Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы
Тақырыбы: Жалға алынған негізгі құрал аудиті
Жоспар
КІРІСПЕ
I Тарау. Негізгі құралдар аудитінің теориялық аспектілері
1.1 Негізгі құралдар түсінігі, сыныпталуы және бағалануы
1.2 Негізгі құралдар аудиті түсінігі, мақсаттары, түрлері
ІІ тарау Жалға алынған негізгі құрал аудиті
2.1 Негізгі құралдардың келіп түсуінің аудиті
2.2 Негізгі құралдардың шығысталуының аудиті
2.4 Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың аудиті
2.5. Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта багалау жәнё есеп берудің мәнін
ашу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық экономикаға көшуі
қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік
қызметтегі әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын реттейтін жаңа
экономикалық институттар туындау қажеттігі пайда болды. Оның ішінде
аудиторлық институтқа деген қажеттілік өзгеше болды. Оның басты мақсаты –
бухгалтерлік және салықтық есептілікте көрсетілетін ақпараттардың
шынайылығын бақылауды қамтамасыз ету. Ақша-қаражаттарын қолдану бойынша,
заңды объектілерде сауда операциялары мен инвестицияларды жүзеге асыру
бойынша мәліметтер тәуелсіз аудитор көмегімен объективті түрде расталады.
Аудитті бірнеше бөлімге бөліп қарастыруға болады. Соның ішінде
бүгінгі қарастырылып отырылмақшысы Негізгі құралдар аудиті.
Негізгі құралдар дегеніміз - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы, яғни
бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін
сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген
қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп
ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Бұл кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне материалдық –техникалық
негіздер мен жағдайлар қалыптастыратын құралдар болып табылады. Оның
ішінде, әсіресе: машина жасау, автомобиль жасау, электроэнергияны өңдеу
және тарату, жүк тасымалдау сияқты қорсыйымды өндірістегі негізгі құралдар
өте маңызды болып келеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің ең басты сұрақтарының
шешімі негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыс таңдалған
әдістемесі және нормативтік-құқықтық құжаттардың сақталуы арқылы жүзеге
асады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастырудың
негізі болып негізгі құралдардың бекітілген типтік сыныпталуы және есепте
олардың бағалануының біртұтастық қағидасы табылады.
Бірде-бір Қазақстандық кәсіпорын өз шаруашылық қарекетін негізгі
құралдарды қолданбай игере алмайды. Негізгі құралдар ұйымның материалдық-
техникалық базасының негізгі құраушысы болып табылады және оның қарекетінің
басты бағыттарының жүзеге асуында үлкен орын алады.
I Бөлім. Негізгі құралдар аудитінің теориялық аспектілері

өте маңызды болып келеді. Оларға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер
мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеуіш аппараттары мен құралдары, есептеуіш машиналары мен техникалары
және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар,
өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, өнім және жұмыс малдары, көп
жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады. Негізгі
құралдардың бухгалтерлік есебінің басты сұрақтары болып мыналар табылады:
- олардың келіп түсуінен кетуі сәтіне дейін бар болуы мен сақталуына
бақылау жасау: тозудың дұрыс және уақытылы есептелуі;
- бюджетке қайта есептелетін мүлікке салықтың дұрыс есептелуі үшін
мәліметтер алу;
- негізгі құралдарды жөндеу, қайта жөндеу, жаңалау үшін кететін құралдарды
дұрыс, тиімді қолдануға бақылау жасау;
- негізгі құралдардарды қуаты мен уақыты бойынша тиімді пайдалануды
бақылау: негізгі құралдардың бар болуы және қозғалысы жөнінде есептілікті
құру үшін мәліметтер алу.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің жоғарыда аталған ең басты
сұрақтарының шешімі негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін жүргізудің
дұрыс таңдалған әдістемесі және нормативтік-құқықтық құжаттардың сақталуы
арқылы жүзеге асады.

Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай
өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік
негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында
пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер,
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау
құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш
аспаптар және тағы да басқалары жатады.
Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен
басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-
жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі
құралдар. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне
қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман
шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық
жабдықтау және сатып өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару
органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек
көрсету және т.б. салалар бойынша топталады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігене қарай
меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып
екіге бөлінеді.
Сонымен қатар, пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс
істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс үрдісіндегі негізгі құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдарға тоқтатылып қойылған, белгілі
себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы
уақытта тозып немесе т.б. жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі
құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Негізгі құралдардың аудитін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы
зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен,
ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен
бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға,
әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу
барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие
үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдаалну
үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез-келген шығындардың
жиынтығынан құралады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда бастапқы құн былайша анықталады:
- үлес қосулар мен құрылтайшылар негізгі құралдарды жарғылық қорға
өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен арадағы
келісім бойынша;
- ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда
немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;
- ұйымдар негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке
адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша
немесе эксперттік жолымен.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл кәсіпорынның белгілі бір
уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралдарының нарықтық бағасы болып
табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны – бұл кәсіпорынның бухгалтерлік
есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі
құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тасатағандағы
құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық құны - негізгі құралдардың пайдалану
мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды
бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығарумен байланысты жұмсалатын
келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез-келген екі жақтың, яғни
негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып

Жалпы, Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңында
көрсетілгендей, аудит дегеніміз – Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес қаржылық есептілік жасау және өзге де ақпарат туралы тәуелсіз пікір
білдіру мақсатымен тексеру болып табылады.
Негізгі құралдар аудитінің негізгі мақсаты – негізгі құралдардың
құрамының қалыптасуының, есебінің толықтылығы мен шынайылығын және олардың
құнының амортизациясының дұрыстығын тексеру.
Негізгі құралдарды сақтау, есептеу және қолдану аудитіні төмендегідей
талаптар қояды:
• негізгі құралдардың бар болуы мен сақтылығына бақылаумен қамтамасыз
ету;
• заттарды негізгі құралдарға жатқызудың, өндірістік үрдіске қатысу
сипаттамасы, меншіктілігі және сыныпталуы бойынша топтастырылуының
дұрыстығы;
• есепте негізгі құралдарды бағалаудың дұрыстығы;
• есепте негізгі құралдардың келіп түсуі мен шығуы бойынша
операциялардың рәсімделуі мен көрсетілуінің дұрыстығы;
• есепте негізгі құралдардың жөндеуден өтуі мен тозуының есептелу және
рәсімделу дұрыстығы;
• негізгі құралдарды қолданудың дұрыстығы мен тиімділігі;
• бухгалтерлік есеп пен есептілікте негізгі құралдардың қозғалысы
жөнінде мәліметтер бейнеленуінің дұрыстығы.
Осы талаптарды ескере отырып келесілерді тексеру қажет:
• негізгі құралдардың сақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар
атқарылғандығын;
• материалды-жауапты тұлғаларға материалдық құндылықтардың сақталуын
қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалғандығын, сақтауға арналған
жабылатын және күзетілетін орындар, шкафтар, сейфтардың болуын;
• ғимараттар өрттік-сақтану дабылымен жабдықталғандығын;
• кәсіпорын шекарасынан материалдық құндылықтарды алып шығу жағдайында
құжаттарды рәсімдеу тәртібінің ұйымдастырылғандығын;
• негізгі құралдармен жүргізілетін операциялар бойынша басшы бұйрығымен
тұрақты қызмет ететін комиссияның тағайындалғандығын;
• түгендеу, таңдамалы тексеру жүргізілгендігін және негізгі құралдар
объектілеріне түгендеу нөмірлері бекітілгендігін.
Негізгі құралдар аудиті кез-келген басқа аудит секілді ішкі және
сыртқы болып бөлінеді.
Сыртқы аудит тәуелсіз аудиторлық фирмалар арқылы жүзеге асады; оның
басты мақсаты қаржылық есептіліктің шынайылығын растау.
Ішкі аудитті кәсіпорынның қызметіндегі нақты нәтижелерге жету және
оларды сақтау мақсатымен қауіпсіздік шаралар жүйесі немесе ішкі бақылау
жүйесі ретінде қарастыруға болады. Ол кәсіпорын жоспарлары жиынтығынан,
оның активтерді қорғау үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдерден, табысты
жоғарылатудан, кәсіпорын басшылығының үкімдерін нақты орындауды қамтамасыз
етуден тұрады.
Ішкі аудит кәсіпорынның құрылымдық бөлімі ретінде болып, кәсіпорынның
басшылығына бағынады. Ішкі аудиттің міндеттері әртүрлі болады: бухгалтерлік
есепті жүргізу дұрыстығын тексеру; кәсіпорынның кірістері мен шығыстары
бойынша шоттардың дұрыс енгізілуін тексеру; жеке операциялардың заңға
сәйкес орындалуын тексеру, және т.б. Ішкі аудитті жүргізу үшін қажетті
әдістемелік сілтемелер мен нұсқаулықтарды құрып алу керек. Ішкі аудит
бекітілген жылдық жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Аудит жетекшісі
тексерістің ұйымдастырылуына және жүргізілуіне толық жауапкершілік артады.
Соңғы жылдары көптеген ұйымдарда ішкі аудит рөлі шешім қабылдауға
негіз болатын, басқарылатын ақпараттық жүйемен берілетін ақпараттар сапасын
бағалауды қосу арқылы және ақпаратты талдауда қолданылатын әдістемені
бағалауды қосу арқылы ұлғайды.
Ішкі аудиторлар фирманың, компанияның бақару қызметіне тәуелсіз
эксперттік бағалау жүргізеді. Олар өздерінің бас кеңселеріне тексерілетін
ұйым қызметі жөніндеақпараттар, нұсқаулықтар, кеңестер, талдау нәтижесін
ұсынады. Ішкі аудит мақсаты – жұмысшыларға өз міндеттерін мүмкіндігінше
тиімді және білікті орындауға көмектесу.

1. Негізгі құралдардың келіп түсуінің аудиті
Негізгі құралдар аудитін жүргізу барысында объектілердің түсуін
есепке алудың заңдылығы, тиімділігі және дұрыстылығы тұрғысынан тексерілуі
қажет. Бұл кезде жүргізіліп отырған процедуралар көлемін аудитор
операцияларының қайталануы, кәсіпорынды құру мақсаты және оның қызмет етуі,
салық салу қиындығынан шыға отырып, өзінің ұзақ мерзімді активтермен
операцияларын типтік және типтік емес деп субъективті жіктеу негізінде
дербес анықтайды.
Типтік операцияларды тексеру таңдау арқылы, ал типтік емес
операцияларды тексеру жалпы әдіспен жүргізіледі.
Негізгі құралдар қозғалысы бойынша аудит кезінде негізгі құралдар
объектілерінің түсуін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттардың
толтырылуының, дұрыстығы, сонымен қатар машиналар мен құрал-жабдықтардың
техникалық паспортындағы жазбалар тексеріледі.
Негізгі құралдарды есепке алған кезде олардың қозғалысы келесідей
стандартты құжаттар көмегімен рәсімделеді:
1. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі.
Ең алдымен негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін жасайтын комиссияның
біліктілігі анықталады. Оның құрамына инвентарлық объектілерді білетін
мамандар енуі керек.
Бұл форма негізгі құралдар құрамына олардың эксплуатацияға енуін
есепке алу үшін жеке объектілердің енгізілуі кезінде, негізгі құралдар
құрамынан басқа кәсіпорынға берілетін объектілерді алып тастау үшін,
сонымен қатар, негізгі құралдардың ішкі қозғалысын рәсімдеуде қолданылады.
Негізгі құралдар типтік нысандағы қабылдау-тапсыру актілері негізінде
кірістіріледі. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі (Ф. NOC-1)
толтырылғаннан кейін, осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге
бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қойып, компания басшысы
немесе өкілетті тұлға бекітеді.
2. Жөндеуден, қайта жөндеуден өткізілген және жаңартылып
жетілдірілген объектілердің қабылдау-тапсыру актісі.
Негізгі құралдарды жөндеуден, күрделі қайта жөндеуден, жаңартудан
қабылдауды және сәйкесінше тапсыруды рәсімдеуге қолданылады.
Расталған актіні бухгалтерияға өткізгеннен кейін негізгі құралдар
есебінің инвентарлық карточкасында сәйкес белгі соғылады.
3. Негізгі құралдарды есептеудің инвентарлық карточкасы.
Ол негізгі құралдардың барлық түрлерінің есебін жүргізуге арналған.
Карточкаларды бухгалтерияда әр объект бойынша жүргізеді; акт негізінде
немесе техникалық құжаттар негізінде бір данада толтырылады.
Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы деген бөлімде оның негізгі
сапалық және сандық көрсеткіштері жазылады.
4. Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы. Бұл
форма негізгі құралдардың аналитикалық есебі кезінде ашылатын инвнтарлық
карточкаларды тіркеуге арналған.
Жазбаларды негізгі құралдардың сыныпталған топтары бойынша жүргізеді.
5. Негізгі құралдар қозғалысын есепке алу карточкасы.
Инвентарлық карточка мәліметтері негізінде жүзеге асады.
6. Негізгі құралдардың инвентарлық тізімі (олардың эксплуатацияға
орналасуы бойынша). Бұл формада материалды жауапты тұлғалар бойынша негізгі
құралдардың тұрған жерінде әр объектінің есебі жүргізіледі. Аудитор
міндетіне кіріс құжаттарына барлық деректемелердің, инвентарлық
объектілердің сипаттамасының (салынған жылы, заводтың нөмірі, күші), оның
толықтылығы мен дұрыс жұмыс істеп тұрғанының толтырылуын тексеру енеді.
Егер кәсіпорынға бұрын пайдаланылған инвентарлық объект түскен жағдайда
аудитор олардың техникалық паспортқа сай тозуын анықтаудың дұрыстығын,
қажет болған жағдайда нақты қарау арқылы тексереді.
Негізгі құралдардың аудитінің жағдайын тексеру барысында аналитикалық
есептің дұрыс ұйымдастырылуына көз жеткізу керек; негізгі құралдардың
барлығы материалды жауапты тұлғаға жүктелген ба; соңғы түгендеу дұрыс
жүргізілген ба, нәтижелері қандай және олар есепте көрсетілген ба; есептік
мәліметтердің шынайылығына көз жеткізу керек.
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі инвентарлық карточкаларда
жүргізіледі. Ол есептік жұмыстың еңбек сыйымдылығын төмендетеді, негізгі
құралдарды топтастыруға мүмкіндік береді, есетік процесті автоматтандыруға
мүмкіндік береді, және негізгі құралдардың жекелеген объектілері жөнінде
ақпараттар алуды жеңілдетеді.
Аудитор негізгі құралдардың жекелеген және топтастырылған есебінің
карточкаларының дұрыс жүргізілуін тексеруі керек. Карточкалардың барлық
реквизиттерінің дұрыс және уақытылы жасалғанына үлкен көңіл бөлу керек.
Инвентарлық карточкалардың санын тексеру керек. Жетіспеушілік
байқалған жағдайда себебін анықтап, инвентарлық карточкасы жоқ
объектілердің түгелдігіне көз жеткізіп, негізгі құралдардың әр объектісі
бойынша аналитикалық есебін қалпына келтіруді ұсыну керек.
Аналитикалық және синтетикалық есептер арасында сәйкес келмеушіліктер
байқалған жағдайда олардың себебін, кінәлі тұлғаларды анықтап, салдарын
көрсетіп, бұл кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу керек.
Инвентарлық карточкадағы мәліметтердің шынайылығына көз жеткізу
керек. Ол үшін құралдардың жекелеген түрлері бойынша таңдамалы тексеріс
жүргізу керек.
Негізгі құралдардың сақтығын қамтамасыз ететін маңызды жағдай болып
олардың сапалы түрде түгендеуден өтуі табылады. Сондықтан, бақылау кезінде
оның толықтылығы мен уақытылылығын, нәтижесінің бухгалтерлік есепте дұрыс
көрсетілгендігін тексеру керек. Бұл аудиторға аудиторлық тәуекелділікті
төмендетуге көмек береді.
Негізгі құралдар саны ондац көп болмаса аудитор жаппай тексеріс
жүргізуіне болады. Жыл соңына қарай түскен құралдарға ерекше көңіл бөлу
керек.
Түгендеудің барлық материалдарын зерттеу негізінде оған қорытынды
беріліп, есебін жетілдіру туралы ұсыныстар беріледі. Сонымен қатар, ҚР
Үкіметімен қарастырылған мүлікті қайта бағалау жүргізілді ма, объектілердің
баланстық құнын есептеу коэффициентінің дұрыс қолданылуын тексеру керек.
Негізгі құралдардың дұрыс бағалануын тексеру қажет. Ұйымға жаңадан
келіп түскен негізгі құралдар құрылысына, сатып алуға, жеткізуге,
монтаждауға, құруға кеткен шығындары және жобалық –сметалық құжат құны
кіретін бастапқы құны бойынша есепке алынады. Эксплуатацияда болған негізгі
құралдар сатып алу құны мен жеткізуге, құруға кеткен шығындар және тозу
сомасының қосынды сомасы арқылы кірістеледі.
Капиталдық салымдар арқылы жүзеге асқан объектілердің қосымша
құрылысы мен жабдықталуын сонымен қатар, тиісті ережелерге сай негізгі
құралдардың қайта бағалануын ескермегенде, негізгі құралдардың бастапқы
сомасы өзгертілмейді.
2. Негізгі құралдардың шығысталуының аудиті
Негізгі құралдардың шығуы негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі
жөніндегі ережеде, тозығы жеткен ғимараттар, машиналар, құрал-жабдықтар,
транспорттық құралдар және т.б. негізгі құралдарға жататындарды шығару
бойынша типтік нұсқаулықтарда анықталған.
Негізгі құралдар кәсіпорыннан әртүрлі себептерге байланысты шығарылуы
мүмкін:
1. Қайтарымсыз беру. Бұл жағдайда негізгі құралдарды беру екі данада
жасалатын актпен рәсімделуі керек.
Басқа кәсіпорынға қайтарымсыз тапсырылған негізгі құралдардың құны
жарғылық қор төмендеуіне есептен шығарылады: бастапқы құн – жарғылық қор
төмендеуіне, тозу сомасы – жоғарылауына.
2. Кәсіпорын өз негізгі құралдарын құрып жатқан еншілес ұйымының
жарғылық капиталына салған салымдары ретінде беруі мүмкін.
3. Қолданылмай тұрған негізгі құралдарды сату. Мұндай жағдайда оларды
сатудан түскен пайда өндірісті, ғылымды, техниканы дамытуға бағытталады.
4. Табиғи тозығы жеткен объектілерді өткізу. Бұған төмендегі себептер
байланысты болады:
а) олардың физикалық тозуы, апаттар, табиғи апаттар, эксплуатацияның
қалыпты жағдайларының бұзылуы салдарынан іске аспай қалуы;
б) табиғи ескіруі;
в) кәсіпорынның, цехтардың құрылысымен, жөнделуімен, техникалық
жабдықталуымен байланысты.
5. Жетіспеушіліктер. Негізгі құралдарды есептен шығару қажеттігі бұл
жағдайда да туындайды.
6. Табиғи апаттар. Негізгі құралдар шығысы өрт, табиғи апат, т.б.
қауіпті жағдайлар салдарынан болуы мүмкін.
7. Жал шарты бойынша басқаларға беру.
Аудит процесінде кәсіпорын балансынан сапалық ескірген, тозған және
ары қарай пайдалануға, қалпына келтіруге болмайтын немесе экономикалық
тиімсіз болатын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды алып
тастауға аса мұқият бақылау жүргізеді.
Негізгі құралдар объектілерін баланстан шығару дұрыстығын тексеру
кезінде аудитор жарамсыз негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі туралы
нұсқаудың орындалуын анықтайды.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіру мүмкін
еместігін немесе тиімсіздігін анықтау, сонымен қатар кәсіпорын басшысы
бұйрығы бойынша есептен шығару жөніндегі қажетті құжаттарды толтыру үшін
тұрақты әрекет ететін комиссия құрылады. Құрамына техникалық қызмет
мамандары, бухгалтер, кәсіпорын бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдар басшылары
енетін комиссияның біліктілігі анықталады. Сонымен бірге қажетті бақылау
инспекциялары қатысуы қажет автомобильдерді, көтергіштерді есептен шығару
кезіндегі комиссия біліктілігі де анықталады (мемлекеттік автомобиль
инспекциясы, техникалық қадағалау).
Комиссия объектіні қарап, есептен шығарудың нақты себептерін ашып,
қолданудан уақытынан бұрын шығуға кінәлі адамдарды анықтап, пайдалану
мүмкіндігін қарастырып, пайдаға жарайтын материалды құндылықтарды
бағалайды. Комиссия актіні құру кезінде паспорт, қабат жоспарларын, ақаулар
ведомостерін, машина апаттары туралы актілерді және басқа қолда бар
құжаттарды міндетті түрде пайдалануы керек. Есептен шығару негізгі
құралдарды есептен шығару актісі (Ф.NOC-3) және автокөлік құралдарын
есептен шығару актісімен екі данада жүргізіледі.
Актіні субъект басшысы бекітеді. Объектіні талдауға (жоюға)
бекітілгеннен кейін ғана кірісу керек. Жоюдан алынған қосалқы бөлшектер,
агрегаттар, металл қалдықтары мен басқа құнды заттар ықтимал пайдалану
немесе сату бағалары бойынша тиісті шоттарға кіріске алынады.
Негізгі құралдарды жою актілері негізінде инвентарлық (мүліктік)
карточкаларға, инвентарлық карточкалар тізбелерінде және орналасқан,
пайдаланылатын жерлері бойынша негізгі құралдардың инвентарлық тізімінде
есептен шығару туралы белгі қойылады.
Егер инвентарлық объект эксплуатацияның амортизациялық мерзімінен аз
пайдаланылса, онда әр уақытынан бұрын есептен шығару жағдайы тексеріледі.
Бұл жағдайда ысырапқа жауапты адамдар және әкелінген ысыраптың орнын
толтыру бойынша басшылық қабылдаған және ары қарайғы қызметте оны болдырмау
шаралары анықталады.
Негізгі құралдар объектілерін есептен шығаруды бақылай отырып аудитор
бұзу, сонымен қатар демонтаждау бойынша операциялардың, жоюдан кейінгі
материалдарды кірістірудің шоттарда көрініс табу тәртібі сақталуын
тексереді.
Жарамсыз материалдар сатылуы мүмкін. Болжамды сатып өткізу бағасы
бойынша металл сынықтары, отын немесе қалдық шикізат ретінде кіріске
алынады.
Объект түсу кезінде жою құнын анықтауда қиыншылықтар болады. Себебі,
негізгі құралдардың осы объектісінің қандай жағдайда пайдаланылатынын
болжау аса қиын. Осы проблеманың шешілуін әр кәсіпорын өзінің есеп
саясатында анықтауы қажет.
Әдетте жою құны объектінің эксплуатацияға енгізілген күніндегі
бағамен активтен болатын күтілген пайда ретінде анықталады. Объектінің жою
құнын жекелеген бөлшек, детальдарын пайдалану нормасынан шыға отырып, оның
техникалық жағдайын көзбен көру арқылы не қабылдау комиссиясы анықтайды, не
объектінің жою құны шыға отырып анықталады. Бұл жағдайда компания
бухгалтериясына алдыңғы кезеңдердегі негізгі құралдар объектілерін есептен
шығаруды талдап, алынған қосалқы бөлшектер, қалдықтар мен сынықтардың
есептен шығарылған объектілер құнының қанша пайызы екенін анықтау қажет.
Жалға берілген негізгі құралдар объектілері жалға беруші балансында
болады, ал жалгерде жалдау шартында көрсетілген бастапқы құн бойынша
баланстан тыс шотта ескеріледі. Жалға қабылданған объектілердің талдамалық
есебінің регистрі ретінде жалға алынған объектілерді қабылдау-тапсыру
актісі тіркелген инвентарлық карточка көшірмесі пайдаланылады. Аудитор осы
тәртіптің қалай орындалатынын, сонымен қатар негізгі құралдардың бүтіндігі
мен эксплуатациясы қалай қамтамасыз етілетінін тексереді.
Актив ретінде мойындалғаннан кейін негізгі құралдар жинақталған
амортизация алынып тасталған бастапқы құн бойынша көрсетіледі. Қазақстан
Республикасында 6 Негізгі құралдар есебі БЕС-на сай (17 п.) және
бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 26.03.1998 №13-2-
2723 хатына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құнын белгілі бір күнгі
әрекет ететін бағаға сәйкестендіру мақсатында объектілерге қайта бағалау
жүргізіледі. Осының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz