Қарашығанақ компаниясының әлеуметтік жобалары



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .2
Негізі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3
I. Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг – еліміздегі ірі компания ... 3
1.1. Қарашығанақ кеніші-әлемдік мұнай-газ
конденсаты ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3
1.2. Қарашығанақ жобасының дамыту
кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.3. Қарашығанақ компаниясының
серіктестіктері ... ... ... ... ... ... ... ..6

II. Қарашығанақтың келісімшарттар мен жинақтау бөлімі ... ... ... ... 8

2.1 . Келісім-шарттар мен жинаќтау бљлімінің негізгі құрылымы ... .8
2.2. Жинақтау бөлімінің негізгі
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..9

III. Қарашығанақ компаниясының әлеуметтік жобалары ... ... ... ... ... 10

3.1. Қарашығанақтың әлеуметтік
жауапкершілігі ... ... ... ... ... . ... ... ..10
3.2. . Батыс Қазақстан аумағында атқарылған әлеуметтік жобалар ... 13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .17

Кіріспе
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында орналасқан
еліміздегі ірі компания Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в. компаниясында
өндірістік тәжірибеден өту барысында алға қойылған негізгі мақсат –
аймақтағы компанияның ролі және әлеуметтік жауапкершілігінің қазіргі
жағдайына талдау жасау.
2009 жылдың 6 қаңтарынан 6 наурыз аралығында өтілген өндірістік
тәжірибені КПО б.в. компаниясының KKS ғимаратындағы келісімшарттар жинақтау
бөлімінің бюджет жоспарлау және есеп беру секциясында өттім. Онда ең
алдымен жалпы компанияның Алтын ережесімен танысып, үлкен компаниядағы
әртүрлі ұлттардың бір-бірімен сыйластықта, құрметпен жұмыс жасап
жүргендерінің куәгері болдым. Сондай-ақ бөлімнің негізгі міндеттерін,
қызметтерімен таныстым. Тәжірибе өту барысында аймақ дамуындағы Қарашығанақ
клмпаниясының әлеуметтік жауапкершілігіне қатысты мәліметтер жинап, соған
сәйкес талдаулар жасай алдым.
Өндірістік тәжірибеден өту жөніндегі есеп үш бөлімнен тұрады. Бірінші
бөлімде жалпы қарашығанақ кеніші туралы, оның құрылу жолдары, жобасының
дамыту кезеңдері және серіктестіктері жөнінде айтылған. Екінші бөлімде
Келісімшарттар жинақтау бөлімінің ережелері, міндеттері, мақсаттары
туралы айтылған. Үшінші бөлімде дипломдық жұмыстың тақырыбына орай
Қарашығанақ компаниясының аймақ дамуындағы ролі, оған жасап жатқан
әлеуметтік жобалары туралы талқыланып, жасалған жұмыстарына қысқаша
тоқталынып өткен.
Өндірістік тәжірибені өте отырып, негізгі бөлімнің құрлымымен,
компания серіктестіктері мен жабдықтаушы компанияларымен, олардың соған
сәйкес құжаттарымен, арнайы компьютерлік бағдарламаларымен, бөлімнің
қызметкерлері мен қызметтерімен, әртүрлі кеңселік технологиялармен
таныстым. Сонымен бірге тәжірибені өту барысында өзіміздің
университетімізде алған білімді тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік туды.
Өндірістік тәжірибе барысындағы мәліметтер толығырақ келесі бөлімдерде
жазылған.

I тарау. Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг – еліміздегі ірі компания
1. Қарашығанақ кеніші - әлемдік мұнай-газ конденсаты.
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. Батыс Қазақстан облысындағы
Қарашығанақ кеніші әлемдегі мұнай-газ конденсаты кеніштерінің бірі. Кеніш
280 шарты километр аумақты алып жатыр, оның қойнауында 1,2 миллиард тонна
мұнай мен конденсат және 1,35 триллион текше метр газ бар. Бүгінгі таңда
Қарашығанақ Қазақстандағы 5,5 миллиард доллардан асатын шетелдік капитал
салымымен ірі инвестициялық жоба болып табылады. Кенішті игеру төрт
халықаралық компаниялар басшылығымен жүзеге асырылуда. Олар Би-Джи Групп
(Ұлыбритания), Эни (Италия) - әрқайсысының үлесі 32,5 пайыздан құрайды,
сондай-ақ Шеврон (АҚШ) – 20% және ЛУКОЙЛ (Ресей) 15% капитал үлестері бар.
Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру үшін осы төрт компания Қарашығанақ
Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) компаниясы болып бірікті.КПО өз қызметін
Қарашығанақ әріптестерінің Қазақстан Үкіметімен 1997 жылғы қарашада қол
қойылған өнімді бөлі жөніндегі негізгі келісімге сәйкес жүзеге асырады.
Келісімнің шарттарына сәйкес КПО Қарашығанақ жобасын басқаруды 2038 жылға
дейін жүзе ге асыратын болады.
Қарашығанақ – аймақтың басты байлығы деп айтуға толық негіз бар.
Мәселен, сандарға көз жүгіртіп көріңізші. Мамандардың есептеуінше, жер асты
“қоймаларында” 1,2 миллиард тонна мұнай қоры мен конденсант, 1,35 триллион
текше метр газ бар. Қазір тұрақтандырылған конденсатты өндірудің жылдық
деңгейі 10,5 миллион тоннадан, газдың текше метрі 14 миллиардтан асады. Бұл
Қазақстанда өндірілген барлық газдың жартысы деп те айтуға болады. Мұнайдың
да 18 пайызын Қарашығанақ береді. Осындай салмақты көрсеткіштерге озық
технологияларды пайдалану арқылы қол жеткізілді. Осы технологиялардың
көпшілігі аталмыш саладағы нағыз ноу-хоуға ие. Мысалы, әлемде бірінші рет
Қарашығанақта газды қайта жер қыртысына айдайтын өндірістік үдеріс сынақтан
өтіп, тұрақты қолданысқа енді. Бұдан кен орны екі жақты пайда көріп отыр.
Жер қыртысындағы қысымның көтерілу есебінен алынатын көмірсутегі
шикізатының көлемі көбейеді. Және газдың қыртысқа қайта оралуы газды
алаумен өртеудің қажеттілігін туғызбайды. Мұның экологиялық жағдайға оңды
ықпалын тигізетіні сөзсіз. Оған қоса, дәл қазіргі уақытта ілеспе газды
кәдеге асыру 99,6 пайызды құрайды. Бұл әлемдік тәжірибедегі ең жақсы
көрсеткіш.
Қалай болғанда да, бастапқыда Қарашығанақты игеру, заманауи талаптарға
сай өндіріс құру оңай бола қоймағаны белгілі. Бәрін қайта құруға, шын
мәнінде технологиялық жүйелерді қайта жарақтандыруға тура келді. Кен
орнында ең жоғары сапалы технологиялар пайдалануға берілді. Бұл
инвестицияның көлемін арттырып, ол 5,5 миллиард доллардан асты. Өндіріс
орнын жарақтандыру барысында орасан зор жұмыстар атқарылды. Кен орны Жайық
өңірінің экономикасын алға сүйрейтін локомотивке айналды.
Өз кезегінде “Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.” компаниясы да
өндірістің дамуына ғана қаржы салып отырған жоқ. Компания өз қызметі
барысында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын мүлтіксіз
жетекшілікке алады. Және аймақтағы ең үлкен ұжымда еңбек етудің өзі де
абырой. Өйткені, дәл осы жерде жоғары сапа мен жақсы жалақы қамтамасыз
етілген. ҚПО қызметкерлеріне, мердігерлік ұйымдардың өкілдеріне
кәсіпқойлығын арттырып, мансабын көтеруге мүмкіндіктер жасалынған.
Өнімді бөлісу жөніндегі Негізгі келісімге сәйкес жыл сайын әлеуметтік
жобаларды жүзеге асыруға 10 миллион доллар бөлінеді. 1998 жылдан бастап,
осы уақытқа дейін әлеуметтік инвестицияның жалпы көлемі 133 миллионға
жетіпті. Қай жерде, қай уақытта, қандай құрылыс нысаны бой көтеру қажеттігі
облыстық әкімдікпен келісе отырып анықталады. Әрине, сұраныс пен ұсыныс
сәйкестендіріледі. Аймақтың тұрақты дамуына бағытталған ҚПО-ның ұзақ
мерзімді бағдарламасында алдымен өмір сапасына – денсаулық сақтау, білім
беру, мәдениет пен спорт салаларына басымдық береді. Осының арқасында Орал
қаласының көркіне көрік қосқан облыстық қазақ драма театры, Мұз спорт
сарайы, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония сынды нысандар
бой көтерді.
Қазір еліміздің кез келген аймағының беделі жұмыс орындарының
көптігімен бедерленеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қарашығанақ – Оралдағы ең
үлкен ұжым болып табылмақ. Оның үстіне бұл жерде жалақы жеткілікті түрде
жоғары көрсеткішпен төленеді. Есесіне, әлемдік стандарттарға сәйкес,
мамандардың кәсіби біліктілігіне де жоғары талаптар қойылады. Ал, сапаның
мүлтіксіз жоғары деңгейі – шетелдік компаниялардың өзгермейтін брэндімен
бекемделген. Қарашығанақта Би Джи Групп (Ұлыбритания), ЭНИ (Италия) Шеврон
(АҚШ), ЛУКОЙЛ (Ресей) сияқты мұнай-газ саласында аса әйгілі компаниялар
бірігіп жұмыс істеп жатқанын қаперге сала кетелік. Олардың қазақстандық
тараппен қарым-қатынасы Өнімді бөлісу туралы негізгі келісіммен реттеледі.
Бұл құжатта инвесторлардың облыстың әлеуметтік жаңғыруына тұрақты қатысуы
нақты қарастырылған. “Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.” компаниясының
өңірдің дамуына қосып жатқан үлесі де салмақты екендігін айтуымыз керек.
Жыл сайын ҚПО өңірдің тұрмыс-тіршілігіне 10 миллион доллармен қарайласады.
Ал, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың басым бағыттары өңірді
тұрақты дамыту бағдарламасында нақты белгіленген. Әсіресе, денсаулық
сақтау, білім беру, мәдениетті дамыту салаларына көбірек мән беріледі.
Біткен істі кеңінен таратып айтқанда, жолдардың ескісі жөнделіп, жаңалары
салынуда, газ құбырлары тартылып, стадиондар жөндеуден өткізілуде. Орал
қаласының халқы бүгінде Қазақ драма театры, Мұз сарайы, Балалар қалашығы
сияқты жүзеге асқан ауқымды нысандармен мақтана алады. Бұл ғимараттар Орал
қаласының көркіне көрік қосып қоймай, елдің игілігіне қызмет етуде.

2. Қарашығанақ жобасының дамыту кезеңі

Қарашығанақ компаниясының негізгі бастауы сонау сжетпісінші жылдардың
аяғы сексенінші жылдардың басында бастау алған болатын. Содан бері
еліміздің батыс аймағынында орын тепкен бұл кеніш орны көптеген
өзгерістерге түсіп, аймақ экономикасына, әлеуметтік жағына жәрдемдесіп,
басқа елдермен достық қатынас орнатып, мемлекетіміз үшін үлкен маңызды
орынға ие болып отыр. Талай жылдың жемісі болып отырған компания игерусіз
жатқан байлықтың іске асыруын себепші болып қана қоймай, батыс өңірінің
гүлденуіне де ат салысып отыр, сондай-ақ аймақта жұмыс орындарын ашып,
халықтың жұмыссыздық дәрежесінің төмендеуіне де себепші.

Ендеше осы компанияның дамыту кезеңдеріне жыл бойынша қысқаша тоқталып
өтсек.
Жобаны дамыту кезеңдері
1979 – Қарашығанақ кенішінің ашылуы
1984 – пайдалану басқармасының ашылуы
1992 – Қазақстан Үкіметі мен Эни және Би-Джи Групп компаниялар арасында
өнімді бөлісу жөніндегі Келісімге қол қоюдың өзара келіссөз процессінің
бастамасы
1995 - Өнімді бөлісу принциптері жөніндегі Келісімге қол қойылды,
келіссөздер жалғасуда
1997 – ШевронТексако және ЛУКОЙЛ компаниялары халықаралық консорциумына
енді. Қараша айында 40 жыл мерзімге белгіленген өнімді бөлу жөніндегі
Түпкілікті келісімге қол қойылды
1998 – ӨБТК әрекетінің бастапқысы
1999 – Құрылыс жұмыстарының бастапқысы
2000 – Негізгі жұмыстарға келісім-шартқа қол қою. КПО басшылығының Ақсай
қаласына келуі
2001 – Ақсай қаласынан Қарашығанақ кенішіне дейін 28 шақырымдық теміржол
желісі құрылысының аяқталуы. Қарашығанақ кенішіне Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Ә. Назарбаевтың келуі және жаңа электростансасының салтанатты
жағдайда ашылуы
2002 – Конденсат экспортының рекордтың деңгейге жетуі – тәулігіне 18 мың
тоннадан астам. 625 шақырымдық экспорттық құбыр салынды; Қарашығанақ Каспий
құбыр концерциумының мұнай құбырына шығуға мүмкіндік алды
2003 – Екінші фазаның өндірістік объектілеріне Қазақтан Республикасының
Президенті ресми түрде старт берді
2038 – ӨБНК мерзімінің аяқталуы




3. Қарашығанақ компаниясының серіктестіктері

Қарашығанақ компаниясының жоғарыда атап өткендей төрт серіктестіктері
бар. Олар Би-Джи Групп (Ұлыбритания), Эни (Италия) - әрқайсысының үлесі
32,5 пайыздан құрайды, сондай-ақ Шеврон (АҚШ) – 20% және ЛУКОЙЛ (Ресей) 15%
капитал үлестері бар. Ендеше жоба бойынша серіктестіктеріне қысқаша
тоқталып өтсек.

Жоба бойынша серіктестер
Эни
Эни мұнай газ саласында, электрқуатын өндіруде,
мұнайхимия саласында, мұнай өндірісі мен
инженерлік өнеркәсіпте қызмет көрсететін әлемдегі
интеграцияланған жетекші энергетикалық
компаниялардың бірі болып саналады. Бұл салаларда
Эни талдаушы болып табылады және әлемдік нарықта
осы салаларда жетекші позицияларды ұстап отыр.
Экономикалық тиімділік пен өнімдер мен қызметтер
көрсетуді үнемі арттырып отыру арқылы акционерлер
үміттерін қанағаттандыру мақсатында жаңа
құндылықтарды құру Энидің басты мақсаты болып
табылады. Сонымен бірге өздерінің
қызметкерлерінің талап-тілектеріне баса назар
аударып, компанияның тұрақты өсуіне бағыт сақтап
келеді.

Би-Джи Групп
Әлемдік энергетиқалық нарықтағы жетекші қатысушы
болып табылатын Би-Джи Групп компаниясы – жер
шарының бес континентінде орналасқан 20
мемлекетте көптеген кәсіпорындары бар бірқалыпты
дамып келе жатқан бизнес.Би-Джи Групп
компаниясының штаб-пәтері Ұлыбританияда болғанына
қарамастан, оның командасын құрайтын 60 пайыздан
астам кәсіпелері бұл мемлекеттің тыс жерінде
жұмыс жасауда.Би-Джи Групп тарихында бүкіл
энергетикалық индустрияның барлық салаларын
қамтитын көптеген қол жеткен табыстары бар.
Компания табиғи газ саласында оның барлау
жұмыстарынан өндірілген өнімді тұтынушыларға
жеткізуге дейін жұмысында орасан зор тәжірибе
жинақтады.

Шеврон
Шеврон корпорациясы ѕлемдегі ењ ірі жѕне
бѕсекелестік ќабілеті мол ѕлемдік энергетикалыќ
компаниялардыњ бірі болып саналады. Корпорацияныњ
штаб-пѕтері АЌШ-таѓы Сан-Рамон ќаласында
орналасќан. ШевронТексако љз іс ѕрекетін 180-нен
астам елдерде жџргізуде жѕне мђнай-газ
љнеркѕсібініњ барлыќ салаларында жђмыс жасауда.
Атап айтќанда, барлау мен љндіру, ќайта љндеу,
тасымалдау мен љткізу, химиялыќ заттарды љндіру
мен оларды сату, сондай-аќ электрќуатын љндіру.

ЛУКОЙЛ

ЛУКОУЛ Ресейдегі жетекші тік-интеграциялық
компания болып табылады. Компанияның негізгі
кәсібі мұнай мен газды барлау және өндіру,
сондай-ақ мұнайхимиялық өнімдерді өндіру мен оны
өткізу.















II-тарау. Қарашығанақ б.в. компаниясының келісімшарттар мен жинақтау
бөлімі
2.1. Келісім-шарттар мен жинаќтау бљлімінің негізгі құрылымы
Келісімшарттар мен жинаќтау бөлімінің негізгі маќсаты – КПО-ның
тауарлар мен ќызметтер сатып алуда барлыќ пайдаланушы бөлімдерге
экономикалыќ пайдалы және тиімді ќызмет көрсету болып табылады. Пайдаланушы-
бөлімдердің талаптарына жауап беретін ең пайдалы экономикалыќ шешімдерге
жету үшін келісімшарттар мен жинаќтау бөлімі өз жұмысында нарыќтыќ
тәсілдерді кеңінен пайдаланады.
Бөлімнің ұйымдастырушылық структурасы
КПО-ның келісім-шарттар мен жинаќтау бөлімінің струтктурасына төмендегідей
буындар кіреді:
• Жабдықтаушылардың санаттылығы мен олардың дамуы (ЖСД)
• Жинақтау
• Келісім-шарттар
• Жоспарлау мен есеп беру  

ЖСД
Бұл буын ќуатты жабдықтаушылар мен мердігерлерді бекітілген тізімге
енгізу мақсатында олардың санаттылық жағынан іріктеу және компаниялардың
жергілікті нарыќта даму үшін мәселелердің барлығына тікелей жауап береді.

Жинақтау
Бұл секция Қарашығанақ кенішіндегі әлеуметтік жобалармен, өндірумен,
пайдаланумен байланысты атқарылатын жұмыстардың материалдық-техникалық
қамтудың барлық қырларына басшылық жасау үшін жауап береді, сондай-ақ кең
көлемді тауарлардың, жабдықтардың және қызмет көрсетудің өндірісін
қадағалап отыру.

Келісімшарттар секциясы
Бұл секция келісімшарттармен жұмысты жоспарлау, тексеру, қадағалау,
үйлестіру және ірі келісім-шарттарды әкімшілендіру, техникалық қызмет
көрсету мен пайдалану жұмыстарының орындалуындағы келісім-шарттарына,
сондай-аќ арнайы жобалардың келісімшарттарына ќатысты барлық мәселелерді
ұйымдастыруға жауап береді.

Жоспарлау мен есеп беру
Бұл секция жоспарлау мен бөлімдердің іс-әрекеттері жөніндегі есеп
беруді құрастыруға, шығындарды бақылау мен бюджетті жоспарлауға, келісім-
шарттардың талаптары мен стандартты мерзімдерін өңдеуге, іскерлік
белсенділік жүйесі мен тәсілдігін, құжаттардың стандартты үлгілері мен
бөлімдер процедураларын өңдеуге, сондай-ақ бөлім қызметкерлерінің кәсіптік
даярлығы мен оқытуға қатысты барлыќ мәселелерге жауап береді. КПО-ның
жабдықтаушылармен қарым-қатынасының тиімділігі мен бөлім жұмысының табысы
мынадай екі аса маңызды элементтердің барлығынан тікелей байланысты.

2.2. Жинақтау бөлімінің негізгі қызметтері

Жабдықтаушылар санаттылығы мен дамуы бөлімі туралы қысқаша ақпарат
беріп өтейік.ӨБТК-не сәйкес (ХІХ бап) ҚӨҚ материалдар, жабдықтар мен
қызметтерді негізінен қазақстандық ұйымдардың сатып алды жалғастыруда.Бұл
мердігердің негізделген пікіріне сәйкес бағалардың бәсекелестігі,
тиімділігі, пайдалану параметрлері мен сапа және қою шарттары жағынан
белгіленген ұйымдардан алу компания үшін пайдалы болған жағдайда ғана.
Жабдықтаушылар санаттылығы мен дамуы бөлімі (ЖСД) жылма-жыл қазақстандық
ұйымдардан пайдалану жөнінде жоспарлар жасақтайды, онда жабдықтаушыларға
көмек мөлшері белгіленеді, бірлескен іс-әрекет келісімін жасақтауға
қатысады, жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен
байланыстарын кеңейтеді.
Қазақстандық ұйымдардың қатысуын ұлғайту үшін әсіресе төмендегілер
іске асырылады:
1. Ең қолайлы компанияларды анықтау үшін тиісті критерийлер жасақталады.
2. ҚӨҚ талаптарына сай келетін жабдықтаушылар конференция кезінде
анықталады.
3. Алдын-ала санаттылық іріктеу кезінде және жабдықтаушылардың іс-
әрекеттерін зерттеу негізінде олардың мүмкіндіктеріне үнемі талдау
жасалып отырады. 
4. Іріктелген компанияларға алдын-ала санаттылық процессі кезінде оларға
белсенді көмек көрсетіледі. Осындай көмек ретінде алдын-ала санаттылық
бағалау процессін жақсы түсіну үшін компаниялармен семинарлар өткізу
мүмкін болады.
5. Компаниялардың тауарлар мен қызметтерге қосымша талаптары неғұрлым
ертерек (24 ай бұрын) анықталады. 
6. Жабдықтаушылар, немесе жабдықтаушылар тобына тиісті талаптарды әзірлеу
үшін көзделіп отырған келісім-шарттарға талдау жүргізіледі.
7. Атқарылатын қызметтер сапасын арттыру мақсатында пайдаланушы
бөлімдермен кері байланыс жүйесі арқылы жабдықтаушылардың іс-
әрекеттері үнемі талданылып отырады.
8. Қаржылық және үкіметтік емес ұйымдарды іріктелген компанияларға қолдау
көрсету үшін тарту мақсатында өзара келіссөздер жүргізіледі.
9. Қолайлы шетелдік серіктестіктерді анықтау үшін сауда ұйымдарымен
кездесулер ұйымдастырылатын болады.
10. Бірлескен қарым-қатынас жөніндегі келісімдерді жасақтауда көмек
көрсетілетін болады.
Алдын-ала санаттылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аджип ҚКО компаниясы туралы ақпарат
“Интергаз Орталық Азия” АҚ
«Интергаз Орталық Азия» ақ компаниясы қызметіне талдау
АҚ «Интергаз Орталық Азия» компаниясы
Жарнаманың тарату құралдары
Мұнай саласында Қазақстан аумағында оны барлау, өндірумен айналысып жатқан шетелдік мұнай компаниялары
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының түсінігі
Қазақстанның мұнай газ саласы
МҰНАЙ. МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ
МУНИЦИПАЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДА КЛАСТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ҚАРАЖАТТАРДЫ БӨЛУДЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ МЕХАНИЗМДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ӨНІМДЕРДІ ИМПОРТ - ЭКСПОРТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер