Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
I Тарау. Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі, мәні және оның заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі.
1. 1. Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі, оның ерекшеліктері мен функциялары . . . 4-10
1. 2. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларының түрлері . . . 10-12
2-Тарау. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары.
2. 1. Әкімшілік алдын-алу шаралары . . . 13-19
- Әкімшілік бұлтартпау шаралары . . . 19-38
- Әкімшілік жазалау шаралары . . . 38-49
2. 4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарау тәртібі . . . 50-61
Қорытынды . . . 62
Қолданылған әдебиеттер . . . 63-64
Кіріспе
Әкімшілік мәжбүрлеу құқыққа қарсы әрекеттердің алдын-алу, оларға жол бермеу мақсатымен, және де жасалған әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін жазаға тарту мақсатымен қолданылады.
Мәжбүрлеу - бұл ескерту арқылы көндірудің тиімді болмаған жағдайында ғана күшіне енетін әдіс. Мәжбүрлеу бұл бағынушының тікелей мүдделері арқылы әсер ету әдісі (материалдық мүдделеріне немесе жеке басына тікелей әсер ету арқылы) . Мәжбүрлеу деп мәжбүрлеу әрекеттері мен заңды жауапкершіліктің кешені болып табылатын көмекші әдістерді түсіну қалыптасқан.
Мәжбүрлеу әдістері әртүрлі дәрежедегі және құзыреті әртүрлі мемлекеттік органдардың күнделікті тәжірибеде қолданып жүрген әдістеріне жатады. Ол жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қолданылады және ол алдын - алу мақсатында да, жазалау мақсатында да қолданыла береді.
Бұл әдістердің заңдылық үшін күресте, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің мүдделерін қорғауда маңызы өте зор. Бұл әдістерді пайдаланудың тиімділігі оларды құқық қорғау органдары мен өзге де өкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) оларды дер кезінде қолдануында және оларды қолданудың кешенділігінде. Бұл әдістер бір-бірін толықтырып тұратын әдістер мен тәсілдердің біртұтас жүйесін көрсетеді.
ҚР заңдылығы мәжбүрлеу әдістерін қолданудың негіздері мен тәртібін реттейді. Заңдылықта бірқатар кемшіліктер мен жетіспеушіліктердің бар екені белгілі, міне сол мекемелер осы дипломдық жұмыста қарастырылып, зерттелген. Жаңа Кодексті қабылдау көптеген даулы мәселелер мен жағдайларды, оның ішінде істі қарау тәртібінде де көп өзекті мәселелердің көзін ашты. Осы мәселелер дипломдық жұмыста өз көрінісін тапты деп есептеуге болады.
I Тарау. Әкімшілік мәжбүрлеудің түсінігі, мәні және оның заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі.
1. 1. Әкімшілік мәжбүрлеудің түсінігі, оның ерекшеліктері мен
функциялары
Мемлекеттік басқару әдістері деген түсінік пен мемлекеттік басқару нысандары деген түсінік өте жақын ұғымдар. Бірақ нысандарына қарағанда мемлекеттік басқару әдістері дегеніміз басқарылушыларға әсер ету әдістері мен тәсілдері, яғни атқарушы биліктің міндеттері мен функцияларын тәжірибеде жүзеге асыру.
Әкімшілік-құқықтық әдістерге басқарып әсер ету әдістері (сыртқы ұғымы) кіреді - бұл бағынушы объектілердің (заңды және жеке тұлғалардың) іс-әрекеттері мен қызметіне тікелей әсер ету, басқару және реттеу.
Басқару аппаратының жұмысын ұйымдастыру әдістерінің (ішкі ұғымы) ішкіаппаратттық маңызы бар - ол ішкі құрылымның қызметін, және де басқаруды толығымен алғанда бүкіл жүйесінің қызметін ұйымдастыру.
Мемлекеттік басқару әдістері әкімшілік және экономикалық болып топтастырылады.
Экономикалық әдістер дегеніміз басқаруылушылардың мінез-құлығына олардың экономикалық мүдделері арқылы әсер ету, мысалы, тарифтік-кедендік көрсеткіштерді көтеру немесе азайту-тауардың әкелуіне немесе әкетілуіне әсер етеді. Мұндай жағдайда мемлекет тек қызметті көтермелейді, ал өзгелері экономикалық мүдделікке байланысты болады. Бұлардан басқа, экономикалық санкцияларды қолдану, мысалы, лицензиясынан айыру, айыппұл салу сияқты реттеу мүмкіндіктері болады. Бұл да қазіргі зандылыққа сәйкес қызметті көтермелейді Мемлекеттік басқарудың экономикалық әдісі көндіру және мәжбүрлеу шараларынан тұрады, яғни басқару объектісіне тікелей, экономикадан тыс әсер ету.
Көндіру немесе сендіру - ең тиімді эдістердің біріне жатады және ол басқару объектісінің мінез-қүлығына оның санасы арқылы эсер етуден тұрады.
Көндіруге: тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру, насихат жүргізу сияқты әдістер кіреді. Жеке бір әдіске көтермелеу шаралары жатады, олар материалдық (стипендиясын көбейту, бағалы сыйлықтар жатады және т. б. ) және моралдық (атақ беру, мақтау грамоталарын беру және т. б. ) болып екі топқа белінеді.
Мәжбүрлеу көндірудің тиімсіздігі жағдайында ғана күшіне енеді.
Мәжбүрлеу бұл басқарылушыларға олардың тікелей мүдделері (материалдық мүдделері немесе олардың жеке басы) арқылы әсер ету. Мәжбүрлеу деп мәжбүрлеу шаралары мен заңды жауапкершіліктің кешенін құрайтын көмекші әдістерді түсіну қалыптасқан.
Мәжбүрлеудің өзі заңды және заңсыз шаралары деп екіге бөлінеді.
Заңды шараларға тікелей заңдылықта қарастырылғандары жатады, оларды қолдану тәртібі мен негіздері арнайы құқықтық нормалармен реттеледі.
Заңсыз шараларға - қолдануға тыйым салынған шаралар жатады. Мысалы, оларға өзіндік жазалау, бандократия, күш қолдану, арнайы тиым салынған құралдарды пайдалану жатады.
Сәйкесінше, мемлекеттік басқару әдістеріне тек заңды мәжбүрлеу ғана жатады. Негіздерге сәйкес, заңдық мәжбүрлеудің өзі қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік болып бөлінеді.
Бұл шаралардың барлығы белгілі бір құқықбұзушылық жасалған кезде қолданылады, нақтылап айтқанда қылмыстық мәжбүрлеу шаралары қылмыс жасаған кезде, азаматтық-құқықтық шаралар азаматтық келісімді бұзған кезде немесе материалдық зиян келтіргенде, ал тәртіптік мәжбүрлеу шаралары ішкі тәртіпті бұзған кезде қолданылады.
Ерекше орынды әкімшілік мәжбүрлеу шаралары алады. Оны қолдану әртүрлі дәрежедегі және әртүрлі құзыреттегі мемлекеттік органдардың күнделікті тәжірибесінде кездеседі. Олар алдын-алу, жазалау мақсатында да заңды және жеке тұлғаларға да қолданыла береді.
Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде субъектілердің мінез-құлығы мен санасына оларды мәжбүр ету мақсатында әсер ету, заңдылықта қарастырылған әкімшілік санкцияларға сәйкес тиісті мінез-құлыққа мәжбүрлеу және күштеу шараларын қолдану, бекітілген шектеулер мен тыйым салуға бағындыру, яғни бұл әкімшілік әсер ету шаралары жеке, ұйымдық және материалдық мәні бар жағымсыз салдарларға әкеледі.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің түрі ретінде әкімшілік мәжбүрлеу шараларына мына белгілер тән: 1) ол құқыққолдану қызметі, 2) ол құқықтық тәртіпті қорғаута бағытталған, 3) ол қорғау қүқықтық қатынастарының шегінде жүреді және т. б.
Сонымен қатар, әкімшілік мәжбүрлеудің өзіндік ерекшеліктері бар, бұл ерекшеліктердің жүйесі оның өзіндік сапалық белгілерін анықтайды:
1. Әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу шаралары әкімшілік-құқықтық
құралдармен қорғалатын құқықтық нормаларды бұзатын қоғамға қарсы әрекеттерге қатысты қолданылады.
- Әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу шараларын функционалдық билік субъектілері қызметтік емес бағынушылық шеңберінде, ұйымдық, басшылық бағынушылықтың болмаған кезінде, ұйымдық-құқықтық қатынастардың жоқ кезінде жүзеге асыра береді. Ол функционалдық билікті жүзеге асыру шараларының бірі болып табылады.
- Экономикалық юрисдикцияны жүзеге асыру субъектілерінің көптігі- оның тағы бір ерекшелігін көрсетеді. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын көптеген органдардың түрлері қолдана алады (мемлекеттік институттар, транспорттық органдар, полиция, арнайы комиссиялар, соттар, Ұлттық қауіпсіздік органдары және т. б. ) . Басқа жағынан алып қарағанда, экономикалық мәжбүрлеуге тек қана жеке адамдар ғана емес, ұйымдар да ұшырайды.
- Экономикалық-құқықтық нормалармен жан-жақты реттеледі, яғниэкономикалық мәжбүрлеу дегеніміз-құқыққа қарсы әрекеттерге байланысты экономикалық құқық нормалармен бекітілген мәжбүрлеу шараларынан тұратын, функционалдық билік субъектілері қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше бір түрі. Ол құқықтық тәртіпті қорғауда маңызды роль атқарады. 1
П. Т. Василенко және де өзге де ғалымдар экономикапық мәжбүрлеуді өте кең мағынада қарастырады, бұл түсінікке олар белгілі шектеулер мен тыйым салушылыққа бағынбағаны үшін, алдын-ала бекітілген әрекеттерді жасаудан бас тартқаны үшін экономикалық санкцияларды қолданудың күштеу түріндегі психикалық әсерін жатқызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz