Әуежай ғимараттарын салудағы геодезиялық жұмыстар
Диплом жұмысы
ӘУЕЖАЙ ҚҰРЛЫСЫН ЖҮРГІЗУІНДЕГІ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Реферат
Бітіру жұмыстың тақырыбы: Әуежай құрлысын жүргізуіндегі геодезиялық
жұмыстар.
Жұмыстың мақсаты: Әуежай құрлысын жүргізуіндегі барлық геодезиялық
жұмыстарды көрсету.
Жұмыстың көлемі: дипломдық жұмыс – беттен тұрады, 4 тарау бар, кесте
саны 3, сурет саны 26, пайдаланылған әдебиеттер саны 14.
Жұмыстың міндеттері: 1. Әуежайды іздеу міндеттері
2. Аэродром салудағы
геодезиялық жұмыстар
3. Әуежай ғимараттарын
салудағы геодезиялық жұмыстар
Жұмыстың мазмұны: 1. Әуежай туралы жалпы мәлімет
2. Әуежай ғимараттарын салудағы
геодезиялық жұмыстар
3. Аэродромдағы геодезиялық
жұмыстар
4. Инженерлік геодезиялық
жұмыстарды орындау кезіндегі техникалық қауіпсіздік және құжаттарды
дайындау
ГЛОССАРИЙ
Топографиялық план мен картаның масштабы – карта бетіндегі сызықтың,
сол сызыққа сәйкес жер бетіндегі ұзындығының қатынасы
Нивелирлеу – бір дәрежелі деңгейге келтіру, айырмашылықтарын жою.
ТОПОПЛАН – жер бетінің дөңестігін есепке алмай ірі масштабта салынған
жер бетінің сұлбасы
Теодолит-(гр.thtaomai – қарастырамын- dolichos - ұзын) жергілікті
белгіленген жерде геодезиялық түсірулерде тік және көлденең бұрыштарды
өлшегіш аспап
Откос-құлама,еңіс,баурай
Тахеометрия-белгіленген жердің нүктелерін биіктігі және жоспарында
көлденең және тік бұрышын бір мезгілде өлшеу арқылы, сонымен қатар нүкте-
лердің ара қашықтығын анықтайтын әдіс.
Тахеометр- (грек. тachys – шапшаң, тез) – қашықты өлшегішпен
жарақталған, теодолит аспабының бір түрі, автоматтандырылған және айналмалы
тахеометрлерде бұрыштар мен қашықтықтар есептеулер жасамастан, автоматты
түрде шығатын аспап.
Триангуляция- (лат.- үшбұрыш) – топографиялық түсірілімдер және басқа
геодезиялық жұмыстардың бастапқы кезінде геодезиялық пунктердің жағдайын
айқындайтын әдістердің бірі.
Дальнометр-қашықтықты өлшегіш
Рейка-өлшемдерге бөлінген ұзын бақан
Геодезия- жердің пішінін, көлемін, бетін зерттейтін, өлшейтін ғылым
Автоматика- ғылым мен техниканың өндіріс процестерін автоматтық
әдіспен басқарудың құралдары мен жүйелерін жасаудың теориясын және
принциптерін қамтитын саласы
Радиальный – радиустар бойынша жіберілген сәуле, сәулелік,
Абрис- (нем.- Abriss- сызба, жоба, жоспар)- топографиялық түсірілімде
қолдан істелген, дәл, нақты жоспар жасау үшін далалық өлшеулердің нәтижесі
белгіленген сызба.
Лимб- (лат.limbus-жиек, ернеу)- шеңберінде тең үлесті бөліктерге
(градус, минуттарға бөлінген) жалпақ металл сақина, сол бойынша бұрыш
өлшегіш аспаптарда өлшенетін бұрыштың аумағын есептейді.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 ӘУЕЖАЙ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
МӘЛІМЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1
Әуежайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Әуежайлардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
1.3 Әуежайды іздеу
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
2 ӘУЕЖАЙ ҒИМАРАТТАРЫН САЛУДАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
2.1 Топографиялық түсірістері және құрлыстың жер асты бөлігін салудағы
геодезиялық
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Құрлысты вертикаль жоспарлау кезіндегі жер жұмыстары көлемін
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
2.3 Ғимараттарды жер беті бөлігіне шығару кезіндегі геодезиялық
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..
3 АЭРОДРОМДАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Аэродромды іздеу, жобалау және фотограмметриялық жұмыстар ... ... ... ..
3.2 Аэродромдағы топография – геодезиялық
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3 Аэродромдағы геодезиялық бөлу
жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4 ИНЖЕНЕРЛІК ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ КЕЗІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ДАЙЫНДАУ
4.1 Жалпым техникалық қауіпсіздіктер ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2 Әуежай құрлысын жүргізуіндегі геодезиялық жұмыстардың өндірісі ... ...
4.3 Геодезиялық құжаттарды
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Әуежай - құрлымына мыналар кіретін күрделі инженерлік
құрлым:аэродром, әуеден келу жолағы (ӘКЖ), қызмет техникалық территория
(ҚТТ), әуе қозғалысын басқару объектілері,радионавигациялар және отырғызу
объектілері.
Аэродром - ҰҚЖ, жолдар, тұрақ орын және жанармай құю, қойма және әуе
қозғалысын реттеу кешендері.
Аэровакзал - тек әуежай қызметіне,яғни жолаушыларды аэропортқа
кіргеннен бастап, ұшаққа отырға дейін қызмет көрсетуге арналған.
Әуежай - ХХ ғасырдан осы уақытқа дейін дамып келе жатқан ғылымның
өте үлкен жетістігі. Бұл бес ірі жүк тасымал түрінің біріне жатады: теңіз
жолдары, темір және автожолдар, құбырлар және әуе жолдары. Бүгінде
еліміздің индустриялды – иновациялық даму стратегиясы – нақты өндіріс
саласын дамыту, жаңа технологияларды енгізу, ғылым мен техниканың сонғы
жетістіктерімен қарулану, шикізатты экономикада тұсында, осы тасымал түрі,
Қазақстанның халықаралық экономикалық қарым – қатынасты дамытуда өте үлкен
маңызға ие. Сондықтан бізге әлі көптеген әуежай құрлысын салуды жалғастыру
қажет,бірақ қазіргі таңда Франция мен Қазақстан мемлекеттерінің біріккен
жобасымен Алматы қаласының шығыс жақ сыртында (Талғар асты) үлкен
халықаралық әуежайдың іргетасы қалануда. Оның негізгі ерекшелігі құрлысы
ұлттық нақышта, яғни ғимараттары 4 қанатты қазақ үй тәрізді болмақ.
Менің ойымша қазіргі уақытта әуежайлар мемлекеттік дәрежеде
қолданыста болса, кейінгі болашақта ғылымның дамуымен әр ұйымның, әр жеке
тұлғаның қолжетімді құралына айналуы мүмкін.
Әуежай құрлысы барлық ғылымдардың тоғысуынан, араласуынан салынатын
күрделі инженерлік ғимараттар мен жолдар кешені.Ал менің дипломдық
тақырыбым мамандығыма сай әуежай құрлысын салуда геодезия ғылымының қатысы
жайлы болмақ. Әуежай құрлысына геодезия ең алғашқы мамандықтардың бірі
болып кіріссе, сонғы кірпіші қаланғанға дейін ат салысып және пайдалануға
берілгеннен кейінде қызметін жалғастыра береді. Негізгі жұмыстарына тоқтала
кетсек:
1. Геодезиялық іздеу, зерттеу жұмыстары
2.Әуежай ғимараттарын салудағы геодезиялық жұмыстар
3. Аэродром және жол құрлысындағы геодезиялық жұмыстар
4. Жоғарыда айтқанымдай әуежай құрлысы аяқталып пайдалануға
берілгеннен кейін де, әуе кемелерінің әуе жолдарының қауіпсіздігін
қамтамасыз етуде ғарыштық геодезияның қызметі және т.б.
1 ӘУЕЖАЙ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1.1 Әуежай
Әуежай - әр түрлі жүк және адам тасмалын әуе жолы арқылы
тасмалдайтын ғимараттар кешені. 1919 ж әлемдегі ең алғаш салынған аэропорт
– Кенигсбергтағы Девау әуе жайы. Бұлар құрлықтық аэропорттар, сонымен қатар
гидросамалеттарды қабылдайтын гидроәуежайлар болады. Бұндай әуежайларда ұшу
- қону жолағы болмайды,бірақ оның ролін су айдыны атқарады.

Аэровакзал - тек әуежай қызметіне, яғни жолаушыларды аэропортқа

Әуежай - құрлымына мыналар кіретін күрделі инженерлік құрлым:
аэродром, әуеден келу жолағы (ӘКЖ), қызмет техникалық территория (ҚТТ), әуе
қозғалысын басқару объектілері, радионавигациялар және отырғызу
объектілері. 1 сурет.
Басқарушы жел бағытының бойына жасанды цементбетонды жамылғысы бар
ұшу - қону жолағынан, жанындағы және соңғы қауіпсіздік жолақтары жанасатын
грунтты ұшу - қону жолағынан тұратын негізгі жазғы жолақ орналастырады.
Ұшақтарға тұрақ ретінде және қызмет көрсету үшін ерекше тұрақ орындарын
салады (ТО). Жасанды цементбетонды жамылғыға параллель магистраль басқарушы
жолдар (МБЖ) және жасанды ұшу - қону жолағын тұрақ орыдарымен жалғастыратын
басқарушы жодар (БЖ) салады. Тұрақ орындары мен басқарушы жолдары жасанды
цементбетонды жамылғыдан тұрады.
Аэродром құрылысы ортасынан сондай - ақ жерасты инженерлік торларын
бөліп көрсетуге болады: жерасты су бұрғыш жүйесін, су жүргізетін торлар,
кабельді линиялар [1].
1.2 Әуежайлардың жіктелуі
Азаматтық авиация әкімшілігі әуежайларды қызмет көрсету типіне
тәуелді 8 категорияға жіктейді:
1. Жеңіл ұшақтар (1350 кг - нан аз) қызмет ететін және шағын елді -
мекендер мен қалалық аудандарғы дара қолданыстағы әуежайлар (Personal)
2. Ауыр ұшақтар (9000 - 6750 кг) қызмет ететін,қарастырылған
графиктен тыс пайдаланылатын екінші дәрежелі әуежайлар (Secondary).
3. Магистральды авиалиналарды қамтамасыз ететін жергілікті әуе
линияларының әуежайлары (Teeder)
4. Транзитті линиялар өтетін шағын қалаға қызмет ететін транзитті
әуежайлар (Trunk Line)
5. Маңызды қалалар немесе магистральды жолдардың түйінді
нүктелерінде орналасқан төтенше әуе линияларының әуежайлары (Express)
1 сурет. Әуежай аумағының схемасы
6. Ұзақ қонбай ішкі континентальды ұшуды жүзеге асыруда қызмет
ететін ұшақтар тұратын ішкі континентальды әуежайлар (Continental)
7. Ұзақ халықаралық ұшуды жүзеге асыруда қызмет ететін ұшақтар
тұратын халықаралық соңғы әуежайлар (Intercontinental)
8. Өте алыс мұхиттан әрі ұшуды жүзеге асыруда қызмет ететін ұшақтар
тұратын континент аралық төтенше әуежайлар (Intercontinental Express ).
Аэродром құрлысын жоспарлау кезінде болашақ аэродромның класын
анықтау үшін олармен байланысты транспорт сипатын зерттеп алған жөн. Әрүрлі
класты аэдромды анықтау оларды қызмет ететін ұшақтардың пайдаланушы
сипаттамасымен үйлесіуі керек. Осы кластарға байланысты әуежай құрлысын
жүргіуіндегі геодезиялық жұмыстардың көлемі мен жай күйі белгілі болады
[2].
2 сурет. Әуежайдың жолаушылар қабылдайтын ғимаратының планы
1 – магистральды өткел; 2 – автожол; 3 – ұшақтар; 4 – қалалық көлік тұрағы;
5 – электрокарлар өткелі; 6 – судан қорғайтын шит; 7 – перронның электрмен
қоректендіру көзі; 8 – жолаушылардың ұшаққа барар өткелі; 9 – кеңес беру
бюросы мен касса; 10 – буфет; 11 – сақтау камерасы; 12 - жүкті рәсімдеу мен
тіркеуге алу орны;13 – санузлдар
1.3 Әуежайды іздеу міндеттері
Жобалау стадиясына тәуелді, әуежайды жобалау кезінде шешілетін
міндеттердің тізімімен сәйкес, іздестіру кезінде сол немесе басқа көлемде
негізгі келесі жұмыстар түрлері орындалады:
Негізгі жазғы жолақты трассалаумен негізгі жазғы жолаққа парраллель
қабырғалары 400 х 400 м квадрат торлары түріндегі жоспарлы - биіктік
түсіріс құрумен, әуежай аумағы мен оған кіретін территорияның топографиялық
түсірумен, әуеден келу түсірістерімен және кедергілердің орналасқан орны
мен биіктігін анықтаумен, жер асты жолдарын, су тартқыштарды,
электрберушілерді, жер асты және жер беті су бұрғыш жүйесінің трассаларын
іздеумен байланысты инженерлі геодезиялық жұмыстар.
Желдің бағыты мен жылдамдығы,жауын - шашын температура, ылғалдылық,
топырақтың қату тереңдігі, тұман көктайғақ құбылыстары және т.б. туралы
метеорологиялық ақпараттарды жинаумен байланысты гидрометеорологиялық
жұмыстар.
Энергия және сумен жабдықтау кәздерін іздеумен, экологиялық
мәселелерді шешумен, жерді пайдаланушылар, ұйымдар келісімімен байланысты
жұмыстар.
Әуежайды іздеу кезеңде жүзеге асырылады: дайындық, дала және
камеральдық.
Дайындық кезеңінде жоболау міндетінің негізінде іздеу ауданына бар
материалды жинау мен зерттеу жүзеге асырылады.
Топографагеодезиялық , гидрометеорологиялық, инженерлік геологиялық,
геоморфологиялық, экономикалық және басқа осы кезде картографиялық
материалдарды, топографиялық пландарды және бұрынғы жылдардағы әуе түсіріс
материалдарын жинау мен зерттеуге ерекше назар аударады.
Дайындық кезеңінде жазғы даланың бағдарлануы мен орналастыруын
дәлдеу үшін жергілікті жерді зерттеу мақсатында ұшақ немесе тікұшақтан әуе
аэродромдық барлау жүргізіледі, сондай - ақ іздеу жұмыстарының көлемін
дәлдеу және жергілікті жердің топырақтық - грунттық, гидрогеологиялық
жағдайын бағалау мақсатында да жер бетілік барлау жүргізіледі.
Дайындық кезеңінде далалық іздеу жұмыстары ұйымының проектісін
құрастырады және ең алдымен топографиялық түсіріс жүргізу үшін тірек
геодезиялық торларының проектісін құрады және соңында іздеу ұйымының
проектісіне сай іздеуге техникалық тапсырма құрастырады және іздеу бөлігін
қалыптастырады.
Далалық кезеңде инженерлік - геодезиялық, гидрометеорологиялық,
инженерлік - геологиялық және басқа жұмыстар кешенін жер беттік және әуе
ғарыштық, жер беті - ғарыштық әдістермен орындайды. Жекелегенде, сонғы
жылдары жинақталған әуе түсірістерді қолдануды тапты, мұнда ситуациялық
нақтылықтар аэрофотограметрялық әдістермен, ал релеф қарапайым немесе
электронды тахеметрлік түсірісті қолданумен түсірілген. Әуежайды іздеу
кезінде JPS спутниктік навигациялар жүйесін қолданумен топографиялық
түсірістің жер беті - ғарыштық әдістерін тауып отыр.
Камеральды кезеңде далалық іздеу жұмыстарының мәліметтерін өңдеуді
жүзеге асырады, топографиялық пландар, профилдер, жергілікті жердің сандық
үлгісін құрастырады және өткізілген іздеу жұмыстары туралы есеп дайындайды.
Камеральды жұмыс кезеңінде іздеу мәліметтерін өңдеу, редактілеу, тіркеу
үшін және топографиялық пландар мен олардың электронды нұсқасын дайындау
үшін есептеу техникасы мен автоматизацияны кеңінен қолданады [1].
3 сурет. Әуежайдағы вакзал кешенінің ұсынылған планы
1 – магистральды өткел; 2,3 – шығуға арналған ғимараттар; 4 вокзал құрлысы;
5 – ұшақтарға; 6 – вакзал алды алаң; 7 – қонақ үй; 8 – бортты қоректендіру
цехы; 9 – қалалық көлік тұрағы; 10 – перронға өту; 11 - авто жол; 12 –
жүкті рәсімдеу мен тіркеуге алу орны; 13 – перронның кеңейтілуі
1. ӘУЕЖАЙДАҒЫ ҒИМАРАТТАРДЫ САЛУДАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
2.1 Топографиялық түсірістері және құрлыстың жер асты бөлігіндегі
геодезиялық жұмыстар
Әуежайды іздеу кезіндегі топографиялық түсірісті өткізу үшін
құрылған жоспарлы - биіктік негіздеу бір уақытта әуежайды табиғатқа шығару
проектісі үшін геодезиялық негіз қызметін атқарады, яғни құрлыс процесінің
геодезиялық алып жүруі үшін. Сондықтан жоспарлы - биіктік негіздеу дәлдігі
түсірілімдік және бөлу жұмыстарының талаптарына сай болуы керек.
Әуежайды жоспарлы - биіктік негіздеудің негізін, өлшемі 400 х 400 м
квадраттар түзетін теодалиттік - нивелирлік түсірістердің көлденең және
ұзынына бойлы тұрақты торын құрады. Осылайша алынған торларды қоюландыру
үшін қабырғаларының өлшемі 200 х 200 м квадрат торын түзетін теодалитті
түсірістерді салады, ал кейде әр бір 400 м квадраттарды диогональдармен
бөлу арқылы микротрянгуляцияны қолданады.
Трек геодезиялық торды, егер ол дайындық іздеу жұмыстары кезеңінде
орнатылған болса, жасанды ұшу - қону жолағына парллель бағдарлайды. Басқа
жағдайда трек геодезиялық торларын релефке өте қолайлы басқарушы желдің
бағыты бойынша немесе әуеден келуге ыңғайлы бағыт бойынша бағдарлайды.
Негіздеудің негізгі трек сызығын жасанды ұшу - қону жолағының өсне
параллель 80 – 130 м қашықтықта теодалит көмегімен іледі, осыған сай
далалық іздеу жұмыстарының жүрісінде оны алдымен табиғатқа шығарады.
Геодезиялық негіздеудің негізгі тірек сызығынан орталық нүктені таңдай
отырып, сол нүктеден екі жаққа негізгі сызық бойынша әуежай ауданының
барлық байқалған ұзындықтарында 400 м кесінді өлшеп кеседі. Әр бір 400
метрлік кесіндінің соңын сенімді сақиналармен бекітеді, сосын теодалит
көмегімен әуежай ауданының барлық еніне перпендикуляр бағыттар бөледі. 400
м көлденең кесінділердің соңын тағы да бекітеді. Трек геодезиялық торын
бөлуді жоспарлы биіктік негіздеудің тұйықтаушы контуры бойынша
полигонометриялық жүрісті салумен аяқтайды.
Әуежай ауданының биіктік негізі ретінде әдетте квадрат торының
қабырғалары бойынша салынатын III класты нивелирлеу торлары қызмет етеді.
Полигон ішінде IV класты нивилерлі жүрістер салады.
Тірек геодезиялық торларының пункттерін 400 метрлік квадраттар
төбесінде негізгі (бетонды) және уақытша (ағаш) белгілермен бекітеді.
Алайда әр бір жоспарлы геодезиялық тор белгісі бір уақытта ауданды
биіктіктік негіздеудің белгісі ретінде қызмет етеді,оларды мезгілдік қату
тереңдігінен 0,5 м төмен терңдікке бекітеді.
4 сурет. Әуежайды негіздеудің биіктіктік схемасы
Белгілерді жергілікті жерде тек жер беттілік геодезиялық жұмыстарын
жүргізуде ғана емес, олар тану ролін орындайтын аэроіздестіру кезіндеде
жеңіл тауып алатындай етіп белгілейді. Осы мақсат үшін белгілерді ормен
қазып, тас немесе кесек үйіндісімен белгілеп қояды.
Жобаланатын әуежай ауданындағы құрылған трек геодезиялық торын
белгілердің ортасының координатасын мемлекетік координаталар жүйесінде
есептей отырып және олардың абсолюттік биіктігін есептей отырып мемлекетік
геодезия тор пункттеріне байлайды. Жобаланатын әуежайға жақын маңда
мемлекеттік геодезиялық тор пунктері жоқ болғанда әуежай ауданының жоспарлы-
биіктік негіздеуін JPS спутниктік навигация жүйесін қолдана отырып жер беті-
ғарыштық әдісімен құрады.
Топографиялық түсіріспен бөлу бөлу жұмыстарының қажетті дәлдігін
қамтамасыз ету үшін трек геодезиялық тор пунктері орналасуының орташа
квадраттық қателіктері ± 10 см - ден аспауы керек, ал белгілер
биіктігіндегі қателер ±25 см - ден.
Әуежай ауданының топографиялық түсірісін әуежайдың негізгі планын
өңдеуге және барлық құрлымын жобалау үшін қажет топографиялық план мен
сандық модел алу мақсатында жүргізеді. Сандық модел сондай - ақ әуежайды
жүйелі автоматтандырылған жобалау жағдайында қажет.
1:5000, 1:2000 және 1:1000 маштабтағы жобалау сатысына тәуелді
орындалатын топографиялық түсіріс жүрісінде релеф нақтылықтарын түсіреді,
ауылшаруашылығы және орман шаруашылығы шекарасын, елді-мекендерді, өзендер
мен су қоймаларды, автомобиль және темір жолдарды, бөлек құрлыстар мен
объектілерді, жер беті және жер асты комуникацияларын және т.б. түсіреді.
Топографиялық түсіріс өткізу жүрісінде жер бетінен көтеріліп тұрған заттар
мен объектілердің биіктігін міндетті түрде анықтайды (байланыс бағаналары,
жеке ғимараттар, өнеркәсіп өндірісінің құбырлары, жеке ағаштар мен басқа да
объектілер). Топографиялық планда осымен бірге қарапайым ақпараттан басқа
осы ауа кедергілерінің биіктіктері де көрсетіледі.
Әуежайды іздеу кезінде мүмкін болатын жеті топографиялық түсіріс
әдістерін қолданады: мензулалық, квадраттар бойынша нивелирлеу,
тахеометрлік, фототеодалиттік, аэро және жинақталған түсіріс, жер - беті
ғарыштық топографиялық туүсіріс әдістерін таңдау факторлар қатарына тәуелді
және бәріне бұрын жобалау сатысына, іздеу жұмыстарының көмегіне,
жергілікті жердің сипатына, жобалау мерзіміне тәуелді.
Мензулалық түсіріс әлі де болса әуежайді іздестіру жұмыстарында
қолданыста. Алайда оған тән жетіспеушіліктерге байланысты мензулалық
түсірісті қолданумен орындалатын іздеу жұмыстарының көлемі жылдан - жылға
азаюда (дала жұмыстарын өткізу кезіндегі үлкен еңбек шығыны,топографиялық
план дардың қолмен даярлануы, ауа - райы шартының әсер етуі және негізгісі
мәліметтерді өңдеу, тіркеу, жинау процесін автоматтандырудағы қиындықтар).
Квадраттар бойынша невелирлік түсіріс - әуежайды іздеу кезіндегі
кеңінен қолданатын дәстүрлі топографиялық түсіріс түрі, әсіресе нақтылы
жобалау сатысында. Бұл түсірістің өте дәл түрі, алайда осы уақытта біршама
күрделі, қымбат бағалы және көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Сонымен қатар
осы әдіспен алынған ақпарат дәстүрлі топо план бойынша сияқты, дұрыс
төртбұрышты тор түйінінде үнемі сандық моделді қолданумен автоматты түрде
жобалық міндеттерді шешу үшін ыңғайлы түрде беріледі. Квадраттар бойынша
нивелирлік түсіріс әдісі мәліметтерді өңдеу, тіркеу, жинау процесін
автоматтандыруға мүмкіндік беретін және далалық, камеральдық жұмыстардың
өнімділігін, соңғы нәтижелерінің сапасын артыруға мүмкіндік беретін тікеуші
(электронды) нивелирді қолдану кезінде ерекше перспективті.
Квадраттар бойынша невелирлік түсіріс техникасы әуежайды іздеуге
сәйкес келесіге келтіріледі: тірек геодезиялық торының ішінде (400 х 400 м
және 200 х 200 м квадрат торлары) 1:12000 маштабта 20 х 20 м пикеттік тор
бөледі және оны сәйкес белгілермен нүктелермен немесе басқамен бекітеді.
Пикеттік тордың төбелерінен басқа олардың қабырғаларында нүктелермен
жергілікті жердің рельефі мен жағдайына тән нүктелерге сәйкес плюстерді
белгілейді. Осыдан кейін жер бетін геометриялық (ал кейде тригонометриялық)
нивелирлейді. Әдетте тұрған жерінен 200 м квадратта таралған барлық
нүктелерді түсіреді. Өткікізілген өлшеу нәтижелері бойынша жергілікті -
жердің сандық моделі мен топографиялық планын құрастырады.
Тахиеометриялық түсіріс әуежай ауданын іздеу кезінде кеңінен
қолданыс табуда. Бұл жағдай ең алдымен оның далалық іздеу жұмыстарының
көлемін қысқартуға мүмкіндік беретініне байланысты және камьпютер мен
графотұрғызғышты қолданып топоплан және сандық мадель дайындауды
автоматтандыруды қамтумен камералдық жағдайға ауыстырумен байланысты.
Түсірістің бұл түрі магнитті ақпарат тасушыларында өлшеу нәтижелерін
автоматты тіркейтін электронды тахеометрді қолданғанда өте перспективті.
Тахеметрді әдетте аэродромдағы тұрғын және қызмет зоналары астындағы
ауданды түсіру үшін қолданады.
Фототеодалиттік түсіріс, аэродром аудандарын орналастыратын
жергілікті жердің жазықтығын ескере отырып түсіріс кезінде негізінен ауадан
келуді қолданады.
Әуетүсіріс және жинақталған әуетүсіріс электронды тахеометрмен және
JPS спутниктік навигация жүйесімен бірігіп тез арада қазіргі уақытта әуежай
ауданын түсіруге қолданатын басқа түсіріс түрлерін алмастырды. Бұл сапалы
жаңа технологиялар мен автоматизация және есептеу техникасы құралдарын
кеңінен қолданғанда іздеу жұмыстарының өнімділігінің максималды ұлғаюын
талап ететін проектілік іздеу жұмыстарының жүйелік автоматты өндірісі
әдістеріне өтумен байланысты. Әуежайды іздеу кезіндегі әуетүсірістің
ерекшелігі – түсірілімдік негіздеу пункттерін ұшу алдында белгілер астында
маркілеу, ал әуетүсірістік маршурттарды жазғы жолақ бағытына параллель салу
болып табылады.
Әуежайды іздеу кезіндегі JPS спутниктік навигациялар жүйесін
қолданатын жер беттік - ғарыштық түсірістерді топографиялық түсірістердің
барлық түрін жоспарлы - биіктік негіздеу үшін сондай - ақ JPS базалық
станцияларын қолданып олардың өндірісін базалық вариантта орындау үшін де
кеңінен қолднылады. Бұл әуежай ауданын топографиялық түсірудің заманауи
және перспективті түрі [1].
5 сурет. Остерді іргетастық блокқа ауыстыру
1 – теодалит; 2 – жарма остерді бекіту әдісі; 3 – құрлыс орындықтары; 4,6 –
рулеткалар; 5 – байлау арқаны; 7 – қозғалмалы марка
Құрама іргетастар
Іргетас негіздері нивелирлеу биіктігі бойынша тексеріледі.
Қазаншұңқыр тереңдігі 3 метрге дейін болған жағдайда оның түбі тікелей
жиектен белгіленеді. Онда артқы ағаш реперлердің біріне тікелей
орналастырылады, ал алдыңғы ағаш қазаншұңқыр түбіндегі құрылыс отырғышының
тіреуіне немесе бекітілген тіреуге орналастырылады. Нивелир визирлік ось
жер бетінен 1,2 метрден аспайтын биіктікте өте төмен орналастырылады.
Қазаншұңқыр тереңдігі 3 метрден аспаған жағдайда оның түбіне бірнеше амал
орналасуы керек. Нивелирлік жол қазаншұңқыр түбінен тас жолға дейін
автомашина жүретін жолға орналастырады, ал ол болмаған жағдайда ағашты
тіреу үшін сырғы (откос) қолданылады.
Қазаншұңқыр түбіндегі белгілер құрылысты қамту үшін екіден кем
болмайтын уақытты жазу репелерінде тіркеледі. Іргетас негіздерін белгілеу
әрбір іргетас үшін бірнеше жерден белгіленеді. Жекелеген құрама іргетастар
5 суреттегідей бөлінеді. Қазаншұңқыр түбіне бұрыштық және маяктық
іргетастық блоктар немесе көпшікті орнату арқылы өсті көтеріп шығарады.
Ғимарат осы створлары ретімен жоғары жиекке (отырғыш 3), содан кейін
қазаншұңқыр түбіне түсіріледі. Қазаншұңқыр түбіне теодолит 1 арқылы барлық
сырт пішіні созылмалы және көлденең осьтер, сонымен қатар монтаж қысқышы
немесе құрылыс жұмыстарының реті бойынша жеткізіледі. Өстерді жеткізудің
дұрыстығы диагональдар ұзындығын өлшеу арқылы бақыланады.
Бұрыштық және маякты іргетастық блоктар қазаншұңқыр түбіне өс
түсірмей және өс бекіткішін жоғары жиекке немесе құрылыс отырғыштарына
орналастырылады. Бұл жағдайда қаланатын іргетастар екі теодолитке, ал
аралық іргетастық блоктар рулетка арқылы олардың арасына жобалық аралық
қалдыруға есептелінеді. Егер іргетасқа бағандар астына тіреуіш (башмак)
орналастырылса немесе іргетастар биіктігі жағынан бірнеше қатарға
орнатылса, негіз ретінде орналастырылған іргетастардың бірінші қатарын
пайдалана отырып, өстер жіктеледі. Мұнда өс бекіткіштерінің барлық
жіктемелері мен олармен қиысатын түзулер бояумен белгіленеді.
Егер бұрыштық және аралық блоктар теодолит және нивелир бойынша
орналастырылса, құрылыс отырғыштарындағы өсті жіктеу қажеттігі жойылады.
Бұл жағдайда бұрыштық және маяктық іргетаста 20-30 мм. қашықтықта құрылыс
отырғышы 3 бойынша тартылған (жасалып жатқан іргетас шегіне дейін) еспе
ілгіш 5 қолданылады.
Іргетас жасалғанға дейін олардың шетіне метр көмегімен орнату
тәуелкелдері тармақталады. Іргетастарды өстерге симметриялы етіп байлағанда
барлық іргетастағы белгілі бір қабырғалардың байлауыштарының көлемін өлшей
отырып, орнату тәуелкелдерін орнатады.
Баған астындағы тіреуіштерді жасауда (6 сурет) бағыттау тәуекелдері 1
стакан тесіктері көлеміне қарай орналастырады. Тесік соған немесе бағандар
өіндегі байлауыштарға сай жіктейді. Сызғыш, леска және отвес көмегімен бұл
жіктеу сыртқы шеттіктерге орналастырылған іргетастар және жасалып жатқан
тіреуіш түйіскен жерден жеткізіледі. іргетастағы есептеу тәуекелдері 3 мен
тіреуіштердегі орнатушылар 2 тікелей біріктіреді.
6 сурет. Монтаждауда тәуелділіктің бірігуі
1,3 – бағыты; 2 – орнатылатын тәуекел
Іргетастар стаканына бағандар жасау кезінде биіктік белгілері
калибрлік тығындарды (прокладка) орната отырып және салынбалы тіркеуіш
құрылғыларын орната отырып, геометрлиялық ниверлирлеу және теңестіру арқылы
тексеріледі. Тығындар биіктіктік орындау түсірмелерінің қалыңдығы мен
сипаттары бойынша калибрленеді.
7 сурет. Ленталық құрама іргетастың бөлу схемасы
Іргетастың ленталық жинақтары да өзгелері секілді жіктеледі. Өстер
жағдайын тіркеу үшін құрылыс отырғыштары 2 арасына тартылған монтаждық
сымды 1 (7 сурет) қолдануға болады. Бұл жағдайда өстердің қазаншұңқырға
ауыстырылуы ілгіш 3 көмегімен жүзеге асады. Сөйтіп, бұрыштық және маяктық
іргетастар орнатылады. Аралық іргетастар бұрыштық және маяктар арасына еспе
ілгіш арқылы орналастырылады. Егер іргетастар биіктігі бойынша бірнеше
қатарға орналастырылса, одан кейінгі өстер жіктемесі мен бағаналар
орналастырылған іргетастардың бірінші қатарына негіз ретінде қолдана отырып
шығарады.
Құрама іргетастар тұрғызылып болғасын, атқару түсірілімдері
орындалады. Ол үшін іргетастың барлық элементтері өстерді қайта өткізеді.
Тіреуіштердің атқарушылық түсірілімінде бағаналар астындағы бағалардың
биіктігі стакандардың түбі анықтайды [4].
Базистік өстік жүйелердің құрылуы және бастапқы көкжиектегі осьтерді
жіктелуі
Базистік осьтік жүйелер деп бастапқы көкжиектегі жоспарлы жіктеулі
негізді атаймыз. Бастапқы көкжиек деп ғимараттың жерасты бөлігі құрылысы
біткендегі монтаждық алаңшаны айтамыз.
Өстік жүйенің базистік фигуралары бастапқы горизонтта тұрғызылады
және формасы жағынан ғимарат конфигурациясын қайталайды. Олар, негізінен,
қырлары ғимарат өстеріне параллельді түрде осьң әрбір келесі бөлуі тікелей
сызықтық өлшемдермен базистік фигураның қырларымен және шеттік нивелирлеу
әдісімен – перпендикуляр бағыттағы типтік дұрыс геометриялық фигуралардан
тұрады.
Бастапқы көкжиекте жоспарлы желі құрудың дәлдігі орташа квадраттық
ауытқуы 2-3 мм. саналатын монтаждық көкжиектер мен құрама ғимараттар
кеңістіктік желі құруды ескере отырып, осьтерді детальдық жіктеу дәлдігін
қажеттігімен анықталады. Желідегі нүктелер саны ғимарат өлшемдері мен
конфигурацияларына, құрылыс-монтаждық жұмыстардың орындалу технологиясына
және өзге факторларған тәуелді.
Базистік фигуралар нүктелерінің орналасу орнын дұрыс таңдау мен ол
нүктелер ғимарат тұрғызылғаннан кейін де сақталып тұратындай болып бекітлуі
елеулі маңызға ие.
Бастапқы көкжиекте жоспарлы делі нүктелерінің орналауы ғимарат өсіне
қарай анықталады. Бастапқы көкжиектегі ғимарат осьтері теодолит көмегімен
еңкейте жобалау әдісі арқылы ғимарат контурына тыстай бекітілген оське
ауыстырылады.
Базистік фигура нүктелерінің өзара орналасуы өлшем нүктелері
орындалуы нәтижесінде анықталады. Қырларының ұзындығы ауа температурасын
сығымдау және өлшеуі бар милиметрлік өлшемді компарирленген рулетка
көмегімен өлшенеді. Мұнда екі өзара перпендикуляр тіке созылмалы және
көлденең осьтердің орналасуы тіркеледі.
Өлшеулер нәтижесінде базистік желі нүктелерінің координатын теңестіру
мен есептеу жасалады. Есептеулерді жеңілдету үшін координаттардың шартты
жүйесі қолданады, ол желі нүктелері біреуінің координатын және осьтердің
біреуінің бағытын бастапқы ретінде қабылдау арқылы жасалады. Есептелген
координаттар жобалылармен салыстырылады және салыстыру нәтижесі бойынша
редукциялау жүргізіледі. Редукцияланған нүктелер бойынша бақылау өлшеулері
және қажет болғанда қайта редукциялау жүргізіледі.
8 сурет. Бастапқы базисті пішіндердің монтажды шекараға өту схемасы
Азаматтық ғимараттар құрылысы практикасында базистік фигуралар
негізінен, диагональды және орталық жүйелері түріндегі диагоналды тік
үшбұрыштар түрінде тұрғызылады (8 сурет). Қолайлы құрылыс әдісі
трилатерация әдісі болып табылады. Кей жағдайда тар, бірақ кең тартылған
базистік фигура ғимараттары ретінде түзу және сынық түзулер алына алады.
Бұл жағдайды тексеру үшін бұл түзулер бастапқы және оның айналасындағы
көкжиектерде көрінетін тұрақты жергілікті заттарға бұрыштап таңылуы
жасалады. Бұл үшін γ және β бұрыштары және бастапқы көкжиектегі 1¹ және 1²
қырларының ұзындығы мен γ² және β¹ бұрыштары, монтаждағы 1¹ және 1²
қырларының ұзындығы өлшенеді [4].
Ғимараттарды тұрғызу кезеңіндегі геодезиялық жұмыстар құрамы
Ғимараттарға тұрғын үйлер, қоғамдық және өндіріс ғимараттары жатады.
Өндіріс ғимараттары тобына құрылыстар бөлігі де кіреді, денсаулық сақтау,
денешынықтыру – сауықтыру және спорттық ( ашық және жабық алаңдар,
сауықтыру аймақтары және т. б).
Тұрғын ғимараттар түрлі қабаттық, созылмалы және құрылыстық пәтерлік
үйлерді, кәрілер, мүгедектерге арналған үйлер, жатақханалар т.б кіреді.
Тұрғын ғимараттарда типтік емес қабаттар, шаруашылықтық ғимараттар болуы
мүмкін. Тұрғын үйлердің инженерлік жабдықталуы: лифттер(жерден 14 м
жоғары), шаруашылық – азық су, өртек қарсы және ыстық су құбырлары,
канализациялар, су ағызу, жылу құбырлары, желімдеу, электротехникалық
құбырлар (электр жарығын беру, қуатты электр құрылғысы, телефон, радио,
теледидар антенналары, дамофондар және т.б).
Қоғамдық ғимараттар келесі ғимараттар топтарын өз ішіне алады:
кадрларға білім беру, тәрбиелеу және даярлау үшін, ғылыми – зеріттеу,
проектілік, басқару және қоғамдық ұйымдар, денсаулық сақтау және демалыс,
денешынықтыру – сауықтыру, мәдени – ағарту сауда қоғамдық тамақтану және
тұрмыстық қызмет көрсету,транспорт үшін, халыққа тура қызмет көрсетуге
арналған каммунальды шарушылық және тағы басқа. Аталған ғимараттар тобында
ғимарат типтеріне ұсақ бөліну қатары бар. Олар негізінен құрылысымен және
қабаттылығымен өзгешеленеді.
Қоғамдық ғимараттардың жабдықталуы негізінен, тұрғын ғимараттағыдай.
Өндірістік ғимараттар зауыттар, фабрикалар және басқа өнеркәсіп
өндірістерінен тұрады және қабат биіктігі, калонкалар қадамының үлкен
модульдік өлшемдерімен сипатталады. Өндірістік ғимараттар технологиялық
жинақтық сызықтармен байланысты. Ғимарат ішінде темір жол жолдары,
галереялар, алаңдар және жүк көтергіш крандарға, шаттардағы жарық
фонарларына қызымет қөрсетуге арналған баспалдақтар жиі салынады.
Арнайы салынған ғимататтарға гидротехникалық және транспорттық
сұйықтар мне газдарды сақтауға арналған жер асты және жер беті
сыймдылықтары жатады.
Өндірістік ғимараттардың инженерлік жабдықталуы электр энергиясын,
сұйықтар мен газдарды беру, шығаруды қамтамасыз ететін байланыс жолдарын,
машиналар, аппараттар, аспаптар жүйесін өз ішіне алады.
Құрылымдық белгілері бойынша ғимараттар болады: тас – кірпіштік;
Монолиттік темір бетоннан сырғанақ, секциялық – орнықпақ және
кедергілі қалыпта шығарылған, монолитті;
Индустрияль әдіспен дайындалған блоктардан шығарылған, ірі блокты;
Қабырғалық және ішкі панелдар, сондай – ақ жабу панелдері
конструкцияны алып жүретін элемент болып табылады, ірі панельді;
Негізгі алып жүру элементі ретінде жабу плиталары, колонналар
қызымет ететін қаңқалық;
Көлемдік – блоктық, ғимарат құрылымы толық зауыттық дайындық көлемді
элементтерінен құралғандығы.
Құрылысы бойынша ғимараттар бір секциялық (бір подъезд), ұзартылған
(екі секциядан биік) және курделі құрылысты.
Азаматтық құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды біріншіден , ғимарат
пен құрылыстың дұрыс және дәл орналасуын, екіншіден оның құрылыстық
элементтерінен проектінің геометриялық параметрімен және нормативті
құжаттар талаптармен шығарылуымен қамтамасыз ететін табиғатта және сысбада
есептеулер мен тұрғызулар өлшемі кешенін қарастыруға болады. Осы
міндеттердің шешімі құрылыс – монтаждық өндіріс сатысына тәуелді объект
құрылысын жүргізу туралы шешім қабылдаудан бастап оның берілуімен
аяқталады. Геодезиялық жұмысты жүргізудің келесі сатыларын бөлуге болады:
1. Құрылыс астындағы алаңды таңдау; материалдар жинау, талдау және
жалпылау.
2. Құрлыстық проектілер: топография – геодезиялық іздеулер,
іздеудің басқа түрлерін геодезиялық қамтамасыз ету; құрылыс
проектісін қосымша материалдармен қамту;
3. Құрылыстық ғимараттың дайындалуы; құрылыс ғимараттары
қалыптасатын элементердің геометриялық параметрлерінің
сақталуын бақылау, дайын құрылыс ғимараттарның
геометриялық параметрлерінің статистикалық бақылау.
4. Құрылыстың дайындық кезеңі; геодезиялық болу негізін құру;
жер асты байланыс жолдары мен жер асты жолдарын салу,
жоспарлау жұмыстарын салу, жоспарлау жұмыстарын өз ішіне
алатын территорияның инженерлік дайындалу; негізгі
осьтердің табиғатқа шығалылуы.
5. Құрылыстың негізгі кезеңдері. Құрылыстық ғимараттар өсінің
табиғатқа шығарылуы; ғимараттың жер асты және жер беті
бөліктерін шығару негізіндегі құрылыс – мантаж өндіріс
геометриялық қамту; құрылыспен аяқталған элементтерді
атқарушы түсіру және атқарушы құжат наманың комплектісінің
берілуге дайындығы.
6. Құрылыс аяқталуы. Геодезиялық жұмыстар құрылысы процесінде
орындалған жұмыс нәтежиесі туралы есеп құрастыру және беру,
атқарушы негізгі план, арнайы атқарушы план, профиль, қима
құру [4].
2.2 Құрлысты вертикаль жоспарлау кезіндегі жер жұмыстары көлемін есептеу
Жер жұмыстары көлемін анықтау жер массаларының орын ауыстыру
схемасын,жер жұмыстарын жүргізу әдістерін және әуежай құрлысының қосылған
құндылығын анықтайтын вертикаль жоспарлау проектісін өңдеудің ең маңызды
сатыларының бірі болып табылады. Үйінді мен шұңқырдың жұмыс белгілері 0,1 м
- ден жоғарлағандағы аудандағы жер жұмыстары алдын-ала жоспарлау деп
аталады, ал жұмыс белгілер 0,1 м төмен жерлердегі - өңдеп бітіру деп
аталады. Алдын - ала жоспарлау кезіндегі жер жұмыстарының көлемін метр
кубпен, ал өңдеу кезінде - метр квадратпен өлшейді.
Вертикаль жоспарлауды жобалағанда жер жұмыстары көлемін үнемі келесі
әдістердің біреуімен анықтайды: горизонталь профил, жұмыс белгілерінің
изосызықтары және квадраттар.
Горизонталь профил әдісімен жер жұмысы көлемін анықтау келесі түрде
жүргізіледі. Шын мәніндегі және проектілік горизонталдар арасындағы
рельефті түзетуді проектілегенде горизонталь жазықтықтың шұңқыр немесе
үйіндімен қиылысуы болып табылатын фигура пайда болады. Осыған сай әр бір
екі көршілес жазықтық рельефтің қиылысу биіктігіне тең биіктікті фигура
бөледі.
Грунттық масивтің барлық көлемі элементар фигуралар көлемінің
қосындысына тең болатыны анық:
n-1
V=⅓[S1hв+ ∑ (Si + Si+1+√SiSi+1) h+Sn hH]
i=1
Мұндағы: n - элементар масивтер саны, S - элементар фигуралардың
горизонталь қиылысу аудандары; h - рельефті кесу биіктігі; hH hв - жоғарғы
және төменгі элементар фигуралардың сәйкес биіктіктері. Осыған сай Sо және
Sn+1 аудандары 0 - ге тең болатыны анық.
Горизонталь қиылысу аудандары САПР - А деңгейінде автоматты
проектілеу кезінде немесе палетка не планиметр (механикалық не электронды)
көмегімен талдап анықтайды. Горизонталь профиль әдісін горизонталь
қиылысулар бір - бірін жаппаған кезде, жұмыс белгілерінің мәндері
салыстырмалы аз болғанда қолданады.
9 сурет. Горизонталь профиль әдісімен жер жұмыстары көлемін есептеу схемасы
Жұмыс белгілерін изосызықтау әдісімен горизонталь қиылысулар бір -
бірінің бетіне жанасқанда, жұмыс белгілерінің мәні бір шама жоғары болғанда
жер жұмыстары көлемін анықтайды және горизонталь профиль әдісін қолдану
қиынға соғады (9- сурет)
Әдетте қиылысу биіктігіне h еселі жұмыс сызықтарын жүргізеді. Нөлдік
изосызық біраттас горизонтальдардың қиылысу нүктесінен өтетіні белгілі.
Осыған сай осы нүктелердегі жұмыс белгілері нөлге тең. Әр бір изосызық 3
балық нүктелері проектілік бедерден бірдей жойылған бедерді шектейтін жабық
қисық болып саналады. H еселі жұмыс белгілерінің изосызықтары изобедер деп
аталатын жабық пішін түзетін проектілік және шын мәніндегі горизонталдардың
қиылысу нүктесі арқылы өтеді.
Грунттық массивтің суммалық көлемі былай анықталуы мүмкін:
n
V=⅓[Sn-1hв+ ∑ (Si + Si+1+√SiSi+1) h]
i=0
мұндағы: Si , Si+1-сәкес бедер аудандары; hв - грунттық жоғарғы
элементар масивінің биіктігі.
Изобедер ауданын горизонталь профил әдісімен сияқты анықтайды.
10 сурет. Квадраттау әдісімен жер жұмысы көлемін есептеу схемасы
Жер жұмыстары көлемін квадраттар әдісімен есептеу квадраттар бойынша
топографиялық нивелирлеу нәтижелерін қолдануға негігделген. Жұмыс
белгілерінің белгіленуіне тәуелді квадрат төбелерінде толық және толық емес
квадраттарды ажыратады. Толық квадрат төбеге немесе шұңқырға толығымен
орналастырылады және барлық жұмыс белгілері оның төбесінде бір сәйкес
белгіге ие. (10 - сурет).
Егер i - лік призматоидтың көлемі болса,
а (1,2) (3,4) (1,2) (3,4)
Vi = — ( Si + Si + √ Si Si )
3
Онда толық квадраттың төбелерінің жұмыс белгілеріне өте отырып оның
көлемін есептеуге болады:
2
а
Vi = — [hi1+hi2+hi3+hi4+√ (hi1+hi2)(hi3+hi4)]
6
Мұндағы: а - квадрат қабырғасының ұзындығы, hi1, hi2, hi3, hi4 –
оның төбесіндегі жұмыс белгілері.
Толық емес квадрат төбелерінде бір екі не үш нөлдік жұмыс
белгілеріне ие болуы мүмкін немесе белгілері кері таңбаланады. Толық емес
квадраттың жұмыс көлемі сәйкесінше былай анықталады:
Нөлдік жұмыс белгісі біреу болғанда не белгісі кері таңбалы
болғанда:
2
а h3i x3i h3i x3i
Vi = — [hi1+hi2+ ———— +√ (hi1+hi2) ———
6 a
a
Төбесінде 2 нөлдік жұмыс белгісі болған жағдайда:
a
Vi = — (h1i x1i+ h3i x3i+ √ (h1i x31i h3i x3i ) )
6
Төбесінде 3 нөлдік жұмыс белгісі болған жағдайда:
I1i
Vi = —— h1i x31i
6
Төбелердің көлемін-оң,ал шұңқырлардікін теріс деп есептейді.
Вертикаль жоспарлауды проектілеу процесінде әр бір толық және толық емес
квадрат шегінде оларға сәйкес көлемдерді өз белгілерімен көрсете отырып жер
жұмыстарының картограммасы жер массаларының орнын ауыстыру сызбасын өңдеу
міндеттерін шешуді жеңілдетеді [1].
2.3 Ғимаратты жер беті бөлігіне шығару кезіндегі геодезиялық
жұмыстар
СНиП көрсеткіштеріне сай проектілік – қосылған құжатнамада қабылданған
терминологиямен сәйкес, ғимараттың құрылыс қөлемі құрылыс қөлемінің суммасы
ретінде анықталады; жоғарғы балгілері +0,00 – ғимараттың жер бетілік
болігі; осы белгіден төмен – ғимараттың жер асты болігі және астыңғы қабат.
Ғимараттың жер асты бөлігін шығару бойынша құрылыс жұмыстарына
шұңқырдың ашылуы, оның құрылғысы және жасанды құрылғылармен бекітілуі
бойынша жер жұмыстары жатады.
Жер жұмыстары. Шұңқырларды, траншеяларды және басқа грунттың орын
ауыстырылуларды алу кезінде шығу мәліметтері ретінде проектілік құрылыстар
салынған топографиялық карталық қызымет етеді. Проектіні вертикаль
жоспарлау траншея, шұңқыр, төбе, орлар, жыраларды алдымен сыртқа шығарады.
Ғимарат контурын бөлуді жұмыс басына қолдынылатын бедер бойынша
орындайды.
Бөлу нүктелерін жергілікті жерде қоршау геодезиялық белгілермен
бекітеді; қоршауды кезектесетін ашық жолақтармен бояйды. Құзды грунтта бөлу
нүктелерінің орналасып құзды ойып түсірілген екі ордың қиылысумен бекітеді.
Бөлу нүктелерін осған сай айнала таспен қоршайды, ал жазулардың өшірілуі
қиын болатындай әдетте майлы бояумен жасайды. Нығыздалмай шығарылған төбе
құрылысы үшін белгілерді ауыстыру кезінде грунттың кезекті шынайы
отырғызылуын есептейді.
Механикаланған жер қазу техникасы жұмысының аяқталуы бойынша
тракшелялар мен басқа ғимараттардың геометриялық өлшемдерін және шұңқыр
белгілерін қабылдайды.
Фундамент шығару кезінде және шұңқыр түбіне құбыр орнату үшін қолмен
тазартады. Бұл үшін түбіне шахматтық ретте (2 м сайын) немесе ойдың (- 2,5
см) шамасын жасап алатын сақинаны қағады.
Төбелер мен шұңқырларды қабылдау кезінде планда және профильде құрылыс
трассасының орналасуын және құрылыстың геометриялық өлшемдерін, байлық
ылдилықтардың белгілерін, ор өлшемдерін тексереді. Орындалған жер
жұмыстарын қабылдау үшін актілер мен атқарушы схемалар құрастырылады.
Тірек негіздері. Тірек қағу орындарын осьтердің қиылысу нүктесінен
айықпайды. Шұңқыр контурынан тыс бекітілген осьтерді адлымен жоғарғы
жағына, сосын оның түбіне ауыстырады. Тіректі жүктеу оның кезекті бөлу
тірек жүктеу схемасы, копорлық қондырғылар бағыттары ( тіректі жүктеу не
қағуға арналған қондырғылар ) схемасы қабылданған тіректік далалар типіне
тәуелді.
Тіректің бір қатарға орналасуы кезінде (А, Б, В, 1 және т.б. )
ауыстырады. Аралық өстерді шұңқыр түбінде бөледі және олардың арасындағы
қашықтық қолданылатын рулетка ұзындығынан үлкен болмайтындай таңдайды.
Габритті және аралық өстерді құрылыс орындалында 2 бекітеді. Орындықтардың
қозғалмалы маркасы 6 арасында арқан – жіп тартады және шұңқыр түбіне
ғимараттың бойлық және көлденең осьтерінің қиылысу нүктелерін ауыстырады.
Қиылысу нүктелерін жермен маркілейді. Жармады өстердің біреуі рулетканы
тартады және тіректің өсте проектілік қашықтық бойынша орналасуы кезінде
тірек арасында олардың жүктеу орындарын 4 белгілейтін сақиналар қағады.
Өстер жармасынан тыс тірек орналасқан кезде 4 м – ден аз қашықтықта
тірек жүктеу орындарын ось жармасы бойынша созылған рулеткадан тіректер
арасындағы проектілік қашықтықты қалдыра отырып бөледі.
Тіректің бұталық орналасуы кезінде кезекті бөлу біршама өзгереді.
Шұңқыр түбінде негізгі өстерді бекіткеннен кейін құрылыс орындықтарында
бұта ортасын анықтайды. Арақашықтықты арқашан түзелген жармадан 2
рулеткамен өлшейді. Ұзын өлшемді рулетканы 1 өс бойынша құрылыс
орыдықтарының қозғалмалы маркалары арасына созады. Арқанмен рулетканың
қиылысында бұта ортасын анықтайды. Өс жармасының бағытын екінші рулетка
көмегімен сақтай отырып әрбір тіректің бұтада орналасқан орнын анықтайды.
Тіректің табиғатқа пареллель шағрлған осьтен 4 метрден артық емес
қашықтықта орналасу кезінде өс жармасынан шамаға қосылумен , тіректен
бастап алдын ала шығарлған осьтерге дейнгі қашықтыққа тең бөледі. Тірек
жіктеу орындарын бір қатарлық және бұталық орналасу кезінднгі сияқты
анықтайды.
Жіктеу тереңдігін бақылау үшін әрбір тіректе бір сайын бөлулер салады.
Метрлік кесінділерде метрді сандаумен жарық тәуекелімен маркілейді, ал
проектілік жүктеу тереңдігі – ПГ әріптерімен белгіленеді.
Тіректің жүктеу вертикальдығы копрлік қондырғының бағыттаушы
бағдарының тік орналасумен қамтамасыз етіледі. Рельссіз копрді қолдану
кезінде тірактірлармен шынжыр табанды кірандар базасында грунтты бір
белогі астында жоспарлайды рельсті копрлар үшін рельіс астарын бірдей
белгіге келтіреді [4].
Өстер мен белгілердің монтаждық көкжиектерге тасымалдануы
Монтаждық көкжиек деп ғимараттың жер бетінде тұрғызылып жатқан қабаты
немесе ярусын қамтитын конструкциясының тірек алаңшалары арқылы өтетін
шартты жазықтықты айтамыз.
Монтаждық көкжиектегі өстерді детальды жіктеу үшін өстердің орналасуын
анықтайтын базистік желі нүктелері бастапқыдан монтаждық көкжиекке
алмастырылады. Бұл жұмыс теодолит көмегімен еңкейте жобалау немесе арнайы
дәлдігі жоғары вертикалды жобалау құралдары (ПОВП, PZL және т.б.) арқылы
вертикалды жобалау арқылы орындалады.
Еңкейте жобалау тәсілі мақсатты түрде құрылыс алаңшаларының
шегараларында кең еркін аймақ болған жағдайда кіші және орташа қабаттары
бар ғимараттар тұрғызған кезде қолданылғаны дұрыс. Мұндай тәсілде теодолит
алмастырылатын дәл өс бекіткіш біршама қашықтықта орналастырылады.
Теодолит мұржасы оны вертикалды жазықтықта көтере отырып, вертикалды
штрих бойынша монтаждық көкжиек жабылатын тұстағы өстің бағытын тіркей
отырып, бастапқы көкжиектегі нүктелер бойынша реттеледі, Теодолиттің өзге
шеңберін және өстің екі жағдайының ішінен ортаңғысын белгілеуде де осы
секілді әрекеттер жасалады. Перпендикуляр бағыттағы өстің бағыты да дәл
осылай анықталады; екеуінің қиылысында бастапқы көкжиектің тиісті
нүктесіндегідей монтаждық көкжиектегі нүкте белгіленеді.
Вертикалды жобалау тәсілін қолданғанда екі жағдай: барлығын қамтитын −
бастапқы көкжиектен нүктелер барлық монтаждық көкжиекке жобаланады;
қадамдық − жобалау бастапқыдан бірінші монтаждық көкжиекке, біріншіден
екіншіге және т.б. түсетін болуы мүмкін. Екі жағдайда да жобалау әдістемесі
бірдей. Зенит-құрал бастапқы нүктеден орталықтанады, визирлік шоғырды
оптикалық компенсатор немесе нүктелік деңгейлер арқылы вертикалды жағдайға
бұрады. Құрылыс жұмыстарының көкжиегінде зенит-құралдың вертикалды
оптикалды осі проекциясының ретін анықтайтын квадратты тор көзді мөлдір
палетканы бекітеді. Бір жазықтықта жұмыс істейтін оптикалық компенсаторлары
бар зенитқұралдар үшін құралдың (прибор) төрт қыры – 0, 180, 90, 270°
жағдайында палетка бойынша есебін алады. Әр диаметральды қарамақарсы
орналасқан жұп үшін алмасу нүктесі жағдайын анықтайтын орташаларын алады.
Базалық фигураны алмастырғаннан кейін монтаждық көкжиекте нүктелер
арасындағы барлық қашықтықтар мен бұрыштардың бақылау өлшемі алынады.
Монтаждық көкжиекте өлшенген элементтердің көлемі өзге де бастапқылармен
салыстырылады. Ескерілмеген алшақтық орын алса, алмасу қайталанады.
Теодолит еңкейті сәулесі арқылы нүктені жобалаудың дәлдігі төменгі
ауытқуларға байланысты:
теодолит айналуы вертикальды осінің еңкеюіне mч;
визирлеу mвиз;
теодолиттік орнатудағы створлы болмауына m∆¹;
жобаланған нүкте жағдайын тіркеу mф;
Теодолит айналуының вертикальды осінің еңкеюіндегі ауытқу ең маңыздысы
болып табылады. Ол мына формула бойынша есептелуі мүмкін:
mч = 0,5ч″H,
p″
мұндағы ч - теодолиттің горизонталдық шеңберінде цилиндрлік деңгейді
бөлу құны; H – жобалау биіктігі (11 сурет).
Осы ауытқуда mч формула бойынша теодолитте бөлу деңгейінің қажетті
бағасын есептеуге болады. Мысалы, mч = 1мм және H=30м ч =14″, демек, 2Т2
типті теодолитті қолдану керек.
11 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz