Ақан сері өлеңдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Әнші ақындар

Жоспар

I.Кіріспе.
II. Негізгі бөлім:
1.Ән-өмірдің, табиғаттың туындысы.
2. ХХ ғасыр басындағы әнші-ақындар шығармашылық және өмір ерекшеліктері.
3.Қазақ музыкасы орыс зерттеушілерінде.
III. Қорытынды.

Ән сезімнің кейбір кезеңдерін сыртқа шығаруда, адамның табиғи құралының
бірі болды. Халық әндерінің тартымды келетіні, жүрегіңе қона қалатыны,
олардың баста өнер қуу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым болуында.
Осы күнге дейін музыкалық тәжірибесі мол құлағымыздың өзі, жаңа шығарманы
тыңдап отырғанда, бейтаныс әуен теңізі ішінен бір халық әнінің тақырыбы
естіле қалса, біраз уақыттан бері көрмеген, кездеспеген бір досыңның төбесі
көрінгендей сезім пайда болады. Өйткені сол ән тақырыбы есіңе сан алуан
оқиғаларды түсіреді. Ол ән көркемөнер жасаймын деген алдын ала сызылған
жоспар бойынша шыққан емес, өмірдің, табиғаттың өз туындысы. Халық
әндерінің үлкен қазына екендігі де осы қасиетінде, сол әндерде халық
өмірінің сәулесі болуында
Халық таланты – шексіз. Қазақ жұртшылығының шығармашылық қабілетін
көздері көрген орыс халқының өнер зерттеушілері қазақ даласын тұнып тұрған
ән мен өлеңге бай, құнарлы мекен деп жоғары бағалағандары әркімге мәлім.
Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді...,
қазақтар арасында ақындық, шығармашылық аса дамыған. Ақын деген сахараға
симайды..., - деп Г.Потаниннің тебіренгені бәрімізге мәлім. Шоқан
Уәлиханов та өз халқы бойындағы өнерпаздық қасиеттерді аңғарған. Ол
қазақтың дауыс ырғағы таза, күшті, есту қабілеттері жоғары деп таныған.
Басқа туыстас түркі елдерінен қазақтың ән мен музыкаға бейімділігі
басымырақ екенін айтып, халық өз бойындағы осы бір күштің дару жолын
өздерінше аңыз ететіндерін ескерткен-ді.
Өнер біткеннің қайнар көзі – халық шығармашылығында жататыны мәлім.
Әрбір өнер иелерін тәрбиелеп қанаттандыратын да, оның талантына шабыт
құйып, жан бітіретін де сол халықтық қазына қайнары. Әр талапкер өзінің
туған топырағындағы дәстүрлі өнерді игеріп, оны ілгері дамыта отырып, өркен
жаяды. Шығармаларын өзі өскен орта, басынан кешкен өмір фактілері, тағдыры
тап қылған қоғам-заман шындықтары негізінде жазады. Жеке бастың күйініш-
сүйініші мен тәлімдік өрнектерін кестелеуден бастап, қоғамдық-әлеуметтік
көркем түйінділерге көтеріледі.
Г.Потанин қазақ өнерпаздары басындағы синкретизмдік сипаттарды дәл
таныған. қазақтардың поэзиясы мен музыкасы тығыз байланысты. Олар өлең
шығарушы, бір жағынан композитор, шығармасына әуенді де, ырғақты да өзі
береді,- деген.
Өз әндеріне өздері текст шығарып, тарату талабынан ақындық жолға
амалсыз түскен әнші-композитор: Біржан, Ақан сері, Әсет, Сара, Жаяумұса,
Мұхит, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Майра, Мәди және басқалары. Бұлар
өздерінің бойындағы әншілігіне қоса өз кезінің ірі ақыны деп те
есептелінген. Суырып салма ақындардың дәстүрін ұстанған. Олардың кейбіреуі
айтысып та жүрген. Мысалы, Әсет Ырысжанмен, Біржан Сарамен, Нұрғайша деген
қызбен айтысқан. әншілік пен ақындықтың бір адам баласында кездесуі –
тарихи кезеңге сай қазақ әдебиеті дамуының үлкен бір өзгешелігі деп
айтуымыз керек.
Әннің осы қасиетін қазақ халқы: жігітке өнер де өнер, өлең де өнер,
ақылың болса жыр тыңда деген сөздер арқылы жақсы айтты. Данышпан Абай:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең –
деген жолдарында әннің өмірдегі орнын нақ суреттеді.
Қазақтың халық әндері орыс зерттеушілерінің көз қырларына ерте кезден
ілікті. Орыстың этнографтары, жолаушылары, тіпті жорық себебімен барып
қалған көзі ашық офицерлері қазақтың халық әндері жөнінде көп нәрселер
жазып қалдырды. Өткен ғасырдың басында бірен-саран болса да әндер нотаға
түсіп, түрлі журнал, жинақтарда басылып шықты.
Г.Потанин, А.Алекторов, С.Рыбаков, Н.Савичев, А.Эйхгорн және басқалары
қазақ музыкасы жайлы айтарлықтай сүйсінгендікпен әлі күнге ғылымдық маңызы
зор не бір бағалы пікірлер айтты. Олар қазақ халқында әннің үлкен құрметіне
бөленетіндігін, әннің айтарлықтай халық өміріне тигізетін әсерін жақсы
баяндап кетті.
Қазақ поэзиясында әнші ақындардың шығармашылығы ерекше орын алады. Әнші
ақындар негізінде сал-сері, күлдіргіш өнерпаз ақындар. Бұларды тек әнші
ақын демей, халықтық өнердің адамдары деп таныған жөн. Сал, серілерді
ақындықпен қатар, әнші, күйшілік, композиторлық, би, спорт өнерлері де бар.
Әртистерше сырттай жарқ-жұрқ әшекейлену, елден ерекше сәнді, көз тартарлық
кескінмен жүріп-тұру әнші ақынға тән негізгі салттың бірі.
Қазіргі қария ақындардың айтуына қарағанда ақындық, әншілік, өнерпаздық
дәстүр жағынан сал мен серлердің арасында айырма аз болғанымен, сыртқы
жүріс-тұрысында киіну, сыпайылық әдетінде бір қыдыру айырма барлығы
байқалады. Серілердің салға қарағанда сыпайылығы, сәнділігі тұрақты. Олар
онша оғаш, ерсі бола бермейді, елден ерекше қызыл-жасылды, жарқ-жұрқ етпе
киінгенімен, жалпы елдің ортақ дәстүрлерін бұза бермейді; өздері жастарымен
топпен араласқанда сыпайыгершілік, әдептілік, нәзік сезімділік мінездерді
көбірек білдіріп, ақындық, әншілікті негізгі өнер жолы деп қарайды. Соған
көбірек беріледі.
Ал салдар жұрттың ортақ салтында жоқ ерекше күлкілі көз тартарлық
әлемішті киімдер киініп, жарқылдақ моншақтар тағынған. Олардың шалбарының
балағы көш құлаш ұзын сүйретіліп жатады.
Ойын-сауықты олар шапшаң басқарып кететін болған, Абай романында
М.Әуезов салдың, оның төңірегінің ақындық, әншілік өнерінің бейнесін кең
сипаттай келіп, ұлкен тойға жұбын жазбай келіп түскен салдарды былай
суреттеп кетеді:
келе жатқан топ екі-екіден, бір сал, бір келіншектен мойындарына
білектерін артысып, құшақтаса әндетеді. Ортада сал ағасы өзге топтан
оқшауырақ алда келеді, өзге жігіттерден жасы үлкен, бой бітімі де келбетті
келген Байтас ақын. Домбырасы да үлкен, үкілі, сылдырмақты, моншақты. Ол да
мен сал домбырамын дегендей, ән арасында сол домбырасын Байтас аспанға
көтеріп бұлғақтады. Сал ағаның осы белгісінен арттағы өңшең әнші ойнақты
топ өздерінің шұбар ала домбыраларын аспанға көтереді. Бар тобымен айтып-
айтып келе жатқан жиырма бестің толқынды ырғақтарын шырқай сілтеп,
құбылта бұралтады...(М.Әуезов Абай Ⅱ-кітап 1947 ж. 238-бет )
Біржанды, Ақан серіні көргендер – олардың жүріс-тұрысында ерекше көз
тартарлық сәнділік, сыпайылық, өнерпаздық салттармен қатар салдардың
кейбірінде болатын оғаш, күлкілі киімдерді қасақана киіну, қасақана салдың
ерсі мінездерін көрсету жоқтығын айтады. Шын салдық дәстүр, өнер сол садың
барлық тіршілігімен біте қайнасып кетуі тиіс. Қазіргі қария ақын Иманжан (
1886 жылы туған ) бала күнінде жасы сексенге жақындаған Қыпшақ Жаңқа салды
көргендігі жөнінде былай дейді:
- Тәңертең шәй ішер алдында кешеден бергі шалдардың тілеуін орындап
әуелі сыбызғы тартты. Сыбызғымен Досымжан күйін ойнады. Ертеде Досымжан
күйші күйлерін ылғи тәңертең ашқарында тартады екен деп ескетіп қойды.
Бозінген күйінде ол сыбызғыда ойнады. Онан кейін қызыл доланадан істелген
бұйра қобызын ойнап, ескі күйлерді тартып еді тыңдаушы шалдар жылап отырды.
Ақырында домбырасын тартып Құтының баласын тербеткені, тағы бірнеше күй
сарындары ойнады. Кетерде шадар ауылға шақырды. Сал кейін бірнеше
жолдасымен келіп, ауыл жанында аттан құлап жатқанын көре салып, ауылдың
барлық қыз-келіншегі жастары жиналып, кілемге салып көтеріп әкеліп, үйге
кіргізді. Ол келісімен ауыл жастарының ойын-сауығына араласты.
Сол ойын-сауық үстінде Жаңқа сал өзінен бұрын болған Бәшен салдың жайын
айтты:
- біз Бәшен салдай сал бола алмадық, ондай киім кие алмадық. Ол көл
жайлап көлдің аралына барып сауық құрады екен. Мен де ондай көл
болмады. Төрт күн жүгініспен отырғанда оның аяғы бір талмады, мен
шыдай алмадым. Бірақ сол Башеннің өзі де Мақпал деген сұлуды ала
алмай қайғыдан құса болып өліпті. өзінен үлгі алғалы келген жас
салдарға айтатын өлеңі мынау еді:
Мінегенім көш алдына таналы кер,
Таң атса көрінеді шамалы жер.
Басыңды көтер дағы сылқ ете түс
Қайтесің Оспанханның заманы дер.
Мінгенім көш алдында қидасын кер,
Желіден жебір тайлақ бұйдасын жер.
Басыңды көтер дағы сылқ ете түс,
Қайтесің көрген адам қимасын дер.
Саудырма тай саусымай,
Қу метейдің даусын-ай.
Ойпырай (дауысты қатты көтереді)
Дәурен-ай,
Мақпал салған әуен-ай!
деп сылқ ете қалар еді. Міне біз сол Бәшен бола алмадық деп үһіледі
(Иманжан Жылқайдаровтың 1949 жыл ауызша айтуынан)
Салдардың салты, мінезі жөнінде осындай әңгімелерді Шашубай, Омар,
Төлеу, Қайып сияқты қария ақындар да көп айтатын. Бұған қарағанда сал-
серілердің өнер дәстүрі қазақтың тіршілігінде елеулі орын алған сияқты.
Сал жайындағы әңгімелердің бәрінде де салдардың ерекше жүріс-тұрысы,
ерекше өрескел киім киулері, оғаш мінездері айтылады. Қайда келсе де салдар
ауыл сыртында аттан құлап түсіп, қашан қыз келіншектер басын көтеріп
тұрғызғанша жатып алады екен. Ерегестірсе, намысына тисе өрескел, оқыс
мінездер көрсетіп кететін болған (өз атын өзі бауыздау, тәуір киімін жаман
құрым киіз киімге айырбастау, бойындағы бар асылзатын ат-тұрманына дейін
біреуге тастап кету, етік-мәсісін қыз-келіншектер тартып шешкенде таласып
теріп алсын деп қонышына моншақ салып жүру. т.т ) халық арасында оғаш,
қыңыр, күлдіргі мінезімен тентек аталған Бұлғақ, Қияспайдың жүріс-тұрыстары
да салдардың дәстүріне жатады. Салдардың осындай тентек аталған
күлдіргіштердің өлеңдері де өз мінездеріне сай өтірік, қыңыр мағыналы
қисынсыз құралған күлдіргі болып келеді. Жантұрған деген сал өзінің бір
құрбысына кездескенде:
Алабас ит көрдің бе шідерлеулі,
Әр ауылдың көлінде оттап тұрған
деп бастайды өлеңді. Тағы бір тентек салдың өлеңінде:
Көк сиырдан туады жирен айғыр,
Шоқаң-шоқаң қойға қасқыр шабады.
Боталы інген тайлақтай көкте ұшып жүр,
Буынғаным беліме сексен арқан. (С.Бегалин. жинаған
мәтериялдарынан)
ХІХ ғасырдағы аты шулы Біржан сал, Ақан сері, Толыбай, Жаяу мұса,
Ағашаяқ, Әздембай онан бергі Шашубай, Естай сал тағы басқалары әншіліктің,
халық өнерпаздығының дәстүрін дамытып қалыптастырған. Қазақтың әнші
ақындары, сал-серілері өнердің тұтастық қасиетін бойына жинаған адмдар.
Бұлардың көркемөнерінде көне заманның тұтастық элементі күшті. ән-күй,
өлең, би әуелінде бөлінбей тұтас өнер түрінде жасалғандығы туралы ғылымдық
қағида қазақтың сал-сері, ақындарының өнер тәжірибесінде де толық
дәлелденеді.
Сал-серілер әншілік, ақындық, жыршылық, аңшы-мергендік, спорт-
балуандық, сырттай әшекейлік, түрлі күлдіргі, ғажап құбылмалы, ойын
көрсеткіш – бәрі халық өнерпаздары Ағашаяқ ірі әнші ақын, халық композиторы
болудың үстіне неше түрлі спорт ойындарын көрсетіп отырған. Сықақ Бегалин
қарт (1865 жылы туған) айтады:
- Кемпырбай ірі ақын, әнші болудың үстіне өнерпаз ойыншы екен. 1879
жылы Семей қаласында үлкен бір жиын болып, сол жиында
Кемпірбайдың ақындығы мен ойынына жиналған орыс-қазақ қайран
қалды. Кемпірбай екі аяғына екі бақанды байлап алып, ойнаған
гармонға қосылып билеген. Ат үстінде әр алуан ойын көрсеткен.
Белгілі Тәттімбет күйші де, Зәрубай өнерпаз да сал-серілерге
лайықты дәстүрді сақтаған халық өнерінің адамдары. Сондықтан
бұларды тұтас алғанда көшпелі ауылдағы халық әртистері
мағынасында түсінуге болады. Бұл жөніндегі профессор Жұбановтың
пікірлері орынды. Жұбанов сал-сері типіндегі әнші ақындар тұрақты
театры, консерт орны жоқ, көшпелі ауылдың әртистері, сегіз қырлы
өнерпаздар (әрі ақын, әрі әнші, әрі әртистік өнерге бейім) деп
біледі.
Сал, сері деген сөздің өзі ақын әншілік мағынасында қолданылуының
тарихи, қоғамдық мәні бар. сал етістік (салу, салып қою) немесе зат есім
(сал байлап өзеннен өту) мағынасында да қолданылады. Радловтың талдап
талдап түсіндірулерінде түркі тілдес елдердегі бірнеше ұғымдарды келтіреді.
Сал шор тілінде жерошақ, от орны мәнінде, Сағай тілінде шу, дауыстау,
дабырлау мәнінде, қазақ тілінде жүрген жерін у-шу, думан қылып, көп
сөйлеуші, оғаш-қыңыр киім киуші адам мәнінде қолданылады. ( В.В.Радлов.
словарь тюркских наречий. Том Ⅳ . 1911г. стр 344.)
Қазіргі кейбір қария ақындардың айтуына қарағанда сал деген ұғым
өрескел жүріс-тұрыспен, есерлік мінездер көрсетіп бұлғақтап, дел-сал
аурудай жүруден туған. Қазақта бой көтертпей, бас тарта беретін сал ауруы
болады. Бұл да сал ауруы сияқты былқ-сылқ етіп әр ауылға барса қашан
басымды қыз-келіншек көтеріп алады деп құлап жатқан мінез-тұрыстарына қарай
сал аталған деген түсініктерінің көңіл бөлерлік жаны бар. Сал деген сөзге
Ильминскийдің берген түсінігі де осыған дәл келеді. Сал – тұла бойым сал-
сал болып түсіп барады деген мысал келтіреді. Қазақта ән айыт демейді, ән
сал дейді. Осындағы сал жалғыз етістік мағынасында ғана емес, асқақты ән
күйді айтудың бейнелі мағынасында да қолданылып тұр.
Сал-серілер әнсіз өлең айтпаған. Бұлардың ақындық дәстүрінде әншілік
шешуші орын алады. Ақындық сөзден көрі ақындық музыкалық өнері басым боып
отырады. Бұрынғы-соңғы сал, сері типіндегі әнші ақындар жырлаймын деп өлең
бастамайды, ән шырқаймын, ән саламын деп бастайды.
Бұл салдың өзі өлеңші, аты – Біржан,
Сандалтып орта жүзді әнмен қырған.
Атадан Біржан сал боп тудым артық...
Аққумен аспандағы ән қосамын.
Қозғасам ашшы күйді түптен тартып (айтыс 1 том 102.114
бет) деген Біржан сал сөзінде айтысты әнмен қыздырғанын көреміз. Шашубай
Ал, гармоным, гармоным деп Нартай ақын Ән шырқа, жез тіл сырнай, алдым
қолға деп ән шырқау, гармон, домбырамен кеңесуден бастайды өлеңдерін.
Ал сері бәлкім арабтың сир (сейір) – қыдыру, кезу деген сөзінен туып,
серуен, сайран салу мағынасына айналып, содан сері ұғымы қалыптасқан болуы
мүмкін. Радлов сир ( сейір) қазақ, татар тілдерінде сергу, тынығу
мағынасында екендігін де ескертеді. ( Радлов. Словарь т. 2 стр 447)
Серінің – сарын, сарнау (Төлеуіт, шор, сағай, қойбал
тілдеріндегідей өлең ән-айту, жырау мәніндегі) деген сөздермен де жақындығы
бар. Сырнай да осы сөздермен төркіндес, Қыпшақ тілінің ХІІІ ғасырдағы
ескерткіші Кодекс Куманиксте сері (шері) әскер мағынасында
қолданылғандығы айтылады. (С.Е.Малов. К истории каз.языка Известия 1941г.
стр 98) шеру тартып, шеру қол деп келеді.
Қазақтың сал-серілерін түгелінен халықтық ақын, әншілер деуге болмайды.
Шыққан тегі, таптық ортасы жағынан алсақ Ақан сері мен Жаяу мұса бірдей
емес. Жаяу мұса үстем феодал қауымынан қуғын-сүргін көрген нағыз еңбекші,
халық ортасынан шыққан сері ақын. Ал Ақан сері болса лирикаларында өз
дәуірінің күрделі қоғамдық мәселелерін өмір шындығын кең танытып жырлай
алмады. Кейде діншілдікке де салынады. Тек ол жастардың бас бостандығын,
махаббатын ғана лирикалы көлемде шебер жырлай алды. Міне осындай идеялық
шығармашылық қайшылықтар бола тұрса да Ақан – халыққа ұнамды, лирикалы
өлең, ән шығарып таратқан әншы ақын.
Қазақтың бір қатар салдары, байлардың мырзалары болған. Иманжан айтқан
Башен сал да ірі бай. Он түрлі ат міну, өзінің саяхат жасайтын аралы бар,
көл иемдену дәулетті салдың қолынан келетін салт. Бірақ мұндай сал, серілер
қоғамдық мәні бар өлең, ән-күй шығарып айта алмаған. Сөзі ән өнері көпке
ұнаған сал, серілер қалың бұқараның тілегіне, ой-сезіміне қонымды, қызықты
қолданған әнші ақындардың шығармашылық, өнерпаздық дәстүрінде қаладағы
базар, жәрменкедегі орыс, татар және басқа халықтардың өнер үлгісі де бар
екені даусыз. Кемпірбай, Шолақ, Ағашаяқ, Шашубайлардың спорт, цирк
ойындарына берілуі, Жаяау мұса, Біржан, Әсет әндеріне орыс, украйна
музыкасы әсер етуі Ақан серінің:
Көптен көп поклон айттым скажия,
Сырымды кімге айтамын сізден зия.
Именной, секретный ескеріңіз,
Хорошенко сестра сватия. (Ақан сері 1935 ж. 16 бет)
деп жырлауы Шашубайдың:
он екі звот гармонмен ән салғанда, қасыма қыз-келіншек үймелеген
(Сөйле, Шашеке (өлеңдері) 1942 ж. 21 бет) деп жырлауы, ең ақырында әншы
ақындардың негізгі көпшілігі феодалдық қоғамдық ортаға да, патша үкіметінің
заң-ережесіне үнемі наразы болып, қуғынға ұшырауы – бәрі жаңа прогрессивті
дәуірдің ықпалына байланысты ерекшеліктер екені білгілі. Сондықтан да сал,
серілік өнер салт қазақтың ірі феодалдарына, молда-ишандарға жат ерсі
көрінген.
Сал, серілерде ақындық пен өнерпаздығы, әншілігі қатар келеді дедік.
Бұлардың өлең әндері нәзік, сезімді толқытарлық лирикалы, көбінесе махаббат
тақырыбында арналып айтылады. өлеңдерінде лирикалық мотиві басым болып
отырады. Және әрбір лирикалы өлеңде сал, серінің өз салты, өзінің
махабаттық көңіл-күйлері кең суреттеліп отырады. Бұл ретінде Ақан серінің
торыны таңға байлап мінген қандай деген лирикасын мысалға алуға болады.
Мұнда торы атты әсемдеп жаратып мініп, қызды ауылдың тұсында ән шырқап,
ишаратпен әзілдесіп іштей бірін-бірі ұғысқан, біріне-бірі ынтық болған ақын
сыры баяндалады, онан әрі :
ауылы қыз-қалқаның қайда екен деп,
Жүгіртіп сайлау желмен желген қандай?
Бір сайға торышаны байлап тастап,
Тұсына ақ боз үйдің келген қандай,
Алаңдап алабұртып тұрғаныңда,
Алдыңнан қарсы шықса ақша маңдай.
Сол жерде айтыспаған сыр қалмайды,
Мысалы әбдіре ашып ақтарғандай...
Ақырын үйден шығып таң алдында,
Баяғы сайдағы атты тапқан қандай?
Шылбырын сал торының қызға беріп,
Насыбай қағып-қағып атқан қандай?
Ойласаң бұл дүниеде не қызық бар,
Қасынан қалқа жанның аттанғандай? ( Ақан сері
өлеңдері. 1935 ж . 15 бет.)
деп қызбен кездескен кешін, бірін-бірі қимай айрылысқан, таң алдындағы
мезгілді сипаттайды.
Онан соң сал-серілердің әрбір лирикалы ән, өлеңдері белгілі бір
поэмалық сюжетке құрылған аңыз-әңгімелері бірге айтылып отырады. Мәселен:
Ақан серінің құлагер ән-өлеңі оның құлагері байлардың қастығынан өлгенде
жоқтау ретінде шығарылған. Сырымбет ақынның ғашыына арналған. Біржан
салдың Жанботасы өзін Азынабай болыстың поштабайы сабап, домбырасын
тартып алғанда ыза болып өз елінің болысы Жанботаға күйікпен шағым етіп
шығарылған. Жаяумұсаның Ақсисасы Шорман тұқымдары өзін қудалап, тұтқындап
жаяу айдап, жер аударғанда айтқан кекті өлеңі, Шолақтың Ғалиясы,
Шашубайдың аққайың атты лирикасы, Естайдың Қорланы да осындай
мотивтермен шығарылып жырланған. Міне бұл аталғандар жай көңіл лирикасы
ғана емес, арнаулы әні болудың үстіне драмалық сюжетке құрылған күрделі
шығармалар. Қазақтың сал сері ақындарының махаббат лирикасын дамытып,
жырлаушылық дәстүрін анықтауда Ф.Энгельстің орта ғасырдағы серілік
махаббаты туралы айтқан негізгі қағида.
Қазақтың сал серілерінің ақындық, өнерпаздық қызыметінде күлкі, қалжың
сықақ сөздер де көп кездеседі. Сал, серілер үнемі ақындардың айтысына
қатынасқан.
ХІХ ғасырдың ақыры мен ХХ ғасырдың басында әнші ақындардың шығармашылық
дәстүрінде елеулі өзгеріс бола бастайды. Әнші ақындардың бір қатары оқып
хат таниды. Кейбірі жас кезінде сері болса да оқығаннан кейін серілік
дәстүрді қалдырып, жазба ақын дәстүріне көшеді. (мәселен: Мәшһүр Жүсіп,
Нұржан ақындар)
Әнші ақындардың ескі феодалдық көшпелі ауыл өміріне сәйкес туған
бұрынғы, ерсі дәстүрлерінің бірталай революциядан кейін недәуір өзгеріске
ұшырады, сал, серілік мазмұнын жаңартты.
Тұрақты театр, концерт, сауық кеші өтетін орындары болған мәдениетті
колхозды ауылға сал, серілердің бұрынғы ерсі, өрескел, оғаш жүріс-тұрыстары
шынында керексіз, құнсыз болып қалды. Қырық құрау қиқымнан шапан киген,
үкі, моншақ тағынып, ауыл жанында аттан құлап жатқан ақынды қазіргі жаңа
қауым жастар қошемет етіп қарсы алмайды. Қайта күлкі, мазақ ететін болды.
Оған ескі әдет-салттың қалдығы деп қарайды, ұзын қоншы етіктің, қой жүні
шекпеннің, саусылдақ білезіктік бүгінгі жастарға қандай ерсілігі,
қолайсыздығы болса, сері, салдардың жүріс-тұрыстары мен ескі өнерлерінің
бірталайы керексіз, құнсыз болып қалып отырды. Бұл – ескінің бірте-бірте
жоғалып, оның орнына жаңаның дамып, жетіле беретін өмі заңы екені белгілі.
Әншілердің алғашқы айқайына баспай, домбыраның бас регистірінде тұрып
алып, майда қоңыр үнмен: егига-ай, егига-ай, егигай, егигай! деп бір жаңа
ән тақырыбының басын іздеегендй болды. Одан кейін бірнеше рет осы бір
көркем әуенді бір-екі рет қайталап, үзбей ақырын ғана даусын қосып, үн
сандығының кілтін тапқандай бетінде қуаныш, рахат сезімі көрініп, уілдетіп,
соза берді. Оның басындағы егигайы бір жағынан әннің тақырып-әуенін іздеу
болса, екіншіден ішінен сөзін қалай бастауды да іздеген сияқты болды. Енді
бір-екі рет тамағын кернеп, адам жоқ екнін біле тұрса да, айналасына қарап
алып, ілбіп қалған атын кішкене тебініп, жай желіске түсірді де, соны әннің
ырғағы еткендей:
Ертістің ар жағында Арғанаты,
әншінің домбырасы-қолқанаты.
Аралап Қара Ертісті Естай ақын,
Деп салған Жай қоңырдай әннің аты,-
Деп қайтадан қоңырлатып, егигайлап әннің кеудесін бітіргенсін
домбырасын қаттырақ қағып, даусын көтерді.
Бұл келе жатқан белгілі әнші, ақын, композитор Естай еді. Оның халық
арсына Жай қоңыр деген атпен тараған әні осы сапарда шыққан болатын.
Біржан салдың қасында бір жылдай еріп жүрді. 1889 жылы сондай-ақ Ақан
Серіге шәкірт болады. 1893 жылы екуінен де тікелей ән үйренеді. Бұл жағдай
Естай үшін үлкен бақыт болады. Айтцшылар Естай Ақанның Нұриласын халық
арасына бірінші жаюшы болды дейді. Екіншіден Естайдың Біржан мен Ақанды
көруі, бірге болуы, олардың орындауын есітуі, әндерін үйренуі үлкен мектеп
болады. Ол мектеп Естайдың ән шығару әдісіне әсер етті. Байқаған кісіге
Естай әндерінде Біржанның да, Ақанның да әуендері сезіледі: шалқыған кең
тыныс, куплеттік өлеңнің схемасынан әнде шыға жасалу, кеудеден кем
соқпайтын аса дамыған қаырмалар, сөз мәні мен ән мазмұнының қабысып жатуы,
азаматтық лирика, демократиялық арқау тағы тағылар ағаларының дәстүрінен
көшкен деуге болады.
ХХ ғасырдағы әнші ақындардың өзіндік ерекшелігі болды. Естай Беркімбаев
(1870-1946) белгілі әнші ақын Павлодар облысы Ертіс бойында туып өскен.
Ақан Сері, Жаяу Мұса, Әлденбай сал, Құдайберген сияқты әнші ақын,
композиторлармен жолдас болып жүріп, ел аралап, ән салып өлең айтқан. Кеңес
дәуірінің шындығын бейнелеген өлең-жырлар да шығарып таратқан. Естайдың
Қорлан, Бір мысқал, Туды күнім, Жаңа заң атты өлеңдері халық
арасына кең тараған. Оның музыкалық шығармалары, өлеңдері Кеңес дәуірінде
көптеп басылып келеді.
Нартай ақын 1949 жылы москвада өткізілген Қазақ Кеңес әдебиетінің
онкүндігіне қатысты. Онда өзінің жоғары сатылы орындау шеберлігі
нәтижесінде жоғары бағаға ие болды. нартай әні аталып кеткен шығармасымен
қатар Толқын атты әнін радио толқындарымен теңеп, әр кезде өзінің
көкейінде жүретін Москваны мадақтады. Толқын өлеңге бағынышты қысқа
демді ырғаққа құрылған шығармаларына жатпайды.
Сырнайын ақын Нартай қолына алсын,
Жаңғыртып аспан астын әнге салсын.
Құбылтып, құйқылжытып толғағанда,
Қалықтап Москваға даусым барсын.
Нартай шығармашылығы кең құлаш, жүрегіңді жылытатын лирика, үлкен
гуманистік кейіп бар.
Соғыс кезіндегі Нартайдың тыл еңбеккерлерінің рухын көтеруде, Кеңес
Амиясының жеңіс жолын уағыздауда, социялистік құрылыстың ең алдыңғы қатарлы
қоғамдық құрылыс екенін үгіттеуде атқарған үлкен ролін еске алып, оны
бірнеше медальдармен мадақтады. Нартай ақын 1955 жылы 65 жасында қайтыс
болды.
Сонымен қатар, ХХ ғасырдың басында танылған басқа да әнші ақындар
болды. Соның бір Кенен Әзірбаев. әншы ақын, импровизатор Кененнің туып-
өскен, ақындық өмірір өткен жері Жетісу, Алатау бөктері. Ол қазір Жамбыл
облысы, Краснагор ауданында тұрады. Төңкеріске дейін өзінің жастық,
кедейлік , жалшылық тұрмысы туралы жырлап келген ақын. Социялистік қазан
төңкерісінің жеңісі, ауылдағы кеңес кеңес құрлысы тақырыбына арнап көптеген
өлең-жырлар шығарып таратады. Кенен ақындық, әншілікпен Алматы, Жамбыл,
Өңтүстік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақан Сері Қорамсаұлы лирикалық ақын
Ақан Сері шығармалары
Ақан сері өмірі
Библиографиялау және библиографиялық қызмет көрсету
Үкілі Ыбырай туралы
Мағжан публист, аудармашы
Ақан серінің шығармашылық өмірбаяны
Ақан серінің махаббат лирикасы және Құлагер тұлпардың қазасы
Ақан серінің махаббат лирикасы
Мағжан Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Пәндер