Жалақы төлеу мерзімдері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

I. Жалақының құқықтық реттелуі . . . 6

1. 1. Жалақы ұғымы және жалақыны реттеу әдістері . . . 6

1. 2. Жалақы жүйелері . . . 15

1. 3. Жалақы төлеу мерзімдері . . . 21

II. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері . . . 24

2. 1. Кепілдіктер ұғымы және оның түрлері . . . 24

2. 2. Өтемақылар ұғымы және оның түрлері . . . 26

Қорытынды . . . 33

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36

Кіріспе

Тақырып өзектілігі: Еңбек рыногының қалыптaсуына және дамуына, халықтың жұмыспен қамтьrлy мәселесiн шешуге ықпал жасайтын маңызды факторлардың бiрi республикада еңбекақы төлеуге тубегейлi реформа жасау. Халық шаруашылығының салаларында да бұрындары қолданылған еңбекақы төлеу қaғидалaры экономиканы ортальrқтан басқарудың құрамдас бөлiгi peтiңдe қалыптасқан едi, соңдықтан да олар қазiргi уақытта еңбек жұмсалатын өpicтepдi бaғaлауда нақты айырмашылықтарды көрсете алмайды және күрделілiгi бiрдей жұмыстарға еңбекақы төлегенде салааралық тұтастықты қамтамасыз етпейдi, жоғары өнімді еңбектi ынталаңдыру iciңдe өз маңызын жойды. Еңбекақы төлеудi мемлекeттiк нормалаудың нарықтық экономикаға бағдар алған жаңа жүйесi материалдың ынталаңдыру тетігін жасаудың, қызметкерлердiң еңбекке белсеңдiлiгiн арттырудың және жалпы алғаңда, еңбек ресурстарын ұтымды пайдаланудың бастапқы базасы болып табылады. Бұл түрғыдан алғанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсаңдағы "Қазақстан Республикасы халқы өмірiнің әлеуметтiк жағдайларын жақсарту жөніндегi шаралар туралы", 1997 жылғы 1 сәуiрдеri "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1997 жылғы б ақпандағы "Қазақстан Республикасыңда еңбекақы төлеудi ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" қаулысы, т. б. аса маңызды рөл атқарады.

Жұмыстың мақсаты: заңнамада нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында республика еңбекшiлерiн еңбекақы төлеу саласында әлеуметтiк қорғаудың құқықтық негiздерi, сондай-ақ еңбекке белгiленген ең аз мөлшерден кем емес ақы төлеуге мемлекеттің кепiлдігi анықталады. Бұл ретте ол кепiлдiктер қызметiнiң түрінe және ведомствоға жататынына қарамастан экономиканың мемлекеттiк кәсіпорының барлық кәсiпорындары мен ұйымдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ меншiктiң жеке формасындағы кәсiпорыңдар мен ұйымдарда жалданып жұмыс iстеушi қызметкерлерге тарайды. Мемлекет жалақының бұрын болған ең жоғарғы мөлшерiн алып тастады және жынысқа, жасқа, нәсiлге, ұлтқa қарай жалақы мөлшерiн қандай да бiр төмендeтyre тыйым салуы.

Жұмыстың міндеті: Еңбекақы төлеудi реформалау мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын құрылымдар мен ұйымдар жүйесiн оңтайлаңдырумен, оларды ұстаудың нормалары мен жағдайларын және қызмeтiн тиiмдiлеу, оның iшiнде штатты қысқарту жөніндегi шараларды, жүргiзумен және босап қалған қызметкерлердi бюджеттен тыс кездер есебінен ақылы негiзге көшiрумен тiкелей байланысты.

Осы курстық жұмыс кіріспе, 2 тарау, 5 бөлім, қорытындыдан құралған.

I. 1. 1. Күшiңдегi заңнамада нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында республика еңбекшiлерiн еңбекақы төлеу саласында әлеуметтiк қорғаудың құқықтық негiздерi, сондай-ақ еңбекке белгiленген ең аз мөлшерден кем емес ақы төлеуге мемлекеттің кепiлдігi анықталады. Бұл ретте ол кепiлдiктер қызметiнiң түрінe және ведомствоға жататынына қарамастан экономиканың мемлекеттiк кәсіпорының барлық кәсiпорындары мен ұйымдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ меншiктiң жеке формасындағы кәсiпорыңдар мен ұйымдарда жалданып жұмыс iстеушi қызметкерлерге тарайды. Мемлекет жалақының бұрын болған ең жоғарғы мөлшерiн алып тастады және жынысқа, жасқа, нәсiлге, ұлтқa қарай жалақы мөлшерiн қандай да бiр төмендeтyre тыйым салды.

Еңбекақы төлеу реформасының принципалдық ерекшелiктерi қатарына мыналар жатады: өндірістiк, материалдық өрісiңдегi қызметкерлер мен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлерiнiң жалақыларының деңгейлерiн жақыңдатуға бағыттылық; жаңа тарифтiк пайыздар еңгiзу (1, 0-4, 24), Бiрыңғай тарифтiк кестенің l-разрядының тарифтiк ставкасының экономиканың барлық саласындағы жұмыс берушiлер кепiлдiк беретiн жалақы мөлшерiнiң айлық, шамасын белгiлеу. Бiрыңғай тарифтiк кестенің және разрядаралық, пайыздар базасыңда есептелген тарифтiк ставкалар мен лауазымдық жалақылар еңбекақы төлеудiң (еңбек нормасын орындаған жағдайда) деңгейi болып табылады, олар тарифтiк келiсiмдер мен ұжымдың шарттар жасасқанда неriзге алынады.

Еңбекақы төлеудi реформалау1 мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын құрылымдар мен ұйымдар жүйесiн оңтайлаңдырумен, оларды ұстаудың нормалары мен жағдайларын және қызмeтiн тиiмдiлеу, оның iшiнде штатты қысқарту жөніндегi шараларды, жүргiзумен және босап қалған қызметкерлердi бюджеттен тыс кездер есебінен ақылы негiзге көшiрумен тiкелей байланысты.

Жалақы дегеніміз күрделілiгiне, санына және сапасына қарай еңбекке берiлетiн сыйақы (табыс) . Жалақының ең аз мөлшерiне, меншік формаларына қарамай, қаңдай ұйымда болсын жалға жұмыс істейтін адамдарға Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдiк берген ең аз ақшалай төлем жатады. Жалақыны нормалау екі негiзгi әдicтер: орталықтандырылған және шартты неriздер бойынша жүзеге асырылады. Еңбекақы төлеудi орталықтан реттеу дегенімiз еңбекақы тарифтерiн, қызметкерлердiң барлық санаты үшін еңбекақы төлеудiң Бiрыңғай тарифтiк кecтeciн қолданудың негiзгі шарттарын, қызметкерлердiн, бiлiктiлiк топтары бойынша жiктелген разрядарлық, тарифтiк пайыздарын, т. б. мемлекеттiң белгiлейтiңдiгi. Жалақыны орталықтан peттey дегеніміз мемлекеттiк нормалау әдiсi дегендi бiлдiредi. Ол шарттық, нормалаумен үйлеседi. Нарықтық экономиканың, еңбек рыногының қалыптасуы жағдайында жалақыны ұжымдық-шарттық және жеке-шарттың реттеудің өзіндiк салмағы артады. Ал, еңбекақы төлеудi реттеудің орталықтандырылған тәpтiбiн алатын болсақ ол мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржьшандырылатын мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерiне таралады.

Жалақыны мемлекеттiк нормалау2 мемлекеттiк тарифтердi, сондай -ақ өтемақы сипатындағы, оның iшiнде түнгі уақыттағы жұмыс және мерзiмнен тыс жұмыс үшін мемлекеттiк қосымша төлем және үстемелердің кейбiр түрлерiн қамтиды. Еңбекақы төлеу саласындағы мемлекеттiк тарифтерге қызметкерлердiң нақты кәсiптiк-бiлiктiлiк топтары үшін еңбекақы төлеудiң ең төменгi деңгейiн анықтайтын айлық тарифтiк ставкалар мен лауазымдық, жалақылар жатады.

Бiрынғай тарифтiк кестенің l-разрядының тарифтiк ставкасының бекiтiлген айлық, шамасынан, тарифтiк пайыздардан және жұмысшылар мен қызметкерлердiң Бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамасынан тұратын республикалық, тарифтiк жүйе еңбекақы төлеу реформасының орталық буыны болып табылады. Бұл ретте l-разрядты тарифтiк кесте еңбекақы төлеудi жұмыс icтеушiлердің кәсiпкерлiк бiлiктiлiк топтары бойынша ары қарай жiктеу үшін негiз болады.

Бiрыңғай тарифтiк кестеде экономиканың барлық салаларындағы мекемелердің, ұйымдардың, кәсiпорындардың, бiрлестiктердің және ғылыми мекемелердің l-разрядты к, ызметкерлерiнең бастап басшыларына дейiнгi қызметкерлерiнiң разрядтар бойынша тарифтiк пайыздарының шкаласын қамтиды. Тарифтiк ставкаларды разрядтар (тарифтiк пайыздар) бойынша жiктеу орындалатын жұмыстардың күрделілiгi және қызметкерлердiң бiлiктiлiгi бойынша жүзеге асырылады.

Экономиканың барлық салаларының ұйымдары өз бетiнше, Бiрыңғай тарифтiк кестенің базасында және l-разрядтың тарифтiк ставкасының шамасы бойынша өз мүмкiндiкepiнe және өндіріс жағдайларына қарай тарифтiк ставкалардың нақты мөлшерлерiн анықтайды. 3

Бiрыңғай тарифтiк кестенің көмeriмен еңбекақы төлеудің жiктелуiн қамтамасыз ету мыналармен байланысты:

- еңбектің күрделілiгiне (бiлiктiлiкке) - бiр кәсiп, қызмет шеriнде (қызмет iшiндегi жiктеу) ;

- жұмысшылардың, техникалық орындаушылардың, әкiмшiлiк шаруашылық қызмет көрсету бөлімшелерi басшыларының, мамандардың, өндірістiк бөлімшелер басшыларының еңбегiнiң мазмұнымен сипатына (қызмет аралық жiктеу) ;

- еңбектiң жалпы жағдайларына, өндірiлетiн өнiмнің (қызметтiң) күрделілiгi мен сипатына, әлеуметтiк-тұрмыстың жағдайларға, еңбек және демалыс режимдерiне және салаға тән басқа да ерекше факторларға (салааралық жiктеу) .

Шаруашылық есептегi кәсiпорындар мен ұйымдар Бiрыңғай тарифтiк кестеде кезделген тарифтiк ставканы қызметкерлердiң кәсiбi мен бiлiктiлiгiне, олар орындайтын жұмыстардың күрделілiгi мен жағдайларына қарай жұмыс icтеушiлердiң кәсiптiк-бiлiктiлiк топтардың еңбек ақысын жiктегенде соның ең төмeнri деңгейi (кепiлдiк өсірiлген) ретiнде пайдалануға болады. Жұмысшылардың нақты тарифтiк ставкалары мен қызметкерлердiң лауазымдық жалақылардың жоғарырақ мөлшерiн кәсiпорындар олардың еңбекақы төлеу үшін жинақтаған қаражаты есебiнен ұжымдық шартта белriлейдi.

Бiрыңғай тарифтiк кестеде 21 тарифтiк разряд бар, олар экономиканың барлық, салаларында жұмыс icтейтiндердi қамтиды. Бұл жерде жұмыскерлер санатына жатқызу кәсiптeрдiң бeлriленген тәpтiптe Бірыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына (БТБА) сәйкес жузеге асрылады.

Бiрыңғай тарифтiк кестеде жұмысшылар санаты бiр топқа жатқызылған, себебi экономиканың барлық салаларындағы еңбек процесiнде олap атқаратын жұмыстарда ортақтық белri бар деп қарастырылады. Қызметкерлер (өндірістiк және өндірістiк емес салалардың) Бiрыңғай тарифтiк кестеде атқаратын міндеттерiнің ортақтығына қарай мына топтарға бөлiнген құжатнамаларды дайындаумен және рәсімдеумен, есеп жүрriзумен және бақылаумен айналысатын техникалық атқарушылар; экономиканың өндірістiк және өндірiстiк емес салаларының мамандары; әкiмшiлiк-шаруашылық, қызмет ету бөлiмшелерiнің басшылары; кәсiпорындардың (мекемелердің, ұйымдардың) және олардың құрылымдық бөлімшелерiнің (функционалдық және жүйелiк) бастықтары.

Қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен жұмыстың белгiлi бiр түpiнiң күрделілiгi жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бiлiктiлiк анықтамалығы, қызметкерлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығы негiзiнде белгiленедi. Бұл анықтамаларды әзiрлеу және қолданудың тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттә мемлекеттiк орган анықтайды. Орындалған жұмыстарды белгiлi бiркүрделi жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге бiлiктiлiк разрядын берудi жұмыс берушi жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бiлiктiлiк аныөтамалығына және қызметшiлер лауазымдарының анықтамалыrына сәйкес дербес жүргізедi. 4

Тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалық дегеніміз өндірiстiң сол саласында кездесетiн кәсiптердің жұмыс түрлерiнiң және олардың бiлiктiлік сипапамаларының тiзбесi. Экономика салаларында тарифтiк бiлiктiлік анықтамасының eкi түpi қолданылады салалық және алмаспайтын кәсiптердiң Бірыңғай тарифriк -бiлiктiлiк анықтамалығы.

Салалық тарифтiк-бiлiктiлiк5 анықтамалығы өнеркәсіптің немесе өңдiрicтiң сол саласына тән жұмыс түрлерi мен жұмысшылар кәсiптерiн қамтиды. Онда кәсiптердiң атауы мен тарифтiк (бiлiкriлiк) разряды, бiлiктiлiк разрядын беру үшін жұмысшыларға қойылатын ең аз талаптарды қамтитын бiлiктiлiк сипапамасы, сондай-ақ сол кәсiптiң және бiлiктiлiктiң жұмысшысы ненi бiлуi және атқара алуы тиiс екеңдiгi көрсетiледi.

Бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы экономиканың әртүрлi салаларында кездесетiн бiртектi жұмыстар мен кәсiптердiң тiзiмiн келтiредi. Ол алмаспайтын кәсiптердiң жұмысшылары орындайтын бiртектi жұмыстарды тарифтеудегi бiрлiктi және ол жұмысшыларға кәсiпорынның (мекеменiң, ұйымның), қай ведомствоға бағыныштылығына қарамастан, олардың бiлiктiлiк деңгейi бiрдей болған жағдайда бiрдей тарифтiк разряд берудi камтамасыз етедi.

Жаңа Бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы мен қызметкерлер лауазымдарының Бiлiктiлiк анықтамалығы күшiне енгенге дейiн кәсiпорындар (мекемелер, ұйымдар) Бiрыңғай тарифтiк кестеде ескерiлмеген кәсiптер мен лауазымдарды өз бетiмен жайғастырады, оларды жұмыстың күрделілiгiне және бiлiктiлiк деңгейiне қарай кестедегi қандай да бiр бiлiктiлiк тобына жаткызады.

Қызметкерлердi қайта тарифтеу кәсiпорында (мекемеде, ұйымда белгiленген мерзiмде, үш жылда кемiнде бір рет жүргізiледi.

Бiрыңғай тарифтiк кесте бойынша айлық тарифтiк ставка есептеледi. Сонымен қатар, толық емес жұмыс күнiнде немесе жұмыс күнi толықтай жұмыспен қамтылмағанда жасалған нақты жұмыс үшін, сондай-ақ уақьпша немесе бiржолғы сипаттағы жұмысқа ақы төлеу үшін caғaт бойынша ақы төлеудi практикаға еңгiзу ұсынылады. Жұмысшылардың еңбегiне ақы төлеу үшін сағаттың тарифтiк ставкалар белгіленген жағдайда олар айлық тарифтiк cтавкінi жұмыс уақытының белгіленген айлық қорына бөлу жолымен есептеледі.

Орынбасарлардың ставкаларын тиicтi басшылардың ставкаларынан 10-20 пайыз төмен белгiлеу, көмекшiлер мен ассистенттердiң ставкаларын 20-30 пайыз төмен белгiлеу ұсынылады.

Кәсiпорындарда тарифтiк жүйе жергiлiктi (локальдық) актiлерде бекiтiледi. Жұмысшыларға еңбекақы есептеу тарифтiк ставка (жалақы) негiзiнде жүзеге асырылады. Атқарылған жұмысты белriлi бiр тарифтiк разрядка жатқызу Және жұмысшыларға бiлiктiлiк разрядтарын беру тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына сәйкес жүргізiледi.

