Мұрат Әуезов - мемлекеттік Тарлан орденінің лауреаты
Әуезов Мұрат Мұхтарұлы
Әуезов Мұрат Мұхтарұлы – 1943 жылдың 1 қаңтарында Жамбыл облысы,
Мерке ауылында дүниеге келген. Мәдениеттанушы, дипломат, мемлекеттік әрі
қоғамдық қайраткер. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік
Университетінде білім алған. Мамандығы – Қытай филологиясы. Екі үлкен
монографиялық еңбектің, 300-ден аса қолжазбалардың авторы. Сондай-ақ
Мәдени мұра бағдарламасы аясында жарық көрген Әлемдік мәдениет
антологиясы атты 10 томдық еңбектің бас редакторы.
М.М.Әуезов - қазақстандық ғылым мен әдебиеттің, өнер мен кино-
телевидениесінің қалыптасып, дамуына үлкен үлес қосқан тұлға.
Мұрат Мұхтарұлы - Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан
Киноматографистері ордағының мүшесі.
1970-1976 ж.а Философия және құқық институның эстетикалық жұмыс тобы
әзірлеген Көшіп-қону эстетикасы атты жұмысына жетекшілік етті (1975).
1981-1987 ж.а Қазақфильм киностудиясының Бас редакторы болып қызмет
атқарды.
1988-1990 ж.а қазақстан жазушылары Одағы аудармашылар тобына
жетекшілік етті.
90 ж аяғына таман Мир телеарнасының шығармашылық жетекшісі болып
жұмыс істеді.
1990 ж ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Онда ол
парламенаралық қатынастар жөніндегі Комитеттің төрағасы болды.
1992 -1995 ж.а Қазақстанның ҚХР-дағы алғашқы елшісы болып
тағайындалды.
1995 ж Алматы облысы Әкімшілігіне қарасты Ақпарат және қоғамдық
келісім департаментінің басшысы қызметіне ауыстырылды.
1999 -2002 ж.а Сорос-Қазақстан қорының директоры қызметін атқарумен
қатар, білім, өнер, қазақ әдебиеті салаларына қатысты жаңа бағдарламаларды
дамыту ісіне де атсалысты.
2003 ж бастап Мұрат Мұхтарұлының қызмет барасы мемлекеттік Мәдени
мұра бағдарламасын жүзеге асыру ісімен байланыс табады. Ол Қазақстан
Президентінің қарамағындағы Ұлттық Кеңес құрамына қабылданып, Мәдени
мұра қоғамдық қорының мүшесі болады.
2003 ж Қазақстан республикасы Мәдениет Министрінің бұйрығымен Ұлттық
Кітапхана директоры болып тағайындалды.
Мұрат Мұхтарұлының өмірінде оның саяси және қоғамдық қызметі басты
орындардың бірін алады. Студенттік шағында ол Жас тұлпар атты жастар
қозғалысын құрушылардың бірі болды. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы
жылдары қоғамдық Азамат партиясының мүшесі, содан кейін теңтөрағасы
қызметін атқарды. Сондай-ақ, Қазақстандағы ядролық қаруға қарсы құрылған
Невада-Семей қозғалысының вице-президенті болды.
Мұрат Әуезов – Қоғамдық қорғау қоғамдық қорының алғашқы
құрушыларының бірі (2001).
2004 ж Рух-Мирас қоғамдық бірлестігінің президенті.
Алматы қалалық мәдениеттанушылар қорының төрағасы қызметін 2005 жылға
дейін атқарды.
Ұлы Жібек Жолын зерттеу мен дамытуға қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО-ның қола
медаліне ие болды.
Мұрат Әуезов – мемлекеттік Тарлан орденінің лауреаты. 2004 ж
мәдениетті дамытуға қсқан зор үлесі үшін Алтын асық -2004, Зиялы қауым
үшін зиялы қауым атты номинациялар бойынша марапатталды.
2005 ж 17 қарашасында Алтын Адам – Человек года байқауында арнайы
номинация бойынша марапатталды.
2001 ж 10 желтоқсанында Елбасының нұсқауымен Қазақстанның Еңбек
сіңірген қайраткері атағымен марапатталды. Ал 2005 ж 27 тамызында
Қазақстан Конституциясының 10 жылдығы қарсаңында медальмен, 2006 ж
Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығында да төсбелгілермен
марапатталды.
2006 ж 8 желтоқсанында Елбасының нұсқауымен Құрмет орденіне ие
болды.
2007 ж Қазақстан журналистер Одағының бірлескен шешімі бойынша
академиктер алқасының мүшесі қатарына қабылданып, диплом тапсырылды.
2006-2011 ж.а – Қазақстан республикасындағы полиция қызметіне бақылау
жүргізу кеңесінің мүшесі.
Мұрат Мұхтарұлы Әуезовты елші, мәдеиеттанушы әрі публицист ретінде
танып-білу өте қызық. Бір адамның бойында жиналған осынша қасиеттің бір
деңгейде дамып, бір адамның атын шығарғаны менің ойымша ең бірінші –
талантқа, содан кейін еңбек пен талпынысқа байланысты шығар деп ойлаймын.
1992 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Президентінің
бұйрығымен Мұрат Әуезов Қазақстанның Қытайдағы елшісі болып
тағайындалды. Өзінің елшілік қызметі жылдарындағы екі ел арасында орнаған
достық, саяси, мәдени қарым-қатынастар жайында Мұрат Мұхтарұлымен шағын
сұхбат жасаған болатынмын.
С: Мұрат аға, өзіңізге дейін ҚХР-да біздің елшілігіміз болмаған екен.
Қазақстан мен Қытай арасындағы алғашқы қарым-қатынастардың орнауы, жүру
барысы жөнінде бастасаңыз...
Ж: Рас. Мен алғашқы елші болдым. Бірақ, шындығын айту керек, сонау
1992 ж қазақстандық елшілік ашылғанымен, біздің ғимаратымыз болған жоқ.
Алғашқы 2-3 ай көлемінде біз Ресей елшілігінің ғимаратында жұмыс істедік.
Негізінде, Қытай мемлекеті халық саны жағыннан көп те, жер көлемі жағынан
шағындау екендегін бәріміз білеміз ғой, сондықтан, тек бізде ғана емес,
көптеген елшіліктер үшін жеке –дара ғимарат ұсынған жоқ. Мысалы, Пекинде
Тай Юань атты ірі ғимаратта 30 елдің елшілері отырдық. Бірақ, біз үшін
бұл мәселе шешімін тапты. Ол қалай болды дейсіз ғой. Айтайын. Белгілі –бір
себептермен Қытай мемлекеті Буркино Фасомен қарым-қатынасын үзді де,
Тайваньмен қарым-қатынасын орнатып жатқан кез. Олар Буркино Фасо елшісіне
24 сағат ішінде кетіңдер деген әмір берді. Олардың жеке ғимараты болатын.
Осыны білген Румыния елшісі сен осылардың ғимаратын сұрап алсаңшы деген
ой тастады маған. 1670 шақырым шекарасы бар Қытай елі ешнәрсені оңайлықпен
бере қоймайтыны шындық. Бірақ бағымызға орай біз осы ғимаратқа қол
жеткіздік.
Қытай – жалпы бүкіл әлем білетін алып мемлекет. Ол өте бай мәдениеті
бар, тарихы мен әдебиеті ғасырлар бойы өсіп-дамыған мемлекет. Сондықтан,
біз оларды білуге, өскелең ұрпаққа танытуға тиіспіз деп санаймын. Қытай
мен Қазақстанның өзара қарым-қатынастарының болашағы зор. Бірақ, мен
әрдайым бір нәрсені айтудан шаршамаймын. Ол: Біз - Қытайдан қорқуымыз
қажет. Неге екендігін мен әңгіме барысында ашып айтармын.
Ең бірініші Үкімет отырысында ұсынған мәселем – су мәселесі. Ол
мынау Ертіс пен Іле өзендерін пайдалану мәселесін шешу мақсатында қозғалған
болатын. Себебі, бұл екі өзен де бастауын Қытайдан бастайтыны белгілі ғой,
ал оларды заңдастыру ісін қолға алу қажеттігін қанша айтқанымызбен, бұл
күрделі мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатыр.
Екінші - шекараны заңдастыру. Бұл да күрделі мәселе. Себебі,
өзіміздегі Шығыс Қазақстанның Зайсан, Сарышілде аудандарындағы аймақ
Қытаймен шекаралас екендігін білеміз ғой. Оның да даулары өте көп болды.
Қытай мемлекеті осы аймақта шекараны бөлісуде де ұтты. Ал біз ұтылдық.
Осы шекараның бойында биік-биік таулар орналасқан. Ал төменде орналасқан
Қытай мемлекеті үшін биік таулар аса қажет. Себебі, олар үшін өзінің
қауіпсіздігін сақтау мақсатында биік қорған, қалқан болатын таулар ұтымды.
Қаншама дауласқанымызбен, біз жеңіліс таптық. Тіпті екі жақты комиссия
құрылып жұмыс істеді.
С: Аса маңызды табиғи байлықтар-су, жер мәселесіне қатысты Қытай елі
ешкімге есесін жібермейтін болып щықты ғой сонда...
Ж: Иә. Қытайда халық көп, жер аз. Тағы да айтам. Сондықтан да олар жер
іздейді. Қарап тұрсаңыз, оңтүстік-шығысында Лаос, Вьетнам, оңтүстігінде
Тибет, таулар. Қытайлықтарды Тибетке жіберсең бір айдан соң қашып кетеді
деген сөз бар, ол дегеніміз олар таудың қысымына шадамайтын халық, сонда
қарап тұрсаңыз Азиядағы олар үшін нысана, көздеген мақсат – Қазақстан болып
отыр. Нақтырақ айтсақ, шеті мен шегі жоқ кең жері бар, мұнай мен газ,
табиғи шикізаттарға толы бай мемлекет – Қазақстан. Сондықтан да қазіргі
таңда олар әсіресе мұнайға инвестицияны аямай салып жатыр.
С: Біз бұрыннан сапасыз дүниені көрсек: Китайский деп айтуды жөн
көреміз . Осы Қазақстанға Қытайдан сапасы төмен өнімдердің экспортталатыны
қалай?
Ж: Сауда-экономикалық қарым-қатынас үрдісі диломатиялық қарым-қатынас
орнағалы бері қызу талқыға түсіп келеді. Қытай десе арзан деу дұрыс емес.
Пекинде, басқа да үлкен қалаларында өндіріліп сатылатын тауарлар, тамақ,
киім-кешектің сапасы өте жақсы.
С: Қытай елі Абай жолын оқып, тіпті аудармасы жасалды дегенді естіп
едім. Жалпы рухани-мәдени байланыстың бүгінгі күні жақсы орнағанын білеміз.
Ал сіз елші болып тұрған кезде қандай мәдени шаралар жүзеге асқан еді?
Ж: Қытай- ежелден мәдениеті бай ел. Ал Қазақстанның мәдениетін
таныстыру мақсатында біз алғаш 1993 жылы Наурыз мерекесін атап өтуді жөн
көрдік. Сонымен қатар, қазақтың жерінен шыққан әлемге әйгілі тұлғаларды
таныстырып, еңбектерін насихаттаумен айналыстық. Мысалы, Абайдың қара
сөздерін қытай тіліне аудардық. Оның аудармасын Пекиндік СЮ Джу Сюн атты
азамат аударды. Мен бұл аударма өте сәтті, керемет шықты деп мақтана
аламын. Сонымен қатар, Абай жолы романы қытай тіліне аударылып, үлкен
тиражбен сатылып кетті. Аударманы жасаған – Сибо атты ұлттан шыққан Қабай
атты азамат. Негізінен СИБО деген сөз – аз ұлтты деген мағынаны
білдіреді. Ұлттық кәсіптері – көп тілді білу. Әр азамат 7-8 тілге дейін
білуі қажет оларда. Міне осы ұлттың Қабай атты азаматы қазақтың ұлы
тұлғасы мен ұлы туындысын қытай еліне де таныстыруымызға үлкен үлесін қосты
десек болады. Ал біз осы Алматыдағы Ұлттық кітапханада Қытай мәдениеті
орталығын ашқанымыз белгілі. Оның ашылу салтанатына Ан Чан Чун атты
Қытайдағы ірі тұлға келіп қатысып кетті.
Жалпы айтарым, Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, мәдени, қарым-
қатынастар жақсы бастауын алды. Ол екі елдің мәдениетін танумен басталды.
Мәдениетті тану – халықты танумен бірдей. Сондықтан, мен елші болған үш жыл
ішінде біраз жұмыстар атқарылды. Меннен кейін де ауыз толытыр мақтанып
айтарлық оқиғалар талай болды, бірақ қайталап айтамын Қытай- біздің
сақтықпен қарайтын көршіміз. Қытайда Америкадағыдай елді мекен еткен
барлық ұлттарды жалпы бір ұлт атауының аясына сыйғызу үрдісі сонау мен елші
болған 1992 жылы байқалатын. Онда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz