Өнер кереметі


Реферат:
«Әлемнің жеті кереметі»
Жоспар:
Кіріспе
1. Семирамиданың аспалы бағы
2. Египет пирамидалары
3. Зевс мүсіні
4. Артемида Ғибадатханасы
5. Родос алыбы
6. Галикарнас мавзолейі
7. Александрия маягы
Қорытынды.
Кіріспе
Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Неге жетеу? Кездейсоқ алынды ма бұл сан? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін өткенді еске алған артық емес.
Ежелгі Шығыста ғылым грек мемлекеттерінен көп бұрын дами бастады, сауда-саттық, теңізде жүзу ісін дамыту үшін көп білу керек болды. Компасты білмеген халықтар ашық теңіздегі кеменің орнын, бағытын жұлдыздар бойынша анықгайтын. Астрономия, математика қарыштап алға басты, құрылыс ісінің табыстары айтарлықгай болды. Әлемнің жеті кереметінің бесеуі сәулет өнерінің ескерткіштері екенін бұл ретте атай кету, әрине, өте орынды.
«Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталды, қасиетті сан болып есептелді. Ай календарын негізге алған есеп бойынша, бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады.
Ежелгі Вавилон жұртында, жеті күн өткен соң бір мереке күні болып отырады. Аспан әлеміндегі жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан жеті құдай атымен байланысты болып, олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды.
Ежелгі гректер де, басқа халықгар сияқты «жеті» деген санға табынды. Жеті саны көптеген аңыздарда аталып отырады. Мысалы, құбыжық Минотавр туралы мифте елді одан құтқару үшін жылына құрбандыққа жеті ұл және жеті қыз шалынатын болған, құдай ана Латонаға тіл тигізген Ниоба деген әйелдің жеті ұлы, жеті қызы болған. Грецияда жеті данышпанды ерекше қадірлеген, олардың ішінде әйгілі математик және астроном Фалес Милетский бар. Қазақ халқының санасында да жеті саны сонау ерте заманнан қасиетті сан болып саналатыны белгілі. Мысалы, «Жеті оқ елі» (көшпелі түрік бірлестіктерінің аты), «Жеті нан» (құдайы беру) жеті санының ел аузында жиі аталатындығының айғағы.
Өнер тарихына байланысты «Әлемнің жеті кереметі» деген түсінік антикалық жазушылар шығармаларында біздің заманымызға дейінгі III ғасырдан бастап атала бастайды. Грек ақыны Антипатр Сидонский өзінің бір кысқаша өлең шумағына (эпиграмма) жеті кереметті толық атап өтеді. Рим ғалымы және жазушы Үлкен Гай Плиний «Табиғи тарих» деп аталатын атақты шығармада жеті керемет туралы көптеген құнды мағлұматтар хабарлайды, ол бірінші болып әр қилы деректерде шашыраған деректерді бір жүйеге келтіруге тырысады.
Ендігі әңгіме бұдан көп ғасырлар бұрын сәулет және мүсін өнері шеберлерінің қолымен жасалған асыл мұралар туралы. Ол үшін Вавилон, Мысыр (Египет), Кіші Азия, Греция сияқты елдерге сапар шегіп, ұмыт болған тарих беттерін аударған абзал.
СЕМИРАМИДАНЫҢ АСПАЛЫ БАҒЫ
Бағытымыз алдыңғы Азия, Тигр және Евфрат - жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопотамия - мәдениет, тұрмыс-салт, өнер тарихынан із қалдырған тамаша ел.
Месопотамияның оңтүстігінде бұдан үш мың жыл бұрын Шумер, Аккад қалаларын біріктірген құл иеленушілік мемлекет пайда болды. Атақты патша Хаммурапи сол дәуірде Вавилон патшалығын құрды. Жаңадан таққа отырған жігерлі де өжет патша астанасын көркемдеп, әшекейлеу үшін жан-жақтан өнер майталмандарын, он саусақтан бал тамған ғажайьш сәулет шеберлерін, мүсіншілерді, құрылысшыларды өз сарайына шақырды. Осындай саясат нәтижесінде Вавилон аз уақыт ішінде әсем, салтанатты қалалардың біріне айналды. Алыстан қарағанда қала дұрыс төрт бұрышқа ұқсады. Маңғаздана баяу аққан Евфрат өзені астананы екіге бөледі, ескі Вавилон және Жаңа Вавилон.
Вавилонда сегіз жерден зәулім қақпалар салынған, Қабырғалары қалың да биік соғыс қамалына ұқсайды, әр қақпаға Вавилон құдайларының аты берілген.
Вавилон шаһарының даңқы бүкіл Шығысқа тарап, көркейген кезі, жаңа тақ иесі Навуходоносор патшаның кезі.
Бұл біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасыр шамасы. Дәл осы кезде Вавилонда сәулет өнері (архитектура) жаңа дәрежеге көтерілді. Навуходоносор
кезінде астана сыртқы жауға алынбас, мықты қамалға ұқсады. Қаланың дәл қасында талай ұрпақты таң қалдырған Вавилон мұнарасы тұр. Оның ең жоғарғы нүктесіне қарағанда, басыңдағы тақияң жерге түскендей, өйткені атақты мұнараның биіктігі тоқсан метр. Мұнара жеті қабатқа бөлінген, әр қабат
жеке түсті бояумен көркемделген.
Астанада не көп, ғибадатханалар көп. Соның атақтысы Мардук құдай
ғибадатханасы. Ал кейбір ұлы құдайларға елу үшке дейін ғибадатханалар салынған. Осындай сәулетті сарайлар патша қаласы Вавилонның атағын құбыланың төрт бұрышына таратты. Вавилон көшелері таңның атысы, күннің
атысы жан-жақтан келген, әр тілдерде сөйлейтін саяхатшыларға толады. Олардың ішінде мысырлықтар мен сириялықтар, финикиялықтар мен мидиялықгар жиі кездесетін. Саяхатпен не саудамен келген шетел азаматтары Вавилонның сәулетті сарайлары мен ғибадатханаларын көріп таң-тамаша қалатын-ды. Астана салтанаты мен әсемдігі туралы әңгімеге әңгімелер қосылып, аңызға аңыз жалғасатын-ды.
Вавилонға келген саяхатшылар әңгімесінің басты тақырыбы - патша сарайындағы таңғажайып тамаша аспалы бақ.
Сол заманның қуәгерлерінің айтуына қарағанда, мұндай ғажап бақ не шығыста, не батыста кездеспеген. Аспалы бақ Навуходоносор патшаның өзі ғана тұратын сәулет сарайының кең ауласында салынған. Сарайға, не бақ ауласына кездейсоқ адамдар кіре алмайтын, күзет күшті болған. Қарапайым адамдарға қақпа жабық. Сарайға келушілер - тек шынжыр балақ, шұбар төс шонжарлар, әскери басшылар, шетел патшаларының елшілері, Навуходоносор патшаға шұғыл хабар жеткізген жауапты шабармандар. Сөйтіп, тек осы аталған таңдаулы топтар ғана аңызға айналған атақгы бақтың саясында сайрандап, оның керемет сұлулығын өз көздерімен көре алады.
Аспалы бақтың қысқаша тарихы былай: кәмелетті жасқа жеткенде Навуходоносор патша алыстағы тау елі Мидия ханшасы Семирамидаға құда түсіп үйленеді. Сымбатына ақылы сай, ерке өскен патша қызы Семирамида Навуходоносордың сүйікті әйелі болады. Бірақ алыстан келген ханша көңілсіз, қабағын ашып, бір жадырамайды. Ішкі сырын бір адамға айтпайды. ¥зақ уақыт күн тимеген гүл сияқты жас ару жүдеп, өңі қуқыл тартып, сола бастайды.
Қыз жатса-тұрса елін аңсайды. Жерін аңсайды. Көз алдына көк орай шалғын, көк майсалы, райхан гүлдері құлпырған Мидия, тау бөктеріндегі сүйріктей қаз қатар хош иісті шынарлар, сылдырап аққан салқын сулы бұлақтар елестейді. Жас арудың тұрақты мекеніне айналған Вавилон шаһарында мұның бірі де жоқ. Сахарадан ыстық аңызақ жел басын ауыртып, ернін кезертеді. Күн де ыстық, түн де ыстық!
«Қайткенде сүйікті зайыбының бабын тапсам», - деп көп ойланған Навуходоносор патша нәзік сезімді Семирамиданың ішкі күйзелісін түсінеді.
Патша бұйрығы қысқа және өктем болды. Патша әйелінің басылып жүрген көңілін көтеріп. «Кіндік кесіп, кір жуған елін көз алдына келтіру үшін айрықша бақ салынсын!» - деп жарлық етеді.
Сөйтіп, патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады. Кірпіш үстінен қалың етіп Жанартаудың лавасы кұйылады, оның үстіне қорғасын плиталар отырғызылады, оған қоса қалың етіп май топырақ төгіледі. Құнарлы топырақ, үстіне, әрине, неше түрлі жеміс ағаштары, көк желекті бұталар отырғызылады.
Кең атырапты бақшаның беті солтүстік батысқа қарады, демек, күнбатыстан соққан самал жел бетті аймалап, жабырқаған көңілді жадырататын құдіретке айналды.
Ерке қыз, сымбатты сұлу Семирамидаға арнап салынған аспалы бақ жайнай түсті.
Семирамиданың аспалы бағы . . .
Патша әмірімен отырғызылған бұл әсем бақ өз заманында көргеннің де көрмегеннің де таңдайын қақтырып, «Әлемдегі жеті кереметтің» бірі аталды. Аты аңызға айналды. Оның атағы ұрпақтан ұрпаққа, елден елге тарады.
Семирамида бағы теңдесі жоқ архитектуралык, ескерткіш, адам баласының ғажап ескерткіштерінің біріне айналды.
ЕГИПЕТ ПИРАМИДАЛАРЫ
«Өнер кереметі мәңгі жасайды. Данте Гомерді жоққа шығармайды, » -дейді атақты француз жазушысы Виктор Гюго.
Өнер кереметі . . . Гомер бүкіл грек жұртының тэрбиешісі аталған салихалы ғумама, ал ^лы Алигьери Данте, «өнер кереметі» деген сөздердің тек әдебист пен поэзияға ғана қатысты айтылуын сьщаржақтық деп санаған.
Біз алғы тарауларда сөз еткен Семирамиданың аспалы бағы - нагыз өнер кереметі, заманында көргеннің де, көрмегеннің де таңдайын қаіқгырған дэуір ескерткіші. «Әлемнің жеті көреметі» аталған туындылардың біріншісі болып аталатын мүра.
Ендігі эңгіме басқа да ескертюштер туралы.
Суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде орналасқан Египет пирамидалары да жеті кереметтің бірі.
Демек, ендігі бағытымыз - Ежелгі Египет!
Ертедегі Египет - кул иеленуші ел, ғибадатханалар, пирамидалар елі аталып, тарихта салихалы орын алған аты шулы мемлекет.
Таңның атысына, күннің батысына қарамай құлдарды аяусыз еңбекке салу нәтижесінде Ніл дариясы өңірінде ғасырлар бойы көптеген ескерткіштер орнатьшды. Олар «Құдіретті құдайдың» жер үстіндегі әміршілері аталған фараондардың о дүниеге барғанда жанға сая, басқа дана болатын мәңгі үйлері болып
есептелінді.
Египет пирамидаларының ең көнесі Джосер пирамидасы. Ол 5000 жыл бұрьш тұрғызылған, архитекторы Имхотеп, Ежелгі Египетте оньщ дэрігерлік, ғылымдьщ, философияльщ еңбектерін аса жоғары бағалаған.
Джосер пирамидасы көп сатылы қурылыс, ол ұзыннан-ұзақ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді. Биіктігі 60 метр бұл пирамида өзін кудаймен тең қойған тэкаппар да мансапқор фараонньщ қарапайым хальщтан артықшылығын
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz