Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту

2. Әуе тасымалдары нарығын дамыту және реттеу

3. Аэронавигациялық кешенді дамыту

4. Транзиттік әлеуетті пайдалану

5. Қазақстан Республикасының су көлігі
6. Қазақстан Қара теңізге қашан шығады

Қолданылған әдебиет тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан экономикасы өсуінің жоғары қарқыны ұзақ мерзімді
жоспарлауға негізделген дамуының өз моделін құру мен іске асырудың
тиімділігін дәлелдейді.
Мемлекет дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын жариялаған түбегейлі
құжат Қазақстан Республикасы Президентінің елдің 2030 жылға дейінгі
дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын айқындап берген Қазақстан-2030. Барлық
қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы
Жолдауы болып табылады.Қазақстанда қабылданған Қазақстан Республикасының
Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған
стратегиясы1 (бұдан әрі – Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы)
бәсекеге қабілетті экономиканы және жоғары технологиялар индустриясын одан
әрі дамыту үшін жағдай жасауда. Индустриялық-инновациялық даму
стратегиясының іске асырылуы мемлекеттен экономиканың барлық саласын
қарқынды да сапалы дамытуға және кадр әлеуетін арттыруға бағытталған
кешенді күш-жігерді талап етеді.
Елдің бірыңғай экономикалық кеңістігін дамыту көп жағдайда әр өңірдің
көлік инфрақұрылымы дамуының дәрежесіне байланысты. Осыған орай, өңірлердің
көлік жүйесін теңгерімді дамыту және орталықсыздандыру үрдісінің
сақталуымен көлік қызметін мемлекеттік реттеу мәселелерінде орталық және
жергілікті органдардың өзара іс-қимылын күшейту қажеттілігі барынша өзекті
болып табылады.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік
стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) жалпы мемлекеттік маңызы бар, бұл
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан
өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында" Қазақстан халқына
Жолдауында өз көрінісін тапты. Көлік қызметтері оларды алушыларға, атап
айтқанда халықтың, экономиканың мұқтаждықтарына, сондай-ақ елдің
бірлігін, қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық
мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс.

1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту

Азаматтық авиация саласындағы инфрақұрылымдық саясат:
әуеайлақтар мен әуежайлар кешендерінің құрылысын, қайта жаңартуды
және күрделі жөндеуді қоса алғанда, әуежай кешендерін техникалық-пайдалану
жай-күйінің ИКАО-ның халықаралық талаптарына кезең-кезеңмен сәйкес
келтіруді;
топырақты ұшу-қону жолақтарын және әуеайлақ алаңдарын салуды,
қалпына келтіруді және оларды жеңіл әуе кемелері мен тікұшақтарды жыл бойы
қабылдау-жөнелту үшін ұстауды қоса алғанда, балама көлік қатынасы жоқ
орталықтан алыс аумақтарға қызмет көрсету үшін жергілікті әуеайлақтар
желісін құруды;
қарқынды дамыту саясатын сақтауды және өңірлік авиакомпаниялар құру
жөніндегі іс-шараларды қаржымен қамтамасыз етуді;
авиапаркті кеңейту, ішкі авиақатынастар нарығын және Астана, Алматы
және Атырау қалаларында тораптық ірі әуежайларды дамытуды;
облысаралық және ауылдармен қатынаста шектеусіз барлық бағыттарға
қызмет көрсету үшін перспективада кеңейтуді қоса алғанда, халықаралық
(транзиттік) және ішкі әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін халықаралық
талаптарға радионавигациялық кешенді сандық және сапалық сәйкестікке
келтіруді көздейді.
Басымдық ретінде мынадай әуежайлардың әуеайлақтық инфрақұрылымын
қайта жаңарту мен жаңарту жүргізілетін болады:
2006-2010 жылдары: Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қостанай,
Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Шымкент. Келешекте, туризмді дамыту үшін
жергілікті тарихи және мәдени маңызы бар (Түркістан), сондай-ақ санаторий-
шипажай инфрақұрылымы (Алакөл, Балқаш, Баянауыл, Бурабай) бар орындармен
облыс орталықтарының арасында әуе қатынасын ұйымдастыру көзделуде.
2011-2015 жылдары: Балқаш, Қарағанды Көкшетау, Орал, Петропавл, Семей,
Талдықорған және Тараз.
Жолаушылар ағынының өсуіне байланысты экономикалық орындылығын ескере
отырып, тораптық ірі әуежайлардың өткізу қабілетін ұлғайту, бірінші кезекте
Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы әуежай кешендерін кеңейту жөнінде
іс-шаралар жүргізілетін болады.
Авиациялық тасымалдарға деген өзгермелі сұраныс жағдайында әуе
кемелері паркі операциялық және қаржы лизингі негізінде жаңартылатын
болады.
Каспий теңізінің қазақстандық секторын одан әрі игеру мақсатында 2006-
2015 жылдарда мақсат бойынша қолданылатын түрлі типтегі тікұшақтар сатып
алу жоспарлануда.
Республиканың туристік объектілері мен ұлттық мәдени-тарихи
орындарына қолжетімділікті арттыру үшін тікұшақтар мен ұшақтардың тиісті
типтерін, соның ішінде су бетіне қонатын гидроұшақтарды сатып алу
жоспарлануда.

Әуе тасымалдарының нарығын дамыту және реттеу

Авиация нарығын реттеу саласындағы мемлекеттік саясат сапалы
авиациялық қызметтерге халық сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге
қабілетті қазақстандық бәсекеге қабілетті авиакомпанияларды қалыптастыруға
бағытталатын болады. Біртұтас саясатты, оның ішінде нормативтік-техникалық
саясатты іске асыру арқылы авиатасымалдар нарығындағы бәсекелестікті дамыту
және жекелеген тасымалдаушылардың мүдделеріне қолдау көрсетуге жол бермеу
қамтамасыз етіледі.
Азаматтық авиацияның нарық жағдайларында перспективалы дамуын назарға
ала отырып, оның шығынсыз деңгейге жетуіне қарай барлық бағыттарда
жолаушылардың авиатасымалдарын субсидиялау кезең-кезеңімен қысқартылатын
болады.
Тұрақты емес авиатасымалдарды, чартерлік рейстерді тиімдірек пайдалану
керек.

Аэронавигациялық кешенді дамыту

Қазақстан Республикасында аэронавигациялық жүйені дамытудың басты
мақсаты елдің аэронавигациялық кешенін ғарышта орналасатын спутниктік
навигация элементтерін пайдалануды көздейтін (CNSАТМ) ИКАО әуе қозғалысын
ұйымдастыру мүддесінде байланыстың, навигацияның, бақылаудың перспективалы
жүйесін енгізуге дайындау болып табылады. Өз кезегінде бұл Қазақстан
Республикасының аэронавигациялық жүйесінің кіші жүйелерін болашақ CNSАТМ
жүйесінің түптұрпаты және оны енгізу үшін негіз болып табылатын бірыңғай
кешенге біріктіруді талап етеді.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасында CNSATM тұжырымдамасын енгізу
тетігін әзірлеу және ұлттық аэронавигациялық жүйелердің бірыңғай техникалық
сәулетін әзірлеу жөнінде шектес елдермен ынтымақтастықты жандандыру талап
етіледі.
Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесін қазіргі заманғы
кешендермен жарақтандыруды ескере отырып, неғұрлым озық және перспективалы
технологияларды енгізу тәжірибесі негізінде аэронавигациялық инфрақұрылымды
оңтайландыруды жалғастыру қажет.

Транзиттік әлеуетті пайдалану

Көлік жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын авиакөлік
инфрақұрылымының транзиттік әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру көлікті
дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігін
білдіреді.
Авиакөлік инфрақұрылымының транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту
міндеттері:
аэронавигация саласындағы транзиттік саясатты көрші мемлекеттермен
келісу деңгейін арттыру;
қазіргі заманғы әуе кемелерін пайдалану және Қазақстанның тораптық
әуежайлары арқылы Еуропа және Азия елдерімен бағыттарды қолайлы түйістіруді
ұйымдастыру негізінде Азия-Еуропа-Азия бағытында авиатасымалдардың
транзиттік әлеуетін іске асыру;
әуежай инфрақұрылымын жаңғырту және ауыр әуе кемелерін қабылдау
бойынша мүмкіндікті кеңейтуді қоса алғанда, ірі әуежайларда қызмет көрсету;

Қазақстанның транзиттік әлеуетінің пайдаланылу тиімділігін арттыруға
ықпал ететін халықаралық өңірлік жобаларды қолдау;
аэронавигациялық қызмет көрсету технологияларын жетілдіруді қоса
алғанда, аэронавигация жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкес келуі;
транзиттік рейстерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Қазақстан
әуежайларының инфрақұрылымын дамыту: ірі тораптық әуежайлар метеоминимум
бойынша ИКАО-ның екінші және үшінші санаттағы әуе кемелерін, ал қалған
халықаралық мәртебесі бар әуежайларға – ИКАО-ның бірінші санаты бойынша
қабылдауға рұқсат етілуге тиіс.

Қазақстан Республикасының су көлігі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі су көлігі туралы Заңға қол қойды.
Бұл заң кеме қатынасын, жолаушылар мен жүк тасымалдарын жүзеге асыру
барысында ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және
заңды тұлғалардың қоғамдық қатынастарын үйлестіреді және олардың
құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтайды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Көліктік ведомстволардың басшылары темір жол, автокөлік, су көлігі
және жол құрылысы салаларындағы екіжақты байланыс дамыту жөніндегі
мәселелерін талқылады.
           Одан бұрын, 8 мамырда, кездесуге арналған құжаттарды дайындайтын
қазақстан-ресей жұмыс тобының отырысы өтті.
           Темір жол саласына қатысты ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысын
заң жағынан реттеу, сонымен бірге Қазақстан мен Ресей елдерінің аумағындағы
халықаралық байланысты дамытуға  бағытталған тарифтік саясат мәселелері
қарастырылды. Бұл саладағы перспективалы жұмыс бағыты ретінде мақта,
жербалшығы, алюминий мен астық тасымалдаудағы оңтайлы тарифтік жағдай жасау
болып табылады.
           Жол құрылысы және автокөлік саласында Қиғаш өзені арқылы
салынатын көпір жобасы талқыланды. Аталып отырған жоба Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясының 1999-2007 жылдарына арналған
шекаралық қарым-қатынас бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Оның
жүзеге асыру Қазақстан мен Ресей өзара теңдестік негізде жүргізіп отыр.
Казақстан жағына өтетін көпір-өткелдің ұзындығы 370 метрді құрайды.
Шекаралық Қиғаш өзенінен өтетін Атырау – Астарахань трассасындағы көпір
құрылысы биылғы жылдың күзінде аяқталады. Сонымен қатар, көпір пайдалануға
берілген соң, автокөлік иелері Қиғаш арқылы өту үшін өткел күтуде уақытын
өткізбейтін болады. Осыған сәйкес, екі елді байланыстырып отырған жолдың
өткізу қабілеті бірнеше есе өсіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда
айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Атырау – Астрахан жолы Шығыс -
Батыс халықаралық көлік дәлізінің құрамына енеді.
           Сонымен бірге, жұмыс тобы Ресей федеральды жол арқылы ірі
габаритті және ауыр жүкті көлік құралдарын өткізуге Қазақстан
автотасымалдаушыларға арнайы рұқсаттарды беру жөнінде ақылдасты.
           Су көлігі саласында жұмыс тобы Каспий және Азов-Черноморск
бассейңдерден өтетін жүк тасымалдау үшін жаңа маршрут құрау мәселелерін
қарастырды. Евразия каналы және Волга-Дон су жолы шлюздарының екінші
жолдарын жасау жобалары қарастырылды. Бір вариантті таңдау үшін техникалық-
экономикалық мінездемелерінің сұрыптау өткізіледі.
Өткен жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен халықаралық
экономикалық форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий мен Қара теңіз
арасын жалғастыратын Еуразия каналы құрылысын салу туралы ұсыныс айтқан
болатын. Бүгінде сол бастама бойынша қазақстандық - ресейлік
ведомствоаралық жұмысшы тобы жұмысқа кірісті.
2008 жылдың соңына дейін қалай болғанда да, Каспий мен Азов-Қара теңіз
арасын жалғастыратын жаңа су жолының маршрутын айқындау керек болып тұр.
Болашақта салынатын канал мен шлюз жүйесі арқылы ортаазиялық мемлекеттер
мұнайшылары Жерорта теңізіне энергоресурстарды тасымалдамақшы. Идея өте
жақсы, әсіресе, Қазақстан үшін. Мұнай өндіру көлемі жыл сайын үстемеленіп
келе жатқан еліміз үшін оны сыртқы рынокқа шығаратын жолдардың аса
қажеттігі белгілі. Бұл Ресей үшін де тиімді болады. Бірақ қашанда
өзгелердің бастамасының астарынан секем іздейтін орыстар Еуразия каналы
төңірегінде де неше түрлі жорамалдарды шығара бастады. Әркім өз ойынан
хабардар етеді дейді ғой, ресейлік кейбір саясаткерлер бұл жобаның тек
Қазақстан мен Орта Азия елдері ғана емес, Ресей үшін де құнды болатынына
қарамастан, азиаттықтар мұны келешекте Ресейге көрсетілетін қысым құралы
ретінде қолданулары мүмкін деген пікірлер таратып отыр. Ал тасымалдау
саласы бойынша экономистер мен мамандар жаңа канал құрылысы мен оны
пайдалануға кететін шығын онымен тасымалданатын жүктен түсетін пайдадан
асып кетеді, сондықтан да Ресей алдымен өзіне тиесілі қолданып жүрген су
жолдары төңірегіндегі мәселелерді шешіп алып, содан кейін ғана жаңа канал
құрылысы туралы ойлануы керек деген ойларды алға тартуда.
Ал енді аталған канал құрылысының еліміз үшін қандай маңызы бар екендігіне
келейік. Қазақстан бүгінде энергоресурстарды экспортқа шығаруда халықаралық
рыноктарда ірі ойыншылардың біріне айналып келеді. 2007 жылы 64,5 тонна
мұнай өндіріп, оның 12 миллионын қайта өңдеуден өткізген болатын. Ендігі
арманымыз – қайта өңдеу көлемін арттырып, оны сыртқа дайын өнім ретінде
сату. Сол мақсатта өткен жылы Румыниядан мұнай өңдеу зауытын да сатып
алдық. Шикізаттан гөрі дайын өнімді анағұрлым қымбатқа сатуға болатыны
белгілі. Жалғыз Румыниямен ғана шектеліп қалғымыз жоқ, лажы болса,
Еуропаның ірі мұнай өңдейтін зауыттарын тағы да сатып алмақ ойымыз да жоқ
емес. Ол үшін елімізде өндіріліп жатқан мұнайды шикізат ретінде сол
еуропалық елдерге тоқтаусыз жеткізетін тасымал жолы қажет. Каспий мен Қара
теңіз арасын жалғастыратын канал салатын болсақ, мұнайды танкерлерге тиеп,
экспортқа шығаратын тағы бір жол ашылар еді. Ал қазіргі жер бетінде қан
тамырларындай тартылып жатқан мұнай құбырларының өткізу қуаты біздің елдің
мұнай бұлағын еркін үлкен теңіздерге қоса алмай отыр. Каналдың біз үшін аса
қажет екендігі де осыған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
Көлік инфрақұрылымы
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы
Көлік саласы қызметтерін мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі
Аэронавигациялық кешенді дамыту
Көлік қызметі нарығын дамыту
Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымын дамыту
Қазақстанның көлік инфрақұрылымының қазіргі жағдай
Пәндер