Әлихан Бөкейханның биографиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе:
Әлихан Бөкейханның биографиясы

2. Негізгі бөлім:
а) Әлихан Бөкейхан – ормантанушы ғалым, экономист
б) Қазақтың мал шаруашылығын зерттеген бірегей ғалы
в) Әлихан Бөкейхан – тарихшы-ғалым
г) Тұңғыш абайтанушы ғалым

3. Қорытынды:
Алты Алаштың көсемі Әлихан Бөкейхан – дара тұлға
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан

Заманда басқан
аяқ кейін кеткен,
Жасымай Алашына
қызмет еткен;
Болса да қалың
тұман, қараңғы түн,
Туатын бақ
жұлдызына көзі жеткен;
Түймеге
жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір
басы үшін жалданбаған,
Қайткенде Алаш
көркейер деген ойдан,
Басқа ойды
өмірінде малданбаған.

С. Торайғырұлы.

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам
және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға – Әлихан
Нұрмұхамбетұлы Бөкейхан. Оның есімі ұзақ жылдар бойы сирек аталып,
буржуазиялық ұлтшылдықтың синонимі ретінде қаралып кетсе, кейінгі ұрпаққа
қалдырған орасан мол аманат- мұрасы бір кісінің ғұмырындай уақыт шаң басып
жатты.Көрнекті қоғам қайраткері–Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам
қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және
мұсылман халықтары съезінің депутаты, ІҮ Мемлекеттік думасы мұсылман
фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр
басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың
тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда
автономиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің
төрағасы; ғұлама ғалым – ормантанушы,экономист, тарихшы, этнограф,
әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист. Міне, ардақты азаматымыздың
халқы үшін, халқының жарқын болашағы үшін соңғы демі біткенше атқарып өткен
сан-қилы қызметінің бұл болар-болмас көрінісі ғана.
Ә. Н. Бөкейхан 1870 жылы кешегі Семей облысы, Қарқаралы үйезі,
Тоқырауын болысы, Тоқырауын өзені бойындағы нөмірі 7-нші ауылда дүниеге
келген. Бұл қазір Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қараған Қаратал
совхозының жері (совхозға 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңесінің шешімімен Ә.
Н. Бөкейхан есімі берілді. Ол кісінің есімі жергілікті орта мектепке де
беріліп отыр).
Әлихан ата-тегі Шыңғыс ханнан бері келе жатқан төре тұқымынан,
Бөкейханнан тарайды. Көкжал Барақханның баласы Бөкейхан қазақтың таққа
отырған соңғы хандарының бірі.
Бөкейханның бес әйелінен он бір ұл болған. Он бір ұлдың бірі –
Әлиханның арғы бабасы Батыр. Батырдан Рүстем, Әшімтай, Мырзатай туады.
Мырзатайдан Нұрмұхамед (Әлиханның әкесі, елдегі аты Мұқан), Қоске, Шолақ,
Әптіхан; Нұрмұхамедтен Әлихан, Смахан, Базылхан, Әзіхан, Тәтіхан деген бес
ұл мен Нұрбек атты бір қыз туады. Әлихан тұңғышы.
Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралыға алып
барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді.
Әзіханұлы Райымжан ақсақалдың айтуынша, көзі ашық, көкірегі ояу
Әлихан молданың оқуын қанағат тұтпай, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке
өз еркімен ауысып кетеді. Бұл әрекетін бір келгенінде естіп білген
Нұрмұхамед қарсылық білдірмейді, ақ батасын береді. Бастауыш мектепті
бітіргеннен кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түседі. Оны
ойдағыдай бітіргеннен кейін Қарқаралы уйезі бастығы оған куәлік береді. Бұл
куәлік 16 жастағы Әлиханға Омбыға жүрер алдында берілсе керек. 1886 жылы ол
Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге пансионер болып
қабылданады.
1890 жылы шілденің 30 күні Дала генерал – губернаторы канцеляриясының
Орман институтының профессоры Бородинге жазылған ұсыныс-хатын және қазақ
қауымдастығынан берілген 200 сом шәкіртақыны алып қырғыз баласы – сұлтан
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан Ресей империясының астанасы Санкт-Петерборға
ат басын түзейді.
Санкт-Петерборға 20 жасында келген Әлиханның студенттік күндерін
қалай өткізгендігі жайында Англияның әйгілі білім ордасы – Оксфорд
университетінің Орта Азияны зерттеу қоғамы өзінің Қазақтар 1917 жылға
дейінгі орыстар туралы атты кітабында Ә. Бөкейхан жас күнінде орнықты
революционер, социалист болды және Зарзаман атты орыстарға қарсы әдеби
топтын мүшесі болды, – деп жазады. Кешегі КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік
комитетінің жұртшылықпен байланыс орталығынан келген бір құжатта Әлихан
Бөкейхан... Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық
студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әрқашан да әсіре
солшылдарға ілесетін . Марксизм туралы қызу пікірталастарда ол экономикалық
материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын – деген мәлімет берілген. Ал
Санкт-Петерборлық Новая жизнь газеті 1906 жылы Әлихан Бөкейхан 1894
жылы, Орман институтының 4 курс студенті күндері студенттік толқуларға
қатысты... – деп жазады. Осы жылдары Әлиханның саяси көзқарасы қалыптаса
бастайды, екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған ескі
феодалдық қарым-қатынастардан әлі арыла қоймаған, рулық, феодалдық күрес-
тартыстан көзін аша алмаған туған халқының тағдыры оны қатты толғандыра
бастайды. Қараңғылық пен надандық шырмауынан құтыла алмай отырған халқына,
ең алдымен, білім мен мәдениет керек екендігін анық ұғады. Халқын Еуропаның
мәдениеті жоғары елдері санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын,
мәдениетін, білімін көтеруді қзінің алдына мақсат қылып қояды.
Құжатханалардан табыған материалдарға қарағанда, Әлихан Бөкейхан
жандармерия басқармасының назарына алғашқы рет осы жылдары-ақ ілігіп,
саяси сенімсіздердің қара тізіміне алынады. Айта кету керек: Әлихан бұл
тізімнен патша өкіметі күреп, Кеңес өкіметі орнаған жылдары да – 1937
жылдың қыркүйегінде халық жауы болып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ.
Орман институтын ойдағыдай бітіріп, Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Омбы қаласына
қайта оралады. Әлиханның Омбыдағы жылдары оның көрнекті қоғам, саяси
қайраткер ретінде де, педагогтық, ғалымдық, әдебиеттанушылық талантын жан-
жақты ашып берді. Сонымен қатар, ол Омбыда патшалық тәртіптің қуғын-
сүргінінде көрді, екі рет заңсыз-сотсыз абақтыда да отырды.
Әлихан Бөкейхан – ормантанушы ғалым, экономист. Ол қазақ халқының
тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын,
қысқасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген санаулы
ғалымдардың бірі. Санкт-Петербордың Орман институтын орман экономисі
мамандығымен бітіреді де, 1894 жылы Омбы қаласына қайта оралады. Оралған
бойда алдымен төменгі дәрежедегі орман мектебіне қабылданып, екі жылдай
уақыт өз мамандығы бойынша дәріс оқиды. 1896 жылдан бастап Әлекең ғылыми
жұмыстарға көңіл бөледі.
Жер жөніндегі министірліктің Ф. А. Щербина басқарған экспедициясы
күткендей-ақ Бөкейханның ынтық назарына тап болды., – деп жазды Санкт-
Петерборлық Новая жизнь газеті 1906 жылы. Кейін ғылыми жетекшісінің
атымен Щербина экспедициясы атанған бұл экспедиция 1896-1901 жылдар
аралығында сол кездегі Қазақ өлкесінің Ақмола және Семей облыстарының 12
үйезінде жұмыс атқарады. Әлихан бұл экспедицияға дейін Тобыл гүбернесінде
жүргізілген санақ жұмыстарына араласып, біраз тәжірибе жинап та үлгерген-
ді. Щербина экспедициясына ол алғашқыда статистік ретінде шақырылып, кейін
экспедицияның жеке зеттеу тобын басқарып жұмыс істеген.
Әлихан Щербина экспедициясының Семей облысына қарасты Павлодар,
Қарқаралы, Семей үйездері мен Ақмола облысының Омбы үйезіде жүргізілген
жұмыстарға тікелей қатынасып, алуан түрлі деректі материалдарды жинайды.
Үйді-үй, қора, мал саның есепке алады. Экспедиция жұмыстары біткеннен
кейін, жиналған бай материалдарды іріктеп, белгілі тәртіпке келтіріп өңдеп,
ғылыми қорытындысын жазысады. Қажетті деген ғылыми есеп кестелерін жасайды,
жер-судың карталарын сызады. Қазақтың шаруашылығына, егіндік-шабындығына,
қыстау-жайлауына ғылыми сипаттама береді. Жиналған деректерге сүйене отырып
ол, сондай-ақ, Павлодар, Қарқаралы, Семей, Омбы үйездеріндегі байырғы
тарихи аудандарын анықтап, оны картаға түсіреді. Қазақ шаруашылығының
экономикалық тиімділігін есептеп шығарады.
Экспедиция қорытындыларына сүйене отырып орыстың қоныстандыру
саясатына табанды түрде қарсы тұрады. Экспедицияның қорытындылары 1903-1905
жылдар аралығында жалпы көлемі 13 том болып жарыққа шықты. Әлекеңнің
Щербина экспедициясы қатарындағы атқарған жұмысы оның ғылыми жұмыстарға
жан-жақты дайындығын, терең білімін және кіндік қаны тамған туған жеріне
деген сүйіспеншілігін аңғартты.
Әлихан Бөкейхан – қазақтың мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға
қойған бірегей ғалым. Щербина экспедициясынан кейін 1903 жылы ол С. П.
Швецов бастаған Сібір темір жолы бойында орналасқан Челябі мен Том қалалары
аралығын мекендеген қазақтардың мал шаруашылығын зерттеуге бағытталған
экономикалық экспедицияның басы-қасында болды.
Әлихан Бөкейхан қазақтың қой тұқымдары және қазақтың қой шаруашылығы
жайында бұрын соңды болмаған үздік монография жазып шығады.
Әлихан Бөкейхан ғылыми-зерттеу экспедицияларына тқнкерістен кейін де
араласқан. Айталық, 1926 жылы КСРО Ғылым Академиясының одақтас және
автономиялы республикаларды жан-жақты зерттеу мақсатында құрылған Ерекше
Комитетінің құрамына Қазақстан бойынша тұрақты сарапшы қызметіне
шақырылады.
Әлихан Бөкейхан, сондай-ақ, Қазақ өлкесінің ауыл шаруашылығын
өркендетуге де елеулі үлес қосқан азамат. 1899 жылы ол Омбының алдыңғы
қатарлы зиялылары мен ауыл шаруашылық қоғамының Омбылық бөлімін ашуға ат
салысады.
Әлихан Бөкейхан – тарихшы-ғалым. 1877 жылы Дала өлкесінің білім
ордасы, мәдени-ағарту орталығы санатындағы Омбы қаласында Орыстың
императорлық жағрафия қоғамы өзінің Батыс-Сібір бөлімінің есігін айқара
ашады. Маңына орыс пен өнер қайраткерлерін жинаған бұл қоғам кейінгі
жылдары қазақ даласын ағарту ісінде, қазақ өлкесін жан-жақты зерттеу
жолында алдыңғы қатарда болды. 1894 жылы Орман институтын бітіріп Омбыға
қайта оралған Әлихан осы қоғамның қызметіне қызу араласады. Алғашқы
күндерінен-ақ белсенділігімен танылған Әлихан 1896 жылы қоғамның Батыс-
Сібір бөлімінің толық мүшелігіне қабылданады да, ал 1901 жылы бөлімнің
басқару комитетіне мүше болып сайланады.
Әлихан Бөкейхан жағрафия қоғамының сүйемелдеуімен кіндік қаны тамған
қазақ даласының тарихын көп зерттейді. Оның тарих саласындағы жазып
қалдырған елеулі мұралары – Исторические судьбы Киргизского края и
культурные его успехи, Киргизы атты монографиялары.
Әлихан қазақ мемілекетінің пайда болуының тарихи кезеңдерін,
заңдылықтарын да терең зерттесе керек. Әсіресе, Кіші жүздің, кейінірек Орта
жүз бен Ұлы жүз хандықтарының Ресейдің қол астына енуінің себеп салдарына
көп көңіл бөлгені аңғарылады.
20-шы ғасырдың басындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының көсемі –
Әлихан Бөкейханның назарынан Кенесары-Наурызбай көтерілісі де тыс қалмаған.

Ұлт-азаттық қозғалыстың көсем ретінде қарсы болғанмен, тарихшы-ғалым
Әлихан халқының 1916 жылғы қарулы көтерілісінің орасан зор маңызын аттап
өте алмады. 1926 жылы ол орыстың тарихшысы, профессор Шестаковпен бірігіп,
көтерілістің 10-жылыдық мерей тойына арнап 1916-1926 атты кітап жазып
шығарады. Кітапта қазақ көтерілісінің Ресей империясы қол астындағы
башқұрт, өзбек, қырғыз сияқты халықтардың да бас көтеруіне үлкен себеп
болғандығына назар аударады, көтерілістің 1917 жылы патшаны тақтан
құлатудағы ойнаған елеулі ролін айтады.
Әлекең халқының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мол мәдениетін,
тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, сенім-нанымын, өнерін зерттеп, жазып,
айтарлықтай мұра қалдыған. Ол қазақ ұлтының жүздік, рулық-тайпалық
құрылымын зерттеген, қазақтың шежіресін жазған тұңғыш ғалымдардың бірі.
Әлихан Бөкейхан этнография саласына қатынасты жазған Аңқау елге –
арамза молла немесе О киргизских помниках атты 2 тәлде қатар жарияланған
мақаласы назар аударарлық. Би һәм билік атты мақаласында қазақтың заң мен
билік мәселелері қарастырылады. Кезінде Әлихан Орыстың жағрафия қоғамының
Батыс-Сібір бөлімі мүшесі ретінде, қоғамның ғылыми мәжіліс-жиналыстарында
қазақтың мәдениеті, тұрмыс-салты, өнері жайында баяндамалар жасап, дәрістер
оқып тұрған. Сондай-ақ, ол орыстың Г. Н. Потанин сынды ғалымдарына халқының
ән-күйін, ою-өрнегін, тұрмыстық құрал-саймандарын жинасып, Том қаласында
қазақтың өлкетаным музейін ашуға қол ұшын берген...
Әлихан Бөкейхан – қазақтың тұңғыш энциклопедисі деуге негіз бар. 20
ғасыр басында неміс Ф. А. Брокгаус бен орыс И. А. Ефрон секілді
баспашылардың көптомдық Жаңа энциклопедиялық сөздігін шығарып тұрғандығы
мәлім.
Ә. Н. Бөкейхан халықтың рухани байлығының бірі – көркем әдебиетке де
көп көңіл аударған ғалым. Қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан тұңғышы
Әлихан жаңғырығы. Ә.Бөкейханов өмірі мен өлімі.
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ӘДЕБИ-СЫН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Ә. Бөкейханның ғылым мен ұлттық дамуға қосқан үлесі
Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Кемал Ататүріктің ұлт топтастырудағы саяси қызметтері арқылы саяси лидерлік феноменін талдау
Ә. Бөкейхан - ұлы мұрат жолындағы көшбасшы
Әлихан Бөкейхан және ұлт зиялыларының азаттық жолындағы күресі
Әлихан Бөкейхановтың биографиясы
Әлихан Бөкейханов – публицист
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Әлихан Бөкейхан саяси реформатор
Пәндер