Ауыр жұмыстарда, денсаулыққа зиян келтірілетін жұмыстарда және климат жағдайлары ауыр жерлердегi жұмыстарда жоғары мөлшерде еңбекақы төлеу белriленедi. Еңбекақыны есептегенде салалық, аудандық коэффициенттердiң, биiк таулы, далалы және шөлді жерлердеri жұмыс үшін, эқологиялық апат аймағында тұрғандық үшін коэффициенттердiң күшiндегi мөлшерлерi сакталады. 6

Өтемақының және үстеменiң мөлшерiн күшiндегi заңнамада белriленгеннен кем емес мөлшерде ұйымдардың өздерi анықтайды. Бұл ретте жеңiлдiктер мен өтемақылардың ең аз мөлшерi Бiрыңғай тарифтiк кесте неriзiнде есептелген тарифтiк ставкалар мен жалақыларға пайыздық өлшемде анықталады. Ұжымдық шарттар мен тарифтiк келiсiмдерде бұл мөлшерлер еңбекақы төлеуге арналған қаражат есебiнен көтерiлуi мүмкін.

Бiрыңғай тарифтiк жүйе экономиканың мемлекеттiк емес секторының кәсiпорындары мен ұйымдары қызметкерлерiнiң ставкаларымен лауазымдық жалақыларын белгiлеуде бағдар бола алады. Атап айтканда, меншiк түрiнe және шаруашылық жүргізудi ұйымдық құқықтық формасына қарамай қызметкерлердi жалдаудың жеке-шарттық формасын пайдаланғанда еңбекақы төлеудiн базалық деңгейi ретiнде Бiрыңғай тарифтiк кестеге сәйкес есептелген ставкалар мен лауазымдық жалақылар алынады. Кооператив мүшелерiнiң оның қызметінe тiкелей жеке қатысқаны үшін сыйақы мөлшерi жалпы жиналыстың шешiмiмен белriленедi. Жалдамалы қызметкерлердiң еңбеақысның мөлшерi, сондай-ақ лауазымдық жалақысы мен тарифтiк ставкiлерi, егер құрылтайшы құжаттарда басқадай кезделмеген болса, кооператив мүшелерiнiн жалпы жиналысының шешiмiмен белгіленеді. Мұндай жағдайда болмасын кооперативтеri жалданбалы қызметкерлердiң еңбекақысының ең аз мөлшерi еңбекақының заң актiлерiнде белгiленген ең төменri деңгейiнен төмен болмауға тиiс. Кооператив мүшелерiнiң және жалданбалы қызметкерлердiң жеке табысының ең төменгі мөлшерi шектелмейдi.

Мемлекет Қазакстан Республикасының барлық аумағында еңбекақы төлеу саласындағы еңбекшiлердiң құқықтарын жүзеге асыру бірыңғай жағдайларын қамтамасыз етедi (еңбекақының мөлшерi, түрлеpi, оны төлеудiң мерзiмдерi, тәртiбi, т. б. ) . Сонымен қатар заңнама денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет спорт салаларының ауылдық жерлерде iстейтiн қызметкерлерiне жеңiлдiк қарастырған. Қызметкерлердiң бұл көрсетiлген санаттарына қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдаларда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кәсіпкерлiктi Уәкiлеттi органдардың шешiмi бойынша кемiнде 25 пайыз жоғары жалақылар мен тарифтiк ставкалар белriлеңуi мүмкiн (1999 жылғы 22 қарашадағы №481-1 Қазақстан Республикасы Заңның редакциясындағы 1991 жылғы 13 ақпандағы "Қазақ ССР-ның ауыл село және агроөнеркәсіп кешенiн дамытудың басымдылығы туралы" Заңның 44 бабы) 7 .

Ұйымдар мен мекемелердiң, сондай-ақ меншiк иелерiнің қызметкерлер еңбектенiп тапқан қаражаты олардың epкiн пайдалануын шектеуiне тыйым салынған сонымен қатар, қызметкердің еңбекақысынан меншiк иесiнің пайдасына қаражат ұстayғa, сондай-ақ заңнамада кезделмеген басқа да шегерулерге тыйым салынған

Еңбекақының ең көп мөлшерi заңда шектелмеген Жалақының мөлшерiн жұмыс берушi дербес белгiлейдi және ол заңнамада белriленген ең төмен жалақы мөлшерiнен кем болмауы керек (Еңбек туралы Заңның 71 бабы) . қызметкерлерге еңбекақы төлеудің нақты мөлшерлерi ұжымдық шарттарда, еңбек келiciмдерiнде, жеке еңбек шарттарында белriленген тарифтiк ставкалар мен лауазымдық жалақылар, үстемелер, қосымша ақылар, сыйақылар және көтермелеудiң басқа түрлерi неriзiнде, жұмыс icтereн уақыты, жеке еңбек үлесi және кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) жұмысының нәтижелерi ескерiлiп анықталады. Жалақы республика аумағында занды айналымдағы ұлттық немесе басқа валюта түрiндe берiледi. Қандай да бiр басқа формада (мысалы, қолхат, мiндeтeмe, т. б. ) еңбекақы төлеyre тыйым салынған құны еңбекақының ақшалай түpiнe бара-бар болса және қызметкер келiсiмiн берсе, еңбекақы заттай төлеңуi мүмкiн меншiктің барлық формасындағы кәсіпорындармен (мекемелермен, ұйымдармен) жалдау шарты бойынша еңбек қатынасындағы қызметкерлергe еңбекақы төлеу үшін қажеттi қаражат меншiк иесiнің табысымен және мүлкiмен қамтамасыз eтiледi, өнiмдi, қызмeттi сатудан түскен қаражат бiрiншi кезекте еңбекақы төлеуге жұмсалады. қызметкерлерге еңбекақы толық төленбеген жағдайда меншiк иесiне занда белгіленген тәртiпте айыппұл салынуы мүмкін, тиicтi қарыз ақша қызметкерлер пайдасынa ерiксiз өңдiрiледi.

Еңбекақы төлеу реформасы8 мемлекеттік бюджет есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметкерлерiне де таралады. Қызметкерлердің бұл санаты үшін еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесi - мерзiмдiк-сыйлықтық жүйе белriленген. Бұл жүйе лауазымдық жалақылар кестенің неriзiнде еңбекақы төлеудi, қосымша ақы, үстеме, өтемақы және сыйлық (депутаттардан басқаларға) төлеудi қарастырады. Мемлекеттік бюджет есебiнен қаржыландырылатын органдардың қызметкерлерiнe еңбекақы төлеу қоры, тиiciнше, лауазымдық жалақыларға, бiлiкriлiк сыныптар, жеке, әскери және арнайы атақтар, сыныптық шеңдер үшін қосымша төлемдерге; еңбек ciңipreн жылдары үшін үстемелерге және басқа үстемелер мен өтемақыларға; лауазымдық жалақылар, бiлiктiлiк сыныптары, жеке, әскери және арнайы атақтары, сыныптың шеңдерi үшін қосымша төлемдер, еңбек сіңiрген жылдары үшін үстемелер, аудандық коэффициеңттер, далалы, шөлді және биiк таулы жерлер үшін коэффициеңттер үшін үстемелер ескерiлiп берiлeтiн сыйлықтарға (депуптардан басқаларға) ; денсаулықты тузеу үшін eкi лауазымдық жалақы мөлшерiнде жылына бiр рет берiлeтiн жәрдемақыға сүйеңiп анықталады.

Мемлекеттік органдардың басшыларына, мемлекеттiк органдар аппаратының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қорының шеriнде өз бeтiмен шектелмеген мөлшерде сыйлық беруге; жоқ қызеткерлердiң мiндeтiн атқарушы қызметкерлердің лауазымдық жалақыларынa үстеме белriлеу тек құқық берiлreн Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедеri Мемлекеттік қызмет туралы заңында Мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің тәртібі белгіленген. 9 Еңбекақы мемлекеттік қызметкерлердің өз міндетін сөзсiз және толық орындауы үшін материалдық жағдай тудыруы мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары бiлiктi және тәжiрибeлi қызметкерлермен жасақтаyға мүмкiңдiкті беpyi тиic. Әкiмшiлiк мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті еңбекақы төлеудiн бірыңғай жүйесi негiзiнде жүзеге acыpылaды. Мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесi экономика мен бюджеттің ахуалына тiкелей байланысты болатындай жағдайда қалыптасады. Бұл, өз кезеriнде, барлық мемлекеттік аппараттың тиiмдi жұмыс icтeyiнe ықпалын тиriзедi. нақты лауазымдар бойынша коэффициеңттер мөлшерi, сондай-ақ әкімшiлiк мемлекеттiк бос opынғa конкурс жариялағанда көрсeтiлетiн орталық лауазымдық жалақы осы мақсаппен есептелген

Жалақы республикалық және жерriлiкri бюджеттің қаражаты не ұлттық банктің қаражаты есебiнен төленеді. Бюджеттен бөлiнетiн биржаның азаюы жалақыны, сондай-ақ заңда кезделген басқа да кепiлдiктердің, жеңiлдiктердің және өтемақылардың қаржыландырылуын азайтуға негiз бола алмайды. Бұл ретте әкімшілік мемлекeттiк қызметкерлердің жалақысы және басқа төлемдер жалпы тәртiпте индекациялаyға жатады.

1. 2. Еңбек құқығы теориясында еңбекақы жүйесiн қызметкердің белгiлi бiр көрсеткiштерге сәйкес өлшенетiн жұмсаған еңбегiмен сол еңбекке төленетiн ақы мөлшерiнің арасындағы қатынасты белгiлеу тәсілi деп түсiнедi. Қызметкердің еңбегiне ақы мерзiмдiк, кесiмдi түрде немесе еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелерi бойынша төленеді. Ақы төлеу еңбектің жеке және (немесе) ұжымдың нәтижелерi үшін жүргізiлyi мүмкiн. Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесi ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актiлерiмен белгiленедi.

Еңбекақы төлеудiң мерзiмдiк жүйесіңде10 жалақы мөлшерi нақты айлық күндiк және сағаттық тарифтiк ставкалар бойынша icтелген жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты анықталады. Еңбекақы төлеудің мерзiмдiк жүйесi, негiзiнен, қызметкерлердің айлық лауазымдық жалақысы формасында белгiленедi, сондай-ақ еңбектi ұйымдастыру формасы (өндipicтi автоматтандыру, қатаң регламенттегi технологиялық процестер, т. б. ) сағаттық (айлық) тарифтiк ставка немесе жалақы түpiндeri жеке өндipy нормасын белгiлеуге мүмкіндік беретiн жұмысшылар үшін белгiлеңyi мүмкiн еңбегi мерзiмдiк жүйемен төлеңетiн жұмысшылар үшін қызмет көрсету нормалары, қызметкерлер санының және олар жұмыс icтейтiн агрегаттардың, станоктардың нормативтерi жасалады және қолданылады.

Жүйе - дайындалған бұйымдар немесе жасалған операциялар санына сәйкес кесiмдi бағалар бойынша қызметкердiң eңбегінe ақы төлеу жүйесi.

Кесiмдi баға - дайындалған өнімнің бip өлшемi үшін немесе белгiлi бip операцияны орындағаны үшін төленетiн ақы мөлшерi.

Keciмдi жалақы - еңбекақы төлеудің негiзгi жүйелерiнің бiрi. Бұл жүйеде еңбекақы төлеу алдын ала белгіленген кесiмдi есептеу бойынша нақты өндiрiлген өнiмre сәйкес жүргізiледi. Жұмыскердiң жалақысын оның еңбегiнің нәтижесiне тiкелей байланыстыра отырып жалақы төлеудің кeciмдi жүйесi қызметкердің еңбек өнімдiлiгiн көтеруге материалдық мүдделiлiгiн арттырады және құрал-жабдықты тиiмдi пайдалануға итермелейдi. Сондықтан да, кесiмдi жүйеде қызметкердің жалақысының мөлшерi өндipy нормасының орындалуына ғaнa байланысты, ол ешқандай шектеумен тежелмейдi.

Еңбекақы төлеудің кесiмдi жүйесi жеке және ұжымдық (бригадалық) болып бөлінедi. Еңбекақы төлеудің жеке жүйесiнде әр жұмыскердің өндipreнi өзiнше әскерiледi. Ұжымдық жүйе технологиялық жағдайлар бойыншa бiр жұмысшының жұмыс атқаруы мүмкiн емес. Өзге де не қызметкерлердің өзара алмасуын қамтамасыз ету үшін көптеген кәсіптердің үйлесiмi қажет болған жағдайда қолданылады. Бұл жүйеде ұжымға (бригадаға) есептелген жалақы ұжым (бригада) мүшелерiнің арасында, олардың жұмыс icтereн уақыты мен оларға берiлген разрядтарға сәйкес бөлінедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке табыс салығының ұғымы және жеке табыс салығын салу объектілері
Жалақыны мөлшерлеу, оны анықтау тәртібі
Қызметкерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу аудитінің нәтижелері
«АӨК Адал» ААҚ
Еңбек ақы төлеудің есебі мен аудиті
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Рента шартының жалпы ұғымы мен нысаны
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еңбегін реттеу
Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек
Мердігерлік шартын түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz