Республикасындағы әкімшілік мәжбүрлеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВИРСИТЕТІ
Заң факультеті
Конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:Қазақстан Республикасындағы әкімшілік мәжбүрлеу.
Орындаған сырттай оқу
бөлімінің орта білім
3 курс студенті ___ Байболова. А. А.
Ғылыми жетекшісі
з. ғ. к., аға оқытушы Тайғамитов. Ғ. Д.
Норма бақылаушы з. ғ. к.,
аға оқытушы Кусайнов. Д. О.
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
З. ғ. д., профессор Кенжалиев. З. Ж.
Алматы, 2010
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Әкімшілік мәжбүрлеу». Әкімшілік мәжбурлеу әкімшілік құқықтын бір институты болып табылады, сонымен қатар әкімшілік мәжбурлеу мемлекеттік басқарудың әдісі. Бұл жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республиканың заңнамасы бойынша әкімшілік мәжбүр шараларды колдануын реттеу. Койылған мақсатка жету үшін келесіні негіздедік.
- Әкімшілік мәжбүрлеудің түсінігін, маңызын карау.
- Әкімшілік мәжбүрлеудің негізгі функияларын және ерекшіліктерін қарау. Оның мемлекеттік басқару процессінде атқаратын ролін ашу.
- Әкімшілік ескерту, бұлтартпау және жазалау шараларды колдануын реттейтін Қазақстан Республиканың нормативтык актілердің анализін жасау.
Дипломдық жұмыс екі тараудан және олардың ішіне кіретін алты параграфтан құрылады, сонымен бірге кіріспеден қорытынды және колданған әдебиеттер тізімі кіреді. Жалпы көлемі 66 парақ.
Бірінші тарауда әкімшілік мәжбүрлеудің түсінігі, мәні және оның заңдылықты қамтамасыз етудегі рөлі туралы сұрақтар қаралған.
Екінші тарауда әкімшілік мәжбүрлеудің: әкімшілік алдын-алу, әкімшілік бұлтартпау және әкімшілік жазалау шаралары қарастырылған.
Дипломдық жұмыста колданылған негізгі терминдер:
Глоссарий
Үкімет- биліктің атқарушы органдарының барлық жүйесінің басқарылуын жүзеге асыратын, Премьер-Министр басқарушылығындағы ҚР-ң жоғарғы атқарушы органы.
Ұсыныс- осы не өзге мемлекеттік органдардың, сонымен қатар ұйымның жұмыстарын жетілдіру, қойылған мақсатты шешу және нақты жолдарын табуға кеңес беру үшін назар аудартуды мақсат ететін үндеудің түрі.
Үкімет мүшелері- ҚР-ның Үкіметінің құрамына енетін лауазымды тұлғалар. Олар Премьер-Министрдің нұсқауымен Президент арқылы тағайындалады. Оларға мыналар жатады: Премьер-Министр; оның орынбасарлары; Агенттік өкілдері; Премьер-Министр Канцеляриясының басшысы.
Әкімшілік жауапкершілік - әкімшілік белгілері бар құқық бұзушылықты жасағаны үшін заң шығарушы арнайы белгілеген алып қою шарасын қолдануда түйінделетін құқықтық жауапкершілік түрі.
Шетел азаматтарының әкімшілік жауапкершілігі - әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негізде жауапкершілік тартуы.
Әкімшілік юрисдикция - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудағы лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың құзыры.
Әкімшілік-құқықтық нормалар - атқарушы билік қызметі аумағында тоқтатылатын, өзгертілетін және жасалатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормасының түрі.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар - мемлекеттік басқару процесінде жасалатын құқықтық қатынастардың түрі.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкер - мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын, саяси мемлекеттік қызметкерлер құрамына кірмейтін мемлекеттік қызметкер.
Әкім - орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде келісілген өзара әсер етуді жүзеге асыратын, оған сеніп тапсырылған территориясында мемлекеттік саясаттың өткізілуін қамтамасыз ететін және жергілікті атқарушы органды басқаратын, Президент пен Үкіметтің орындардағы өкілі. Саяси мемлекеттік қызметкер. «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР Заңы мен ҚР Конституциясы бойынша құқықтық мәртебесі реттеледі.
Мемлекеттік қызмет- мемлекеттің қызмет етуі мен іске асуы бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметі.
Мемлекеттік қызметкер- өтеулі негізде мемлекеттің функциясы мен шешімдерінің жүзеге асырылуы мақсатында лауазымды өкілеттілікті іске асыратын және белгіленген заңи тәртіп бойынша мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлға.
Үкіметтің отырысы- Үкіметтің жұмысының түрі, Премьер-Министрдің төрағалығымен айына 1 реттен кем емес өткізіледі. Ауыстырылу құқығысыз Үкімет мүшелері қатысады.
Лауазымды тұлға- әкімшілік шаруашылық функцияны немесе ұйымдастыру-билік етуді іске асыратын не билік өкілі функциясын тұрақты не уақытша не арнайы өкілеттілік бойынша жүзеге асыратын тұлға.
Министрлік- мемлекет пен қоғамның өмір сүруінің бір немесе бірнеше аймағындағы мемлекеттік басқару функциясын, сонымен қатар өз құзырлылығы шегінде салааралық координацияны жүзеге асыратын Үкімет құрамына енетін орталық атқарушы орган.
Министр- саяси мемлекеттік қызметкер, министрліктің басқарушысы. Премьер-Министр ұсынысы бойынша Президент арқылы тағайындалады, министрліктегі жұмысы мен оған бағынған саладағы (салалардағы) жұмысы үшін Премьер-Министр мен Президент алдында жеке жауапкершілікті көтереді.
Саяси мемлекеттік қызметкер- тағайындалуы, отставкасы, қызмет саяси- анықтаушы түрде болатын мемлекеттік қызметкер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz