Әскери әуе авиациясы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Орталық – Азия Университеті
Гуманитарлық факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫНДАҒЫ ЭМОЦОИНАЛДЫ АУЫРТПАЛЫҚТАРЫНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Орындаушы:
Маметаева Ж. Г.
3- курс студенті
Ғылыми жетекші:
Орманова З. К
Норма бақылаушы:
Джаксынкаева Ж.
Қорғауға жіберілді
“___”___________2009 ж.
Кафедра меңгерушісі:
К.т.н, доцент
Алматы 2009жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1. Әскери қызметкерлердің ауыртпалықтарының психологиялық 2
мәселелері ... ... ... ... ... ..
1.1 Әскери қызмет түрлеріне 4
сипаттама ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
1.2 Әскери қызметтің психологиялық 7
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ...
1.3 Топ және әскери ұжым туралы жалпы 10
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Әскери ұжым қызметкерлерінің қарым- қатынас 11
психологиясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.5 Әскери қызметкерлердің төтенше жағдайлардығы іс- 13
әрекеттерінің психологиялық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Әскери қызметкерлердің бойында кездесетін эмоционалды 18
ауыртпалықтардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Жағымсыз психикалық жағдайлардың пайда болу 21
себептері ... ... .
2.2 Әскери қызметкерлер тұлғасының психологиялық мәселелерін 23
эксперименттік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .
2.3. Әскери қызметкерлердің эмоционалдық жағдайын анықтауда 28
қолданылатын
әдістемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
2.4. Күйзеліс 28
шкаласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
2.5. Айзенктің Психикалық жағдайды өзіндік бағалау сауалнамасы 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...34
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер 35
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін алуына байланысты
алдына қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет - өзінің қарулы күштерін құру
алға қойылды. 1991 жылы 25- қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығы
бойынша, Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды, кейіннен
республиканың қорғаныс мәселелері толық түрде өз бетімен дербес шешуге
өтуіне байланысты, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып
аталды. Тәуелсіз республиканың заңдық құқықтарының негіздеріне және
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол
жеткен келісімдерге байланысты, 1992 жылдың 7-мамарында Президенттік
Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағында орналасқан Қарулы
Күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті.
Бүгінгі күні Қазақстан өзінің азаматтарының әскери қызмет атқаруының
жағдайы мен тәртібін өз бетімен анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару-
жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 - бабында (3-пункт) Қарулы
Күштердің мақсатын көрсете келе, Республиканың Конституциялық құрылысын
күштеп өзгертуге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік- топтық және
рулық астамшылықты, сондай- ақ қатыгездік пен зорлық- зомбылыққа бас ұруды
насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді деп айтылған.
Әскери қызмет барысында әскери қызмет етуші белгілі бір іс- әрекетті
атқарады. Сондай-ақ әскери қызмет, әскери қызметкерлердің өзара әрекетінде,
міндеттелген тапсырманы шешуде көрінеді.
Әскери психология әскери тәртіпті орнатуда офицерлердің кәсіби
жұмысын ұйымдастыру үшін негізгі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Әскери қызметкерлердің жұмысын атқару кезеңіндегі
кездесетін эмоционалды ауыртпалықтарының психологиялық мәселелерін анықтау
болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Қазақстан Республикасының әскери құрамы туралы толық ақпараттарды
жинап, талдау жүргізу.
• Әскери қызметкерлердің Отан алдындағы міндетін орындаудағы қызметтері
жайлы түсініктеме беру.
• Әскери қызметкерлердің бойындағы эмоционалды ауыртпалықтарын,
күйзелістері мен қорқыныштарын жекеше талдау.
• Әскери қызмет атқарып жүргендерге психологиялық сауалнама жүргізу.
Зерттеу объектісі: әскери қызметкерлер мен әскери оқу орындарындағы
студенттер.
Зеттеу пәні: әскери қызмет атқарудағы және төтенше жағдайларда әскери
қызметкерлер басынан кешіретін эмоционалды ауырлықтардың олардың
психологиялық ерекшеліктеріне әсерінің мазмұны.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Әскери қызметкерлердің тұлғалық
ерекшеліктері мен өмірлік ұстанымдары олардың қызмет барысында, топтағы
қарым- қатынас кезінде орын алады. Зерттеудің болжамы төмендегідей сипатқа
ие:
• Әрбір әскери қызметкер жеке тұлға ретінде өзіндік ерекшеліктерімен
айрықшалана отырып, қызметтік міндетін орындауға бар күш –жігерін
жұмылдыруы тиіс.
• әскери қызметкерлердің жұмыс барысында кездесетін эмоционалды
ауыртпалықтарды жеңе білуі олардың жағдайды дұрыс қабылдап және шешім
қабылдауда нақты фактілерді негізге алуына байланысты болады.
Курстық зерттеу жұмысы екі бөлімге бөлінген. Бірінші бөлімде әскери
қызметкерлердің атқаратын қызметтерінің түрлері, топтағы қарым-қатынастары
мен төтенше жағдайлардың психологиялық сипаты берілген. Екінші бөлімде
әскери қызметкерлердің Отан алдындағы міндетін орындауда кездесетін әртүрлі
сипаттағы эмоционалды аурытпалықтары мен әскери қызметкерлердің тұлғасын
зерттеудің эксперименттік жұмыстары көрсетілген.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-тарау. Әскери қызметкерлердің жұмыс барысындағы психологиялық
ауыртпалықтарының мәселелері.
1.1. Әскери қызмет түрлеріне сипаттама
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне жалпы мақсаттағы
күштері, әуе қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және
ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер
түрлері бөлімдерден және әр түрлі бөлімшелер мен арнайы әскерлерден
тұрады.
Жалпы мақсаттағы күштер
Жалпы мақсаттағы күштер құрамына құрлық әскерлері мен мобильдік топ күштері
кіреді. Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен
құрамалар болады. Олар өздерінде біршама әр түрлі қаруларды және басқа да
техникаларды біріктіреді.
Әскер түрлеріне моторлы атқыштар, танк және артиллерия әскерлері, ал арнайы
әскерлерге- инженерлік, химия байланыс, радио және радиотехникалық,
автомобиль және басқалары жатады. Олар ұрыс құралдарының әр түрімен
қаруланған және толық моторландырылған. Олардың бөлімшелері мен бөлімдері
соғыста жаяу әскерлердің ұрыс машиналарымен, бронотранспортерлерімен
қозғалады және ұрыс жүргізеді. Сонымен қатар, моторлы атқыштар әскерлері өз
құрамында танкілердің үлкен бөлігін иемденеді.
Құрлық әскерінің артиллериясы.
Біздің армиямыздың артиллериялық бөлімдері мен бөлмшелерінің қару-
жарағында артиллериялық зеңбіректердің әр түрі мен калибрлері, реактивтік
артиллерия және түрлі мақсатқа қарай, снарядтар мен миналар болады. Құрлық
әскерінің артиллериясында зеңбіректер, гаубициялар, реактивтік қондырғылар,
жойғыш танкіге қарсы қолданылатын зеңбіректер, минометтер және ұзақ
қашықтықта әрекет ететін танкіге қарсы қолданылатын басқармалы реактивті
снарядтар болады.
Құрлық әскерлерінің арнайы бөлімшелері мен бөлімдері.
Бұл бөлімшелер мен бөлімдер жас әскерлерден терең және жан- жақты білімді,
дағдыны, тәртіптілікті, шыдамдылықты, бұлшықеттің жақсы дайындығын талап
ететін қазіргі заманғы техникалармен жарақтанған.
Арнайы әскерлер.
Инженерлік әскерлер- құрлық әскерінің ұрыс әрекетін және тіршілік әрекетін
толығымен қамтамасыз ертуге арналған. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын
қамтамасыз етеді, жолдар салады, сулы тосқауылдардан өтуді жабдықтайды,
минасыздандырады. Қорғаныс кезінде инженерлік әскерлердің қорғаныстық
шептерді және позицияларды тұрғызады, бөгеттер жасайды.
Химиялық әскерлер.
Жаппай қырып-жоятын ядролық қарулырдың және басқа құралдардың пайда
болуына байланысты, бұл қару қолданылған жағдайда әскерлерді қорғайтын
шаралар қажет болады. Осы мәселерді шешуде химиялық әскерлер маызды рөл
атқарады. Олар арнайы машиналармен және приборлармен жабдықталған,
бөлімдер мен бөлімшелерді емдеу үшін арнайы материалдармен қамтамасыз
етілген.
Байланыс әскерлері.
Бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланыстың болуын,
бейбіт кезде және соғыстың барлық түрінде ойдағыдай басқарылуын
қамтамасыз етеді.
Автомобильдік әскерлер.
Автомобильдік әскерлердің бөлімшелері мен бөлімдері ұрыс жүргізіп жатқан
бөлімдерге материалдық құрал- жабдықтар жеткізуге, жаралыларды алып
кетуге, істен шыққан қару- жарақтарды және басқа да жүктерді тасуға
арналған әскери тылдың құрамындағы, әскерлерді соғыта және басқа уақытта
барлық қажеттілермен қамтамасыз ететін әр түрлі мақсаттағы көптеген
бөлімшелер мен бөлімдер болады.
Мобильдік күштер тобы.
Бізде деснтшыларды қанатты жаяу әскер деп атайды. Ол әр түрлі ұрыс
әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, шабуыл
жасап келе жатқан әскерлер келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластарды
қоршауды және жоюда көмектесуге, қарсыластардың штабтары мен тылдағы
бөлімдерін жоюға арналған.
Әуе қорғаныс күштері.
Қазақстан әуе қорғаныс күштері мемлекеттің әуе шекарасын және қарсыластың
соққысынан әскерлерді қорғайтын маңызды құрал болып табылады, олардың
құрамына қарсы әуе қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді.
Қарсы әуе қорғаныс әскерлері (ПВО) нашар ауа райында және қатты
радиоэлектрондық кедергілерде, алыстағы және жақындағы, әр түрлі
биіктіктегі нысаналарды жоятын, әуе шабуылынан ескертетін қазіргі заманғы
құралдармен, мықты зениттік ракеталық, авиациялық және радиолокациялық
техникамен жарақталған. Қарсы әуе қорғаныс әскерлері (ПВО) зениттік
ракеталық әскерлерден, әуе қорғаныс авиациясынан, радиотехникалық және
арнайы әскерлерден тұрады.
Радиотехникалық әскерлер.
Үздіксіз әуе кеңістігін бақылап отырады, жаудың нысаналарын, олардың
координаттарын, жылдамдығын, ұшу бағытын анықтайды және зениттік ракеталық
әскерлер мен авиацияға жаудың шабуылын қайтаруға, оларға тойтарыс беруге
мүмкіндік жасайды.
Әскери әуе авиациясы.
Әскери әуе авиациясының негізін күшті ракеталық пулеметтік қару- жарақпен
және радиоэлектрондық қондырғылармен жабдықталған реактивтік, дыбыстан
жоғары авиация құрайды. Олар өз міндеттерін орындау үшін әр түрлі
мақсаттағы ұшақтарды: истребительдерді, истребитель- бомбалаушыларды
барлаушы, транспорттық және басқа да ұшақтарды пайдаланады.
Шекараны қорғау күштері
Шекара әскерлері құрлықтағы және жағалық қорғау күштері болып бөлінеді.
Құрлықтағы шекара әскерлері әрдайым мемлекттік шекараны қырағ күзетіп, оны
қорғауға және жаудың шабуыл жасауына тойтарыс беруге қабілетті. Жағалық
қорғау күштері Каспий теңізіндегі шекараны қорғауда ауыр қызмет атқарады.
Олардың басты міндеті- Қазақстандағы теңізден болатын агрессорлардың
шабуылынан қорғау.
Ұлттық Ұлан.
Қазақстан Республикасы Ұланының қатарында қызмет ету көптеген жастар үшін
құрмет. Ұлттық Ұлан шетелдік делегоцияларды қарсы алғанда, шығарып салғанда
және басқа да маңызды шараларды орындайды, ұлан әскерлері өздерінің саптық
бой түзеулері мен шеберліктерін көрсетеді.
Ішкі әскер.
Ішкі әскерлер құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік
объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік- әскери міндеттерді орындауға
арналған. Ішкі әскердің әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының
қарулы күштерінің солдаттарына, сержанттарына, прапорщиктеріне,
офицерлеріне тағайындалған барлық жеңілдіктер түрі мен құқықтарын
пайдаланады.
1. 2. Әскери қызметтің психологиялық ерекшеліктері
Әскери қызметкерлер - Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдарда әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары.
Әскери қызмет етушінің іс- әрекетін психологиялық тұрғыдан дұрыс
ұйымдастыра білу – келесі сұрақтарға жауап беруден көрінеді: Не үшін, неге
мұны жасау керек? (мотивті қалыптастыру, өзектілендіру), Не істеу керек?
(мақсатты қалыптастыру), Қалай жасау керек? (мақсатқа жету үшін мүмкін
болатын тәсілдер мен құралдарды анықтайды).
Әскери қызметі ерікті түрде өткеру туралы келісім-шарт (бұдан әрі - келісім-
шарт) - келісім-шарт бойынша әскери қызметтi қамтамасыз ету және өткеру
мүддесi үшiн тараптардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлігін белгілейтiн
шарт болып табылады.
Офицерлер - офицерлер құрамының тиiстi әскери атағы берiлген әскери
қызметшiлер
Сержанттар (старшиналар) - сержанттар (старшиналар) құрамының әскери
атақтары берiлген әскери қызметшiлер.
Сарбаздар (матростар) - сарбаздар (матростар) құрамының әскери атақтары
берiлген әскери қызметшiлер.
Тыңдаушылар - жоғары әскери оқу орындарында, офицерлер құрамының бiлiмiн
жетiлдiру (қайта даярлау) курстарында оқитын офицерлер құрамының әскери
қызметшілерi.
Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер:
1) сарбаздар (матростар)
2) сержанттар (старшиналар);
3) офицерлер құрамдарына бөлiнедi.
Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда мынадай әскери
атақтар белгiленедi:
ӘСКЕРИ КЕМЕЛIК
САРБАЗДАР (МАТРОСТАР) ҚҰРАМЫ
қатардағы жауынгер матрос
ефрейтор аға матрос
СЕРЖАНТТАР (СТАРШИНАЛАР) ҚҰРАМЫ
кiшi сержант екiншi сатылы старшина
сержант бiрiншi сатылы старшина
аға сержант бас старшина
үшiншi сыныпты үшiншi сыныпты
сержант старшина
екiншi сыныпты екiнші сыныпты
сержант старшина
бiрiншi сыныпты бiрiншi сыныпты
сержант старшина
штаб-сержант штаб-старшина
шебер-сержант шебер-старшина
ОФИЦЕРЛЕР ҚҰРАМЫ
КIШI ОФИЦЕРЛЕР ҚҰРАМЫ
лейтенант лейтенант
аға лейтенант аға лейтенант
капитан капитан-лейтенант
АҒА ОФИЦЕРЛЕР ҚҰРАМЫ
майор үшiншi дәрежелi капитан
подполковник екiншi дәрежелi капитан
полковник бiрiншi дәрежелi капитан
ЖОҒАРЫ ОФИЦЕРЛЕР ҚҰРАМЫ
генерал-майор контр-адмирал
генерал-лейтенант вице-адмирал
генерал-полковник адмирал
армия генералы
Әскери қызметкерлердің мүмкіндіктерінің даму жолдары
• Қандайда бір жұмыс орына дұрыс тағайындалу;
• Арнайы мамандықты игеруге қажетті психикалық процестер мен
тұлғалық ерекшеліктерді дамытуға әрқашан көңіл аударып отыру;
• Ойлау қабілетін дамыту;
• Қызығушылығы мен талаптарын дамыту;
• Тұлғаның өзінің жақсы қасиеттері мен жағымсыз қырларын дұрыс
бағалай білу;
• Ұжымдық, топтық жұмыстарға атсалысу.
1.3. Топ және әскери ұжым туралы жалпы түсінік.
Қазіргі әскери техникалар мен қару- жарақтар мейлінше күрделі
болғандықтан біріге күш жұмсауды талап етеді.
Адамдар күнделікті іс- әрекет барысында барлық кезде әлеуметтік
ортада, яғни топта болады. Топтар үлкен екі бөлімгі бөлінеді.
Үлкен әлеуметтік топтар- бұл класстар, ұйымдар, саяси топтар (партиялар,
кәсіби ұйымдар, қарулы күштер), ұлттар және тағы да басқа қоғамдар (жастық,
біліми) мен бірлестіктер.
Кіші әлеуметтік топтар- бұл әскери бөлімшелер, цех, мектеп сыныбы,
студенттік курста. Мұндай топтарды біріншілік топтар деп атайды. Олардың
үлкен топтардан ерекшелігі бұл топтарда өзара тұлғааралық қарым-қатынас,
байланыс, өзара әрекеттестік жүріп отырады. Осының негізінде әртүрлі
әлеуметтік- психологиялық топ ішіндегі құбылыстар пайда болады.
Ұжым- бұл қоғамның бірі бөлігі болып табылады, жалпы мақсаттары
ортақ, әлеуметтік- пайдалы іс- әрекеттермен бірге айналысатын ұйымдасқан
адамдар тобы.
Әскери ұжым- қызметке қатысты оқу кезіндегі, соғыс жағдайындағы және
өзге де тапсырмаларды өздігімен орындай алатын жоғары деңгейде
ұйымдастырылған тәртіпті әскери қызметкерлердің тобы.
Әскери ұжым өзінің даму барысында 3 міндетті кезеңдерден өтеді:
1) Бастапқы кезең әскери ұжымның дамуымен сипатталады. Бұл кезеңде әскери
қызметкерлердің дамуы олардың қызметтерін және жауапты тапсырмаларын
сәтті орындауға қажетті әртүрлі сипаттағы байланыстардың орнауы орын
алады. Бұл процесс барлық кезде де жеңіл бола бермейді. Негізінде,
ұжымның өміріне үйренуде арнайы қиындықтар пайда болады. Кей кезде бір
өнегесіз, бұзақы сарбаздардың кішігірім тобы ұжымның арасындағы
жағымсыз қарым- қатынастың орнауына себепкер болып, болашақтағы
ұжымның даму жолында кедергілер келтіреді.
2) Әскери достастық кезеңі. Бұл кезеңде бірін-бірі тану процесі аяқталып,
әскери қызметкерлердің арасында жақсы қарым- қатынас орнайды. Ұжымның
жалпы ой- пікірлері және көңіл- күйлері, өзара қарым- қатынастары,
тәртіптері мен ұжымдық әдеттері сияқты тұрақты құрылымы қалыптасады.
3) Әлеуметтік және әскери көзқарас кезеңі. Бұл кезең әскери ұжымның
дамуының үшінші кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде ерік пен іс-
әрекеттердің, білім мен пікірлердің, қызығушылықтар мен аса құнды
қасиеттердің қалыптасу бірлігіне қол жеткізіледі. Әскери қызметкерлер
арасындағы қарым-қатынас өзара көмек көрсету, қолдау, ақпарат алмасу
және ұрыс-керіссіз қарым- қатынаспен жалғасады.
1.4. Әскери ұжым қызметкерлерінің қарым- қатынас психологиясы
Тұлға адамдардың ортасында өмір сүріп, олармен қарым-қатынас жасай
отырып даму процесін жетілдіре түседі. Ұжымдағы адамдардың үздіксіз қарым-
қатынасы, нақты байланыстары мен өзара қарым- қатынастары олардың
психологиясында және өзара тұлғааралық субъективті қарым- қатынас
кезінде көрініс табады.
Өзара тұлғааралық қарым- қатынас жүйесі объективті және субъективті
жағдайлардың толық жиынтығының әсерінен пайда болады. Объективті
жағдайлардың қатарына мемлекттік қызмет орындарының ерекшеліктері, ұжымның
мінезі мен белгіленген талаптары және т.б жатады. Тұлғааралық қарым-
қатынастардың қалыптасуына объективті жағдайлармен қатар субъективті
жағдайлар да әсер етеді. Олар: психологиялық факторлар- жеке адамның дұрыс
және бұрыс көзқарастары, мінез- құлқы мен темпераментінің жағымды және
жағымсыз қырлары, офицерлердің, прапорщиктердің (мичмандардың) және
сержанттардың (старшиналардың) мәдениеті мен дайындығының деңгейі.
Қарулы күштер өздерінің тағайындалған қоғамдық қызметтеріне сәйкес
ерекше ұйымдарға ие. Мысалы, әскери қызмет - әскери қызметкерлерден нақы
бір бұйрыққа, өз басшыларына артық ауыз сөзсіз бағынуды талап етеді.
Осыған сәйкес, әскери іс- әрекет пен ұйымның ерекшеліктері әскери
ұжымдардағы нақты өзара қарым- қатынастардың өзгеше құрылымын көрсетеді.
Оның ішінде көбінесе кездесетін төмендегі топтамаларды атап көрсетуге
болады:
• Субординациялық (кіші қызметкердің өзінен жоғары қызметкерлерге
бағынуы) қарым- қатынас
• Үйлесімді қарым- қатынас
• Ынтымақтастық қарым- қатынас
Әрбір топтама нақты қарым- қатынасқа белгілі бір әсерін тигізетін
тұлғааралық психологиялық аспектіге ие. Психологиялық мазмұнға сәйкес
әскери қызметкерлердің арасындағы қарым- қатынасты бір- біріне сәйкес
келетін немесе сәйкес келмейтін, ал кей кездері белгіленген нормаларға
қарама- қайшы деп бағалауға болады. Негізінен, белгіленген тәртіпке сәйкес
қарым-қатынас әскери бөлімшелердің алдына қойылған мақсаттармен байланысты
болады.
Уставтық қарым- қатынас дегеніміз - әскери уставтарда белгіленген
талаптарға сәйкес келетін қарым- қатынас, сонымен қатар уставтарда қарым-
қатынастарды реттеуші құжаттар секілді әскери қызметкерлердің
адамгершілік принциптері де кездеседі. Алайда, мұнымен қатар бұл принциптер
әскери қызметкерлердің құқықтық нормалары да болып табылады.
Әскери қызметкерлердің арасындағы өзара қарым- қатынастырдың негізгі
принциптерінің қатарына дара басшылық принципі мен қатаң суборданация
принципі жатады. Барлық әскери қызметшілерді басшылар мен бағыныштылар,
үлкендер мен кішілер деп бөлу; олардың құқықтары мен міндеттерін дәл
анықтау; басшылардың бұйрық бере білуі және бағыныштылардың олардың
бұйрығын, тапсырмаларын екі етпестен орындауы, оларға және де атақ- даңқы
жоғары лауазым иелеріне құрмет көрсету, әскери сыпайлық ережелері мен
берілген антты қатаң сақтау бұл принциптердің негізгі мәні болып табылады.
Сонымен қатар, әскери уставтар әскери қызметкерлердің өзара қарым-
қатынастарындағы принциптеріне көп көңіл бөледі. Мұнда әскери
қызметкерлерді достастықты бағалауға, достарға сөзбен және іс жүзінде
көмектесуге, оларды жағымсыз іс- әрекеттерден қорғай білуге, қиындықта
оларға қол ұшын беруге міндеттейді.
Қызметтік қарым - қатынасты орнату барысында әскери қызметкерлер
басшылар мен оның қоластындағылардың арасында өзара сенімділіктің болуын
талап етеді.
Сенімділіктің психологиялық мағынасы- оның әскери қызметкерлердің
өзіндік абырой сезімін жоғарлатып, тұлға өзін тәрбиелеуге үйретеді, кей
кездері жеке әскери қызметкерлерді тәрбиелеуде шешуші фактор болып
табылады.
Әскери қызметкерлердің арасында алдын- ала жоспарланған қарым-
қатынас болуы да мүмкін. Мұндай қарым- қатынастардың екі түрі болады: алдын-
ала жоспарланған- жағымсыз және алдын- ала ойластырылған- жағымды. Алдын-
ала ойластырылған қатынастар, негізінен әскери қызметкерлердің тұлғасының
және оның іс- әрекетінің бір жақтылық бағасы болып табылады. Басшы мен оның
қоластындағылардың қарым-қатынастарында әртүрлі формады көрінетін,мысалы,
немқұрайлықтан адамгершілік ұмтылыстарға дейін және қажеттіліктерден оларды
менсінбеуге дейінгі ұласатын тәкәппарлықты да байқауға болады. Мұндай қарым-
қатынастар әскери қызметкерлердің арасындағы жағымды атмосфераның
орнауына, әскери қызметке кедергі жасап, басшылардың атағына, құрметіне
зиянын тигізеді, ұжымдағы теріс эмоциялардың, жағымсыз күйлердің пайда
болуына алып келеді.
1.5. Әскери қызметкерлердің төтенше жағдайлардығы іс- әрекеттерінің
психологиялық сипаты.
Стресс- адамның ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген жерден пайда
болатын, аса жауапты, маңызы ерекше, қауіпті жағдайларда пайда болатын
көңіл- күй ахуалы. Ол сондай-ақ денеге және ақыл-ойға салмақ түскенде, миға
көп салмақ түскенде, дау- жанжал және т.б кезде туындайды.
Стрестік реакциялардың пайда болу және оның адам бойында жүруінің
психофизиологиялық механизмдерінің көптеген теориялық түсініктері бар.
Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, стрестік жағдайлар организмде қандай
типтегі өзгерістерді тудыратынына қарамастан, олар организмде өзінің жаңаша
өмір сүру жағдайына үйрену мақсатында айтарлықтай ерекшеліктерге ұшырайды.
Организм күрделі, жоғары деңгейдегі жүйе ретінде әртүрлі бастапқы
және жеке әсерлерге жауап ретінде бейімдеуші-қозғаушы реакциялармен
әрекеттеседі. Стресс организмдегі барлық реакциялардың іске қосылуымен
қатар және де жүрек қан тамырларында, тыныс жолдарында, бұлшықеттің
қозғалысты, эндокриондық және өзге де жүйелерде өзгерістердің пайда болуына
алып келеді.
Стерстік жағдайдағы тұлғаның іс- әрекетінің сипаты ол стрестің
салмағына, сонымен қатар тұлғаның психологиялық құрылымына, яғни адамның
жұмысындағы қиындықтарына, сәттіліктері мен сәтсіздіктеріне, өз күшінің
сенімділік деңгейіне деген көзқарастары, тұлғаның бағыттары, мүмкіндіктері
мен ынталарының сәйкестігіне тәуелді болып келеді.
Стерстің психологиялық жағын көрсете отырып, адам тек басына төніп
тұрған нақты қауіп- қатерге ғана жауап қайтарып ғана қоймай, өткен
өміріндегі қауіпті сәттердің белгілері мен әсеріне де назар аударатынын
айта кеткен жөн. Стерстік жағдайларға жауап ретінде көрініс табатын адамның
организміндегі физиологиялық өзгерістер, шын мәнінде олардың бойында пайда
болып қойған эмоционалды уайымдардың тек жалғасы болып табылады.
Эмоционалды уайым-қайғының әсерінен адам бойында физиологиялық өзгерістер
болады.
Стрестің пайда болуы адамның жеке- тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелді
болады. Екі адам бірдей сипаттағы стрестік жағдайда бірдей реакция
көрсетеді деп айтуға болмайды, себебі көп жағдайларда стрестік оқиғаларға
адамның өзі әртүрлі жағдайлармен себепкер болып табылады. Осыған
қарамастан, адамдардың төтенше жағдайлардағы іс- әрекетін бірнеше типтік
кезеңдерге бөліп көрсетуге болады:
Дайындық кезеңі адам төтенше жағдайлардың болуын алдын ала сезген жағдайда
орын алады. Бұл кезеңнің мазмұны мынадай сипатқа ие: тұлға өзінің дәл
қазіргі жүрген жері туралы белгілі бір ақпараттарды жинайды және
болашақтағы іс- әрекетінің шарттары жайлы мәліметтермен танысады.
Психикалық ауырлықтың басталу кезеңі (қорқыныш фазасы) бейімделу
механизмдерінің іске қосылуының басталуымен сипатталады. Бұл кезеңнің
мазмұны организмдердің іс- әрекеттерін іске қосатын, бірақ сенімділікті
төмендететін қорқыныш пен ауырлықтарды қалыптастырушы эмоционалды
уайымдардың өсуімен түсіндіріледі.
Кірудің мықты психикалық реакциясы кезеңінде (біріншілік дезадаптация)
тұлға өмір сүрудің талаптарын өзгертуші психогендік факторлардың әсерін
өзінің бойында байқай бастайды. Оқиғаның күтпеген жерден орын алуы, оның
санадан тыс болуы, мәселені жоспарлы түрде шешуге тәжірибенің болмауы
сияқты жағдайлар осы факторлардың негізгі себептері болып табылады. Егер
тұлға үшін ауыртпалықтардың күші шамадан тыс артық болса, онда психикалық
іс- әрекеттердің бұзылысы байқалып, психикалық қосымшалар азаяды. Мұның
соңы психикалық ауытқушылықтарға әкеліп соғады.
Психикалық ауыртпалықтарды түзету жолдарының болмауы, олардың белгілі
бір ортада өзгеріске ұшырауының соңы- психикалық тұрақсыздық, жүйке
жүйесінің функцияларының бұзылуы сияқты қауіп- қатерлерді тудырады. Мұндай
жағдайлардың нәтижесі агрессия және барлық нәрседен бас тарту (қашу)
секілді екі түрлі формада көрініс табады.
Қарапайым түрде агрессия адамның алдында тұрған тосқауылдарға қарсы
көрсетілген шабулы ретінде болса, алайда кей кездері агрессияның пайда
болуына әсер еткен жағдайларға мүлде қатысы жоқ кез келген өзге
объектілерге, өзге адамдарға, бірге қызмет атқаратын қызметтестеріне
бағытталуы мүмкін. Екінші тип, барлық нәрседен бас тарту, тұлғаның өзіндік
ішкі уайым-қайғысының түбіне түсіп, жағымсыз эмоцияларын сыртқа жиі
шығарумен, өзін- өзі кінәлі санаумен және т.с.с жағдайлармен сипатталады.
Қорқынышты- депреассиялық белгілер дамып, адам өзін барлық қиындықтардың
себепкері санай бастайды, ол өз кезегінде тұлғаның шешім қабылдай ала
алмауына әкеліп соғады.
Бейімделу процесінің тиімдірек дұрыс бағытының даму барысында ол
психикалық ауыртпалықтардың аяқталу кезеңіне сәйкес келеді. Бұл кезеңде
психикалық функциялардың ретке келуі мен реакциялардың үнемділік режиміне
өтуіне дайындық жүреді. Осы кезде қайтадан қорқыныш, ауыртпалық белгілері
пайда болады.
Шығудың күшті психикалық реакциялары кезеңі кіру реакциясы кезеңіне
ұқсас, себебі кез келген өмір жағдайларындағы, іс- әрекеттеріндегі,
қоршаған ортадағы өзгерістер психикалық реакциялардың жиынтығының және
барлық психикалық іс- әрекеттердің қайта өзгеруін талап етеді.
Сонымен, әскери қызметкерлердің ауыртпалығы мол жұмыстары барысында
жоғарыда айтылған стрестік жағдайлардың пайда болуы олардың іс- әрекетіне,
сонымен қатар тұлғаның психологиялық ерекшеліктері сияқты субъективті
факторларға да байланысты. Ары қарай біз әскери қызметкерлердің бойынша
мейлінше жиі кездесетін ерекше стрестік жағдайлардың тағы бірнеші түрлерін
қарастырамыз.
Әскери өмірде жиі кездесетін төтенше жағдайлар кезінде кездесетін
эмоционалдық күйлердің бірі үрей болып табылады. Үрей- бұл адам әрекетінің
реттелмейтін, игеруге келмейтін, кейде өзіндік игерудің толық жоғалуы,
міндетін сезіне білмеу мен антты орындаудағы парызына жауапты қарай
алмауымен сипатталатын қалыпты емес үлкен қорқынышты сезімдерді бастан
кешіру. Үрей шындық және қиялдан құрастырылған болуы мүмкін. Үрей сезімі
бойын таралған адам қауіп- қатердің алдындағы дәрменсіздікті сезініп, одан
қашып құтылудың кез келген жолын іздейді. Үрей кезінде ақылға салып, онымен
күресудің дұрыс жолын табу қиынға соғады.
Үрей топтық және жеке болып бөлінеді. Жеке үрей асығыстық, іс-
әрекеттердің дұрыс емес сипатымен, кейде қате шешімдер мен төніп тұрған
қауіп-қатерден қорғану шараларының болмауы кезінде байқалады. Әсіресе
командирлерде болатын жеке үрей соңы күтпеген қасіретке алып келеді.
Мысалы, Меугдек түбіндегі орыс- жапон соғысындағы генерал А.Н. Куропаткин
жапондықтар екі жақ қанатты (фланг) айналып өтіп барады-мыс деген үрейлі
ақпаратты естігенде, өзі үрейленіп және кері қарай шегінуге бұйрық
береді, бұл оны ауыр жеңіліске ұшыратады.
Кей кездері ұжымдық үрей туралы айтып та, жазып та жатады, бұл үлкен
қателік болып табылады. Егер ұжымда бірлік, бақарудың дұрыс жүйесі
сақталса, ондай жағдайда үрей болмайды. Әскери қызметкерлер бір- біріне
сенеді, өзара бірлесе әрекет етеді, соғыс жағдайларында белгілі бір
себептермен кейін шегінуі мүмкін, бірақ үрейленіп қашпайды. Үрейде
коммуникативті байланыстар, өзара әрекеттестік үзіледі, сол себепті ол
ұжымдық емес, тек топтық ғана болуы мүмкін.
Үрейді туғызатын негізгі жағдайларды көрсетейік:
• әскерлердің рухани- саяси жағдайларының төмендігі, соғыс әрекеттеріне
қатысуына әлеуметтік мотивацияның жетіспеуі, бұлар өз кезегінде
жағымсыз эмоциялардың, мағынасыз өлім туралы қорқынышты үдетеді;
• сарбаздар мен офицерлерді тұрақты әскери ұжымға жинақтаушы қатаң
тәртіптің жоқтығы;
• бөлімдер мен бөлімшелердегі бірлестік принциптерінің бұзылуы;
• бұрынғы қызметкерлер мен жас сарбаздардың бытыраңқылығы немесе жеке
құрамдардың тәжірибесінің жетіспеушілігі;
• әскерді басқарудың бұзылуы, ұрыс жайлы ақпараттық болмауы және осыған
байланысты басшылыққа деген сенімділіктің болмауы;
• жеке құрамның күтпеген, алдын- ала болжанбаған, қорқынышты
әрекеттерінің болуы;
• қажу, шаршау, жүйелік жүдеу, бұл әсіресе ұрысты күтудегі ұзақ әсердің
кезінде болады, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz