдық құрылымына сипаттама

  1. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Әкімдігінің сипаты, мақсаты мен қызметінің мәні

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық Кодексіне» «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына және қолданыстағы басқа да заң актілерінің негізінде «Мойынқұм ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, құрылтайшымен қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Мойынқұм ауданының әкімияты болып табылады. [1, 9-бет]

Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады, шұғыл басқару құқында мүліктерге иелік етеді, дербес балансы, өз атауындағы мөрі, банктерде есеп шоттары және басқа да шоттары болады.

Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізілген сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.

Мемлекеттік мекеме осы ұйымның түріне сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарымен көрсетілген барлық құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады. [1, 11-бет]

Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі ақшалармен жауап береді. Мемлекеттік мекеменің ақшалары жетпеген жағдайда оның міндеттемелері бойынша жауапкершілікті тиісті жергілікті атқарушы орган алып жүреді. Келісім-шарт міндеттемелері бойынша жауапкершілік заңға сәйкес мемлекеттік мекеменің күтілуіне бекітілген смета шегінде жүктеледі.

Мемлекеттік мекеме бюджет есебінен қаржыландырылады.

Орналасқан жері: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі, 174-үй.

Мемлекеттік мекеменің қызмет мерзімі шектелмеген.

Мемлекеттік мекеменің мақсаты мен қызметінің мәні. Мемлекеттік мекеменің қызметінің мақсаты мен мәні Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің және облыс әкімінің бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, аудан аумағында экономикалық, әлеуметтік және ауылшаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға басшылық жасау арқылы ұйымдастыру болып табылады.

Құрылтайшының құқықтары мен міндеттемелеріне келсек, Құрылтайшының құқығы мен міндеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес белгіленеді.

Мемлекеттік мекеме құрылтайшымен оған берілген мүліктерге өзінің қызметінің негізгі мақсаты бойынша және осы мүліктердің орны мен оны пайдалану жөнінде ақыл кеңестерге сәйкес иелік ету, пайдалану құқықтарын жүзеге асырады.

Құрылтайшы мемлекеттік мекемеге берілген өз мүліктері бойынша оның сақталуына және тиімді пайдалануына бақылау жүргізеді.

Мемлекеттік мекеменің оған берілген мүліктерді өз бетінше дербес оқшаулауға құқы жоқ.

Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрастырылу көздері құрылтайшымен берілген мүліктер болып табылады.

Құрылымы, басқару органын құру тәртібі, оның құзыреті және қызметін ұйымдастыру тәртібі. Мемлекеттік мекеме құрылымы қолданыстағы заңдарға сәйкес белгіленеді. [1, 13-бет]

Мемлекеттік мекеме қызметінің ағымдық басқаруын атқарушы орган - аудан әкімі жүзеге асырады.

Аудан әкімін заңға сәйкес облыс әкімі тағайындайды.

Басшы өкілеттігі өкілетті органмен белгіленеді.

Аудан әкімінің құзіретіне мыналар жатады:

- мемлекеттік мекеме атынан іс-қимыл жүргізеді, барлық органдарда, жеке және заңды тұлғалар қатынасында оның мүддесін көздеп ұсынады;

- барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер алдында келісім-шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

- мемлекеттік мекеме атынан іс жүргізу құқығына сенім хат беру, сонымен қатар қайта сену құқығына сенім хаттар беру;

- еңбек ақы төлеу жүйесін, қызметтік жалақыларды және дербестік қосымша төлемдер мөлшерін белгілейді, сыйақы беруді шешеді, мадақтау мен тәртіптік шараларын қабылдайды;

- әртүрлі мәмілелерді және басқа да заңдылық актілерді жасау, келісім шарттарға соның ішінде еңбектік, жұмысқа қабылдау контрактілері бойынша мәмілеге тұру;

- мемлекеттік мекеменің мүлкіне оның ақшасына билік етеді, мемлекеттік мекеме қызметіне тікелей басшылығын жүргізеді және оның нәтижесіне дербес жауапкершілігін алып жүреді;

- ерекше құзырына жатқызылмаған басқа да мәселелерді шешеді.

Мемлекеттік мекеме басшысы ерекше құзырына жатқызылмаған мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін дербес шешіп отырады. Мекеме басшысы мемлекеттік мекеме атынан сенім-хатсыз іс қимыл жүргізеді, азаматтар мен заңды тұлғалар қатынасында оның мүддесін ұсынады, оған берілген құқық шегінде мемлекеттік мекеменің мүлігіне билігін жүргізеді, есеп шоттар мен басқа да шоттар ашады, сенім хаттар береді, аудан әкімінің шешім, өкімдерін шығарады, аудан әкімиятының қаулыларын бекітеді.

Мемлекеттік мекеменің қайта құрылуы мен таратылуы мына жағдайларда жүргізіледі:

- құрылтайшы шешімімен;

- сот шешімінің негізінде;

- қолданыстағы заңдармен белгіленгендегідей басқа да жағдайларда.

Таратылу бітті деп, ал мемлекеттік мекеме өз қызметін тоқтатты деп осы жөнінде заңды тұлғалар бірыңғай мемлекеттік регистріне жазылған кезден бастап есептелінеді.

Тарату аяқталғаннан соң мүліктер құрылтайшының қарамағына өтеді.

Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқылы.

1. 2. Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайының сипаты [5]

Аудан әкiмi Мұсаев Маден Тоқтарбайқлы

Ауданның құрылған уақыты 1965 жыл

Аумағы 50, 5 мың шаршы км

Халқы 30, 2 мың адам

Ауылдық, кенттiк округтер саны 16

Оның iшiнде ауылдық округтер 10

кенттiк округтер 6

Елдi мекендер саны 27

Аудан орталығы Мойынқұм ауылы

Облыс орталығынан қашықтығы 380 км

Экономиканың негiзгi саласы өнеркәсiп

қосымша саласы ауылшаруашылығы

2007 жылғы өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 1, 9 млрд теңге

өндiрiлген алтын 436, 5 кг

күмiс 85, 5 кг

барит кенi 107, 7 мың тонна

барит концентраты 24, 1 мың тонна

гранит 3430 текшеметр

көмiр 50 мың тонна

Негiзгi қорға салынған қаржы 576, 2 млн теңге

2007 ж. пайдалануға берiлген тұрғын үй, м 2 1834 шаршы метр

2007 жылғы салық түсiмдерi 1028, 0 млн теңге

Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 959, 7 млн теңге

Шағын кәсiпкерлiкте өндiрiлген өнiм көлемi 461, 7 млн теңге

Аудан бойынша жұмыс iстейтiндер саны 8647 адам

Орташа айлық еңбекақы 30670 теңге

Жұмыссыздық деңгейi

(экономикалық белсендi тұрындарға) 2, 3%

Мектептер саны 28

Балабақшалар 6

Клубтар 17

Кiтапханалар 17

Денсаулық сақтау мекемелерi 29

1-кесте. 2007-2008 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштер.

:
2008 қаңтар-желтоқсаны: 2008 қаңтар-желтоқсаны
2007 қаңтар-желтоқсаны: 2007 қаңтар-желтоқсаны
2008ж. 2007ж. пайызбен: 2008ж. 2007ж. пайызбен
: Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі ағымдағы бағалармен, млн. теңге
2008 қаңтар-желтоқсаны: 2051, 1
2007 қаңтар-желтоқсаны: 2876, 4
2008ж. 2007ж. пайызбен: 70, 9
: Негізгі қорға қаржылар салымы нақты бағамен, млн. теңге
2008 қаңтар-желтоқсаны: 364, 1
2007 қаңтар-желтоқсаны: 236, 2
2008ж. 2007ж. пайызбен: 146, 8
: Тұрғын үйлерді іске қосу, шаршы метр
2008 қаңтар-желтоқсаны: 990
2007 қаңтар-желтоқсаны: 860
2008ж. 2007ж. пайызбен: 115, 1
: Жүк айналымы мың тонна/км
2008 қаңтар-желтоқсаны: 34419, 1
2007 қаңтар-желтоқсаны: 33390, 4
2008ж. 2007ж. пайызбен: 98, 3
: Тасымалданған жүк, мың тонна
2008 қаңтар-желтоқсаны: 3783, 4
2007 қаңтар-желтоқсаны: 2345, 2
2008ж. 2007ж. пайызбен: 99, 2
: Жолаушы айналымы, мың жолаушы/шақырым
2008 қаңтар-желтоқсаны: 45762, 4
2007 қаңтар-желтоқсаны: 47334, 2
2008ж. 2007ж. пайызбен: 91, 6
: Тасымалданған жолаушы, мың Адам
2008 қаңтар-желтоқсаны: 7589, 3
2007 қаңтар-желтоқсаны: 7493, 9
2008ж. 2007ж. пайызбен: 95, 9
: Еңбекпен қамтылғандар адам*)
2008 қаңтар-желтоқсаны: 3618
2007 қаңтар-желтоқсаны: 4428
2008ж. 2007ж. пайызбен: 81, 7
: Еңбек ақы қоры мың, теңге*)
2008 қаңтар-желтоқсаны: 1057072, 8
2007 қаңтар-желтоқсаны: 1128146, 0
2008ж. 2007ж. пайызбен: 93, 7
: Орташа еңбек ақы, теңге*)
2008 қаңтар-желтоқсаны: 26843
2007 қаңтар-желтоқсаны: 23505
2008ж. 2007ж. пайызбен: 114, 2
: Бөлшек тауар айналымы, млн. теңге (салыстырмалы бағамен)
2008 қаңтар-желтоқсаны: 9, 0
2007 қаңтар-желтоқсаны: 5, 2
2008ж. 2007ж. пайызбен: 163, 4
: Көтерме тауар айналымы, млн. теңге
2008 қаңтар-желтоқсаны: -
2007 қаңтар-желтоқсаны: -
2008ж. 2007ж. пайызбен: -

ІІ. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының қаржылық жағдайын талдау

2. 1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау.

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиелерімен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, ав-тономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

Ктс = Мк:Ак

Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы) .

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екен-дігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырыса-ды.

Қаржылық талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен не-сие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның жалпы сомасына қатынасының ең аз мәні 0, 6 болып табылады деп есептейді [1, 2] .

А. Д. Шеремет, А. М. Ковалев; В. П. Привалов, О. В. Ефимова және тағы басқа-лар бұл көрсеткіштің 0, 5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемелерін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең теменгі көрсеткіш бола алады деп санайды[1] .

АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффиентінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0, 5-0, 6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен бола-ды: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған каражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсыздан-ған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0, 2-ге дейін төмендетуге болады) .

Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0, 5-0, 6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сонтықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол акпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады.

Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қыскарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс.

Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.

Каржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерт-теу үшін келесідей талдау 2-кестесі құрылады.

2-кесте. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының қаржылық жағдайын талдау.

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Сомасы, мың тг.: Сомасы, мың тг.
Құрылымы, %: Құрылымы, %
Өзгеріс (+; -): Өзгеріс (+; -)
Көрсеткіштер:
Сомасы, мың тг.: Жыл басында
Құрылымы, %: Жыл соңында
Өзгеріс (+; -): Жыл басында
Жыл соңында
Мың тг.
Үлес салмағы%
Көрсеткіштер: Меншікті капитал
Сомасы, мың тг.:
Құрылымы, %:
Өзгеріс (+; -):
Көрсеткіштер: Жарғылық капитал
Сомасы, мың тг.: 13 395
Құрылымы, %: 13 395
Өзгеріс (+; -): 3, 63
3, 72
0
Көрсеткіштер: Қосымша капитал
Сомасы, мың тг.: 223 375
Құрылымы, %: 223 375
Өзгеріс (+; -): 60, 49
62, 09
0
Көрсеткіштер: Резервтік капитал
Сомасы, мың тг.: 3 225
Құрылымы, %: 3 225
Өзгеріс (+; -): 0, 87
0, 90
0
Көрсеткіштер: Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)
Сомасы, мың тг.: 60 480
Құрылымы, %: 59 415
Өзгеріс (+; -): 16, 38
16, 51
-1 065
-1, 76
Көрсеткіштер: Жиыны
Сомасы, мың тг.: 300 475
Құрылымы, %: 299 410
Өзгеріс (+; -): 81, 37
83, 22
-1 065
-0, 35
Көрсеткіштер: Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Сомасы, мың тг.: 0
Құрылымы, %: 0
Өзгеріс (+; -): 0, 00
0, 00
0
Көрсеткіштер: Қысқы мерзімді міндеттемелер
Сомасы, мың тг.:
Құрылымы, %:
Өзгеріс (+; -):
Көрсеткіштер: Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт
Сомасы, мың тг.: 5 325
Құрылымы, %: 3 175
Өзгеріс (+; -): 1, 44
0, 88
-2 150
-40, 38
Көрсеткіштер: Кредитолық борыш
Сомасы, мың тг.: 44 325
Құрылымы, %: 41 835
Өзгеріс (+; -): 12, 00
11, 63
-2 490
-5, 62
Көрсеткіштер: Алдағы кезең кірістері
Сомасы, мың тг.: 3560
Құрылымы, %: 3 570
Өзгеріс (+; -): 0, 96
0, 99
+10
+0, 28
Көрсеткіштер: Баса да несиелік борыштар
Сомасы, мың тг.: 15 565
Құрылымы, %: 11 775
Өзгеріс (+; -): 4, 22
3, 27
-3 790
-24, 35
Көрсеткіштер: Жиыны
Сомасы, мың тг.: 68 775
Құрылымы, %: 60 355
Өзгеріс (+; -): 18, 63
16, 78
-8 420
-12, 24
Көрсеткіштер: Барлығы
Сомасы, мың тг.: 369 250
Құрылымы, %: 359 765
Өзгеріс (+; -): 100, 00
100, 00
-9 485
2, 57

2-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9485 мың теңгеге немесе 2, 57%-ға төмендегені көрініп тұр. Тәуелсіздік коэффициенті 0, 814-ден 0, 832-ге дейін немесе 0, 018 пунктке өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:

Кт = Қк:АК немесе Кт = 1 - Ктс

Мұндағы: Кт - тәуелділік коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны) ;

Ктс- тәуелсіздік коэффициенті.

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың

үлесін сипаттайды.

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0, 186 (1-0, 814), ал жыл соңында 0, 168 (1-0, 832) болды.

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

Кқ = Мк:Қк

Мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Қк - қатыстырылған капитал.

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:

жыл басында - 4, 37 (300475:68775) ;

жыл аяғында - 4, 96 (299410:60355) .

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:

Кқ/м = Қк:Мк

Мұндағы: Кқ/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

Мк-меншікті капитал.

Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:

жыл басында - 0, 23 (68775: 300475) ;

жыл аяғында - 0, 2 (60355: 299410) .

Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 23 тиынын тартқанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 20 тиынға дейін азайған.

Арнайы әдебиеттерде [2, 4] бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Ккм<1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті салалы ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігі мемлекеттік мекемесі
Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру
Мойынқұм ауданының 2007 - 2008 - жылдарға арналған индустриалды-иновациялық даму бағдарламасы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ ЖАЙЫЛЫМ АЛҚАПТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Бастауыш білім беру жүйесінде білім сапасын мониторинглеу
Жамбыл облысы Шу ауданының жер ресурстарын басқару
Биік таулы аймақ
Байзақ ауданның топалаң жағдайларына талдау
Жамбыл облысына тарихи тұрғыдан сипаттама
Жайылым геоботаникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz