Орталық Азия аймағында Еуропалық Одақ елдерінің ынтымақтастық тәжірибесін тиімді қолдану мүмкіндігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ. ЕО ЕЛДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 12

1. 1 ЕО елдерінің қауіпсіздік үлгісі және қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруының негіздері . . . . . . . . 12

1. 2 ЕО елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттары . . . . . . . . 18

ІІ ТАРАУ. ЕО-НЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ…… . . . 30

2. 1 Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесінің ерекшелігі мен қайнар көздері . . . 30

2. 2 Орталық Азия аймағы елдерінің қауіпсіздік деңгейін арттыруда ЕО елдерінің интеграция тәжірибесін қолданудың негізгі бағыттары . . . 39

2. 3 Орталық Азия аймағында Еуропалық Одақ елдерінің ынтымақтастық тәжірибесін тиімді қолдану мүмкіндігі . . . … . . . . . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . …. …. . …… . . . 57

СІЛТЕМЕЛЕР . . . 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . … . . . … . . . 65

КIРIСПЕ

Тақырыптың өзектiлiгi. Қазiргi кезде әлем өзара жүйелi жаһандану үрдiсiнде дамуда. Әлемнiң түкпiр-түкпiрiнде сауда-экономикалық, қаржы, кеден және саяси одақтар, бiрлестiктер, ұйымдар құрылуда. Бұл объективтi және заңды құбылыс.

Қазiргi заман тарихының феноменi ретiнде танылған Еуропалық Одақ халықаралық жаһандану үрдiсiнiң сәтті көрiнiсi болып табылады.

Еуропалық жаһанданудың дамуы сапалы түрде жаңа, бұрын болмаған бiрлестiкке табан тiредi. Оның кұрылымы мен қызметi бiр жағынан халықаралық ұйым болса, екiншi жағынан конфедеративтi жене федеративтi одақ сипатына ие. Бастапқы кезде бөлек, оңаша және дербес кұрылымдар мен жүйелер (мемлекеттер, халықтар, шаруашылықтар және т. б. ) өздерiн бiрыңғай бiр мақсатпен бiрiгіп, елуден астам жылдар бойы таңдаған жолдарының ақиқаттығын iс жүзiнде дәлелдеуде.

ХХ - ғасырдың соңғы жылдары Еуропалық Одақ интеграциясының дамуы негiзгi оқиғаларымен белгiлi. 1992 жылы қол қойылған, ал 1993 жылы Маастрихт қаласында Еуропалық Одақ туралы келiсiм-шарт күшiне ендi. Еуропалық Одақтың кеңеюі қарсаңында Амстердам (1997ж. ) және Ницца (2000ж. ) келiсiм-шарттарында [1] Еуропалық Одақтың әрекеттiлiгiн қамтамасыз ету және интеграциялық үрдiстердiң әрi қарай дамуы үшiн алғы шарттарды ашу мақсатымен бiр қадам алға жылжу көрiнiстерi байқалды. Соңында iшкi iстер және құқық саласында Еуропалық Одақтың жекеше құрылуы басталды.

Еуропалық Одақ Келiсiмiнiң преамбуласында айтылған «еуропалық континенттiң бытыраңқылығын тоқтату арқылы еуропа халықтарының тығыз одағына негiз құру»- еуропалық интеграцияның басты мақсаты болып табылады [2] . Өзара бiрiгу экономикалық және қаржы одақ, бiрыңғай азаматтық ортақ сыртқы саясат пен қауiпсiздiк саясатын орнатуға бағытталған.

Қазiргi кезде интеграция мәселесi өте маңызды, сондықтан Орталық Азия елдерiне Еуропада өтiп жатқан үрдiстердi түсiну арқылы ғана ынтымақтастық стратегиясын тандауына болады.

Орталық Азиялық кеңiстiктiң әлемдiк экономикаға, саудаға жаһандануының маңызды шарты Еуропалық Одақпен ынтымақтастығы болып табылады. Орталық Азияның ЕО елдерiмен өзара әрекеттесуі, сонымен қатар демократиялық қайта құру жетiстiгi мен нарықтық қатынастарға өту факторының бiрi, Еуропаның экономикалық және саяси дамуының негiзгi компонентi болып табылады.

Посткеңестiк кеңiстiкте жаңа тәуелсiз мемлекеттердiң пайда болуы, олардың әлемдiк экономикаға және халықаралық саяси үрдiстерге тартылуы тек аймақтағы ғана емес, сондай-ақ бүкiл әлемдегi жағдайды көп жағынан өзгертiп жiбердi. Жанжалдар және дау-дамайлармен сабақтасқан мемлекеттiлiк орнатудың қарқынды үрдiстерi бұл мемлекеттердiң әлемнiң құбылмалы құрылымында өз орнын iздеуiмен, жаңа саяси одақтастар мен әрiптестерiн анықтауымен қатар жүрдi.

Кеңес өкіметінің күйреуінен кейiн еуропалық саясат жаңа өлшемге ие болды. Ол жаңа геосаяси шындықтағы кең түрдегi саяси экономикалық және әлеуметтiк комплекс мәселелерiне қатысты. Сонымен қатар қауiпсiздiк саясатын қайта қарау қажеттiгi туды.

Бұған ЕО-тың тұрақтылығы және қауiпсiздiгi дамыған Еуропалық мемлекеттердiң өз қызығушылықтары мiндеттедi. Жаңа шақыруларға Еуропалық Одақ елдерінің жауабы бiрқатар жобалар мен жоспарларды қайта өңдеу мен жүзеге асыру болды.

Ынтымақтастық негiзiндегi қауiпсiздiк мәселесi екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн-ақ өзектi бола бастады. Батыс көшбасшылары демократияны тұрақтандыру мақсатымен қауiпсiздiк құрылымын құру қажет екенiн түсiнді. Сөйтіп қауiпсiздiк тақырыбы аса өзектi бола бастады.

Қауiпсiздiк тақырыбы Орталық Азия елдерi үшiн де өзектi болып табылады. Осы аймақтың қауіпсiздiгiн қандай да бiр мемлекет қамтамасыз ете алады ма, егер елдiң өзiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселесi тұрған кезде. Орталық Азия елдерi, әрине Тәуелсiз Мемлекеттер Достығы, Орталық Азиялық Одақ немесе Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберiнде-ақ жұмыс iстей алар едi, бiрақ өкiнiшке орай шынайы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн аймақта құрылымды құру үшiн бұл құрылымдардың тәжiрибесi аз, толық емес болуда.

Сонымен қатар, осы берiлген құрылымдардың мүше-мемлекеттеріне Батыс елдерiне бас бұруының қажеттiгi туып отыр. Дәл Батыс елдерінiң тәжiрибесi iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету құрылымын құруда өте қажет болып отыр. ЕО - әлемдегi тұрақтандырушы фактор. Оның геосаяси күшеюi және экономикалық, саяси және институционалды ынтымақтастықты интенсификациялау арқылы ЕО-ның Орталық Азиядағы ықпалын күшейту болашақта позитивтi үрдіс деп қарастыруға болады.

Зерттеу нысанына Еуропалық интеграция үрдісіндегі Еуропалық Одақтың қауіпсіздік саласын зерттей отырып, Орталық Азия мемлекеттерінің осы сала бойынша ынтымақтастығын қалыптастыру мәселелері мен алғы шарттарының тарихи аспектісі алынды.

Зерттеудің пәні - ЕО мен Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы.

Жұмыстың мақсаты: Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдерімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының орны мен мәнiн ашып көрсету.

Бітіру жұмысының алдына қойылған мақсатқа жетуде мынадай мiндеттер қойылды:

1) Еуропалық Одақтың Орталық Азияның жаңа тәуелсiз мемлекеттерiн тануы мен олармен қарым-қатынас орнату мәселесi.

2) ЕО-ның аталған аймаққа қатысты бағдарламаларының саяси-құқықтық негiзiнiң маңыздылығы.

3) Орталық Азиядағы стратегиясы: геосаясат, мүддесi мен өзара қауiпсiздiк мәселесi.

4) ЕО-ның аймақ мемлекеттерiмен сауда-экономикалық қарым-қатынасы мен инвестициалық қызметiнiң ьқпалы.

5) Еуропалық және Орталық Азиялық аймақтардың өзара мүдделерi мен олардың одан әрі дамуына әсер ететiн геосаяси факторлар, мүмкiн бола алатын қайшылықтар.

Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басына дейінгі аралықты қамтиды.

Жұмыстың деректiк негiзi. Зерттеу жұмысының деректік негіздерін автор төмендегідей топтарға топтастырды.

Деректердің бірінші тобына екі жақты немесе көпжақты кездесулерде жасалған дипломатиялық құжаттар, ЕО институттарының ресми және жұмыстық құжаттары, дипломатиялық құжаттар, өзге еуропалық, халықаралық ұйымдардың ресми мәліметтері, сондай-ақ әртүрлі еуропалық сараптама орталықтарында дайындалған құжаттар жинақталды [3] . ЕО-тың жауапты тұлғаларының халық алдында сөйлеген сөздері және ресми басылымдар қолданылған әдебиеттердің маңызды бөлігін құрайды. Сонымен қатар жұмыс барысында Ресей - ЕО бірлестігінің ресми құжаттары қолданылды.

Деректердің екінші тобына ЕО-тың Орталық Азияға қатысты саясатын жасап және оны іске асыруға қатысқан еуропалық институттардың бағдарламалық құжаттары қолданылды [4] .

ЕО-тың саясатына сараптама жасауда ЕО-тың ресми құжаттары ең маңызды болып табылады, оларды ЕО-тың ресми сайтынан табуға болады [5] . Бұл ресми құжаттардың құрамына кіретін аса маңызды құжаттар - ЕО-тың сыртқы саяси инициативаларын көтеруде үлкен рөл атқаратын Еуропалық Комиссияның құжаттары болып табылады [6] . Комисссияның негізгі құжаттарының бірі болып Еуропалық Парлемент пен Еуропалық Кеңеске жолдауы табылады. Жолдау мәліметі-кеңес берушілік сипатта болады және ұсынылған құжаттардың тақырыптары бойынша мамандандырылған Комиссияның департаменттерінде дайындалады. Жолдаудың жалпы мәтіні жеке кітапшалар болып басылынып шығарылады және көп мөлшерде таратылады.

Жұмыс барысында Еуропалық Комиссия құрастырған, ЕО-тың қарастырылып отырған аймақтардағы жалпы қызығушылықтары мен мақсаттарына негізделген, ЕО-тың Орталық Азиядағы жалпы саясатын жоспарлау және жүзеге асыру бойынша ұсыныстарда көрсетілген жолдауға сараптама жасалынды [7] .

ЕО-тың энергетика, демократиялану, кикілжіңдерді реттеу, есірткі мен қару-жарақтарды заңсыз тасымалдау мен заңсыз миграция салаларындағы атқарылып жатқан істердің дамуының көрінісі көрсетілген Комиссияның жолдауы көп қызығушылық тудыруда.

Сондай-ақ, жұмыс барысында Еуропалық саясаттың белгілі бір саласын тіркеп отыратын «Жасыл кітабы» зерттелді. Бұл құжаттар ЕО ішіндегі қызығушылық тудырып отырған жақтарға қатысты және өзекті мәселелерді талдау мен кеңес үрдісіне бағытталған. Комиссияның ұсыныстары түрлі бағыттардағы сыртқы саяси қызметтердің қозғаушы күші ретінде қарастырылып отырған аймаққа бағытталған еуропалық саясаттың мәнін ашып көрсетуде ерекше маңыздылық танытады.

ЕО-тың белгілі бір бағытқа негізделген іс-әрекеттерін жүргізуі бойынша ұсыныстар берілген Еуропалық Комиссияның «Ақ кітабы» [8] да Орталық Азияның саясатын зерттеуде маңызды рөл атқарады. Құжаттың бұл түрі ресми ұсыныстардың жалпы санын жинақтаған және сонымен қатар сол ұсыныстарды өмірде қолданудың құралы болып табылады. Мұндай құжаттарды зерттеу ЕО-тың аймақтардағы бағытталған саясатын танып білуде аса қажет екені анық.

Тағы да бір осы Еуропалық Комиссияның мәліметтер тобына 1991 жылы ТМД елдерінің Техникалық бірлестік бағдарламасы ТАСИС (Technical Assistance for the Commonwealth of Independent States) [9] негізінде дайындалған құжаттар жатады. Бұл құжаттардың құрамына аймақтық және ұлттық іс-әрекет бағдарламалары кіреді, ал ұлттық бағдарлама өзінің құрамына мемлекеттік бағдарламаларды және шағын жобалардың бағдарламаларын біріктіреді. Аймақтық бағдарламалар арнайы бір елге арналмаған және ұлттық бағдарламалармен қатар жүзеге асырылады. Мұндай бағдарламалардың құрамына трансшекаралық бірлестік туралы Бағдарлама және Ядролық қауіпсіздік Бағдарламасы кіреді. Зерттеу жұмысына үлкен қызығушылық тудыратын екі басты бағдарлама ТРАСЕКА және ИПОГЕЙТ.

Бағдарламаны жүзеге асырумен танысу үшін Комиссияның тапсырысымен жұмыс істейтін тәуелсіз сараптама орталықтарымен бірге өткен Еуропалық Комиссияның сараптамалық департаментіндегі іске асырылып жатқан бағдарламалардың тиімділігін зерттеудің маңыздылығы зор [10] . ЕО өздерінің іс - әрекеттері мен шешімдерінің шарттары мен салдарларын анықтау мақсатында ТАСИС бағдарламасының шегінде, көптеген бағыттардағы қызметтерін бағалау үшін сарапшыларды айту қажет.

ЕО-тың Орталық Азиядағы саясатын қарастыру барысында ЕО Кеңесінің құжаттары да көп маңызға ие. Зерттеу жұмысы барысында Кеңестің отырысының қорытынды резолюциялары; жалпы ұстанымдар мен бірлескен іс-әрекеттер; Кеңестің заңдық сипаттағы өзге де шешімдері; ЕО төраға-елінің ресми шешімдері; төрағалық ету уақытындағы әрекет ету бағдарламасы қолданылды.

ЕО-тың Орталық Азияға деген саясатының жалпы көрінісін Еуропалық Парламенттің құжаттары толықтырады: резолюциялар, пленарлы отырыстардағы пікірластардың хаттамалары, мамандандырылған комитеттердің баяндамалары [11] ; Парламенттік құжаттар кеңестік сипатта болады және еуропалық сыртқы саясатқа әсер етуінің белгілі бір шегі бар.

Зерттеу жұмысы барысында қолданылған мәлімет көздеріне сондай-ақ ЕО-тың ресми өкілдерінің сөйлеген сөздері, берген сұхбаттары мен шешімдері де жатады, олардың барлығын да ЕО-тың ресми сайтынан табуға болады [12] . Мұндай құжаттар өз кезегінде толықтырушы және көмекші мәлімет көздері болып саналады және көп жағдайда ресми құжаттарды нақтырақ түсіну үшін аса қажеттілік танытады.

Дипломатиялық құжаттардың қатарына ЕО-тың Орталық Азия елдері қол қойған «Серітестік пен Бірлестік туралы екіжақты Келісімі» жатады [13] .

ЕО-тың Орталық Азияға қатысты саясатындағы мәселелерді біршама толығырақ қарастыру үшін жұмыс барысында түрлі еуропалық сараптама орталықтарының құжаттары қолданылды. Бұл құжаттар ЕО-тың осы сұрақ бойынша ресми ұстанымына еш әсер етпестен, алынған тақырып бойынша жан-жақты мәліметтерді жинақтауға мүмкіндік берді.

Сараптама орталықтарының құжаттамаларын қарастыруда сараптаушы мамандар арасында да, сондай-ақ ЕО-тың басқару шеңберінде де біршама елеулі беделі бар тәуелсіз еуропалық саяси зерттеу Орталығы (СЕПС) [14] көп қызығушылық тудырады. Мұндай бедел Орталықтың сараптаушыларына сыртқы және ішкі еуропалық саясат мәселелерін, оларға деген көзқарастарды және басқа да өзекті сұрақтарды көтеріп, оларды кең талқыға салуына мүмкіндік береді. Мұнда талқыланған мәселелер ЕО шегінде нақты шешімдер шығаруда белгілі бір әсерін тигізуі мүмкін.

ЕО-тың кикілжіңдерді реттеу саласындағы қызметін танып-білуде Халықаралық дағдарыстық топтардың құжаттарының да маңыздылығы зор [15] . Бұл-өкіметтік емес орган, оның қызметкерлері бүкіл әлем бойынша кикілжіңдер мен әлеуметтік дағдарыстарды зерттеумен айналысады, кеңістікті зерттеуге негізделген сараптамалық баяндамаларды жариялайды және саяси шеңберлерге бағытталған ұсыныстарды жасап шығарады. Дағдарыстық топтардың құжаттарының құрамына бүкіл әлемдегі кикілжіңдер мен дағдарыстар өзекті ақпараттарды жинақтағаны туралы апталық бюллетендер, жағрафиялық және тақырыптық ұстанымда дайындалған ай сайынғы баяндамалар кіреді.

Осы жұмысқа байланысты зерттеу жүргізу барысында ЕО құжаттарымен қатар өзге де еуропалық институттардың құжаттарын да қарастыру қажет болды. Осы тұрғыда қауіпсіздік мәселелерін зерттеуде Еуропалық Одақтың (БЕО) және Еуропаның қауіпсіздік пен бірлестік жөніндегі Ұйымының құжаттары айрықша маңызға ие [16] .

Деректердің үшінші тобын көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлердің сөйлеген сөздері, сұхбаттары, еңбектері құрайды. Бұл деректердің ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың [17], Ресей Федерациясының бұрынғы Президенті В. В. Путиннің [18] және аймақтық ұйым басшылары мен миграция мәселесімен айналысатын құзырлы органдардың лауазымды тұлғаларының сөйлеген сөздері және сұхбаттары бар. Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Бас хатшысы Григорий Рапота Прагада өткен экономикалық форумда сөз сөйлеген [19] . Өзінің сөзінде заңсыз сипат алған миграцияның экономикалық салдарларын айтып кеткен болатын. Осы сияқты лауазымды тұлғалардың айтқан сөздерінен аймақтағы жалпы ситуация жайлы және оны шешуге байланысты мағлұматтарды алуға болады.

Деректердің төртінші тобын бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттар және қазіргі кездегі интернет сайттарындағы мәліметтер құрайды[20] .

Ондай мәліметтер Қазақстанның «Аргументы и Факты Казахстан», «Казахстанская правда», «Экспресс К», «Литер», «Айқын», «Панорама» газеттерінде және «Дипломатия жаршысы», «Ақиқат», «Саясат», «Казахстан-Спектр», «Центральная Азия и Кавказ», «Казахстан: экономика и жизнь», «Казахстан и современный мир», «Аналитическое обозрение», «Континент» журналдарында немесе электрондық көздерінде бар.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Бітіру жұмысын жазу барысында отандық және ресейлiк авторлардың зерттеулерi мен еңбектерi кеңiнен қолданылды.

Жалпы еуропалық интеграцияны оқуда ресейлік тарихнаманы екі негізгі бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт, ол зерттеп отырған мәселелерді алдымен экономикалық аспектіде қарастырады, өйткені басында ЕО экономикалық бірлестік болған, сондықтан Ю. А. Борко, О. Ю. Потемкина [21], М. М. Троицкий [22], О. В. Буторина [23] секілді белгілі ғалымдар өздерінің зерттеулерін экономикалық бағытта жүргізді. Осы зерттеушілер интеграцияның барлық үрдісі экономикалық үрдістерге байланысты дегенге аса үлкен көңіл бөлуде. Екінші бағыт, ол Еуропалық интеграциялық үрдісінің саяси, әскери, құқықтық, мәдени және әлеуметтік бағыттарын қарастыратын ғалымдар тобы. Осы ғалымдарға О. Ю. Потемкина [24], А. И. Динкевич [25] еңбектерін кіргізуге болады. Осы зерттеушілердің көп жұмыстары жаңа қызығушылық білдіретін мәселелерді қарастырады. Мысалы, О. Ю. Потемкина ЕО елдеріне 50-шы жылдардың соңынан басталған шетелдік жұмысшылардың ағылуы, иммиграция, халықаралық сипат алған лаңкестік, қылмыс және т. с. с. мәселелері, яғни интеграцияның практикалық тәжірибесін қолдануға үлкен қызығушылық тудыруда. Сонымен қатар, М. В. Каргалова [26] еңбектерінен де зерттеудің тақырыбы бойынша тарихи кезеңдері де алынды.

Отандық авторларға келетін болсақ, Ж. У. Ибрашевтың [27-28] еңбектерінде Еуропалық Одақтың Ортальқ Азияның тәуелсiз мемлекеттерi - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және Тәжiкiстандағы әрекеттерiнiң негiзгi бағыттары, екi аймақтың өзара мүдделерi, әсер етушi геосаяси факторлар ашып көрсетiлген. Еуропалық Одақтың сыртқы саяси және сауда-экономикалық қарым-қатынасы, Орталық Азия аймағына қатысты геосаясаты, мүддесi, экономикалық-инвестициялық қызметi туралы баяндалған. ЕО-тың халықаралық қауымдастықтағы рөлi, Орталық Азия мемлекеттерiмен қарым-қатынас орнатуы, инвестиция салу мәселесi зерттеледi. Қатынасты дамыту қажеттiлiгi ЕО- ның әлемдiк саясат, экономика және мәдениеттегi орны және рөлiмен аньқталатындығы және өз жағынан Еуропалық Одақ Орталық Азия елдерiнiң орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға, тоталитаризмнен демократиялық мемлекетке өту мүдделерiн қолдайтын ұмтылысы көрсетiлген. Жаңа посткеңестік елдерге алуан түрлi салалар бойынша көмек көрсету мақсатымен жүзеге асырылған бiрнеше бағдарламалар талданған.

М. С. Ашимбаев [29] өзiнiң еңбегi Орталық Азиядағы 11 қыркүйек оқиғасына дейiнгi және кейiнгi геосаяси жағдайды зерттеуге бағытталған. Еңбекте қазiргi таңда туындап отырған мәселелерге кешендi түрде тоқталынған, соның iшiнде Орталық Азияға қатысты Еуропалық Одақ секiлдi үлкен күштердiң ұстанымдары мен мүддесiн бағалауда толық сараптама жасалған.

Л. М. Лаумулин [30-32] еңбектерiнде Еуропалық Одақтың Орталық Азиямен қатынастарын бірнеше кезеңдерге бөлiп қарастырған. Алғашқы жылдардағы ынтымақтастық туралы келiсiмнен бастап соңғы жылдардағы белсендi еуропалық саясаттың неғұрлым қарқындауына дейiнгi негiзiгi аспектiлер талдауға салынған. ЕО пен Орталық Азия республикаларының тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiнгi екiжақты саяси, экономикалық, инвестициялық және т. б. қарым-қатынастар зерттеледi.

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы мәселелерді, еуропалық интеграция, Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты зерттеуде әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар, аймақтану және сыртқы саясат кафедрасы ұжымының еңбегі зор. Сонымен қатар, халықаралық қатынастардағы мәселелерді, еуропалық интеграция, Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты зерттеуде Байзақова Қ. Е. [33], Кукеева Ф. Т. [34], Губайдуллина М. Ш. [35], Макашева К. Н. [36], Мовкебаева Г. А. [37], Черных И. А. [38] орны өте үлкен.

Г. Дитер [39] еңбегiнде Орталық Азия аймағындағы интеграциялық үрдiстiң факторлары, даму алғышарттары, ерекшелiктерi баяндалған.

А. И. Динкевич [40] пен О. Руаның [41] ецбектерiнде Орталық Азияның экономикалық қарқын алуы мен саяси аренадағы алатын рөлiнiң өсуiне Еуропалық Одақтың қосқан үлесi мен ықпалы туралы баяндалған.

Бітіру жұмысының әдістемелік негізі. Халықаралық қатынастар теориясы мен тәжірибесін талдауға жүйелік-құрлымдық ыңғай құрады.

Жалпы ғылымы және жеке ғылыми (тарихи-салыстыру, статистикалық талдау, құжаттар мен дерек көздерін талдау) зерттеу әдістері қолданылды.

Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдеріндегі қауіпсіздіктің орнығуы мен дамуына ықпал ететін факторларды қарастырудың неғұрлым тиімді әдісі болып тарихи талдау табылады, осы зерттеу соның негізінде жүргізілген.

Бітіру жұмысын жазу барысында хронологиялық, тарихи және сараптау әдiстерi қолданылды.

Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы: ЕО мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың жаһандану жағдайында қалыптасуы мен даму барысы, мәселелерінің болашағы жүйелі түрде талқыланды. Бүгінгі таңдағы екіжақты қатынастардың алатын орны мен маңызы зерттелді.

ЕО мен Орталық Азия арасындағы саяси, экономикалық, әскери және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалып, сипаты мен ерекшеліктері, болашақтағы мүмкіндіктері анықталды.

ЕО мен Орталық Азия арасындағы саяси, экономикалық және қауіпсіздік саласындағы байланыстың негіздерін көрсететін кең көлемді құжаттар мен материалдар ғылыми айналымға енгізілді.

Зерттеу жұмысының қолданыстық маңыздылығы бітіру жұмысының халықаралық қатынастар мамандарының, тарихшылардың, саясаттанушылардың, аймақтанушылардың халықаралық және екіжақты мәселелерді зерттеу жұмысына қосымша көмек құралы ретінде болуы.

Бітіру жұмысының негізгі тұжырымдамалары мен зерттеулері оқулықтарды, оқу құралдарын және ЕО пен Орталық Азияға қатысты сараптамалық жұмыстарды жазуға қолданылуына болады.

Сонымен қатар бітіру жұмысының кейбір жағдайларын «халықаралық қатынасар», «аймақтану», «халықаралық құқық» мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орындарында арнайы курстар өткізуге және жалпы дәрістер оқуға қолданылуына болады.

Қорғалуға ұсынылатын тұжырымдамалар: ЕО мен Орталық Азия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты зерттеу барысында мынадай тұжырымдамалар қорғауға ұсынылады:

1. Орталық Азияның геосаяси жағдайы оның көпжақты ынтымақтастық және әріптестік үшін халықаралық қатынастардың толыққанды мүшесі ретінде интеграциялану мәселелеріне араласуы керектігін анықтады.

ЕО пен Орталық Азия мемлекеттері қатынасының заңи негізі 1991 ж. 31 желтоқсанда, яғни Еуропалық Одақ және оның мемлекеттері бұрыңғы КСРО аумағында пайда болған мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындағанда қаланған болатын.

Жаң Тәуелсіз Мемлекеттердің даму жылдары аралығында еуропалық-орталық азиялық саяси, экономикалық ынтымақтастыққа қажетті құқықтық келісімдер негізі де қалыптасты. Аталған құжаттар екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, оны әрі қарай дамытудың маңызды факторына айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕО тәжірибесінің негізінде ішкі қауіпсіздік мәселелерінің методологиялық аспектілері
Орталық Азия мемлекеттері жаңа мемлекеттілік құру сатысында
Еуропалық одақтың құрылуының тарихы
Қазақстанның қазіргі тарихында еуразиялық идеяларының даму перспективасы
НАТО мемлекеттерінің үкіметтері
Кеңес одағының ыдырауынан кейінгі ТМД елдеріндегі интеграциялық байланыстардың жүзеге асуы
Орталық Азия мен Еуропа серіктестігі
Толық экономикалық одақ
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым құрылуы және даму эволюциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz