Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы
2. Қорытынды бөлім
3. Қолданылған әдебиет
К і р і с п е
Еліміздің Қарулы Күштері - оқшауланған әлеуметтік тетік емес, ол қоғамның негізгі ажырамас бөлігі болып танылады. Әлеуметтік қайшылықтар қатты шиеленістен ыдырау процестері ұдайы асқынып жаатқан жағдайда әскерилер еңбегінің беделі мен қадірі шұғыл төмендеп әскерилер еңбегінің беділі мен қадірі шұғыл төмендеп әскери қызметшілердің құқық бұзушылық жасауы арта түседі
Қылмыстық заңнама Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құрудағы жаңа үрдістерді және қазіргі жағдайда әскери құқық тәртібін нығайту қажеттілігін көрсетеді. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының әскери құрылысты реттейтін ережелеріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғыларына, мысалы ҚР 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы заңына; Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы ІІ-1897 Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы заңына және ҚР 1993 жылғы 20 қаңтардағы Әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы заңына және 2001 жылғы 20 наурыздағы Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы заңына сәйкес келтірілген.
Қылмыстық құқық пен әскери заңнаманы бөліп қарастыруға болмайды. Бұл ерекшелік әскери қылмыстық заңнамаға қылмыстық құқықтың міндеттері мен принциптері туралы ережелердің, қылмыстық жауапкершлік негіздерінің толық таралатынымен түсіндіруге болады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде көзделген барлық қылмыс құрамдары бар іс әрекет қана қылмыстық жауапкершілікті тудырады. Қылмыстық заңда берілген қылмыс, кінә және оның нысандары түсінігі, іс әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар, аяқталмаған қылмыс, қылмысқа қатысуы үшінжауапкершілік жағдайлары бүкіл қылмыстық заңнама үшін біртұтас болып келеді.
Қылмыстық және әскери қылмыстық заңнаманың біртұтастығы әскери қылмыс ұғымынан көрінеді.
Қазақстан Республикасы ҚК 366-бабында қылмыстың жалпы белгілері қайталанбай, тек қана әскри қылмыс обьектісі мен субьектісінің ерекшеліктері көрсетіледі.
Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасын қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің ең маңызды функцияларына жатады және бүкілхалықтық іс болып келеді. Конституцияның 36-бабының 1-бөлігіне сай Қазақстан Республикасын қорғау, ұлтына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, мүліктік және лауазымды жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне, дінге қатынасына, кәсібінің тегіне және мінезіне, саяси және өзге сенімдеріне, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге жатуына қарамастан, оның әр азаматының ардақты борышы және міндеті болып келеді [1] .
Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті заңмен белгіленген тәртіпте және түрлерде атқарады (Конституцияның 36-бабының 2-бөлігі) .
Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бөлімдері, басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әскери қызметшілері әскери қызметті атқаруының қатаң тәртібін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұзушылықтар жасау үшін әскери қызметшілері тәртіптік, материалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін көтереді.
Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының ҚК 16-тарауында (әскери қылмыстар) анықталған.
ҚК 336-бабына сай: "Әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы аза-маттардың жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады".
Заңның мазмұнынан әскери қылмыстар болып, әскери қызметті атқару тәртібін реттейтін қатынастарға (әскери қылмыстардың тектік объектісі) қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады [2] .
Әскери қызметшілерінің әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне озбырлық жасамайтын құқыққа қайшы іс-қимылды жасауы, мысалы: қарақшылық, зорлау, бұзақылық және с. с. әскери қылмыстарға жатпайды және жауапкершілікті ҚК басқа тиісті тарауларының баптары бойынша тудырады.
Бөлек әскери қылмыстарының нақты объектісі болып - әскери қызметті өтудің бір немесе өзге жақтарын орнататын қатынастар келеді. Нақты объектісі бойынша әскери қылмыстарды алты топқа бөлуге болады:
1. Әскери қызметкерлерінің арасындағы бағынушылық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 367-бап) ; бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (ҚК 368-бап) ; бастыққа қарсы күш қолдану әрекеттері (ҚК 369-бап) ; бір-бірінің бағыныштық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу (ҚК 370-бап) ; әскери қызметшіге тіл тигізу (ҚК 371-бап) ;
2. Әскери қызметті өту тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстар: бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тас-тап кету (ҚК 372-бап) ; қашқындық (ҚК 373-бап) ; дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап) ;
3. Арнайы қызметті атқару тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар: жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ережесін бұзу (ҚК 375-бап) ; шекаралық қызмет атқару-дың ережесін бұзу (ҚК 376-бап) ; қарауыл (вахта) қызметін атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 377-бап) ; ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу (ҚК 378-бап) ; қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 379-бап) ;
4. Қаруды, оқ-дәрілерін, өзге әскери мүлікті күтіп ұстаудың тәртібіне және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктеріне қиянат жасайтын қылмыстар: құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету (ҚК 382-бап) ; әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (ҚК 387-бап) ; әскери мүлікті абайсыздықта құрту немесе бүлдіру (ҚК 388-бап) ; әскери мүлікті жоғалту (ҚК 389-бап) ; айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (ҚК 390-бап) ; машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (ҚК 391-бап) ; ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу (ҚК 392-бап) ; кеме жүргізу ережелерін бұзу (ҚК 393-бап) ;
5. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстар: билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі (ҚК 380-бап) ; қызметке селқос қарау (ҚК 381-бап) ; жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (ҚК 383-бап) ; әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту (ҚК 386-бап) ;
6. Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар: тұтқынға өз еркімен берілу (ҚК 384-бап) ; тонаушылық (ҚК 385-бап) ;
Әскери қылмыстардың объективтік жағы әрекеттерден, мысалы бастыққа қарсы күш қолдану іс-әрекетінде (ҚК 369-бап), әскери қызметшіге тіл тигізуде (ҚК 371-бап) немесе әрекетсіздіктен, мысалы: қызметке селқос қарағанда (ҚК 381-бап) тұруы мүмкін.
Өзінің құрылысы бойынша әскери қылмыстардың құрамдары - формальды (ҚК 373-бап), материалды (ҚК 390-бап) немесе формальды-материалды болуы мүмкін (ҚК 376-бап) .
Көптеген әскери қылмыстардың субъективтік жағы қасақана кінәмен сипатталады, мысалы: бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (ҚК 372-бап), қашқындық (ҚК 373-бап), әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (ҚК 387-бап) және басқалары. Кейбір әскери қылмыстар абайсыздықтан да жасалынуы мүмкін, мысалы: әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру (ҚК 388-бап) . Бөлек қылмыстар қасақана да, абайсыз да жасалынуы мүмкін, мысалы: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 367-бап), жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 375-бап) .
Бөлек жағдайларда субъективтік жақтың қосымша сипаттары болып қылмысты жасау мақсаты мен себебі келеді, мысалы: дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап), жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (ҚК 383-бап) және с. с.
Әскери қылмыстардың субъектісі арнайы, яғни әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақ-стан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы адам, осымен қатар жиындарды өтіп жатқан азаматтар.
1992 жылғы 22 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының "Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы" Заңының 4-бабына сай Қарулы Күштер өзіне: әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін - құрлық әскерлерін, ауаға қарсы қорғаныс әскерлерін, әскері - ауа күштерді, тылды, әскери - құрылыс бөлімдерін, әскери-оқу орындарды кіргізеді [3] .
Өзге әскери құрылымдары ретінде шекаралық және ішкі әскерлер, Республикалық Ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскерлері, азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлімдері.
Қазақстан Республикасының ҚК Ерекше бөлімі қарастырған құқыққа қайшы әрекеттерден әскери қылмыстар екі ерекшеліктермен - сұғынушылықтың ерекше объектісімен және қылмыстың арнайы субъектісімен айырылады.
Әскери қылмыстарды соғыс уақытында немесе жауынгершілік жағдайда жасау бағалау жағдайы болып келеді және өлім жазасына дейін көтеріңкі жауапкершілікті тудырады.
Қорытынды
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта келе мынадай қысқаша тұжырымдарға келеміз.
Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бөлімдері, басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әскери қызметшілері әскери қызметті атқаруының қатаң тәртібін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұзушылықтар жасау үшін әскери қызметшілері тәртіптік, материалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін көтереді.
Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының ҚК 16-тарауында (әскери қылмыстар) анықталған.
ҚК 336-бабына сай: "Әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы аза-маттардың жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқа-рудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады".
Заңның мазмұнынан әскери қылмыстар болып, әскери қызметті атқару тәртібін реттейтін қатынастарға (әскери қылмыстардың тектік объектісі) қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz