Қышқылдық жаңбыр


ЖОСПАР

Кіріспе3

Қышқылдық жауын-шашындар мәселесі4

«Парниктік» немесе «жылулық» эффект мәселесі5

Озон мәселесі5

Атмосфераның экологиялық мәселелері6

Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары7

Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары9

Қорытынды11

Қолданылған әдебиеттер13

Кіріспе

Адамның көңіл-күйі мен өмір тіршілігі қоршаған ортаның жағдайымен өте тығыз байланысты. Адамдардың табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мұхиттардың ластануына, шөлді-шөлейтті жерлердің кеңеюіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырлармен келетін күкірт және азот оксидінің мыңдаған тонналарының жер бетіне түсуіне әкеліп отыр, ал олардың жан-жануарлар мен өсімдіктер, су жүйесін жойып жатқандағы белгілі.

Қалалардағы атмосфера ауасының шаңмен, түтінмен, күлмен сол сияқты көміртегінің оксидімен, күкіртті газбен, азоттың оксидімен ластануы өте жоғары болып тұр.

Мысалы, Атырау өңiрiнiң экологиялық жағдайы нашар. Климат тым континенттi, қысы суық, желi қатты, жазы ыстық, жауын-шашыны аз, құрғақшылық басым. Төбеден шақырайған күн радиациясы жаз бойы апталап соғатын желмен қосылып, ауаны жылытып жiбередi. Оның үстiне ұзақ жылдар бойы елiмiзге мұнай мен газ берiп келген өңiрдiң экологиялық жай-күйiне көңiл айтарлықтай бөлінген жоқ. Облыс жерi бұрынғы теңiздiң орны. Соңғы жылдары Каспий теңiзi көтерiлiп келедi. Орман, жасыл желеңдi алатын болсақ бұл жайт облыста өте қиын. Осыдан 6 жыл бұрын әр қала тұрғынына жасыл желең 5, 3 ш/метрден болса, қазiр бұл көрсеткiш 2 шаршы метрге дейін төмендеген. Ал норма ойынша 12 шаршы метр болуы керек.

Адамдардың жұтқаны қорғасын, топырағы пестицид, жегенi желiм өңiрде бұрын соңды кездеспеген аурулар көбейiп барады. Адамдар ракпен, жүрек талмасынан, анемиядан ауыруда. Осындай экологиялық ауыр жағдай Семей, Қызылорда, Павлодар, Ақтау мен Арал өңірінде де қалыптаксқан.

Қышқылдық жауын-шашындар мәселесі

Қышқыл жауындардың пайда болуының негізгі себебі күкірттің қос оксидімен ластану болып табылады. Су буының қатысуында күкіртті ангидрид күкірт қышқылының ерітіндісіне айналады. Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінен көмір қышқылы мен азот қышқылы түзіледі. Оларға органикалық қышқылдар мен басқа да қосылыстар араласып, қышқыл реакциясы бар ерітіндіні береді.

Қышқыл жауындардың өсімдіктер үшін зиянды әсері топырақ арқылы да байқалады. Бұл әсер алюминий мен ауыр металдардың қозғалғыштығының артуы нәтижесінде болады. Бос алюминий жас тамырларды зақымдайды. Оларда инфекциялардың ену ошақтарын түзеді, ағаштардың уақытынан бұрын қартаюына әкеледі.

Озон негізінен фотохимиялық смогтың өнімі болып табылады. Оның әсерінен хлорофилл тікелей және хлорофилді тотығудан қорғайтын маңызды агент С витаминінің шектен тыс жұмсалуы арқылы бұзылады.

Қышқылдық жауын-шашындар солтүстік жарты шарда жаксы таралған. бұл жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр, қар, тұман түрінде ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар. Қышқылдық жауын-шашындар Скандинавия елдері, Англия, ФРГ, Бельгия, Дания, Польша, Канада, АҚШ-тың солтүстік елдеріне тән.

Теріс температура кезеңінің ұзақтығы қышқылдық жауын-шашынның әсер ету ұзақтығын арттырады. Соңғылар біршама дәрежеде аммиакпен нейтралданады. Ал қоспа топырақтан органикалық заттар, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да қосылыстардан аммонификатор-микроорганизмдердің көмегімен бөлініп шығуы кемиді.

Қышқылдық жауын-шашындар топыраққа, су экожуйесіне, өсімдіктерге, архитектура ескерткіштеріне, ғимараттарға зиянды әсерін тигізеді.

Қышқылдық жауын-шашынның зиянды әсері әсіресе оңтустік пен тропиктік аудандарда ағыс арқылы әсер етеді. Тропиктік топырақтар нейтралды және сілтілі таралғанымен, онда жауынның үнемі шайып кетуі себепті нейтралдаушы заттар болмайды.

Қышқыл жаңбырдың биосфераға әсері

Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі болып табылады. Биосфера- заттар айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат. Оның шикарасы жербетіндегі 20-25 км. Деңгейден ( атмосфераның озон қабатына дейінгі бөлігі кіреді) 11 км. Мұхит тереңдігіне және жер астына 6 км тереңдікке дейін созылады. 1. Антропогендік ластанудың негізгі көздері.
Антропогендік фактор - адамның қызметі әрекетінен жаңа түрде туындайтын факторлар. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгерені соншалық. Табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.
Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау кен өндірісі салалары. Т. б. жатады.
Тек өндірістік кәсіпорындарының ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластануын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын( газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, жарық, электромагниттік өріс, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар т. б. Биосфераны ластайтын компоненттердің хим құрамы отынэнергетика ресурстарының тқріне, өндірісте кенданылатын шикізатқа оларды өндейтін технологияға байланысты келеді. Антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; парник эфектісі, қыш қыл ж ңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену т. б. атмосфераға антропогендік жер тікелей немесе жанаша түрде болуы мүмкін. Жанаша әсер- биосфераның басқа компоненттерінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу, салдарынан атмосфераның жағдайына ойқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, меикоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларының ашық әдіспен жаппай алынуы жатады. Жер бетінің қасиеті мен сипатамасының өзгеруі жер атмосфера энергиялық жүйесіндегі алмасу процестеріне, альбедо шамасына, атмосфераға өтетін шығындыққа әсерін тигізеді. Ал, тікелей әсерге мысал ретінде өндірістен шығатын тастанды заттектерді, күлді, металл оксидтері мен тұздарын, күкірттің газды қосылыстары, аммиакты, көмір сутектерін радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды суктекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады. . «Табиғаттағының бәрі таза» деп, жаңбырдың суына бас жуатын жалаң аяқ, жалаң бас жүгіретін балалық дәурен секілді, енді оралмайтын заман болды. Сондықтан да жаңбыр суына бас жууға бола ма? - деп жауап беруге тура келеді.
Өйткені жаңбырдың суы дегеніміз - өзен-көлдердің бетінен ылғал топырақтан көтерілген бу ғой. Ал осы будан түзілген бұлтта тонналаған сумен бірге алуан-түрлі химиялық элементтер, олардың тұздары, шаң болады. Жаңбыр суының құрамы бұлттың қай жерде түзілгеніне, жауған жеріндегі ауаның қалай ластанғанына байланысты. Ауа мен жаңбыр суын ең алдымен сапырылысқан көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындары, аммиак, күкіртті көміртегі тарайды. Күкірт пен азоттың қосындылары сумен қосылғанда қышқыл түзіп, жерге « қышқыл аралас жаңбыр» болып жауады.

2, 2 Атмосфера айналымы . Қазақстан жерi қыс маусымында Сiбiр антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ыкпалына жиi ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солт-нде оңтүстік-батыс және батыс, ал жазда солтүстік-батыс бағыттан соғатын жел басым келедi. Қазақстандағы атмосф. процестер Солт. жарты шардың Атлантика - Еуразия секторының 3 iрi аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендiк бағытпен өтсе, онда ол ендiк бағыттағы айналым делiнедi. Ендiк бағыттағы айналым кезiнде Қазақстанның көпшiлiк бөлiгiнде жауын-шашынның мөлш. кемiп, ауа темп-расы жоғарылайды. Еур. айналым кезiнде республикаға суық ауа массаларының енуi жиiлейдi, темп-ра шұғыл төмендейдi, жауын-шашын молаяды, жел күшейедi. Сiбiрлiк айналымда - оңт-тен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа темп-расы жоғарылайды, жауын-шашын кемидi. Республика климатының қалыптасуына оның жер бетiнiң әр тектiлiгiнiң де әсерi болады.

Қазақстандағы атмосф. циркуляциялық процестерге оңт. және оңт. -шығыстағы тау жүйелерi (биiкт. 4000 - 5000 м-лiк) мен Каспий және Арал т-дерi сияқты су айдындары да ықпалын тигiзедi. Табиғи кедергi саналатын тау жүйелерi атмосферадағы ендiк бағыттағы шептiк белдемiн солт. -шығыс бағытқа қарай ойыстырып, ауа массасының заулама ағынын күшейтедi. Осы ауа массасы сонымен бiрге тау бөктерiндегi жергiлiктi климатты қалыптастырушы тау аңғарлық ауа айналымын тудырады. Қазақстанның таулық және тау етегiндегi өңiрлерiнiң термиялық режимi жапсарлас жатқан жазықтар жағдайына қарағанда мүлдем басқаша келедi. Таудағы темп-ра жазық жердегiден төмен келедi. Тау беткейлерi төңiрегiндегi ауа қабатының радиациялық салқындауынан және беткеймен төмен қарай ойысқан ауаның жылынуынан таулы аудандарда темп-раның ауытқу амплитудасы кемiп, темп-ра инверсиясы (жалпы биiктiкке байланысты ауа темп-расының көтерiлуi) қалыптасады. Инверсия қыс маусымында неғұрлым күштiрек қалыптасады. Тау жоталарына жақындаған сайын тiк бағыттағы ауа ағыны күшейiп, жауын-шашын шұғыл артады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. жазықта 100-200 мм болса, тау бөктерiнде 500-600 мм-ге дейiн артады. Жазық өңiрлерде жылдық жауын-шашынның максимумы жаз айларында, ал тау бөктерiнде жылына 2 рет (наурыз - сәуiр және қараша - желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздiк айналымды тудырады, ол құрлықта ондаған километрге ғана таралады. Орта ендiк бойындағы су айдындарының солт. -шығыс жағалауында жазда жылы ылғалды ауа ағыны үстемдiк етсе оңт. -батыс жағында атмосф. суық серпiлiс пайда болады. Бұл құбылысты Арал т. мен Каспийдiң солт. -шығыс бөлiгiнен жиi-жиi байқауға болады. Су айдындарының оңт. -батыс бөлiгiне қарағанда солт. -шығысында жауын-шашын 2-3 есе көбiрек түседi. Аумақты Каспий айдыны климаттың қалыптасуына қыста ғана ыкпал жасайды. Керiсiнше, Арал т. атмосфера айналымына жаз айларында ғана катысады. Көлемi шағын Балқаш к-нiң де атмосфера айналымына және бұлттылыққа тигiзетiн әсерi мол. Қазақстан жерiндегi соғатын желдiң орташа жылд. 4-4, 5 м/с, Каспий т-нiң жағалауында 6 м/с-тен астам, ал Жетiсу қақпасында соғатын Ебi желiнiң жылд. 70 м/с-ке жетедi.

«Парниктік» немесе «жылулық» эффект мәселесі

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарынының температурасының ғаламдық артуын - парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады.

Озон мәселесі

Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне қатысты өзара байланысты 2 аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу (озон қабаты) және жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының артуы.

Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда - 18-32 км биіктікте орналасқан. Ондағы озонның концентрациясы 0, 01-0, 06 мг/м 3 . Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы 3-5 мм құрайды. Озонның мөлшері сантиметрмен (0, 3-0, 5) немесе Допсон бірлігімен (100 есе үлкейтілген миллиметр - 300-500 бірлік) есептеледі.

Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар (хладондар) болып есептеледі. Бұл хлорфтор - көміртектер бөлме температурасында қайнайды. Олар тоңазытқыш құрылғыларында, әр түрлі балондарда тасымалдаушы газ ретінде, т. б. қолданылады. Қолда бар мәліметтерге қарағанда ауаның жер бетіне жақын қабатындағы озонның концентрациясы өндірістік дәуірдің басынан бері 2 есе артық және жыл сайын 1, 0-1, 6% жоғарылап келеді. Бұл құбылыстың негізгі себебі фотохимиялық смогтар болып табылады.

Атмосфераның экологиялық мәселелері

Атмосфера - ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы.

Атмосфераны ластаушы заттар. Күкірт пен оның қосылыстары атмосфераға табиғи және антропогенді әсер нәтижесінде шығарылады. Күкірт пен оның қосылыстарының атмосфераға табиғи жолмен шығарылуының 3 негізгі көзі бар:

1. сульфаттардан оттегінің анаэробты сульфатредукциялаушы микроорганизмдердің көмегімен бөлініп шығуы нәтижесінде. Күкірт бос күйінде, не күкіртсутекке тотықсызданған күйде болады;

2. вулкандардың қызметінің нәтижесінде. Бұл кезде күкіртті ангидрид, күкіртсутек немесе бос күйде бөлініп шығады;

3. мұхиттардың бетінен су тамшыларының булануы нәтижесінде. Бұл кезде күкірт негізінен салыстырмалы түрде зиянсыз сульфаттар түрінде болады;

Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары

Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн әрқашан зиян. Түтiннiң құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзiлуiне әкеп соғады. Тiптi кейбiр жағдайларда улы заттардың жинақталуы нәтижесiнде адамдардың аса қауiптi аурулары мен өлiмiне себеп болады. Мысалы, Лос-Анджелес қаласында, Калифорнияда, Британ аралдарында, сол сияқты ФРГ мен бiрқатар елдерде зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нәтижесiнде смог деп аталатын қалың тұмандар байқалды.

Лондонда смогтар ХIХ ғасырдың соңынан бастап - ақ белгiлi болған. Әсiресе 1952 және 1956 жылдары болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигiздi. 1952 жылдың 5-9 декабрь аралығында қаланың үстiн қаптаған тұман жауып тұрған. Тұманның құрамындағы зиянды қосылыстардың (күкiрт ангидридi, азот оксидтерi, альдегидтер, хлорлы көмiрсутектер, т. б. ) мөлшерi ауада қалыптағы нормадан 5-6 есе көп болып, 12 сағаттан кейiн көптеген адамдарда тыныс алу жолдарының аурулары, бас ауру, бас айналу, жөтел күшейген. Созылмалы бронхит ауруымен ауыратын адамдардың көпшiлiгi смогтың әсерiнен қазаға ұшыраған. Ұлыбритания астанасының үстiнде 1956 жылы январьда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мыңдаған адамдардың ажалына себеп болған. 1968 жылы Лондонда "Ауа тазалығы туралы заң" қабылданғаннан соң атмосфераның ластануы бiршама азайған.

Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар болады. Олардың көпшiлiгi түссiз, иiссiз болып, организмге бiрден әсер ете қоймайды. Медициналық-санитарлық зерттеулер нәтижесiнде адамның денсаулығына зиянды заттардың бiрлесiп әсер етуi аса қауiп туғызатындығы белгiлi болды.

Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс қабiлетiн төмендетiп, жөтел, бас айналу, дыбыс жолдарының спазмалары, өкпенiң түрлi аурулары, организмнiң жалпы улануын туғызып, түрлi ауруларға қарсы тұра алу қабiлетiн төмендетедi.

Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерiнен шыққан газдар, түтiн, iрi қалалардың үстiнде пайда болатын түрлi шаңдар Күн сәулесiнiң Жердiң бетiне түгел түсуiне кедергi келтiредi. Мысалы, Париж қаласының маңындағы өндiрiс орындары аз аймақтарда ультракүлгiн сәулелер 3 % болса, заводтар мен фабрикалар көп шоғырланған аймақтарда 0, 3 % қана болған. Ультракүлгiн сәулелерiнiң жетiспеушiлiгi балаларда авитаминоз және рахит ауруларын туғызатыны белгiлi.

Атмосфераның құрамындағы зиянды заттардан жануарлар мен жабайы аңдар да уланады.

Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамындағы фторлы және мышьякты қосылыстардан бал аралары уланып, олардың бал жинау қабiлетi төмендейдi.

Бiрқатар мемлекеттерде жабайы аңдардың (бұғы, қоян мен қырғауыл, т. б. ) атмосфераның құрамындағы күкiрттi газ, мы-шьяк, сурьманың әсерiнен улану оқиғалары көп кездеседi.

Өсiмдiктер үшiн әсiресе улы болып саналатын күкiрттiң, фтор, хлордың қосылыстары мен көмiрсутектер. Олар ауыл-шаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлкен зиян келтiредi. Дәндi дақылдардан бұл газдарға өте сезiмтал - арпа, көкөнiстерден - шпинат, капуста, салат, редис.

Ауаның құрамында болатын күкiрттi газдың шектеулi нор-масы 0, 02 мг/м 3 , азот оксидтерi - 0, 02 мг/м 3 және аммиак - 0, 1 мг/м 3 .

Мамандардың есептеулерi бойынша, Франция мемлекетiнде атмосфераның ластануынан болатын шығын ұлттық табыстың 4%, АҚШ - 3%, Жапонияда 8% құрайды.

Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жауын-шашын
Әктас жене карбонаттар
Экологиялық проблемалар және қышқылдық жауындардың пайда болуы
Қышқылды жаңбырдың қоршаған ортаға әсері
Тіршілік қауіпсіздігін қорғау. Экологиялық проблемалар
Қышқылды қалдықтардың мәселелер
Популяциялық экология – демэкология. Экожүйеге қышқыл жаңбырдың әсері
Қышқылдардың түрлері өңдеу
Химиядағы қышқылдар мен негіздер жайлы
Атмосфераның химиялық ластануының ғаламдық әсерлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz