Әлеуметтік қамсыздандыру және мемлекеттің әлеуметтік саясаты


Тақырыбы: Әлеуметтік қамсыздандыру және мемлекеттің әлеуметтік саясаты
Жоспар
Кіріспе
- Әлеуметтік қамсыздандырудың мәні
- Әлеуметтік қамсыздандырудың Қазақстандағы сипаты
- Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
- Қазақстанның әлеуметтік сферасының негізгі проблемалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Еліміз 1991 жылы тәуелсіздік алған соң демократияға бет бұрғаны белгілі. Ал кез келген демократиялық мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени бағыттарының ең басты мақсаты қоғамның өміріндегі белгілі бір тұрақтылыққа, тепе-теңдікке қол жеткізу болып табылады. Осы мақсатта ол апат, кедейшілік, ауру, табиғи және техногендік апаттар, демографиялық «жарылыс» сияқты проблемалардың алдын-алуға немесе олардың салдарына өзі жауапты екеніне мемлекеттік кепілдік беруге міндетті. Сонымен қатар мемлекет материалдық игіліктердің халық арасында мүмкіндігінше тең бөлініп, адамдар өмірін салық, қайырымдылық, жәрдемақылар арқылы халықтың өмір сүру салтын реттейді.
Сондықтан 90 жылдардың басында Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғалы, оның алдындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттермен қатар, ең маңызды мақсаттардың бірі тұрғындарға жалпыұлттық келісімді, тұрақтылықты қамтамасыз ету, елдің барлық азаматтардың жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ететін қоғам құру және демократиялық қайта құруларды тереңдету болып табылады.
Қазіргі кезде еліміздің экономикасының даму қарқыны жылдан жылға жоғарылап, Қазақстанның экономикасы біршама тұрақтана бастады. Ол болашаққа сеніммен және батылдықпен қарауға себепші болды.
Соңғы төрт жылдағы Жалпы Ішкі Өнімнің біртұтас өсімі 50% - ды құрады. 2004 жылы наурыз айында беделді басылым «Дэйли Телеграф» атақты ағылшын компаниясы «Оксфорд аналитика» жасаған экономикалық анализінің нәтижесінде Қазақстан транзитті экономикалы мемлекеттердің ішінде ең белсенді түрде дамып келе жатқан елдердің қатарына жатқызылды және болжам бойынша осы жылдың аяғында да көш басында қалады.
2003 жыл индустриалды - инновациялық стратегияны жүзеге асырудың алғашқы жылы болды. Елімізде қайта өңдеу салаларының модернизациясына нақты түрде ықпал ететін даму институттары құрылды. Даму банкі жалпы сомасы жарты миллиард доллардан асатын 20 инвестициялық жобаны несиеледі.
Инновациялық қор еліміздің алғашқы ғарыш жер серігінің құрылысын қаржыландыра бастады.
Көптеген тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта құру және қайта жарақтандыру істері жүзеге асуда.
2003 жылы тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет қайта өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны өндіруге қарағанда алға шықты.
2003 жыл агросату бағдарламасын іске асырудың алғашқы жылы болды. Оның нәтижелері тек қуантады. Ауыл шаруашылық өнімдерін сату компанияларын мемлекеттік қолдаудың көлемі де өсті. Өткен жылы агрария саласына 51, 5 миллиард теңге жұмсалса, биыл 70 миллиардқа жуық бөлінді.
Қазақстан өнімінде тек өз қажеттілігін өтеп қана қоймай, 5 миллион тонна астықты экспортқа шығарды.
Соңғы төрт жылда еліміздің экономикасының өсімі минималды зейнетақының көлемін 3000 - нан 5800 - ге, яғни екі есеге жуық, орта зейнетақыны 4, 1 мыңнан 8, 6 мыңға; минималды жалақыны 2, 6 мыңнан 6, 6 мыңға, орта жалақыны 14, 3 мыңнан 24, 8 мыңға дейін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақшаны 45% - ға көтеруге мүмкіндік берді.
Әлеуметтік - экономикалық дамудағы жетістіктердің нәтижесінде біз негізгі параметрлер бойынша көптеген Орталық Еуропа мемлекеттерін қуып жетіп қалдық, ал Оңтүстік - Шығыс Азия мемлекеттерін тіпті озып та кеттік.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің арасында, Каспий аймағында Қазақстанның ролі және беделі өсуде, дүниежүзінің экономикалық және саяси картасында біздің еліміздің мәні артуда.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына жолдаған жолдауында Қазақстаннның экономикасы бәсекеге жоғары қабілетті болу керек делінген.
Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне тек ұлттық экономиканың әлемдік интеграцияға енуі жағдайында ғана қол жеткізіледі.
Негізгі бөлім
Әлеуметтік қорғау дегеніміз - еңбек етуге қабілетсіз адамдарды материалдық және тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі. Әлеуметтік қорғау жүйесі әр елде, әр кезеңдерде түрлі жағдайда қалыптасып, оның тетіктері өркениетті мемлекеттердегі үлгілерге сәйкес сұрыпталған. Әлеуметтік қорғау нышандары дәстүрлі қазақ қоғамында да болған. Табиғи кесапаттардың не әр қилы шапқыншылықтардың салдарынан асыраушысынан, мал-мүлкінен айырылып, жоқшылыққа ұшыраған кедейөкепшіктерді, жетім-жесірлерді аталас ағайындары, ауылдастары, көрші-қоландары қамқорлыққа алған. «Асар» асу, үлес тарату, сауын беру, ат майын қию, көрші ақысын бөлу, ылау мінгізіп, сауға сыйлау, т. б. шаралар ұйымдастыру арқылы жоқ-жітік туыстарының күнелтісін жұтатпай, тұтас деңгейін көтеруге көмектескен. Қоғам дамуына байланысты әлеуметтік қорғау біртіндеп мемлекеттік жүйеге толығымен ауысты. Қазақстан Республикасында әлеуметтік қорғаудың сан алуан түрлері қалыптасты. Мелмекет тарапынан жасалатын әлеуметтік қорғау шараларына: қарттығы, мүгедектігі үшін және асырап отырған адамынан айырылып қалған жұмыскердің отбасы мүшелеріне зейнетақы төлеу; соғыс және еңбек мүгедектеріне, қартайған және жалғыз басты немесе белгілі бір себептерге байланысты блегілі бір отбасында тұра алмайтын, күтімді керек ететін азаматтарды мемлекеттің қарауына, интернаттарға, мүгедектер мен қарттар үйіне алу; бұрынғы міндетін атқара алмайтын адамдарды жеңіл жұмысқа орналастыру, олардың жаңа мамандық алуына жағдай жасау; көп балалы және жеке басты аналарға көмек көрсету сияқты шаралар жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 28 -бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі» делінген.
Қазақстан Республикасында Президент және ‡кімет тарапынан әлеуметтік қорғаудың үнемі қосымша шаралары жасалып, қоғамдық негізде қайырымдылық көрсетіледі, ал кәсіподақтар әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдардың құқықтық мүддесін қорғап отырады. Кеңестік кезеңде әлеуметтік қорғау ақшалай-заттай жәрдемақы түрінде жүргізіліп келді, ішкі жиынтық табыстың 10 проценттейі зейнетақыға жұмсалған. Нарықтық экономикаға көшу барысындағы қаржылық шектеулерге орай Қазақстанның әлеуметтік қорғау саласына да бірсыпыра өзгерістер енгізілді. Мысалы, зейнетақы жүйесіндегі реформа негізінде еңбекақының 10 проценті міндетті жарна ретінде зейнетақы қорына аударылып отырады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 2, 8 миллион адам зейнеткер бар, оларға ай сайын төленетін зейнетақы мөлшерінің ең төменгі деңгейі 6200 теңге болып отыр. Сондай-ақ елімізде 450 мыңнан асам ересек мүгедектер бар. Олар 52 проценттейі әйелдер және 90 мыңы бала тәрбиелеп отыр. Мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлықтарға қоса, Республикада мүгедектер қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы мүгедектерді әлеуметтік тұрғыдан қорғап, оларды спорт, қоғамдық және мәдени жұмыстарға қатыстырып, мүмкіндіктеріне қарай, еңбекке тартып, тұрмыстық мәселелерін шешуге көмектеседі.
Әлеуметтік қорғау мемлекетті және қоғамдық тұрғыдан білім беру (жалпы және кәсіби білім беру), медициналық қызмет көрсету, еңбек ету (жеңілдіктер беру, демалу ережелерін сақтау, әлеуметтік сақтандыру, тапқан табысына иелік ету және оны құнсыздануына ұшырағанда индекстеу сияқты бағыттарды қамтиды. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесі адам тұрмыс-тіршілігі мен оның еңбекке қабілеттілік деңгейін қалпына келтіріп, қалыпты жағдайда ұстауға бағытталған.
Мемлекет өзіне жүктелген бірқатар функцияларды орындауда: саяси, экономикалық және әлеуметтік. Халықты әлеуметтік қорғаудың ең негізгі функцияларының бірі болып табылады.
Әлеуметтік қорғау саясатына тұрғындардың жұмысқа қабілетсіз және кедей бөлігінің өмір сүруін қолдау, жақсарту және қамсыздандыру бағытында саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелер кіреді. Әлеуметтік қорғаудың негізгі ауыртпалығын мемлекет көтереді. Кез келген мемлекетте әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар жүйесі бар. Олар мемлекттің өзі немесе кәсіподақтар болуы мүмкін. Әлеуметтік қорғау қызметін атқаруда қайырымдылық қорлары, ұйымдары, сақтандыру қорлары өте маңызды рөл атқарады.
Әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау зейнетақы, жеңілдіктер, жәрдемақылар, сонымен қатар жұмыссыздарға материалдық көмек түрінде іске асырылады.
Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі әлеуметтік сақтандыру болып табылады. Оның ішіне зейнетақымен қамсыздандыру кіреді. Батыста медициналық және зейнетақымен қамтамасыз ету табыстан және жалақыдан бірдей көлемде ұстап қалу жолымен іске асады. Жапонияда әлеуметтік қамсыздандыруға жұмысшының орта жалақысынан жеті пайыз мөлшерінде ұсап қалса, Америка Құрама Штаттарында мұндай көрсеткіш 7, 5 пайызды құрады. Ал Швецияда әлеуметтік қорлардың құрылуы толығымен мемлекеттің мойнына жүктелген. Ал бізде, Қазақстанда, зейнеатқы қорлары жұмысшының жалақысының 10 пайызын ұстап қалады. Мемлекеттің әлеуметтік бюджеттік жүйесінің шамасы қаржыландырылатын әлеуметтік бағдарламалардың масштабтылығымен және салық алымдарының үлесімен анықталады. Қазақстанда әлеуметтік саясат тәуелсіздік алғалы бері айтарлықтай өзгерді. 2001 жылы маусым айында «Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек туралы» заң қабылданды. Адрестік әлеуметтік көмектің ең басты принципі оны ақшалай түрде төлеу болып табылады.
Адрестік әлеуметтік қорғауға 4 жәрдемақы түрі кіреді:
- тұрғын-үй көмегі;
- кедейлік деңгейіне дейін ақшалай түрде қосымша төлеу;
- 7 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар жұмыссыз аналарға төленетін жәрдемақы;
- үйде тәрбиеленетін мүгедек балаларға төленетін жәрдемақы;
Адрестік әлеуметтік көмек белгіленген, нақты топтарға бағытталған жәнесонымен қатар әлеуметтік сфераның, зейнетақы жүйесі реформалаудың, білім беру сферасындағы өзгерістер бойынша және денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар мемлекеттік емес құрылымдар ашылып, олардың функциялары белгіленген.
Кез келген мемлекеттің, соның ішінде Қазақстан Республикасының да, әлеуметтік саясатында мемлекет тарапынан реттелетін тұрғындарды зейнетақымен қаматамасыз ету маңызды орын алады. Зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақы алушыларға және оны кейіннен алатынын білетін адамдарға қорғану сезімін беретін әлеуметтік қорғау саясатының бір бөлігі болып табылады. Осы кезде табыстарды қайта тарату процесі жүреді. Зейнетақының көлемі елдің әлеуметтік - экономикалық даму деңгейіне, саяси тәртібіне және заңға тікелей байланысты болады.
1997 жылдың маусым айына дейін жүрген зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі негізінен зейнет жасына шыққандарға жұмыс істеушілердің міндетті салымдарының есебінен іске асқан болатын.
1997 жылы маусым айында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заң ортақ зейнетақы жүйесінің жинақтық жүйеге ауысуы үшін тағы бір айтарлықтай құрылымдық реформаны белгілеп берді.
Жаңа зейнетақы жүйесінің мақсаты азаматтардың өзін - өзі қамсыздандыруы үкіметке тәуелді болмауы, мемлекеттік шығындарды азайту, жинақтарды ынталандыру және кпитал нарығының әрі қарай дамуы болып табылады.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі жинақтарды есепшотта сақтайды. Бұл жерде жалақының 10 пайызы көлемінде жеке салымдар арқылы активтер жиналады. Азаматтардың (әскери қызметкерлерді, ішкі істер органдарының қызметкерлерін, тергеу органдары қызметкерлерін есепке алғанда. Тек олардың реформа күшіне енген уақытта 10 жыл стажы болуы керек) жинақтарының негізінде зейнетақы қорларында міндетті салымдардың есебінен жинақталатын зейнетақы болашақта зейнетақымен қамтамасыз етудің негізі болады.
Бұл зейнетақының принципиалды айырмашылығы - әрбір жұмысшының өз зейнетақы мөлшерін өзі белгілеуінде болып табылады. Зейнетақының көлемі нақты тұлғаның зейнетақы салымдарының ұзақтығына және көлеміне, сонымен қатар зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін қосымша сомадан тікелей бағынышты болады.
Білім беру саласында мемлекет оқу гранттары жүйесін енгізді. Оқу орындары студенттерді коммерциялық негізде оқытуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, мемлекеттің бақылауындағы мемлекеттік емес оқу орындары қызмет етуде.
Денсаулық сақтау саласы да өзгерістерге ұшырады. Жеке меншік емханалар ашылды және олар қазір өте көп мөлшерде қызмет етуде. Олар тұрғындарға ақылы түрде қызмет көрсетуде.
Жәрдемақының ең көп тараған түрлері мыналар болып табылады: еңбек, мүгедектік, әлеуметтік бойынша, асыраушысы қаза болған жағдайда, еңбек жәрдемақысы; тұрғыдардың жұмысбастылығына байланысты еңбекақының мөлшгері тікелей еңбек қызметінің ұзақтылығына байланысты болады. Ал қаржылаудың көзі әлеуметтік сақтандыру жүйесі болып табылады. Әлеуметтік жәрдемақылар адамдардың өмір сүруінің минимумын қамтамасыз етуге арналған және жан басына шаққандағы төменгі шамада мемлекет тарапынан төленеді.
Әлеуметтік саясатта тұрғындардың жұмысбастылығ және жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау проблемаларына ерекше көңіл бөлінеді. Жұмысбастылық саясатының басты мақсаты - адамдардың жұмысбастылығын толық және өнімді түрде қамтаммасыз ету болып табылады. Осы таңдаған салада кәсіби дайындық классификацияны жоғарылату, мемлекеттік жұмысбастылық сферасын кеңейту және басқа да тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған шаралар қолданылады.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау жүйесінде қолданылатын шаралар активті және пассивті шаралар болып екіге бөлінеді. Активті шараларға жұмыссыздардың кәсіби дайындығы және қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын құру. Ал пассивті шараларға жұмыс табу барысында көмектесу, жәрдемақы төлеу, сонымен қатар жұмыысыздарға арналған материалдық жәрдем жасау жатады. Қазіргі кезде Қазақстанда қаржылық жағдайларға және жұмыстың жаңа түрлеріне байланысты жұмысбастылықтың пассивті жүйесінен активті түріне өту байқалуда.
Жұмысбастылықты қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейі мемлекеттің бақылауында болып отыр. 2001 жылы қабылданған «Тұрғындардың жұмысбастылығы туралы» қабылданған Қазақстан Республикасының заңында алдыңғы заңға қарағанда мына жағдайлар нақты белгіленді: жұмыссыздардың статусы, жұмысбастылық саясатының негізгі принциптері мен мемлекеттің кепілдігі, әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмысбастылық аумағында құқықтар мен міндеттерді, тіркеу мен есеп, бақылау және есеп беру туралы білуді қажет ететін азаматтарды қамсыздандырудың қосымша мемлекеттік кепілдігі жайлы нақты жазылған. «Жұмыссыздықтан мемлекеттік қорғау» бөлімінде жұмыс табуға жәрдемдесу, кәсіби дайындық, квалификацияны жоғарылату, жұмыссыздарға арналған қоғадық жұмыстарды қайта жандандыру немесе ұйымдастыру сәйкес заң актілері бойынша жеткіліксіз қаматамасыз етілген азаматтарға адрестік мемлекеттік көмек көрсету және т. б. Көптеген мемлекеттердің осыған сәйкес заңдарында жасырын жұмыссыздықты ретте, оған жәрдемақы төлеу жайлы жазылған, бұл заңның бір кемшілігі - онда жасырын жұмыссыздық жайлы мүлдем айтылмаған.
Әлеуметтік қызметтің негізгі факторларын қарастырсақ, алғашқы кезекте мыналарды еске алған жөн: кедейшілікпен күрес, адамның дамуы, білім, мәдениет, демалыс, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер, қайырымдылық, адамның құқықтарын қорғау, ғылыми - зерттеу сферасы, қоршаған ортаны қорғау, спорт және дене шынықтыру, тұрғындардың діни өмірі сферасын айта кеткен жөн. Егер үкіметтік емес коммерциялық емес сипаттағы мақсаттар тұрғысынан қарастырсақ, олар мынадай түрлерге бөлеге болады:
1. Осы ұйымның мүшелерінің мүдделерін қорғау немесе қанағаттандыру, оларды білдіру үшін құрылғандар.
2. Тұрғындарға және басқа да тұтынушыларға әлеуметтік қызмет көрсету үшін құрылғандар.
3. Қоғамдық мүдделерді, соның ішінде қосымша әлеуметтік қолдауды қажет ететін әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғаумен айналысатындар.
Бұл секторлардың өзара бірін - біріне әсер ету формалары көп түрлі болады және олар тұрақты түрде дамиды. Олардың бірі - әлеуметтік тапсырыс. Серіктестіктің тағы бір формасы конкурстық негізде бөлінетін гранттар болып табылады. Тағы бір формасы - ол жергілікті қауымдастықтардың қоры.
Осы жоғарыда айтылған серіктестіктердің экономикалық формалары әлеуметтік саясатты және әлеуметтік қызмет көрсетуді толығымен дерлік іске асыруға мүмкіндік береді.
Ал кең мағынада «әлеуметтік» қоғамға, адамдарға, олардың өміріне қатысты барлық нәрселерді айтуға болады. Сондықтан барлық экономикалық процестер әлеуметтік табиғаттың қандай да бір деңгейіне ие. Әлеуметтік сфераға, жалпы алғанда, адамдардың өмір сүруін, қызмет көрсетулерді, адамның сұранысын қанағаттандыру, отбасылар, ұжымдар, топтар - барлығымен байланысты экономикалық қызметтің түрлерін, экономикалық объектілерді және процестерді жатқызуға болады. Әлеуметтік экономика ғылым ретінде қажеттіліктер мен тұтынушылардың әр түрлілігін есепке ала отырып, қажеттіліктердің пайда болу табиғатын, тұтынушылық сұранымдарды, тұтыну құрылымын, адамдардың рационалды қажеттіліктерін бөліп қарастыруды зерттейді. Әлеуметтік экономиканың қызмет ету аумағына тұрғындар топтары, адамдардың және отбасылардың тұтынушылық бюджеті, адамдардың жеке, отбасылық, заттық бөлінісі барысында қалыптасатын меншіктік қатынастар және меншіктің түрлері, сонымен қатар еңбекті төлеу, жұмысбастылық, жұмыссыздық деңгейі негізінде қалыптасатын еңбек экономикасы да кіреді. Әлеуметтік экономиканың ерекше аумағы - бәлеге ұшыраған адамдарға жәрдем беру.
Әлеуметтік саясат - мақсаты мен мазмұны барлық әлеуметтік мәселелер кешенін, адамдар арасындағы қарым - қатынастарды, формаларды реттеу болып табылатын мемлекеттің ішкі саясатының ерекше аспектісі. Әлеуметтік саясат әлеуметтік қатынастар аумағында және адамдардың өмір сүруі жағдайында олардың мүдделерінің, қажеттіліктерінің концетрленген түрде іске асуы болып табылады. Әлеуметтік қатынастар адамдардың өзара тіл табысуы барысында әр түрлі формаларда (әлеуметтік топтардың, кластардың, ұлттардың арасында; отбасылар арасында және олардың ішінде) пайда болады және дамиды. Адамдардың өмір сүру жағдайы дегеніміз - адамдардың күн көрісіне қажетті рухани және материалдық игіліктер мен қызмет сфералары. Сонымен, әлеуметтік саясат дегеніміз - бұл тікелей тұрғындарға, атап айтқанда, топтарға, кластарға, ұлттарға, әлеуметтік топтарға отбасыларына, тұлғаларға, оларды әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің саясаты. Сондықтан мемлекеттің әлеуметтік саясатының нақ нысаны елдің тұрғындары деп аитйға болады.
Әлеуметтік саясаттың ннегізгі мақсаты елдің тұрғындардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырылуына қажетті алғышарттарын жасау және осы елдің әлеуметтік топтарының, кластарының және ұлттарының арасындағы консенсусты қамтамасыз ету. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты келесі принциптерді есепке ала отырып жасалу керек: адамның экономикалық бостандығы, нарықтың анықтаушы роліне сенім, нарықтық күштердің ойынына мемлекеттің жауапкершілігі, жұмысқа қабілетті азаматтардың неғұрлым жұмысбастылығы және олардың өндірісті басқару процесіне қатысуы.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттері мыналар:
- тұрғындардың олардың еңбек салымына және қолда бар капиталына сәйкес табыстарының өсімін қамтамасыз ету;
- әлеуметтік иждивенттілікті мүмкіндігінше жою;
- тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың механизмдерін құру;
- тұрғындардың тиімді жұмысбастылығын қамтамасыз ету;
- адамдардың өмірінің және материалдық жағдайының жақсартуына қол жеткізу;
- әлеуметтік саясатты отбасына қайта бағыттау;
- демографиялық жағдайларды жақсарту;
- әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру;
- табыстардың әділ бөлінуін қамтамасыз ету;
- әлеуметтік сақтандырудың ролін арттыру.
Әлеуметтік экономика тікелей адамға бағытталған болғандықтан осы экономиканың жетістіктері дәл осы адамдардың қалай өмір сүріп жатқандығы, өз өмір сүру сапасына қаншалықты деңгейде қанағаттанатынына тікелей тәуелді болады.
«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы «Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қаіпсіздігі және тұрмысының жақсаруы» деп аталуы бекер емес. Бұл жерде қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекет деңгейінде іске асыру көзделетінін байқауға болады. Бұл жерде қоғамның ең басты бұрышында адам тұр. Адамдар экономикалық дамудың көзі және құралы болып қана қоймай, сонымен қатар экономикалық дамудың ең басты мақсаты болып табылады. Экономикалық даму - ол өзіндік мақсат емес, ол адамдардың игілігіне қызмет т етеді.
Қазақстанның әлеуметтік саясатының мақсаты - адамдардың өз қабілеттіліктерін дамытуына және осы дамытудың мүмкіндіткері кеңеюіне қолайлы жағдай туғызатын орта құру. 1997 жылдан бастап Қазақстанда адамның даму концепциясы ерекше мағынаға ие болып отыр. Ол экономикалық өсімде адамның орталық рольге ие екенін мойындай келе, бірақ ең маңызды мақсат ретінде адамның өз қабілеттіліктерін дамытуды және қолдануды қамтамасыз ететін орта құруды қамтамасыз ететуге барынша тырысатындығы белгілі болды.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері әкімшіл-әміршіл жүйеден бас тартып, шаруашылық жүргізудің нарықтың жүйесіне бет бұрғалы бері міне 10 жылдан асып отыр. Бірақ осы нарықтық жүйенің көптеген артықшылықтарымен кемшілік тұстары бар екені де анықталды. Менің ойымша олардың ішідегі ең бастысы - әркім өзіне жоғары пайда табуға ұмтылуы барысында өнеркәсіп мүмкіндіткері тең бөлінбей байлар мен кедейлердің арасындағы арасалмақ алшақтап кетуіне әкелуі мүмкін. Дәл осында проблема қазір біздің елімізде орын алуда.
Осы мәселені шешуге орай еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді жоспарында байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтықты мүмкіндігінше жақындату туралы нұсқаулар берілген болатын: ауылдағы барлық қайта құрулады аяқтау, олардың энергиялық және белсенді әлеметтік саясатын нықтау, еліміздің әрбір азаматына «еліміздің өсіп келе жатқан ұлттық байлығынан өз үлесін алуына мүмкіндік» беру, тұрғындардың мемлекет көмегін ең көп қажет ететін бөлігіне жәрдем жасау, т. б. Қазіргі кезд Қазақстан Республикасы үшін әлеуметтік саясаттың біртұтас концепциясын жасап шығару мәселесі өте маңызды болып отыр.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz